«Қазақ тілінің стилистикасы» ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей 2015 Мазмұны

Loading...


жүктеу 1.62 Mb.
бет1/8
Дата19.01.2017
өлшемі1.62 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-28.1.09/03-2014



ПОӘК «Қазақ тілінің стилистикасы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

______2014 жылғы

№ басылым








5В050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



«Қазақ тілінің стилистикасы»
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР








СЕМЕЙ


2015


Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Студенттердің өздік жұмысы

5 Өзгерістерді тіркеу парағы

6 Әріптестердің танысуы

7 Әдебиеттер



1 ГЛОССАРИЙ
1 Стилистика– тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті үйретеді.

2 СӨЙЛЕУ – бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеудің дыбыстық және жазба түрлері бар. Сөйлеуге сөйлеу қызметі және сөйлеу нәтижесі жатады. Әдетте, сөйлеу мен тіл қарама-қарсы қойылады. Тіл – араласу құралы болса, сөйлеу – осы құрал арқылы араласуды жүзеге асырады. Сөйлеу арқылы тіл қолданыс табады. Сөйлеу әрқашанда нақтылы болады, тіл – абстрактілі болып қайталануы мүмкін. Сөйлеу – кеңістік пен уақытта жасалады, оның шегі болмайды, сөйлеу – материалды құбылыс, ол есту мүшелері арқылы қабылданады.

3 ДИАЛОГ – ( грек. dialogos – әңгіме, екі адамның сөйлесуі) – екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретіндегі сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтың сөздік құрамына әсер ететін факторлардың негізгі сөзді қабылдау не қабылдамау.

4 ДИСКУРС – (фр.discours – сөйлеу)– экстралинвистикалық, яғни, парадигматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлармен байланыста болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын мәтін. Дискурс – өмірдің тілі, сондықтан да дискурс термині «мәтін» терминімен салыстырғанда көне, басқа да бүгінгі өмірмен байланысы жоқ текстерге қолданылмайды.

5 ПАРАЛИНГВИСТИКА – (грек. para – қасындағы, маңындағы және лингвистика) – 1. Сөйлеуде қолданылатын мағыналы хабар жеткізуші, бірақ тілге жатпайтын құралдар; 2. тілдік байланысқа қатысатын тілдік емес (вербальды емес) құралдардың жиынтығы.

6 РИТОРИКА – (грек. rhetorike – шешендік өнер) – прозалық қара сөз және ауызекі көркем сөздің жасалуын зерттейтін филологиялық пән. Поэтикамен, стилистикамен тығыз байланысты болады.

7 МОНОЛОГ – (грек.monos – бір және logos – сөз, сөйлеу) – белсенді сөйлеудің нәтижесінде пайда болатын сөйлеу түрі. Монологқа интраперсональды сөйлеу деген анықтама береді.

8 ӘДЕБИ ТІЛ – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі. Әдеби тіл жалпыхалықтық тілдің бір түрі.

9. ТАБУ – (полинезия сөзі) – кейбір сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді атауға тиым салу. Т. құбылысы тілдің магиялық қызметімен байланысты, яғни, сөз арқылы қоршаған әлемді өзгертуге болады деген нанымнан туындайды. Т. Барлық тілдерде бар. Ең көп тараған Т. адам есімімен байланысты: туыстардың атын айтуға тиым салынған, сонымен қатар құдайдың, патшаның атын атауға болмайды. Т. эвфемизм түсінігімен тығыз байланысты болады.

10.ЭВФЕМИЗМ – (грек.euphemis –mos, eu жақсы және phemi – сөйлеу)- эмоция жағынан бейтарап сөздер. Э. құлаққа ерсі естілетін сөздердің синонимдері ретінде жұмсалады. Мысалы: «семіз-толық, кәрі-егде, өлді-қайтыс болды» және т.б, эвфемизм– дисфемизм сөздерге қарсы қойылады.

Дисфемизмде керісінше, эмоциялы бейтарап сөз орнына әдейі тұрпайы сөздер қолданылады



2 ДӘРІСТЕР

1-дәріс. Стилистиканың анықтамасы. Стилистиканың негізгі мәселелері мен әдістері
Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Стилистиканың анықтамасы.

  2. Стилистика және оның жалпы халықтық тілге қатысы.

Стилистиканың анықтамасы, зерттейтін мәселелері, шектес ғылымдармен байланысы, оқытудың мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары мен түрлері.

Стилистикада ең басты назарда болатын екі бағыт бар. Олардың бірі – мәтіннен тысқары стилистикалық ресурстар ( мүмкіндіктер). Бұл аспектіні тіл ресурстары стилистикасы деп те аталады.

Зерттеу нысандарының (объектілерінің) ауқымына, көлеміне байланысты жалпы стилистика, салыстырмалы – салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика және дара (индивидуалдық) стилистика болып бөлінуі.



Жалпы стилистика тілдің қай топқа, қай класқа жататынына қарамастан, тіл атауларына ортақ стилистикалық пробремалар мен мәселелерді қозғайды.Лингвистикалық стилистиканың анықтамасы, басты ұғымдары мен категориялары, әр түрлі топтарға жіктелуі.

Салыстырмалы – салғастырмалы стилистика әр тілдің ярустарында ұлттық өзгешеліктердің болатыны сияқты, тілдік құралдардың қолданылуына да бір заңдылыққа бағына бермейтіндігі туралы.Стилистиканың салыстырмалы және салғастырмалы түрлері,ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Екі сөзден біріккен атауды (салыстырмалы - салғастырмалы) контрасивтік стилистика қатарына жатқызушылық. Контрасивтіліктің жайы сәл басқаша екенін айта кету жөн болар. Мұндайй жағдайда көбіне – көп салыстырылып немесе салғастырылып отырған тілдердегі стильдік құралдардың жұмсалу реттерінде айырмашылықтарға, қарама-қайшылықтар мен қарама-қарсылықтарға көбірек көңіл бөлінеді де, олардың арасындағы жақындық пен ұқсастықты зерттеуді басқа ізденушілердің міндеті болып саналуы.



Салыстырмалы стилистика мен салғастырмалы стилистиканың бір-бірінен айырымдарына келетін болсақ, мынадай жайды ескеру қажеттілігі.Салыстырмалы стилистикада туыстығы алыс тілдердің стилистикалық немесе стильдік құбылыстары жарыстырыла сөз болады.Мәселен, ағылшын тілі мен қазақ тіліндегі бірыңғай мүшелердің стилистикалық қызметі немесе неміс тілі мен қырғыз тіліндегі зат есім сөздердің қолданылысы т.с.с. зерттеу жұмыстары осы салаға жатқыза отырып зерттеу әдістері.

Салғастырмалы стилистика туыстығы жақын тілдердің фактылары негізінде стлистикалық зерттеу жұмыстарын қамтитындығы. Мәселен, қазақ және қырғыз тілдеріндегі сын есімнің стилистикасы немесе түрік және әзірбайжан тілдеріндегі сөздердің орын тәртібінің қолданылуы т.с.с. мәселелер туралы зерттеу еңбектердің маңызы.

Салыстырмалы –салғастырмалы деп қоса –қабат айтылуы да тегін емес. Бұл салада да зерттеулер баршылық. Мәселен, неміс, иқырғыз және қазақ тілдеріндегі синонимдердің стилистикалық қызметі немесе ағылшын, француз және өзбек, түрік тілдеріндегі метафоралардың қолданылуы жайлы сөз болатын зерттеулерді осы тұрғыдағы еңбектер. Ол арқылы ұлттық стильдік жүйенің ероекшеліктерін анықтау қажеттілігі.

Ішінара стилистика нақтылы бір ұлт, халық тіліндегі стилистика мәселелерін көтереді. Қазіргі пайдаланып жүрген қазақ, өзбек, қырғыз, орыс, неміс тілдері стилистиканың оқулықтары мен іргелі зерттеулер мұның мысалы болып табылады.

Дара немесе индивуальдық стилистика деп аталып жүрген стилистиканың түрі жеке автордың, жеке шығарманың немесе жеке жанрдың стилистикасын зерттеу нысаны болуы. Мәселен, М.Әуезовтің стиліне арналса немесе оның бір шығармасына , айталық. «Қорғансыздың күніне» арналса, ол ізденістен осы бағыттағы зерттеу жұмысы болғаны. Сондай –ақ кеңсе қағазының тіл туралы, бір ғалымның монографиясының тіліне қатысты т.с.с. жөніндегі үлкенді –кішілі стилистикалық еңбектер осы салаға жататын қарастыру.

Лингвистикалық стилистиканың мазмұны мен бағыттарын айқындайтын ең басты түрлері – функциональдық стлистика мен тіл ярустары стилистикасы.

Функциональдық стилистиканы екінші бір ретте қолданыс тілі стилистикасы (стилистика речи) деп те атайды. Қалай болғанда да, стилстиканың бұл түрінің басты бағыты – шығарманың, мәтіннің құрылымы ондағы тілдік құралдардың орнымен қолданып, тыңдарманға немесе оқырманға ойды мүлтіксіз жеткізуді қадағалау. Шығарманың (бұл жеке шығарма ұғымының барынша кең мағынада екенін еске сала кетейік) болмысында саналы немесе кездейсоқ ауытқулар, қателіктер бола беруі әбден мүмкін. Функциональдық стилистика мәселенің бұл жағына да назар аударады, демек, ол олқылықты қалай толтырудың, кешің тұстарды қалай түзеудің жолдарын көрсету қызметі қарастырылады.

Стилистика және прагматика. Прагматика және стилистиканың бірігуінің нәтижелері. Стиль және прагматикалық фактор туралы. Стильдің анықтамасы, түрлілігі, стиль анықтамасы туралы ғылыми көзқарастар. Қазіргі стилистиканың жалпы филологиялық, тілдік немесе әдебиеттік тұрғыдан бөлінуі де оның мазмұны мен бағыттарының әр түрлілігін көрсетеді.

Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі өте маңызды орын алады. Олардың қатарына ортостилистика, функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады.

Жалпы тіл ғылымында стилистиканың даму бағыттарының жоғарыдай түрлерінің пайда болуы, стилистика мәселесінің өте күрделі ғылым саласы екенін көрсетеді.

Қазіргі жалпы қазақ стилистикасының көкейтесті мәселелері мыналар болып табылады:


  • қазақ әдеби тіл тарихындағы стильдердің пайда болуын қайта қарау;

  • көркем әдебиет тілін лингвистикалық поэтикамен байланыста зерттеу;

  • мәтін стилистикасының өзіндік құрылымы мен жүйесінің мәселелерін айқындау;

  • сөз, сөз жанрларының, сөйлеу актілеріндегі құрылымының стилистикалық жетістіктері мен тиімділігін прагматикамен бірге қарау;

  • стилистикалық коннотация, стилистикалық категория, стилистикалық норма және оның статусын көтерудегі прагматиканың ролін анықтау т.б.

  • стиль түзуші тілдік емес факторларды ғылыми тұрғыдан саралау (паралингвистика, прагматикалық фактор, ойлау стилі т.б.).

Стилистиканың мән-мазмұны мен тілдің функционалдық аспектісі динамикалы болып келеді, стиль өзінің табиғаты жағынан динамикалы және функционалды құбылыс ретінде танылады. Қазіргі көптеген лингвистикалық зерттеу нысандары бола алатын өзінің жаңашылдығымен ерекше көзге түсетін прагматика мәселесі стилистика ғылымында ғана өзінің көп аспектілік ролін жан-жақты көрсете алады.

Тіл білімінде стилистиканың жалпыға бірдей қалыптасқан анықтамасы жоқ. Мұның бір себебі өзінің қалыптасуы барысында тіл білімінің бұл саласы әр түрлі бағыттардың құрамында дамыды. Алғашқы кезде көркем тілді зерттеу аясында дамыса, соңғы кездері оның зерттеу нысаны әлдеқайда кеңейіп, тармақтала түсті.

Барынша жалпы мәнінде алсақ, стилистика тілдің мәнерлі құралдары туралы, сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-қатынастың мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің қызмет ету заңдылықтары туралы ілім деп анықтауға болады. Қарым-қатынастың анағұрлым жинақталған, әлеуметтік мәнге ие болған ондай салаларына ғылыми, көркем, публицистикалық, ресми және тұрмыстық салалар жатады. Функционалды стильдер осы салаларға сәйкес ажыратылады.

Кейде стилистиканы тілдің мәнерлегіш құралдары туралы ілім деп те анықтайды. Ондай жағдайда стилистиканың функционалдық жағы ескерілмей, ол тек тілдің стилистикалық боямалы құралдарын зерттейтін болып шығады. Сонымен қатар, стилистиканы функционалды стильдер туралы ғылым деп қана қарау да жеткіліксіз, өйткені стилистика ілімі тілдің стилистикалық қорын (ресурстарын) зерттеуден бастау алады, әрі стилистикалық қор функционалды стильдерді қалыптастыруға да уақыт өте келе белсенді қатысады.

Сонымен, жоғарыдағы анықтаманы жалпы стилистикаға тән анықтама деуге болады. Жалпы стилистика зерттеу бағыттарына қарай іштей тармақталады.

1. Контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін саласы — құрылымдық стилистика.

2.   Тілдің  әртүрлі  қарым-қатынас  саласында  қолдану  заңдылықтары туралы ілім — функционалды немесе қолданымдық стилистика. 

3. Көркем әдебиет стилистикасы.

4. Нормативті, практикалық стилистика.

Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық сапа-қасиеттерін олардың нақты қолдану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданымдық стилистика, керісінше, тілдік құрылымдардың қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларда (мысалы, белгілі бір жанрлық ерекшелікте, ауызша, жазбаша т.б.) қолдануымен байланысты қарастырады.

Көркем әдебиет стилистикасы тілдік құралдардың ерекше салада, ерекше жағдайдағы қолданысын: көркем шығармада өнер тудырушы, өнер құбылысы ретіндегі қолданысын, яғни көркем шығармадағы өмірін зерттейді. Ал, практикалық стилистиканың міндеті — стилистикалық тілдік мәдениетті қалыптастыру. Бұған негіз болатын тілдің стилистикалық қорын және оның қызмет ету заңдылықтарын меңгеру, мұның өзі сөз қолданудың стилистикалық нормаға сәйкес дағдысын қалыптастырады.

Бұлардың ішінде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін құрылымдық стилистика саласы — әріден келе жатқан дәстүрлі сала. Оны сипаттама стилистика десе де болады. Ол тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарын, тілдік тұлғалардың (дыбыстан мәтінге дейінгі) мәнерлегіш мүмкіндіктерін, мағыналық-қолданымдық реңктерін зерттейді. Жазушы тілінде қолданылатын көріктеуіш-бейнелеуіш құралдар да осы стилистиканың қарамағына жатады. Тілдің стилистикалық синонимдік қатары — оның негізгі зерттеу аймағын құрайды. Бір сөзбен айтқанда, жалпыхалықтық тілдік қордың (байлықтың) стилистикалық құрамын зерттейді, ал ол стилистиканың негізгі базасын құрайды.

Филология ғылымында стилистика, стиль сөздері ертеден қолданысқа ие. Ресейде 19, тіпті 18 ғасырдан стилистиканың жекелеген аспектілеріне арналған зерттеулер шықты (мысалы, әртүрлі көркем шығармалардың не жазушылардың тілі, стилі туралы), теориялық сипаттағы еңбектер де жарық

көреді. Алайда, ғылыми пән ретінде стилистика 20 ғасырдың 20-30 жылдарынан қалыптаса бастайды, ал оның бір тармағы болып саналатын функционалды стилистика 50 жылдардан бастап белсенді түрде зерттеу объектісіне айналады.

Стилистика, стиль ұғымының мәні тілдің коммуникативтік аспектісімен, тілдің қолданысымен, қызмет ету жағдайымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге көңіл бөлу 19 ғасырдың аяғы 20 ғасыр басындағы тілші ғалымдардың еңбектерінен бастау алады: В.Гумьбольд, Ф. де Соссюр, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Е.Д.Поливанов, Л.П.Якубинский, Р.О.Якобсон, В.В.Виноградов, Г.О.Винокур т.б.

Функционалдық-стилистикалық зерттеулер, әсіресе, өткен ғасырдың 60 жылдарынан, тіл ғылымының тілдің құрылымын зерттеуден оның қызметін (тілдің тұрақты күйінен даму жағдайын) зерттеуге ауысуынан бастап белсенді жүргізіледі. Стилистиканың қалыптасуы әдеби тіл нормасы мәселелерін зерттей бастауға да тығыз байланысты (чех ғалымдары: В.Матезиус, В.Гавренек, Э.Косериу және орыс ғалымдары В.В.Виноградов, Г.О.Винокур т.б. еңбектері).

Стилистиканың қалыптасуына тіл ғылымының «ұсақ» бірліктерді зерттеуден «ірі» бірліктерге ден қоюы да (дыбыстардан – мәтінге қарай) әсерін тигізді.Стилистиканының дамуына әдеби тіл, тіл мәдениеті мәселелерін зерттеу де өзіндік үлес қосты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына байланысты стиль, сөз мәдениеті мәселелері одан әрі өзекті бола түседі.

Мәтін лингвистикасы, прагматика стилистикалық зерттеулердің кейбір жаңа бағыттарын туғызды. Ю.С.Степанов: «Қазіргі уақытта ұлттық мәдениетті, тілді және психологияны зерттеу стлистиканың (тіл ғылымының бір саласы ретінде) пайда болуымен одан әрі нақтылана, айқындала түсті»,- дейді .

Стилистика, сонымен, өзінің сипаты, мәні жағынан — функционалды сипатқа ие (оның даму тарихы соны дәлелдейді). Бұл теориялық ғылым бола тұра, оның қолданбалы, тәжірибелік маңызын жоққа шығармайды. Керісінше стилистиканың дамуы (функционалды стилистиканың) тілді оқыту әдістемесіне, басқа қолданбалы салалардың дамуына ықпалын тигізді. Лингвостилистика  тілдік теорияның іргелі мәселелерін зерттейді (мыс, тілдің әлеуметтік табиғаты, оның құрылымдық және функционалдық аспектілерінің байланысы, қызмет ету заңдылықтары, тіл мен ойлаудың байланысы). Тіл ғылымы тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі — тілдің қос қырлылығының (жүйелілігі мен қызмет ететіндігі, қозғалмалылығы) ашылуы болды. Тіл осы екеуінің бірлігінен тұрады. Мұның бір жағы -құрылымдық-жүйелік жағы, жеткілікті дәрежеде зерттелсе, функционалдық жағы (сөз тудырушылық аспектісі) енді ғана зерттеле бастады.

Тіл — өте күрделі, көп қырлы құбылыс. Сондықтан оны бірден тұтастықта алып зерттеу мүмкін емес, жеке бір қырынан келіп: логикалық, құрылымдық-жүйелік, психологиялық т.б. зерттеуге болады.

20 ғасыр тіл ғылымының үлкен жетістігі деп тілдің жүйесін, оның құрылымдық ұйымдасуын жан-жақты қарастыруын айтуға болады. Бірақ бұл тілдің кейбір мәнді белгілерін анықтауға жеткізе алмады. Соңғы кездері тілді зерттеуде коммуникативтік-функционалдық бағыт кең өріс алып, тілдің функционалдық жағына, сөйлеуге, мәтінге көңіл бөліне бастады.

Шынында, тілді тек жекелеген бірліктердің жүйесі деп анықтау жеткіліксіз, өйткені жеке тілдік бірлік болсын, не, тіпті, тілдің тұтас жүйесі болсын әлі коммуникативтік қызмет атқармайды. Жеке тілдік тұлға мен жүйеде ол мүмкіндік түрінде ғана қатысады. Бұл маңызды әлеуметтік қызметтің нақты жүзеге асуы тіл шынайы қарым-қатынас процесінде қолданысқа түскенде ғана мүмкін болады. Тек осы жағдайда тіл ақпарат тасушы жүйе түрінде көрінеді. Тілді жүйе мен оның қызметінің (қолданымының) бірлігі ретінде түсіну ғана оның қатысымдық табиғатын толық түсіндіре алады. Мұнда қызмет ету дегенді тек тілдік жүйені сөйлеу актісінде пайдалану ғана деп түсінбеу керек, сонымен қатар тілді жалпы қарым-қатынас процесінде пайдалану деп түсіну керек, яғни қарым-қатынастың мақсаты мен міндеттерін орындау үшін тілдің көптеген сыртқы факторлардың әсерімен қолданысқа түсуі дегенді білдіреді. Бұл сөйлем — айтылымның мағыналық жағын байытады.

Сөзде заттардың (олардың әртүрлі топтарының) белгіленуі, ұғымның бейнеленуі қарым-қатынас үшін, тілдің қатысымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін әлі де жеткіліксіз болады. Қарым — қатынас процесінде контексте сөздердің жалпыланған мағыналарын нақтылау жүріп жатады. Өйткені  тілдік тұлғаларды (тіпті, сөздерді) сөйлеушілер шамамен бірдей мағынада қолданады. Сондықтан сөйлеу кезінде (әсіресе, жазба түрдегі) «сөз азабы» деген туады (ол ақын, жазушыларға ғана тән емес). Ауызша сөзде дәлсіздіктердің, оғаш құрылған сөйлемдердің болуы сондықтан. Қарым-қатынастағы мұндай кедергілер вербалды емес амалдардың (ым, мимика) көмегімен игеріледі.

Сөйлеу (ауызша болсын, жазбаша болсын) — шығармашылық процесс, ол аз дәрежеде автоматтандырылған және әртүрлі салада бірдей болмайды. Тілдік қатынаста стандарт, әрине, негіз, тірек қызметін атқарады, бірақ толыққанды, тиімді қарым-қатынас жасау үшін тілдің бұл қасиеті жеткіліксіз. Өйткені шынайы қарым-қатынастың алдын-ала болжап болмайтын нәзік иірімдері толып жатады.

Сөйлеу қызметінің шығармашылық сипаты туралы Л.В.Щерба былай деп жазды: «Сөйлеу процесінде бұрын айтылғанды немесе естігенімізді жиі қайталасақ та, алайда… сөйлеуде бұрын естімеген тұлғаларды, сөздерді жиі қолданамыз, қолданып қана қоймаймыз, үнемі жаңа тіркесімдер жасап отырамыз». Тілдің қолданысы тілдік тұлғалардың мағынасын синтагматика қағидалары бойынша жай қоса салу деген емес, сондықтан сөз (сөйлеу) оны құру үшін пайдаланылған тілдік тұлғалардың мағыналарының механикалық қосындысынан тұрмайды.

Өзара түсінісу қарым-қатынас контексінде пайда болатын «жаңа қолданымдардың» көмегімен (солардың негізінде) жүзеге асады. Мысалы, тілдегі жаңа қолданыстар: метафора, метонимия т.б. (сөздердің, тіркестердің жаңа мағыналары) тіл жүйесінде алдын ала белгіленбейді, сондықтан белгілі бір кезеңге дейін ешкімге белгісіз болады, алайда тыңдаушы адам оны бірінші рет естігенде оның мағынасын бірден түсінеді (контекстегі белгісіз сөздерді түсіну тілдің осы қасиетіне негізделеді).

Сөздің шығармашылық аспектісі айтылғанның (жазылғанның) ерекше мәнерлілігіне, әсерлілігіне байланысты, ал бұның өзі стилистикалық құбылысқа жатады. Тіл жүйесінің «құпиялылығы» — оны шығармашылық тұрғыдан пайдалану мүмкіндігінде жатар.

Тіл мен сөз (сөйлеу), дәлірек айтқанда, тілдің жүйелік (құрылымдық) және қолданымдық аспектілері өзара бірлікте, бірақ бірдей емес. Қолданыс кезінде тілдің бай шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Олар тілден тысқарғы шексіз жағдаяттар мен әсерлерге байланысты әрдайым жаңадан туындап отырады. Тіл жүйесінде алдын ала қалыптастырылған мағыналық мазмұн электронды есептегіш машиналары (ЭЕМ) үшін, әрине, тиімді, бірақ ол тілдегі шығармашылықты жоққа шығарады. Шынында, табиғи тұрғыдағы тіл мен ойлау тілдегі осы жалпыланғандық пен қалыптылықты (стандарттылықты) әрдайым еңсеріп отырады. Тілдің жоғарыдағы белгілері (дайын үлгі, стандарттылық) — бұлар әрі қажетті, әрі пайдалы да, бірақ олар тілді қолдану процесінде кедергілер де жасайды.

Тілдік жүйенің коммуникативтіктілігі толық көлемінде тек қарым-қатынас процесінде ашылады. Тілдік құралдардың барлық стилистикалық-мағыналық реңктері, мәнерлілігі, стилистикалық әсері, орындылығы, қажеттілігі тілдің қолданысында ғана айқындалады. Сөйтіп, тілдің стилистикалық феномені, яғни тілдегі стилистикалық мән о бастан функционалдық сипатқа ие. Тілді танып білу және оны сипаттау үшін жүйелілігіне   қоса   оның   функционалдық   аспектісін   де   ескеру   керек.

Сондықтан     тіл     грамматикасымен     қоса     жұмсалым      грамматикасы (функционалды грамматика) да пайда болып дами бастады.

Қорыта келгенде, функционалды стилистика тілдің қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен жағдаяттарында қолдануының заңдылықтарын зерттейді, басқаша айтқанда, ол үшін тілдің функционалды аспектісі арнайы зерттеу пәні (предметі) болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, стилистика тілді қоғам тарапынан қолдану заңдылықтарын зерттейді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Стилистика ғылымы нені зерттейді

  2. «Стилистика» және «стиль» ұғымының пайда болу тарихы

  3. Стилистиканың неше саласы бар және олар қандай мәселелерді қарастырады

  4. Салыстырмалы стилистика мен салғастырмалы стилистика дегеніміз не

  5. Қазақ тілінің стилистикасын зерттеуші қандай ғалымдарды білесіз

  6. Стилистикалық мағынаның қандай жасалу тәсілдері бар

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Сергалиев М.С., Нургожина Ш.И. Эмоциональная-экспрессивная лексика казахского разговорного языка. Алматы, 1995

6. М.Балақаев, М.Серғалиев Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 2004


2 -дәріс. Функционалдық стилистика. Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы
Дәріс сабағының мазмұны:


  1. Функционалдық стильдердің стильдік белгілері.

  2. Функционалдық стилистиканың түрлері.

Функционалдық стиль түрінің әрқайсысының өзіне тән стильдік белгісі болады. Стильдік белгі дегеніміз – белгілі бір функционалдық стильдің даралығын, басқа стильдерден өзгешелігін танытатын қасиеті. Мысалы, көркем әдебиет стиліне тән ерекшелік – сөздің бейнелілігі, эстетикалық қуаты. Ғылыми тілге тән басты белгі – сөздің дәлдігі, нақтылығы. Функционалдық стильдерге қойылатын белгі кейде бірнеше түріне ортақ болуы мүмкін. «Қазақ әдеби тілінің әрбір функциональдық стилі өзіндік ерекшеліктерге ие. Осы ерекшеліктері арқылы олар бір-бірінен дараланады.

Әр стильдің өзіндік белгілерін, қасиеттерін, ерекшеліктерін танып, білудің қазақ тілінде ерекше мәні бар. Әдеби тілдің функционалдық стилдерінің тығыз байланыста болуы, олардың саралануының кейіннен пайда болған құбылыс екенін растайды. Бұл байланыс бір функциональдық стильге тән амал-тәсілдің екінші бір функциональдық стильде қолданылуынан, бір функиональдық стильдің екіншісіне әсер етуінен, соның нәтижесінде әдеби тілдің стильдер жүйесінің дамуынан байқалады. Бір стильге тән тілдік ерекшеліктердің екіншісіне ауысып, өнімді қолданылуы стильаралық диффузия деп аталынады».

Стилистикалық норма – қолданыс тіліне қойылатын барлық функионалдық- стилистикалық талаптардың жиынтығы.

Сөз қолданудағы стильдік нормаға сай емес қолданыстар стильдік қателер деп танылады. Орынсыз қолданылған, бұзып айтылған әрбір сөз немесе сөз тіркесі стильдік қатеге жатады. Сөйлем ішінде бір сөздің немесе сөз тіркесінің орынсыз қайталануын да стильдік қате деп танимыз.

Лингвистикалық стилистиканы түр-түрге тарамдағанда, басшылыққа алатын принцип оның негізгі зерттеу бағыттары болуға тиіс.

Лингвистикалық стилистикада ең басты назарда болатын екі бағыт бар. Олардың бірі – мәтіннен тысқары стилистикалық ресурстар (мүмкіндіктер). Бұл аспектіні тіл ресурстары стилистикасы деп те аталады.

Зерттеу нысандарының (объектілерінің) ауқымына, көлеміне байланысты жалпы стилистика, салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика (частная стилистика) және дара (индивидуальдық) стилистика болып бөлінуі.

Лингвистикалық стилистиканың мазмұны мен бағыттарын айқындайтын ең басты түрлері – функциональдық стилистика мен тіл ярустары стилистикасы.

Функциональдық стилистика өз ішінде стильдер жүйесі бойынша жіктеледі:

ауызекі сөйлеу тілі;

ресми стиль;

ғылыми стиль;

публицистикалық стиль;

көркем әдебиет стилі (тілі).

Тіл ресурстары стилистикасын бұдан сәл ықшамдап, тіл стилистикасы (стилистика языка) деп те атап жүр. Стилистиканың бұл түрінің басты бағыты – сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі стилистикалық қызметін айқындау.

“Стиль” сөзінің тарихы мен мағынасы туралы. Функциональдық стиль және экспрессивтік-эмоционалдық стиль; олардың арақатынасы. Функциональдық стильдерді жіктеуге қатысты әр түрлі ғылыми көзқарастар. Функциональдық стильдің түрлері.

Стилистика, сонымен, өзінің сипаты, мәні жағынан — функционалды сипатқа ие (оның даму тарихы соны дәлелдейді). Бұл теориялық ғылым бола тұра, оның қолданбалы, тәжірибелік маңызын жоққа шығармайды. Керісінше стилистиканың дамуы (функционалды стилистиканың) тілді оқыту әдістемесіне, басқа қолданбалы салалардың дамуына ықпалын тигізді. Лингвостилистика  тілдік теорияның іргелі мәселелерін зерттейді (мыс, тілдің әлеуметтік табиғаты, оның құрылымдық және функционалдық аспектілерінің байланысы, қызмет ету заңдылықтары, тіл мен ойлаудың байланысы). Тіл ғылымы тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі — тілдің қос қырлылығының (жүйелілігі мен қызмет ететіндігі, қозғалмалылығы) ашылуы болды. Тіл осы екеуінің бірлігінен тұрады. Мұның бір жағы -құрылымдық-жүйелік жағы, жеткілікті дәрежеде зерттелсе, функционалдық жағы (сөз тудырушылық аспектісі) енді ғана зерттеле бастады.

Тіл — өте күрделі, көп қырлы құбылыс. Сондықтан оны бірден тұтастықта алып зерттеу мүмкін емес, жеке бір қырынан келіп: логикалық, құрылымдық-жүйелік, психологиялық т.б. зерттеуге болады.

20 ғасыр тіл ғылымының үлкен жетістігі деп тілдің жүйесін, оның құрылымдық ұйымдасуын жан-жақты қарастыруын айтуға болады. Бірақ бұл тілдің кейбір мәнді белгілерін анықтауға жеткізе алмады. Соңғы кездері тілді зерттеуде коммуникативтік-функционалдық бағыт кең өріс алып, тілдің функционалдық жағына, сөйлеуге, мәтінге көңіл бөліне бастады.

Шынында, тілді тек жекелеген бірліктердің жүйесі деп анықтау жеткіліксіз, өйткені жеке тілдік бірлік болсын, не, тіпті, тілдің тұтас жүйесі болсын әлі коммуникативтік қызмет атқармайды. Жеке тілдік тұлға мен жүйеде ол мүмкіндік түрінде ғана қатысады. Бұл маңызды әлеуметтік қызметтің нақты жүзеге асуы тіл шынайы қарым-қатынас процесінде қолданысқа түскенде ғана мүмкін болады. Тек осы жағдайда тіл ақпарат тасушы жүйе түрінде көрінеді. Тілді жүйе мен оның қызметінің (қолданымының) бірлігі ретінде түсіну ғана оның қатысымдық табиғатын толық түсіндіре алады. Мұнда қызмет ету дегенді тек тілдік жүйені сөйлеу актісінде пайдалану ғана деп түсінбеу керек, сонымен қатар тілді жалпы қарым-қатынас процесінде пайдалану деп түсіну керек, яғни қарым-қатынастың мақсаты мен міндеттерін орындау үшін тілдің көптеген сыртқы факторлардың әсерімен қолданысқа түсуі дегенді білдіреді. Бұл сөйлем — айтылымның мағыналық жағын байытады.

Сөзде заттардың (олардың әртүрлі топтарының) белгіленуі, ұғымның бейнеленуі қарым-қатынас үшін, тілдің қатысымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін әлі де жеткіліксіз болады. Қарым — қатынас процесінде контексте сөздердің жалпыланған мағыналарын нақтылау жүріп жатады. Өйткені  тілдік тұлғаларды (тіпті, сөздерді) сөйлеушілер шамамен бірдей мағынада қолданады. Сондықтан сөйлеу кезінде (әсіресе, жазба түрдегі) «сөз азабы» деген туады (ол ақын, жазушыларға ғана тән емес). Ауызша сөзде дәлсіздіктердің, оғаш құрылған сөйлемдердің болуы сондықтан. Қарым-қатынастағы мұндай кедергілер вербалды емес амалдардың (ым, мимика) көмегімен игеріледі.

Сөйлеу (ауызша болсын, жазбаша болсын) — шығармашылық процесс, ол аз дәрежеде автоматтандырылған және әртүрлі салада бірдей болмайды. Тілдік қатынаста стандарт, әрине, негіз, тірек қызметін атқарады, бірақ толыққанды, тиімді қарым-қатынас жасау үшін тілдің бұл қасиеті жеткіліксіз. Өйткені шынайы қарым-қатынастың алдын-ала болжап болмайтын нәзік иірімдері толып жатады.

Сөйлеу қызметінің шығармашылық сипаты туралы Л.В.Щерба былай деп жазды: «Сөйлеу процесінде бұрын айтылғанды немесе естігенімізді жиі қайталасақ та, алайда… сөйлеуде бұрын естімеген тұлғаларды, сөздерді жиі қолданамыз, қолданып қана қоймаймыз, үнемі жаңа тіркесімдер жасап отырамыз». Тілдің қолданысы тілдік тұлғалардың мағынасын синтагматика қағидалары бойынша жай қоса салу деген емес, сондықтан сөз (сөйлеу) оны құру үшін пайдаланылған тілдік тұлғалардың мағыналарының механикалық қосындысынан тұрмайды.

Өзара түсінісу қарым-қатынас контексінде пайда болатын «жаңа қолданымдардың» көмегімен (солардың негізінде) жүзеге асады. Мысалы, тілдегі жаңа қолданыстар: метафора, метонимия т.б. (сөздердің, тіркестердің жаңа мағыналары) тіл жүйесінде алдын ала белгіленбейді, сондықтан белгілі бір кезеңге дейін ешкімге белгісіз болады, алайда тыңдаушы адам оны бірінші рет естігенде оның мағынасын бірден түсінеді (контекстегі белгісіз сөздерді түсіну тілдің осы қасиетіне негізделеді).

Сөздің шығармашылық аспектісі айтылғанның (жазылғанның) ерекше мәнерлілігіне, әсерлілігіне байланысты, ал бұның өзі стилистикалық құбылысқа жатады. Тіл жүйесінің «құпиялылығы» — оны шығармашылық тұрғыдан пайдалану мүмкіндігінде жатар.

Тіл мен сөз (сөйлеу), дәлірек айтқанда, тілдің жүйелік (құрылымдық) және қолданымдық аспектілері өзара бірлікте, бірақ бірдей емес. Қолданыс кезінде тілдің бай шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Олар тілден тысқарғы шексіз жағдаяттар мен әсерлерге байланысты әрдайым жаңадан туындап отырады. Тіл жүйесінде алдын ала қалыптастырылған мағыналық мазмұн электронды есептегіш машиналары (ЭЕМ) үшін, әрине, тиімді, бірақ ол тілдегі шығармашылықты жоққа шығарады. Шынында, табиғи тұрғыдағы тіл мен ойлау тілдегі осы жалпыланғандық пен қалыптылықты (стандарттылықты) әрдайым еңсеріп отырады. Тілдің жоғарыдағы белгілері (дайын үлгі, стандарттылық) — бұлар әрі қажетті, әрі пайдалы да, бірақ олар тілді қолдану процесінде кедергілер де жасайды.

Тілдік жүйенің коммуникативтіктілігі толық көлемінде тек қарым-қатынас процесінде ашылады. Тілдік құралдардың барлық стилистикалық-мағыналық реңктері, мәнерлілігі, стилистикалық әсері, орындылығы, қажеттілігі тілдің қолданысында ғана айқындалады. Сөйтіп, тілдің стилистикалық феномені, яғни тілдегі стилистикалық мән о бастан функционалдық сипатқа ие. Тілді танып білу және оны сипаттау үшін жүйелілігіне   қоса   оның   функционалдық   аспектісін   де   ескеру   керек.

Сондықтан     тіл     грамматикасымен     қоса     жұмсалым      грамматикасы (функционалды грамматика) да пайда болып дами бастады.

Қорыта келгенде, функционалды стилистика тілдің қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен жағдаяттарында қолдануының заңдылықтарын зерттейді, басқаша айтқанда, ол үшін тілдің функционалды аспектісі арнайы зерттеу пәні (предметі) болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, стилистика тілді қоғам тарапынан қолдану заңдылықтарын зерттейді.



: ebook -> umm
umm -> Тарау Пән бойынша глоссарий Тарау Лекциялардың қысқаша конспектісі Тарау соөЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау Бақылау – тексеру құралдары. Тарау Пән бойынша глоссарий
umm -> Әбікенова Гүлнат Төкенқызы Когнитивті лингвистика
umm -> Глоссарий
umm -> Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере; Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере
umm -> ПОӘК 042-18 35/03-2015 №1 баспа 11. 06. 2015ж
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> 1 Менеджмент туралы түсінік Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып
umm -> Мемлекеттік басқару проблемаларын жете түсіну үшін қазіргі менеджмент теориясының кейбір жайларын білу аса тиімді және қажет
umm -> Дәріс №1 Тақырыбы: Ежелгі елдердегі мемлекет және құқық. А курстың оқыту пәні және әдісі б ежелгі Вавилон


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...