Қазақ тіліндегі математика терминологиясының Қалыптасуы мен біріздендіру туралы



жүктеу 132.56 Kb.
Дата29.04.2017
өлшемі132.56 Kb.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МАТЕМАТИКА ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН БІРІЗДЕНДІРУ ТУРАЛЫ
Бүркітова Дина, 4 курс студенті
физика-математика факультеті,математика мамандығы

(Алматы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті)


Аңдатпа

Мақалада елiмiздегi демократиялық өзгерiстерге сәйкес келетiн қазiргі кезеңiндегi өзектi негiзгi мақсаттар мен мiндеттердiң бірі терминология саласындағы жұмыстарды одан әрi дамыту, жүйелеу мен үйлестiру. Терминдерді біріздендіру, жетілдіру жұмыстары үздіксіз процесс болғандықтан, жаңадан жасалып қолданыска ене бастаған терминдерді іріктеп алумен бірге қажеттілігіне қарай жаңа терминдер жасап, оларды тілде орнықтыруға да көңіл бөлінуі қажет. Бұл мақала математика саласының терминдер жүйесін қамти отырып жүзеге асыруды қажет ету туралы баяндайды.

Кілттік сөздер: термин, терминтану, біріздендіру, орнықтыру, жүйелеу, бірмәнділік, жинақылық, бірегейлік, сәйкестік.


О ФОРМИРОВАНИИ И УНИФИКАЦИИ МАТЕМАТИЧЕСКИХ ТЕРМИНОВ НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ

Буркитова Дина, 4 курс

физико-математический факультет, специальность математика

(Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)


Резюме

В статье рассматриваются вопросы развития и использования математических терминов, вопросы их систематизации, которые актуальны на современном этапе демократических преобразований происходящих в стране. В статье также рассматриваются вопросы унификации математических терминов, которая необходима для совершенствования непрерывного процесса появления новых математических терминов и их внедрения в лексику языка.


Ключевые слова: термин, терминология, унификация, закрепление, систематизация, мобильность, идентичность, соответствия.
ON THE FORMATION AND UNIFICATION MATHEMATICAL TERMS IN THE KAZAKH LANGUAGE

Burkitova Dina, 4 course

physics-mathematics faculty, mathematics speciality

(Almaty, Kazakh state women’s teacher training university)


Summary

The article discusses the main objectives for the development and use of math terminologies, their systematization and coordination, which are directly relevant to the current stage of democratic transformations taking place in the country. This article also provides pay due attention to the unification of the math terms required for a continuous process of improving the appearance of new terms and their introduction into the vocabulary of the language.

Keywords: term, terminology, unification, consolidation, classification, mobility, identity, compliance.
Әлемдiк қауымдастық Қазақстан Республикасын демократиялық және зайырлы мемлекет ретiнде таныды. Кез келген елдiң мемлекеттілiгiн айқындайтын негiз қалаушы фактор оның тiлi болып табылады. Көп ғасырлық тарихы бар қазақ тiлiне мемлекеттiк мәртебе берiлуiне байланысты оның қоғамдық маңызы арта түстi.

Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-қоғамдық функциясын дамытуда, оның қолданылу аясын кеңейтуде ұлттық терминологияны реттеудiң, жүйелеу мен дамытудың ерекше маңызы бар. Кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол салада қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес.

Математика терминологиясының дамуы мен қалыптасуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Кезеңдерге бөлуде 15 республикалардағы терминологияның дамуы, КСРО-дағы ғылыми-техникалық терминологияның қалыптасуы, Қазақ республикадағы халық ағарту ісінің дамуы ескеріледі. Бірінші кезең – 1920 жылдан 1934 жылға дейінгі,екінші кезең – 1934 жылдан 1950 жылға дейінгі, үшінші кезең – 1950 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі аралықтарды қамтиды.

Қазақ тілі білім беру мен ғылым саласындағы қызметін атқару мүмкіндігіне ие болып, терминдерді үлт тілінде жасап, қалыптастыруға бет бұрған қазіргі уақытқа терминнің формасы ғана емес мағынасы да өзгеріске ұшырағаны байқалады. Термин шығармашылығының отызыншы жылдардан тоқсаныншы жылдарға дейінгі кезеңінде терминдерімізді орыс терминологиясына қарап қалыптастыру дәстүрі орныққан болса, терминологиядағы біріздендіру жұмыстары да сол бағытта жүргізілді.

Терминді адам қызметінің белгілі бір арнаулы саланың шеңберінде, негізінен ғылым тілінде, кәсіби мамандар тілінде, арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз деп ұғамыз. Сонымен қатар, терминнің тек қана сөз емес, сөз тіркесі, сөйлем терминдер мол екенін білеміз.

Терминологиялық тіркестер, терминдер жүйесінде көптеп кездеседі. Терминнің көп құрамдылығы оның кемшілігі емес, қайта ондай атаулардың ұғым мазмұнын дәл беру тұрғысынан артықшылықтары бар деп де саналады. Бұл тұрғыдан келгенде "Термин мағынасының дәлдігі онын қысқалығынан маңызды. Сондықтан да терминнің көп сыңарлы болуын оның кемшілігі емес. Егер қандай да бір ұғым бір-бірімен өзара жақсы үндескен сөздерден тұратын тіркеспен аталса, онда ол терминнің жүйеліліп және сол ұғымның өзге ұғымдармен байланысын да көрсетеді.

«Термин - адам қызметі мен білімнің арнаулы салаларының жалпы, нақты немесе абстракті ұғымдарын белгілейтін белгілі бір арнаулы мақсаттар тілінің лексикалық бірлігі. Термин ұғым атауы болса, терминнің дефинициясы деген — сол ұғым атауына берілген дәл ғылыми анықтама. Термин сөздің мағынасы оның дефинициясы арқылы анықталады» дейді Шерубай Құрманбайұлы [1].

Ал Сәбетбай Елубаев терминдер туралы төмендегідей ойын айтады: «Термин – тиянақты ұғымның атауы. Термин – сөз» [2].

Термин деп аталған сөздерге балама іздегенде, ғылыми ұғымдарын, атауларын саралағанда, ең алдымен, қазақ тілінің қазынасын сарқа пайдалануымыз керек. Терминдер де негізінен жалпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы жасалады. Ұтымды атау жасау үлкен талғампаздық пен шығармашылық қабілетті қажет ететін күрделі жұмыс.

Термин тасымалдайтын ұғым көлемімен мазмұнын негізге ала отырып, терминдерді төмендегі топтарға жіктей аламыз:

Дұрыс терминдер. Ұғым туралы толық мағлұмат бере алатын терминдерді дұрыс терминдер дейміз. Жазықтық (плоскость), доға (дуга), жанама (касательная), жанасу нүктесі (точка касания) терминдері – дұрыс терминдер. Олар көбіне төл сөзімізді тура не ауыспалы мағынада қолданудан жасалады.

Жартылай дұрыс терминдер. Евклидтік емес геометрия (геометрия Лобачевского), шаршы, текше, үшбұрыш, көпбұрыш (многоугольник), куб теңдеу (кубичное уравнение) сияқты терминдерді жартылай дұрыс терминдерге жатқызуға болады, себебі олар өздері белгілейтін ұғым мазмұны мен көлеміне толық сәйкес келмейді.

Бейтарап терминдер Матрица рангі (ранг матрицы), сайтан сатысы (чертова лестница), алидада, вронскиан, интеграл терминдері ұғымның негізгі қасиеттері туралы ешбір мәлімет бермейді. Терминдердің мұндай тобын бейтарап терминдер дейміз. Әрине, мұндай терминдер математиктерден басқаға бейтарап болғанымнг, олардың қасиеттерімен таныстарға бейтарап бола алмайды. Өйткені, термин еске түссе, оның қасиеті,ал қасиеті айтылса, терминнің өзі еске түседі.

Бұрыс терминдер Қазіргі қолданып жүрген сөздіктерімізде, математикалық әдебиетіміз бен ғылыми методикалық журанлымызда жорамал сан (мнимое число), қиялдағы геометрия (воображаемая геометрия), бөлгіш группа (продгруппа), терминдері кездеседі. Бұл топтағы терминдердің элементтері артық немесе терминнің өзі терминделіп отырған ұғым мазмұнына қайшы болып келгендіктен, немесе ұғым реляциясын сипаттамайтындықтан бұрыс терминдер дейміз. Бұрыс терминдердің оқу процессінде қолданылуы оқушыларда бұлыңғыр және теріс түсінік беруі мүмкін. Әрі терминнің тұрақсыздығына соқтырады [2].

Терминдерді зерттейтін ғылым саласы – терминология деп аталады.

Қазақ тіліндегі ғылыми терминологияның қажеттілігі және оны жедел жасау керектігі жөнінде жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ көрнекті мәдениет қайраткерлері С.Сейфуллин, М.Әуезов, Қ.Сәтпаев және т.б. баспасөз беттерінде жазды. Мысалы, М.Әуезов «Ғылым тілі» мақаласында әр түрлі пәндерден оқулық жазуға кедергі болып отырған нәрсе – оның терминологиясы дей келіп, оны жүйелеп, келісіп пайдалану керек деген. С.Сейфуллин өз еңбектерінде интернационалдық терминдерді сол күйінде өзгертпей қолдануды ұсынды. Мұнда ол терминдерді реттеу мәселелерін де қойды.

Терминдерді біріздендіру мәселесі терминологияны халықаралықтандыру бағытына сәйкес жүргізіледі. Бір ғана ұлт тілінің ауқымында жүргізілетін тілішілік біріздендіру жұмысынан гөрі кеңестік тіл саясатының мүддесіне сай келетін тіларалық ісіне мемлекет тарапынан айырықша мән беріледі.

Біріздендіру - терминология болған жерде үздіксіз жүргізіліп отыруға тиіс негізгі терминологиялық жұмыстардың бірі болғандықтан да термин туралы алғаш сөз бола бастаған жылдардың өзінде-ақ бірізділік мәселесіне айрықша мән беріледі. Халықаралық біріздендірудің түпкі мақсаты екі немесе одан да көп тілдердің терминологиялық жүйесінің ортақтығы артып, жақындай түсуін көздейді [3].

Терминологияны біріздендіру бірнеше сатыдан тұратын ауқымды да күрделі жұмыс. Тілші-терминолог ғалымдар терминологияны біріздендірудің бес сатысын атап көрсетіп жүр. Бірінші - белгілі бір тар мамандықтың шеңберінде біріздендіру; екінші - сала шеңберіндегі біріздендіру; үшінші - нақты бір ұлт тілінің шеңберіндегі біріздендіру; төртінші - туыстас тілдер шеңберіндегі біріздендіру; бесінші - тіларалық, ұлтаралық біріздендіру.

«Терминология принциптері – терминдерді өмір талаптарына сай етіп сұрыптап алу принциптері» - дейді С. Елубаев. С. Елубаев ол қағидалардың бірнешеуін атап көрсетті: бір мәнділік, бірегейлік, сәйкестік, жинақылық қағидалары.

Қазақ тіліндегі көптеген математика терминдері бір мәнділік принципін қанағаттандырады. Кейде, практикада бір ұғымды екі не бірнеше термин арқылы беру сөздіктерде, оқулықтарда, баспасөз бетерінде кездесіп жатады. Мысалы, система, жүйе – система; есептеуіш, есептегіш – счетчик терминдері бір ғана ұғымды сипаттап, синонимдік қатарды тудырып отыр.

Синонимдік терминдердің бірқатарының түпкі мағынасы нақты мағынасына сәйкес келсе, екіншілеріне бұлар жартылай сәйкес келуі мүмкін. Мысалы, текше – куб, шаршы – квадрат синонимдері мазмұны жағынан бере алмайды. Ал шешу (процесс), шешім (нәтиже) синонимдері ұғымның мағынасын дәлме–дәл жеткізеді.

«Тілімізде халықаралық терминдер әлі де көбейе береді және оған ешкім де бөгет бола алмайды. Орыс және шетел сөздерінен терминдік атаулар алу - біздің тілімізді байытатын үлкен арнаның бірі», - дейді Шерубай Құрманбай.

Жалпы шет тілдерінен қабылданған терминдерге деген көзқарастың терминология дамуының әр кезеңінде әр түрлі болғандығы байқалады. Оны терминология дамуының әр кезеңінде осы терминдердің калай аталғандығынан да көруге болады. Жиырмасыншы жылдың бас кезіндегі қазақ оқығандары өзге тілден қабылданған сөздерді "жат сөздер", "кірме сөздер", "бұратана сөздер ", "бөгде сөздер ", "қотыр сөздер", "бұралқы сөздер" деп атап, бұл сөздердің тілімізге көптеп кіруін тілімізді шұбарлау ретінде қабылдаса, 30-жылдардан бастап бұл атауларға "интернационалдық терминдер", "халықаралық терминдер" деген ат беріп, мұндай атаулардың көптеген халықтардың тілдеріне ортақтығын, ғылым-білім саласындағы қарым-катынасты жеңілдететіндігін баса айта бастадық [1].

Тек бір айта кететін нәрсе мынау: орысша терминдердің де, сол сияқты халықаралық терминдердің де қазақ тіліне сіңетіні бар да сіңбейтіні де бар. Қазақ тілінің өзіне тән туындау мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, жаңа терминдер жасағандағы сияқты, шет тіл сездерін әкелудің де жолы мен жүйесін таба білу керек, оларды қазақ тілінің фонетикалық жағынан да, грамматикалык жағынан да және сөйлеу тұрғысынан да бойына сіңіріп, тез игеріп әкететіндей болуын көздеу керек [3].

Ш.Құрманбайұлының «Терминтану», С.Елубаевтың «Орта мектепте математиканы оқыту процесінде терминдер мен символдарды пайдалану» атты еңбектерінде терминдерге қойылатын талаптарды төмендегі кесте түрінде атап көрсетелік:




Терминге қойылатын негізгі талаптар

Ш. Құрманбайұлы

С.Елубаев

Терминнің бірмағына-лығы. Терминнің негі-зінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағына-ны білдіруі, синоним-дерінің болмауы

Мағыналық қайшылық-тың болмауы (термин-нің ұғым мазмүнына сай келуі)

Бір мәнділік. Ұғымға балама ретінде алынған термин мазмұны жағынан, мүмкіндігінше, дәлме-дәл сәйкес келуі керек

Термин мағынасының дәлдігі. Термин атаудың өзі белгілейтін ұғымның мазмұнын камтып, ұғымның не-гізгі басты белгілерінің термин мағынасы арқылы берілуі

Бір мағыналылық. Бұл талап негізінен белгілі бір арнаулы термино-логия шеңберінде қойылады

Сәйкестік. Терминнің ғылыми және тұрмыстық мағынасы ажыратылуы тиіс. Терминологияға қойылатын мұндай принципті сәйкестік принципі дейді.

Терминнің қысқалығы немесе ықшамдылығы. Бірнеше сөздің тіркесуінен тұратын көп сыңарлы терминді ұғым атауы ретінде, атаусөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді.

Терминнің ықшамды-лығы: а) лексикалық ықшамдылык; ә) тұлға-лық ыкшамдылық. Cөз тудыруға (дерива-циялық) қабілеттілігі. Бұл талап терминнің ықшамдығымен тығыз байланысты

Жинақылық.


Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылық-тарына сәйкес келуі

Тілдік нормаға сәйкес келуі (кәсіби жаргон-дардың, фонетикалық және грамматикалық нормадан ауыткулар-дың болмауы)

Бірегейлік. Сыбайлас ғылымдарда, мысалы, математика мен физикада, астрономия мен матема-тикада ортақ бір терминді, сөз тіркесін және таңба-лауды түрліше пайдала-нуға, сондай–ақ бұл ғылымдарға ортақ ұғымдарды әр түрлі атауға болмайды. Терми-нологияға қойылатын бұл принципті бірегейлік принципі деп атайды.

Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы Бұл талап терминнің ықшам болуы қажет деген талаппен үндеседі.

Қолданысқа енгізілген-дігі, терминді маман-дардың, ғылыми қауымның кабылдауы немесе жиі қолданылатындығы

Терминнің тұрақты, берік болуының бір принципі жазуға ықшам, айтуға жеңіл, шұбалаңқы емес, жинақы, орамды болып келуі. Осындай терминдер мағыналы болып, өмір-шең келеді. Терминнің қанағаттандыруға тиіс бұл принципін жинақылық принципі дейді.

Эстетикалық талап-тарға сай келуі. Терминнің дыбысталуы айтуға қолайсыздық туғызбай, естуге жағымды болуы.

Жатық айтылуы (жағымды дыбысталуы)



Қазіргі қазақ терминологиясында арнайы назар аударуды қажет ететін мәселенің бірі - тілімізге өзге тілдерден орыс тілі арқылы еніп, "халықаралық терминдер" деген атқа ие болып жүрген атаулар. Мұндай атаулар көбінесе Еуропа мен ТМД елдерінің бірқатарында қолданылады.

Басқа тілдерден терминдерді қабылдау қажеттілігі туғанда алдымен қабылданатын терминдердің қазақ тілінде дәл толық баламасы болса, олар аударылып алынады. Мысалы, тәуелсіз шама (независимая величина), жоғарғы табан (верхнее основание), туынды (производная) терминдері осы принцип бойынша жасалып, тұрақты терминдер ретінде қалыптасқан. Кей жағдайда шетел тіліндегі терминдерді аударғанда бір терминді бірнеше сөз арқылы, немесе сөз тіркестері терминін бір сөз арқылы беруге де болады. Мысалы, летоисчисление – жыл санау, подкольцо – ішкі сақина, возведение в степень – дәрежелеу.

Интернационалдық термин дәрежесіне дейін көтерілмеген шетелдік, сол сияқты әдеби тіл дәрежесіне дейін көтерілмеген жергілікті сөздер математикалық термин бола алмайды [2].

Терминдердің туынды түбірлерін қабылдау қажет болғанда олардың түбір мағынасы халықаралық термин не оның элементі болса аударылмай сақталып, қазақ тіліне сай келетін қосымшалары жалғанады. Көп сөздер орнын тапқан. Мысалы, параллельность – параллельдік, программирование – программалау.

Егер уақытында тілші ғалымдар мен салалық мамандар болып бір тоқтамға келіп, ұсынылған баламалар мен жасалған жаңа терминдердің арасынан ең тиімдісін, сәтті жасалғанын іріктеп алмасақ, терминологияны реттеу, біріздендіру жүмыстарын жолға қоя алмаймыз. Бүкіл әлем тілдерінде терминологиялық жұмыстардың жүргізілуі сондай бейберекеттікке орын бермеу мақсатынан туындаған.



Тәуелсiз мемлекеттің тiлді дамыту саласындағы ғылымы елдiң барлық рухани-мәдени өмiрiнiң оң iлгерiлеуiне және прогресiне сәйкес келуi тиiс.

ӘДЕБИЕТТЕР


1. Ш. Құрмантайұлы. Терминтану. Алматы, 2006.

2. С. Елубаев. Орта мектепте математиканы оқыту процесінде терминдер мен символдарды пайдалану. Алматы, 1984.

3.Искаковаа А.Қ., Бексултанова А.М. Математикалық пәндерді ағылшын тілінде оқытудың кейбір мәселелері // Алматы энергетика және байланыс университетінің хабаршысы. №4(35) 2016.

4. Қалыбеков Б. Халықаралық терминология саласында лингвостатистикалық зерттеулерді қолдану // Жоғары білім беру орындары. 2005, №5 - 45 бет.


Аңдатпа


Мақалада елiмiздегi демократиялық өзгерiстерге сәйкес келетiн қазiргі кезеңiндегi өзектi негiзгi мақсаттар мен мiндеттердiң бірі терминология саласындағы жұмыстарды одан әрi дамыту, жүйелеу мен үйлестiру. Терминдерді біріздендіру, жетілдіру жұмыстары үздіксіз процесс болғандықтан, жаңадан жасалып қолданыска ене бастаған терминдерді іріктеп алумен бірге қажеттілігіне қарай жаңа терминдер жасап, оларды тілде орнықтыруға да көңіл бөлінуі қажет. Бұл мақала математика саласының терминдер жүйесін қамти отырып жүзеге асыруды қажет ету туралы баяндайды.

Кілттік сөздер: термин, терминтану, біріздендіру, орнықтыру, жүйелеу, бірмәнділік, жинақылық, бірегейлік, сәйкестік.


Аннотация

В статье рассматриваются вопросы развития и использования математических терминов, вопросы их систематизации, которые актуальны на современном этапе демократических преобразований происходящих в стране. В статье также рассматриваются вопросы унификации математических терминов, которая необходима для совершенствования непрерывного процесса появления новых математических терминов и их внедрения в лексику языка.

Ключевые слова: термин, терминология, унификация, закрепление, систематизация, мобильность, идентичность, соответствия.
Annotation

The article discusses the main objectives for the development and use of math terminologies, their systematization and coordination, which are directly relevant to the current stage of democratic transformations taking place in the country. This article also provides pay due attention to the unification of the math terms required for a continuous process of improving the appearance of new terms and their introduction into the vocabulary of the language.



Keywords: term, terminology, unification, consolidation, classification, mobility, identity, compliance.




Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет