Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакиева Айнагүл Олжабаевна Әдебиет 8 сынып Тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Батыр Баян»



жүктеу 48.52 Kb.
Дата24.05.2017
өлшемі48.52 Kb.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бакиева Айнагүл Олжабаевна
Әдебиет 8 сынып

Тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын қорытындылау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Поэмамен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға баға бергізу.

Дамытушылық: Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, өзгенің пікірін тыңдай білуге, өзінше ой түюге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету.

Тәрбиелік: Мағжанпоэмасындағыобраздаржүйесінебағабереотырып, ақынныңасқақтұлғасы мен бай шығармашылығынадегенқызығушылықтары мен сүйіспеншілігінояту.

Сабақтыңтүрі: аралассабақ.


Сабақтыңәдісі: сын тұрғысынанойлау, талдау, жинақтау, пікірталас, сұрақ -
жауап, әңгімелеу.
Сабақтыңкөрнекілігі: Мағжанныңпортреті, тапсырмаларжазылғанқағаздар, пікірлержазылғанслайдтар.
Пәнаралықбайланыс: қазақтілі мен тарих.

Сабақ жоспары

1.Ұйымдастыру – 1мин.

2.Үй тапсырмасы – 3мин

3.Негізгі бөлім-10 мин

4.Топпен жұмыс (деректер жазу, ой бөлісу,фильммен салыстыру ) – 5мин

5.Топтастыру (Кейіпкерлерді талдау)– 5мин

6. Сергіту кезеңі ( Көкшетау құпиялары)-3мин

6.Эссе жазу ( Кейіпкерге хат)- 5 мин

7.Рефлексия – 10 мин

8.Үйге тапсырма. – 1 мин.

9.Бағалау -2 мин

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.(оқушылардың сабаққа даярлығын,көңіл күйлерін бақылау)

Сыныпты топқа бөлемін,мұндағы мақсат оқушылар топтасып жұмыс жүргізіп, топтағы деңгейі әр түрлі оқушыларды бірлесіп жұмыс жүргізуге үйрету)

Бүгінгі сабақ « Бәрі бірі үшін,бірі бәрі үшін» деген ұранмен жүргізіледі.Сондықтан топ ішіндегі оқушылар жұмысты бірлесе атқарып, жолдастық көмекпен бір-біріне демеушілік жасайды.

2.Үй тапсырмасы.

«Батыр Баян» поэмасын толық оқып келу берілген болатын.



  • Өткен сабақта біз поэманы толық оқып келуіміз керек болатын.Себебі біз поэма желісімен ,яғни мазмұнымен таныспыз.оның үстіне біз режисер Сламбек Тәуекелдің осы поэма желіснде түсірген «Батыр Баян» фильмн де көрген едіңдер.Сондықтан бүгінгі сабағымыз осы поэманы талдау боп табылады.Сонымен қатар еліміздің тарихында шарпып өткен,тарих сахнасында «Ақтабан шұбырынды.алқакөл сұлама» есімімен қалған жоңғаршапқыншылығы жайлы, сол жорықтарда ұлан байтақ еліміздің жерін найзаның ұшымен,білектің күшімен аман алып қалған ерлер жайлы,жаңа деректер жайлы біле отыры болашақта өзіміздің осындай батырлық,ержүректік, Отанды сүйю қасиеттерін өне бойымызға сіңіруіміз керек.

3.Негізгі бөлім.

- Ал енді осынау жалпы поэманы кім жазған,қай жерден шыққан, ол ақын жайлы не білеміз соған тоқтала кетейік.



М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы шығармашылығының ішіндегі шоқтығы биік тундыларының бірі.«Батыр Баян» поэмасы - Мағжанның ақындық алып құшағын, қуатты суреткерлік талантын  мейлінше  танытқан поэма. Ұлттық эпостық және лирикалық дәстүрді жаңа көркемдік жан- жақты байытқан бұл поэма ақының поэтикалық мәдениетінің барынша толысып биік дәрежеге көтерілгендігін ерекше  танытты. Бұл поэманың жаңалығы Баянның  бейнесін  сомдады. Оның  портретідаму  үстінде  біртіндеп  айқындалды.  Поэмада  көтерілген тақырып - ұлттық  тақырып. Қазақ елінің ғасыр бойы көксеген арманы. Елім деп  еңіреген  перзентінің  кеудесін  жарып  шыққан  ыстық  сезімі.

І. Шығарма қандай уақиғамен басталады және қай жерде?

( Бұл жерде кімнің тұлғасы әсерлі баяндалады?)

ІІ. Шығарманың дамуы қалай өрбиді? ( Абылайдың сөзіндегі Баян,Батыр Баянның бейнесі)


ІІІ. Шығарманың шиеленісуі қай жерде байқалады? (Ноян мен Қалмақ аруының бейнелері,Баянның Ноян мен қалмақ қызын атып өлтіруі)
ІҮ. Шығарманың шарықтау шегі.

(Баянның ішкі әлемінің күйреуі, ішкі монологы)


Ү. Шығарманың шешімі.( Баянның Абылай сөзіне тоқтамай жауға қарсы аттануы)

4.Топпен жұмыс.

Топтарға жеке-жеке тапсырма беріледі.

1 топқа – Поэмада қандай тарихи тұлғалар бар.

Шынымен тарихта болған Баян Батыр жайлы не білесіңдер?

2 топқа – Атақты Хан Абылай жайлы не білесіңдер?

Поэмада жоңғар шапқыншылығы жалы айтылады, қосымша не айтар едіңдер?

(Мұғалімнің қосымша деректері тақтада жазылады,оқушылар оны дәптерге жазып алады.)

5.Топтастыру.

- Сонымен поэма мазмұны белгілі, қосымша деректерге қанықпыз. Поэма барысында қандай кейіпкерлер аталды? Қазір сіздер кейіпкерлерге мінездеме бере отыра,олардың іс-әрекеттерін деайта етесіздер

Абылай – хан,ақыл-парасат иесі, елінің қамын ойлаған қайраткер,батыр,ержүрек, мықты басқарушы, білімді саясаткер,т.б.

Баян – ержүрек,батыл,батыр, Отаншыл,Алаш жұртына берілген ер,намысшыл,ақыл иесі,т.б.

Ноян- 15 жасар жасөспірім, аңғал,батыр, сезімтал, сенгіш,аңқау, уәдеге берік,т.б.

Қалмақ қызы – 14жасар жасөспірім,ару,ақылды,сезімге ұстамды,еліне деген құрмет басым,қу,байқампаз,т.б.

(Топтастыру барысында кейіпкерлердің мінезіне дәлелді деректермен тоқталулары керек.)

6.Сергіту кезеңі.

-Оқушылар қазір біз сәл демалайық, осынау тарихи оқиға болған жер ол Көкшетау маңы .Ендіше бір 3 минут осы Көкшетау жайлы ғажайып аңыз-құпиялар тыңдасақ. (Көкшетау аңыздары таспасынан үзінді тыңдату)



7.Эссе жазу.

Қазір біз топтық жұмысымызды жалғастырамыз.Эссе.Бүгін біз кейіпкерге хат жазамыз.Өз ойымызды анық, әрі мүмкін былай болар ма еді деген ойларды да ойлап көріңдер. (оқушыларды тыңдап,қиялдарының дамуын бақылау дәптерге дұрыс жазуларын қадағалау)



8.Рефлексия.

Қазір, сіздер мына қағаздарға топпен ақылдаса отыра «Батыр Баян» поэмасынан біз нені білдік,нені түсіндік,автор бізге нені айтқысы келді -деген сауалға жауапты қысқа да нұсқа түсіріп, топпен қорғайсыздар.



9. Үйге тапсырма.

«Баянның іздері мәңгілік, халыққа сәуле боп тарайды» тақырыбына шығарма жазу.



10.Бағалау.

Оқушыларды топтағы іс-әрекеттері мен жауаптар әрі мазмұнын толық білулерін бақылау барыснда ортақ баға қоямын. (Уақыт болса топтармен пікірлесе отыра да бағалауыма болады)






Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет