Астана қаласы №71 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Абдиева Айжан Сапарбековна



жүктеу 155.94 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі155.94 Kb.



Астана қаласы

71 мектеп-лицейінің



бастауыш сынып мұғалімі

Абдиева Айжан Сапарбековна

Күні: 20.12.2014жыл

Сыныбы: 1 «Б»

Тәрбие сағаты:Қош бол, сүйікті әліппе!

1 жүргізуші

Бүгінгі қуанышты күн – «әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын  

Ортаға 1 «Б» сынып оқушыларын шақырайық! Ду, қол, шапалақ!

2 жүргізуші

«Қош бол, сүйікті Әліппе» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
Әнұран

2 жүргізуші


Армысыңдар әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Бүгінгі біздің кешімізге,Әліппемен қоштасар.

1 жүргізуші

Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық.

Өнерімізді көрсетіп,

Әнмен шашу шашайық.

Хор: Поппури


Үнді биі: Алдарыңызда Абзал Аяулым
Вальс

2 жүргізуші

- Сендер оқи да жаза да алатын болдыңдар, бұл білімді сендерге кім үйретті? 

Оқушылар:

- Әліппе досымыз 

1-жүргізуші

- Ендеше әліппені ортаға шақырайық 
Әліппе:

Армысыздар жас достар 


Армысыздар ата-ана

Болашаққа жол ашар 


Әліппе келді ортаға 
Білім деген ғылымның 
Әліппесін меңгерген 
Келешегі қазақтың 
Басталады сендерден.

Хор: Әліппе әні


2 жүргізуші

-Не үйрендік не білдік

Қане ортаға салайық 
Тақпақ: Білім керек бәріне

Тақпақ: Ғарышкер болам мен ертең

Тақтақ: Бағдаршам

Тақпақ: Добым

Тақпақ.Қарындаш
Тақпақ: Дәптер
Ортада шығыс биі: өнер көрсететін Кенжеғали Нұрсая 
Көркем гимнастика: өнер көрсететін Сабирова Сабрина
1- жүргізуші

Келесі кезекте ата-аналарға арналған ойындар.

Ортаға 4 ата-ана шықсын.

1-ойын. «Кім жылдам» ойыны Шарты: Қолға бір-бірден шар аламыз, үрлейміз, кімдікі бірінші жарылады, сол ата-ана бірінші орын алады.


Тағы бір ойынымыз. Ортаға 4 ата-ана шықсын.

2-ойын. «Алғыр сезім» ойыны. Шарты: Ата-аналардың көзін байлаймыз, балалардың қолын сипалау арқылы өз баласын тану. Кім бұрын баласын танып шықса, сол ата-ана орындарға ие болады.


2–жүргізуші

Бүгін біз білім атасы-Әліппемен қоштасып, Ана тілімен достасамыз. Бұл мерекеге Ана тілін шақырайық.


Ана тілі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? 
Туған елдің тілімін, 
Ақылымен танылам. 
Түсіндірер бәріне 
Ана тілі мен болам. 

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін. 
Ақылбек

«5» болсын алар бағамыз, 
Біліммен бақыт табамыз, 
Өнер-білім көп тоқып, 
Өсе берсін санамыз!
Хормен: Рахмет саған, Әліппе! 
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! 
1-жүргізуші

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Ақнұр:

Арналады ұстаздарға

Құрмет деген, төр деген

Біздің елде адам бар ма,

Ұстаз алдын көрмеген.

Алихан

Алғыс сізге, алғашқы ұстаз,

Бізге үйреткен әліппе

Алдыңызда иеміз бас,

Атыңызды дәріптеп.
Хор: Ұстазым, менің ұстазым!
1-жүргізуші

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ әріптердің,

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Осы кешімізді ұйымдастырған ұстазымыз Айжан Сапарбековнаға көп-көп рақмет!


Хор: Ұстазым әні

1-жүргізуші

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар.





Астана қаласы

71 мектеп-лицейінің



бастауыш сынып мұғалімі

Абдиева Айжан Сапарбековна

Тексерілді:

Күні: 03.03.2014жыл

Сыныбы: 4 «Ә»

Пәні: Математика

Сабақ тақырыбы: Кесіндіні теңдей екіге бөлу және тікбұрыш салу

Сабақ мақсаттары:


  1. Оқушылар кесіндіні дәл ортасынан бөлу және циркуль мен сызғыштың көмегімен тік бұрыш сызу алгоритмімен танысады,есептерді өздігімен шығарады.

  2. Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді, есеп шешуде бірнеше варианттарды қарастырады.

  3. Оқушылар бірлесе еңбектенеді,шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Қажетті материалдар: интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірмелі қима қағаздар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық

Ойсергек: «Кім жылдам» ойынын ұсыну.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№15





а

ә

б

V

84000 см/3

360 дм/ 3

720000 см/3

a

20 см

5 дм

90 см

b

70 см

8 дм

50 см

h

? см

? дм

? см

№18


ІІІ. Сабақтың тақырыбын ашу.

№1


1248




8100

6420

5000




540

2

40




30



50

20

624

520

9



100

250



І

К

С

Е

Н

Д

І



20800

214

900

624

50

5

10800

к

е

с

і

н

д

і

2 есептер. Интерактивті тақта «Есепті дауыстап шығару» тәсілі бойынша өтіледі.

ІҮ. Жаңа сабақ: Электронды оқулық бойынша жаңа сабақ түсіндіріледі

Ү. Оқулықпен жұмыс.

№3 \ә\ орындау беріледі.

Топтағы бір оқушы есепті дауыстап оқып шығарады, басқалары одан қалысай дәптерлеріне жазып отыруы тиіс.

ҮІ. Сергіту сәті.

ҮІІ. Тапсырма.

Тақтамен жұмыс.

Логикалық тапсырма.№9

Қорытындылау.

1.Бір-бірлеріңе қарқынды көмек бердіңдер ме?

2. Бүгінгі үйренгендерің келесі сабақта қажеті бола ма?

3. Үй жұмысын орындағанда тиімді тұжырым жасай білесіңдер ме?

Үй жұмысы. №4

Бағалау

Астана қаласы

71 мектеп-лицейінің



Бастауыш сынып мұғалімі

Абдиева Айжан Сапарбековна

ІІ санат

Күні 13.12.2013жыл.

Ашық тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Желтоқсан тағылымы»

Мақсаты:

1.1986жылғы желтоқсан оқиғасының  тарихи

маңызын ашып, оқушыларға жеткізу.

2.Оқушылардың қосымша құжаттарды меңгере отырып, өздігінен

ізденіп, білімдерін толықтыру.

3.Жасақшылардан қайтпаған, қаймықпаған желтоқсаншылардың ерлігін үйрете отырып, жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентациялар,рефераттар,саяси карта,

газет-журналдардан мақалалар

Сабақтың түрі: ақпараттық-коммуникативтік сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы , қазақ әдебиеті ,география  пәндері

Сабақтың барысы:

Әнұран.


  1. жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, ата- аналар мен оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанында арналған «Желтоқсан тағылымы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

Әнұран орындалады.

2-жүргізуші: Әнұраным- жан ұраным

Айтар әнім- сөйлер сөзім.

Туған жерім- сағынарым

Республикам Әнұраным!


  1. Жүргізуші: 1986 жылы 16-17 желтоқсанда бұрынғы астанамыз Алматы қаласы, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «Тәуелсіздік керек» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!- деген тілек білдірді. Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының

Коммунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Геннадий Колбинді тағайындаған.

  1. Жүргізуші: Көрініс «Қайсар рухты Қайрат»

c:\users\1\downloads\images (24).jpg

  1. Жүргізуші: Хор «Желтоқсан тағылымы»

Желтоқсан алаңы

c:\users\1\downloads\images (5).jpg

1.Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...

2. Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.

Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,

Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.

Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.

3. Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ

Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.

Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.

4. Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады,

Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,

Сол заңға сай сені бақыт не сор іздеп табады.

... Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы

Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас. Оны да еске салады,

Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.


  1. Жүргізуші: Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісімен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сабира, Ләззат, Ерболға «Ақтау жөніндегі анықтама» қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды барынша, ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа- Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.

c:\users\1\downloads\images (38).jpgc:\users\1\downloads\images (4).jpgc:\users\1\downloads\images (32).jpg

  1. Жүргізуші: Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім- тәрбие берген егемен, тәуелсіз ел. Ал тәуелсіз ел- өз нышандары, жері, дәстүрі, әдет- ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз ел басқарушысы бар еркін ел. Ал әрбір азамат өз елінің негізгі нышан, белгілерін- рәміздерін, тілін, салт- дәстүрін, тарихын жақсы білуі қажет.

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

c:\users\1\downloads\images (43).jpg

ҚР Мемлекеттік Туы- ҚР-сының мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста- ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою- өрнек- алтын түсті. Тудың ені ұзындығының жартысына тең.



ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасы

c:\users\1\downloads\images (40).jpg

ҚР-сының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі- шаңырақ. Шаңырақ- мемлекеттің түп негізі –отбасының бейнесі. Шаңырақ- Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың , отбасының бейнесі. Тұлпар- дала дүлділі, ер- азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар- қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Бір шаңырақтың астында тату- тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп- өркендеуін, рухани байлығын, сан қырлы, алуан қырлы бет- бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.



  1. Жүргізуші: Хор «Рух пен тіл»

Отан туралы тақпақ айтылады.

  1. Оқушы:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.



  1. Оқушы:

Отан дейміз кең- байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.



  1. Оқушы:

Отан- тарих, Отан- тіл,

Жасаған елің, өз- халқың.

Отан- өлең, Отан- жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

4-оқушы:

Отан- сенің ата- анаң,

Отан-досың, бауырың.

Отан- өлкең, астанаң,

Отан- аудан, ауылың.

5-оқушы:


Отан- осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

1-жүргізуші: Жеке ән. Орындайтын 4 «Ә» сыныбының оқушысы Ешенғазин Занғар. Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: Хор «Егемен Қазақстан»

1-жүргізуші: Хор «Жасыл жайлау»

Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рақмет?



Астана қаласы

71 мектеп-лицейінің



бастауыш сынып мұғалімі

Абдиева Айжан Сапарбековна

Күні: 09.12.2014жыл

Сыныбы: 2 «Қ»

Пәні: Математика

абақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың периметрі

 Сабақтың мақсаты:

1) тік төртбұрыштың мәнді белгілерін анықтау және периметрін табу.

2) оқушының таным белсенділігін арттыру, ойын және математикалық тілін дамыту, игерген дағдыларын жетілдіру.

3) оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер:фигуралар, суреттер, кестелер, сызбалар.



 

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

 

                           Сабақтың барысы



 

1.Ұйымдастыру.

2. Психологиялық дайындық.

Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

«Ой қозғау» 3 сан аттай отырып сан айту.

3. Кіріспе. «Сөз құрастыру» Кестедегі жауаптарды өсу ретімен орналастыр. Олардың астына тұсындағы әріптерді жаз. Сөзді оқы.

Кестедегі жауаптарды өсу ретімен орналастыр. Олардың астына тұсындағы әріптерді жаз. Сөзді оқы.

30-1= Р 8+8= Е 18-9= И 14+5= Т

74-70= П 13-6= Е 4+7= М 17-9= Р



















































-Өткен сабақта біз көпбұрыштың периметрін өттік.

-Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?

-Көпбұрыштың периметрі дегеніміз не?

3. Жаңа сабақ.

- Оқушылар, бүгінгі сабақта сендер тік төртбұрыштың, шаршының периметрін тауып үйренесіңдер.

-Тік төртбұрыштың қандай қасиеттері бар?



c:\users\1\pictures\img6.jpg

-Өмірде тік төртбұрыш құрайтын қандай заттар бар?



c:\users\1\pictures\100953907_987952142.jpg c:\users\1\pictures\3582485.jpg c:\users\1\pictures\10807.jpg c:\users\1\pictures\d0d1d9c90a88828e212b42942a5ab954.jpg c:\users\1\pictures\vospteplo.jpg

4см

3см+4см+3см+4см=14(см) Бұл қосындыны және оның

мәнін тік төртбұрыштың периметрі деп атайды.

3см


c:\users\1\pictures\d0d1d9c90a88828e212b42942a5ab954.jpgҮйдің ауласын қоршауға шарбақ жасау керек болды. Ол үшін әр жағының ұзындығын білу керек.Ауланың ұзындығы 10 метр, ені 5 метрге тең. Шарбақтың ұзындығы қанша метр болады?


Формула:

P=a+b+a+b
Шешуі:

10м+5м+10м+5м=30м

10м+10м+5м+5м=30м

Периметрді латын әрпімен Р деп, ұзындығын-a, енін-b деп белгілейміз.




5 см 1. Шаршының қабырғаларын өлше?

2. Барлық қабырғаларының қосындысын жаз.

3.Бұл қосындыны және оның мәнін шаршының

периметрі деп атайды.




Шешуі:


Формула:

Р=а+а+а+а


5м+5м+5м+5м=20м
Топпен жұмыс

Сергіту сәті.



Оқулықпен жұмыс:

№2 Есеп құрастыр және шығар

3-есеп.Өрнекті жаз және оның мәнін тап.

а мен 30 санының қосындысы, мұндағы а =27; 8

а мен 6 санының айырмасы, мұндағы а = 76; 89

 

Сабақты қорыту. «Тез есепте» ойыны арқылы пысықтау.

Барлық қабырға тең екен,                                 Бұрыштары тік болса,

Өлшеп көрсем төрт екен.                                  Қабырғасы төртеуден.

Табуды біз үйрендік,                                         Ұзындығы 3 болса,

Периметрі нешеге тең?                                      Ені оның 2ге тең.

                                                                             Есептеп сен айта ғой,

                                                                             Периметрі нешеге тең?

Алдымда тұр үшбұрыш

Қабырғасы 4; 3; 3.

Бұл есептің периметрін

Айтып берші, байқағыш?



 

5.Бағалау.



6.Үйге тапсырма.№4, №5 109-бет

d:\акерке\20141209_145053.jpg c:\users\1\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\20141209_143945.jpg

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет