Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

Loading...


Дата07.06.2017
өлшемі212.77 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

СИЛЛАБУС




Силлабус

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің оқу бағдарламасы



08.09.2016

№ 1 басылым




Силлабус 042-18-13.1.16/01.2016

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)
Пән атауы: «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»

Кредит саны: 3

Шифр – 050117 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Факультет, кафедра: Қазақ филологиясы, қазақ әдебиеті

Семей –2016 ж.

Алғысөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Курмамбаева Қ.С. – қазақ әдебиеті кафедрасының доцент м.а., ф.ғ.к.

_____________ «05 » 09. 2016 жыл.
2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №1 «05» 09. 2016 жыл.

Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С.

2.2 Қазақ филологиясы факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №1 «07 » 09. 2016 жыл.


Төрайым _________________Самекбаева Э.М.
3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.

Хаттама №1 «08 » 09. 2016 жыл.

ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К.


АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

3 КУРС САЯСАТЫ

4 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет:

Курмамбаева Қ.С, ф.ғ.к.,доцент

Кафедра: «Қазақ әдебиеті»

Байланыс ақпараты: телефон: 87757570676, Karlitos-73a@mail.ru

Сабақ өтетін орын: №1 оқу ғимараты, 801-аудитория, Кредит саны: 3



Пәннің қысқаша мазмұны:

Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау. Соған сай студентттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету; студенттерге қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту; қазақ тілі жүйесін мектепте қатысымдық-танымдық тұрғыдан талдап көрсету пәннің мазмұнын құрайды. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні базалық пәннің міндетті компонентін құрайды.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің оқу бағдарламасы (силлабус) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген құжаттардың негізінде әзірленді:

* ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы қаулысымен бекітілген №1080 ҚР жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

* Университеттің 08.09.2016 жылғы Ғылыми Кеңесі отырысының №1 хаттамасымен бекітілген МК ОБ.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» курсының негізгі мақсаты – кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру. Студенттерге қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау.



1.4 Пәнді оқыту міндеттері:

-Студентттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету;

-Студенттерге қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту;

-Оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу;

-Қазақ әдебиетін оқытудың теориясы мен әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту

1.5 Құзіреті (пәнді оқытудың нәтижелері)

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнін оқыту нәтижесінде студент білу керек:



Білу:

-әдістеменің зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білу керек. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің осы кезге дейін жасалған бай мұрасын студенттер танып білуі керек.

- Оқу бағдарламасы мен өдістемелік оқу қүралдарына талдау жасауды; әдебиет саласынан алған білімдерін болашақ педагогикалық қызметінде пайдалана білуді; оқушылардың оқу материалын терең, тиянақты игергендігін анықтау жолдарын;

-ғылыми-төрбиелік жүмыстарды жоспарлап өткізуді;

-әртүрлі өдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың білімін бағалауды;

-сауатты және шеберлік әдіспен лабораториялық сабақтарды жүргізуді;

-әртүрлі көрнекті техникалық қүрал-жабдықтарды пайдалануды.

Орындай алу:

- оқыту технологиясын бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап сараптай білу т.б.

- іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.

-Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» курсын меңгеруі барысында студент әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білуі керек. Қазақ әдебиетінен тәжірибе жасау, оның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курсты оқу барысында қалыптастыру бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.



Дағдысының болуы:

- Студенттер «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін» оқуы барысында қазақ әдебиеті мұғаліміне тән іскерліктерді қалыптастырады. Олар мыналар :

- мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ тілін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу іскерлігі ;

- сынып оқушыларының қазақ тілін өз ана тілінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын , физиологиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу іскерлігі;

- әрбір қазақ әдебиеті сабағының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі;

- қазақ әдебиетінің жалпы тілдер жүйесіндегі, түркі тілдер жүйесіндегі өзіндік орны мен ерекшелітерін байланыстыра оқыту іскерлігі ;

- қазақ әдебиетінен берілетін ғылыми материалдың эмпириалдық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын тану мен ұйымдастыра алу іскерлігі;



1.6 Пәннің пререквизиттері:


  • Педагогика

  • Психология

  • Этнопедагогика

  • Қазіргі қазақ әдебиеті

  • Әдебиеттануға кіріспе

1.7 Пәннің постреквизиттері:

- Өндірістік педагогикалық практика


1.8 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Оқу жұмыс жоспарының көшірмесі 1-кестеде келтірілген


1-кесте


Курс

Семестр

Кредиттер

Дәріс,

сағ.


СТС,

сағ.


ЗЖ,

сағ.


БӨЖ,

сағ.


Барлығы,

сағ.


Қорытынды бақылау

формасы


3

6

3

30

15




90

135

тест

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ МЕН САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ

Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 2- кестеде келтірілген


  1. – кесте

Тақырыптардың атауы мен мазмұны

Сағат саны

Әдебиеттер

1

2

3

Дәріс сабақтары

1-модуль. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні.

1-дәріс: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні.

2


1-11,8,13,14.

2-дәріс: Әдебиетті оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы

2

1-11

3-дәріс: Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы.

2

1-11,14,15

4-дәріс: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби жоспарлау әдістері

2

1-11,9,16,18

5-дәріс: Әдебиетті оқыту әдістері

2

1,18,21

6-дәріс: Әдебиетті оқытудағы жаңа технологияларды пайдалану жолдары

2

1-11,23

7-дәріс: Компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологияларының үлгілері

2

1-11,22,25

2-модуль. Әдебиет сабағындағы шығармалармен жұмыс істеу кезеңі







8-дәріс: Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары.

2

1-11,9,10

9-дәріс: Көркем шығармаларды оқыту.

2

1-11,9,10,11

10-дәріс: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

2

1-11,8,11,13,14

11-дәріс:Шығарма жаздыруға төселдіру жолдары

2

1-11,13



12-дәріс: Әдебиет сабағында сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар

2

1-11, 26

13-дәріс: Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика.

2

1-11,13

14-дәріс: Көркем шығарманы шығарм ашылықпен меңгеру

2

1-11, 26

15-дәріс: Қайталау сабақтары. Жинақтай қайталау.

2

1-11,9,10,11

Семинар сабақтары

1-модуль. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні.


Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні.


1

1-11,8,13,14,17

Әдебиетті оқытудың қысқаша тарихы.


1

1-11,27,29


Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы.

1

1-11,14,15,16,17


Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби жоспарлау әдістері

1

1-11,9,16,18,19,20

Әдебиетті оқыту әдістері

1

1,18,21

Әдебиет пәнінің мұғалімі.

1

1-7,14,15,16,17

Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі

1

1-11,9,10,11,20

2-модуль. Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері







  • Көркем шығармаларды оқыту.

1

1-7,9,10,11,2

  • Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

1

1-7,14,15,16,17

  • Әдебиет сабағы.

1

1-7,8,11,13,14,27

  • Әдебиет сабағында сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар

1

1-7,13,27,32

Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика.

1

1-11,9,10

  • Көркем шығарманы шығарм ашылықпен меңгеру

1

1-11,9,10,11,20

  • Қайталау сабақтары. Жинақтай қайталау.

1

1-11

2.1 1-2 аралық білімді бақылау тапсырмалары


1 аралық білімді бақылау тапсырмалары:
2.1.1 Оқу модулін даярлау технологиясы

2.1.2 Оқу модуліде оқушы қызметін бағалау

2.1.3 Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және тексеру

2.1.4 Тестілер және оны құруға ұсыныстар

2.1.5 Ауызша бақылау түрлері

2.1.6 Жалпы білім беретін мектептің мақсаты, міндеттері мен қызметі

2.1.7 Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың ғылыми негіздері

2.1.8 Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері

2.1.9 Модульдік оқытудың құрылымы

2.2 №2 аралық білімді бақылау тапсырмалары:

2.21 Оқу модулінің кіріспе бөлімі

2.2.2 Оқу модулінің сөйлесу бөлімі

2.2.3 Сөйлесу бөлімін құру қағидалары

2.2.4 Оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімі

2.2.5 Оқу модульдерін әзірлеуге ұсыныстар

2.2.6 Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде қолданылатын оқытудың белсенді формалары

2.2.7 «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны

2.2.8 «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны

2.2.9 Пікірталастық және рөлдік оқыта үйрету ойындары

2.2.10 Жеке топтық жұмыс формасы

2.2.11 Өзара оқыту сабағы

2.2.12 Оқыта үйрету ойындары

1 білім алушылардың білімін бақылайтын аралық бақылаудың мазмұны


Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән. Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі – әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте оқытудың қажеттілігі. Орта мектепте әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тарихы, даму арналары және оның өзге де толып жатқан тәсілдері, амалдары, жылдары жөнінде ғылыми жүйелі, тыңғылықты білім алады. Осы аталған бағдар-пайымдар мен ой-жоспарлар пән мақсаты мен міндеттерін айқындайды. Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология мен педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану т.б. ғылым салаларымен байланысы. Мұның өзі әдебиет пәні мұғалімінің уақыт талабына сай жан-жақты және білім-білік қорының мейлінше мол болуын қажет ететіндігі. Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау көздері. Белгілі бір ұлт-ұлыс, халық, этностардың өзінің ұзақ ғасырлық тарихында әріп ойлап тауып, жазу-оқу өнерін меңгеретіндігі. Сол өнердің бертін келе бірте-бірте дамып өркендейтіндігі. Оның алғашқы аяқ алысы, қара көріністері, ондағы әдеби-тарихи көркем мәтіндердің басым, жетекші рөл атқаратындығы, мысалдары. Әдебит пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (ХІХ-ХХ ғасырдың бас шені). Қазақ даласындағы ертеден қалыптасқан әдеби оқу түрі, оқу құралдары, әдеби мәтіндер мазмұны, бағыты, тәрбиелік мәні, сөз өнеріндегі дәлелді көріністері.

2 білім алушылардың білімін бақылайтын аралық бақылаудың мазмұны:

Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту. Көркем шығарманың тектері мен түрлері жөніндегі мәліметтер. Бұл мәселе туралы ежелгі заманнан бастап, қазіргі күнге дейінгі ой-пікірлер. Көркем шығарманың бастапқы топтастырушылары (классификация). Аристотель, әл-Фараби, Платон және бертінгі кездегі В.Г.Белинский, Г.Э.Лессинг, Л.И.Тимофеев, Н.А.Гуляев, т.б. еңбектері. А.Байтұрсынов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов сынды қазақ әдебитінің көрнекті зерттеушілерінің ой-тұжырымдары.

Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары. Жалпы білім беретін орта мектептердің жылдық немесе жарты жылыдқ оқу жоспарының болатындығы. Орта білім беретін оқу орындарының жұмыс істеу ырғағына сай, әдебиет пәні мұғалімінің де өзіндік қызмет тәртібі, іс жоспарларының жасалатындығы. Оның әдебиет пәні мұғалімінің білім-білік қорына, жоғары оқу орындарында жүріп, бойына сіңірген педагогтік тәжірибе-дағдыларына, этикалық-эстетикалық таным-түйсіктеріне тікелей қатыстылығы.



3 курс САЯСАТЫ


Сабаққа қатысу қатаң түрде, міндетті болып табылады. Егер қандайда бір себеппен студент сабаққа қатыса алмаған жағдайда, барлық меңгерілмеген материалға жауапты.

Бақылау тапсырмалары орындалуға міндетті және уақытылы тапсырылуы тиіс. Кешіктіріліп орындалған жұмыс автоматты түрде төмен бағаланады.

Аралық аттестациясының қорытындысы студенттің сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде өздік жұмыстарын орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптары, сонымен қатар аралық бақылау нәтижесі ескере отырып қойылады.

Аралық аттестация қорытындысы студенттің сабаққа қатысу, өзіндік жұмысты уақытылы орындауына, сабақ кезіндегі ауызша және жазбаша түрдегі жауабына және аталған аралық бақылаудың нәтижесіне байланысты шығарылады.

Егер студент белгіленген мерзімде сәйкес келетін мекеменің растайтын құжатымен денсаулық жағдайына немесе басқа да дәлелді себептермен сабақ босатып, аралық бақылауды тапсыра алмаған жағдайда, студент аралық бақылауды индивидуалды түрде тапсыруға құқылы.

Кез-келген көшіру немесе плагиат (дайын тапсырмаларды көшіру, қолдану және басқа студенттің тапсырманы орындауы) жазасы аудиториядан шығару немесе бағасын «қанағаттанарлықсыз» деп тану түрінде болады.

Сабақ жүру барысында ұялы телефондар өшіріледі.

4 Бағалау саясаты

Басқа кредиттерден тәуелсіз әр пәнге бір академиялық кезең үшін 600 балл бөлінеді (1-7 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін, 8-15 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін).



Апта және білімді бақылау түрлері бойынша балл бөлу 3-кестеде көрсетілген.
3 - кесте

Апта №

Практикалық және БӨЖ сабақтарының тақырыптары

Білімді бақылау түрі

Барлық балл


1

2

4

3

1-7

1-7 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу


Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді

30

1-2

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні.

Конспект, реферат қорғау




3-4

Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби жоспарлау әдістері

Реферат, конспект қорғау

40

Әдебиетті оқыту әдістері

Реферат, конспект қорғау

Әдебиетті оқытудағы жаңа технологияларды пайдалану жолдары

Баяндама жазу

5-6

Компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологияларының үлгілері

Конспект қорғау

60

Әдебиет сабағындағы шығармалармен жұмыс істеу кезеңі

Рефератқорғау

40

Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары.

Баяндама жазу

60

7

1 Аралық бақылау

Тест жұмыстары

70

1-7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы


30+270 = 300

8-15

8-15 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу

Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді

30

8-9

Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

Конспект жазу

40

Көркем шығармаларды оқыту.

Реферат жазу

10-11

Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

Конспект қорғау

60

Әдебиет сабағы.

Баяндама жазу

Әдебиет сабағында сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар

Реферат, конспект жазу

12-13

Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика.

Реферат жазу

40

Көркем шығарманы шығармашылықпен меңгеру

Конспект жазу

14

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері


Ауызша баяндау, жазбаша жұмыс жүргізу

60

Модульдік оқытудың құрылымы


Реферат жазу

15

Аралық бақылау 2




70

8-15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы


30+270=

300





Емтихан баллы




400


Академиялық кезең бойынша барлық балл




1000

Ескертпе:

1 бағанда апта № көрсетіледі, соған қарай білім алушылардың білімін бақылау жүзеге асырылады;

2 бағанда білім алушы сәйкес келетін аптада меңгеруі тиіс сабақ тақырыбы көрсетіледі,

3 бағанда білімді бақылау түрі келтіріледі;

4 бағанда білім алушылардың жұмыс түрлерін орындауына байланысты қойылатын максималды балл көрсетілген;


Оқытушы баллды бөлу бойынша мәліметтерді электронды журналға енгізеді.

Білім алушы пән бойынша емтиханға кіруге егер оның пәннің пререквизиті болып табылатын семестрде жинаған жиынтық рейтингтік баллы 300-ден-600 баллды құраса және пән бойынша академиялық қарызы болмаған жағадайда ғана рұқсат етіледі.

Білім алушы пән бойынша емтиханға егер, семестрде жинаған жиынтық рейтингтік баллы 300-ден-600 баллды құраса және пәннің пререквизиті болып табылатын пән бойынша академиялық қарызы болмаған жағадайда ғана кіруіне рұқсат етіледі.

Пән бойынша емтихан бағасы ең жоғарғы оқу үлгерімі көрсеткіштері бойынша анықталады: қорытынды аттестация (60%), емтихан (40%), барлығы 100%. құрайды.

Пән бойынша білім алушылардың білім сапасын бағалау шкала бойынша анықталады (4-кесте).

4 – кесте



Білімді бағалаудың көпбаллды әріптік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағалау


Баллдардың цифрлық эквиваленті



Пайыздық мазмұны


Дәстүрлі жүйе бойынша баға


А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3.00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық


С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз

5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР





    1. Негізгі әдебиеттер:

5.1.1 Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары.-Алматы: Республикалық баспа кабинеті,

2012.

5.1.2 Бітібаева Қ.Әдебиетті оқыту әдістемесі. – А., 2013.



5.1.3 Айзерман Л.С. Уроки, литература, жизнь –М.,2012

5.1.4 Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы (ІХ-Х сынып мұғалімдері үшін көмекші құралы). – Алматы: Мектеп,

5.1.5 Қойбағарова Р. Қазақ әдебиеті оқулығына әдістемелік нұсқау (8-сынып) –А., 2013

5.1.6 Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. –Алматы, 2014

5.1.7 Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері А.,Білім, 2013

5.1.8 Ысқақов А. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысының жайы мен міндеттері. Алматы, 2012.

5.1.9 Қазақ әдебиеті мұғалімдерінің іс-тәжірибесі. Алматы, 2013

5.1.10Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. Алматы, 2014.

5.1.11 Мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың мәселелері. 2011.

5.1.12 Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. – Алматы, 2012



5.2.Қосымша әдебиеттер:

5.2.1 Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, Жазушы, 2000.

5.2.2 Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы, Ана тілі., 2001

половине Х1

5.2.3 Ыбырай Алтынсарин тағылымы. Алматы, 1991.

5.2.4 Тәжібаев Т. Просвещение и школы Казахстана во второй Х века. Алматы, 2014.

5.2.5 Шонайұлы Т. Оқыту әдістемесі мен программа жолындағы дамуымыз. Жаңа мектеп, 1927, № 10

5.2.6 Жиенбаев С. Кәрібаев Ш. Орта мектептегі қазақ тілі мен әдеб. Қызылорда, 2001.

5.2.7 Роткович Я.А. Вопросы преподавания литературы.М., Просвещение, .

5.2.8 Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту м етодикасының очерктері. Алматы, 1995.

5.2.9 Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту м етодикасы. Алматы, 2013.

5.2.10 Қыдыршаев А. А.Байтұрсынұлының әдіскер ізбасарлары. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1988, № 2.

5.2.11 Сыздықова Р. А.Байтұрсынұлы – ағартушы, ғылым, қоғам қайраткері. -А, 2013.

5.2.12 Рез З.Я. Методика преподавания литературы. М., Просвещение, 2003.

5.2.13 Н.Құрман. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері. – Астана, 2005

5.2.14 С.М. Алтыбаева Основные тенденций развития казахской прозы периода Независимости. – Алматы: 2010.



5.3.Интернет-ресурстар

5.3.1 https://multiurok.ru/files/viktorina-k-azak-diebiietin-biliesin-bie.html

5.3.2 http://www.pdf-spot.com/ebook

5.3.3 http://studopedia.org/4-152408.html

5.3.4 http://kzdocs.docdat.com/docs/index-52432.html

5.3.5 http://pps.kainar-edu.kz/wp-content/uploads/2014/01/adebietti_okytu_adistemesi.pdf




: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...