Атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары

Loading...


Дата29.04.2017
өлшемі56 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 жылы 16 қазанда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақстан: тарих, қоғам, мәдениет» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

1. Қазақстан мемлекеттілігінің эволюциясы: теориясы мен әдістемесі

2. Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде: өткені мен болашағы

3. Тәуелсіз Қазақстан және «Мәңгілік ел» идеясы

4. Қазақстандағы көптілділік білімнің қалыптасуы мен дамуы
Конференцияға қатысу түрі: тікелей, сырттай.

Өтініштер мен мақалаларды қабылдау мерзімі – 2015 жылдың 1 қазанға дейін.

Жарияланым жарнасы – 2500 теңге.

Жинақтың таратылуы қарастырылмаған (өздігінен алу).

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Мақалалар, өтініштер және сканерленген төлем түбіртектері мына электрондық адрестерге nurgul.zh.t@mail.ru, zhuztaeva@mail.ru жіберіледі. Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптарына сай келмейтін ғылыми мақалаларды қабылдамауға құқығы бар.

Материалдар жинағының шығарылуы конференцияның басталуына дейін жоспарлануда. Анықтама телефондары: 8 701 388 97 88; 8 777 118 23 90; 8 702 403 24 41.

Конференцияның жауапты хатшысы т.ғ.к., доцент Н.Т.Жанақова.


Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар

Көлемі 5-7 беттен аспауы тиіс, 1интервал арқылы MS WORD редакторында, TIMES NEW ROMAN қарпімен А4 форматында 14-ші шрифтімен терілген болуы тиіс, жаңа жол 1,25 см, жоғары және төменгі жағынан 2,0 см, оң жағы және сол жағынан 2,0 см қалдыру керек.

Беттер нөмірленбейді, тасымалдау қойылмайды. «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспа тәсілімен рәсімдеу» МББСТ 7.5-98 сәйкес деректерге сілтеме квадрат жақшада жасалады, ал мақалалар жанындағы библиографиялық тізімдер «Библиографиялық жазба. Библиографиялық суреттеу. Рәсімдеу жалпы талаптары мен ережелері» МББСТ 7.1-2003 сәйкес жасалады [2, 5-б].

Оң жақ жоғарғы бұрышында міндетті түрде ӘӨЖ (УДК) индексі қойылады, содан кейін кәдімгі шрифтпен сол жақтан автор(лар)дың тегі мен инициалдары, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, ұйымның толық атауы келтіріледі. Баяндаманың атауы беттің ортасы бойынша теңестіріліп, қанық шрифтпен жазылады, соңында нүкте қойылмайды. Шегіністен кейін міндетті түрде қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде түйіндеме болуы керек(8-10 жол, 70-90 сөз), түйін сөздер 3 тілде болуы қажет, соңында нүкте қойылмайды (5-8 сөз) (Үлгіні қара). Келесі жолдан негізгі мәтін басталады.

Файлдың атауы автордың (немесе бірінші автордың) фамилиясына сәйкес келуі керек.

Мысалы:

УДК 327.33

Сәрсенбаев Б.Т., т.ғ.д., проф.,

Халықаралық қатынастар кафедрасы

Абылай хан атынд.ҚазХҚӘТУ,

Алматы, Казақстан
Қазақ диаспорасы әлемдік ғаламдану жағдайында

Түйіндеме

ХХІ ғасыр басында әлемдік қауымдастық жаңа тарихи дәуірге қадам басқан кезеңде адам өмірінің барлық салаларындағы өркениетті ғаламдану үрдісі қазіргі даму сатысының басты ерекшелігі болып табылады. Дүниежүзі елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-тарихи құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне тәуелді болуы себепті ғаламдану мәселесі жаңа да зерттелмеген тың құбылыс ретінде ғылыми жұртшылық тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді.

Жаһандану үрдісі жағдайында қазақ диаспорасы мәселелерін тереңірек зерттеудің мән-маңызы зор. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам уақыт аралығында еліміздің қоғамдық өмірін кеңінен қамтыған рухани жаңғыру мен жаңару үрдісі жаһандану жағдайында диаспора саласында егемендік талаптарына сай жаңа ғылыми ізденістердің нақты нәтижелерге бағдарлану міндеттерін алға тартады.

Бұл ретте бүкіл қазақ халқының ата-жұрты болып табылатын Қазақстан Республикасынан тысқары елдерде өмір сүретін қазақтар тарихын арнайы зерттеудің маңызы ерекше. Қазір әлемнің қырықтан астам мемлекетінде 5 миллионға жуық қазақ диаспорасы тұрып жатыр. Шет елдердегі аз этникалық топ болып табылатындығына қарамастан, олар әрдайым өздерінің түп атамекені – Қазақстанмен рухани-мәдени және шаруашылық байланыста болуға тырысады. Олардың тарихи Отанмен тығыз байланыста болуын қамтамасыз етуде 1992 жылы құрылған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының рөлі зор. Қауымдастық төралқасының төрағасы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев болып табылатын бұл беделді халықаралық ұйым осыған дейін дүниежүзі қазақтарының төрт құрылтайын өткізіп, қазақ халқының тағдыры, тілі, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетке біріктірудің құқықтық негіздері сияқты көкейтесті мәселелерін талқылады. Осы құрылтайдан туындайтын бүгінгі күн талаптарын негізге ала отырып, Қытай, Монғолия, Өзбекстан және т.б. елдердегі қазақтар тарихын біртұтас ұлттық құндылықтар тұрғысынан жан-жақты зерттеудің маңызы зор.



Кілт сөздер: қауымдастық, өркениет, ғаламдану, қазақ диаспорасы, тарих, құрылтай, ұлттық құндылықтар, этникалық, рухани жаңғыр


Пайданылған әдебиеттер:

1. Мансұров Т. Еуразияшылдық – Н. Назарбаевтың іске асқан жобасы. – Мәскеу: Реал-пресс, 2011. – 388 б.

2. Назарбаев Н. Ә. Еуразиялық одақ: идеясы, практикасы, болашағы. 1994-1997. -М.: Фонд, содействия развитию социальных наук, 1997. – 95 б.
References:

1. FrankA-G. Soviet and East European Socialism. A review of international political economy on what went wrong // Economist Review (Colombo). - 1993. - vol.19, № 2, -Р.22.

2. Amin S. US militarism and the new world order. Southern African Political and Economic Monthly (Harare). – 1992. – November.-Р.17.
«Қазақстан: тарих, қоғам, мәдениет» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға тапсырыс 2015 жылдың 2 қазаны


Тегі




Аты




Әкесінің аты




Мекеме аты




Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы




Қатысу түрі




Пошталық мекен-жайы




Телефоны




e-mail




Бағыт атауы




Баяндама тақырыбы





РЕКВИЗИТТЕР

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ



Заңды мекен-жайы:

050022, Алматы қ., Мұратбаев к., 200



Банкілік реквизиттер:

РНН 600700016 904

ИИК KZ 358 560 000 000 010 712

АГФ АО Банк Центр Кредит

БИК KCJBKZKX

Кбе 16


БИН 011140001654

Ақша аударған кезде «Целевой взнос за участие в конференции МНК КазУМОиМЯим.Абылай хана» деп міндетті түрде атап көрсету керек.



Алматыда тұратындар Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ бухгалтериясына төлей алады.
: downloads -> nauka
nauka -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
nauka -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
nauka -> Қатысуға шақырады Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Ұлы Отан соғысының бүкіләлемдік-тарихи маңызы. Зерттеудің әдіснмасы мен әдістері
nauka -> Әріптестікке шақырамыз! «ҰҒтао» АҚ анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің тізімі Зерттеуді жүргізу шарттары
nauka -> БАҒдарламасы «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»
nauka -> Халықаралық ТҮркі академиясы ақпараттық хат Құрметті әріптестер!
nauka -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер, жас ғалымдар!
nauka -> Атты іv-дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысуға шақырады. АҚпараттық хат


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...