«Атбасар ауданының білім бөлімінің №3 орта мектебі» мм-де Тілдер апталығына орай өткізілген іс –шаралар туралы анықтама Қыркүйек айының 10-21 жұлдызы аралығында Тілдер мерекесіне орай «Тіл – ұлттың жаны»



жүктеу 17.44 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі17.44 Kb.
«Атбасар ауданының білім бөлімінің № 3 орта мектебі» ММ-де

Тілдер апталығына орай өткізілген іс –шаралар туралы

анықтама

Қыркүйек айының 10-21 жұлдызы аралығында Тілдер мерекесіне орай «Тіл – ұлттың жаны» атты тіл апталығы өтті.

10-қыркүйекте «Тіл – ұлттың жаны» атты 5-7 сыныптар арасында буклеттер сайысы өтсе, 12- қыркүйек күні «Тапқыр достар» атты сайысы 5 сыныптар арасында аталып өтті. Өткізген мұғалімдер Байжанова Г.С., Джунусова А.Б.

4 сыныптар арасында 20 қыркүйекте «Қазақшаңыз қалай? » атты шара өтті. Жауаптылар: Байжанова Г.С., Карымсакова А.К.



Сондай-ақ 19 қыркүйекте «Менің тілім - мақтанышым» атты сайысы 2 сынып оқушылары арасында өтті. Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды. Әр топқа 5 оқушы қатысты. Оқушылар бұл сайысқа белсене қатыса білді. Сайыс соңында жеңген топтарды грамотамен марапаттады. Пән мұғалімдері: Абдугалиева А.Т., Сейтенова З.А.

18 қыркүйек күні мұғалімдер арасында «Ойнайық та ойлайық» атты сайысы өткізілді. Бұл сайыста мұғалімдер мемлекеттік тілді қалай білетінін көрсетті. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Олар: таныстыру, «Сөз тапқанға..», «Жорға», «Есімдер әлемінде», «Сөз шебер», «Өнерлі болсаң». Өткізген пән мұғалімі Джунусова А.Б.



«Тіл – достық көпірі» атты сайысы 9 - сынып оқушылары арасында өтті. Сайыс 6- белестен тұрды. Оқушылар екі топқа бөлінді. 1-ші топ «Жас қырандар»,

2-ші топ «Болашақ». Бұл сайысты өткізген мақсатымыз оқушыларымыздың тіл, әдебиеті, тарих, өнер, спортқа қатысты білімдерін сарапқа салу.

Сайысты өткізген мұғалімдер: Досумбекова Д.К., Абикенова Қ.Б.

21 қыркүйек күні № 1 орта мектебінің акті залында қала мектептерінің арасында сағат 15.00 – де «Достық фестивалі» атты фестиваль өтті. Біздің № 3 орта мектеп неміс ұлтының киімін, салт-дәстүрі мен ұлттық ойнын, ұлттық тағамын, өнерін көрсете білді. Бұл аудандық фестивальда біздің мектеп «Ең талантты» деген номинациямен марапатталды.




Онкүндіктің соңында ӘБ жетекшісімен пән мұғалімдері қатысып талдау жасалды.
ӘБ жетекшісі: Абикенова Қ.Б.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет