Қаулысымен бекітілген «Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу»



жүктеу 0.9 Mb.
бет1/5
Дата18.02.2017
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы

1710 қаулысымен



бекітілген

 

 

«Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер



 

1. «Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банктермен (бұдан әрі - ЕДБ) кепіл туралы мәліметтерден тұратын кепіл туралы шартты немесе өзге де шартты жасасқан жағдайда ЕДБ ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЕДБ АЖ) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 308-бабына, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына, «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz  («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру (бұдан әрі - куәлік) не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына олардың тіркелу орны бойынша берілген сенімгерлік басқармасы негізінде Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:



1) ХҚО-ға жүгінген кезде куәлік беру 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

2) ЕДБ АЖ арқылы өтініш берген кезде куәлік беру 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

3) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні мемлекеттік қызмет көрсетілетін орында мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілетін уақыты 20 минуттан аспайды;

4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін кезекте тұрудың ең ұзақ рұқсат етілетін уақыты 20 минуттан аспайды;

8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Тіркеу алымы жергілікті бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар және тәртібі бойынша төленеді және мыналарды қамтиды:

жеке тұлғалардан - алымды төлеу күніне қолданыстағы бір айлық есептегіш көрсеткіш;

заңды тұлғалардан - алымды төлеу күніне қолданыстағы бес айлық есептегіш көрсеткіш.

Кепілдің мемлекеттік тіркеуін растайтын құжаттың телнұсқасын беруге 0,5 айлық есептегіш көрсеткіш.

9. ХҚО мемлекеттік қызмет демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын дүйсенбіден бастап, сенбіні қоса алғанда, көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

ЕДБ-де мемлекеттік қызмет ЕДБ-ның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет:



мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан;

мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсетуге жағдай көзделген ЕДБ ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi

 

11. Құжаттардың тізбесі:

1) кепілді ХҚО-да тіркеу үшін:

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініштің толтырылған бланкісі (өтініш сканерден өткізіліп, ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электронды көшірмесі нысанында жіберіледі);



өтініш берушінің не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;

тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат (ХҚО қызметкері сканерден өткізеді және электрондық өтінішке бекітеді);

кепіл туралы шарт немесе кепіл шарттарын қамтитын шарт (сканерден өткізіліп, ХҚКО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында жіберіледі).

Өтініш берушінің не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттарды, тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсыну, олардағы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал немесе Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

2) кепілді ЕДБ АЖ-арқылы тіркеу үшін:

ЕДБ қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы электрондық құжат нысанындағы өтініш;

өтініш берушінің не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (ЕДБ қызметкері сканерден өткізіп, электрондық өтінішке бекітеді);

тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат ЕДБ қызметкері (сканерден өткізіп, электрондық өтінішке бекітеді);

кепіл туралы шарт немесе мемлекеттік қызметті алушының және ЕДБ қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы кепіл шарттарын қамтитын шарт.

Өтініш берушінің не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты, тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсыну, олардағы ақпаратты портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат түрінде тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе Орталықтың ақпараттық жүйесінен алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

12. Белгіленген үлгідегі өтініштің бланкісі ХҚО күту залындағы арнайы тағанда немесе ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО www.con.gov.kz  интернет-ресурсында орналастырылады.



ЕДБ АЖ жүгінген кезде электрондық құжат нысанындағы өтінішті толтыру қажет.

13. ХҚО құжаттарды қабылдау ХҚО қызметкерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ атқарылатын қызметі және тағайындалуы туралы ақпарат орналастырылған операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.



ЕДБ-де құжаттарды қабылдау мен электрондық өтінішті жолдауды ЕДБ қызметкері жүзеге асырады. Өтініш автоматты түрде уәкілетті органға жіберіледі.

14. Мемлекеттік қызмет алу үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:



1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттардың берілген күні (уақыт) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олармен байланыс телефондарын көрсетумен, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

ЕДБ арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға www.egov.kz  порталындағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.

15. ХҚО-да мемлекеттік қызметтің нәтижесін беруді ХҚО қызметкері «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы күн сайын, қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде, мемлекеттік қызметті алушы қол қойып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсына отырып өзі қатысқан кезде жүзеге асырады.



ЕДБ-ге жүгінген кезде қызмет көрсету нәтижесі ЕДБ АЖ-ға, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыға www.egov.kz порталындағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат ЕДБ және уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттық растауды талап етпейді.

16. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда ХҚО құжаттарды қабылдаудан бас тартады.



Уәкілетті мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

1) кепіл туралы шарттың немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 307-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;

2) кепіл шартын тіркеу және тіркелген кепілге енгізілетін өзгерістерді, толықтыруларды және күшін жоюды тіркеу туралы өтініштің осы стандарттың 11-тармағына сәйкес келмеуі;

3) кепілді тіркеу, кепілді өзгерту, тіркелген кепілді толықтыру және тоқтату жөнінде тиісті емес тұлғаның өтініш жасауы;

4) бюджетке жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың болмауы.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушы ХҚО-да, ЕДБ АЖ-де не «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы «жеке кабинетінде» уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде осы стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде алады.



Белгіленген мерзімде бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде куәлік береді.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары



 

17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.



 

 

4. Жұмыс нәтижелерi



 

18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібi



 

20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.

22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz  мекенжайы бойынша шағым беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

 

«Темір жол жылжымалы құрамының



кепілін тіркеу»

 мемлекеттік қызмет стандартына



1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің

Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының

тізбесi

 

Р/с



Бөлімше атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

1.

«Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 95

8 (7132) 54-29-03

ktk_aktb@mtc.gov.kz

2.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов көшесі, 16

8 (7112) 53-86-43

ktk_zko@mtc.gov.kz

3.

«Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 107

8 (7182) 32-06-39

ktk_pavl@mtc.gov.kz

4.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114

8 (7232) 25-22-06

ktk_vko@mtc.gov.kz

5.

«Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131

8 (7282) 24-55-01

ktk_alm@mtc.gov.kz

6.

«Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 11

8 (7272) 43-72-71

ktk_galm@mtc.gov.kz

7.

«Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 15

8 (7122) 32-73-65

ktk_atr@mtc.gov.kz

8.

«Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Ақтау қаласы, 1-шағын ауданы, 1

8 (7292) 60-55-50

ktk_mang@mtc.gov.kz

9.

«Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, 4

8 (7252) 56-44-88

ktk_uko@mtc.gov.kz

10.

«Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыри көшесі, 1

8 (7262) 34-21-41

ktk_jamb@mtc.gov.kz

11.

«Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Қызылорда қаласы, Әуезов көшесі, 24 А

8 (7242) 27-68-26

ktk_kzl@mtc.gov.kz

12.

«Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87

8 (7162) 25-69-93

ktk_akm@mtc.gov.kz

13.

«Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Қостанай қаласы, Чехов көшесі,105 А

8 (7142) 56-85-25

ktk_kost@mtc.gov.kz

14.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Петропавл қаласы, Бейбітшілік көшесі, 122

8 (7152) 46-44-07

ktk_sko@mtc.gov.kz

15.

«Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Қарағанды қаласы, Гапеев көшесі, 5

8 (7212) 34-80-00

ktk_kar@mtc.gov.kz

16.

«Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Астана қаласы, Ақжол көшесі, 28

8 (7172) 46-44-07

ktk_ast@mtc.gov.kz


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет