Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг төлемдерін есептеу әдістемесін және төлеу тәртібін бекіту туралы

Loading...


жүктеу 257.83 Kb.
Дата19.03.2017
өлшемі257.83 Kb.
Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг төлемдерін есептеу әдістемесін және төлеу тәртібін бекіту туралы

Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг төлемдерін есептеу әдістемесін және төлеу тәртібін бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы           № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



         1. Қоса беріліп отырған Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг төлемдерін есептеу әдістемесі және төлеу тәртібі бекітілсін. 

         2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі


С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасы



Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

міндетін атқарушы                                                      С. Жақыпова

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2014 жылғы «12» желтоқсандағы

№ 322 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг  төлемдерін



есептеу әдістемесі және  төлеу тәртібі

 

1.     Жалпы ережелер

 

         1. Осы Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг  төлемдерін есептеу әдістемесі және  төлеу тәртібі (бұдан әрі - Әдістеме) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде лизинг алушының қаржы лизингі шарттарында сатып алған медициналық техникасы үшін лизинг төлемдерін есептеу,  төлеу (лизинг төлемдері кестесі) және өтеу тәртібін анықтайды.  



         2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

         1) медициналық техника - аурулардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсаттарда жеке, кешендерде немесе жүйелерде қолданылатын аппараттар, аспаптар және жабдық;

                2) қаржы лизингі шарты - лизинг беруші белгілі бір өнім берушіден мүлікті өз меншігіне сатып алуға және осы мүлікті лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде беруге міндеттенетін шарт, оның ішінде лизинг нысанасын сақтандыруды көздейді;

         3) лизинг бepуші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға қаржы лизингі шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы;

         4) лизинг алушы - қаржы лизингі шартының талаптарына орай лизинг нысанасын қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы (лизинг мәмiлесiне қатысушы);

         5) өнім беруші - заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға (лизинг мәмiлесiне қатысушы); 

         6) лизинг төлемдері - қаржы лизингі шартын жасасқан сәттегi баға бойынша лизинг нысанасының бүкіл құнының өтелуiн ескере отырып есептелуі тиiс және қаржы лизингі шартының қолданылу мерзiмiнде жүзеге асырылатын, қаржы лизингі  шарты қолданылатын мерзiмге қаржы лизингі шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, олар:

қаржы лизингі шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзуге және мақсаты бойынша пайдалану үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығыстарды өтеуді;

 лизинг бойынша сыйақыны қамтиды;

         7) лизинг мерзiмi - қаржы лизингі шартына сәйкес лизинг алушыға лизинг нысанасы уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл ретте лизинг нысанасына лизинг берушінің меншік құқығын сақтай отырып, қаржы  лизингі  шартын мерізімнен бұрын бұзу лизинг мерзімін өзгертуге әкеп соқтырмайды;

         8) өтімділік мерзімі - лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншігіне сатып алуға шығындарын жабуға қажетті уақыт кезеңі;

         9) лизинг төлемдерінің кестесі - лизинг төлемдерінің мерзімдері, өтеу мөлшері, бір медициналық техникаға лизинг төлемінің үлесі, сыйақының жалпы сомасы және қаржы лизингі шарты мен лизинг нысанасын жеткізу мерзімдерін есептеуіне сәйкес әрбір лизинг алушыға жеке дара қалыптастырылатын бір айдағы медициналық қызметтердің жоспарлы саны туралы ақпарат;

         10) аннуитеттік төлемдер әдісі - қаржы лизингі бойынша қарыздарын өтеуде негізгі қарыз бойынша ұлғаятын төлемдерін және негізгі қарыздың қалдығына кезең ішінде аударылған сыйақылар (пайыздар) бойынша азайтылған төлемдерін қосатын лизинг мерзімінің барлық мерзімі бойына теңдей төлемдермен жүзеге асырылатын әдіс;

11) АЖ - «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі, «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі, «Амбулаториялық-поликлиникалық көмек» ақпараттық жүйесі;

12) лизинг төлемдерін төлеу - қаржы лизингі шарттарында лизинг төлемдерін өтеуге  лизинг алушының шығындарын өтеу.

3. Лизинг төлемдерін өтеу республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен  жүргізіледі.

4. Қажеттілікке талдау осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес фомула бойынша қажеттілік коэффициентін есептеу негізінде жасалады.

5. Өтімділікке талдау осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес формула бойынша өтімділік мерзімін есептеу арқылы жүргізіледі.

6. Тиісті ақпаратты ұсынған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде өз құзыреті шеңберінде әлеуетті лизинг алушылардың және медициналық техниканың тізбесін келіседі:

денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) медициналық ұйымның бейіні мен деңгейіне медициналық техниканың сәйкестігін келіседі;

уәкілетті органның медициналық қызметтерге ақы төлеу бойынша ведомствосы әлеуетті лизинг алушылармен ТМККК көрсетуге шарттың болуын растайды;

уәкілетті органның медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі ведомствосы қаржы лизингі шарттарында сатып алған медициналық техникада айына денсаулық сақтау ұйымы көрсетуге жоспарлаған медициналық техника мен қызметтер санының тізбесін келіседі.

         7. Қаржы лизингі шартының қолданылу мерзімі кезеңінде тиімді пайдалану мәніне медициналық техникаға мониторинг жасалады.

 

 



2.     Лизинг төлемдерін төлеу тәртібі

 

8. Лизинг беруші жыл сайын бірінші сәуірге дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға куәландыратын құжаттарын (жасалған қаржы лизингі  шарттарының, лизинг төлемдері кестелерінің және қабылдау-тапсыру актілерінің көшірмелері) қоса берілген, алдағы үш жылдық кезеңге лизинг төлемдерін өтеуге бюджет қаражаттарының көлемін көрсете отырып лизинг алушылардың тізбесін және куәландыратын құжаттарын (жоспарланған лизинг жобалары бойынша алдағы үш жылдық кезеңге лизинг берушінің бекітілген инвестициялық жоспарының көшірмесін) қоса берілген жоспарланған лизинг жобалары бойынша лизинг төлемдерін өтеуге бюджет қаражаттарына қажеттілігін  жолдайды.



9. Лизинг беруші жыл сайын оныншы қарашаға дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға куәландыратын  құжаттарын (жасалған қаржы лизингі  шарттарының, лизинг  төлемдері кестелерінің және қабылдау-тапсыру актілерінің көшірмелері) қоса берілген міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру үшін жоспарланған қаржылық жылға лизинг төлемдерін өтеуге бюджет қаражаттарының көлемі әрбір айға бөлінген  лизинг алушылардың  тізбесін және куәландыратын құжаттарын (жоспарланған лизинг жобалары бойынша алдағы қаржылық жылға лизинг берушінің бекітілген инвестициялық жоспарының көшірмесін) қоса берілген жоспарланған лизинг жобалары бойынша лизинг төлемдерін өтеуге қажеттілігін  жолдайды.

10. Лизинг беруші, есепті кезеңнен кейінгі айдың төртінші күнінен кешіктірмей  куәландыратын құжаттары (бекітілген қаржы лизингі шарттарының, қабылдау-тапсыру актілерінің және лизинг төлемдері кестесінің көшірмелері) қоса берілген ағымдағы қаржылық жылға лизинг төлемдерді өтеуге бюджет қаражаттарының көлемі әрбір айға бөлінген  медициналық техниканы жеткізуі есепті кезеңде жүзеге асырылған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға лизинг алушылардың  тізбесін жолдайды.

11. Уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін өтелуге жататын лизинг төлемдерінің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын лизинг беруші ұсынған лизинг алушылар тізбесінің негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысымен бекітілген Бюджетті орындау және оның кассалық қызмет көрсету ережелеріне (бұдан әрі - Бюджетті орындау ережелері) сәйкес міндеттемелері және (немесе) төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы өтінімді қалыптастырады.

Бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға лизинг алушыларға лизинг төлемдерін өтеу үшін бюджеттік   бағдарламалар бойынша міндеттемелері және (немесе) төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама жібереді.

12. Лизинг төлемдерін  өтеуге бюджет қаражаттарының сомаларын түзету және қайта бөлу:

ерікті нысандағы міндеттемелер және (немесе) төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге лизинг берушінің өтінімі;

лизинг алушыларға ай сайынғы лизинг төлемдерін өтеу нәтижесі бойынша  денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметке ақы төлеу жөніндегі уәкілетті органға және облыстардың, республикалық маңызы бар  қаланың  және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың  жергілікті органдары ұсынған  ұсыныстары негізінде жасалады.

13. Облыстардың, республикалық маңызы бар  қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың  жергілікті органдары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның медициналық қызметке ақы төлеу бойынша аумақтық ведомстволары осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес формула бойынша ТМККК көрсетуге арналған шартқа қосымша келісімдер жасасу негізінде лизинг алушыларға лизинг төлемдерінің төленуін жүзеге асырады.

14. Ағымдағы қаржылық жылға жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес лизинг алушыларға ТМККК көрсетуге арналған шартқа қосымша келісімдер жасауды қамтамасыз ету.

15. Лизинг беруші лизинг алушыға белгіленген пайдалануға берген күннен бастап қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника туралы ақпаратты АЖ енгізуді және лизинг төлемдері үлесін жүзеге асырады.

16. Қаржы лизингі  шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалана отырып медициналық көмек көрсеткен кезде лизинг алушылар «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №6697 тіркелген) бекітілген бастапқы медициналық құжаттама үлгілерінде медициналық техниканың тоғыз таңбалы кодын көрсетеді.

Лизинг алушылар бастапқы медициналық құжаттама үлгілерінен қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада нақты көрсетілген медициналық қызметтер бойынша мәліметтерді АЖ енгізуді жүзеге асырады.

17. Лизинг алушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
25 қазандағы №1358 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына сәйкес (бұдан әрі - Қағидалар) қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану туралы АЖ-ға енгізген деректердің негізінде шот-тізілімдерді қалыптастырады және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың  және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың  жергілікті органдары немесе ведомствоның уәкілетті органының медициналық қызметке ақы төлеу бойынша аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.

18. Қаржы лизингі  шарттарында сатып алынған медициналық техникада көрсетілген медициналық қызметтер үшін лизинг алушыға лизинг төлемдерін өтеу бойынша қаржыландыру көлемі осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес формула бойынша анықталады.

19. Лизинг алушы лизинг берушіге лизинг төлемдерін лизинг төлемдерінің  кестесіне сәйкес қаржы лизингі шарты бойынша  ай сайын төлейді.

20. Лизинг төлемдері мөлшері осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес формула бойынша аннуитеттік төлемдер әдісімен есептеледі.

21. Лизинг  төлемдері  кестесін лизинг беруші  қаржы лизингі шартына сәйкес және лизинг нысанасын жеткізу мерзімін ескере отырып әрбір лизинг алушы үшін жеке  қалыптастырады.

22. Лизинг төлемдері қаржы лизингі шартын жасаған сәттегі бағасы бойынша лизинг нысанасының барлық құнының өтелуін ескере отырып есептеледі және қаржы лизингі шартының барлық әрекет ету мерзімі бойына жүзеге асырылады, олар мыналарды:

лизинг берушіге лизинг нысанасын сатып алуға шығындарын және тікелей сатып алумен байланысты, лизинг нысанасын жеткізумен және оны жұмыс күйіне келтірумен және қаржы лизингі шартына сәйкес маңызы бойынша пайдалануға арналған кейінгі қызмет көрсетумен (өнім берушінің лизинг нысанасына кепілдеме берілген қызмет көрсетуі) байланысты шығындарын өтеуді;

лизинг бойынша сыйақы беруді қосады.

23. Лизинг  төлемдеріне  ақы төлеуді қаржы лизингі шартына қосымша болып табылатын осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес құрылған қаржы лизингі шартының лизинг төлемдері кестесіне сәйкес мерзімі мен мөлшерде ай сайын лизинг алушы  жүзеге асырады.

24. Сыйақыны есептеу лизинг төлемдері кестесінде көрсетілген лизинг нысанасын пайдалануға енгізген күннен бастап жүргізіледі.

Лизинг төлемдері үлесі осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес формула бойынша бір айдағы лизинг  төлемдерінің бір айдағы медициналық қызметтердің жоспарланған санына қатынасы ретінде есептеледі.

25.  Медициналық қызметтердің жоспарлы саны (Кжоспар) ең жоғарғы мәні жағына он екі айға еселік және  лизингке сұратылған  медициналық техниканың ең жоғарғы нормативінен көп емес және берілген нормативтен жетпіс бес пайыздан кем емес болуы тиіс, мұнда Кжоспар –    қаржы лизингі шартына сәйкес қаржы лизингі  шарттарында сатып алынған медициналық техникада денсаулық сақтау ұйымы айына көрсетуге жоспарлаған медициналық қызметтер саны.

Лизингке сұратылған медициналық техниканың ең жоғарғы нормативі осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес есептеледі.

26. Уәкілетті органның медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі ведомствосының аумақтық бөлімшелері есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне дейін және ағымдағы жылдың бірінші қарашасынан кешіктірмей уәкілетті органның медициналық қызметке ақы төлеу бойынша ведомстволарының аумақтық бөлімшелеріне және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар  қаланың  және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың  жергілікті органдарына осы Әдістемеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы тиімді пайдалануға бақылау актісін (бұдан әрі - бақылау актісі) жібереді.

Лизинг алушылардың медициналық техниканы тиімді пайдалануына бақылауды тоқсан сайын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі аумақтық ведомстволары жүзеге асырады. Бақылау актісінде медициналық техниканы тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асыру кезінде куәландырылған қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану арқылы медициналық қызметтер саны көрсетіледі.

27. Облыстардың, республикалық маңызы бар  қаланың  және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың  жергілікті органдары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның медициналық қызметке ақы төлеу бойынша аумақтық ведомстволары бақылау актісі негізінде лизинг алушыларға лизинг төлемдерін өтеуге арналған бюджет қаражаттарын төлеуді және алып тастауды жүзеге асырады.

28. Егер бақылау нәтижесі бойынша емделген жағдай толықтай немесе бөлігі төленуге жатпаса, бақылау актісіне сәйкес қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада нақты көрсетілген медициналық қызметтер санына және өтеуге лизинг төлемдерінің сомасын қайта есептеу жасалады.

29. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары және уәкілетті органның медициналық қызметке ақы төлеу бойынша ведомстволарының аумақтық бөлімшелері бақылау актісін есепке ала отырып Қағидаларда  көзделген мерзімдер мен тәртіпте ТМККК көрсетуге шарттарды орындау хаттамаларын (бұдан әрі - хаттама) қалыптастырады.

Бұл ретте, ағымдағы жылдың қаңтар айының хаттамасын қалыптастыру жағдайларды және өткен жылдың желтоқсан айының шот-тізіліміне кірмей қалған лизинг төлемдерін есепке ала отырып, жүзеге асырылады.

30. Ұстап қалуға немесе алып тастауға жататын лизинг алушылардың лизинг төлемдерін өтеуге арналған бюджет қаражаттарының сомасы ТМККК көрсетуге шарттың әрекет ету мерзімі бойына лизинг алушымен кейінгі есеп айырысулар кезінде ескеріледі.

31. ТМККК шеңберінде лизинг алушымен көрсетілген орындалған жұмыстар (қызметтер) актісі ресімделген хаттама негізінде жүзеге асырылады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары және уәкілетті органның медициналық қызметке ақы төлеу бойынша ведомстволарының аумақтық бөлімшелері лизинг төлемдерін төлеуді Қағидаларға сәйкес қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалану арқылы медициналық қызметтер көрсеткен жағдайда орындалған жұмыстардың (қызметтер) актісін ресімдегеннен кейін жүзеге асырады.

Лизинг төлемдерін төлеуге бағытталған қаражаттар лизинг алушымен тек қаржы лизингі шарты шеңберінде ғана пайдаланылады.

32. Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада көрсетуге жоспарлаған медициналық қызметтердің ай сайынғы санын орындамаған жағдайда лизинг алушыға нақты көрсетілген медициналық қызметтер үшін қаржы  лизингі шарты бойынша сатып алынған медициналық техниканы пайдалану арқылы көрсетілген медициналық қызметтер үшін лизинг төлемдері төленеді.

Лизинг алушылардың лизинг төлемдерін өтеуге қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда лизинг алушылар лизинг төлемдерін  ТМККК шеңберінде көрсеткен медициналық қызметтерден түскен қаражаттарды қоспағанда жеке қаражаттары есебінен өтейді.

33. Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада көрсетілген медициналық қызметтерді төлеуге ұсынған ай сайынғы саны қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада көрсетуге жоспарланған медициналық қызметтердің ай сайынғы санынан асып кеткен жағдайда лизинг төлемдері лизинг төлемдерінің кестесінде көрсетілген лизинг төлемдері мөлшерінде төленеді.

34. Лизинг беруші лизинг алушыға тәуелсіз жағдайларда лизинг алушының лизинг төлемдерінің төленбеген сомасына өсімпұл есептемейді (оның қателігінен болмаған лизинг алушының шотына лизинг төлемдерін өтеуге, сондай-ақ өткен жылдың желтоқсан айының шот-тізіліміне кірмей қалған лизинг төлемдеріне  ағымдағы жылғы қаңтар айында төлем жасаған кезде бюджет қаражаттарының уақытылы түспей қалуы).

 

Қаржы лизингі шарттарында



сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг  төлемдерін есептеу әдістемесі және  төлеу тәртібіне 1-қосымша

 

Қажеттілік коэффициентін есептеу формуласы

 

 

ҚКдұмт     =          Ж мқ   ,    мұнда



                                                           Неңжоғ

ҚКдұмт     -    лизинг алушының медициналық техникаға қажеттілік коэффициенті;

Ж мқ –  лизинг алушы сұратылған  медициналық техникада жылына көрсетуге жоспарлаған медициналық қызметтер саны (Ж өтін) мен «ҚазМедТех» АҚ жылына есептеген медициналық қызметтер (Ж есеп) арасындағы ең төменгі мәні ретінде анықталатын медициналық қызметтердің жалпы саны;

Ж есеп төмендегі формула бойынша есептеледі:

                                        Ж есеп  = (ЕСжыл х Смқ) – ӨҚұмт, мұнда

ЕСжыл сұратылған  медициналық техникада медициналық қызмет талап етілетін лизинг алушының бір жылға жоспарлаған пациенттер саны. Аталған көрсеткіш:

- соңғы 3 жылда лизинг алушының ұқсас медициналық техникада медициналық қызметтер қабылдаған пациенттер саны динамикасын талдауды,

- бөлімшелер/нозологиялар бойынша пациенттер санының өсу/азаю динамикасына әсер ететін факторларын ескере отырып есептеледі.

                                    ЕС жыл = ЕСжыл +/- %өкд, мұнда

%өкдбір жылдың мәліметтерін алдыңғы жылдың мәліметтеріне орташа арифметикалық мәліметтер ретінде есептелетін пациенттер саны динамикасының төмендеуі немесе артуының орташа %. Егер пайыздың өсу немесе кему динамикасының 20 % артық немесе кем өзгергендігі жағдайында есепке соңғы не ағымдағы немесе алдыңғы жылдың көрсеткіштері алынады.

Смқ –  Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес, сондай-ақ белгіленген ұлттық емдеу тәжірибесіне, халықаралық стандарттарға мамандандырылған ғылыми институттардың, штаттан тыс мамандардың не ұқсастығы бойынша «ҚазМедТех» АҚ-ның өткен жобаларынан  ресми жауаптары), сондай-ақ лизинг алушының тәжірибесіне (лизинг алушының ресми жауаптары) сәйкес лизинг алушының бөлімшелерінде айқындалған нозологияларды емдеуді ескере отырып бір пациентке талап етілетін сұратылған медициналық техникада көрсетілетін медициналық қызметтердің болжамды  саны.

ӨҚұмтлизинг алушының ұқсас/бірдей медициналық техникада бар медициналық қызметтерге жылдық өндірістік қуаттылығы.

ӨҚұмт  төмендегі формула бойынша есептеледі:

                                     ӨҚ ұмт = Неңжоғ – ҰМТ тозу %, мұнда

 

Неңжоғ – лизингке сұратылған  медициналық техникаға жылдық ең жоғарғы  норматив;



ҰМТ тозу % - «Медициналық техниканы басқару жүйесіне» ақпараттық жүйесіне сәйкес лизингке өтінімін берген сәтте лизинг алушының ұқсас немесе бірдей  медициналық техникасының  тозу пайызы, сондай-ақ лизинг алушының (тозу пайызы көрсетілген медициналық техника бойынша теңгерім бабының ашып көрсетілуі).  Талдау үшін барлық ұқсас медициналық техникаға тозу пайызының, ал қажеттілік коэффициентін есептеу үшін лизингке сұратылып отырған медициналық техниканы пайдалану жоспарланған ауданында орналастырылған медициналық техниканың тозу пайызының немесе көрсетілетін медициналық қызметтердің түрлері бойынша есебі алынады. 

 

Қаржы лизингі шарттарында



сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг  төлемдерін есептеу әдістемесі және  төлеу тәртібіне 2-қосымша

 

 



Өтімділік мерзімін есептеу формуласы

 

 



Медициналық техниканың (Мөтім) өтімділік мерзімі мына формула бойынша есептеледі:

 

                                  Мөтім     =       _(Қмт  +  Ссый )_ х 12,    мұнда



                                                            (Неңжоғ * Қмқ)

Мөтім – 60 айдан аспауы тиіс;

Қмт – сұратылған  медициналық техниканың құны;

Ссый – сұратылған  медициналық техникада құнына есептелуге жоспарланған 60 айдағы сыйақы сомасы (жылдық 5%);

Неңжоғ – лизингке сұратылған медициналық техникаға ең жоғарғы нормативке сәйкес бір жылдағы медициналық қызметтер саны;

Қмқ – бір медициналық қызметтің құны, мына есептеуден:

Қмқ = Қорт + Шкүр, мұнда

Қорт –  уәкілетті органнның қолданыстағы тарифтеріне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен типтік штаттарына және штаттық нормативтеріне сәйкес медициналық қызметтің орташа құны;

Қорт = ∑Қмқ / Жөтін, мұнда

∑Қмқ – уәкілетті органның  тарифі бойынша олардың құнына медициналық қызметтердің әрбір түрі санының көбейтіндісінің сомасы ретінде анықталатын лизингке сұратылған медициналық техникада лизинг алушы көрсетуге жоспарлаған медициналық қызметтердің жалпы құны;

Жөтін – лизингке сұратылған медициналық техникада лизинг алушы көрсетуге жоспарлаған медициналық қызметтердың бір жылдағы жалпы саны;

Шкүр – 1 медициналық қызметке лизингке сұратылған медициналық техниканы сатып алу бойынша лизинг алушының күрделі шығындары, ол былай есептеледі:

Шкүр =      ∑ЛТеңжоғ / 5 жыл) / Кжыл

Қкүн


∑ЛТеңжоғ – сыйақы есепке алынған медициналық техника құны;

Кжыл – ағымдағы жылға Қазақстан Республикасының өндірістік күнтізбесі бойынша бір жылдағы жұмыс күндерінің саны;

Қкүн – лизингке сұратылған медициналық техникада лизинг алушы көрсетуге жоспарлаған 1 жұмыс күніндегі қызметтер саны, мұнда

                                               Қкүн = Неңжоғ / Кжыл       

 

Қаржы лизингі шарттарында



сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг  төлемдерін есептеу әдістемесі және  төлеу тәртібіне 3-қосымша

 

 



 үлгі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы

20___ «_____» ________________№_______ шартына

____ Қосымша келісім



_________________

      (орналасқан жері)                                                          «_____»____________20____ж.

 

__________________________________, бұдан әрі  «Тапсырыс беруші» деп аталатын,



               (Тапсырыс берушінің толық атауы)

_____________________________________________________________________тұлғасында, (Тапсырыс берушінің уәкілетті органының лауазымы, тегі, аты-жөні (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)

_____________________________________________________ негізінде іс-қимыл жасайтын,
екінші тараптан, ________________________________________________________________,

                              (жеке меншік үлгісінен бөлек Өнім берушінің толық атауы)

бұдан әрі  «Өнім беруші» деп аталатын, __________________________________ тұлғасында,

                                (Өнім берушінің уәкілетті органының лауазымы, аты-жөні)

_______________________ негізінде әрекет ететін, басқа жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын 20__жылғы «___» _________ № ___ қаржы лизингі шарты және лизинг төлемдерінің кестесі негізінде  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы  20___ «_____» ________________№_______ шартына (бұдан әрі - Шарт) төмендегілер туралы осы қосымша келісімді жасасты:

1. Шартқа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

«1. Шарт мәні» тарауының 1-тармағы мынадай мағынада екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Өнім беруші __________ (___________) теңге сомасында қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада медициналық көмек көрсету бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды.

Ай сайынғы лизинг төлемінің сомасы айына __________ (_____________) медициналық қызметтерге __________ (___________) теңгені құрайды.

                           (саны сандар және жазумен)

2. Шарттың басқа талаптары күшінде және ешқандай өзгеріссіз қалады.

3. Осы қосымша келісім бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның аумақтық орталық бөлімшесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы «____» ________ дейін әрекет етеді. Осы қосымша келісімнің талаптары 20__ жылғы «____» ________ лизинг төлемдері кестесінде көрсетілген қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы пайдалануға қосқан күнінен бастап пайда болған қарым-қатынастарға тарайды.



Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

 

Бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның аумақтық орталық бөлімшесінде тіркелген күні.   



Қаржы лизингі шарттарында

сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг  төлемдерін есептеу әдістемесі және  төлеу тәртібіне 4-қосымша

 

 

 



Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған

 медициналық техникада көрсетілген медициналық



қызметтер үшін лизинг алушыға лизинг төлемдерін

өтеу бойынша  қаржыландыру көлемін анықтау формуласы

 

 



Клт = Кнақ х ЛТмқ, мұнда:

Клт – қаржы лизингі  шарттарында сатып алынған медициналық техникада көрсетілген медициналық қызметтер үшін лизинг алушыға лизинг төлемдерін өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;

Кнақ – қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада лизинг алушы нақты көрсеткен медициналық қызметтер көлемі, бірақ  Кжоспардан  көп емес;

ЛТмқ – қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада лизинг алушы көрсеткен бір медициналық қызметке лизинг төлемінің үлесі.

 

Қаржы лизингі шарттарында



сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг  төлемдерін есептеу әдістемесі және  төлеу тәртібіне 5-қосымша

 

 



Лизинг  төлемдері мөлшерін есептеу  формуласы

 

  Лизинг төлемдері мөлшері аннуитеттік төлемдер әдісі арқылы төмендегі формула бойынша есептеледі:



ЛТай = Қмт х (Р + (Р / (Р / (1+Р)m – 1)), мұнда

ЛТай – қаржы лизингі шартымен айқындалған бір айдағы лизинг төлемдерінің мөлшері;

Қмт – сұратылған  медициналық техниканың құны;

Р – бір айға үлестермен көрсетілген жылдық  пайыздық мөлшерлеменің 1/12, яғни жылдық % мөлшерлеме 5 %, Р = 5/ (100х12);

m – айлардағы лизинг мерзімі.

Қаржы лизингі  шарттарында

сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг  төлемдерін есептеу әдістемесі және  төлеу тәртібіне 6-қосымша

 

үлгі



Лизинг төлемдерінің  кестесі

 


Лизинг алушының атауы

 

Лизинг нысанасының атауы

 

Лизинг сомасы (теңгемен)

 

Лизинг мерзімі (айлармен)

 

Жылдық сыйақы мөлшерлемесі (%)

 

Төлемдердің кезеңділігі

 

Сыйақы сомасы (теңге)

 

Лизинг төлемдерінің  жалпы сомасы (теңге)

 

Шарт валютасы (теңге)

 

Бір  медициналық қызметке лизинг төлемінің үлесі (теңге)

 

Аталған медициналық техникада жылына көрсетілетін қызметтердің ең жоғарғы саны (дана)

 

Медициналық техниканы пайдалануға енгізген күні (күн, ай, жыл)

 

 

р/т


Жабу күні

(күн; ай; жыл)



Лизинг төлемі (теңге)

Сыйақы (теңге)

Негізгі қарыз (теңге)

Негізгі қарыз қалдығы (теңге)

Медициналық қызметтердің айына жоспарланған саны (дана)

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы: ______________________________



                          (лауазымы, аты-жөні, қолы)

 


Лизинг берушіден

__________________

(лауазымы, аты-жөні, қолы)


Лизинг алушыдан

_______________________

(лауазымы, аты-жөні, қолы)


 

 

 

 

Қаржы  лизингі шарттарында



сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг  төлемдерін есептеу әдістемесі және  төлеу тәртібіне 7-қосымша

 

Лизинг төлемі үлесін есептеу формуласы

 

ЛТмқ  -  қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада денсаулық сақтау ұйымы көрсеткен бір медициналық қызметке лизинг төлемінің үлесі, төмендегі формула бойынша анықталады:



 

ЛТмқ = ЛТай / Кжоспар, мұнда:

ЛТмқ  -  қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада денсаулық сақтау ұйымы көрсеткен бір медициналық қызметке лизинг төлемінің үлесі;

ЛТай – қаржы лизингі шартымен айқындалған бір айдағы лизинг төлемінің үлесі;

Кжоспар – қаржы лизингі шартының лизинг төлемдері кестесіне сәйкес қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада лизинг алушы айына көрсетуге жоспарлаған медициналық қызметтердің көлемі.

 

 



Қаржы лизингі шарттарында

сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг  төлемдерін есептеу әдістемесі және  төлеу тәртібіне 8-қосымша

 

Медициналық техникаға арналған

ең жоғарғы  нормативті есептеу әдісі

 

Лизингке сұратылған медициналық техникаға ең жоғарғы  норматив төмендегі формула бойынша есептеледі:



Неңжоғ = Кжыл х Қкүн, мұнда

Кжыл – ағымдағы жылға Қазақстан Республикасының өндірістік күнтізбесі бойынша бір жылдағы жұмыс күндерінің саны;

Қкүн – бір жұмыс күнінде көрсетілген медициналық қызметтер саны, ол мына формула бойынша есептеледі:

Қкүн = Ужұм/(Норт х Н), мұнда

Ужұм – Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен сұратылған медициналық техника түрі бойынша маманның мөлшерлемесін түзетумен минуттардағы жұмыс уақыты;

Норт – Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық техника көмегімен немесе сұратылған медициналық техниканың техникалық сипаттамаларына немесе денсаулық сақтау саласында тәжірибе жинақтап жүрген мамандардың клиникалық техникалық тәжірибесіне сәйкес бір қызметті орындауға  жұмсалатын уақыттың орташа нормативі;

Н – медициналық техниканың (зертханалық және морфологиялық зерттеулерге арналған аппараттар мен құрылғылар бойынша) бір жұмыс циклы ішінде алынған нәтижелер саны.

Медициналық қызметтерді реанимациялық жабдық пен  хирургиялық және инвазивті араласулар үшін қолданатын жабдықтар көмегімен көрсеткен жағдайда, Қкүн = 1.

 

Қаржы лизингі  шарттарында



сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг  төлемдерін есептеу әдістемесі және  төлеу тәртібіне 9-қосымша

 

 



Үлгі

 

Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканы



тиімді пайдалануға бақылау  актісі

 

_________________                                                             «______»____________ 20____жыл



(лизинг алушының орналасқан жері)

 

Денсаулық сақтау ұйымының атауы____________________________



 

_________________    ____________№ қаржы лизингі шарты

 

Медициналық техника атауы _____________________________



 

р/т



Ай

Лизингке сатып алынған медициналық техникада көрсетуге жоспарланған медициналық қызметтердің жоспарланған саны

Лизингке сатып алынған медициналық техникада көрсетілген медициналық қызметтердің нақты саны

1

 

 

 

 


 

                                                                                                                     

Лизинг алушының

басшысы                                   _____________________________

                                                         (лауазымы, аты-жөні,  қолы)

М.О.


 

 

МФҚБК АД Өкілі ______________________________________



                                                  (лауазымы, аты-жөні,  қолы)

 

М.О.
: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...