«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»



жүктеу 59.03 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі59.03 Kb.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»


Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

ММ «Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі»

Мекен-жайы: Кызылорда қаласы Ы.Жахаев көшесі, 16

Телефон/эл.пошта: 26-34-49/ gor_selxoz@mail.ru








Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;








Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар







Қызмет нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары болып табылады.







Қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде







Қызмет ақысы

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі







Қызметті көрсету мерзімі

1) Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:

көтерме жәрдемақы - күнтізбелік 39 (отыз тоғыз) күн;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келісім қорытындысы - күнтізбелік 32 (отыз екі) күн;

Келісім жасалғаннан кейін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит - 30 (отыз) жұмыс күні;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 30 минут.









Қажетті құжаттар тізімі

1) Көтерме жәрдемақы алған кезде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;

тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;

тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;

3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер;

тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;

маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;

кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;

кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.









Шағымдану тәртібі

Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым бөлімнің басшысының атына жазылады, жұмыс күндері сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13.00-ден-15.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда шағым қала әкімі аппараттары басшысының атына жазылады, жұмыс күндері сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13.00-ден-15.00-ге дейін.









Өзге де талаптар

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алу мүмкіндігі бар.









Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығымен бекітілген 



Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет