АшимоваЗаурешСагидуллаевнаның 6D030100 – Құқықтану мамандығы бойынша философия (PhD) докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша конкурстық міндеттемелер»

Loading...


жүктеу 165.13 Kb.
Дата06.02.2017
өлшемі165.13 Kb.
АшимоваЗаурешСагидуллаевнаның

6D030100 – Құқықтану мамандығы бойынша философия (PhD)

докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша конкурстық міндеттемелер»

тақырыбына жазылған диссертациясына



АННОТАЦИЯ

Диссертацияның зерттеу тақырыбының өзектілігі.Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі аралығындағы кезеңге Қазақстан Республикасы Құқықтық саясаты тұжырымдамасында (қабылданған күні, баспа көзіне сілтеме) Қазақстанның азаматтық құқығы өз дамуының бірнеше кезеңінен өткені және республиканың ауқымды кодификацияланған актісі болып табылатын қазіргі Азаматтық кодекс заманауи азаматтық құқықтың идеяларын өзіне қабылдады. Кодекс тауар-ақша қатынастарын реттеудің: меншік нысандары теңдігінің және оған қол сұғылмаушылықтың, шарттың еркіндігінің, азаматтық айналым субъектілерінің теңдігі тәрізді негізгі принциптерін қалады. Азаматтық кодекстің негізінде нарықтық экономиканы дамыту үшін жағдайлар тудырған негізгі заңдар жинағы қалыптастырылды. Және Азаматтық кодекстің міндеттемелер туралы жалпы және арнайы нормаларын жетілдіру бойынша әрі қарай шаралар қабылдау бағыттарының бірі болып табылады.

Онымен қоса, 199 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімі) алдыңғы 1964 жылғы ҚазКСР Азаматтық кодексін ауыстырып, ертеректе Кеңес Одағының азаматтық құқығы аясында қарастырылмаған міндеттемелердің жаңа түрлерінің бірқатарын бекітті.


ҚР АК «Конкурстық міндеттемелер» 46-тарауына конкурс бастамашысының конкурстық тапсырмаларын орындаушылар ретінде конкурсқа қатысқан тұлғалардың арасында жарысуға, бәсекелестікке негізі бар міндеттемелер кіреді. Бүгінгі күнде 910-916 баптар сыйақыға жария уәде беру, аукцион, тендер негізінде пайда болған қатынастарды реттейді, сондай-ақ ойындар мен бәс тігуді, және лотореяларды реттейді. Міндеттемелердің аталған түрі қазақстандық азаматтық құқық үшін айтарлықтай жаңа болып табылады, өйткені ҚазКСР Азаматтық кодексінде тек «Сыйақыға жария уәде беруден пайда болатын міндеттемелер» 42-тарауының 437-439 баптары ғана конкурсқа негізделген міндеттемелерді реттеді, сондықтан бүгінгі күнде азаматтық құқық ғылымы терең ғылыми зерттеуді талап етеді.

Аталған баптармен реттелетін құқықтық қатынастар Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алған сәттен бастап сөзсіз өзектілікке ие болды, мысалы көпшілік және жеке мүдделерді қанағаттандыру үшін мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік мүлікті жекешелендіру саласында конкурстар айтарлықтай маңызды рөл атқарады.

Өкінішке орай, заманауи отандық құқықтық әдебиетте конкурстық міндеттемелердің азаматтық-құқықтық сипаттамасы қажетті дәрежеде түсіндірілмеген. Конкурстық міндеттемелерге арналған, қолда бар әдебиетте шағын көлемді әдебиет көздері басым (азаматтық құқық бойынша оқулықтардың тарауларының параграфтары, ҚР АК түсіндірмелер түрінде). Аталған басылымдарда қажетті тереңділік пен ғылыми талдау толықтығы жеткіліксіз. Конкурстық міндеттемелердің жеке түрлерінің егжей-тегжейлі зерттеулері де жоқтың қасы. Жарияланған жұмыстар конкурстың азаматтық-құқықтық сипаттамасы мен конкурс міндеттемелері сұрақтарын тиісті түрде ашпайды, оларда конкурстық міндеттемелер туралы негізгі ережелерді түсінудің түбегейлі сұрақтарының қатары бойынша айтарлықтай даулы пікірлерді кездестіруге болады. Автордың пікірі бойынша, қазақстан заңнамасында конкурстың құқықтық институтын дамытудың тарихи-құқықтық аспектілері де жеткіліксіз жазылған; конкурстық міндеттемелердің жеке түрлері мен бірсыпыра сұрақтар қатарының қатынастары мәселелері де жеткіліксіз ашылған; «конкурс», «конкурстық міндеттемелер», «аукцион» және «тендер» түсініктерін қолдану кезінде нормативтік-құқықтық актілердегі екі түрлі оқылуы есепке алынбаған; ойындар мен бәс тігуден пайда болатын азаматтық-құқықтық қатынастар тіпті зерттелмеген және реттелмеген. Лоторея әрекетін реттеу де даулы мәселе болып тұр. Осы диссертацияда қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша авторлық ұсыныстарды әзірлеу арқылы жоғарыда аталған олқылықтардың орнын белгілі түрде толтыруға, сондай-ақ азаматтық құқық доктринасын зерттеу тақырыбы бойынша жаңа идеялармен толықтыруға әрекет жасалған.

Жоғарыда айтылған жағдайлар конкурс институты мәселелерінің практикалық және теориялық тұрғыдан өзекті екенлігін көрсетеді.


Мәселенің ашылу дәрежесі.Азаматтық құқық бойынша оқулық және доктриналдық көздерді талдау М.И. Брагинский, В.В. Витрянский, О.С. Иоффе, И.И. Недужий, В.Н. Смирнов, Г.А. Суходольский, Е.А. Суханов, А.П. Сергеев, Ю.К. Толстой, Г.Ф. Шершеневичсияқты авторлар конкурстың және ҚР АК 46-тарауымен реттелетін конкурстық міндеттеме түрлерінің жеке сұрақтарына талдау жасағанын көрсетеді.


Отандық азаматтық құқықта конкурстық міндеттемелердің қандай да бір сұрақтары Ю.Г. Басин, А.Г. Диденко, Г.А. Жайлин, М.К. Сулейменов сияқты ғалымдардың зерттеу тақырыптары болған.

Жоғарыда аталған ғылыми зерттеулердің жалпы теориялық және практикалық маңыздылығына қарамастан, ол жұмыстарда конкурстық міндеттемелердің азаматтық-құқықтық ерекшеліктерін кешенді талдауға жеткілікті көңіл бөлінбегенін атап өткен жөн.

Конкурстық міндеттемелерді реттеу бойынша заңнамалық база көбінесе ҚР АК түсіндірмелерінде, оқулықтарда, оқу құралдарында талданғанын атап көрсетуге болады.

Қазіргі заманғы азаматтық құқық ғылымында «конкурс» және «конкурстық міндеттемелер» терминдерінің түсінуге, түсініктің дән өзегіне тұтас теориялық тұрғыдан қарамайды, конкурстық міндеттемелерді өткізудің белгіленген тәртібінен шығатын мәселелер талданбаған. Арнайы әдебиетте конкурс негізіндегі міндеттемелер белгілерінің бірде бір тұжырымдамасы жоқ. «Конкурс және тендер», «конкурс және аукцион», «аукционжәне тендер» түсініктері нақты ажыратылып, өзара қатынастары талданбаған. Аталған жұмыстардың басым көпшілігі басқа уақытта, басқа мемлекетте және қоғамдық-саяси жағдайда орындалғаны айтарлықтай рөл ойнайды, және салдарында қазіргі заманғы конкурстық міндеттемелердің көптеген аспектілері мен ерекшеліктерін көрсетпейді.



Диссертациялық зерттеу объектісі болып конкурстық міндеттемелерді азаматтық-құқықтық реттеу саласындағы қоғамдық қатынастар, сондай-ақ сыйақыға жария уәде беру, аукцион және тендер, сонымен қатар ойындар мен бәс тігу саласындағы азаматтық заңнама нормаларын қолдану теориясы, құқықтық негіздері және практикасы табылады.

Зерттеудің мәні Қазақстан Республикасы Конституциясының нақты баптары, конкурстық міндеттемелер саласындағы отандық және шетелдік азаматтық заңнама нормалары, конкурсқа негізделген міндеттемелерді қолдану салдарында пайда болған азаматтық істер бойынша сот практикасы, ғылыми еңбектер, заң жобалары, статистикалық материалдар болып табылады.



Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.Жұмыстың мақсаттары – конкурстық міндеттемелерге тереңдетілген азаматтық-құқықтық сипаттама беру, аталған жағдайлардың теориялық негіздерін талдау, сондай-ақ ҚР АК910-916 баптары құрамының заңнамалық құралымын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:



  • конкурстық міндеттемелердің азаматтық заңнамасын дамытуға кешенді ретроспективті талдау жасау;

  • конкурс пен конкурстық міндеттемелерге жалпы сипаттама беру;

  • шетел мемлекеттерінің азаматтық құқығы бойынша конкурсқа салыстырмалы-құқықтық зерттеу жүргізу;

  • конкурс белгілерінің логикалық-құқықтық талдауын жасау;

  • конкурстық міндеттемелердің әртүрлі түрлерінесалыстырмалы-құқықтық зерттеу жүргізу;

  • конкурс жіктемесі бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • сыйақыға жария уәде беруді өткізу ерекшеліктерін анықтау;

  • аукцион және тендер сияқты сауда нысандарына теориялық талдау жасау;

  • конкурстық міндеттемелер мен ойындардың және бәс тігулердің, сондай-ақ лотореялардың арасындағы айырмашылықты анықтау және ғылыми негіздеу;

  • конкурстық міндеттемелерді реттеу және оларды дұрыс қолдану практикасын қалыптастыру саласында азаматтық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеудің әдіснамалық негізі. Осы зерттеудің әдіснамалық негізіазаматтық-құқықтық ғылымға тән ғылыми талдау қағидалары мен әдістерінің тұтас кешенімен берілген. Жалпы ғылыми диалектикалық зерттеу әдісінің базалық постулаттары автор зерттеу объектісі мен тақырыбын тану үшін қолданған концептуалды ықпал негізіне жатты және қойылған міндеттерді шешудің нысандары мен тәсілдерін таңдауға себеп болды. Диссертацияны жазу барысында философияның, социологияның және азаматтық құқықтың доктриналдық ережелері қолданылды.

Өткізілген зерттеудің негізін жалпыға ортақ тану әдісі – диалектикалық әдіс, сондай-ақ жалпы ғылыми зерттеу әдістері – талдау, оның ішінде жүйелі талдау, индукция және т.б. құрады. Жеке ғылыми әдістерден диссертацияда нақты-социологиялық, статистикалық, салыстырмалы-құқықтық, гипотетикалық-дедуктивті зерттеу әдістері қолданылды.

Жеке ғылыми әдістерден диссертацияда, келесілер қолданылды:

– нақты-социологиялық, сауалнамалар, интервью және сот-тергеу тәжірибесін зерттеу арқылы конкурстық міндеттемелерді реттейтін азаматтық заңнаманың ережелерін қолдану туралы мәліметтер алуға мүмкіндік тудырады;

– тарихи-құқықтық – конкурсты реттеудің тарихи тәжірибесін зерттеуге қолданылады;

– формальді-логикалық, заңда көзделген конкурс белгілерін егжей-тегжейлі талдау;

– салыстырмалы-құқықтыққұқықтану, конкурс пен конкурстық міндеттемелерді реттеу сұрақтарында шетелдік заңнаманы талдау жүргізіледі;

– статистикалық, конкурсты өткізу туралы статистикалық мәліметтерді жинау және талдау;

– құжаттамалық әдіс – выборочное изучение гражданских дел по проведению конкурсных обязательств;

– гипотетикалық-дедуктивті зерттеу әдісі,эмпирикалық фактілер туралы тұжырымдамалар шыққан зерттеу тақырыбы бойынша өзара дедуктивті байланысқан гипотезалар жүйесін құруға көмектеседі.



Диссертациялық зерттеу процесінің өзі әдіснама «механизмімен» реттелген, ал әдістеме негіз құраушы ғылыми талаптар қандай тәртіпте және қандай кезектілікте орындалғанын анықтаған. Аталған талаптарды сақтау авторға репрезентативті іріктеу жасауға, қажетті эмпирикалық материал жинауға мүмкіндік тудырды.

Зерттеудің нормативтік негізінҚазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, конкурстық міндеттемелердің реттейтін сұрақтары, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының нормалары,Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Негізгі және Ерекше бөлімдері), 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық процессуалдық кодекс, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы», 2011 жылғы 1 наурыздан «мемлекеттік мүлік туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардан «Ойын бизнесі туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының нормативтік қаулылары, Қазақстан Республикасының заңға байланысты нормативтік актілері құрайды. Салыстыру мақсатында Аустрияның(1812 жылғы Аустрия азаматтық ережелері), Бельгияның («Құмар ойындар, ойын мекемелері және ойыншыларды қорғау туралы» заң, 1999 жыл), Ұлыбританияның (Құмар ойын туралы 1845 жылғы акт, 2007 жылғы «Құмар ойындар туралы» Заң), Германияның (1896 жылғы Германияның азаматтық ережелері), Голландияның (1964 жылғы «Ойын әрекеті туралы» Заңы), Қытай Халық Республикасының (2000 жылғы «Конкурстар мен сатып алулар туралы» Заңы), Ресей Федерациясының (Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексі), АҚШ (Құрама Штаттар заңдарының жинағы, келісімшарттар рәсімі мен нысанын реттейтін Федералдық Қағидалар Жинағы (CFR), Федералдық сатып алулар қағидалары), Францияның (Францияның Азаматтық Кодексі 1804 жылғы), Чехияның (2014 жылғы Азаматтық кодексі, 1994 жылғы «Жария тапсырыстарды орналастыру туралы» Заңы) және басқа да шетелдік мемлекеттердің конкурстық міндеттемелерді реттейтін азаматтық заңнамалары қолданылған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.Диссертация 1999 жылы ҚР АК Ерекше бөлімін қабылдағаннан кейін, конкурстық міндеттемелердің азаматтық-құқықтық мәнісін тереңдетіп, монографиялық зерттеуге арнайы арналған алғашқы жұмыстардың бірі болып табылады. Жұмыста Қазақстан Республикасы мен бірқатар шетел мемлекеттерінің азаматтық заңнамасындағы соңғы өзгерістер егжей-тегжейлі талданған. Аталған диссертацияда автор бүгінгі күнге дейін арнайы ғылыми зерттеулердің тақырыбы болмаған зерттеу міндеттерін қойып, оларды шешкен. Сонымен қатар, конкурс түсінігінің, оның пайда болу белгілері мен негіздемелерінің заңнамалық анықтамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар негізделген, сондай-ақ жаңа теориялық ережелер қатары әзірленген. Жеке алғанда, автор ҚР АК Ерекше бөлімінде конкурстың орнын көрсетуге әрекеттеніп, конкурстық міндеттемелерді тектік түсінік ретінде сипатталатын жаңа дефинициялар мен анықтаулар ұсынған. ҚР АК910-916 баптарының мазмұны, редакциясы және құқықтық бағдары талданған, конкурстық міндеттемелердің негізгі белгілері анықталған, сонымен қатар заң шығарушыға тиісті ұсыныстар жасалды.

Қорғауға шығарылатын диссертацияның негізгі ережелері:

Зерттеудің ғылыми жаңалығын қорғауға шығарылатын келесі ережелер анықтайды:



  1. Конкурс пен конкурстық міндеттемелердің азаматтық-құқықтық мәнісін дұрыс анықтау үшін оларды, ең алдымен, тарихи аспектіден, азаматтық заңнаманың дамуын тарихи талдау процесінде қарау керек. Аталған аспектіде зерттеу маңыздылығы мен құндылығы азаматтық құқық көздерінің мемлекеттің дамуының белгілі кезеңдерін оқиғалардың өзара байланысында көрсетілуімен анықталады, сондықтан қоғамда болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларды, олардың азаматтық заңнаманың өзгеруі мен дамуына ықпалын терең және мағыналы түсінуге мүмкіндік тудырады.

Конкурсты өткізудің тарихи салыстырмалы-құқықтық талдауы Рим империясында пайда болған сәттен бастап конкурс өзінің даму жолын оны сауданың бір әдісі ретінде қабылдаудан кез келген өркениетті мемлекет өмірінің экономикалық аспектілерін реттеудің маңызды мемлекеттік-құқықтық құралы ретінде қабылдауға дейін өткенін және бүгінгі күнде мәмілелер жасаудың айтарлықтай сұранымдағы механизмдердің бірі болып келе жатқанын көрсетеді. Осылайша, конкурстар кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру кезінде шаруашылық айналым субъектілерінің жалпы мүдделерін де (мысалы, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру, мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде), сонымен бірге жеке мүдделерін де бір уақытта қамтуға мүмкіндік тудырады.

2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлімі)Конкурстық міндеттемелер 46- тарауын бөліп шығарды да оған келесі міндеттемелер енгізді: сыйақыға жария уәде беру, лотереяларды, тотализаторларды және өзге ойындарды өткізу ерекшеліктері, тендер және аукцион. Қандай да бір шар міндеттемесін конкурстыққа жатқызу сұрағын шешу үшін, құқықтық практика және құқық қолдану әрекеті барысында бір мезгілде болуы конкурсты дәлелдейтін жүйені, белгілер жиынтығын анықтау керек. Сонымен қатар қандай да бір міндеттемелерді конкурстық міндеттемелерге нақты жатқызудың болмауына байланысты, азаматтық құқық ғылымы үшін конкурстың оны міндеттемелердің басқа түрлерінен айыратын негізгі белгілерін анықтау керек. Міндетті жиынтығы қандай да бір міндеттемелерді конкурстық міндеттемелерге жатқызуға дәлел болатын келесі белгілерді бөліп, тиісті өзгерістерді ҚР АК 910-бабының 2-тармағына жатқызу ұсынылады:



  1. Конкурс жария оферта мен акцепт қатынасы емес, бір жақты мәміле болып табылады.

  2. Конкурс өткізу кезінде сайысушылық. Конкурстың бастамашысы қатаң бәсекелестік күреске қатысатын конкурс қатысушыларының ішінен ұсынысы ұйымдастырушы қойған талаптарға барынша сәйкес келетін біреуін ғана таңдайтын ұйымдастырылған бәсекелестік.

  3. Конкурс сыйлығы материалдық сыйақы да, сондай-ақ болашақ экономикалық пайдалар да болуы мүмкін сыйлыққа уәде беруден пайда болатын құқықтық қатынас болып табылады.

  4. Конкурстың жариялылығы, сондай-ақ ашық және жабық конкурстарды өткізу ерекшелігі.

  1. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі «конкурс» түсінігіне нақты анықтама бермейді. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша конкурстық міндеттемелердің мәнін анықтау үшін оның мәнін ашып, «конкурс» терминіне ғылыми түсінік беру керек те одан кейін ҚР АК тиісті түсінігін ашу қажет. Басқаша айтқанда,ҚР АК 910-бабының 1-тармағын келесі редакцияда мазмұндау дұрыс деп ойлаймыз:

«Конкурс – бұл сыйлығы материалдық сыйақы да, болашақ экономикалық пайдалар да болуы мүмкін, жеңімпазды марапаттаумен байланысты бір жақты міндеттемелер жиынтығы бұнда оның бастамашысы ашық немесе жабық түрде конкурс қатысушыларының арасында ұйымдасқан бәсекелестіктің пайда болуы үшін жағдай тудырады, және өз құрған жағдайлардың негізінде жеңімпазды анықтайды».

  1. ҚР АК 910-бабының 1-тармағына заң шығарушы ҚР АК 46-тарауында реттелетін конкурстық міндеттемелерге анықтама береді. Аталған анықтамада заң шығарушы «конкурс» және «конкурстық міндеттемелер» терминдерін бөліп шығарады деп айтуға болады. Аталған баптың мағынасына қарай бұл екі түсінік бірігеді.Конкурспен салыстырғанда конкурстық міндеттемелер синонимдер болып саналмайды, өйткені конкурсқа қарағанда конкурстық міндеттемелер өзінің пайда болуына байланысты да, мазмұнына байланысты да оның сан-алуан түрлерін біріктіретін тектік түсінік болып келгендіктен «Конкурс» және «конкурстық міндеттемелер» түсініктерін дұрыс пайдалану үшін олардың арасын шектеу керек.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде сатып алуларды өткізудің тәсілдерінің бірі ретінде ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңында қолданылатын «конкурс» термині азаматтық құқық теориясындағы «конкурс» түсінігіне аукционмен қатар сауда нысандарының бірі ретінде ұсынылып, қарама-қайшы келеді.

Осылайша, конкурстық міндеттемелер дегеніміз – бұл конкурс жариялауға негізделген міндеттемелер, жәнесыйақыға жария уәде беру,аукцион және тендер сияқты міндеттемелерге қатысты тектік түсінік болып табылады.



  1. ҚР АК913-914 баптары лотореялар, тотализаторлар және өзге ойындар өткізу ерекшеліктерімен байланысты құқықтық қатынастарды реттейді. Аталған түсініктердің тура анықтамалары Азаматтық кодексте бекітілмеген, заң шығарушы аталған түсініктер жалпыға белгілі деп шешкен сияқты. Бірақ, аталған міндеттемелерді реттеу саласында нормативтік-құқықтық базаны, жеке айтқанда ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңын талдай отырып, біз заң шығарушы жұмысында келесі олқылықтар жіберген деп ойлаймыз: 2007 жылғы 12 қаңтардағы ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңында берілген анықтамалар «құмар ойын» және «бәс тігу» түсініктерін дұрыс тұжырымдамайды. Аталған заңда «құмар ойын» және «бәс тігу» түсініктері оларда «жеке қатысу» белгісі бойынша ғана ерекшеленеді. Оған қоса, «құмар ойын» түсінігі «бәс тігу» түсінігінен ауқымды. Сәйкесінше, «бәс тігу» терминін «құмар ойын нысаны» ретінде анықтау қажет.

Осыған байланысты, біз «құмар ойын» және «бәс тігу» түсініктері тектік және түрлік түсініктер ретінде қатынасады деп санаймыз.

Сонымен қатар азаматтық заңнама ойындардың барлық түрлері үшін бірдей құқықтық салдар қарастыратындықтан, біздің ойымызша, азаматтық құқық үшін айтарлық дұрысы ҚР АК 913-бабында бекіту қажет «құмар ойын» түсінігі. Нақ осы термин кодификацияланған акт деңгейінде (ҚР АК) анықталу керек, онда «құмар ойын деп ережелермен анықталған кездейсоқ шарттар туындаған кезде ойын барысында сайысу және эмоционалды қарқындық негізінде қатысушылардың біреуі екіншісінің есебінен мүліктік пайда (ұтыс) алу мүмкіндігіне бағытталған, тәуекелге негізделген келісімді түсіну керек».

Осыған орай, «бәс тігу» анықтамасын ҚР Азаматтық Кодексінде келесі түрде тұжырымдау керек деп санаймыз: «бәс тігу–қатысушылар өзара немесе ойын мекемесінің уәкілімен жасаған тәуекелге негізделген ұтыс туралы келісімнің нәтижесі, бәс тігуге қатысушылар оқиғаның барысына қатыспайды деген шартта оқиғаның болуы немесе болмауы белгісіз, оқиғаға тәуелді құмар ойынның нысаны».


  1. Ойындар мен бәс тігулерден пайда болатын құқықтық қатынастарды тереңнен талдау аталған құқықтық қатынастарды алеаторлық қатынастарға, басқаша айтқанда, тәуекелдік сипаты бар қатынастарға жатқызуға негіздеме береді. Ойындар мен бәс тігулер өткізу туралы шарттардың алеаторлық сипаты оларды тәуекелді болып табылмайтын басқа азаматтық-құқықтық шарттардан еш қиындықсыз айыруға мүмкіндік тудырады. Осылайша, сыйақыға жария уәде беру немесе конкурс жариялау не кездейсоқ жағдайдың пайда болуымен тіпті байланыспайды, не қатысушының мүлкін жоғалту мүмкіндігін болжамайды.

Ойын және бәс тігу шарттары алеаторлық шарттардың ішінде өз алдында ерекше топ болып табылады, өйткені тек өзіне тән ғана қасиеттері бар. Ойын және бәс тігу шарты екі жақты-міндетті болып табылады, өтемсіз және өтемді сипатта болуы мүмкін, шынайы немесе консенсуалды болуы да мүмкін.Оны ұйымдастырушы құмар ойынның басталғанын хабарлаған сәтте жария шарт ретінде, белгілі жағдайларда – қосылу шарты ретінде (ұйымдастырушы, ойынның айтарлықтай шарттарын анықтай отырып, ойнаушылардың оларға өзгерістер енгізу мүмкіндігін шектеген жағдайда)қарауға болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, біз заң шығарушы ҚР Азаматтық Кодексінің 46-тарауына тіпті әртүрлі құқықтық қатынастарды бір ғана белгісі – сайысу белгісі бойынша ғана енгізеді деп санаймыз. Ойын мен бәс тігудің, сонымен қоса лотореяның құқықтық табиғатының ерекшелігі – оларды бір мезгілде конкурстық міндеттемелер деп тануға және сыйақыға жария уәде берумен, тендермен және аукционмен бірге Азаматтық кодекстің тарауына енгізуге болмайды.

Осылайша, біз ҚР АК 46-тарауынан 913, 914 баптарды алып тастап, ҚР АК-не «Ойындар мен бәс тігу өткізудің негізінде пайда болатын міндеттемелер» тарауын енгізуді ұсынамыз.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығыондаконкурстық міндеттемелерді реттеу мәселесіне жататын азаматтық құқықтың Ерекше бөлімінің ережелер қатары анықталады және нақтыланады. Аталған құқықтық қатынастардың сипаттамасы біздің елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды есепке ала отырып өткізілді. Осылайша, диссертация азаматтық құқық теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосады, өйткені конкурстық міндеттемелердің азаматтық-құқықтық сұрақтарын зерттеуге кешенді қарауға қатысты олқылықтарды толтырады. Автордың қорытындылары мен ұсыныстары заматтық құқық ғылымы аталған мәселелерді одан әрі зерттеу кезінде пайдалануға құнды болып табылады.

Диссертациялық зерттеудің практикалық маңыздылығы оны азаматтық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ аталған азаматтық істер санатында ҚР Жоғарғы Соты Пленумдарының Қаулыларын әзірлеу кезінде қолдану мүмкіндіктерімен анықталады. Оған қоса, зерттеудің нәтижелері мемлекеттік сатып алуларды өткізудің мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің, жеке құрылымдардың тендерлер мен аукциондарды өткізуінің, сыйақымен жария конкурстарды өткізудіңзаң қолдану практикасында, сондай-ақ жоғарғы құқықтық білім беру мекемелерінде университеттердің заң факультеттерінде оқу процесінде азаматтық құқық бойынша курстың тиісті тарауларын оқыту кезінде қолдануға жарайды.



Зерттеу нәтижелерін байқаудан өткізу. Диссертация Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің азаматтық және азаматтық процессуалдық құқық кафедрасында орындалып талқыланған. Өткізілген ғылыми зерттеудің нәтижесінде жасалған теориялық қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды автор 2010-2015 жылдар аралығында ғылыми мақалалар түрінде келесі журналдарда жариялады:

Диссертациялық зерттеудің негізгі ережелері тоғыз басылымда жарық көрді, оның үшеуі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған баспаларда; біреуі – Ресей Федерациясының ғылым докторы және кандидаты (құқық бойынша) ғылыми дәрежесін қорғауға диссертациялық зерттеулердің негізгі нәтижелерін басу үшін рецензияланатын журналдар мен басылымдардың тізіміне енгізілген журналдың басылымында, және тағы екеуі – Scopus компаниясының мәліметтер базасына кіретін халықаралық ғылыми баспаларда орналастырылған.

Диссертацияның жеке қорытындылары мен концептуалды ережелері«Экономикада, әлеуметтануда, білім беруде, құқықтануда, жобаларды басқаруда, медицинада, экологиядаинновациялық даму» (РФ, Санкт-Петербург, 2012); «Қазақстан Республикасында құқықтық мониторинг: теория, мәселелер, перспективалар» (Астана, 2013); «Ресей Адвокатура және Нотариат Академиясының ғылыми еңбектері» (РФ, Москва, 2013);«Жалпы ресейлік ЖОО-ның арасындағы «Құқық, адвокатура, нотариат» ғылыми оқулары» (РФ, Москва, 2013) сияқты халықаралық конференцияларда баяндалып, талқыланды.

Диссертациялық зерттеудің нәтижелері ҚазақГуманитарлық-Заң Университетінің оқу процесіне және ғылыми-зерттеу қызметіне енгізілген.



Онымен қоса, докторанттың ғылыми тәжірибеден өту кезінде аталған зерттеудің материалдары М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің азаматтық құқық кафедрасында, сондай-ақРесей Адвокатура және Нотариат Академиясының азаматтық құқық кафедрасында талқыланды.
: documents
documents -> «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
documents -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
documents -> «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,
documents -> «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,
documents -> «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік
documents -> Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...