Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі- айжарикова Асия Кайруллаевна

Loading...


жүктеу 66.12 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі66.12 Kb.
Ақтөбе қаласы,

34 орта мектебінің



география пәнінің мұғалімі-

Айжарикова Асия Кайруллаевна
Тақырыбы: «Дарынды балалармен жұмыс – қабілетті ұрпақ қалыптастырудың негізі»
Күллі адамзат қауымын бей – жай қалдырмайтын маңызды жайттардың бірі ол – болашақ ұрпаққа дұрыс тәрбие бере отырып, оларды ертеңгі күнге дайындау және жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына жағдай жасау.

Әрбір мұғалім кластағы оқушылардың білімге деген ынтасы, қабілет деңгейі бірдей еместігін, ерекше қабілет иелері бар екендігін байқайды. Сондай ерекше қабілетті дарын иесінің арнайы білімге мұқтаж екендігін сезінеді. Оларға дұрыс тәлім – тәрбие берудің алғашқы шарты – дарын иелерін жастайынан таңдай білу.

Мен өз іс – тәжірибемде дарынды оқушыны таңдай білуге, оның ішкі жан – дүниесін тануға, психологиялық ерекшелігін ескере отырып, білімге, ғылымға құштарлығын арттыруға және ашуға тырысамын.

Дарынды оқушылардың қызығатын тақырыптары, психологиялық даму ерекшеліктері құрдастарына қарағанда өзгеше болып келеді. Олар өздерін қызықтырған тақырыптарды тез , әрі терең түсініп, оған талдау жасай алады. Сондықтан бұл оқушыларға өзгеше бағдарламамен білім беру ісі ерекше болуы тиіс. Егер дарынды оқушылар үшін арнайы бағдарлама жасалмай, өзгелермен бірдей сабақ берілсе олардың бойындағы қабілеттердің дамымай қалуы немесе өте аз дамуы мүмкін.

Дарынды оқушылар ерекше болып келетіндіктен бір сөзбен айта салу қиын. Дегенмен, қарапайым тілмен айтсақ;


  • күрделі әрі қиын пікірлерді тез түсінеді;

  • құрдастарына қарағанда тез үйренеді;

  • әрі терең мәселелерді өздігімен талдай алады;

  • құрдастарына қарағанда бөлек тақырыптарға қызығушылық танытады;

  • тақырыптарды терең түсіну үшін көп уақыт жұмсап, оқиды, ізденеді;

  • өздігінен пікір айтып, пікірлер мен оқиғалардан байланыс құра біледі.

Дарынды оқушыларды анықтау және олардың қаншалықты дарынды екендігін және қай дәрежеге жататындығын белгілеу үшін көп бағытты өлшемдер құрастырылады;

  1. оқушының нәтижесі, үлгерімі

  2. кластағы жүріс – тұрысы туралы бақылау мәлімдемесі

  3. лайықты анкеталар

  4. сұқпат

  5. жеке немесе қабілет тесттері

  6. жеке немесе топтық жетістіктері

  7. бұрынғы жетістік анықтама қағаздары.

Сонымен қатар байқағанымыз:

  • дарынды бала бойында батылдық, қияли іс – әрекет;

  • өзіне көңіл бөлуді қалау, көп сөйлеу, бірсарынды оқытуда жалығу, тыныш отыра алмау, пысықтық;

  • кейбір пәндер бойынша ерекше үздік болу, өзінің ерекше екендігін өзгелерге де сездіруге тырысу, терең сезімталдық;

  • теориялық және көркемдік құндылықтарға ерекше мән беру, жиі – жиі ойға берілу;

  • өз – өзіне сенімділік, батылдық, өзінен үлкендермен достықты қалау, жоғарғы моральдық қасиеттерге ие болуы т.б.

Осы қасиеттердің қайсылары болса да бала бойынан анық байқалады.

Әрине, мұндай дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер де ерекше қабілетті, білімді де білікті маман болуы тиіс. Сол себепті дарынды оқушыларды қаламыздағы жоғарғы оқу орындары кафедраларымен, қалалық білім басқармасымен, «Ақтөбе – Дарын» ӨҒП орталығымен байланыста жұмыс жасауға және ғаламтордан, кітапханалардан қажетті материалдар жинақтауға бағыттау қажет. Қажетіне қарай өндіріс орындарымен, мекемелермен байланыс орнатып, оқушы ізденісіне жол сілтеу керек.

Мен өзім география пәнінің маманымын, осы мамандықта отыз жылдан бері еңбек етіп келемін. Осы кезең ішінде пән олимпиадасына, ғылыми – практикалық конференцияларға ғылыми жобалар қорғауға оқушылар дайындап, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздім. Менің алға қойған мақсатым ғылыми жұмыстар жобасын дайындау барысында оқушының өзі ізденуіне, сол тақырып бойынша іздене жүріп, пәннің өмірдегі қажеттілігін түсінуіне мүмкіндік жасау арқылы баланы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа, табандылыққа тәрбиелеу. Бір жұмыстан нәтиже шығару үшін оқушы ізденісте жүріп, өмірдегі болып жатқан көп нәрсеге көз жеткізеді. Мысалы, 11А класс оқушысы Абдуллина Ақжеңіс Ақтөбе – Дарын ОҒП орталығының ғылыми тәжірибелік конференциясында «Ақтөбе қаласының ауа бассейніне өнеркәсіптердің зиянды әсері» тақырыбындағы жобасының қысқаша жұмыс барысына тоқталуды жөн көрдім.

Жұмыс барысында Абдуллина Ақжеңіс Ақтөбе облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы, Ақтөбе гидрометеорология орталығы мәліметтерін пайдаланып, практикалық жаңалықтар мен маңызды деректер баяндады. Біздің қаламызда атмосфера құрамын автоматты түрде тіркеп отыратын Еуропадан әкелінген SCAT №1, SCAT №2 құрылғысының 2013 жылдың қаңтар айынан бастап іске қосылатындығы туралы мәлімет алды. Оқушы зерттеу кезінде SCATтың ішкі, сыртқы құрылысымен танысып, суретке түсірді. Оқушының түсірген суреті ұсынылып отыр.


c:\users\владелец\desktop\1автомототическая станция.jpg

№1СКАТ эксперименттік құрылғысы ауаның құрамын зерттейді. Бейбітшілік даңғылында және Рысқұлов көшесінде орналасқан.

№2СКАТ эксперименттік құрылғысы Молдағұлова көшесі мен Есет батыр көшесінде орналасқан.

Осындай жұмыстармен шұғылдану оқушыларды шығармашылыққа баулып, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға және өз бетінше ізденуіне мол әсерін тигізері даусыз.



Оқушы ғылыми жоба барысында қоршаған ортаны жақсарту шараларына байланысты төмендегідей өз ойын ұсынды:

  • Жасыл желектерді отап, орнына құрылыс салуды азайту;

  • Экологиялық таза энергия ресурстарын пайдалану (жел энергиясы, күн энергиясы);

  • Биогаздармен жүретін автокөліктерді тұрмыста қолдануға енгізу;

  • Жаңажол кенішінде, Хромтау, Қандыағаш, Ембі, Шалқар қалаларында автоматты түрде тұрақты ауа құрамын бақылайтын станциялар орналастыру;

  • Ақтөбе қаласындағы ірі өндіріс аймақтарында №41 разъезд аймағына автоматты бақылау қондырғысын орнату;

  • Сәнкібай, Бейбітшілік даңғылына, Тургенев көшесіне жылжымалы лабораториялар қажеттігін.

Оқушының еңбегі бағаланып, нәтижесінде Облыстық І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Дарынды балалармен жұмыс – қабілетті ұрпақ қалыптастырудың негізі» болғандықтан, өз тәжірибемде дарынды балалармен жұмысты жандандыру мақсатында жүргізілетін жұмыс жоспарының үлгісін ұсынып отырмын.


Уақыты

Қосымша материалдармен жұмыс

Практикалық жұмыс

Термин сөздер мен ұғымдар

Өз бетінше жұмыс

Қыркүйек

Қосымша әдебиеттермен, газет, журналдармен жұмыс

Газет, журналдардан қиындылар жинақтау

Физикалық термин сөздермен жұмыс

Папкалар, ақ қағаздар арқылы жұмыс жасауға жинақтау

Қазан

Әртүрлі кітаптардан материалдар жинақтау

Кітаптардан қызықты жерлерін жазып отыру

Экономикалық термин сөздермен жұмыс

Әр түрлі тапсырмалар орындату

Қараша

Қызықты оқиғалар мен табиғат құбылыстары туралы жинақтау

Әр түрлі ерекше жағдайлар мен құбылыстар туралы жинақтау

Оқулықтағы термин сөздермен жұмыс

Тест тапсырмаларын құрғызу

Желтоқсан

Қазақстанның, шет елдердің жаңалықтарынан хабарлама жасау

Теледидардан жаңалықтар мен хабарлар туралы қысқаша мәліметтер

Әртүрлі ұғымдарға сипаттама бергізу

Әр түрлі тапсырмалар орындату

Қаңтар

Қосымша карталарды жинақтау

Дүниежүзінің саяси картасы мен қосымша карталар жинақтау

Жаңа сөздермен танысу

Карталарға бейнелеу

Ақпан

Ақтөбе облысы бойынша қосымшалар жинақтау

Ақтөбенің әсем жерлерін суреттерін, экономикалық дамуы туралы материалдар

Термин сөздердің жаңа кітап жинау

Кестелер, диаграммалар, схемалар сызу

Наурыз

Ғылыми жаңалықтар бойынша жинақтар

КҒА мен «Дарын» ғылыми конференциясына қажетті материалдар жинақтау

Географияға байланысты термин сөздер

Мәнжазбалар, жобалар жинақтау

Сәуір

Табиғаттың тамаша құбылыстарынан қосымша жаңалықтар

Жұмыр жердің жұмбақтары, тамаша құбылыстарға қиындылар жинақтау

Әр елдер арасындағы қарым-қатынастарды бейнелеуге қолданылатын сөздер

Әңгімелер құрастыру. Шығармалар жаздыру. Өлең шумақтарын жинақтау.

Мамыр

Саяси халықаралық жағдайлардан жаңалықтар жинақтау

Елдер арасындағы саяси-экономикалық қатынастардан хабарлама жасау

Халықтар арасында қолданылатын ұғымдарға сипаттама

Жасалған жұмыстарға қорытынды, хабарламалар жаздыру.

: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Әміре -ән көгінің айнасы Cабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаттары
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы: : 0301000
2014 -> АӘД пәнінде оқушы бойына патриоттық тәрбиеге баулудың қалыптастырудың жолдары Атадан жақсы ұл туса
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Мектебімізде салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Мейірбике ісі»
2014 -> Ғалымдар Ғалымдар Зертеуші журналисттер
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Популяция-түрлік деңгей. Эволюцияның бастапқы кезеңі. Тақырыптық сөздік қор Кілттік сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...