«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Loading...


жүктеу 119.22 Kb.
Дата28.01.2017
өлшемі119.22 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен



бекітілген
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру».

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

  3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және кент, ауыл, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган).

  4. Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыратын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы:

  1. уәкілетті орган;

  2. халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық);

  3. тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі).

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар).



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

  1. уәкілетті органға, орталыққа және ауылдық округ әкіміне өтініш беру кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды өткізген сәттен бастап 15 минуттан аспайды;

  2. құжаттар пакетін өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін (талон алғанға дейін) күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

  3. көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні сол жерде қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

  2. Көрсетілетін қызметті алушы алатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) тиесілігін растайтын осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

  3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  4. Жұмыс кестесі:

  1. уәкілетті орган, ауылдық округ әкімінде:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі –Заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.



  1. орталықта:

демалыс және заңнамада белгіленген мереке күндерін қоспағанда, күнделікті сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, орталықтың филиалдары мен өкілдіктері үшін жұмыс кестесі сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті

алушы осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш береді және оған: жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматы – жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін (төлқұжат), шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхатының көшірмесін немесе азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгендігі туралы белгісі бар куәліктің көшірмесін);

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.



  1. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар пакетін ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган маманы, ауылдық округтің әкімі немесе орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

  2. Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтер болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың, ауылдық округ әкімдерінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың, ауылдық округ әкімдерінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) уәкілетті органның, орталықтардың басшыларына тікелей.

Азаматтарды қабылдау кестесі мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: http//www.enbek/gov.kz; www.con.gov.kz;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөліміне;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» бетіне);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шағымдар мен ұсыныстар жәшігінде арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.


  1. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдау күні мен уақыты және шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

  2. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

  3. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарланады.

  4. Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар


  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek/gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылады.

  2. Консультативтік қызметтер сall-орталықтың (1414) телефоны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетіледі.

«Атаулы әлеуметтік көмек

алушыларға өтініш берушінің

(отбасының) тиесілігін

растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

АНЫҚТАМА

_________________________________________ ______________ тіркеу


нөмірдегі 20___ жылғы ____ тоқсанда шын мәнінде мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алушысы болып табылғандығы туралы берілді.
Отбасының мына мүшелеріне:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
5. ____________________________________________________________
Анықтама талап еткен орынға көрсету үшін берілді.

Уәкілетті органның бастығы

(кент, ауыл (село), ауылдық

(селолық) округтың әкімі) __________________________

«Атаулы әлеуметтік көмек

алушыларға өтініш берушінің

(отбасының) тиесілігін

растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша
Уәкілетті органға (кент, ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ әкіміне)
__________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
_______________________ мекенжайда тұратын
(елді мекен, аудан)

__________________________________________


(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________


(көше, үй және пәтердің №, телефон)
құжат, жеке куәлік № _____________________
____________________________________берілді

____________________________ берілген күні

Өтініш

Маған 20___ жылғы ____ тоқсанда мен шын мәнінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатындығым туралы анықтама



беруді сұраймын.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама алу үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.

Анықтама талап еткен орынға қажет.
«____»_______________20___ж. Өтініш берушінің қолы ______________________

«Атаулы әлеуметтік көмек

алушыларға өтініш берушінің

(отбасының) тиесілігін

растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

3-қосымша


___________________________________

көрсетілетін қызметті алушының

ТАӘ не ұйымының атауы)

_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбағандықтан ___________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ….


ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

____________________________ _____________

(Орталық қызметкерінің ТАӘ) (қолы)


Тел.__________

Алдым: ТАӘ / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» _______
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру»

тәртібі туралы жадынама


Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстың маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар (бұдан әрі – уәкілетті орган) бөлімдері.

Жұмыс кестесі :

1) уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

2) орталықта - күнделікті сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, орталықтың бөлімшелері мен өкілетті органдарына жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Адреса интернет-ресурсов услугодателей размещены на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан: http:/www.enbek.gov.kz.






Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыратын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы: уәкілетті орган; халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық); кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі – селолық округтің әкімі) - тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым болмаған кезде.




Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:


  1. уәкілетті органда немесе ауылдық округ әкімінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 15 минуттан

аспайды;

  1. мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін

күтудің шекті ең көп уақыты бір мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

  1. мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды.








Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар уәкілетті органға және селолық округ әкіміне мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қазақстан азаматтары – жеке куәліктің (паспорт) көшірмесі, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар –

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі.

  1. көрсетілетін қызметті алушының осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысанда дербес деректерді

жинақтау мен өңдеуге келісімі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқалар мен көшірмелерде не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады.






Қызмет нәтижесі:

Мемлекеттік қызмет алушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.








Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету орындарының мекежайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылады.

Консультативті қызметтер мемлекеттік қызметтер мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының call-орталығы (1414) телефоны арқылы көрсетіледі.



: userfiles -> file
file -> Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-v «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына
file -> «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»
file -> «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы»
file -> «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
file -> Халықаралық білім беру корпорациясына (хбк) оқуға Қабылдау ережелері
file -> Конкурсқа қатысатын барлық үміткерлерге қойылатын жалпы біліктілік талаптары
file -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
file -> Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...