Асыл тұқымды жануарларды сатып алуға анықтама «Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттен субсидия төлеу ережелерін бекіту туралы»



жүктеу 17.42 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі17.42 Kb.
Асыл тұқымды жануарларды сатып алуға анықтама
«Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттен субсидия төлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2319 қаулысына сәйкес және «Мал шаруашылығын дамытуды қолдауды жергілікті бюджеттен субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 483 қаулысы негізінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан жұмыс Комиссиясы құрылды. Құрылған Комиссия субсидия алуға берген өтінімдерді қарайды:

1. жоғары сыныпты асыл тұқымды жануарларды сатып алуға, күтуге және өз төлi есебiнен кең ауқымда өсiру үшiн мал басын толықтыратын төлдi өсiру шығындарын 50 %-ға дейiн өтеу үшін;

2. Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға жұмсалған шығындарды 50 %-ға дейiн өтеу үшін:

а) Зырян ауданының «Средигорненский» ЖШС – 20,000 мың тенге,

б) Глубокое ауданының «Бобровка +» ЖШС – 67,750 мың тенге,

в) Бородулиха ауданының «Новая Заря ШҚ» ЖШС – 58,000 мың тенге,

г) Ұлан ауданының «Өскемен құс фабрикасы» АҚ – 50,0 мың тенге.

Ауыл шаруашылығы субъектiлерi субсидия алу үшiн аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмiне мынадай құжаттарды ұсынады:



  1. Субсидиялар алу туралы өтiнiм,

өтiнiмге мыналар қоса берiледi:

- агроөнеркәсiп кешен субъектiсiн (заңды тұлғаны) тiркеу туралы құжаттың

көшiрмесi (шаруа қожалығы үшiн - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi

бөлу туралы аудан әкiмi шешiмiнiң көшiрмесi);


- Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi;

- статистикалық картаның көшiрмесi;

- екiншi деңгейдегi банктiң ағымдағы шотының болуы туралы анықтамасы.

- Заңды мекенжайлары мен банктiк деректемелерi.

2. Асыл тұқымды малдың әр басын ұстау және мал басын
толықтыратын төлдiң әр басын өсiруге жұмсалатын шығындардың
анықтама-есебi.

3. Жеке куәлігінің көшірмесі.

4. Мемлекеттік жер актісінің көшірмесі.

Өтінімдер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 30 дейін қабылданады. Анықтама алу үшін мына мекенжай бойынша Өскемен қаласы, Головков көшесі 38/40, 7 бөлме, телефондар: 8 (723 2) 700-713, 700-714 хабарласу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет