Ауылдық жердегі балалардың ҚазақТЫҢ Ұлттық ойындары арқылы өзіндік сабақтарында дене дайындығы дағдыларын қалыптастыруы



жүктеу 110.46 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі110.46 Kb.
АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ ӨЗІНДІК САБАҚТАРЫНДА ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ.

4-курс білімгері А.Толеков



Талдықорған қ. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.

ғылыми жетекшісі: аға оқытушы М.Р Өзенбаев



e-mail:tolekov-95@mail.ru
Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған [1].

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңында [2], адамның денесін жетілдіруді саналы түрде қалыптастыру жас кезінен басталатыны анықталған, яғни бұл бағытты отбасында, мектепте және басқа да оқу орындарында бекітіп, салауатты-тәрбиелік бағытының әдістемелік бағдарламаларын жетілдіру, дене тәрбиесі және спортты қазақ ұлттық қозғалмалы ойындары арқылы дамыту жолдары дене жаттығуларының өз бетінше жүргізілетін сабақтары арқылы жүзеге асатыны және оның алғы шарттары мен оларға жасалатын жағдайды жетілдіру жолдары қарастырылған.

Қазақ ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы білік-дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларында қазақтың ұлттық спортына деген көзқарас қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйесі ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады.

Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен (бұдан әрі – ұлттық дене жаттығулары) жүйелі түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті білім орындарында, мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасы өте нашар, оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан сабақтан тыс сабақтар тіпті жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың мазмұнының әлі де болса кемшілік жақтарын көрсетеді.

Біздің көпжылғы бақылауымыздан ауыл мектептерінің оқушыларының дене тәрбиесіне деген көзқарасының әлі дами қоймағаның, сонымен қатар олардың Мемлекеттік бағдарламаны толық көлемінде игере қоймағанын байқадық. Бұндай кері әсерден құтылу үшін республикасыздың жалпы білім беретін ауылдық мектептерінде дене тәрбиесі сабағын ұйымдастыру әдістемесін қайта қарап, олардың жұмысын жетілдіруде жаңа әдіс-тәсілдер пайдалану қажет.

Ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен алдыңғы қатардағы оқытушылардың тәжірибесінен байқайтынымыз, дене жаттығуларының ұлттық түрін үй тапсырмасына қосу оқушылардың тәрбиесі мен оны оқытуға қатты әсер етеді. Осындай кешенді нұсқаулар мен күні бүгінге дейін жасалмаған. Оның ішінде дене жаттығуларының ұлттық түрін оқушылардың (оның ішінде ауылдық) өз бетінше сабақтарының күнделікті тәртібіне ендіру мәселесі тағы жоқ. Практикалық нұсқаулардың көпшілігі «дене жаттығуларының классикалық түрін» қамтыған. Сондықтан оларды республикасыздың ерекше жағдайларына байланысты толық деңгейде пайдалану мүмкін болмай тұр.

Сонымен қатар, қазақ ұлттық ойындары бойынша жаттығулардың түрін қамтыған өз бетінше сабақтарының әдістемесі, мазмұны, ғылыми жағынан жоспарлануы, дене жүктемесінің бөлінуі, ағзаның күшін бақылау күні бүгінге дейін жеткілікті деңгейде жасалмаған. Дене жаттығуларының нақ осы ұлттық сипаты өте төменгі дәрежеде ынталандырылған.

Осы деректердің барлығы жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың өз бетінше жүргізетін сабақтарында қазақ ұлттық ойындары бойынша дене жаттығуларының түрлерін пайдаланудың жолдарын іздестіру және ғылыми жолмен негіздеу қажеттігін көрсетеді.

Дене тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесіндегі өзіндік сабақ дене жаттығуларының мазмұны, түрі және әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептердің дене тәрбиесі жүйесі мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтуға және жұмысқа қабілеттілігін дамытуға, денесінің және қимыл әрекеттерінің дамуының оңтайлы кезеңіне қол жеткізуге бағытталған. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің маңызды мәселелері - терең білімдікке негізделген тұрақты дене дағдыларының қалыптасуын саналы түрде игеру, үнемі өзінің денесін шынықтыру, еңбекке қабілеттілігін жетілдіру, күнделікті өзінің күн тәртібін ұйымдастыру дағдыларын және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Дене тәрбиесі теориясы мен тәжірибесінде өз бетінше сабақтардың мынадай түрлері қалыптасқан:



  1. Таңертеңгі гигиеналық жаттығу.

  2. Дене шынықтыру минуттары және дене шынықтыру үзілісі.

  3. Жалпы дене дайындығы бойынша сабақтар.

  4. Шынықтыру сабақтары.

  5. Ырғақты гимнастика (қыздар үшін).

  6. Ширататын үрдістер.

  7. Спорт, қимыл-әрекет және ұлттық ойындар.

  8. Демалу, демалыс күндерінің туризмі.

Өз бетінше сабақтарының негізгі құралдарына жататын жалпы дамытушы жаттығулар: жүру, жүгіру, сүзу-малту, ойындар, туризм және т.б.

Дене жаттығуларының оңды ерекшеліктері:



  1. терең биологиялық және адекваттық;

  2. әмбебаптық (бұған қимыл-әрекеттің кең диапазоны жатады);

  3. теріс әсерлердің болмауы (сабақтың тиімді әдісімен дене жүктемесін

бөлген жағдайда);

  1. жастық шектеулері жоқ, ұзақ уақыт қолданылу мүмкіндігі [3].

Дене тәрбиесінде өз бетінше жүргізілетін сабақтарға көп көңіл бөлінген. Бұл салада зерттеулер көп жүргізілгенмен, күні бүгінге дейін бұл мәселе шешусіз қалып отыр. Бүгінгі күні дене жаттығулары, оның ішінде дене жаттығуларының ұлттық түрі енгізілген өз бетінше сабақтардың ұйымдастырылуы мен әдістемесіне қоятын талап күшті және оған жүйелі түрде келу керек.

Дене тәрбиесі бойынша мектепте үй тапсырмасының практикаға енгізілгеніне 30 жылдан асты, зерттеушілер атап өткендей ол белгілі бір жүйеде. Алайда, осы тақырып төңірегінде барлық әдебиеттерді талдай келе, біз ондай жүйені таба қоймадық. Сөйтіп, дене тәрбиесінің оқытушысы үй тапсырмасын жасау барысында дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жалпы ережелеріне, өзінің жеке тәжірибесіне сүйенеді. Бұл мектеп оқушыларынан сауал-жауап алу барысында да анықталған. Олардың жауаптарына қарасақ, практикада үй тапсырмалары жүзеге асып жүргендігін, алайда олардың мазмұны интуициялы түрде өз беттерінше алынатыны да байқалған.

Дене жаттығуларының ұлттық түрі бойынша өз бетінше жүргізілетін сабақтар көптеген авторлардың пікірі бойынша, мынадай міндеттерді шешуге өз септігін тигізеді: 1) қимыл белсенділігін арттыруға; 2) негізгі бұлшық еттерін нығайтуға; 3)дұрыс жүріс-тұрысын қалыптастыру; 4)қимыл-әрекет қабілеттерін, жүгірудегі, қарғау мен лақтырудағы білік-дағдыларын игеруге кешенді дамытуға ықпал ету.

Зерттеушілердің пікірі бойынша, біріншіден, өз беттерінше сабақтар үшін жаттығуларды оқу бағдарламасы аясында оқытылатын тақырыптардың мазмұны мен міндеттемелері ескеріле отырып жүйеленуі және жоспарлануы қажет; екіншіден, оқушылардың дене қабілетін дамытудың оңтайлы мүмкіндіктерін, олардың жыныстық және жастық ерекшеліктері ескерілуі қажет; үшіншіден, әрбір сынып немесе жастық топтар үшін ойындар мен дене жаттығуларын іріктеуі тиіс.

Ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесін тұбегесім өзгертіп, олардың мазмұнына білімдік, тәрбиелік және сауықтыру бағыттары бар өз бетінше сабақтарын ендіру қажет.

Әдебиеттерді талдау барысында және ауылдық мектептердің оқытушыларының тәжірибесіне қарап, ауыл мектептеріндегі өз бетінше жүргізілетін сабақтардың жүйелілігі жоқтығын байқайсың. Жүйелі әдіс біртіндеп мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің оқу кезеңдерінің біртұтас жүйесіне енетін шынықтырудың тұйық жылдық циклының моделін құру қажеттігін көрсетеді.

Т.А. Ботағариев өз еңбегінде мектептегі дене тәрбиесі сабағының сапасын төмендететін алты теріс факторды атап көрсетіп және сабақтың сапасын төмендететін маңызды факторлардың бірі – осы әдістемелік деңгейінің төмендігін басып айтқан болатын. Оған сондай–ақ, барлық оқытушылар ұжымының, оқушылардың, олардың ата–аналарының дене білімінің деңгейінің төмендігін қосуға болады. Дене тәрбиесі сабағы үйретуші қалыпта және білімдік бағыты қалай болса, сонша тәрбиелік мәні де зор болуы керек. Қазіргі заманауи оқытушы тек белгілі бір бағдарламада берілген қимыл-әрекеттердің орындалуын ғана бақыламай, балаларға жеткілікті болатындай дәрежеде үнемі өз бетінше жүргізілетін сабақтардың әдістемесін түсіндіріп отыруы керек. Педагогикалық үрдісте баланы қинамай, уағыздау әдісі арқылы күнделікті дене тәрбиесіне тұрақты мұқтаждықты қалыптастыруға жағдай жасау керек [4].

Дене тәрбиесінің сабағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың индуктивті тәсілін пайдалану арқылы құрылады. Сабақтағы дене жүктемесі физиологиялық және гигиеналық нормалардың әсерімен жүзеге асады, олар баланың ой қызметіне кері әсер етпей, керісінше оны күшейте түседі.

Оқу мазмұнының оқушылардың шынайы функционалдық мүмкіндіктерінен ерекше заңдылығы болады. Жастық және жыныстық ерекшеліктері ескерілмей, балалардың дене дайындығына қатаң талап қойылған жағдайда қимыл-әрекетті үйретудің тиімділігі төмендейді. Бұл еңбекке қабілеттілігінің төмендеуінен, берілген жаттығуларды орындауға деген ынтанын жойылуынан пайда болады.

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің жан-жақты міндетін оңды шешуі көбінесе, негізгі қимыл-әрекет сапасының әдістері мен құралдарының сайма-сайлығы онтайландырумен байланысты. Жасы төмен болған сайын, оның дене дайындығының тиісті салмағы да көбейе түседі. Нәтижелердің жақсы көрсеткіштері тек жан-жақты жаттығу арқылы келетіні бәріңізге мәлім, сондықтан оның негізгі қимыл-әрекет дағдыларына қатысы бар құралдарды пайдаланудың тиімді жағын қарастырған жөн.

Көптеген зерттеулер ұлттық ойындар мен дене жаттығуларының өсіп келе жатқан ағзаға қаншалықты пайдалы екенін дәлелдеген болатын. Тәжірибелер нәтижесі дене дамуы мен дене дайындығының динамикасы, мектеп оқушыларының жұмыс қабілеті деңгейі күнделікті орындап жүрген дене жаттығуларымен және ойнап жүрген ойындарының көлемімен, сипаттамасымен тікелей байланысты.

Дене жаттығуларының өз бетінше сабақтарын ұтымды құру өсіп келе жатқан ағзалардың функционалдық жағдайымен тікелей байланысты. Сондықтан дене жүктемелерін жоспарлап және қолдану барасында оларды қатаң тәртіппен жинақтаған жөн.

Осы мақсатпен педагогикалық, психологиялық-физиологиялық әдістер арқылы әр түрлі сипаттағы ұлттық жаттығуларды және олардың мектеп оқушыларының ағзасына тигізетін әсерін, жаттығулардың қарқынын және дем алу интервалы мен қарқынын да анықтаған жөн.

Дене жүктемесінің негізгі құрылымдары оның көлемі мен қарқынында. Дене жүктемелері бір орындағанда немесе бірнеше орындағанда да байқала береді. Көлемі мен қарқындылық ұлттық ойындардың және жаттығулардың сипатымен, интервалды мен олардың араларындағы дем алу түрлерімен анықталады. Бұл құрылымдардың байланыстылығы айналысушының ағзасына жүктеменің өлшемі мен әсер ету бағыты арқылы анықталады. Тек оңтайлы дене жүктемесі болған жағдайда тиімді нәтижеге қол жеткізуге болады.

Мектеп жасындағы балалардың бұлшық еттерінің жұмыс істеу барысында қан қысымының жоғары көтерілгенін және пульстік қан қысымының төмендегенін байқаймыз. Дене жүктемесін нормалау барысында тек жыныстық-жастық ерекшеліктерін ғана ескермеу керек, сонымен қатар әр түрлі қарқындағы жүктемені орындауға бағытталған жас ағзалардың жеке қабілеттілігін ескерген жөн. Адамның дене жүктемесіне тез бейімделіп, оның функционалдық қабілеттілігінің өсіп келе жатқандығын байқаймыз, сондықтан шынықтыру үдерісінің өзін өсіп келе жатқан ағзаның еңбекке қабілеттілігін жетілдіретін сенімді құралы ретінде қарастыру керек.

Бұлшық ет қызметін жүзеге асыру барысында барлық ағзаның қызметі қатысады, бұл тұста орталық жүйке жүйесімен, яғни жүрек-қан-тамырлар, тыныс алу органдарымен күрделі байланыс қалыптасады.

Тез орындалатын жаттығулардан кейін жасөспірімдердің қалпына келуі бәлендей нәтиже бермейтінін айқындайы. Бұл жаттығуларды бірнеше рет қайталағанда қалпына келу реакциясы ересектер мен жасөспірімдерге қарағанда одан әрі төмендеп кетеді. Олай болса, жасөспірімдер ересектерге қарағанда қалпына келу үдерісі тұсында алғашқы шапшаңдықты тұрақты сақтап қалу жағынан төмен екені байқалады [5].

Сөйтіп, осылардың бәрін басты назарға ала отырып мынадай қорытындыға келеміз:

- қалпына келу үдерісі бірқалыпты жүзеге аспайды (жүктемеден кейін қалпына келу тез жүзеге асып, сосын жай сарынға түседі);

-қимыл және вегатативті қызметтердің әр түрлі көрсеткіштері бір уақытта қалпына келмейді;

-жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру фазалық сипатта (төмендету, шығу, жоғарылау, жұмыс қабілеттілігінің қайта төмендеу фазалары);

-жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру вегетативтік функцияларды қалпына келтірумен сай келмейді, одан ұлттық дене жаттығулары бар өз бетінше сабақтардың педагогикалық тиімділігін балалар мен жасөспірімдердің ағзаларының дене жүктемелерінің қабылдауға бағытталған анатомиялық –физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.

Мектеп оқушыларының дене дайындығының қимыл-әрекеттерінің белсенділігінің төменгі деңгейі ақыл-ой қабілеттілігінің төмендеуіне, тез шаршауға, олардың негізгі қызметі – оқуға кедергі болады. Мектеп оқушыларының ұлттық ойындары мен дене жаттығулары бар өз бетінше жүргізілетін сабақтарын ұйымдастыру нұсқаулардың, өкінішіке орай күні бүгінге дейін әдістемелік негізі жеткілікті емес, ал жұмыс тәжірибесі де, әсіресе ауыл мектептерінде бұл бағытта де жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.

Ұлттық ойындары мен дене жаттығуларына арналған өз бетінше жүргізілетін сабақтарда мынадай негізгі талаптарды орындағанда ғана маңызды нәтижеге қол жеткізуге болады:

-ұлттық қимыл- қозғалыс ойындары мен дене жаттығуларына арналған өз бетінше сабақтар міндетті түрде оқу бағдарламасының нақты материалдарымен байланысты болу керек;

-өз беттерінше сабақтардың негізін тиісті қимыл-әрекетті дамытуға бағытталған жаттығулар құрайды;

- өз бетінше сабақтың тапсырмалары олардың үй жағдайында орындай алуы үшін жеткілікті дәрежеде және жекеленген болуы керек;

-дене жүктемелері нақты жоспарланып отыруы қажет (көлемі және қарқындылығы және әдістемелік ерекшеліктері), ал айналысушылар олардың орындау әдістемесін дұрыс игеруі шарт;

-мектеп оқушыларының функционалдық жағдайының жасқа салыстырмалы өзгерістерін үнемі бақылап отыру керек;

-өз бетінше сабақтар үнемі дәрігерлік-педагогикалық бақылауда және өзін-өзі бақылауға алған жағдайда шынықтырушы сипатта болады. Сөйтіп, мектеп оқушыларының ұлттық қимыл-әрекеттерге және дене жаттығуларына бағытталған өз бетінше сабақтарын оқу үдерісімен байланыстырудың маңыздылығы еш күмән келтірмейді, алайда дене тәрбиесі сабағының оқытушысының өз бетінше жүргізетін сабағы да назардан тыс қалмауы керек. Бұл жұмысты нақты және сауатты басқаруға тек жүйелі істеу арқылы жетеді, яғни дене тәрбиесі сабағында оқытушы оқушыларды қимыл-әрекетке және жоғарыда аталған өз бетінше сабақтарында дайындайды. Егер дене тәрбиесі оқытушылары мен мектеп оқушылары ұлттық қимыл-әрекет ойындары мен дене жаттығуларына арналған өз бетінше сабақтардың әдістемелік нұсқаулықтарымен жабдықталғанда өз бетінше сабақтардың ұйымдастырылуы едәуір дәрежеде жеңілдейді. Бұл мәселелер өкінішке орай, күні бүгінге дейін ғылыми және әдістемелік әдебиеттерден табылмай отыр. Біздің осы бағыттағы қамтыған мәселелеріміз жіберілген ағаттықтарды жойып, осы мәселелердің шешілуіне өз септігін тигізеді деген ойлаймыз.



ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. ««Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». 17 қантар 2014 ж. // Егемен Қазақстан.- 2014.- 30 қантар.

  2. Республика Казахстан. Законы. «О физической культуре и спорте.

Спорт Республики Казахстан». – 2000.- №2. – С.5-6.

  1. Курамшин Ю.Ф. Теория и методика физической культуры. – М.:

Советский спорт, 2004.-464 с.

  1. Шарабакин Н.И., Мамбеталиев К.У Теория и методика физической

культуры.-Бишкек: Шам, 1997.-327 с.

  1. Анаркулов Х.Ф. Социально-педагогические проблемы развития

Кыргызской народной физической культуры //Национальная физическая культура.- Бишкек: КГАФКиС, 2008.- с. 10-197.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет