Ақтөбе облысының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі



жүктеу 94.62 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі94.62 Kb.


Ақтөбе облысы әкімдігінің

2017 жылғы «___» ___________

№ ____ қаулысына қосымша

Ақтөбе облысының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақтөбе облысының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 77-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген.

2. Осы Тәртіпте келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) қазандық - оттықсыз немесе технологиялық не металлургиялық өндірістердің ыстық газдары не басқа да технологиялық өнім ағындары көз есебінде пайдаланылатын газдарды әбден жандыруға арналған оттығы бар бу немесе су жылыту қазандығы;

2) бу қазандығы - оттығы бар және онда жанатын отын өнімдерімен жылытылатын және осы құрылғыдан тыс қолданылатын атмосфералық қысымнан жоғары қысымды бу алуға арналған құрылғы;

3) су жылыту қазандығы - атмосфералық қысымнан жоғарғы қысымда болатын және жылу тасымалдаушы ретінде құрылғының өзінен тыс пайдаланылатын суды жылытуға арналған және ондағы жағылатын отын өнімдерімен жылытылатын оттығы бар құрылғы;

4) ыдыс - химия, жылыту және технологиялық процесс жүргізу, сонымен бірге газ тәріздес, сұйық және басқа да заттарды сақтау және тасымалдауға арналған герметикалы жабық ыдыс. Шығатын және кіретін штуцер ыдыстың шекарасы болады.

5) қауіпті техникалық құрылғылар:

қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын 0,07 МПа-дан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер;



бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 МПа-дан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 МПа-дан астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;

6) жүк көтергіш механизм - кеңістікте жүктің орнын ауыстыруға арналған, жүк қармауышының қайтымды-ілгерілемелі қозғалысымен циклдік әрекет ететін көтергіш құрылғы;

7) жүк көтергіш кран - стационарлық орнатылған жүк көтергіш механизмдермен жарақталған техникалық құрылғы;

8) лифт - тігінен еңіс бұрышы 15 аспайтын, қатты тік сызықты бағыттағыштарға қарай қозғалатын кабинада адамдарды және (немесе) жүктерді көтеру және түсіруге арналған мерзім сайын іске қосылатын стационарлық жүк көтергіш механизм;

9) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2. Жүк көтергіш механизмді есепке қою және есептен алу
3. Паспортпен бірге дайындаушы паспортында көрсетілген құжаттар тізбесі және жүк көтергіш механизмдердің түрі мен үлгісіне қарай құжаттар тізбесі беріледі.

4. Дайындаушы паспорты жоқ жүк көтергіш механизмді есепке қою мамандандырылған сараптама ұйымымен жасалған паспорт телнұсқасы негізінде жүргізіледі.



5. Есепке мыналар қойылмайды:

қол жетекті механизмдерімен барлық типтегі крандар, қол жетекті механизмі қозғалысы кезінде көтеру механизмі ретінде пневматикалық немесе гидравликалық цилиндр қолданылған крандар; 

көпірлі крандар және жылжымалы немесе жүк көтергіштігі 10 т дейін қоса алғанда, еденнен кранға ілінген тетігі бар аппарат немесе стационар пульт көмегімен басқарылатын айналмалы консольді крандар;

жүк көтергіштігі 20 тоннаға дейін қоса алғанда жебесі бар крандар;

үнемі ұшырылатын немесе айналу механизмімен жарақталған жебе үлгісіндегі крандар;

монтаждалатын құрылыста орнатылатын діңгектерді, ғимараттарды, құбырларды монтаждау үшін жылжымалы крандар;

оқу мақсаттарында кәсіби техникалық училищелер мен техникалық курстар полигондарында орнатылған көпірлі және мұнаралы крандар;

экскаваторларда, уату-жүктеу агрегаттарында және басқа да технологиялық машиналарда орнатылған, бұл машиналарды жөндеу үшін қолданылатын крандар;

жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін кран-манипуляторлар;

электр тальдар және жүкті және (немесе) адамдарды көтеруге арналған шығырлар.

6. Жүк көтергіш крандар есептен шығарылғанда және қайта монтаждағанда, кранды басқа заңды немесе жеке тұлғаға бергенде, кранды тіркелмейтіндер тобына ауыстыру кезінде есептен шығарылуы тиіс. 

7. Жаңадан орнатылған лифт немесе қайта қалпына келтірілгеннен (жаңғыртылғаннан) кейін лифт пайдалануға енгізілгенге дейін жергілікті атқарушы органда есепке қойылады (тіркеледі). 

8. Шағын жүк көтеретін лифт ішкі есепке қойылады.

9. Лифт кабинасы металл құрылымын толығымен жаңа кабинаға ауыстыру жүргізілген жаңартудан кейін лифтіге жаңа паспорт жасалады.

10. Лифт иесінің немесе пайдаланушы ұйым басшысының жазбаша өтініші негізінде, өтінішке қоса берілетін және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10332 болып тіркелген) Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 72 тармағында  көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша жергілікті атқарушы органда есепке қою (тіркеу) жүргізіледі.

11. Жүк көтергіш механизмді есептен алу лифт иесінің немесе пайдаланушы ұйым басшысының жазбаша өтініші бойынша паспортта есептен алу себептері туралы жазба қалдырылып ресімделеді.
3. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды есепке қою және есептен алу

12. Қазандықты есепке қою (тіркеу) кезінде жергілікті атқарушы органға мыналар ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10303 болып тіркелген) Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 25-қосымшасына сәйкес қазандық паспорты (бұдан әрі - Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары);

2) қазандықты техникалық куәландыру актісі;

3) монтаж сапасы туралы куәлік;

4) қазандық орналасқан үй-жайдың сызбасы (жоспар және көлденең тілік және қажеттілігіне қарай бойлай тілік) және жоба;

5) жобаға су дайындығының сәйкестігі туралы анықтама;

6) тоқ құралдарының болуы, сипаттамасы және жобаға сәйкестігі туралы анықтама;

7) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы ереже;

8) қазандықты Қазақстан Республикасының аумағында Заңға сәйкес қолдануға рұқсат ету туралы ақпарат.

13. Дайындаушының паспорты жоқ қазандықты есепке қою мамандандырылған сараптама ұйымы құрастырған паспорттың телнұсқасы негізінде жүргізіледі.

14. Ыдысты есепке қою, есептен шығару үшін ыдысты пайдаланатын ұйымның басшысы жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

15. Ыдыстар іске қосылғанға дейін жергілікті атқарушы органда есепке қойылады.

16. Мыналар есепке алынбайды:

1) қабырға температурасы 200оС жоғары болмаған кезде жұмыс істейтін, сыйымдылықта (литрде) МПа-мен (кгс/) қысымды шығаруы 0,05-тен (500) аспайтын бірінші топтағы ыдыстар, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген температурада жұмыс істейтін, сыйымдылықтағы (литрде) МПа-мен (кгс/) қысымды шығаруы 1-ден (10000) аспайтын 2, 3, 4-ші топтағы ыдыстар. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 3-қосымшасы бойынша анықталады;

2) жылу оқшаулағыш қаптаманың ішінде орналасқан ауа бөлетін қондырғылардың және газдарды бөлетін аппараттар (регенераторлар, ұстындар, жылу алмастырғыштар, конденсаторлар, адсорберлер, бөлгіштер, буландырғыштар, сүзгілер, салқындатқыштар және қыздырғыштар);

3) технологиялық қондырғылар құрамындағы тоңазытқыш қондырғы және тоңазытқыш блок ыдыстары;

4) ауа электр ажыратқыштарының резервуарлары;

5) турбиналарды, генераторларды және сорғыларды реттеу, майлау және тығыздау жүйесіне кіретін ыдыстар;

6) сұйытылған газды тасымалдауға арналған бөшкелер, стационарлы орнатылған, сондай-ақ сығылған, сұйытылған және ерітілген газды тасымалдауға және (немесе) сақтауға арналған сыйымдылығы жүз литрге дейін қоса алғандағы баллондар;

7) гидрометеорологиялық қызмет пайдаланатын сутегін алуға арналған генераторлар (реакторлар);

8) мұнай мен газды өндіріп алудың жабық жүйесіне енген ыдыстар (ұңғымадан магистральды құбыр өткізгішке дейін);

9) сұйытылған газды, қысымның астындағы сұйықтарды және сусыма денелерді тасымалдауға арналған ыдыстар оларды мерзімді түрде босату кезінде;

10) сығылған және сұйытылған газы бар, өздері орнатылған көлік құралдарының қозғалтқыштарын отынмен қамтамасыз етуге арналған ыдыстар;

11) жер астының тау-кен өндірістерінде орнатылған ыдыстар;

12) газ құбырларында, газ тарату станцияларында, пункттерінде және қондырғыларында орнатылған висценді және басқа сүзгілер.

17. Есепке қою үшін ыдыс иесі мыналарды ұсынады:

1) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 23-қосымшасына сәйкес ыдыс паспорты;

2) монтаж сапасы туралы куәлік;

3) қысым көзі, параметрлері, оның жұмыс ортасы, арматура, бақылау-өлшеу құралдары, автоматты басқару құралдары, сақтандыру және бұғаттау құрылғылары көрсетілген ыдысты қосу сызбасы және жоба;

4) өткізу қабілеті есептелген сақтандыру клапанының паспорты;

5) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы қағида;

6) ыдысты Қазақстан Республикасының аумағында Заңға сәйкес қолдануға рұқсат ету туралы ақпарат.

18. Дайындаушы паспорты жоқ қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды есепке қою аттестатталған сараптама ұйымымен құрастырылған паспорттың телнұсқасы негізінде жүргізіледі.

19. Қызмет етудің нормативтік мерзімінен өткен ыдыстарды есепке қою кезінде сараптама ұйымының оны әрі қарай қауіпсіз пайдалануға болатындығы туралы қорытындысы ұсынылады.

20. Ыдысты жаңа орынға қайта орнату кезінде немесе ыдысты басқа иесіне беру кезінде, оны қосу сызбасына өзгерістер енгізу кезінде ыдыс іске қосылғанға дейін жергілікті атқарушы органда қайта тіркеледі.
4. Құбыр өткізгіштерді есепке қою және есептен алу
21. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес шартты өтуі 70 мм-ден астам І санатты құбыр өткізгіштер, сондай-ақ шартты өтуі 100 мм-ден астам ІI және ІІІ санаттардағы құбыр өткізгіштер өнеркәсіптік қаупісіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жұмысты іске қосқанға дейін тіркеледі.

22. Заңның 15 бабы 3 тармағы 21 және 22 тармақшаларына және Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес, 0,07 МПа астам 1,6 МПа-ға дейін қысыммен немесе 115 оС-тан астам 250 оС-қа дейін температура кезінде жұмыс істейтін IV санатты құбыр өткізгіштер жергілікті атқарушы органда жұмысты іске қосқанға дейін тіркеледі.



23. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, 0,07 МПа және одан кем қысыммен жұмыс істейтін басқа құбыр өткізгіштер өткізгіш иесі болып табылатын кәсіпорындарда есепке қойылады.
5. Қорытынды ережелер
24. Құжаттар топтамасын дайындау және жергілікті атқарушы органда есепке қою қауіпті техникалық құрылғылардың иелерімен, оларды пайдаланатын және қызмет көрсететін ұйымдарымен жүзеге асырылады.

25. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі қауіпті техникалық қондырғы пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүгінген кезде, жергілікті атқарушы орган есепке алу және есептен шығару үшін құжаттардың толықтығын тексереді.

26. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен алу туралы хабарламаны ұсынып, жергілікті атқарушы органға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен алу жүзеге асырылады.

27. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен алу кезінде жергілікті атқарушы органның қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою журналында тиісті жазба жүргізіледі.



28. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюдан бас тартқан кезде жергілікті атқарушы органмен бас тарту себебі хатпен көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет