Атырау облысы, Исатай ауданы



жүктеу 42.96 Kb.
Дата24.05.2017
өлшемі42.96 Kb.
c:\users\user\downloads\20150321_122611[1].jpg

Атырау облысы,

Исатай ауданы,

Исатай ауылы. «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі Доскалиева Айнагуль Мураткалиевна


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қолғап» Ә. Дүйсенбиев.

Мақсаты: Өлең мазмұнын түсіне отырып жаттауға үйрету.

Балалардың ой-өрісін кеңейту.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: хрестоматия, суреттер, интерактивті тақта, жұмыс дәптері

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қарындаштар

Әдісі: сөздік көрнекілік ойын практикалық

Іс-әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті:

Мотивациялық-қозғаушы:

Шаттық шеңберін жасау.

Арайлап бүгін атты күн

Шашып бізге шуағын

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын шаттығын

Қайырлы таң, қайырлы күн

Қуанышты күн бүгін

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

-балалар бүгінгі күніміз жақсы өтсін деп бәріміз бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтайық.



Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады

Гүл шоғын ұсынып тілектерін айтады.

Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз жарық болсын!

Деніміз сау болсын!

Еліміз тыныш болсын!



Ұйымдастырушы-ізденушілік:

Өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін еске түсірейік.

-Қане, кім айтады? Өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қандай тақырыпта әңгімелестік?

-дұрыс айтасыңдар, «Үш жолдас» әңгімесін оқып таныстық.

-«Үш жолдас» әңгімесі не жайында еді?

-дұрыс, олай болса, өткен тақырыпты қайталау мақсатында достық туралы мақал-мәтел айтайық.

1.Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды

2. досы көппен сыйлас

Ақылы көппен сырлас

3. доссыз өмір-тұзсыз ас.

4. жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.

5. достық-татулық белгісі.

6. жақсы дос үшін жан пида.

7. жолдасын тастаған жолда қалар.

Таңғажайып сәт.

Балалар бәріміз экранға назар аударайық.

Қазір экранда жұмбақ оқылады.

Соның шешуін табамыз.

Жұмбақ.


Ағайынды бесеуі

Бірге киінеді, бірге шешінеді бұл не?

Дұрыс. Олай болса біз бүгін Әнуарбек Дүйсенбиев ағаларыңның «Қолғап» өлеңімен танысамыз.

Мен сендерге оқып беремін.

Содан кейін жаттап аламыз, яғни маған кері жатқа айтып бересіңдер. Келістік пе?

«Қолғап» өлеңі.

Жоғалыпты қолғабым

Тыз-тыз етті қолдарым

Сорып аяз тастады

Естен кетпес тоңғаным

Қолғапты жіп шығарып

Тоқыды әжем біз алып

Мен отырмын ұяттан

Тоңғандай боп қызарып.

Сұрақ-жауап:

-балалар сендерге өлең ұнады ма?

-өлеңде не жайында айтылған?

-авторы кім?

-қолғапты біз қай кезде киеміз?

-қолғаптың қандай пайдасы бар?

Жарайды олай болса, осы қолғап туралы қолғаптың түрлері деген шағын видеороликті тамашалайық.

Қолғап түрлері.

Ал енді қолғап өлеңін жатқа айтайық.

Қане бәріміз өлеңді қимылмен жаттап көрейік.

Балалардан өлеңді жатқа сұрау.

Ойын: «Бөлшектен бүтін құрау»

Шарты: экранда қиылған малақай, қолғап суреттері берілген, балалар дәл тауып құрап берулері тиіс.

Сергіту сәті.

«Мен қазақпын» өлеңінің желісімен.

Ойын: «Қолғап»

Шарты: балалар біз осы қолғап өлеңінен басқа қолғап туралы қандай шығарма өттік?

Дұрыс, «қолғап» ертегісі

Олай болса, бәріміз осы қолғап ертегісін еске түсіру мақсатында қолғап ойынын ойнап алайық.

Шарты: қолғапқа жануарларды ретімен орналастырамыз.

Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, қабан, аю

Ойын сендерге ұнады ма?

Жарайсыңдар, ойынға белсене араластыңдар.

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді жұмыс дәптерімен қорытамыз.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату.

Екі қолғап берілген. Қайсысы қолғап, қайсысы-биялай.

Екеуін өзіне сай келетін түспен бояту.

Біреуін күлгін, біреуін-қызғылт түспен..



Қызығушылық танытады

Мақал-мәтел айтады.


Шешуі:


қолғап

Қимылын орындайды


Өлеңді тыңдайды

Иә ұнады


Қолғап туралы

Ә.Дүйсенбиев


Қыста

Қолымыз тоңбау үшін


Жатқа айтып береді

Тапсырмаларды орындайды



Рефлексиялық-түзетушілік:

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Мадақтау.



Немен айналысқандарын айтады

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қолғап өлеңін жатқа айтады



Игереді: қолғап түрлері, қолғап ертегісі туралы әңгімелеуді

Меңгереді: қолғаптың пайдасын.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет