Атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияның мақсаты

Loading...


жүктеу 185.68 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі185.68 Kb.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ

c:\documents and settings\администратор\рабочий стол\777\logo_fin.jpg

Құрметті әріптестер!

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің «Студенттік Ғылыми Қоғамы» С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 85-жылдық мерейтойына арналған 2015 жылы сәуір айының 23-24 жұлдызында өтетін «Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы» атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.



Конференцияның мақсаты – жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру, ғылыми көзқарасы мен әртүрлі ғылыми бағыттардағы байланыстарды кеңейту, өзекті мәселелермен алмасу, жастардың инновациялық әлеуетін айқындау және дамыту.

Конференцияға қатысуға студенттер, интерндер, резиденттер, ординаторлар, аспиранттар, жас ғалымдар (35 жасқа дейінгі) шақырылады.

Конференция аясында Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының медицина және биомедицина бөлімінің (оқушылар, колледж, институт, университет студенттері) отырысы өтеді.

Конференцияның жұмыс жүргізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу формасы:


  1. Ауызша баяндама және тезистерін жариялау

  2. Стенд түріндегі баяндама және тезистерін жариялау

  3. Тек тезистері жариялау


Конференцияның негізгі ғылыми бағыттары:



  • Ішкі аурулар

  • Хирургиялық аурулар, анестезиология және реаниматология

  • Педиатрия және неонатология

  • Фармация және фармакология

  • Стоматология

  • Акушерство және гинекология

  • Неврология, психиатрия және наркология

  • Гигиена және экология

  • Морфологиялық пәндер

  • Қоғамдық денсаулық сақтау

  • Мейірбикелік істегі зерттеулер

  • Сәулелік диагностика және терапия, онкология

  • Іргелі пәндер

  • Иммунология, инфекциялық патология, эпидемиология

Конференцияға дайындық барысында, келіп түскен қатысушылырдың өтініштерінің санына ескере отырып, жоспарланған секцияларға түзетілулер еңгізілуі мүмкін.


Конференция ұйымдастырушылары келіп түскен аяқталған және өзі орындаған ауызша баяндама немесе тезис түріндегі ғылыми-зертеу жұмыстардын іріктеп алады. Әдебиетке шолулар қарастырылмайды. Ауызша баяндама ұзақтығы 5 минут.
Постерлі баяндама рәсімдеу талаптары №3 қосымшада көрсетілген. Постерлі баяндаманы дайындау автор есебінен жүргізіледі.

Ғылыми жұмыстардың тезистері студенттік «International Student’s Journal of Medicine» журналының арнайы шығарылымында жарияланатын болады. Журналдың электронды түрі университеттің арнайы сайттарында www.kaznmu.kz немесе журналдың арнайы сайтында isjm.kaznmu.kz, ҚазҰМУ СҒҚ арнайы сайтында nirs.kaznmu.kz, ҚазҰМУ СҒҚ Вконтакте vk.com/snokaznmu қауымдастығы парақшасында жарияланады.



Конференцияға қатысу үшін:

  1. Конференцияға қатысу өтінішін толтыру қажет (Қосымшалар №1, №4);

  2. Тезистерді талапқа сай рәсімдеп жіберу (Қосымшалар №2, №5);

  3. Барлық авторлар мен кафедра меңгерушілерінің қолдары қойылған және мөр басылған тезистің сканерленген нұсқасын (jpg немесе pdf форматында) жіберу;

  4. 1,2,3 пунктердегі келтірілген құжаттарды конференция ұйымдастыру комитеті электронды поштасына sno@kaznmu.kz жіберіледі.

Сіздердің ғылыми жұмыстарыңыз келіп түскеннен кейін, ұйымдастырушы комитет сіздерге шақыру жібереді және конференцияға қатысу туралы қосымша ақпаратты хабарлайды.

Қатысуға өтініштер 2015 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.
Конференцияға қатысу және тезистерді жариялау - тегін. Іс-сапар шығыны жіберген жақтың есебінен жүргізіледі. Тоқтайтын орын ҚазҰМУ-нің студенттік жатақханасынан берілуі мүмкін.

Конференцияның өтілетін орны: ҚР, Алматы қаласы, Төле би көшесі 94, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті. Арнайы сайты: www.kaznmu.kz

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
22 СӘУІР – қатысушы қонақтардың келуі, вокзалдан – ҚазҰМУ-нің жатақханасына немесе қонақ үйлерге орналастыру.

1-ШІ КҮН, 23 – СӘУІР 2015 ЖЫЛ

Конференцияның 1-ші күні бойынша қысқаша анықтама: Конференцияның ашылу салтанаты, пленарлы отырысы, мастер-кластар және қала бойынша экскурсия.

Уақыты

Іс-шаралар

Іс-шаралар сипаттамасы

Өткізілу орны

9.00-9.30

Тіркеу

Конференцияға қатысушыларды тіркеу

Университеттік «Concordia» театрының холы

9.30-10.30

Ашылуы

Сәлемдесу:

  1. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры проф.

А.А. Ақанов

  1. Ғылыми жұмыс және инновациялар бойынша проректоры проф.

Б.А. Рамазанова

  1. Б. Атшабаров атындағы ІҚМ ҒЗИ директоры, доц.

Л.Т. Ералиева

  1. ҚазҰМУ СҒҚ төрағасы

Н.Ф. Хисамутдинов




10.30-12.00

№1 пленарлы отырыс

Визитинг-профессорлар дәрістері

Университеттік «Concordia» театры

12.00-13.00

Түскі асқа үзіліс




ҚазҰМУ студенттік асханасы

13.00-15.00

Мастер-кластар

Таңдау бойынша мастер-кластар

Қ.Қожаканов атындағы тәжрибелік дағдылар орталығы

15.00-17.00

Қала бойынша экскурсия

Алматы қ. негізгі көрнекті жерлеріне экскурсия

Алматы қаласы

2-ШІ КҮНІ, 24 СӘУІР 2015 ЖЫЛ

Конференцияның 1-ші күні бойынша қысқаша анықтама: Негізгі ғылыми бағыттар бойынша секциялық отырыстар.

Уақыты

Іс-шаралар

Іс-шаралар сипаттамасы

Өткізілу орны

9.00-10.00

Тіркеу

Конференцияға қатысушыларды тіркеу

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу аудиториялары

10.00-13.00

Секциялық отырыстар

Негізгі ғылыми бағыттар бойынша секциялық отырыстар.


С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу аудиториялары

13.00-14.00

Түскі асқа үзіліс




ҚазҰМУ студенттік асханасы

14.00-15.00

№2 пленарлы отырыс

Жеңімпаздарды марапаттау. Конференцияның жабылуы.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Даңқ залы

25 СӘУІР 2015

Конференция қатысушыларының кетуі, қонақ үй және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жатақханасы – вокзал, аэропорт трансфері.



Ұйымдастырушы комитеттің байланыс түрлері:

  • С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ және ЖҒК, ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру тобы. Бас маман: Нуралина Маржан Ембергеновна.

Маман: Мухамеджанова Жадыра Маулетовна.

Тел: +7 727 338 7090, ішкі(7129), E-mail: nirs@kaznmu.kz

  • С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттік ғылыми қоғамы.

Төраға: Хисамутдинов Наиль Фанильевич. Тел: +7 707 117 5752.

E-mail: nkhissamutdinov@gmail.com. Skype: khissamutdinov_n

  • Конференцияны ұйымдастырушы комитеттің электронды поштасы sno@kaznmu.kz;

  • Қосымша ақпарат арнайы сайттарда:

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ www.kaznmu.kz,

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ nirs.kaznmu.kz,



С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ Вконтактедегі тобы vk.com/snokaznmu.

ҚОСЫМША №1

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ*

Қатысушының А.Т.Ә. (толығымен)




Қызметі (студент/жас ғалым)




Туылған күні және жасы (КК/АА/ЖЖ және NN жас)




Жынысы (ер/әйел)




Курсы, факультеті (студенттер үшін); Қызметі (жас ғалымдар үшін)




Ғылыми жұмыстың тақырыбы




Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә., ғылыми дәрежесі және атағы




Кафедра




Университет (толық атауы), қала, мемлекет




Конференцияға қатысу формасы:

  1. Ауызша баяндама және тезистерін жариялау

  2. Стенд түріндегі баяндама және тезистерін жариялау

  3. Тек тезистері жариялау




Секция:

  1. Ішкі аурулар

  2. Хирургиялық аурулар, анестезиология және реаниматология

  3. Педиатрия және неонатология

  4. Фармация және фармакология

  5. Стоматология

  6. Акушерство және гинекология

  7. Неврология, психиатрия және наркология

  8. Гигиена және экология

  9. Морфологиялық пәндер

  10. Қоғамдық денсаулық сақтау

  11. Мейірбикелік істегі зерттеулер

  12. Сәулелік диагностика және терапия, онкология

  13. Іргелі пәндер

  14. Иммунология, инфекциялық патология және эпидемиология




Баяндама тілі (қазақ, ағылшын, орыс)




E-mail:




Байланыс телефондары:




ҚазҰМУ студенттік жатақханасынан орынға тапсырыс беру қажеттілігі (Қажет/қажет емес)




*Ескерту: Конференцияға қатысуға өтінішті жеке Microsoft Word документі түрінде рәсімдеп, файлдың атында қатысушының тегі мен документ түрін көрсету қажет (мысалы, Иванов-өтініш.doc). Қатысуға өтінішті толтыру мысалы – №4 қосымша.

ҚОСЫМША №2

ТЕЗИСТІ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР*

  1. Тезис көлемі – 1 беттен аспауы қажет (2500 символ (пробелдерді қоса санағанда).

  2. Тезис А4 (1 экземпляр) форматында, гарнитура Times New Roman, шрифт өлшемі - 12, қатараралық интервал - 1, абзац - 5 мм. Шектер: сол жақ - 20 мм, оң жақ - 20 мм, жоғарғы - 20 мм, төменгі - 20 мм.

  3. Тезистің құрылымы: тезис тақырыбы бас әріптермен (ортада, қою әріптермен), одан төмен бөлігінде – курсивпен - автор (қосымша авторлар) (А.Т.Ә., курс, факультет, жоғары оқу орнының аты, қала, мемлекет); төменірек – ғылыми жетекші (дәрежесі, атағы, А.Т.Ә.),одан төменде курсивпен – кафедра. Бір интервал аралықта – тезис мәтіні. Тезис мәтінінен кейін бір интервал аралықта - әдебиеттер тізімі ( 5-тен артық емес). Әдебиеттер тізімі алфавит тәртібімен орналасады. Мақалаға билиографиялық сілтеме құрылымы - Автор, A. A., Автор, B. B., Автор, C. C. (жыл). Тезистің тақырыбы. Журналдың атауы, Том, Номері, беті. Кітаптарға библиографиялық сілтеме беру құрылымы - Автор, A. A., Автор, B. B., Автор, C. C. (жыл). Кітаптың атауы. Баспасы, Қала, Том, бет. Мәтіннің өзінде сілтеме номерін тік жақшажа сандармен көрсету қажет.

  4. Тезистің негізгі мәтінінің құрылымы: Өзектілік (зерттелетін мәселенің қысқаша өзектілігі); Мақсаттар мен міндеттері (оларды шешу арқылы мақсатқа қол жеткізіледі); Материалдар мен зерттеу әдістері (зерттеу әдістемесін сипаттау); Нәтижелер және оларды талқылау (нәтижелерді өңдеу). Қорытынды.

  5. Мәліметтердің статистикалық талдау нәтижелерін қолдану кезінде қолданылған бағдарламалық пакетті және оның версиясын, статистикалық әдістердің атауын, статистиканың сипаттамалық әдістерін және статистикалық гипотезаларды тексеру кезіндегі маңыздылықтың нақты дәрежесін көрсету міндетті саналады. Зерттеудің негізгі нәтижелері үшін сенімділік интервалдарын есептеу ұсынылады.

  6. Тезис мәтінінде кестелердің, графиктердің, диаграммаладың, суреттердің қолданылуына жол берілмейді.

  7. Редакцияның тезис материалдарын түзетуге құқылы. Тезиске стилистикалық, номенклатуралық немесе формальді сипаттағы түзетулер автордың келісімінсіз енгізіледі.

*Ескерту: Тезисті жеке Microsoft Word документі түрінде рәсімдеп, файлдың атында қатысушының тегі мен документ түрін көрсету қажет (мысалы, Иванов-өтініш.doc). тезисті рәсімдеу мысалы – №5 қосымша.

ҚОСЫМША №3

ПОСТЕРЛІ БАЯНДАМАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  1. Постердің жоғары бөлігінде жұмыстың тақырыбы (бас әріптермен, белгілеусіз, үш жолдан көп емес), авторлар (А.Т.Ә., курс, факультет, ЖОО-ның атауы, Қала, мемлекет), ғылыми жетекшісі (А.Т.Ә., ғылыми дәрежесі, атағы, кафедра, ЖОО-ның атауы, қала, мемлекет) көрсетіледі..

  2. Постерлі баяндама ғылыми жұмыстың материалдарынан тұруы қажет: зерттеу мақсаттары, әдістері және зеттреу әдістемесі, тәжірибелік бөлімнің қысқаша резюмесі, жұмыстың нәтижелері график, кесте, сызба, суреттер, диаграммалар түрінде көрсету.

  3. Стенд өлшемі: Биіктігі – 90 см, ені – 130 см

  4. Қолданылатын шрифт өлшемі 100 см арақашықықтан оқи алатындай болуы қажет.

ҚОСЫМША №4

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШТІ ТОЛТЫРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының А.Т.Ә. (толығымен)

Иванов Дмитрий Алексеевич

Қызметі (студент/жас ғалым)

Студент

Туылған күні және жасы (КК/АА/ЖЖ және NN жас)

14.12.92г. – 22 жас

Жынысы (ер/әйел)

Ер

Курсы, факультеті (студенттер үшін); Қызметі (жас ғалымдар үшін)

5 курс, «Жалпы медицина» факультеті

Ғылыми жұмыстың тақырыбы

Особенности функционального индекса ЭКГ в спорте

Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә., ғылыми дәрежесі және атағы

А.А. Омаров, м.ғ.д, проф.

Кафедра

Қалыпты физиология кафедрасы

Университет (толық атауы), қала, мемлекет

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы,

Конференцияға қатысу формасы:

  1. Ауызша баяндама және тезистерін жариялау

  2. Стенд түріндегі баяндама және тезистерін жариялау

  3. Тек тезистері жариялау

Ауызша баяндама және тезистерін жариялау


Секция:

  1. Ішкі аурулар

  2. Хирургиялық аурулар, анестезиология және реаниматология

  3. Педиатрия және неонатология

  4. Фармация және фармакология

  5. Стоматология

  6. Акушерство және гинекология

  7. Неврология, психиатрия және наркология

  8. Гигиена және экология

  9. Морфологиялық пәндер

  10. Қоғамдық денсаулық сақтау

  11. Мейірбикелік істегі зерттеулер

  12. Сәулелік диагностика және терапия, онкология

  13. Іргелі пәндер

  14. Иммунология, инфекциялық патология және эпидемиология

Морфологиялық пәндер

Баяндама тілі (қазақ, ағылшын, орыс)

Орыс

E-mail:

Ivanov@yandex.ru

Байланыс телефондары:

+7 777 787 5555

ҚазҰМУ студенттік жатақханасынан орынға тапсырыс беру қажеттілігі (Қажет/қажет емес)

Қажет

ҚОСЫМША №5

ТЕЗИСТІ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

ОСОБЕННОСТИ ФУНКЦИОНАЛЬНОГО ИНДЕКСА ЭКГ В СПОРТЕ

Д.А. Иванов, 5 курс, «Жалпы медицина» факультеті

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Үлттық медицина университеті

Алматы қ., Қазақстан Респубоикасы

Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., проф. А.А. Омаров

Қалыпты физиология кафедрасы
ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ

ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ

ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ ТЕЗИС МӘТІНІ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. Автор, A. A., Автор, B.B., Автор, C. C. (жыл). Кітаптың атауы. Баспасы, Қала, Том, беттері.

  2. Автор, A. A., Автор, B. B., Автор, C. C. (жыл). Тезистің тақырыбы. Журналдың атауы, Том, Номері, беттері.

  3. Автор, A. A., Автор, B. B., Автор, C. C. (жыл). Тезистің тақырыбы. Журналдың атауы, Том, Номері, беттері.



Страница из


: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Алгоритмнің анықтамасы Алгоритмнің қасиеттері
2015 -> Қазақстандағы экологиялық зерттеулер
2015 -> Г нысаны. Жаңа әдісті енгізуге тапсырыс. ЖаңА Әдісті енгізуге арналған қҰжаттардың нысандары мен тізімі «Ғылыми-медициналық экспертизаны өткізу ережелеріне»
2015 -> Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен оны жоспарлау
2015 -> 3. «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу,
2015 -> Директордың бейіндік оқыту жұмыс жөніндегі орынбасары
2015 -> Технологиялық коммерцияландыру стратегиясы
2015 -> 1. Инженерлі (кәсіптік) педагогика дегеніміз
2015 -> «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2015 -> «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...