«Қаржылық тәуекелдерді басқару» пәні бойынша дәрістер Тақырып. Қаржы тәуекелдерінің теориялық негіздері

Loading...


бет1/2
Дата25.03.2020
өлшемі0.53 Mb.
  1   2
«Қаржылық тәуекелдерді басқару» пәні бойынша дәрістер


  1. Тақырып. Қаржы тәуекелдерінің теориялық негіздері.




  1. Қаржы тәуекелдерінің теориялық негіздері.

  2. Тәуекелдiктi анықтау

  3. Тәуекелдің категориялары




  1. Қаржы тәуекелдерінің теориялық негіздері.

Қазақстандық нарықтың қаржылық тәуекелдерін бағалау және басқаруды жетілдіру проблемасын шешудің практикалық маңызы және өзектілігі осы негізде нарық қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату мүмкіндігімен анықталады. Қаржы нарығының қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату осы нарықтың тұрақтануына әкеледі, ал бұл өз кезегінде бүкіл елдің экономикасының тұрақтануына себебін тигізеді.

Кез келген кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелмен тығыз байланысты болады. Оның ықпал ету дәрежесі нарықтық экономикаға байланысты біршама артуда.

Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың ішінде ең күрделілерінің бірі болып табылады. Тәуекел – бұл бір жағынан, барынша мүмкінді қауіптілік, ресурстардан айырылу мүмкіндігі немесе ресурстарды ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық алмау, басқа жағынан, тәуекелдің арқасында қосымша пайда табу мүмкіндігі. Шынында да тәуекелдің салдарын біз алдын-ала нақты айта алмаймыз. Тәуекелге бару арқылы кәсіпорын табыс табуы да мүмкін, сонымен қатар оның шығынға ұшырамайтынына да ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан да қаржы менеджменті табыс алу мүмкіндігін ылғи да тәуекелмен байланыстырады. Тәуекел және табыс – өзара байланысты қаржылық категориялар.



Тәуекел – бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі деп оның қаржылық қызметінің жүзеге асырылуының шарттарының белгісіздігі жағдайында табыстар жоғалту немесе капитал жоғалту формасында жағымсыз қаржылық салдарлардың пайда болу ықтималдылығы түсіндіріледі.

Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның пайда болуын қандай да бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әртүрлі шараларды қолдануға және тәуекел дәрежесін төмендетуге шаралар қабылдауға болады.

Тәуекелдердің сыныпталуы деп белгілі бір мақсатқа жету үшін қандай да бір белгілер бойынша тәуекелдерді жеке топтарға бөлуді түсінуге болады. Мүмкін болатын нәтижеге байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті тәуекелдер.

Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже aлy мүмкіндігін білдіреді. Мұндай тәуекелдерге табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің кейбір түрлері (мүліктік, өндірістік және сауда тәуекелі) жатады.

Спекулятивті тәуекелдер оң нәтиже де, сондай-ақ теріс нәтиже де алу мүмкіндігімен айқындалады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.
2. Тәуекелдiктi анықтау
Қаржы менеджменті табыс алуда ылғи да тәуекелге тәуелді. Тәуекел және табыс бір-бірімен өзара байланысты және өзара себеп-салдарлы қаржылық категория. Тәуекел дегеніміз – ол табыссыз жағдайда, осының салдарынан мүмкін болатын залалдар алу және келеңсіздіктердің аяқталуының анықсыздығын көрсететін кез-келген өндірушінің қызметін сипаттайтын сәттер. Тәуекел келешек жағдайдың анықсыздығымен байланысты. Нақты оқиғалардан күтілетін оқиғалардың айырмашылығында тәуекел пайда болады. Тәуекел ұтыс және жоғалтуды ескерте алады. Егер біз сәттілікке үміттенсек бірақ әрекеттенбесек, бұл енжар позиция. Егер біз негативтік әсерлерден қауіпсізденуге тырыссақ және болашақта қолайлы нәтижеге жетуге әрекеттенсек, бұл белсенді позиция.

Тәуекел – бұл жағымды нәтижеге апаратын әрекет. Әрине тәуекелден қашып құтылуға болады, ол үшін тәуекелмен байланысты шаралардан ауытқу қажет. Бірақ та кәсіпкер үшін тәуекелден қашу мүмкін болатын пайдадан айырылуды білдіреді.

Ал, қаржылық тәуекел дегеніміз – қаржы ресурстарын жоғалту мүмкіншіліктеріне байланысты болатын саудалық, коммерциялық тәуекелдер, яғни ақша ресурстарының кейбір операциясын жүргізгенде биржа саласында қордағы бағалы қағаздар нарығы операциялар жасаған кезде жоғалтатын қаржылар. Қаржы менеджері үшін тәуекел – мүмкін болатын қолайсыз қорытынды. Тәуекел экономикалық категория болғандықтан қандай да бір істі жасау мүмкіншілігін білдіреді. Ол үш экономикалық қорытынды нәтиже береді: ұнамсыз (ұтылыс, зиян, шығын); нольдік; ұнамды (ұтыс, пайда, табыс).



Қаржылық тәуекелдің ерекшелігі зиянның шабуылдау ықтималдығы болып табылады, нәтижесінде қандай болмасын өткізу операцияларының қаржылық-несие және биржалық сфераларда құнды қағаздар қорымен тәуекел операцияларының іске асырылуында. Қаржылық тәуекелдер қаржылық нарықта банктің негізгі қызметімен байланысты тәуекелдер. Берілген тәуекелдерді банктік қызметтің жалпы бағыттарына және нарық түрлері бойынша бөлуге болады. Мысалы, қаржыландыру тәуекелі банкпен, оның қалайтын көлемде өзінің операцияларын қаржыландыруға мүмкіндігі жоқтығынан пайда болады. Кейбір кездерде нарық банкке, оның қалаған сомасын бере алмайды, бұл банктің несиелік рейтингінің төмендігінен немесе банк контрәріптестер жағынан банкке лимиттерді төмендетуге байланысты болады.
3. Тәуекелдің категориялары
Пайда болуының негізгі себебіне байланысты тәуекелдер келесідей категорияларға бөлінеді: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер.

  • Табиғи тәуекелдерге табиғаттың апатты күштерінің көрініс табуымен, яғни жер сілкінісімен, су тасқынымен, боранмен, өртпен, эпидемиямен және тағы басқалармен байланысты тәуекелдер жатады.

  • Экологиялық тәуекелдер – бұл қоршаған ортаны ластаумен байланысты тәуекелдер.

  • Саяси тәуекелдер – елдегі саяси жағдаймен және мемлекеттің қызметімен байланысты тәуекелдер. Саяси тәуекелдерөндірістік-сауда процесінің шаруашылық субъектіге байланыссыз себептер бойынша бұзылуынан пайда болады.

  • Транспорттық тәуекелдер — бұл жүктерді автомобильмен, су көлігімен, өзен көлігімен, теміржол көлігімен, самолеттермен және тағы басқа да көлік түрлерімен тасумен байланысты тәуекелдер.

  • Коммерциялық тәукелдер – қаржылық-шаруашылық қызмет процесінде залалдарға ұшырау қауіптілігі. Олар коммерциялық мәміле нәтижесінің белгісіздігін білдіреді. Құрылымдық белгілері бойынша коммерциялық тәуекелдер мүліктік, өндірістік, сауда, қаржылық тәуекелдерге бөлінеді.

  • Мүліктік тәуекелдер – бұл кәсіпкер-азаматтың ұрлық, диверсия, техникалық және технологиялық жүйелердің бұзылуы нәтижесінде мүлкін жоғалту ықтималдылығымен байланысты тәуекелдер.

  • Өндірістік тәуекелдер — бұл әртүрлі факторлардың ықпалы нәтижесінде өндірістің тоқтап қалуынан болатын шығындармен байланысты және өндіріске жаңа техника мен технологияны өндірумен байланысты тәуекелдер.

  • Сауда тәуекелі – бұл төлемдерді кешіктіру, тауарларды жөнелту кезінде төлемдерді жүргізуден бас тарту, тауарды уақытында жеткізбеу себептері бойынша шығындармен байланысты тәуекел.

  • Қаржылық тәуекелдер – қаржы ресурстарын жоғалту ықтималдылығымен байланысты болады.


Бақылау сұрақтары:


    1. Қаржы тәуекелдерінің теориялық негіздерін айтыңыз?

    2. Қаржылық тәуекел дегеніміз не?

    3. Тәуекелді қалай анықтаймыз?

    4. Тәуекелдің категориялары қандай?

  1. Тақырып. Қаржы тәуекелдердің сыныпталуы, негізгі түрлері




  1. Қаржылық тәуекелдердің жіктелуі

  2. Қаржылық тәуекелдердің түрлері


1. Қаржылық тәуекелдердің жіктелуі
Кәсіпорындардың тәуекелдерінің ішінде ең көп кездесетіні және ең негізгісі болып қаржылық тәуекелдер табылады. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдері көп түрімен сипатталады және оларды тиімді басқару мақсатында келесідей негізгі белгілер бойынша сыныптайды.

1.Түрлері бойынша:

  • Қаржылық тұрақтылықтың төмендеу тәуекелі;

  • Төлем қабілетсіздігі тәуекелің;

  • Инвестициялық тәуекел;

  • Инфляциялық тәуекел;

  • Пайыздық тәуекел;

  • Валюталық тәуекел;

  • Депозиттік тәуекел;

  • Несиелік тәуекел;

  • Салықтық тәуекел;

  • Құрылымдық тәуекел;

  • Криминогендік тәуекел;

  • Тәуекелдердің басқа түрлері.

2.Сипатталатын объекті бойынша:

  • Жеке қаржылық операция тәуекелі;

  • Әртүрлі қаржылық қызмет түрлері тәуекелі;

  • Кәсіпорынның жалпы қаржылық қызметі тәуекелі.

3.Зерттелетін объектілердің жиынтығы бойынша:

  • Жеке қаржылық тәуекел;

  • Портфелді қаржылық тәуекел.

4.Зерттеу кешенділігі бойынша:

  • Қарапайым қаржылық тәуекел;

  • Күрделі қаржылық тәуекел.

5.Пайда болу көздері бойынша:

  • Сыртқы немесе жүйелік тәуекел;

  • Ішкі немесе жүйелік емес тәуекел.

6.Қаржылық салдарлары бойынша:

  • Тек экономикалық залалдарға әкелетін тәуекел;

  • Пайданы жіберіп алу тәуекелі;

  • Экономикалық залалдар да, қосымша табыстар да әкелетін тәуекел.

7.Әсер ету уақыты бойынша:

  • Тұрақты қаржылық тәуекел;

  • Уақытша қаржылық тәуекел.

8.Қаржылық залалдар деңгейі бойынша:

  • Мүмкінді қаржылық тәуекел;

  • Сыни қаржылық тәуекел;

  • Апатты қаржылық тәуекел.

9.Болжай алу мүмкіндігі бойынша:

  • Болжанатын қаржылық тәуекел;

  • Болжанбайтын қаржылық тәуекел.  

10.Сақтандыру мүмкіндігі бойынша:

  • Сақтандырылатын қаржылық тәуекел;

  • Сақтандырылмайтын қаржылық тәуекел.


2. Қаржылық тәуекелдердің түрлері
Қазіргі кезде кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерінің негізгі түрлеріне келесілерді жатқызады.

Түрлері бойынша:



  • Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыгының төмендеу тәуекелі (немесе қаржылыц даму тұрақтылыгының бұзылу тәуекелі). Бұл тәуекел капитал құрылымының жетілдірілмеуімен (қолданылатын қарыз қаражаттарының жоғары үлесімен) түсіндіріледі. Капитал құрылымының жетілдірілмеуі кәсіпорынның көлемдері бойынша ақша ағындарының теріс немесе оң тепе-теңсіздігін тудырады. Бұл тәуекел қаржылық тәуекелдердің қауіптілік дәрежесі бойынша құрамында маңызды орын алады.

  • Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі тәуекелі (немесе тепе-теңсіздік өтімділік тәуекелі). Бұл тәуекел айналым активтерінің өтімділік деңгейінің төмендеуінен туындайды, бұл кәсіпорынның уақыт бойынша ақша ағындарының теріс немесе оң тепе-теңсіздігін тудырады. Өзінің қаржылық салдарлары бойынша тәуекелдің бұл түрі аса қауіпті тәуекелдердің қатарына жатады.

  • Инвестициялыц тәуекел. Ол кәсіпорынның инвестициялық қызметін жүзеге асыру процесінде қаржылық залалдардың пайда болу мүмкіндігін сипаттайды. Осы қызметтің түрлеріне қарай инвестициялық тәуекелдің де түрлері бөлінеді – нақтылы инвестициялау тәуекелі және қаржылық инвестициялау тәуекелі. Инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты барлық қаржылық тәуекелдер “күрделі тәуекелдерге” жатады. Осылайша, мысалға, нақтылы инвестициялау тәуекелінің құрамында инвестициялық жобаны уақытында дайындамау тәуекелін; жоба-конструкторлық жұмыстарды уақытында аяқтамау тәуекелін; құрылыс-монтаждық жұмыстарды дер кезінде аяқтамау тәуекелін; инвестициялық жоба бойынша қаржыландыруды уақытында бастамау тәуекелін; жобаның тиімділігінің төмендеуімен байланысты инвестицияның тартымдылығын жоғалту тәуекелін және тағы басқа да тәуекелдерді бөліп көрсетуге болады. Инвестициялық тәуекелдердің барлық түрлері кәсіпорынның капиталын жоғалту мүмкіндігімен байланысты болғандықтан, олар да аса қауіпті қаржылық тәуекелдер тобына жатады.

  • Инфляциялық тәуекел. Инфляциялық экономика жағдайында бұл тәуекел қаржылық тәуекелдердің жеке түрі болып бөлінеді. Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында капиталдың нақты құнының, сондай-ақ қаржылық операцияларды жүзеге асырудан күтілетін табыстардың құнсыздану мүмкіндігімен сипатталады.

  • Пайыздық тәуекел. Ол қаржы нарығында пайыздық ставкалардың (депозиттік те, несиелік те ставкалардың) күтілмеген өзгерісін сипаттайды. Бұл қаржылық тәуекелдің пайда болуының негізгі себептері: мемлекеттік реттеу ықпалынан қаржы нарығының конъюнктурасының өзгеруі, бос ақша ресурстарын ұсынудың төмендеуі немесе өсуі және басқа да факторлар. Бұл тәуекелдің теріс қаржылық салдарлары кәсіпорынның эмиссиялық қызметінде, оның дивидендтік саясатында, қысқа мерзімді қаржылық салымдарда және басқа да кейбір қаржылық операцияларда көрініс табуы мүмкін.

  • Валюталық тәуекел. Тәуекелдің бұл түрі сыртқы экономикалық қызмет жүргізетін (шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар импорттайтын немесе дайын өнімді экспорттайтын) кәсіпорындарға тән. Ол кәсіпорынның сыртқы экономикалық операцияларында қолданатын шетел валютасы курсының өзгеруінің операциялардан күтілетін ақша ағындарына тікелей әсер етуі нәтижесінде алдын-ала көзделген табыстарды толығымен ала алмауын түсіндіреді. Осылайша, шикізат пен материалдарды импорттай отырып, кәсіпорын сәйкес шетел валютасының ұлттық валютаға қатысты айырбас курсының жоғарылауынан ұтылады. Сондай-ақ, бұл курстың төмендеуі кәсіпорынның дайын өнімді экспорттау кезіндегі қаржылық залалын анықтайды.

  • Депозиттік тәуекелБұл тәуекел депозиттік салымдардың қайтпау (депозиттік сертификаттардың өтелмеу) мүмкіндігін сипаттайды. Бұл тәуекел сирек кездеседі және кәсіпорынның депозиттік операцияларын жүзеге асыру үшін коммерциялық банкті дұрыс бағаламау немесе дұрыс таңдамауымен байланысты болады.

  • Несиелік тәуекел. Бұл тәуекел кәсіпорынның өз қаржылық қызметі барысында сатып алушыларына тауарлай (коммерциялық) немесе тұтыну несиесін ұсыну кезінде орын алады. Оның көрініс табу формасы болып кәсіпорынның несиеге берген дайын өнімі үшін төлемдерді өтемеу немесе уақытында есеп айырыспау табылады.

  • Салықтық тәуекел. Қаржылық тәуекелдің бұл түрі бірнеше түрде көрініс табады: шаруашылық қызметтің жеке аспектілерін жүзеге асыруға жаңа салықтар мен алымдардың түрлерін енгізу ықтималдылығы; салықтар мен алымдардың ставкаларының деңгейінің жоғарылау мүмкіндігі; жеке салықтық төлемдерді жүзеге асырудың шарттары мен мерзімдерінің өзгеруі; кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сферасындағы салықтық жеңілдіктерді алып тастау ықтималдылығы. Кәсіпорын үшін алдын-ала болжанылмайтын бұл тәуекел оның қаржылық қызметінің нәтижелеріне айтарлықтай ықпалын тигізеді.

  • Құрылымдық тәуекел. Тәуекелдің бұл түрі кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімді қаржыландырылмауымен байланыстырылады. Тауар нарығы конъюнктурасының жағымсыз өзгеруі кезіндегі операциялық леверидждің жоғары  коэффициенті және операциялық қызмет бойынша оң мәнді ақша ағындарының жиынтық көлемінің төмендеуі қызметтің осы түрі бойынша таза ақша ағындары сомасының төмендеуінің одан да жоғары қарқынымен ұштасады.

  • Криминогендік тәуекел. Кәсіпорынның қаржылық қызметі сферасында бұл тәуекел оның серіктестерінің өзін жалған банкрот деп тану формасында, басқа бір үшінші тұлғаның осы кәсіпорынның ақшалай және басқа да активтерін заңсыз иемденуді қамтамасыз ететін құжаттарды жалған рәсімдеу; кәсіпорынның жеке персоналының активтердің жекелеген түрлерін ұрлауы және тағы да басқа формаларда көрініс табады.

  • Тәуекелдердің баска да түрлеріБасқа да қаржылық тәуекелдердің тобы айтарлықтай үлкен, бірақ пайда болу ықтималдылығына қарай немесе қаржылық залалдар деңгейі бойынша бұл тәуекелдер жоғарыда атап өтілген тәуекел түрлерімен салыстырғанда, кәсіпорын үшін аса маңызды емес. Мұндай тәуекелдерге тек ғана күтілген табыстардың ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның активтерінің бір бөлігінің (негізгі қорлардың, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының) жоғалуына әкелуі мүмкін стихиялық апаттар тәуекелі және басқа да “форс-мажорлық тәуекелдер”; есептік-кассалық операциялардың уақытында орындалмау тәуекелі; эмиссиялық тәуекел жатады.

Сипатталатын объекті бойынша қаржылық тәуекелдердің келесі топтарын бөледі:

  • Жеке қаржылық операция тәуекелі. Ол қандай да бір қаржылық операцияға тән барлық қаржылық тәуекел түрлерінің бүкіл спектрін кешенді түрде сипаттайды (мысалы, қандай да бір акцияны сатып алуға тән тәуекел);

  • Әр түрлі қаржылық қызмет түрлері тәуекелі (мысалы, кәсіпорынның инвестициялық немесе несиелік қызметінің тәуекелі);

  • Кәсіпорынының жалпы қаржылық қызметі тәуекелі. Кәсіпорынның қаржылық қызметіне тән қаржылық тәуекел түрлерінің кешені оның қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық формасының  ерекшелігімен,  капиталының құрылымымен, активтер құрамымен, тұрақты және өзгермелі шығындарының ара қатынасымен және тағы басқалармен анықталады.

Зерттелетін инструменттер жиынтығы бойынша қаржылық тәуекелдер келесідей топтарға бөлінеді:

  • Жеке қаржылық тәуекел. Ол жеке қаржылық инструменттерге тән жиынтық тәуекелді сипаттайды.

  • Портфелді қаржылық тәуекелОл портфелге біріктірілген бір функционалды қаржылық инструменттердің кешеніне тән жиынтық тәуекелді (мысалы, кәсіпорынның несиелік портфелінің тәуекелі, оның инвестициялық портфелінің тәуекелі және тағы басқа да тәуекелдер) сипаттайды.

Зерттеу кешенділігі бойынша тәуекелдердің келесідей түрлерін бөледі:

  • Қарапайым қаржылық тәуекел. Ол әрі қарай жеке түрлерге жіктелмейтін тәуекелді сипаттайды. Қарапайым қаржылық тәуекелге инфляциялық тәуекел мысал бола алады;

  • Қүрделі қаржылық тәуекел. Ол түрлерінің кешенінен тұратын қаржылық тәуекел түрін сипаттайды. Инвестициялық тәуекел күрделі қаржылық тәуекелдің мысалы бола алады (инвестициялық жоба тәуекелі).

Пайда болу көздері бойынша қаржылық тәуекелдердің келесідей топтарын бөліп көрсетеді:

  • Сыртқы, жүйелік немесе нарықтық тәуекел (барлық терминдер бұл тәуекелді кәсіпорын қызметіне тәуелді емес тәуекел ретінде анықтайды). Тәуекелдің бұл түрі қаржылық қызметтің барлық қатысушыларына және қаржылық операциялардың барлық түрлеріне тән. Ол экономикалық циклдың жеке стадияларының ауысуы кезінде, қаржы нарығының конъюнктурасының өзгеруі кезінде және кәсіпорын өз қызметі барысында әсер ете алмайтын басқа да жағдайлар туындаған кезде пайда болады. Тәуекелдердің бұл тобына инфляциялық тәуекел, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел, салықтық тәуекел және бөлшектей инвестициялық тәуекел (инвестициялаудың макроэкономикалық шарттарының өзгерісі кезінде) жатқызылады.

  • Ішкі жүйелік емес немесе айрықшалықты тәуекел (барлық терминдер бұл тәуекелді нақты бір кәсіпорынның қызметіне тәуелді тәуекел ретінде анықтайды). Ол мамандану дәрежесі төмен қаржы менеджерімен, активтер мен капиталдың тиімсіз құрылымымен, шаруашылық серіктестердің дұрыс бағаланбауымен және қаржылық тәуекелдерді тиімді басқару есебінен теріс салдарларды қандай да бір дәрежеде болдырмауға мүмкін болатын басқа да факторлармен байланысты болуы мүмкін.

Қаржылық салдарлары бойынша барлық тәуекелдер мынадай топтарға бөлінеді:

  • Тек экономикалық залалдарга әкелетін тәуекелТәуекелдің бұл түрінде қаржылық салдарлар тек теріс мәнді болуы мүмкін (табысты немесе капиталды жоғалту).

  • Пайданы жіберіп алу тәуекеліОл кәсіпорынның қалыптасқан белгілі бір объективті және субъективті себептерге байланысты өзінің жоспарланған қаржылық операциясын жүзеге асыра алмауы жағдайын сипаттайды (мысалы: кәсіпорынның несиелік рейтингісінің төмендеуі салдарынан қажет несиені ала алмауы).

  • Экономикалық залалдар да, қосымша табыстар да әкелетін тәуекелӘдебиеттерде қаржылық тәуекелдің бұл түрін көпшілік жағдайда “спекулятивті қаржылық тәуекел” деп атайды, себебі ол спекулятивті (агрессивті) қаржылық операцияларды жүзеге асырумен байланысты. Бірақ бұл термин (мұндай мағынада) бұл тәуекелдің табиғатын нақты ашпайды, себебі тәуекелдің бұл түрі тек спекулятивті қаржылық операцияларға ғана тән емес.

Әсер ету уақыты бойынша қаржылық тәуекелдердің екі тобын бөледі:

  • Тұрақты қаржылық тәуекелОл қаржылық операцияның бүкіл жүзеге асырылу кезеңі үшін сипатты және ол тұрақты факторлардың қызмет етуімен байланысты. Мұндай қаржылық тәуекелге пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел және тағы басқа тәуекелдер мысал бола алады.

  • Уақытша қаржылық тәуекел. Ол қаржылық операцияның жүзеге асырылуының жеке этаптарында ғана пайда болатын өзгергіштік сипаттағы тәуекелді сипаттайды. Мұндай қаржылық тәуекелге мысал: тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі тәуекелі.

Қаржылық залалдар деңгейі бойынша тәуекелдерді келесідей түрлерге бөледі:

  • Мүмкін қаржылық тәуекелОл қаржылық залалы жүзеге асырылатын қаржылық операция бойынша есептелген пайда сомасынан аспайтын тәуекелді сипаттайды.

  • Сыни қаржылық тәуекелОл қаржылық залалы жүзеге асырылатын қаржылық операция бойынша есептелген жиынтық табыс сомасынан асатын тәуекелді сипаттайды.

  • Апатты қаржылық тәуекелОл қаржылық залалы меншікті капиталдың бөлшектей немесе толығымен жоғалуын анықтайтын тәуекелді сипаттайды (тәуекелдің бұл түрі қарыз капиталының да жоғалуын сипаттауы мүмкін).

Болжай алу мүмкіндігі бойынша қаржылық тәуекелдер келесідей екі топқа бөлінеді:

  • Болжанатын қаржылық тәуекелОл экономиканың циклды дамуымен, қаржы нарығы конъюнктурасы стадияларының ауысуымен, бәсекелестіктің болжамды дамуымен және тағы басқалармен байланысты тәуекел түрлерін сипаттайды. Қаржылық тәуекелдердің болжана алуы салыстырмалы сипатқа ие, себебі нәтижені 100%-дық сеніммен болжау бұл құбылыстың тәуекелдер категориясына жатпайтындығын білдіреді. Болжанатын қаржылық тәуекелдерге мысал: инфляциялық тәуекел, пайыздық тәуекел және басқа да тәуекел түрлері (әрине, оларды тек қысқа мерзімге ғана болжауға болады).

  • Болжанбайтын қаржылық тәуекел. Ол пайда болуын алдын-ала мүлдем болжауға келмейтін тәуекелдерді сипаттайды. Мұндай тәуекелдерге форс-мажорлық топтың тәуекелдері, салықтық тәуекел, тағы басқа да тәуекел түрлері мысал бола алады. Осы сыныпталу белгісіне қарай қаржылық тәуекелдерді кәсіпорын шеңберінде басқарылатын және басқарылмайтын тәуекелдер деп те бөледі.

Сақтандыру мүмкіндігі бойынша да қаржылық тәуекелдер екі топқа бөлінеді:

  • Сақтандырылатын қаржылық тәуекел. Оларға сыртқы сақтандыру тәртібімен сәйкес сақтандыру ұйымдарына беріле алатын тәуекелдер жатады.

  • Сақтандырылмайтын қаржылық тәуекелОларға қаржы нарығында сәйкес сақтандыру өнімдерінің ұсынысы жоқ тәуекелдер жатады.

Осы қарастырылған екі топтың тәуекелдерінің құрамы өте өзгермелі және ол тек оларды болжау мүмкіндігімен ғана емес, сондай-ақ нақты экономикалық жағдайларда сақтандыру операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру тиімділігімен де байланысты болады.

Қазіргі кезде көптеген жаңадан құрылған кәсіпорындардың өмірлік циклының ерте стадиясын, сәйкесінше олардың басшылары мен қаржы менеджерлерінің агрессивті менталитетін ескере отырып, олардың қызметінде кездесетін тәуекелдердің түрлері өте көп екенін айта кету жөн.


Бақылау сұрақтары:


    1. Қаржылық тәуекелдерді жіктеңіз

    2. Қаржылық тәуекелдердің түрлерін анықтаңыз?

    3. Сипатталатын объекті бойынша қаржылық тәуекелдер неше топқа бөлінеді?

    4. Болжай алу мүмкіндігі бойынша қаржылық тәуекелдер неше топқа бөлінеді?

    5. Қаржылық залалдар деңгейі бойынша тәуекелдерді белгілеңіз?

3 тақырып. Тәуекелді бағалау әдістері. Ықтималдықтарды бөлу және күтiлген табыстылық


1. Тәуекелді бағалау әдістері. Ықтималдықтарды бөлу және күтiлген табыстылық

2. Қаржылық тәуекелдерді төмендетудің әдістері

1. Тәуекелді бағалау әдістері. Ықтималдықтарды бөлу және күтiлген табыстылық
Кез келген шаруашылық немесе қаржылық операцияның нәтижелігі мен мөлшері тәуекелмен өзара байланысқан. Тәуекелдің факторын есепке алмай, толыққанды инвестициялық талдау жасау мүмкін емес. Сондықтан, біздің негізгі міндетіміз – тәуекелдің көлемін бағалау және белгілі бір операцияның пайдалылығының деңгейінің арасындағы қарым-қатынасты тоқтатып отыру. Кәсіпкерліктің ең басты мақсаты – салынған капиталдың табыс алуына тәуекел ешқандай себебін тигізбеу керек. Тәуекел келесі анықтамадағы талапқа сай болады.

Тәуекел – бұл келеңсіз нәтиже алудың мүмкіншілігі, яғни, инвестор күткен табысының ала алмай қалуы мүмкін.

Түсінікті, төмен табыс алу ықтималдылығы және зияндар деңгейі жоғары болған сайын, жобаның тәуекелі де жоғары. Ал, жобаның тәуекелі жоғары болған сайын, оның пайдалылығы да жоғары болуы керек. Капиталды қандай да бір жобаға салған кезде, көбіне мынадай түсініктер пайда болады: «мынау жобаның тәуекелі анаған қарағанда төменірек» немесе «бұл жерде пайда жоғары, сонымен қатар тәуекел де жоғары» деген сияқты. Бірақ көптеген тәуекелдің деңгейі нақты бағалануы керек, сонымен бірге оның пайдалығының көлемі анықталуы керек. Осындай қорытындыға сүйене отырып, инвестор өзіне ұнаған жобаны таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекелдің деңгейін төмендетеді.

Қажетті есептеулерді өткізудің құралы-математикалық ықтималдық теориясы болып табылады. Әрбір оқиғаға сәйкес мөлшер қойылады, осы оқиғаның –р ықтималдығын сипаттайтын мүмкіншілік болады. Егер оқиға ешқандай шартта орындалмаса, онда ықтималдылық нөлге тең (р=0). Егер оқиға бәрібір болатын болса, онда оның ықтималдылығы 1-ге тең. Егер де тәжірибе мен қадағалаудың нәтижесінде, оқиға n N оқиғада болады, оның ықтималдылығы p=n/N. Барлық оқиғаның ықтималдылығы тәжірибенің қорытындысына бірге тең. Барлық мүмкін оқиғалар өзіне лайықты ықтималдылықтармен санап шығады, тап осы тәжірибеде ықтималдық таратуы деп аталады.

Мысалға, кәдімгі ойын сүйектерін лақтырған кезде 7 санының түсу ықтималдығы 0-ге тең. 1-ден 6-ға дейін 1 санының түсу ықтималдығы 1-ге тең. 1-ден 6-ға дейінгі әр санның түсу ықтималдығы p=1/6-ға тең. Ықтималдылықты таратуды келесідей көрсетеміз:

1 – 1/6

2 – 1/6


3 – 1/6

4 – 1/6


5 – 1/6

6 – 1/6


Ықтималдылықты пайызбен көрсетуге болады: p= (n/N)*100%, сол кезде p-дің мағынасы 0-ден 100%-ға дейін көтеріледі.

Енді екі қаржылық жоба А және В аламыз. Олардың пайдалығы (IRR) экономиканың болашақ жағдайына тәуелді. Берілген тәуелділік келесі 1-кестеде көрсетілген.


Кесте 1- А және В жобасына капитал салған кезде күтілетін табыстылықтың шамасын есептеуге арналған деректер

Экономиканың жағдайы

Деректер жағдайының ықтималдығы

А жобасы,

IRR


В жобасы,

IRR


Даму

Шегі


Құлдырау

P1=0.25

P2=0.5


P3=0.25

90%

20%


-50%

25%

20%


15%

Әрбір А және В жоба үшін күтілетін пайданың шамасы ERR немесе орташа мүмкін ықтималдығы IRR есептеледі.
ERR = ∑ p IRR
Мұндағы,

n – мүмкін болатын жағдайдың саны.

Осы формуламен А жобасы бойынша:

ERR A=0.25*90%+0.5*20%+0.25*(-50%)=20%

B жобасы бойынша:

ERR B=0.25*25%+0.5*20%+0.25*15%=20%

Осылайша, екі қарастырылған жобаның күтілетін пайдасының шамасы сәйкес келеді, бірақ та мүмкін болатын мәнінің диапазонының айырмасы үлкен. А жобасында – 50%-дан 90-%-ға дейін, B жобасында – 15%-дан 25%-ға дейін.
2. Қаржылық тәуекелдерді төмендетудің әдістері
Қаржылық тәуекелдерді әр түрлі әдістер мен амалдардың көмегі арқылы төмендетуге болады. Қаржылық тәуекелдерді төмендетудің әдістеріне тәуекелден қашу, тәуекелді ұстап қалу, тәуекелді тапсыру, тәуекелдің дәрежесін төмендету жатады.

Тәуекелден қашу – тәуекелмен байланысты шаралардан бас тарту. Бірақ та тәуекелден қашу инвестор үшін пайдадан бас тартуды білдіреді.

Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың қол астына, яғни оның жауапкершілігіне қалдыруды білдіреді. Сонымен, инвестор өзінің венчурлік капиталын сала отырып, ол өзінің жеке жабдықтарына сенімді болады, олар венчурлік капиталдың болған жоғалтуларды жабады.

Тәуекелді тапсыру – инвестор тәуекелге деген жауапкершілігін басқа біреуге, мысалға сақтандыру компаниясына тапсырады. Бұл жерде тәуекелді тапсыру, тәуекелді сақтандыру жолымен жүреді.

Тәуекелдің дәрежесін төмендету – жоғалтудың көлемі мен ықтималдығын қысқарту. Тәуекелді төмендетудің ең жақсы әдісін таңдаған кезде инвестор келесі қағидаларға сүйенеді:

1. Егер өзінің капиталы мүмкіндік бермесе өте қатты тәуекелге баруға болмайды;

2. Тәуекелдің салдарын ойлау керек;

3. Өте аз пайда үшін көп тәуекелге баруға болмайды.

Бірінші принцип бойынша, капитал салмастан бұрын инвестор анықтауы керек:

-тәуекелдің максималды мүмкін шығыны;

-оны салынатын капиталдың көлемімен салыстыру керек;

-оны өзінің барлық қаржылық ресурстарымен салыстыру және анықтау керек.

Салынған капиталдағы шығынның көлемі, осы капиталдың көлеміне тең болады, немесе одан көп және аз болуы мүмкін. Тікелей инвестициядағы шығынның көлемі, ережеге сай, венчурлік капиталдың көлеміне тең болады. Тәуекел іске инвестор 100 мың теңге салды дейік. Іс күйіп кетті. Инвестор 100 мың теңгесін жоғалтты. Бірақ та инфляция жағдайында және сатып алушылардың сатып алу қбілетінің төмендеуімен байланысты шығынның көлемі салынған ақшадан көп болуы мүмкін. Бұл жерде мүмкін болатын шығынның көлемін инфляция индексі арқылы анықтауға болады. Егер инвестор 2002 жылы тәуекел іске 100 мың теңге салса, ол бір жылдан кейін 500 мың теңге алуға үміттенеді, бірақ іс күйіп кетті және оған ақшасын қайтармады, онда шығынның көлемін инфляция индексі арқылы есептеуге болады. Мысалға, 2002 жылы (2200%) болса, онда 2200 мың теңге (22*100) жоғалтады.

Портфельдік инвестицияларда, бағалы қағазды сатып алған кезде, оны қайталама нарықта сатуға болады, сондықтан шығынның көлемі, жұмсалған капиталдың сомасынан аз болады. Мүмкін болатын шығынның көлемі мен инвестордың қаржылық ресурстарының арақатынасы тәуекелдің банкроттық деңгейіне алып келеді. Ол тәуекел коэффициентінің көмегімен өлшенеді:


Kp=Y/C, (3.1.)

Мұндағы,


Kp – тәуекел коэффициенті;

Y – мүмкін болтын шығынның максималды сомасы, теңге;

C – өзінің қаржылық ресурстарының көлемі.

Тәуекелдік шараларды зерттеу, мынандай қорытынды жасауға алып келеді, тәуекелдің қолайлы коэффициенті 0,3 болса, ал инвесторды банкроттыққа алып келетін тәуекел коэффициенті – 0,7.

Екінші қағидаға тоқталатын болсақ, мүмкін болатын шығынның максималды көлемін білетін инвестор, тәуекелдің ықтималдығын анықтап, тәуекелдің бас тарту шешімін қабылдауы керек, және өзінің жауапкершілігіндегі тәуекелді, басқа біреудің жауапкершілігіне тапсыру керек.

Үшінші қағида бойынша қаржылық тәуекелді тапсыру айқын көрінеді. Бұл жерде, инвестор өзіне тиімді сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру сомасының арақатынасын анықтау керек. Сақтандыру сыйақысы немесе сақтандыру сомасы – бұл сақтандырушының сақтанушыға төлейтін сақтандыру тәуекелі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (өмір, денсаулық) сақтандырылған ақша сомасы. Егер де шығынның мөлшері экономикалық және сақтандыру салымдарынан үлкен болса, онда инвестор өзіне тәуекелді алмауы керек, тәуекелді ұстамау керек.

Тәуекелді төмендету әдістерінің түрлері көп. Ең көп таралғанына жататындар:

- диверсификация;

- қосымша ақпаратты таңдау;

- шектеулер қою;

- өзін-өзі сақтандыру;

- сақтандыру;

- валюталық тәуекелден сақтандыру;

- хеджирлеу;

- біріккен облыстардағы қызметті бағалау;

- компанияның ерекше қорларындағы және жалпы қорларды қолдану үлесін бағалау және есептеу.



Диверсификация - өзімен бір-бірімен байланысты емес әр түрлі объектілерге салынған капиталды тарту процесін ұсынады. Диверсификация қызметтің әр түрлі түрлеріне салынған капиталды үлестіру кезіндегі тәуекелдің бір бөлігінен қашуды білдіреді. Мысалға, инвестор бір акционерлік қоғамның орнына бес акционерлік қоғамның акциясын сатып алады, сөйтіп ол орташа пайда және тәуекелдің деңгейін төмендету ықтималдығын ұлғайтады.

Бақылау сұрақтары:

    1. Тәуекелді бағалаудың әдістерін айтыңыз?

    2. Ықтималдықтарды бөлу және күтiлген табыстылық дегеніміз не?

    3. Қаржылық тәуекелдерді төмендетудің қандай әдістері бар?

4. Тақырып. Қаржы тәуекелдерін басқару қағидаттары, стратегиясы
1. Қаржы тәуекелдерін басқару қағидаттары

2. Қаржылық тәуекелдерді төмендетудің механизмі

3. Қаржылық тәуекелді басқару стратегиясы


1. Қаржы тәуекелдерін басқару қағидаттары
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару қаржы менеджментінің айрықшалықты сферасы болып табылады. Кейінгі жылдары бұл сфера білімнің жеке облысына бөлініп шығып, “риск-менеджмент” деп аталып жүр. Бұл сферада қызмет ететін мамандарға ерекше кәсіби талаптар қойылады, атап айтқанда, кәсіпорынның қаржысы мен экономиканың негіздері туралы білу, математикалық әдістерді, статистика негіздерін, сақтандыру ісінің негіздерін және тағы басқаларды білу. Мұндай мамандардың (“риск-менеджерлер”) негізгі функциясы болып кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару – тәуекелдердің теріс қаржылық салдарларын алдын ала көре білу және бейтараптандырудың тәуекелдерді анықтау, бағалау, сақтандырумен байланысты процесі.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару белгілі бір қағидаларға негізделеді. Олар:



  1.Тәуекелдерді өздігінен түсініп қабылдауЕгер қаржы менеджері қаржылық операцияны жүзеге асырудан сәйкес табыс алғысы келсе, ол тәуекелге өздігінен біліп баруы керек. Себебі қаржылық тәуекел – көптеген шаруашылық операцияларға тән объективті құбылыс, қаржылық тәуекелдің қандай да бір түрін қабылдауға өз еркімен бару оларды басқару процесінде олардың теріс салдарларын бейтараптандырудың маңызды шарты болып табылады.

  1. Қабылданған тәуекелдердің басқарылуыҚаржылық тәуекел портфелінің құрамына көбінесе объективті немесе субъективті табиғатына тәуелсіз басқару процесінде бейтараптандырылуға жататындары кіргізілуі қажет. Тәуекелдердің тек осы түрлері бойынша қаржы менеджері оларды бейтараптандырудың ішкі механизмдерінің бүкіл арсеналын қолдана алады, яғни оларды басқару өнерін көрсете алады.

  2. Жеке тәуекелдерді басқарудың дербестігі. Тәуекелдердің әр түрлі түрлері бойынша қаржылық залалдар бір-бірінен тәуелсіз және басқару процесінде оларды бейтараптандыру жеке-жеке жүргізілуі мүмкін.

  3. Қабылданатын тәуекелдердің деңгейі мен қаржылық операциялардың табыстылық деңгейімен сәйкестігі. Ол бойынша кәсіпорын қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде қаржылық тәуекелдердің деңгейі “табыстылық-тәуекел” шкаласы бойынша сәйкес табыстылық деңгейінен аспайтын түрлерін ғана қабылдауы керек. Деңгейі күтілетін табыстылық деңгейінен жоғары тәуекелдің кез келген түрінен кәсіпорын бас тартуы керек.

  4. Қабылданатын тәуекелдер деңгейінің кәсіпорынның қаржылық мүмкіндігімен сәйкестігі. Қаржылық тәуекелдің қандай да бір деңгейіне сәйкес келетін кәсіпорынның қаржылық залалдарының күтілетін мөлшері капиталдың тәуекелдерді ішкі сақтандырылуын қамтамасыз ететін үлесіне сәйкес келу керек. Тәуекелдік капитал мөлшері кәсіпорынмен алдын ала анықталып қойылуы керек.

  5. Тәуекелдерді басқарудың үнемділігіСонымен бірге, сәйкес қаржылық тәуекелдерді бейтараптандыру бойынша кәсіпорын шығындары сол тәуекел бойынша мүмкін қаржылық залалдардың сомасынан аспауы керек. Тәуекелдерді басқарудың үнемділігі критериі қаржылық тәуекелдерді ішкі сақтандыруда да, сыртқы сақтандыруда да сақталуы қажет.

  6. Тәуекелдерді басқаруда уақыт факторын ескеруҚаржылық операцияны жүзеге асыру кезеңі ұзақ болған сайын, бұл операцияға тән тәуекелдердің диапазоны соғұрлым кеңейе түседі, тәуекелдерді басқару үнемділігі критериі бойынша олардың теріс қаржылық салдарларын бейтараптандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі де соғүрлым азая түседі. Мұндай қаржылық операцияларды жүзеге асыру қажеттілігі кезінде кәсіпорын бұл операция бойынша тек ғана тәуекел үшін сыйақы есебінен ғана емес, сондай-ақ өтімділік үшін сыйақы есебінен де қажетті қосымша табыстылық деңгейін қамтамасыз ету керек.

  7. Тәуекелдерді басқару процесінде кәсіпорынның қаржылық стратегиясын ескеруҚаржылық тәуекелдерді басқару жүйесі кәсіпорынмен таңдалған қаржылық стратегияның жалпы критерийлеріне, сондай-ақ қаржылық қызметтің жекелеген бағыттары бойынша жасалған қаржылық саясаттың жалпы критерийлеріне негізделуі керек.

  8. Тәуекелдерді беру мүмкіндігін ескеруКейде қаржылық тәуекелдердің бірқатарын қабылдау кәсіпорынның тәуекелді жағдай туындаған кезде олардың, яғни тәуекелдердің теріс қаржылық салдарларын бейтараптандыру бойынша қаржылық мүмкіндіктерімен сәйкес келмейді. Сонымен бірге, сәйкес қаржьшық операцияны жүзеге асыру қаржылық қызметтің бағыттылығымен немесе стратегияның талаптарымен сәйкестендіріліп отырылуы керек. Мұндай тәуекелдерді жиынтық қаржылық тәуекелдердің портфеліне тек осы тәуекелдерді қаржылық операция бойынша серіктестерге немесе сыртқы сақтандырушыға бөлшектей немесе толығымен беру мүмкіндігі болған жағдайда ғана қосуға болады.


2. Қаржылық тәуекелдерді төмендетудің механизмі
Тәуекел-менеджментті қабылдау – бұл тәуекелді басқару болып келеді. Олар тәуекелді шешу құралдарынан және тәуекелді төмендету әдістерінен тұрады. Тәуекелді шешу құралдарына: бас тарту, ұстап тұру, беру.

Тәуекелден бас тарту – тәуекелмен байланысты жобадан бас тарту. Бірақ жобадан бас тартқанда мүмкін болатын табысты жоғалтуға болады.

Тәуекелді ұстап тұру – бар тәуекелді инвесторға қалдыру. Яғни капитал салымын жүргізген кезде мүмкін болатын шығындарды меншікті қаражаттармен жаба алу.

Тәуекелді беру – инвестор өз тәуекелін басқа біреуге беруі, мысалы сақтандыру компаниясына. Бұл тәуекелді сақтандыру арқылы жүзеге асырылады.

Тәуекел деңгейін төмендету – шығындар көлемі мен ықтималдылығын азайту. Оны жүзеге асыратын шаралар: диверсификация, таңдау және нәтижелер бойынша қосымша ақпаратты алу, шектеу(лимиттеу), өзін-өзі сақтандыру, сақтандыру, қаржылық жобалар бойынша тәуекелді есепке алу, хеджирлеу, аумақтағы қызметтер бойынша тексеруді қолға алу, жалпы қордағы компанияның арнайы қорларын қолдану көлемін бағалау, есеп жүргізу, және тағы басқа әдістер.

Диверсификация — бір-бірімен байланыспаған әртүрлі объектілерге капитал салымын бөлу процесі. Мысалы, егер инвестор бір акционерлік қоғамның орнына әртүрлі бес акционерлік қоғамның акцияларын сатып алса, онда ол тәуекел деңгейін төмендетеді және орташа табысты алу мүмкіндігін ұлғайтады. Диверсификация – бұл инвестициялық тәуекелді төмендетуші болып табылады. Бірақ оған сыртқы факторлар әсер етеді, оларға: экономикалық жағдайлар, әскери іс-әрекеттер, азаматтық толқулар, инфляция, дефляция, Ұлттық Банктің есептік ставканың өзгеруі, депозиттер мен несиелер бойынша проценттік ставканың өзгеруі, бұл процестер бойынша тәуекелді диверсификация арқылы төмендетуге болмайды. Соған сәйкес, тәуекел 2 бөліктен тұрады: диверсификацияланатын және диверсификацияланбайтын тәуекел.Диверсификацияланатын тәуекел – ол диверсификация арқылы тәуекелді өзгерту мүмкіндігі. Диверсификацияланбайтын тәуекелоны тағы жүйелік деп атайды, ол диверсификация арқылы төмендетіле алмайтын тәуекел.

Шектеу – бұл шектеуді орнату, яғни несиелер, сатулар және тағы басқалар бойынша шығындар сомасының шекті нормасын белгілеу. Көбінесе бұл банктермен қарыз беру жағдайында және овердрафт бойынша келісімге отырған кезде тәуекел деңгейін төмендетумен байланысты қолданылады. Шаруашылық субъектілер тауарды несиеге сатқан кезде, қарыздарды бергенде және капитал салымның сомасын анықтаған кезде қолданады.

Өзін-өзі сақтандыру – сақтандыру компаниясында сақтандырылмай, яғни сақтандыруға кететін капитал шығындарын үнемдеу арқылы өзін-өзі сақтандыру болып табылады. Бұл орталықтандырылмаған натуралды түрде сақтандыру (резервтік) қорларды құру формасы болып келеді. Бұл қорлар натуралды немесе ақшалай түрде құрылуы мүмкін.

Кәсіпкерлік тәуекелдің сақтандыру бағасы – бұл сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушы өзінің кәсіпкерлік қызметінен мүмкін болатын шығынға ұшырау сомасы.

Хеджирлеу — (ағыл. heaging – қорғау) банктік, биржалық және коммерциялық практикада қолданылып, валюталық тәуекелді сақтандырудың әртүрлі әдістерін анықтайды.

Хеджирлеу – бұл болашақтағы валюталық бағамның өзгеруінен мүмкін болатын жағымсыз нәтижелерге тап болмау үшін тез арада келісімге отыру жүйесі. Яғни әртүрлі тауарлы материалдық құндылықтардың коммерциялық операциялармен келісім бойынша бағаларының жағымсыз өзгеруінен, болашақ кезендегі тауарларды (сату) жеткізуді қарастыру бойынша тәуекелден сақтандыру. Хеджирлеудің 2 операциясы бар: өсу бойынша хеджирлеу және төмендету бойынша хеджирлеу.

Өсу бойынша хеджирлеу – немесе сатып алу бойынша хеджирлеу, шұғыл келісімдер мен опциондарды сатып алудағы биржалық операция болып келеді. Келешектегі бағамның көтерілуін сақтандыру үшін хедж қолданылады. Нақты тауарды сатып алуға дейінгі сатып алу бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, 3 айдан кейін керек тауардың бағасы нақты кезендегі бағасынан өсуі мүмкін. Соған сәйкес бүгінгі бағамен осы тауарға қатысты шуғыл келісімді сатып алып, ал 3 айдан кейін тауар алынған кезде оны сатып жіберуге болады. Тауар бағасы мен шұғыл келісімнің бағасы бірдей пропорционалды түрде өзгереді, егер бұрын сатып алынған келісім қазіргі кездегі сатып алынатын тауардың бағасымен бірдей қымбат болуы мүмкін.

Төмендету бойынша хеджирлеу немесе сату бойынша хеджирлеу – бұл шұғыл келісімді сату кезіндегі биржалық операция. Бұл керісінше келешекте тауарды сатқан кезде бағаның төмендеп қалуына байланысты биржада шұғыл келісімді немесе опционды нақты уақытта сату болып табылады.

Форвардтық операция көмегімен хеджирлеу – белгіленген күнде тұрақты бағам бойынша валюталық конверсияны жүргізу үшін екі жақтың бірлескен міндеттемелері. Яғни сатушы сату керек, ал сатып алушы белгіленген бағам бойынша белгілі валюта көлемін сатып алуы тиіс.

Опциондар көмегімен хеджирлеу – сатып алушы сатып алу құқығына ие, ал сатушы белгіленген көлемде валютаны басқа белгіленген бағам бойынша валютаға айырбастауға немесе сатуға міндетті.

Соңғы жылдары Қазақстанның кәсіпорындары үшін «тәуекел» категориясының мәні мен мазмұны артуда. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған күннен бастап бүгінгі таңға дейін көптеген кәсіпорындар тәуекелді дұрыс басқармау нәтижесінде банкроттыққа ұшырады. Осыған орай, қазіргі кезде тәуекелді басқару мен бағалаудың жеткілікті әдістері мен тәсілдері қалыптасқан. Кәсіпорын үшін тәуекелдердің түрлерін анықтау және оларды бағалау қиынға соғады. Осы мәселені шешу үшін кәсіпорын алдын ала болашақта пайда болуы мүмкін барлық тәуекелдердің түрін және оларға төтеп беру мүмкіндігін анықтап алады. Егер де тәуекел жеткіліксіз дәрежеде анықталып талданса, нәтижесінде кәсіпорының банкроттыққа ұшырау мүмкіндігі артады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тәуекелді басқарудың, талдаудың, бағалаудың маңызы өте зор.

2. Қаржылық тәуекелді басқару стратегиясы


Тәуекел – бұл қаржылық категория. Сондықтан тәуекелдің дәрежесі мен мөлшеріне қаржылық механизм арқылы әсер етуге болады. Мұндай әсер ету қаржылық менеджмент және ерекше стратегия көмегімен жүзеге асады. Нәтижесінде стратегия мен әдістер тәуекелді басқару механизмін яғни тәуекел – менеджментті құрады. Тәуекел-менеджмент өзімен бірге тәуекелді басқару жүйесін ұсынады. Тәуекел-менеджмент басқарудың стратегиясы мен тактикасын ұсынады. Басқару стратегиясы ұғымында бағыт және алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін арналған құралы қолдану тәсілі түсіндіріледі. Бұл тәсілге ережелердің айқын терімі және шешім қабылдай алуына шек қоюлары талапқа сай болады. Алдыға қойған мақсатқа жеткен соң стратегия өзінің өмір сүруін тоқтатады. Жаңа мақсаттар жаңа стратегияны іске асыруға жұмыс істейді. Стратегия сонымен қатар дұрыс және алысқа жететін болжамды басқару, жоспарлау өнерін ұсынады.

Тактика – дегеніміз бұл нақтылы және қойылған мақсаттарға жетуге арналған нақтылы шарттарда қабылдаулар. Басқару тактикасының мақсаты үйлесімді шешім қабылдау және осы ауылшаруашылық жағдайларында ең қолайлы басқару әдістерін таңдау болып табылады. Тәуекел-менеджмент басқару жүйесі сияқты екі ішкі жүйеден тұрады: басқарылатын ішкі жүйенің (басқару объектісі) және басқарушының ішкі жүйенің (басқару субъектісі).

Тәуекел-менеджменттің басқару объектісі тәуекел болып табылады, тәуекелдік капитал салымдары және басқарушы субъектілер арасындағы тәуекелді іске асыру кезіндегі экономикалық қатынастар бар. Бұл экономикалық қатынастарға сақтандырушы мен сақтанушы, қарыз алушы мен қарыз беруші, кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды жатқызуға болады.

Тәуекел-менеджменттің басқару субъектісі – бұл арнайы адамдар тобы (қаржылық менеджер, сақтандыру маманы, аквизитор, актуарий, андеррайтер және т.б.), әр түрлі әдістердің және басқарушы тәсілдер арқылы мақсатты бағытталған жұмыс жасау басқару объектісі арқылы жүзеге асады. Субъектінің басқару объектісіне әсер ету процесі, нақты айтқанда басқару процесі, басқарушы және басқарылатын ішкі жүйенің арасындағы нақты ақпарат шартының көмегімен жүзеге асырылады. Басқару процесі нақты мазмұнына тәуелсіз, әрқашан ақпаратты алуды, беруді, өңдеуді, және қолдануды болжайды. Тәуекел-менеджмент тап осы шарттарда сенімді және жеткілікті ақпарат маңызды рөл атқарады, ол тәуекел шарттарына нақтылы шешім қабылдауға рұқсат етеді. Тәуекел-менеджменттің жұмыс жасауының ақпаратпен қамтамасыз етілуі ақпараттың әр түрлі түрінен пайда болады: статистикалық, экономикалық, коммерциялық, қаржылық және т.б. Бұл ақпарат сақтандыру оқиғасы немесе басқа сақтандыру оқиғасының ықтималдылығы туралы, сақтандырушы шарттарының бағасы және тарифтері, сонымен қатар сақтандыру шарттары, дивидендтер, пайыздар туралы мәліметтер қосады.

Кім ақпаратқа ие болса, сол нарыққа да ие болады. Ақпараттың көптеген түрлері көбінесе коммерциялық құпияның объектісі болып табылады. Сондықтан ақпараттың жеке түрлері интеллектуалдық меншіктің бір түрі болып табылады және акционерлік қоғамның жарғылық капитал құрамына кіреді. Қаржылық менеджерде сенімді ақпарттың болуы оған тез және дұрыс қаржылық, коммерциялық шешім қабылдауына рұқсат етеді, бұл әрине, жоғалтудың көлемін азайтуға және пайданы көбейтуге алып келеді. Басқарушы субъект ақпаратты жинап ғана қоймауы керек, сонымен қатар ақпаратты сақтуы керек.

Тәуекел-менежмент келесідей қызметтерді атқарады:

1. басқару объектісінің қызметі;

2. басқару субъектісінің қызметі.

Тәуекел-менеджментте басқару объектісінің қызметінің келесі ұйымдар жатады:

- тәуекел рұқсаттары;

- капиталға тәуекел салымдары;

- тәуекелдің көлемін төмендету жұмыстары;

- тәуекелді сақтандыру процесстері;

- экономикалық қатынастар және басқарушы субъектілердің арасындағы процестер;

Тәуекел-менеджментте басқару субъектісінің қызметіне келесілер жатады:

- жоспарлау;

- ұйымдастыру;

- реттеу;

- координациялау;

- ынталандыру;

- бақылау.



Жоспарлау – тәуекел-менеджментте объектінің қаржылық күй-жағдайларының бүтін және әртүрлі бөлімдерінің болашақта өзгеруін ұсынады, жоспарлау – бұл айқын оқиғаны болжау. Ол тәжірибе өңделген болжауларды жүзеге асыруды мақсат етпейді. Жоспарлаудың ерекшелігі қаржылық көрсеткіштер мен параметрлерді құрғандағы альтернативтік болып табылады, басқару объектісінің қаржылық дамуының әр түрлі бағыттарын анықтайды.

Ұйымдастыру – бұл тәуекел-менеджментте айқын ережелердің және процедуралардың негізінде тәуекелді капитал салымдары бағдарламасын іске асырушы адамдардың бірігуін ұсынады. Бұл ережелер мен процедураларға жатады: басқару органдарының жасау, басқару аппарат құрылымын құру, әдістемелердің нормативтарының нормалары өңдеу, басқаратын бөлімшелері арасында өзара байланыс құру.

Реттеу – тәуекел-менеджментте басқару объектсіне әсер етуді білдіреді, осы объектінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Реттеу негізгі ағымдағы мәселелерді қамтиды.

Координациялау – тәуекел-менеджментте тәуекелді басқару жүйесіндегі барлық жұмыстарды қамтиды, басқару аппараты және мамандарды да. Координация басқару объектісінің, басқару субъектісінің, басқару аппаратының және жеке жұмысшының біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Ынталандыру – тәуекел-менеджментте қаржылық менеджерлер мен басқа мамандардың өз жұмыстарының қорытындысына қызығушылығын тудырады.

Бақылау–тәуекел-менеджментте тәуекел деңгейін төмендету жұмыстарын бақылап отыратын ұйымды білдіреді. Бақылау тәуекел деңгейін төмендету мәселелерінің қорытындысын талдауды білдіреді.

Көптеген экономистердің ойынша тәуекелді басқару, тап осы компанияның кепілдемелері және негізгі тәуекелдің төмендеуіне бағытталған шараларды қабылдауға болатын соңғы деңгейге дейін экономикалық негізді өңдеуді және орындауды қосады. Тәуекелді басқару тәуекелді бағалаудың нәтижесіне, потенциалды технологиялық және экономикалық талдауға, маркетингтік, экономика-математикалық әдістерге және басқа да зерттеулерге сүйенеді. Бұл жағдайда тәуекелді басқарудың объектісі – компанияның стратегиялық шешімдері, стратегиялық жоспар, өнімді тұтынушылардың жоспарлық шаралары, шикізатты жеткізушілер, бәсекелестер болып тпбылады.

Экономикалық операциялардың өзгешелігін еске ала отырып, компания үшін қаржылық тәуекелді басқарудың схемасын келесі 7 суретте көрсетеді.


Тәуекел түрі

Басқарудың әдістері, техникасы

Қаржылық және ұйымдық құралдыр

Тәуекелдердің макроэкономикалық тобы

Валюталық



Қажетті валютаның тұрақтылығын талдау, хеджерлеу, диверсификация

Валюталық опциондар, фъючерстер, ақша нарығының құралдары

Салалық

Нарық сегментін талдау, баға белгілеу

Салалық деңгей

Тәуекелдерлің инвестициялық тобы

Нарықтық

Негізгі капиталдың құнын талдау, салымдардың сапалығын анықтау

Қаржы есебінің орталығын есептеу

Бағалық

Мониторинг, компания пайдасын талдау

Бюджеттеу

Стратегиялық

Ресурстық қамтамасыз етуді талдау, қызметкерлермен жұмыстар

Негізгі бюджеттер

Сурет 7 - Қаржылық тәуекелді басқарудың әдістері


Бұл суретте қаржылық тәуекелдерді басқару тәсілдерінің бөлінуін экономикалық келісім кезеңдерімен алдын-ала ескереді. Экспорт-импорттық келісімдердің әр түрлілігі және қиындығы, қаржылық тәуекелдің әртүрлі келісім кезеңдерінде көрінуін ескертеді, бірақ әдістер және басқару тактикасы бұл кезеңдерде әр түрлі болады. Осы схемада көріп отырғанымыздай, қаржылық тәуекелді басқарудың әдістеріне жататындар: хеджирлеу; диверсификация; тұрақты мониторинг; ұжымдық-қаржылық құрылымды қайта ұйымдастырулған фирма; нарық сегментін талдау; баға белгілеу; жобаны ресурспен қамтамасыз етуді талдау; бюджеттің табыстары мен шығыстарын алдын-ала болжау болып табылады.

Бақылау сұрақтары:
1. Қаржы тәуекелдерін басқару қағидаттары қандай?

2. Қаржылық тәуекелдерді төмендетудің механизмін анықтаңыз?

3. Қаржылық тәуекелді басқару стратегиясы қандай?

4. Тактика дегеніміз не?


5. Тақырып. Жалпы тәуекел
1. Автономдық (жалпы) тәуекелдi нарықтық тәуекелмен салыстыру

2. Автономдық тәуекелдi талдау: оқшаулау қаралатын активтер


Жеке алынған активтердің тәуекелдігі жалпы тәуекел болып табылады. Нарықтық тәуекел диверсификацияланған бағалы қағаздар портфелінің бөлігі болып табылады. Жалпы тәуекел түсінігін көрсету үшін инвесторлардың бір ғана тәуекелді активі, мысалы акциясы бар деп есептейңк. Бұл жағдайдағы акция тәуекелі кірісінің мүмкін мәнінің дисперсиясы арқылы өлшенеді. Шашыранды болған сайын, нақты табыстың күтілетін табыстан төмен болу мүмкіндігі артады, сәйкесінше акцияның тәуекелі жоғары болып табылады. Егер инвестор 40 немесе одан да көп акциялар жинақталған портфельге ие болса, бірінші орынға акция портфелінің жалпы тіуекелң мәселесі шығады. 1 акция бойынша жоғалтудың орнын келесі акция бойынша кіріс болтырады. Нарықтық тәуекел әр акцияның портфель тәуекелдігі үлесін көрсетеді. Портфельдің жалпы тәуекеліне акцияның әсері көп болса, акцияның нарықтық тәуекелі де жоғары болады. Акцияныңң нарықтық тәуекеліне оның жалпы тәуекеліне барлық портфелінің кірісі арасындағы корреляция әсер етеді.

Акцияның портфельге жиналуы тәуекелінің төмендеуіне алып келеді. Сондықтан инвесторлар 1 акциябойынша портфельді қалайды. Көп инвесторлар рационалды адамдар болғандықтан акция бағасы жалпы тәуекелге емес, нарықтық тәуекелге байланысты болады. Жалпы және нарықтық тәуекел түсінігі кез келген тәуекелді активке сай келеді- бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, қымбат металлдар, капитал салу және т.с.с /2/


2. Автономдық тәуекелдi талдау: оқшаулау қаралатын активтер
Мүмкіндіктерді бөлу түсінігі мен күтілетін мән тәәуекелді өлшеу үшін негіз болып табылады. Тәуекелді қалай өлшеп, оның санын қалай бағалауға болады?

Бұл сұраққа жауап беру үшін автономды тәуекелді шығару әдісін қарастырамыз. Дисперсия мен орташа квадраттық ауытқу.

Дисперсия деп күтілетін мәнге қатысты мүмкін болатын мәндердің шашырандысын айтады. Дисперсия – құбылыстың мәнінің ауытқуларының орташа квадраты. Дискретті бөлудің дисперсиясын есептеу үшін келесі формула қолданылады:
V = δ 2= 1/ n Σ(k i – kболж)P i (1)

мұндағы: k i- құбылыстың нақтылы мәні;

n- болжамды мәндерден мүмкін ауытқулар саны.

1 формула бойынша дисперсия орташа күтілетін мәндердің ауытқуының квадраттарының сомасы болып табылады. Орташа квадраттық ауытқу (немесе стандарттық ауытқу):

δ =V ½ (2)
Дисперсияны сондай-ақ, квадраттағы пайыздармен есептеуге болады. «квадраттағы пайыз» термин қиын болғандықтан, басқа өлшем ретінде орташа квадраттық ауытқу қолданылады:

Вариация коэффиценті (СV) – стандарттық ауытқудың болжамды мәнге қатынасы

СV= δ/ kболж (3)
Күтілетін табыстылық жоғары болған сайын, орташа квадраттық ауытқу да жоғары болады. Мысалы, X жобасының күтілетін табыстылығы 30% орташа квадраттық аутықуы – 10% , ал Y жобасының күтілетін табыстылығы 10% , ал орташа квадраттық ауытқу -5% деп есептейік. Егер жобалардың кірістілігін бөлу қалыпты болса, Х жобасының табыстылығы теріс болу мүмкіндігі өте аз. А л У жобасы үшін шығындардың мүмкін мәні барынша жоғары. δ- ны күтілетін табыстың әр түрлі мәніне инвестицияның мәніне инвестицияның қатыстық тәуекелінің өлшемі ретінде қолданған бұрын орташа квадраттық ауытқуды старндарттап, табыстылық бірлігіне сәйкес келетін тәуекелді есептеу керек. Оны вариация коэффиценті арқылы есептеуге болады:

Жоба Х : СVх =10% : 30% = 0,33, Y: CVy = 5% :10% = 0,50



Осылайша көріп отырғанымыздай, күтілетін табыстылық бірлігіне тәуекел У жобасы бойынша Х жобасымен салыстырғанда көбірек. Сондықтан У жобасы Х жобасына қарағанда тәуекелділігі жоғары деп қорытындылауға болады. Теориялық түрде келесі пайымдау бар: неғұрлым вариациялау коэффициенті көп болса, соғұрлым бағалы қағаздарды ұстау тәуекелі жоғары болады.

Бұл формулалар таңдалып алынған мәліметтерді талдау үшін қолданылады. Ал бастапқы мәліметтер күрделі жиынтықтан таңдау ретінде қарастырылады. Болжамдық мақсаттарды уақыттық қатарларды қолдану бар тенденциялардың болашақта да сақталатынына негізделеді. Егер осылай болса, уақыттық қатарларды болжамдар жасау үшін негіз ретінде қолдануға болады. Мұндай талдау болмаса, жаңа жобалар үшін қолдануға келмейді.

Мүмкіндіктерді субъективті және объективті бөлудің жүргізілген талдауы келесі маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді: қаржылық талдауда тәуекелділіктің 2 көзіне жолығамыз: 1) мүмкіндіктердің берілген бөлінуіндегі мәнінің анықталмағандығымен байланысты тәуекел 2)қолданыстағы мүмкіндіктерді бөлудің өзі анық емес болуы мүмкін болатындығымен байлынысты қосымша тәуекелге нақты есептеулер жүргізуге болады. Алайда, олар белгілі дәрежеде субъективті болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Автономдық (жалпы) тәуекел дегеніміз не?

2. Автономдық тәуекелдi қалай талдайды?

3. Дисперсия мен орташа квадраттық ауытқу дегеніміз не?

6. Тақырып. Нарықтық тәуекелді талдау.
1. Нарықтық тәуекелдi талдау: портфельге қатысты активтер. Тиiмдi портфельдер

2. Корпорациялық тәукелдердiң типтерiн анықтау және бағалау


1. Нарықтық тәуекелдi талдау: портфельге қатысты активтер. Тиiмдi портфельдер
Алдыңғы бөлімдерде инветициялаудың балама нұсқасының тәуекелділігі бағаланды. Енді портфелге бірікірілген активтердің тәуекелін бағалуды қарастырамыз. Портфельге кіретін актив тәуекелі төменірек болады, яғни жеке өз тәуекелі жоғары болып табылатын актив портфелі тәуекелін қарастыру барлық тәуекелге қатысты қорытындылардың өзгеруіне алып келуі мүмкін.

Портфельдің күтілетін табыстылығы портфель құрамына кіретін жеке бағалы қағаздар бойынша күтілетін табыстылық көрсеткіштерінің орташа шамасын көрсетеді.


n

Кр= Σ (x i ki) (3.5)



i=1

Мұндағы Кр - портфельдің күтілетін табыстылығы, Хі - і активіне инвестицияланатын портфель үлесі, Кі – і активінің күтілетін табыстылығы, n – портфельдегі актив саны.



Мысалы, А акциясының күтілетін табыстылығы КА=10% , ал В акциясы үшін КВ=15%. Егер А акциясына барлық капиталды салсақ, портфельдің күтілетін табыстылығы Кр= КА=10% болады. Егер барлық капиталды В акциясына салсақ, Кр= КВ=15% болады. Екі акцияға тең мөлшерде иныестициялық портфелінің күтілетін табыстылығы акцияның табысының орташа шамасына тең болады: Кр – 0,5 – 10% + 0,5 – 15% = 16,5%
2. Корпорациялық тәукелдердiң типтерiн анықтау және бағалау
Тәуекел типін анықтау - кәсіпорынға жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар ағымдағы және мүмкін тәуекелді кәсіпкердің жүйелі және үзіліссіз анықтау процесі.

Егер мүмкін болатын тәуекел анықталмаған болса, оны минимизациялау кәсіп орынның ешбір іс-әрекет жасай алмайтыны белгілі. Корпарациялык тәуекелді басқарушылардың көбі тәуекел типін анықтауда алдын-ала даярланған тізімдерді қолданады, ал тәуекелдері басқарушылары жоқ кішігірім кәсіпорындарда тәуекелдерді өлшеу және идентификациялау үшін тәуекелдерді басқару бойынша консультанттарды жалдайды немесе сақтандыру компаниясының қызметін қажет етеді.Кішігірім кәсіпорындарда тәуекелдерді анықтауда бір ғана адамның өз кәсіпорнына ведомость қолдануы жеткілікті, ал көптеген бөлімшелері бар ірі кәсіпорындарда бұл процеске бірнеше адамдар тобықатысуы қажет.

Тәуекелдерді анықтағаннан кейін әрбір тәуекелдің кәсіпорынға әсер ету дәрежесін өлшеу керек. Бұл процесс бағалау келеілерді бағалаудв қажет етеді.

а) жоғалту жиілігін немесе жоғалту мүмкіндігі,

б) жоғалтудың маңызын эрбір жоғалтудың ақшалай олшемі.

Көп жағдайд әрбір тәуекелдің әсер ету әрекеті дәрежесі жоғалтудың жиілігіне қарағанда, оның маңыздылығына тәуелді болып табылады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын жоғалтулардын жиілігі көп ретте тәуекелдерді типтері бойынша бөлу амалымен өлшенетін.

Мысалы, егер тәуекелдің пайда болу жағдайы аз ықтималды болса, оны 1-ші типке жатқызатын, егер тәуекел маңызды болмаса, оны 2-типке қарастыратын. Тәуекелді жағдай жиіболып түратынын түсінгесін оны 5-тип тәуекелі деп классифкациялайтын. Олайда қазіргі кезде тәуекелді басқарушылардың көбі әрбір тәуекелдің туындауынын іс-жүзіндегі ықтималдығын бағалайды және тәуекелдер жиілігі категориясын қолданбайды. Егер жоғалтулар жиілігін өлшеуде ықтималдылық қолданса, онда тәуекелдер комбинациясының ықтималдығын табу оңай.

Мысалы: белгілі бір зауыттың селден жыл сайынғы зақымдануын 0,03-ке тен делік, су басудан - 0,02, өрттен - 001, және бұл үш құбылыс бір-бірінен тәуелсіз. Қандайда бір жылы осылардың ішінде бір қауіптің туындау ықтималдылығы келесі алгоритм бойынша анықталады:

Селден жоғалтулардың болмауы 1-0,03=0,97 ге тең; Су басудан жоғалтудың болмауы -0,98-ге; өрттің болмау ықтималдығы - 0,99.

Осылайша осы қауіптің бірден-бірі болмайтынының ықтималдығы 0,97*0,98*0,99=0,941, немесе 94,1% - ғатең.

Егер кауіптің болмау ықтималдылығы 94,1%-ге тең болса, онда олардың болу ықтималдылығы 1,00 - 0,941 = 0,059, немесе 5,9%.Осылайша, үш қауіптің де, бір жылда болу каупі 0,03*0,02*0,01 = 0,000006, немесеилионның ішінде 6 жағдай ғана.

Жоғалтудың ауыртпашылығын өлшеудің бірнеше әдістері бар: 1)максималды жоғалтулар; 2)орташа жоғалтулар.

Максималды жоғалтулар - ең жағымсыз жағдаймен байланысты жоғалтудың ақшалай бағасы.

Орташа жоғалтулар - белгілі бір қауіппен байланысты жоғалтуда ақшалай бағалау өлшемі.
Бақылау сұрақтары:


  1. Тәуекел деңгейін төмендетудің негізгі жолдары қандай?

  2. Қаржылық тәуекел деңгейін бағалау әдістерін көрсетіңіздер.

  3. Диверсификация түсінігін, оның түрлерін ашып түсіндіріңіз.

  4. Оңтайлы портфельді таңдау.

  5. 8.Корпорациялық тәуекелдердің типтерін анықтау және өлшеу.

  6. 9.Мүлік шығындарының тәукелділікке ұшырағыштығы.

  7. 10.Жауапкершілікке шығындардың тәуекелділікке ұшырағыштығы.

  8. 11.Қаржылық шығынд ар дың тәуекелділікке ұшырағыштығы.

  9. 12.Тәуекелді бағалау тәсілдері.

  10. 13.Тәуекелді басқару.

7. Тақырып. Банктік тәуекелдердің сипаттамасы және оларды сақтандыру ерекшеліктері.
1. Банктік тәуекелдердің түрлері

2. Тәуекелдерді сақтандырудың экономикалық қажеттілігі


Кредиттік-қаржы ұйымында материалдық шығындардың туындау мүмкіндігі банк тәуекелі болып саналады. Мұның себептері әртүрлі қаржы құралдарының нарықтық құнының күтпеген өзгеруі болуы мүмкін. Бұдан басқа, шығындар валюта нарығындағы өзгерістер салдарынан туындауы мүмкін.
Келесі жіктеу бар:
- уақыт бойынша. Тәуекелдер ағымдағы, перспективалық және ретроспективті болады;

- деңгейі бойынша. Шығындардың пайда болу мүмкіндігінің дәрежесі төмен не орташа, сондай-ақ толық болуы мүмкін;

- пайда болудың басты факторы бойынша. Мұндай жағдайлар экономикалық немесе саяси себептерге байланысты болады. Бірінші нұсқаға несие-қаржы мекемесінің экономикалық саласындағы қолайсыз сипаттағы әртүрлі өзгерістер жатады. Сондай-ақ, бұл ел экономикасында пайда болуы мүмкін. Саяси сипаттағы тәуекелдер саяси жағдай тұрғысынан өзгерістерге байланысты.

Негізгі банктік тәуекелдер

Оларға мынадай факторлар жатады:

- өтімділік тәуекелі. Банк мекемелері активтерінің, сондай-ақ пассивтерінің құны ағымдағы нарықтық көрсеткішке сәйкес келуі тиіс. Егер бұл болмаса, онда несие-қаржы ұйымы өз міндеттемелерін өтеуде елеулі қиындықтарға тап бола алады;

- кредиттік ставкалардың өзгеру тәуекелі. Осы сегменттегі күтпеген өзгерістер банк мекемесінің активтері мен пассивтерінің құрылымына елеулі әсер етуге қабілетті;

- кредиттік тәуекел. Осы бағыт берілетін несие сапасы мен өтімділік факторы арасындағы тұрақты теңгерімді талап етеді;

- капиталдың жеткіліктілігі. Банк шығындарды еркін жұтып, жағымсыз жағдайлар кезінде жеткілікті қаржылық мүмкіндіктерге ие болуы қажет.

Банк тәуекелдерінің ерекшеліктері

Өз қызметінде несие-қаржы мекемелері әртүрлі нюанстарды ескеруге тура келеді. Атап айтқанда, тәуекелдердің сипаты маңызды. Олардың пайда болуының сыртқы және ішкі себептері бар. Бірінші санатқа банк қызметімен тікелей байланысты емес тәуекелдер кіреді. Бұл қандай да бір елеулі оқиғалардың салдарынан туындаған шығындар. Оларға соғыс, ұлтшылдық, түрлі тыйымдар енгізу, жекелеген елдегі ағымдағы жағдайдың шиеленісуі жатады. Ішкі тәуекелдерге келетін болсақ, олар банк ұйымының дұрыс жүзеге асырылмаған (негізгі немесе қосалқы) қызметі салдарынан туындайтын шығындарды білдіреді.

Банк тәуекелдерін бағалау

Банк қызметін жүзеге асыру кезінде тәуекелдермен өзара байланысы бар шығындарды анықтау (сандық өлшемде) осындай тәуекелдерді бағалау деп аталады. Бұл рәсімнің мақсаты нақты кредиттік мекеменің жұмыс нәтижелерінің ағымдағы нарықтық шарттарға сәйкестігін анықтау болып табылады. Бұл үшін көбінесе кредиттік портфельге де, оның негізгі көрсеткіштеріне да қатысты талдамалық әдіс қолданылады. Бұл нақты банк қызметінің жалпы көрінісін, сондай-ақ оның қызметінің негізгі бағыттарын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, мұндай бағалау процесі кредиттік тәуекелдердің дәрежесін анықтауға ықпал етеді.

Банктік тәуекелдерді басқару

Әрбір кредиттік ұйымның қызметінде қаржылық тәуекелдерді дұрыс басқару маңызды рөл атқарады. Бұл мәселеде ең қолайлы стратегияны таңдау өте маңызды. Банк тәуекелдерін осындай басқарудың негізгі мақсаты қаржылық шығындар мүмкіндігін барынша азайту не шектеу болып табылады. Ол үшін бірқатар арнайы іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Активтер мен пассивтерге, белгіленген нормативтер мен лимиттерді бақылауға, сондай - ақ есептілікке қатысты басқару мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бұдан басқа, кез келген кредиттік ұйымның қызметіне қатысты мониторингтік, талдамалық және аудиторлық бағыттар маңызды.

Қаржылық банктік тәуекелдер

Банк тәуекелдерінің неғұрлым кең тобына қаржылық факторлар жатады. Шығындардың пайда болу ықтималдығы әдетте кез келген кредиттік ұйымның негізгі элементтерімен болған күтпеген өзгерістерге байланысты. Бұл көбінесе банк құрауыштарының көлемімен немесе олардың табыстылығын жоғалтумен байланысты болады. Бұдан басқа, кредиттік мекеменің активтері мен пассивтерінің құрылымында күтпеген өзгерістер маңызды рөл атқара алады. Қаржылық тәуекелдер тобына инвестициялық, кредиттік, валюталық, нарықтық, инфляциялық және өзгерістердің басқа да нұсқалары сияқты олардың түрлері кіреді.
2. Тәуекелдерді сақтандырудың экономикалық қажеттілігі
Банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер сияқты сақтандыру ұйымдарының қызметтерін сөзсіз пайдаланады, бұл кәсіпорын қызметінің түріне қарамастан тәуекелдің объективтілігіне негізделген. Экономиканың банк секторының маңыздылығын, банк қызметінің ерекшеліктерін және банктер қызметінің аясын тұрақты кеңейтуді ескере отырып, банктік сақтандыру жүйесі қалыптасты және дамып келеді.

Банктік сақтандыру жүйесінің элементтері екі топқа бөлінуі мүмкін. Біріншісі кез келген кәсіпорындар мен ұйымдар үшін ортақ болып табылатын сақтандыру объектілері мен тәуекелдерді қамтиды. Екінші топқа банк қызметінің ерекшелігіне байланысты объектілер мен тәуекелдер жатады.

Банктер басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен қатар пайдаланатын сақтандыру түрлерінің арасында, атап айтқанда, мыналар бөлінеді::

- ғимараттарды өрт, дүлей зілзалалар, жарылыстар, үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері және басқа да кездейсоқ оқиғалар нәтижесінде қираудан және зақымданудан сақтандыру;

- банктердің мүлкін өрт, дүлей зілзалалар, жарылыстар, үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері және басқа да кездейсоқ оқиғалар нәтижесінде жоғалудан, жойылудан немесе зақымданудан сақтандыру;

- компьютерлерді, оргтехниканы және басқа да электрондық жабдықтарды өрттен, жарылыстардан, су құйылудан, ұрлықтан және үшінші тұлғалардың басқа да құқыққа қарсы әрекеттерінен, техникалық ақаулықтардан, конструктивті кемшіліктерден, электр тогының әсерінен және басқа да оқиғалардан сақтандыру. Бұл сақтандыру ақпарат тасығыштардың сақтандыру қорғанысын және жоғалған жағдайда ақпараттың өзін қамтамасыз ете алады;

- ақша белгілері мен бағалы қағаздарды ұрлықтан және жоюдан сақтандыру;

- банктерге тиесілі автокөлік құралдарын жол-көлік оқиғалары, өрттер, айдап әкету, үшінші тұлғалардың басқа да құқыққа қарсы әрекеттері және өзге де кездейсоқ оқиғалар нәтижесінде қаза табудан немесе зақымданудан сақтандыру;

- үшінші тұлғаларға келтірілген залал үшін көлік құралдарының, жылжымайтын мүліктің және басқа да мүліктің иелері ретінде банктердің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру;

- қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру, медициналық сақтандыру, зейнетақы сақтандыру, және басқа да жеке сақтандыру түрлері. Осы сақтандыру тиісті сақтандыру басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен жүзеге асырылатын шарттардан іс жүзінде ешқандай айырмашылығы жоқ шарттарда жүзеге асырылады.


Банк қызметінің ерекшелігін ескеретін банктік сақтандыру:
- банктік құндылықтарды және банктердің басқа да мүлкін сақтандыру;

- компьютерлік алаяқтықтан сақтандыруды қоса алғанда, банк саласындағы компьютерлік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сақтандыру;

- банк саласында пластикалық карточкаларды қолдануға байланысты тәуекелдерден сақтандыру;

- кредиттерді сақтандыру (кредиттерді тікелей сақтандыру, сондай-ақ қарыз алушының өмірін сақтандыруды қоса алғанда, кредиттерді қамтамасыз етуді сақтандыру);

- банктік салымдарды (депозиттерді) сақтандыру.

Бақылау сұрақтары:
1. Банктік тәуекелдердің түрлерін айтыңыз?

2. Тәуекелдерді сақтандырудың экономикалық қажеттілігі неде?

3. Тәуекелді басқарудағы сақтандыру?

4. Банк қызметінің ерекшелігін ескеретін банктік сақтандыруды айтыңыз?






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...