Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2010 жылдың 1-ші жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы анықтама бөлім тарапынан аудандағы қоғамдық-саяси жағдайға үнемі зерттеу жасалып отырады. Осы уақыт аралығында «Зайсан ауданның қоғамдық-саяси жағдайы»



жүктеу 66.04 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі66.04 Kb.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2010 жылдың 1-ші жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы

АНЫҚТАМА
Бөлім тарапынан аудандағы қоғамдық-саяси жағдайға үнемі зерттеу жасалып отырады. Осы уақыт аралығында «Зайсан ауданның қоғамдық-саяси жағдайы», «Жемқорлық індет» атты, тіл мәселесі туралы, «Зайсан ауданында Нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстарының алдын алу жұмыстары», Рәміздер жайлы сауалнамалар жүргізіліп, зерттеулердің қорытындысы шығарылды.

Сонымен қатар Жолдаудың іске асырылу барысына сараптамалық бағаулармен әлеуметтік зерттеулер төменгі бағыттар бойынша жүргізілді:

- Жолдаудың басымдықтарын қоғамның қабылдауы мен халықтың қолдау деңгейінің әлеуметтанулық диагностикасы

-жергілікті мемлекеттік органдардың Жолдаудың іске асырылуы барысы жөніндегі қызметі нәтижелерінің бағалары;

- Президент Жолдауы туралы аудан тұрғындарының ақпараттану деңгейі;

-ақпараттық-насихаттық жұмыстарының нәтижелігі.

Сауалнамаларға Зайсан қаласы мекемелерінің қызмектерлерінен 420 адам қатысты. Әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша сұралғандардың 98 пайызы Елбасы Жолдауын толық қолдайтындарын көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын (бұдан әрі -Жолдау) насихаттау және түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.



2010 жылдың 16 ақпан күні Жолдауды түсіндіру және оның жүзеге асырылуы барысы жөнінде актив жиыны өткізілді. Аудандық ақпараттық-насихаттық тобы (бұдан әрі-АНТ) құрылып, сапарлар кестесі бекітілді, ауылдық насихат топтарының жұмысы ұйымдастырылды. Сапарлар кестесінің орындалуы бөлімнің айрықша бақылауына алынды.

Осындай жиындар 8-15 ақпан аралығында қала, ауыл округтерінде өткізілді. Осы уақытта барлық еңбек ұжымдарында Жолдаумен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Ақпан айында жас ерекшеліктеріне қарай ауданның барлық мектептерінде Жолдауды оқып түсіну жұмыстарын ұйымдастырылды.

Аудандық АНТ ақпан айында Жолдау мәтінімен, наурыз айында «Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымастық жөніндегі ұйым» туралы, сәуір айында «Кедендік одақ-кемелдену кепілі», мамыр айында «Ардагерлерге қамқорлық» тақырыптарында елді мекендерді аралап, барлығы 133 кездесу өткізілді.

15-17 ақпан аралығында бөлім облыстық АНТ жұмысын үйлестіріп, Бақасу, Саржыра, Ақарал, Біржан, Көкжыра, Жамбыл, Тасбастау, Кәкенталды, Қарасай, Мұқашы, Сәтбай елді-мекендерінде Жолдауды насихаттады.

2-3 наурыз аралығында бөлім қызметкерлері республикалық АНТ және облыстық АНТ жұмыстарын ұйымдастырып, Дайыр, Біржан, Кеңсай, Айнабұлақ ауылдарында кездесулер өткізіп, Зайсан қаласында азаматтарды қабылдауын үйлестірді.

3 сәуір күні су тасқыны зардаптарының алдын-алу шараларын түсіндіру бойынша аудандық АНТ - 7 ауылдық окруте болып қайтты. Кездесулерде су тасқыны кезінде құтқару шаралары жөнінде жадынамалар таратылды.

Бөлім тарапынан су тасқынына байланысты Тасбастау ауылын 3 рет бейнетаспаға түсіру ұйымдастырылды.

Жолдауға байланысты ай сайын көмекші методикалық құралдар дайындалып, таратылды. Ондай материалдардан ақпан айында 200 дана, наурыз айында 100 дана, сәуір айында 200 дана, маусым айында 300 дана таратылды. Олар: Жолдаудың толық мәтіні, «Қазақстан – 2030» стратегиясы, «Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымастық жөніндегі ұйым» туралы, су тасқыны кезінде құтқару шаралары жөнінде жадынамалар, Зайсан ауданының 2009 жылғы және 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы, Ұлы Отан соғысының Жеңісіне байланысты және Мемлекеттік Рәміздер туралы материалдар.

Барлық бұқаралық шараларда Жолдау бағыттары бойынша логотиптер, слогандар пайдаланылады. Жолдау идеяларын насихаттау жөнінде 15 баннер, 8 қалқанша дайындалып, орнатылды.

Жолдаудың байланысты көрнекіліктердің үлгісі дайындалып әкімшілік, мекемелер ғимараттарында, кітапханаларда, мәдениет үйлерінде, мектептерде тұрақты көрнекіліктер орналастырылды.

Сондай ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт плакатының үлгісі жасалып, аудан мекемелерінде орнатылуы ұйымдастырылды.

Жолдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін мемлекеттік органдар жанынан басым салалар бойынша лекторлар тізімі жасалып, олардың жұмысы ұйымдастырылды.

2010 жылы жасалынған медиа жоспарлар:

Аудандық «Достық» газетіне Жолдауды ақпараттық-насихаттық қолдаудың медиа-жоспарын дайындалып, жарияланған материалдардың көлемі мен сапасына үнемі мониторинг жасалып отырады. Аудандық «Достық» газетінің 30 қаңтардағы №5 санында Жолдаудың толық мәтіні жарияланды.

Осы уақыт аралығында газетке Жолдау жайлы 24 мақала жарияланды.

Мемлекеттік органдар жетекшілерінің Жолдау тақырыбы бойынша сөз сөйлеу кестесіне сәйкес бүгінгі күнге 16 мақала жарияланды. Аудандық «Достық» газетіне аудандық білім, ауылшаруашылығы, экономика, әлеуметтік бағдарламалар, төтенше жағдайлар бөлімдері өз салалары бойынша мақалаларын уақытында жариялап отырды.

Сондай ақ бөлім тарапынан биылғы жылы төмендегідей медиа-жоспарларға байланысты мақалалардың жариялануы қамтамасыз етілді:

1. Мемлекет басшысының 2009 жылғы 5 наурызда Қазақстан әйелдерінің V форумында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ бойынша 3 мақала;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыруды ақпараттық қолдаудың 2010 жылға арналған МЕДИА – ЖОСПАРЫ бойынша 10 мақала;

3. Зайсан ауданында «2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі №154 Жарлығының жүзеге асуын кеңінен ақпараттық – насихаттық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша МЕДИА – ЖОСПАРЫ бойынша 7 мақала;

4. Ауданда төтенше жағдайдың алдын алу іс- шараларын, төтенше жағдай кезіндегі халықты қауіпсіздендіру жұмыстарын ақпараттық қолдаудың МЕДИА – ЖОСПАРЫ бойынша 14 мақала;

5. Жедел индустриалдық- инновациялық даму бағдарламасын іске асыруды ақпараттық қолдаудың 2010 жылға арналған МЕДИА – ЖОСПАРЫ бойынша 2 мақала;

6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығын атап өтуді ақпараттық – насихаттық сүйемелдеудің аудандық МЕДИА – ЖОСПАРЫ бойынша 2 мақала;

Жолдауда белгіленген міндеттерді ескере отырып, БАҚ жұмысында пайдалану үшін «оқиғалар қатары» қалыптастырылып, бекітілді. Осыған байланысты, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін төменде өткізілген шараларда мемлекеттік және бұқаралық мерекелердің үйлестіруші факторын барынша пайдаланылды.



13 қаңтар күні «Менің Қазақстаным» атты жастар форумы өтті. Онда өткен жылы жастармен атқарылған жұмыс жайлы есеп және жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

19 ақпан күні «Туған жерге тағзым» акциясы өтті. Акция нәтижесінде алыста жүрген және ауданымыздың кәсіпкерлері арқылы ауданның дамуына 1 млрд. 13 млн теңге кәсіпкерлердің қаражатына жұмыстар атқарылатын болады.

15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 21 жыл толуына байланысты патриоттық әндер кеші өткізілді. Ұрпақтар сабақтастығымен үндескен бұл шарада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп мен жас ұрпақ оқушылардың қатысуы қамтамасыз етілді.

3 наурыз күні №11 кәсіптік-лицейде жастардың «Жас қалам» атты әдеби кездесу кеші өткізілді.

5 наурыз күні «Ақ босағаның алтын діңгегі» атты дөңгелек үстел өтті. Онда қазіргі таңның басты мәселесі гендерлік саясат төңірегінде, отбасы құндылықтары жөнінде аудан әйелдері бас қосып, өз пікірлерін білдірді.

6-наурыз күні 8-наурыз-Халықаралық әйелдер күніне байланысты мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

15 наурыз күні «Аудандағы нашақорлықтың алдын алу шараларының жағдайы.» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

27 Наурыз күні - Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай халықтық тойлау өткізілді.

31 наурыз күні АНТ 2017 әскери бөліміне ақпараттық - насихат бағдарламасымен барды. Онда әскери қызметшілерді Елбасының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымастық жөніндегі ұйым және кедендік одақтың қызметі жайлы ақпарат берілді.

9 сәуір күні «Зайсан ауданындағы жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын-алу жұмыстары» туралы дөңгелек үстел отырысы өтті.

28 сәуір күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты жастар ұйымдары өткізетін іс-шараларының желілік кестесі бойынша жоспарланған шаралар аясында «Жастар біртұтас Қазақстан үшін» атты жастар форумы өтті.

30 сәуір Зайсан ауданында Қазақстан халқының бірлік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Онда қаланың 389 соғыс және тыл ардагеріне «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медальдары тапсырылды.

1-мамыр-Қазақстан халқының бірілігі күніне арналған мерекелік шаралар өткізілді.

9-мамыр –Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған барлық шаралар Елбасының Жолдауындағы басты назардағы «Ардагерлерге қамқорлық» тармағына сәйкес жүргізілді.

31 мамыр күні «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

4 маусым күні «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігін паш ететін нышандар» атты автокеруен белгіленген маршрут бойынша ауданның 7 ауылдық округінде болып қайтты. Автопоезд жұмысы «Біздің Ту! Біздің Елтаңба! Біздің Әнұран» атты акцияда жалғасты.

Ауданда жастармен жұмыс басты назарда. Сәуір айында «Бастау-Зайсан жастары» жастар қоғамдық бірлестігі «Зайсан ауданынның жастарының әлеуметтік белсенділігін арттыру жөніндегі әлеуметтік қызмет» атты облыстық ішкі саясат басқармасынан мемлекеттік тапсырыстан 1 млн теңге ұтып алды. Жастармен жұмыс жүйелі түрде атқарылып, барлық бұқаралық шараларға аудан жастарының белсенді қатысуы қамтамасыз етілуде.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет