Арнайы секіру жаттығулары, дүркін секіріс

Loading...


Дата28.03.2020
өлшемі49 Kb.



Арнайы секіру жаттығулары, дүркін секіріс.

Секірудің көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы-бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе-тең қозғалыстар жасайды. Аяқ алдын ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның нәтижесінде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқу алған бұрышына сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық (парабола) бойымен ұшады. Физикалық дене үшін де, жануарлар организмі үшін де дененің ауырлық орталығы ұшатын деңгейі мен ауырлық орталық ытқу алатын бұрышы бірдей болады. Бұл байланыстылық мынада, егер ауырлық орталық тірек бетінен оған 900 бұрыш жасай ытқитын болса, онда дене ептеп жоғары көтеріледі де, қайтадан сол өз орнына түседі. Егер серпу 450-қа сәйкес келсе басқа жағдайлар бірдей болғанымен ұшу қашықтығы ең көп болады. Егер , бұл бұрыш 450-тан үлкен, бірақ 900-тан кіші болса, онда адам биігірек, бірақ жақынырақ ұшады, ал 450-тан аз болса, ұшу төменде, түсу қашықтығы да алыс болмайды. Бірақ, іс жүзінде бірқатар қосымша жағдайлардың ықпалымен ұшу қашықтығын алыстатуға мүмкіндік бар. Мысалы, қашықтыққа жүгіріп барып секіретін болса, 450-тан аз бұрыш жасай секіргеннің өзінде барынша алысқа ұшып түсуге болады. Бұлай болатын себебі-екпінмен секіргенде ытқу бағыты ғана емес, сонымен бірге дененің екпін алар алдындағы әрекет қимылында үлкен маңызы бар. Дене итеріліп ытқу алатын бұрыштың шамасына қарсы соққан жел мен арттан қуалай соққан жел де әсер етуі мүмкін.

Секірудің қандай түрі болмасын солардың біреуін орындаған кезде негізгі әсер ететін күштер - жерден күш ала тіреніп жылжып кету күші мен дененің өзінің ауырлық күші болып саналады. Ауырлық орталықтың қалықтау жолын осы екі күштің шамасы мен бағытына байланысты тең әрект ететін қалықтау жолы дап есептеуге болады.

Бүкіл секірісті негізгі 4 кезеңге бөлуге болады. Олар:

Дайындық кезеңі

Ытқу кезеңі

Ауада қалықтау кезеңі

Жерге түсу кезеңі

Дайындық кезеңі тізені бүгуден және осымен бірге мезгілде ауырлық орталық тігінің алға, тірек ауданының шетіне қарай ауысуынан басталады.

Ытқу кезеңі немесе ырғу кезеңі аяқ буындарының бірден тез жазылуынан тұрады. Буындардың осылай шапшаң жазылуы нәтижесінде тіреліп жылжу дененің ауырлық орталығына беріледі, сөйтіп осының ізінше қалықтау кезеңі басталады. Ытқу сәті өте-мөте жауапты сәт болып табылады, өйткені бүкіл дене бұлшық еттерінің, солардың ішінде аяқ бұлшық еттерінің барынша жиырылуын талап етеді. Табандағы барлық бұлшық еттер жиырылады, балтырдың артқы және сыртқы бетіндегі бұлшық еттер, санның төрт басты бұлшық еттерінің бастары, ұршық буынының артындағы бұлшық еттер күшті жиырылады.


Қалықтау кезде дене ауырлық күшінің доға сызық деңгейі алдын –ала (ытқу кезеңінде) берілгендіктен оның тек сырттан әсер ететін күш арқылы ғана (мысалы, қарсы алдынан соққан немесе жолай соққан желдің күшімен ғана) өзгертуге болады. Секірудің әдеттегі жағдайлары кезінде сыртқы күштер денеге айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ бұлшық еттердің қозғалыстары арқылы дененің қалпын оның өз ауырлық орталығының қалықтау деңгейін өзгертуге болады. Денені көлденең немес бүгілу қалыптарына келтіруге мүмкіндік бар. Дененің қалпын осылай өзгкрту арқылы дәл осы траекторияда қалықтау биіктігі мен қашықтығын белгілі дәрежеде арттыруға немесе азайтуға болады. Таяқшадан асып секірген уақытта денені бүгу арқылы дене таяқшаның үстімен өтсе де оның ауырлық орталығын таяқшаның астынан өткізуге болады дейтін пікір бар. Теориялық тұрғыдан бүкіл дененің қозғалысы мен оның ауырлық орталығының қозғалысы арасында мұндай ара қатынасты мүмкіндік деуге болады. Секірген кезде қолдарды қозғалтудың белгілі маңызы бар. Егер түрегеп тұрып қолды шапшаң әрі күшті сермейтін болса, онда бүкіл дененің аздап орын ауыстырғанын байқауға болады. Қолдарын жұлқып сермеу арқылы спортшы дене салмағының екпінін жеңеді, сөйтіп оларды кейбір қозғалыстарға келтіреді. Сөйтіп қолдың салмағы дененің салмағынан көп болғанымен бүкіл дененің, массалық екпінін жеңеді. Сол себептен секірудің ытқу кезеңінде қолдың сермеуі дененің жалпы ауырлық орталығының траекториясына біраз әсер етеді. Қалықтау кезеңінде бүкіл дене өз қалпын ептеп өзгертеді. Егер ұзындыққа секірудің ытқу сәті кезінде ауырлық орталығының тік сызығы тірек ауданының алдынан өтетін болса, жерге түсу сәтінде ол оның арт жағынан өтеді.

Секіру жерге түсу кезеңімен аяқталады. Жерге түсу кезінде аяқтың бұлшық еттері дене жерге түскенде алатын соққыны жеңілдету жұмыстарын атқарады. Жерге түсу кезінде аяқ тиетін жер немесе алаң ауырлық орталығының қалықтау доғасының жалғасына орналасса ғана тепе-теңдікті сақтауға болады. Басқаша айтқанда, бұл жалғас жерге түсу алаңының ішімен өтуге тиіс. әдетте ұзындыққа секірген кезде жерге алдымен өкше тиеді, соның салдарынан бүкіл аяқ басының солқылдақтық қасиеті толық пайдаланылмайды. Жерге аяқтың ұшымен түсу аяқ басын қатты бүгуді талап ететіндіктен іс жүзінде оны орындау мүмкін емес. Ытқу сәтінде қолдың жоғары қарай сілтенуі демді ішке қарай алуға ықпал етсе, қалықтау кезінде тыныс біраз тоқталып қалатыны байқалады, ал жерге түсу кезеңі демді іштен шығаруға ықпал етеді.

Дененің айналма қозғалыстарының тәнтанулық сипаттамасы

Біз жоғарыда айтқандай дененің үдемелі қозғалысынан басқа айналма қозғалысиары да болады. Мұндай қозғалыстар кезінде бүкіл дене өзінің жекелеген нүктелері мен кейбір біліктердің маңында шеңбер сызып шығады. Айналмалы қозғалыстар көбінесе гимнастикада, конькиді мәнерлеп тебуде , суға секіруде және тағы да басқа спорт түрлерінде кездеседі.



Әр дененің өзінің екпіні болатыны белгілі. Сол себептен оны тыныштық жағдайынан шығару үшін немесе оның қозғалу бағытын өзгерту үшін денеге белгілі бір күш жұмсау қажет. Үдемелі қозғалыстар кезінде мұндай қарсылық дененің салмағына тура сәйкес, ал айналма қозғалыстар кезінде дененің екпін сәтіне тура сәйкес. Айналма қозғалыстар кезінде айналып тұрған дененің екпіні байқалады. Екпін сәтінің айналудың бұрыштық жылдамдығына көбейтіндісі тұрақты шама болып табылады. Оны айналу санының тұрақтылық заңы дейді. Дененің екпін сәтін өзгерту арқылы айналудың бұрыштық жылдамдығын өзгертуге болады. Адам денесінің екпін сәті дененің пішініне қарай өзгеріп отырады. Бүкіл дененің екпін сәті түрегеп тұрған адамда шамамен 1,2 кг/м2-қа, жүрелеп отырған адамда-2,3 кг/м2-қа, ал жатқан адамда 17 кг/м2-қа тең .

Қандай болса да айналу сипатындағы жаттығуларды орындаған кезде бүкіл дененің немесе оның бір бөлігінің екпін сәтін өзгертуге тырысады, Мысалы, пируэтті орындаған кезде аяқ-қолды дененің ұзына бойлық білігіне жақындату арқылы бүкіл денені екпін сәтін шамамен 7-есе, сальтоны орындағанда 3-есе азайтуға болады. Егер екпін сәті 3-есе азаятын болса, онда бұрыштық жылдамдық 3-есе артады, және керісінше болады (дене айналуды тездетеді немесе оны баяулатады). Дененің айналма қозғалысына мысал ретінде, бір орында тұрып артқа қарай сальто жасауды келтіруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...