Аттестаттаудан өтуге жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесу өткізу және ұйымдастыру бойынша



жүктеу 271.86 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі271.86 Kb.



Аттестаттаудан өтуге жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесу өткізу және ұйымдастыру бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМ


Астана, 2017 жыл

Мазмұны


  1. Жалпы ережелер ………………………………………….……………….…3

  2. Аттестаттау комиссиясы мүшелеріне қойылатын талаптар................. .…..4

  3. Әңгімелесуді өткізу орнына қойылатын талаптар…………….…………...5

  4. Әңгімелесуді өткізуге дайындық…………………......................………….5

  5. Әңгімелесуді өткізу тәртібі ………………………….................…………...5

  6. Әңгімелесудің нәтижесін қорытындылау ………………....………………..8

  7. Қосымша 1 ……………………………………………….....……...……..….9

  8. Қосымша 2……………………………………………….....………………..10

  9. Қосымша 3………………………………………….....……………………..12

  10. Қосымша 4…………...…………………………………....………………...14

  11. Қосымша 5……………...………………………………………....………...16

  12. Қосымша 6………………...………………………………….........………..18

  13. Қосымша 7………………...…………………………………....…….……..19

  14. Қосымша 8..........……………………………………….….....................…..34



  1. Жалпы ережелер

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудың мақсаты - «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін айқындау болып табылады.

Кәсіби мемлекеттік аппарат - жаңа әлеуметтік қағидаларға сәйкес мемлекетке және халыққа қызмет етуге бағытталған мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу механизмі.

Қазақстан Республикасының «А» және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін бірыңғай құзыреттер шегі заманауи кәсіби мемлекеттік аппарат құру талаптарына сәйкес дайындалған.

Бірыңғай құзыреттер шегі кәсіби мемлекеттік аппарат пен қызметкерлердің жеке қасиеттерінің сипаттамаларына сәйкес 4 бөлікке топталған 11 құзыреттен құрылған (Қосымша 1):


  1. Тиімділік:

- Қызметті басқару

- Ынтымақтастық

- Шешім қабылдау

- Жеделділік

- Өздігінен даму


  1. Халыққа қызмет ету:

- Қызметті тұтынушыға бағдарлану

- Қызметті тұтынушыларды хабарландыру



  1. Ашықтық пен есептілік:

- Адалдық

  1. Қызметкерлердің жеке сапалары:

- Жауапкершілік

- Бастамашылдық

- Стресске орнықтылық

Құзыреттер - нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді орындауға қажетті білім мен шеберліктің және икемділіктің жиынтығы.

Әңгімелесу (сұхбат) – мемлекеттік қызметшінің кәсіби, жеке қасиеттерін айқындау, атқаратын лауазымына және одан әрі мансаптық жоспарлау мүмкіндігіне сәйкестігін анықтау тәсілі.

Әңгімелесу (сұхбат) барысында аттестатталушыға жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша қорытындысында көрсетілген жеке мүмкіндіктерін тәжірибеде қолдануын толық анықтау үшін мүмкіндік беретін қосымша айқындау сұрақтары қойылады.

Әңгімелесу (сұхбат) өткізу кезінде аттестаттау комиссиясы мүшелерінің дайындығына, өткізу орнына және әңгімелесуге бөлінген уақытты тиімді пайдалануына назар аудару керек.

Аттестаттау комиссиясы өз жұмысында келесі қағидаларды басшылыққа ала отырып әңгімелесуді (сұхбатты) жүргізеді:

1) әділдік – әңгімелесу кезінде аттестатталушының берген жауаптары негізінде ол туралы нақты, әділ және тәуелсіз көзқарасы;

2) әдептілік – аттестатталушыға құрметпен қарауды, сыпайы және әдепті түрде қарым-қатынасты қамтамасыз ету;

3) айқындылық – уәкілетті органның интернет ресурсында әңгімелесу өткізу тәртібі туралы ақпаратты орналастыру арқылы аттестатталушыны қажетті мәліметпен қамтамасыз ету.

Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан тұрады.

Аттестаттау комиссиясының негізгі міндеті әңгімелесу барысында айқындалатын келесі құзыреттері негізінде аттестатталушыға қатысты шешімдердің бірін қабылдау:

- аттестатталушының өз әлеуетін тәжірибеде қолдануы бойынша оның атқаратын лауазымына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі;



  • өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындауына мүмкіндік беретін;

  • одан әрі дамытуды талап ететін.

Аттестаттау комиссияларында әңгімелесу мемлекеттік органдармен бекітілген әңгімелесу өткізу кестелеріне сәйкес өткізіледі.

2. Әңгімелесу кезінде аттестаттау комиссиясы мүшелеріне қойылатын талаптар:

  • әңгімелесу өткізу қағидаларын (әділдік, әдептілік, айқындылық) сақтау;

  • іскерлік киім үлгісін және әдептілік нормаларын (сыпайылық, әділдік, мейірімділік) сақтау және аттестатталушыға «Сіз» деп қарым-қатынас жасау;

  • әңгімелесуге бөлінген уақытты тиімді пайдалану;

  • аттестатталушы туралы ақпаратпен алдын-ала танысу (бағалау парағы, жеке құзыреттерді бағалау бойынша қорытынды);

  • бейінді және құзыреттер бойынша сұрақтарды дұрыс қалыптастыру үшін қажетті құжаттармен (осы әдістемелік ұсынымда көрсетілген сұрақтар тізбесі) танысу;

  • мүдделер қақтығысын болдырмау (жақын туыстар, жекжаттар, бұрынғы әріптестер әңгімелесуге қатысқан жағдайда, аттестаттау комиссиясы мүшесі ол туралы хабарлау қажет);

  • аттестатталушының сұрақтарға толыққанды жауап беруіне мүкіндік жасау, толық емес жауап берген жағдайда оған қосымша айқындаушы сұрақтар қою;

  • әрбір аттестатталушыны жеке бағалау және әңгімелесу аяқталғаннан кейін (7 минутқа дейін), бірлесіп талқылау нәтижесінде қорытынды шешім қабылдау.


3. Әңгімелесуді өткізу орнына қойылатын талаптар.

Әңгімелесу өткізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету қажет:



  • әңгімелесуді өткізу орны кем дегенде 30-50 шаршы метр болуы керек (аттестаттау комиссиясы мен аттестатталушыны отырғызу кескіні толыққанды әңгімелесуді жүргізу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру қажет);

  • аудио және бейне жазба;

  • қабырға сағаты;

  • ауызсу;

  • алғашқы медициналық көмек көрсету пункті;

  • аттестатталушылар үшін күту залы/бөлмесі.


Аттестаттау комиссиясының хатшысына жадынама
Екінші және үшінші дейгейдегі аттестаттау комиссиясының хатшысы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) өкілі болып табылады.

Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) өкілі болмаған жағдайда, немесе оның аттестатталуы кезеңінде аттестаттау комиссиясы төрағасының шешімімен хатшы ретінде өзге тұлға анықталады.

Аттестаттау комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

Әңгімелесуге бөлінген уақыттың асып кету тәуекелі пайда болған жағдайда аттестаттау комиссиясы хатшысы әңгімелесуге қатысушыларды оның бітуіне 5 минут қалғанға дейін ескертуі қажет.

Хатшы әңгімелесуге дейін аттестатталушыны сыпайы түрде өзімен бірге электронды қабылдау - өткізу құрылғыларының (оның ішінде ұялы телефондар және басқа да электронды құралдар) болмауы туралы ескертеді.
4. Әңгімелесу өткізуге дайындық.

Аттестатталушы жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі әңгімелесу өткізуге үш жұмыс күніне дейін, тиісті аттестаттау комиссиясының жұмыс органына толтырылған бағалау парағын (2-қосымша) және жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша қорытындыны (3-қосымша) ұсынады.

Тиісті аттестаттау комиссиясының жұмыс органы әрбір кандидатты әңгімелесу өткізу туралы оның өткізілуіне дейін кемінде үш жұмыс күнінен бұрын хабардар етеді.

Тиісті оқытудан өткен аттестаттау комиссиясының төрағасы алдын-ала (1-2 күнге дейін) әңгімелесу өткізілгенге дейін аттестаттау мүшелері және хатшысымен ұйымдастыру мәжілісін өткізеді.

Аталған мәжіліс барысында келесі мәселелер қаралады:


  • кешенді аттестаттаудың негізгі ережелері және әңгімелесу өткізудің тәртібі;

  • аттестаттау комиссиясы төрағасы, мүшелері және хатшысының негізгі атқаратын міндеттері.


5. Әңгімелесуді өткізу тәртібі.

Аттестаттау комиссиясымен әңгімелесу басталғанға дейін аттестатталушының әрі қарай жетілдіруді талап ететін құзыреттеріне байланысты сұрақтарды анықтау үшін тестілеу нәтижесінің қорытындылары зерделенеді.

Аттестаттау комиссиясы аттестатталушымен әңгімелесуді өткізеді, оның ішінде бейнебайланыс арқылы өткізуге де жол беріледі.

Аттестатталушыны әңгімелесуге шақыру кезінде аттестаттау комиссиясының хатшысымен аттестатталушының жеке басы оның жеке куәлігін ұсынуы арқылы анықталады.

Аттестатталушыға әңгімелесу кезінде өзімен бірге:

- электронды қабылдау - өткізу құрылғыларының (оның ішінде ұялы телефондар және басқа да электронды құралдар);

- кәсіби қызметіне байланысты құжаттардың болуына тыйым салынады.

Әңгімелесу басталғанға дейін аттестатталушыдан әңгімелесуді жүргізу тілі (мемлекеттік немесе орыс тілі) нақтыланады және осы әдістемелік ұсынымның 4-қосымшасында көрсетілген нысанда әңгімелесуден өту тәртібі туралы жадынама қол қоюға ұсынылады.

Әрі қарай әңгімелесу аттестатталушының таңдаған тілінде жүзеге асырылады.

Бір аттестатталушымен әңгімелесуді өткізу уақыты 20 минуттан артық болмауы тиіс. Бұл ретте, әрбір қойылатын сұрақ пен жауап уақыты 4 минуттан аспауы тиіс. Сұрақтардың жалпы саны 5, оның ішінде бейінді сұрақтар 2-ден артық емес (бағалау парағының екінші бөлімінде көрсетілген лауазымдық міндеттерінің шеңбері шегінде қалыптастырылады) және құзыреттер бойынша сұрақтар 3-ден артық емес (тестілеу нәтижесінің қорытындысында көрсетілген дамытуды қажет ететін облыстарға сәйкес қалыптастырылады).

Бейінді сұрақтарды аттестатталушының лауазымдық міндеттеріне, ол қызмет атқаратын мемлекеттік орган мен құрылымдық бөлімшенің ерекшелігіне сәйкес қою қажет.

Мысалы, аттестатталушының лауазымдық міндеттері кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне жатқызылған болса, онда қойылатын бейінді сұрақ персоналды басқарудың жекелеген салалары бойынша қойылуы мүмкін.

Сонымен қатар, осы әдістемелік ұсынымның 5-қосымшасына сәйкес бейінді сұрақ қойылуы мүмкін. Мысалы: «Сіздің қызметіңіз Сіз қызмет атқаратын мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына жетуіне қалай әсер етеді?».

Құзыреттер бойынша сұрақтар жеке құзыреттерді бағалау бойынша тестілеудің нәтижесі ескеріле отырып қойылады. Бұл ретте, аттестатталушының жауаптардың шынайылығы көрсеткіші назарға алынуы тиіс.

Яғни, жауаптар шынайылығы 50% және одан жоғары болған кезде, сұрақтар «Дамытуды қажет ететін облыстарда» көрсетілген құзыреттер бойынша қалыптастырылады.

Мысалы, аттестатталушының қорытындысында «Ынтымақтастық» құзыреті дамытуды қажет ететін облыста көрсетілген. Бұл жағдайда қойылатын сұрақ аттестатталушының бұл құзіретті тәжірибеде қолдануын айқындауға бағытталуы тиіс. Бұл ретте, аттестатталушыдан жалпы ақпарат емес, нақты жағдайда оның нақты іс-әрекеттерін бейнелейтін жауап алынғаны маңызды. Аттестатталушының жауаптарын талдау кезінде, оның бұл құзыреттерді жұмыс жағдайында және қай дәрежеде көрсететінін анықтау керек.

Бұл ретте, құзыреттерді көрсету деңгейін есепке алу маңызды. Егер «Дамытуды қажет ететін облыстарда» көрсетілген құзыреттер «А» немесе «В» деңгейінде болса, онда сұрақтар қойылмайды.

Құзыреттер «С» немесе «D» деңгейінде болған жағдайда ғана сұрақтар қойылады.

Жауаптардың шынайылылығы 50% төмен болған жағдайда, сұрақтар құзыреттердің «Дамытуды қажет ететін облыстарда» немесе «Әлді жақтарында» болуына тәуелсіз, кез келген құзыреттер бойынша қойылады.

Егерде аттестатталушы құзыреттер бойынша сұрақтарға жауап беру барысында, жалпы жауаптар беріп, жұмыс тәжірибесінен алынған нақты мысалдар келтіре алмаса, сол сұрақты өзгертіп басқаша түрде қою қажет.

Жауаптың қайта берілмеуі, бағаланатын құзыреттердің тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Аттестатталушы сұраққа қатысты емес мысал келтірген жағдайда, оған қойылған сұрақты түсіндіріп, аттестатталушының қойылған сұрақты дұрыс түсінгендігіне көз жеткізу керек. Бұдан кейін, аттестатталушы өзінің кәсіби қызметіне қатысты мысал келтіруі қажет.

Құзыреттер бойынша ұсынылған сұрақтардың тізбесі Әдістемелік ұсынымның 6-қосымшасында көрсетілген.

Аттестатталушыға сұрақтар ретімен, орташа қарқынмен, анық түрде және тікелей өзіне қойылады. Сұрақтардың реттілігі төрағамен белгіленеді.

Әңгімелесу барысында аттестатталушы құқылы:


  1. қойылған сұрақтарды аттесттаттау комиссиясынан нақтылауға;

  2. қойылған сұраққа жауап беру үшін дайындыққа 1 минуттан аспайтын уақыт сұрауға;

  3. өзін жайсыз сезінген жағдайда медициналық көмек сұрауға;

  4. су сұрауға;

  5. аттестаттау комиссиясы төрағасы мен мүшелеріне әңгімелесу өткізу нұсқаулығы мен осы әдістемелік ұсынымның талаптарының бұзылуы жөнінде ескертуге;

  6. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған және әңгімелесу барысына кедергі келтірмейтін басқа да әрекеттер жасауға.

Бағалау мәліметтері аттестаттау парағына қойылады (осы әдістемелік ұсынымның 7 -қосымшасына сәйкес):

  • аттестаттау парағында құзыреттердің деңгейлері көрсетілген тестілеу нәтижелерінің қорытындылары болады;

  • қойылған сұрақтарға берген жауаптарды бағалау нәтижелері аттестаттау парағының «Әңгімелесуді бағалау» бөліміне енгізіледі;

  • аттестаттау парағының ескертпесінде көрсетілгендей, баға 4 баллдық шәкіл бойынша қойылады;

  • аттестатталушыға қатысты шешім аттестаттау парағының «Ұсынылатын шешім» бөлімінде көрсетіледі;

  • әңгімелесу парақтарына оны толтырған тұлғалар қол қояды.

Аттестатталушымен әңгімелесу барысында аттестаттау комиссиясы мүшелеріне:



  • орнынан тұруға;

  • әңгімелесу өткізілетін бөлмеден шығуға;

  • телефонмен сөйлесуге;

  • қойылған сұраққа жауап беру уақытында аттестатталушымен пікірталасқа түсуге;

  • әңгімелесу барысына кедергі келтіретін басқа да әрекеттерді жасауға жол берілмейді.



6. Әңгімелесуді қорытындылау

Аттестатталушымен әңгімелесу аяқталғаннан кейін 5-7 минут ішінде әңгімелесудің қорытындысы шығарылады.

Әңгімелесуді бағалау бағалау парағы мен жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша қорытындымен бірге "Б" корпусының қызметшісіне қатысты шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

Әрбір аттестатталушыға толтырылған аттестаттау парақтары аттестаттау комиссиясының мүшелерімен қорытынды шешімнің хаттамасын толтыру үшін хатшыға беріледі.

Хаттама осы әдістемелік ұсынымның 8-қосымшасында берілген нысанға сәйкес аттестаттау комиссиясының отырысы өткізілген күні рәсімделеді және оған аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қатысуында төраға мен хатшы қол қояды.

Әңгімелесу аяқталғаннан кейін аттестаттау комиссиясының жұмыс органы әңгімелесу парақтары мен қорытынды шешімнің хаттамасын әңгімелесудің басқа материалдарына қосып, қорытынды шешімнің хаттамасын қол қойылған сәтінен бір жұмыс күні ішінде оларды аттестатталушы жұмыс істейтін персоналды басқару қызметіне сақтау үшін жолдайды.


      Материалдарды сақтау мерзімі аттестаттау аяқталған сәттен бастап алты айды құрайды.

1-қосымша



Бірыңғай құзыреттер шегі


Кәсіби мемлекеттік аппараттың сипаттамалары

Мемлекеттік қызметшілерден талап етілетін құзіреттер

Құзыреттердің сипаты


Тиімділік

Қызметті басқару

Жұмыстың тиімді атқарылуы үшін оны жүйелендіру мен жоспарлау қабілеті

Ынтымақтастық

Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына жету үшін әріптестермен, басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынас орната білу қабілеті

Шешімдер қабылдау

Түпкілікті ұтымды шешім қабылдау үшін ақпаратты жан-жақты бағалай білуі

Жеделділік

Жұмыстық тиімділігін қамтамасыз етуде сыртқы және ішкі өзгерістерге орай әрекет ету қабілеті

Өздігінен даму

Жұмысты жақсарту үшін білімін, қабілетін және дағдыларын үздіксіз жетілдіру және оны қолдану қабілеті

Халыққа қызмет

Қызметті тұтынушыға бағдарлану

Заңнамалармен айқындалған шараларды қолдана отырып, орын алған мәселелерді жедел түрде шешу, қызметтердің сапасына қанағаттанушылыққа тұрақты мониторинг орната білу қабілеті

Қызметті тұтынушыны хабарландыру

Қызметті алушыға ақпаратты қолжетімді және түсінікті түрде жеткізе алу қабілеті

Айқындылық пен есептілік

Адалдық

Этика нормалары мен стандарттарын сақтау

Қызметшілердің жеке қасиеттері

Жауапкершілік

Мемлекеттік қызметшінің өз міндеттерін айқындылық пен есептілік қағидаттарына сай орындауға жеке жауапкершілігіне тұрақты бағдарлану қабілеті

Бастамашылдық

Жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа идеялар ойлап тауып, ұсыну және жаңашыл көзқарастар мен шешімдерді енгізу, сондай-ақ, өзінің негізгі міндеттерінен тыс қосымша жұмыстарды атқару қабілеті

Стресске орнықтылық

Эмоциялық қысым мен шектеулі уақыт жағдайында жұмыстың қалыпты сапасын қамтамасыз ете отырып, сабырлылық таныту және байсалды күйде қала білу қабілеті



 

2-қосымша

Аттестаттаудан өтуге жататын
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерін бағалау парағының
НЫСАНЫ



фото
3х4


 


_______________________________________________________________________________


      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
      жұмыс орны, лауазымы, санаты

I БӨЛІМ. Жеке мәліметтер

№ р/н



Мәліметтер
 



1



Туылған жылы



күні/ айы/ жылы



2



Білімі



Маман, бакалавр, магистр/
Оқу орнының атауы (аяқтау жылы)/
Мамандығы бойынша біліктілігі



3



Ғылыми және/немесе академиялық дәрежесі, ғылыми атағы



Дәрежесі, атағы/Алу күні



4



Шет тілдерін меңгеру



Тіл/
Меңгеру деңгейі



5



Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары, басқа мадақтары



Награданың, құрметті атақтың, басқа мадақтың түрі /Алу күні



6



Тәртіптік жазалары туралы мәліметтер



Жаза түрі/қолдану туралы актінің № мен күні



7



Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған әкімшілік жаза туралы мәліметтер



Жаза түрі/қолдану туралы актінің № мен күні



8



Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жаза қолданылғаны туралы мәліметтер



Жаза түрі/ қолдану туралы актінің № мен күні



9



2016 жыл үшін қызметшінің қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер



Бағалау түрі (тоқсандық, жылдық)/Бағалау нәтижелері



      Мөр орны

II БӨЛІМ. Лауазымдық міндеттердің негізгі шеңбері

"Б" корпусы қызметшісінің қызметінің спектрін айқындайтын негізгі 5-тен аспайтын өкілеттіктері көрсетіледі





IIІ БӨЛІМ. Еңбек жолы

1



Еңбек жолының жалпы өтілі



(Жылы/айы)



2



Мемлекеттік қызметтегі өтілі



(Жылы/айы)



3



Мемлекеттік орган жүйесіндегі өтілі



(Жылы/айы)



4



Атқаратын лауазымындағы өтілі



(Жылы/айы)




IV БӨЛІМ. "Б" корпусы қызметшісіне қызметтік мінездеме

(Тікелей басшысымен толтырылады)





"Б" корпусының қызметшісіне қатысты келесі ақпарат:

1.Мемлекеттік орган өкілеттіктері саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың білуі (стратегиялық және бағдарламалық құжаттардан туындайтын міндеттердің білуі және бағдарлануы сипатталады).


2. Лауазымдық міндеттерін орындауы (аттестаттаудан өтуге жататын қызметшінің шешуге қатысқан мәселелердің негізгі тізбесі келтіріледі; қызметтік міндеттерін орындауда тиімділігі мен адалдығы, лауазымдық міндеттерін орындау барысында бастамашылығы, азаматтардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағдарлануы бағаланады).

3. Кәсіпқой білімін қолдануы (жұмыста кәсіпқой және ақпараттық технологияларды қолдануы және дейңгейі сипатталады).


4. Этикалық қағидалар мен нормаларды, сондай-ақ еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауы келтіріледі.

      Тікелей басшысы: __________________________________________________________


       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
      Қолы _______________                               Күні ______________________
      

Мінездемемен таныстым: ___________________________________________________


       (аттестатталатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда))
      Қолы _______________                               Күні ______________________
      

Мінездемемен келіспеген жағдайда негіздеме: __________________________________


      __________________________________________________________________________
      

Персоналды басқару қызметінің басшысы (кадр қызметінің): ______________________


       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
      Қолы _______________                               Күні __________________
   

   Мөр орны




3-қосымша
Жеке құзыреттерді бағалайтын тест нәтижелері бойынша қорытынды


Тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):






фото



Тестілеуден өткен күні:






Жеке құзыреттер бейіні

      


Құзыреттер көрінісінің деңгейлері

      


      
Құзыреттер көрінісінің деңгейі: "А" – өте жақсы, "В" – тиімді,

"С" – қанағаттанарлық, "D" – ең төмен.



Сипаттамма



Әлді жақтары









      



Сипаттамма



Дамыту үшін құзыреттер









      

Тестілеу әкімшісінің қолы: ________________________________


Тестілеу операторының қолы: ______________________________

М.О. 20 __ ж. "____"_______________

4 -қосымша



Аттестатталушыға арналған жаднама

Құрметті аттестатталушы!

Сізді сұхбат нысанында өткізілетін Кешенді аттестаттаудың аяқталу кезеңі – Әңгімелесуге қарсы аламыз. Әңгімелесу мемлекеттік қызметшінің кәсіби және жеке қасиеттерін айқындауға бағытталған.

Өтінеміз, назар аударыңыз, Аттестаттау комиссиясы әділдік, әдептілік және айқындылық қағидаттарын басшылыққа алуы тиіс.

Әңгімелесу кезінде комиссия мүшелеріне:


  • орнынан тұруға;

  • әңгімелесу өткізілетін бөлмеден шығуға;

  • телефонмен сөйлесуге;

  • аттестатталушымен пікірталасқа түсуге;

  • әңгімелесу барысына кедергі келтіретін басқа да әрекеттер жасауға жол берілмейді.

Әңгімелесу барысында Сіз:

  • әңгімелесу тілін таңдауға;

  • аттестаттау комиссиясы мүшелерімен Сізге берілген сұрақтарды айқындауға;

  • сұраққа жауап беруге дайындық үшін бір минутқа дейін уақыт сұратуға;

  • өзіңізді жайсыз сезінген жағдайда, медициналық көмек сұратуға;

  • су сұратуға;

  • аттестаттау комиссиясының әңгімелесуді өткізу Нұсқаулығын немесе әдістемелік ұсынымды бұзу жағдайларын айтуға;

  • комиссияның әрекеттеріне қандай да бір шағымыңыз болған жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тиісті мобильдік тобына 51-51-51 телефонына хабарласуға;

  • ҚР заңнамаларымен тыйым салынбаған және әңгімелесу барысына кедергі келтірмейтін басқа да әрекеттерді жасауға құқылысыз.

Әңгімелесуді өткізу уақыты – 20 минут.

Сізге бес сұрақтан аспайтын көлемде сұрақтар беріледі. Әр сұраққа жауап беру уақыты – 4 минуттан аспауы тиіс.

Сұхбат кезінде Сізге қосымша айқындаушы (көмектес) сұрақтар қойылуы мүмкін.

Әңгімелесу кезінде Сіздің кәсіби қызметіңізге қатыса бар электронды қабылдау-өткізу құрылғыларын немесе құжаттардың болуына тыйым салынғандығын назарға алуыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, Сізді аудио немесе видеожазба жүргізілетіндігі жөнінде хабардар етеміз.
Әңгімелесуді өткізу тәртібімен таныстым:

Аттестатталушының ТАӘ мен қолы ________________________

Күні _______________________
Сәттілік тілейміз!

5-қосымша


АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


  _________________________________________________________________
  Лауазымы _________________________________________________________
      

ЖЕКЕ ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ БАҒАЛАЙТЫН ТЕСТ НӘТИЖЕЛЕРІ: Құзыреттер көрінісінің деңгейі

      I. ӘҢГІМЕЛЕСУДІ БАҒАЛАУ





№ р/с



Қойылатын сұрақтар
(бейінді/құзыреттер бойынша)



Балл (1-ден 4-ке дейін)*



1



 



 



2



 



 



3



 



 







 



 



Орташа балл



 



      Ескертпе*:

Бағасы

Сипаттамасы


4

аттестатталушы сенімді және нақты жауап береді, тәжірибеден анық мысалдарды келтіреді, өзіне сын көзбен қарайды, қойылған сұрақтың тақырыбын толық меңгерген, сұрақтың түсінуін және жоғары интеллектуалдық әлеуетін, өзінің функционалдық міндеттерін өте жақсы білетінін көрсетеді және мемлекеттік органның қызметін біледі

3

аттестатталушы сұрақты біртіндеп ашады, барабар мысалдарды келтіреді, сауатты ойлайды, өзінің функционалдық міндеттерін жақсы білетінін көрсетеді және мемлекеттік органның қызметін жеткілікті түрде біледі

2

аттестатталушы сенімсіз жауап береді, абстрактілі мысалдарды келтіреді, жалпы сөздермен сөйлейді, өзінің функционалдық міндеттері мен мемлекеттік органның қызметі туралы жалпы біледі

1

аттестатталушы жауап беруге қиналады, тәжірибеден нақты мысалды келтіре алмайды, сұрақты ашпайды немесе жауап беруден кетуге тырысады, өзінің міндеттер шеңберін қалыптастыруды қиналады, мемлекеттік органның қызметі туралы шамалы біледі

           


 II. ҰСЫНЫЛАТЫН ШЕШІМ



 



Иә/жоқ



Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылады
 






Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді
 






Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады
 






Атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады





      __________________________________________________________


       Аттестаттау комиссиясы төрағасының/мүшесінің тегі, аты,
       әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Қолы _______________ Күні __________________




6-қосымша

Бейінді сұрақтардың үлгілік тізімі




Сұрақтар

Не бағаланады

1

Сіздің мемлекеттік органның және бөлімшенің стратегиялық міндеттері қандай?

Мемлекеттік органның ерекшелігін, негізгі мақсатын және міндеттерін түсіну

2

Мемлекеттік органның және бөлімшенің стратегиялық міндеттерін қалыптастыруда Сіздің роліңіз қандай?

Мемлекеттік органның ерекшелігін, негізгі мақсатын және міндеттерін түсіну

3

Сіздің мемлекеттік орган және бөлімше қызметінің ерекшелігі қандай?

Мемлекеттік орган қызметінің стратегиясы мен тәсілін түсіну

4

Сіздің пікіріңізше, мемлекеттік органның жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша нәтижесі қандай болу керек?


Мемлекеттік органның қызметін, мемлекеттік қызметшінің жұмысын жоспарлай білу

5

Сіздің жұмысыңыздың нәтижесі халыққа қалай ықпал етеді?


Халықтың мұқтаждығын анықтау қабілеті

6

Сіз қызметіңіздің саласын жетілдіру бойынша қандай ұсыныс берер едіңіз?


Өз қызметінің нәтижелерін көре білу

7

Сіздің қызметіңіз мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарға жетуіне қалай ықпал етеді?


Өзінің лауазымдық міндеттерін және оның мемлекеттік органның жалпы мақсатына әсерін түсіну

8

Сіздің мемлекеттік органның қызметіне азаматтардың қанағаттанушылығын арттыру үшін қандай ұсыныс бересіз?

Тиімді қызмет датқару дағдылары

9

Өз қызметінде Сіздің мемлекеттік орган қандай бағдарламалық құжаттарды басшылыққа алады?

Өзінің лауазымдық міндеттерін ҚР бағдарламалық құжаттарына сәйкес пайдалана білу

10

Сіз өз қызметіңізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қандай шараларды қолданасыз?

Этика нормаларын түсіну және өз қызметінде қолдана білу



7 -қосымша




























8-қосымша


 



Аттестаттау комиссиясының қорытынды шешімінің хаттамасы


____________________________________________________________________
      (мемлекеттік органның/бірыңғай аттесттатау комиссиясының атауы)


р/с

Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны

Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің бағасы

Қабылданған шешім

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылады (дауыстар саны)

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді (дауыстар саны)

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады (дауыстар саны)

атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады (дауыстар саны)




1

 

 

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

 

Комиссияның хатшысы: ________________________________________ Күні: _____________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      
Комиссияның төрағасы: ________________________________________ Күні: _____________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Мөр орны

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет