Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 22.78 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі22.78 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

201 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру

қағидаларын бекіту туралы



  1. Жалпы ережелер




  1. Осы Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 24-баптарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру тәртібін айқындайды.

  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

ақтау туралы анықтама – прокуратура органдары, Заңда айқындалған жағдайларда және тәртіппен сот беретін құжат;

ақталған азаматтың жеңiлдiктерге құқығы туралы куәлігі (бұдан әрі – куәлік) – Заңның 24-бабымен белгіленген жеңілдіктерге құқықты растайтын құжат;

ақталған азаматтың жеңiлдiктерге құқығы туралы куәлікті беру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.



  1. Ақталған азаматтың жеңілдіктерге құқығы

туралы куәлікті беру тәртібі
3. Куәлік беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақталған азаматтың өзі не өкілі (сенімхат бойынша) (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға береді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:



  1. жеке басын куәландыратын құжат;

  2. ақтау туралы анықтамалар не соттың ұйғарымы (қаулысы);

  3. тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Өтінішті тіркеу куәлікті алуға үміткер адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады. Тіркелген күні және бірыңғай үлгідегі куәлікті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны өтініш берушіден құжаттардың топтамасы қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

4. Куәлікті беру туралы шешімді (бұдан әрі – Шешім) уәкілетті орган өтініш тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.


  1. Шешімнің қорытындысы бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге куәлік берілгендігін есепке алу журналында тіркелген, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда куәлік береді.

  2. Ақталған адам куәлікті жоғалтқан жағдайда, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді. Уәкілетті орган өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей «телнұсқа» мөртаңбасы басылған куәліктің телнұсқасын береді.

___________________________





Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет