«Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі



жүктеу 76.06 Kb.
Дата08.02.2017
өлшемі76.06 Kb.
«Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13 үй, 404 бөлме, анықтама телефоны: 8 (7172) 55-04-24, факс 8 (7172) 55-73-55, g.tursumbaeva@uzo.astana.kz, «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Заң бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы атқарған жылдарына байланысты 83 282-ден бастап 112 430 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық мiндеттерi: Өз құзыреті шегінде: жер құқығы қатынастары мәселелері бойынша сот органдарында мемлекеттің (қала әкімдігінің) мүддесін білдіруді (сенім хат бойынша) және қорғауды; қаланың сот органдарына апелляциялық, қадағалау шағымдарын, пікірлер мен наразылықтарды дайындауды және талап-арыздар беруді; Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерінің қорғалуын; мемлекеттік сатып алу шарттарын дайындауды; нормативтік құқықтық актілердің есебін және мониторингін жүргізуді; жер қатынастары саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау және енгізуді; азаматтарға және заңды тұлғаларға жер заңнамасы саласындағы құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беруді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (шағымдарын), сондай-ақ мемлекеттік органдардың сұратуларын уақытылы қарастыруды және оларға жауап беруді қамтамасыз етеді.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Құқық (заңтану, халықаралық құқық) саласында жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне D-О-4 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы атқарған жылдарына байланысты 83 282-ден бастап 112 430 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық мiндеттерi: Өз құзыреті шегінде: жер учаскелерін беруді, олардың нысаналы мақсатын өзгертуді, зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруді, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюды (сатып алуды), жерлерді резервте қалдыру жөніндегі әкімдіктің қаулы жобаларын дайындауды; жер учаскелеріне құқытарын беруді, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөніндегі әкімдіктің қаулыларынан үзінділер дайындауды, сондай-ақ оларды өтініш иелеріне уақытылы тапсыруды; мемлекеттік ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға ақпарат (кеңес) беруді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (шағымдарын), сондай-ақ мемлекеттік органдардың сұратуларын уақытылы қарастыру және оларға жауап беруді қамтамасыз етеді.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Қызмет саласында (жерге орналастыру, кадастр, бағалау) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық) немесе техника және технология ғылымдары (геодезия және картография) жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік бас инспектор, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне D-О-4 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы атқарған жылдарына байланысты 83 282-ден бастап 112 430 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық мiндеттерi: Өз құзыреті шегінде: мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, Астана қаласының аумағындағы жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды; хаттамалар әзірлеуді және Қазақстан Республикасының жер заңнамасының бұзылғаны үшін әкімшілік жаза туралы қаулылар енгізуді; сотқа Қазақстан Республикасының заңын бұза отырып пайдаланылатын, өз бетінше басып алынған жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыздарды дайындауды және беруді; қала аумағында жер учаскелерін өз бетімен басып алу фактілерінің есебін және мониторингін жүзеге асыруды; сот органдарына жеке және заңды тұлғалардан заңсыз иеліктегі жердерді қайтару жөнінде айыппұл өндіріп алу туралы, жер заңнамасының бұзылу нәтижесінде өтемақы төлеу туралы істер бойынша материалдар дайындауды; жер заңнамасында белгіленген бұзушылықтарды жою бойынша орындауға міндетті ұйғарымдарды беруді; жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарастыруды; жер құқықтық қатынастарын реттеу бойынша материалдарды қарауды, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзушылықтарын анықтау және жою жөніндегі шараларды қабылдауды; егер құрылыс, пайдалы қазбалардың орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген тәртібін бұза отырып жүзеге асырылған болса, сондай-ақ егер бұл жұмыс түрлері сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды берілген жобалар бойынша жүргізілген жағдайда, оларды тоқтатуды; жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылаудың жағдайы жөніндегі жедел статистикалық есептерді мемлекеттік органдарға уақытылы беруді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (шағымдарын), сондай-ақ мемлекеттік органдардың сұратуларын уақытылы қарастыру және оларға жауап беруді қамтамасыз етеді.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Қызмет саласында (жерге орналастыру, кадастр, бағалау), құқық (заңтану, халықаралық құқық), техника және технология ғылымдары (құрылыс) немесе әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласында жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) білім туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру "Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет icтepi министрлігі Астана қаласы бойынша департаментінің интернет-ресурсында соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде "Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы"мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Сарыарқа даңғылы 13 № 404 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде "Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде (010000 Астана қаласы Сарыарқа даңғылы 13) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.


Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

               











Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет