Қарқаралы аудандық модельді балалар кітапханасының 16 қыркүйек 16 қараша аралығында «Көк сандықтың саяхаты»



жүктеу 309.68 Kb.
Дата07.06.2017
өлшемі309.68 Kb.
Қарқаралы аудандық модельді балалар кітапханасы

Қарқаралы аудандық модельді балалар кітапханасының 16 қыркүйек - 16 қараша аралығында «Көк сандықтың саяхаты» атты бағдарламасы бойынша жүргізілген

іс – шаралар есебі
c:\documents and settings\user\рабочий стол\sinchem.jpg

Қарқаралы – 2015 жыл

Германиядан, Ресейде жалғасып «Көк чемодан» акциясы Қазақстанға жетті.

Бұл акция біздің ауданда жалғасын таппақ.

Девизі: «Бірге оқимыз, әрқашанда оқимыз, барлық жерде оқимыз» ұранын ұстана отырып аудандық балалар кітапханасы мен барлық ауылдық кітапханаларға саяхат жасамақ.

Қарқаралы аудандық балалар кітапханасының

«Көк сандықтың саяхаты» акциясы бойынша

жүргізілетін іс – шаралар бағдарламасы

Бағдарламаның басты мақсаты - оқырмандардың әдеби кітапқа деген құштарлығын арттыру, оны насихаттау,оқушылардың ой өрісін дамыту, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани тәлім - тәрбие беру.


Акция шеңберінде жас оқырмандарға ұсынылған 50 дана кітаптарды оқу мақсатымен оқырман залында «Көк чемоданнның саяхаты» атты кітап көрмесін ұйымдастыру.

Бағдарламаның міндеті:

Балалармен ересектерді жақсы кітаптарды көбірек оқуға үйрету, ең жақсы кітаптарды дұрыс таңдау, бір бірімен пікір талас туғызу.



Күтілетін нәтижелер:

Кітапхананың оқырмандарының санын көбейту;

Балалардың кітап оқудың ынталарын  жақсарту;

Заманауи, ресейлік, шетелдік кітаптарды оқу арқылы әдеби талғамдарын көтеру;

Қоғамдық бастауларды дамыту, балаларды волонтерлер ретінде бастамаға қатыстыру;

Жанұяларды қатыстыру;

Басқа мәдени және әлеуметтік ұйымдармен бірігу;

БАҚ арқылы бағдарламаны насихаттау.



«Көк чемодан» акциясының

кітапханаларға саяхатының тізімі:



Кітапханалар

Уақыты

1

Қарқаралы аудандық балалар кітапханасы

17.08.2015 – 22.08.2015

2

Қарағайлы балалар кітапханасы

23.08.2015 - 28.08.2015


3

Көктас

29.08.2015 - 05.09.2015

4

Аппаз

06.09.2015-12.09.2015

5

Нұркен

13.09.2015 -18.09.2015

6

Т.Әбубәкіров

19.09.2015-24.09.2015

7

Абай

25.09.2015-31.10.2015

8

Теректі

01.11.2015-06.11.2015

9

Егіндібұлақ

07.11.2015-12.11.2015



  1. Сайысқа қатысқан жалпы балалар саны – 442

  2. Аудандық балалар кітапханасындағы жергілікті ұйымдастырушылардың саны -7, Мектептер № 1, 2, 44, «Жастерек» балалар бақшасы, орталық парк, жсаөспірімдер орталығы.

  3. Іс-шаралар.

«Көк сандықтың саяхаты» - аудандық модельді балалар кітапханасында

17.08.2015 – 22.08.2015



Германиядан, Ресейде жалғасып «Көк сандықтың саяхаты» атты кітап оқуды дамыту акциясы Қазақстанға жетті. Қазақстанның барлық аймақтарын аралап келіп, біздің Қарқаралы ауданына жетіп жалғасын тапты. «Бірге оқимыз, әрқашанда оқимыз, барлық жерде оқимыз» ұранын ұстана отырып аудандық балалар кітапханасы мен барлық ауылдық кітапханаларға саяхат жасамақ. Қыркүйектің 18 күні орталық паркте Аудандық модельді балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Көк сандықтың» ашылу рәсімі библиоалаң ретінде өткізілді. c:\users\qewe\desktop\синий чемоданчик в парке\cam00298.jpg

c:\users\qewe\desktop\синий чемоданчик в парке\img_5999.jpgc:\users\qewe\desktop\синий чемоданчик в парке\img_5989.jpg

c:\users\qewe\desktop\новая папка\cam00118.jpgc:\users\qewe\desktop\новая папка\cam00131.jpg

c:\users\qewe\desktop\новая папка\cam00138.jpgc:\users\qewe\desktop\новая папка\cam00156.jpg

Бұл рәсімге №1,2 мектептердің 4-5 сынып оқушылары және «Жас терек» балабақшасының үлкен топтағы балалары келіп қатысты. Қазақ және орыс тіліндегі балалрға арналған жаңадан шыққан сапалы кітаптар салынған «Көк сандықты» ашылып, бетіне салынған тәттілер балаларға таратылды. Балалар кітапханасының кітапханашылары әр кітапқа шолу жасап, таныстырды. Бұл «Көк сандықтың саяхаты» атты акцияның мақсаты: оқырмандарға кітапты насихаттау, кітапты оқудың мәніне және ерекшеліктеріне назар аудару, жаңа кітаптармен және жаңа авторлармен танысу. Бұл акция Қарқаралы ауданындағы барлық ауылдық кітапханаларда екі ай жүреді, содан кейін басқа қалаға немесе басқа ауданға сапар шегеді.

15 октября 2015 года в рамках акции «Синий чемоданчик» был организован библидесант в средней школе № 2 с учениками 4 и 5 классов. Библиодесант была организована работниками районной детской библиотеки: методистом Беспаевой Т.К., библиотекарем Жантуриной Г.А. совместно с библиотекарем школьной библиотеки Олифиренко Н.В. c:\users\qewe\desktop\синий чемоданчик в парке\cam00334.jpgc:\users\qewe\desktop\синий чемоданчик в парке\cam00324.jpg

Была организована выставка книг из чемоданчика. Библиотекарь Жантурина Г. рассказала ребятам историю «Синего чемоданчика», где и как возникла эта идея, кто организатор, где успел побывать чемоданчик, когда он прибыл к нам, о маршруте «Синего чемоданчика» в нашем районе. Учащимся также был предложен краткий обзор книг из чемоданчика. Затем ученики имели возможность сами почитать книги, рассмотреть картинки и поделиться впечатлениями друг с другом и со взрослыми. Ребятам было предложено прийти в библиотеку и уже в спокойной обстановке почитать понравившиеся книги, нарисовать к ним иллюстрации или написать продолжение истории. В конце встречи были сделаны памятные фотографии учащихся с книгами в руках на фоне выставки и «Синего чемоданчика». Встреча была интересна и ученикам и учителям, прошла в непринужденной и веселой обстановке.

после этой встречи ученики школы стали чаще приходить в детскую библиотеку, проявлять интерес к акции «Синий чемоданчик», читать с интересом книги из чемоданчика. Особенно их интересовали сказки на казахском языке: «Робин Гудтың басынан кешкен қызықты оқиғалары», «Үш күшік», «Құс тұмсық патша»,

«Еркеме ертегім» и другие. Самым маленьким нравились книжки «Кошкин дом», «В гостях у солнышка», «Забавные малыши». Ребят старшего и среднего школьного возраста интересовали книги из серии фантастики и приключений, такие как «Большая книга волшебных приключений для девочек» И. Щеглова, «Нина и загадка восьмой ноты» М. Витчера, «Дело о мумии» М. Видмарка, «Муравьиный лабиринт» Д. Емеца и другие.

«Көк сандық» Қарағайлыда

23.08.2015 - 28.08.2015

«Көк сандықтың» саяхаты халықаралық жоба аясында Қарағайлы модельді балалар кітапханасында «Оқимыз бірге, оқимыз барлық жерде, оқимыз бәріміз!» ұранымен ұсынылған кітаптардың оқулары, библиографиялық шолулар, сұхбаттар, әдеби мереке және ойындар өткізілді. «Көк сандықтың» басты міндеті – балалар мен ересектер жақсы кітаптарды неғұрлым көп оқуды, үздік шығарманы таңдай білуді, оқыған кітаптан алған әсерін басқалармен бөлісуді үйрету.

c:\documents and settings\admin\рабочий стол\картинки\file.jpg

Кітапханамызда №16,17 мектептің 2сынып оқушыларына Көк сандықтың ішіндегі кітаптарды ұсына отырып «Кітап патшалығы» әдеби мерекесін ұйымдастырдық. Қатысқан оқырмандар саны – 57 оқушы. Көк сандық ішінде көркем безендірілген 37 дана кітап бар. Іс-шара барысында кітапханашылар Көк сандықтың пайда болу тарихын әңгімелеп берді. Балалар қуана – қуана сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтардың шешуін тауып, Көк сандық ішіндегі кітаптарды дауыстап оқып, алған әсерлерімен бөлісті. Іс-шарада көңілді, достық көңіл-күй орнады, балалар жан-тәнімен қуанышқа бөленді, қол соғып мерекеге шаттанып қалды.

Балалар Көк сандық ішіндегі кітаптармен танысты. Балаларға «Бөбектерге арналған қызықты ертегілер», «Үш аю» т.б. ертегілері оқылды. Балалар мұқият тыңдап, сұрақтарға белсенді жауап берді. Іс-шара барысында балалармен ойындар ойнатылып, сергіту сәттері жасалды. Сонымен қатар балаларға естерінде көбірек сақталған жағдайды сурет етіп салу ұсынылды және бүлдіршіндер жігерлене келісті.



c:\documents and settings\admin\рабочий стол\балалар к-к\dsc09619.jpg c:\documents and settings\admin\рабочий стол\балалар к-к\dsc09608.jpg

«Ерліке бастайтын есім» - дауыстап оқу; қатысқан оқырман саны – 14 оқушы.

Қазақ халқы ежелден жаңа туылған нәрестеге ат қоюға бейжай қарамаған.  Кез келген

ата-ана шыр етіп дүниеге келген өз сәбиіне ең жақсы есім қоюға тырысатыны анық.

Әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған

сақтықпен қарап, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне

қояды. Өйткені, есімдердің адам өмірінде маңызы зор. Әр адам өзіне қойылған есімге

лайық өмір сүргісі келетіні анық. Сондықтан қазақта түрлі есімдер ырыммен қойылады.

Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ.

Біздің кітапханамызда «Көк сандық» келуіне байланысты іс-шаралар өтті. Кітапхана

оқырмандарымен Мәжитов Бағдаттың «Балдәурен» жинағындағы тырнақалды

әңгімелері мен 5-сынып оқушылармен бірге балалар өмірінің қызықты сәттері,

олардың түсініктерімен, қиялдары мен армандарымен бөлістік. Ерлікке бастайтын

есім атты әңгімесінде Абылай, Талғат, Азат есімді бір сыныпта оқитын балалардын

есімдерімен байланысты. Бірі атақты хан болса, бірі ұшқыш соғыста талай жауды

жайратқан, ал Азат болса 16-желтоқсанда туылған.Сол атақты есімдерге лайықты

боламыз деді балалар. Алайда, соңғы жылдары еліктеуден туған есімдер

Қазақстанда көбейіп кетті. Өзіміздің ірі тұлғаларымыз емес, шетелдің танымал

жұлдыздарының, не атақты адамдарының есімін қою көбейіп бара жатыр. Шетелдік

мағынасы жоқ, біз үшін таңсық есімдер белең алуда. Бала – адамның бауыр еті десек,

сонда бүгінгі күнде, жаһандану заманында қазақ бауыр етіне қандай есім беріп жүр?

Балалар сендердің есімдерің немен байланысты қойылған соны білесіндерма? деп

сұрадым, балалар өз есімдерің талқылай жөнелді сонымен біздің іс-шарамыз қызықты

өтті.

c:\documents and settings\admin\рабочий стол\балалар к-к\20151009_153050.jpg c:\documents and settings\admin\рабочий стол\балалар к-к\dsc09605.jpg

«Ертекші» қуыршақ үйірмесінің балаларымен «Ертегілер еліне саяхат» қуыршақтандырылған қойылым көрсетілді. Қатысқан оқырмандар саны -12 оқушы. Қуыршақтандырылған қойылым қоя отыра балалармен викториналық сұрақтар қойылды.



c:\documents and settings\admin\рабочий стол\балалар к-к\dsc09622.jpg

«Көк сандықты» оның саяхаты аяқталмағанын іштей түсінгенімен, барлығы оны мұңая шығарып салды, демек, жаңа оқырмандарымыздың қатары арта түсетіні сөзсіз.



Міне «Көк сандық» Көктас ауылының кітапханасында болып қайтты.

29.08.2015 - 05.09.2015

№1 модельді кітапханада өз оқырмандарын отандық және шетел авторларының үздік шығармаларымен таныстырған, аттас жоба аясында «Көк сандықтың саяхаты» көрме-тұсаукесері «Жаңа кітап-жаңа әлем» деген атпен жас оқырмандар назарына ұсынылды. Балалар «Көк сандықтың» шығу тарихы сонау Германия елінен басталғанын, алдымен Ресейде, содан соң Қазақстанға да келіп жеткенін білді. «Көк сандықта» ұсынылған кітаптар бойынша әңгіме өрбітіліп, кітаптарға шолу жасады. 

 Көк жол сандықта бар қазақ және орыс тілдеріндегі 37 дана кітап балалар назарына ұсынылды. Барлық кітаптар заманауи басылымда керемет, әсем безендіріліп шығарылған.

№ 4 орта мектептің кітапхаанашысы Жармағанбетова Айнагүлмен бірлесіп «Көк сандықтың саяхаты» №4 орта мектептің 3 ә сыныбына /сынып жетекшісі Сайрангүл мұғалім/ әдеби қонақжай ұйымдастырды. Балалар Көк сандық ішіндегі кітаптармен танысты. Балаларға «Бөбектерге арналған қызықты ертегілер», «Үш аю» т.б. ертегілері оқылды.Оқушыларға кездесу қатты ұнады, олар ғажап әсерде болды, кітапханашының әңгімелерін мұқият тыңдап, өздері де қуана-қуана сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтардың шешімін тауып, Көк сандық ішіндегі кітаптарды дауыстап оқып, алған әсерлерімен бөлісті. Іс-шарада көңілді, достық көңіл-күй орнады, қол соғып, мерекеге шаттанып қалды. Іс-шара барысында балалармен ойындар ойнатылып, сергіту сәттері жасалды. Сонымен қатар балаларға естерінде көбірек сақталған жағдайды сурет етіп салу ұсынылды, және бүлдіршіндер жігерлене келісті. Кездесуден алған әсерлерін «Тілек парағына» жазып тапсырды. Балалар Көк сандықпен қимай-қимай қоштасты.

sam_7148 sam_7151 sam_7220 sam_7236

sam_7212 sam_7228

sam_7246 sam_7244sam_7245

sam_7248 sam_7247c:\users\qewe\pictures\img427.bmp

« Жаңа кітап-жаңа әлем »

Көк сандықтың тұсаукесері
Жобаның мақсаты: кітапты насихаттау, кітапты оқудың мәніне және ерекшеліктеріне назар аудару, жаңа кітаптармен  және жаңа авторлармен танысу.

«Көк сандықтың» басты миссиясы: балалармен ересектерді жақсы кітаптарды көбірек оқуға үйрету, ең жақсы кітаптарды дұрыс таңдау, балардың бір бірімен пікір талас туғызу.

Қатысушылар: Балалар, ересектер, ата-аналар.

Өткізу шарасы: таныстыру, әдеби сағат, дауыстап оқу, биб.шолулар.



Ұран: Бәріміз оқимыз! Әрқашан оқимыз! Кез келген жерде оқимыз!

Ұстаным: Көк сандық кітап оқуды дамыту бағдарламалары бар, жаңа жобалар мен қызық бастамалары бар кітапханаларға барады.

«Көк сандықтың саяхаты» атты бағдарламаның мағынасы –ересектер балаларға кітаптарды оқып, балалармен бірге кітапты талдайды, интеллектуалды ойындар ойнап, оқылған кітаптардың кейіпкерлерін суреттеп, пікір жазады.

Өту барысы:

    Кітапханашы: Бүгін біздер үшін айрықша күн. Ауыл кітапханасына

Көк сандық қонаққа келді. Бұл сандықтың тарихы сонау Германия қаласынан басталады. Содан кейін сандық өзінің саяхатын Ресейде жалғастырды. Биылдан бастап Қазақстанның барлық қала, облыстарын аралауда. Қыркүйек айында Көк сандық өзіміздің Қарқаралы ауданына келді. Енді міне бүгін ауылымызда саяхатын жалғастыруда. Қане балалар Көк сандыққа «қош келдің » деп айтайық. Бұл сандықта не бар деп ойлайсыңдар? Иә кітаптар, өте әдемі қызықты кітаптар бар. Олар бүкіл жерді аралап сендерге келіп отыр. Бүгін біз сол кітаптармен, олардың кейіпкерлерімен танысамыз.

/Кітаптарды таныстыру, әр кітапқа тоқталып кету, мазмұнына, авторына шолу жасап отыру/


2. Ағылшын халық ертегісінің желісі бойынша «Үш күшік» және «Робин Гудтың басынан кешкен қызықты оқиғалары» атты кітаптар бойынша талдау, сұрақтарға жауап беру.

3. Тұрысбек Еділбаевтың «Айша» атты кітабынан жұмбақтар шешу.

4. Тұманбай Молдағалиевтің «Балаларға базарлық» және «Бөбекке арнаймын» сериясы бойынша шығарылған «Менің досым» атты өлеңдер жинағына дауыстап оқу.

Кітапханашы:

Енді балалар Көк сандыққа тілек –пікірлерің болса жазып тапсыруларыңа болады. Келесі келгенде қандай кітап әкелсін деген ойларың бар.

«Тілек парағын» толтыру. Балалар қолтаңбаларын қояды.


«Білімпаздар» мен «Кітапқұмарлар» командалық сайысы

Балалармен «Көк сандықтағы» кітаптар бойынша ойын - сайыс.

2 командаға бөліну.

Өту барысы:



Кітапханашы: Ал, кәне, балалар «Мен қай ертегіденмін» атты сайысымызды бастайық. Мен сіздерге ертегілерден үзінді айтайын сіздер тауып көріңіздер. Ал бастайық:

  • ...Менің ыдысыма тиіскен кім?! –деп, ақырады.... (Үш аю)

- ...Әнің қандай тамаша, әттең, құлағым жақсы естімейді,... (Бауырсақ)

Қырғауыл:

- Қайда барасың, бұйрықты ұмытып кеттің бе?- деп, қашып бара жатқан түлкінің артынан айқайлады. (Түлкінің жорықтары)

Кітапханашы: Балалар енді сендер халық ертегілерін жақсы біледі екенсіңдер. «Мен қай ертегіденмін» атты сайысымызды жалғастырайық. Бұл жолы мен сендерге ертегілерден суреттер көрсетемін. Осы заттар қай ертегіде кездеседі?

(слайдтар көрсету)



Жұмбақ шешу:

Орман жанында

Үшеуі бір үйде тұрады.

Үш төсек, үш жастық,

Қане, олар кімдер?     (үш аю)
Қаймаққа иленген,

Терезеде суытылған,

Сап-сары домаланған.    (бауырсақ)
Викториналық сұрақтар

1 командаға
1. Қандай балаларға арналған газет-журналдарды білесіңдер?

(«Балдырған», «Айгөлек», «Бала би», «Мөлдір бұлақ», «Ақжелкен», т.б.)


2.Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? ( Баспахана )
3.Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығарылады? («Атамұра», «Алматыкітап», «Арман ПВ», «Мектеп», «Бөбек»).
2- командаға
4. Кітапты жазған адам қалай аталады? (Автор)
5. Халықаралық Балалар кітабы күні қай күн? (2-сәуір)
6. Дүниежүзілік кітап күні қай күн? (23-сәуір)

Кітапханашы:  Балалар, кітапты қолдарыңа алып оқығыларың келеді ме?

Сендерден кейін осы кітаптарды басқа балалар да пайдалана алуы үшін сендер кітап нені жақсы көретінін білулерің керек.



( Ойын «Иә-жоқ )

Кітапханашы: / Егер келіссеңдер иә, келіспесеңдер жоқ дейсіңдер/

Кітап нені сүйеді?

Кітап бауы «иә», Қар не жаңбыр «жоқ», Кір қолды «жоқ», Ұқыптап ұстауды «иә», Еркелеткенді «иә», Қуырған  жұмыртқаны «жоқ», Еденде жатқанды «жоқ»,  Таза қолды «иә», Төбелескенді «жоқ», Кітап сөресінде тұруды «иә», Білгіш оқушыларды «иә».
/Сұрақтарға дұрыс жауап берген балаларға сыйлықтар, тәттілер үлестіру/
Енді балалар Көк сандыққа тілек –пікірлерің болса жазып тапсыруларыңа болады. Келесі келгенде қандай кітап әкелсін деген ойларың бар.

Кітапханашы: Көк сандықтың саяхаты мерекесіне белсенділік көрсеткендеріңізге рахмет. Міне біздің кішкене мерекеміз – кітап мерекесі де аяқталды

-Бәрін, бәрін, білесің, оқи берсең кітапты, - демекші құрметті біздің бүгінгі ертеңгілігімізге қатысушы балалар.

Міне сондықтан кітапты жақсы көріп, құрметтейік. Кітапханаға барып кітап оқиық, олай болмаған күнде біз білімді болып өсуіміз мүмкін емес. Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

Естелікке «Көк сандықпен» бірге суретке түсу.

Кездескенше сау болыңыздар!




«Көк сандықтың» саяхаты – Аппаз ауылында

06.09.2015-12.09.2015

Аталмыш акция аясында кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ерекше әсемделген көрме балалардың қызығушылығын арттыра түсті.Ең кіші оқырмандарға кітап оқылымдары ұйымдастырылды.Жалпы айтқанда, оқырмандар арасындакітап көрменің абройы үстем болды. Көк сандықтың ішіндегі кітаптар заманауи басылымда керемет және әсем безендірілген 37 дана кітап балалар назарларына ұсынылды.Іс-шара барысында көк сандықтың пайда болу тарихы әнгімелеп берілді.Балалар қуана-қуана сұрақтарға жауап беріп,көк сандықтың ішіндегі кітаптарды дауыстап оқып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.Іс-шара көңілді өтіп, балалар жан-тәнімен қуанышқа бөленіп ,мерекеге шаттанып қалды. Көк сандықтың ішіндегі кітаптармен танысып 7 сынып оқушылары фантастикалық кітаптардан «Чудесный нож», «Балаларға арналған әдебиеттер» оқыса, 5 сынып оқушылары «Үш аю», «Құс тұмсық патша», «Әліпби», «Медас парша»т.б ертегі кітаптарын оқып өздерінің алған әсерлерін басқа да оқырмандарға өрнектеп жеткізе білді. Сонымен қатар балалардың естеріне көбірек сақталған жағдайды аққағазға түсіру ұсынылды және балалар қызыға кірісіп салған суреттерімен бөлісті. sam_719020151022_15440520151029_174558c:\users\user\desktop\көк сандық\dscn0569.jpg

Қорта келе балалар «Көк сандықты» қыймастықпен шығырып салды «Көк сандықтың саяхаты» жалғасып басқа да балалардың ойларынан шығады деген ойдамыз, демек жаңа оқырмандарымыздың қатары арта түсетіні сөзсіз.20151022_15521820151028_102151



«Көк сандықтың саяхаты» жобасы Нұркен ауылының кітапханасына келіп жетті.

13.09.2015 -18.09.2015

16 қазаннан -20 қазанға дейін кітапқа толы сиқырлы көк сандық Нұркен ауылының

жас оқырмандарына ұсынылды! Байқауға қатысқан Нұркен Әбдіров атындағы № 10 орта мектептің 4-5- оқушылары жалпы саны 35 бала қатысты .Ұйымдастырған Нұркен атындағы модельді кітапханасының кітапханашысы Маякина Бақытгүл Рахиметолақызы. 19 қазан 2015 жылы Нұркен ауылының модельді кітапханасында №10 орта мектебіміздің 4 - 5 - 6 сынып оқушыларымен және мектеп кітапханашысы Мақпал Сарсековамен ұйымдастырылды. «Көк сандықтың саяхаты»атты кітап оқуды дамыту акциясы ауылымызға да келіп жетті отандық және шетелдік авторларының үздік шығармаларымен таныстырылды. Жоба аясында «Көк сандықтың саяхаты» көрме –тұсукесері жас оқырмандарға назарына ұсынылды. Балалар «Көк сандықтың» шығу тарихы сонау Германия елінде екенін, алдымен Ресейде, содан соң біздің елге де келіп жеткенін білді. Жобаның жұмыс істеген уақытынан бастап кітапханашы « Көк сандықта» ұсынылған кітаптар бойынша әңгіме өрбітіп, кітаптарға шолу жасады. Мектеп кітапханашысы Мақпал Сарсекова ұйымдастыруымен Биыл ақын, әнші композитор Мәди Бәпиұлының туғанына 135 жыл толып отыр осыған орай «Шыңға біткен шынар» өнеге сағатын өткізілді. Ақынның өмірі мен шығармашылығын үлгі ету, оқырманның білімдерін кеңейту. Шығармашылық, ізденімпаздықтарын, ойбелсенділіктерін дамыту. Ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық, сахнада өзін ұстау мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында өткелі отыр. Оқушылар өз тілектерін жазып, пікірлерін айтып , кейбіреулері шығармашылықпен өлнң шумақтарын да шығарып жібеді. Оқушылардың ұнаған кітаптары жайлы Оралхан Рәсіл,- Жануарлар туралы ертегі, Айнабаев Алпамыс -Уақыт кеңістегіндегі саяхат, Нұржан Назым – Үш күшік, Садық Дариға - Әдептілік әдемілік, Жақан Сағыныш - Кім ойлап тапқан, Сапар Дариға -Балдәурен тағыда басқа оқушылар өздеріне ұнаған кітаптарына куә болды. Осынадай игі шараларды бізбен бірге бөлісуге мектебіміздің өзін – өзі тану пән мұғалімі Хисық Гүлнарай,мектеп медбикесі Уатаева Жұмагүл, саз мекетбінің домбыра сыныбының мүғалімі Ахметова Айман , ауылдағы әжелер ансамбілінің мүшесі Айтжамал апай да қатысып өз пікірлерін ортаға салды.c:\users\user\desktop\көк сандық\dscn0576.jpgc:\users\user\desktop\көк сандық\dscn0569.jpg

Мәди Бәпиұлына арналған өнеге сағатынан көрініс.

c:\users\user\desktop\көк сандық\dscn0589.jpg

Жасай берсін «Көк сандық»

Оқуға құмар ұланбыз!

Әр балаға кітаптың,

Тигізер көп пайдасы.

Үзілмеген ынтасы,

Оқы, оқы кітапты.

Адам досы адамның,

Серігің және ақылшың

Оқысаң сөзің түзелер,

Асыл кітап қоржының.

Білім – өмір бұлағы,

Кітап -өмір шырағы.

Ыбрай атам шақырған,

Білімге құштар баланы.

Абайды оқып, жырладық.

Ертегі оқып, тыңдадық,

Оқуға құштар ұланың

Жасай берсін « Көк сандық»

Қарағанды қаласы, Қарқаралы ауданы, Нұркен ауылы № 10 Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің (КММ –ның) 11 сынып оқушысы Кеңесбек Мархабат Жасұланқызыf:\рамки\images (6).jpgf:\рамки\images (6).jpgf:\рамки\images (6).jpgf:\рамки\images (6).jpg

Жас достар!

«Келешегіміз жас ұрпақтың қолында» деп елбасымыз айтқандай, болашақтың іргесін сіздер қалайсыздар. Сіздер білімді болып, рухани байылықтарыңызды кеңейтіп, кітапқа деген құлшыныстарыңызды арттыруларыңыз керек. «Күш білімде, білім кітапта» деген осыдан айтылса керек. Сонау тарихқа көз жүгіртсек Ыбырай Алтынсарин атамыз « Кел, балалар оқылық », деп ұран тастап, қазақ балаларына арнайы мектеп ашты. Соның арқасында білімді болып келеміз. Сол білімді. Әрі қарай дамыту үшін, әрине кітап оқу қажет. Кітап оқу өз біліміңді шыңдау және өз тарихыңды білу. «Көк сандықтың» Бәріміз оқимыз! Әрқашан оқимыз! Кез келген жерде оқимыз! Деген ұранды құптаймыз

10 Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің (КММ –ның) 10 сынып оқушысы Зайраш Зарубек Асылбекқызы



«Көк сандық» Т.Әубәкіров атындағы ауылдың кітапханасында

19.09.2015-24.09.2015



1 . Сайысқа қатысқан 20 адам

2. Ұйымдастырушылар саны 5 бала, бағдарламаның серіктесі қуыршақ үйірмесі, кітапхана,әкімшілік. Қуыршақ үйірмесі жетекшісі Исина Айнаш Екпінқызы

3. Іс- шаралар жалпы саны: 4. Атауы: дауыстап оқу, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сахналық қойылым. 31.10. 2015 ж Тоқтар ауылы, № 6 мектеп, 20 оқушы саны.

4. «Түлкі, аю және қойшы» фотолар

Ұйымдастырушысы: Нуркетаева Сымбат Оралқызы, қатысушылар саны: 26



Күтілетін нәтиже: Қиындықтан әр қашанда жол табу, жасөспірімдерге қулық – сұмдықтан ада болуды насихаттау болып табылады.

5. Қуыршақ үйірмесі, мектеп, кітапхана.

6. Жадынама «Көк сандықпен оқу қызықтырақ», хабарландыру «Бірге оқимыз, әрқашанда оқимыз, барлық жерде оқимыз»,

7. Волонтерлар қатысқан жоқ .

8.БАҚ- та іс- шара туралы: газетке « Көк сандықтың ауылды аралау кезі» атты мақала жазылып дайындалуда.

p1210286p1210278

«Бірге оқимыз, әрқашанда оқимыз, барлық жерде оқимыз» кітап көрмесі

p1210288p1210283

Балалар оқу мен әңгімелеуде «Түлкі, аю және қойшы» көрініс

img036img035

Қаппас О. (7 жас) «Еркеме - ертегім» Мұқатай А. (8 жас) «Еркеме – ертегім»



Әңгімелеуге қатысқандар:

  • Жексенбай,Т. Бал бұлақ. Айтмағанбет Айгерим (9 жас) оқыды.

  • «Түлкінің жорықтары» атты кітапты Матычина Вера (10 жас) сол жерде оқып әңгімелеп берді.

  • «Үш аю» халық ертегісін Вы-Фен-Те Амина (8 жас) оқып әңгімелеп берді.

Мәнерлеп оқуға қатысқандар:

  • Еділбаев, Т. «Айша: Өлеңдер, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар» атты кітабын Серік Жанерке (8 жас).

  • Меламед,Г. Жемістер: аударма.: Серік Акерке (8 жас).

  • Жануарлар туралы ертегілер:Халық ауыз әдебиеті. Болат Ажар (9 жас) мәнерлеп оқыды.

12. Оқырмандар мен келу саны көбейген жоқ, алда өткен шаралардың көрсеткішіндей.

13 Әміров Нұрланның отбасы «Жанұя мен кітаптар» оқыды (Болат Ажар -9 жас).

(Робин Гудтың басынан кешкен қызықты оқиғалары (Ертегілер елінде) ,

Жюль Верн «Он бес жасар капитан» роман,

Видмарк М . «Дело о муммий» Кітаптағы кейіпкерлердің басынан кешкен қызықты оқиғалары оқырмандарды қызықтырды. Ондай кітаптар тізімде болды.

14. Бағдарламаға қатысқандар: Тоқтар ауылының № 6 орта мектеп, № 3 филиал кітапханасы, ауыл әкімшілігі.

15. Ұйымдастырушылардың бағасы жақсы. Шара барысында ешқандай қиыншылықтар болған жоқ,

16. Ең жоғарғы рейтинг «Жануарлар туралы ертегілер»: халық ауыз әдебиеті және де осы кітап «Көк сандықтың» ең жақсы кітап ретінде табылды.



«Түлкі, аю

және қойшы»

атты ертеңгіліктің сценарийі



Мақсаты: білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапты күтіп, оны таза, пайдалануға үйрету.

Көрнекілік: «Бірге оқимыз, әрқашанда оқимыз, барлық жерде оқимыз» кітап көрмесі, шымылдық және қуыршақтар.

Кітапханашы: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! «Көк сандықтың сиқырлы саяхаты» атты ертеңгілігіне жиналып отырсыздар.

Автор – Бір қойшы бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен. Түлкі бір тамға кіремін дегенде тар тесігіне кеудесі сыйып, бөксесі сыймай қалады. Ал , түлкі болса басқа бір тесігінен жылт етіп шығып, айналып есікке жақындайды. Болған жайды бақылап тұрған қойшыны көреді.

Аю: - Е, қойшы, сен не көрдің?

Қойшы: - Ойбай, мен ештеме көрмедім,.

Аю: - Жарайды. Көргеніңді айтсаң - өлесің!
Автор: Кешке ауылына келген соң, қойшы көргенін кездескен адамдардың бәріне айтады. Мұны естіп, ыза болған аю қой жайып жүрген қойшыны іздеп табады.
Аю: - Ештеме көрмедім, ешкімге айтпаймын деген уәдең қайда? Енді сөзіңде тұрмағаның үшін мен сені жеймін,

Қойшы: - Үш күнге рұқсат бер, үй- ішіммен, ағайын-туғанмен қоштасып келейін,
Аю: - Жарайды. Үш күнге рұқсат берейін.

Автор: Қойшы екі күн үй-ішімен, ағайын –туғанымен қоштасып,уәделескен уақытына бір күн қалғанда далада жылап отырса, қасына әлгі түлкі келеді.

Түлкі: - Е, қойшым, неге жылап отырсың?
Қойшы: - Ойбай, осылай да, осылай, бәрі сенің кесірің. Енді өлетін болдым!
Түлкі: Е, үндеме, мен саған көмектесейін, аюдан қалай құтылудың амалын табайын. Ал, сен маған не бересің?
Қойшы: - Ойбай не қаласаң, соны берейін!
Түлкі – Егер мен сені аюдан құтқарсам, сен маған өзіңнің бір бүйрегіңді бересің бе?

Автор: Қойшы қатты сасады, бірақ басқа амалы болмағандықтан:

Қойшы: - Мейлі, берейін.

Түлкі: - Ауылыңа барып, демал. Ертең осы жерге кел де, аюды күт. Аю келгенде анау жерде шаңды бұрқыратып мен жүрейін. Аю сұрар: «Анау неткен шаң?» - деп, сонда сен: «Ол – ханның баласы. Оған аюдың жүрегі емге керек деп, соны іздеп жүр де». Аю қорыққанынан қашып кетер.

Автор: Екеуі уәделесіп, түлкі кетеді. Келесі күні қойшы аюмен кездеседі. Аю алыстан бұрқылдаған шаңды көреді.
Аю: Қойшым, анау бұрқылдаған не шаң?
Қойшы: Ол – ханның баласы. Оған аюдың жүрегі емге керек деп, соны іздеп жүр!
Аю: Ойбай, қойшым, онда мен тезірек қашайын! Тек сен мені көргеніңді айтпа.

Автор: Осыны алыстан байқап, күліп тұрған түлкі аю қаша жөнелісімен қойшының қасына келіп:

Түлкі: Қойшым, мен саған көмектестім, енді сен уәдеңде тұр. Маған бір бүйрегіңді бер.

Автор: Қойшы қипықтап, жыламсырап белбеуін шешеді. Осы кезде үш күн бойы жөнді ұйықтай алмаған, жөнді тамақ ішпеген қойшының іші шұрылдайды. Түлкі құлағын тіге қойып:



Түлкі: О, не, қыңсылаған?
Қойшы: - Түнеу күні бір тазының күшігін жұтқан едім. Сол енді үлкен тазы болып, ішімнен шығайын деп, қыңсылап жатыр.

Түлкі: - Ойбай, қойшым, ендеше дос болайық. Тазы шығып кетпесін.p1210286

Автор: Міне, түлкіден қулық үйренген қойшы басына туған ауырпалықтан осылай құтылыпты.

Кітапханашы: Қадірлі оқырмандар, қонақтар! Бүгін сендер көп, біліп үйрендіңдер. «Көк сандықтың сиқырлы саяхаты» атты ертеңгілімізді аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет!

p1210285
«Түлкі, аю және қойшы » атты ертеңгілік

31.10.2015 20 адам қатысты

1. «Бірге оқимыз, әрқашанда оқимыз, барлық жерде оқимыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2. Исина Айнаш апайдың пікірі

3. Қорытындылау

Көрнекілігі: шымылдық және қуыршақтар, кітап көрмесі.

Ертеңгілікке № 6 орта мектептің 2-5 сынып оқушылары шақырылды. Кешті ауыл кітапханашысы Нуркетаева Сымбат жүргізіп отырды. Кеш барысында. № 6 орта мектептің 2 сынып жетекшісі, қуыршақ театрының ұйымдастырушысы Исина Айнаш Екпінқызының ұйымдастырумен өтті . 7 сынып оқушылары қойылымды сәтті орындап шықты. «Түлкі, аю және қойшы» ертегісінің - «түлкінің» рөлін ойнаған 6 сынып оқушысы Інжу Қайдар, «аю» рөлін – 6 сынып оқушысы Жанеркеқызы Дария, «қойшы» рөлін – 6 сынып оқушысы Дәуренұлы Айнар өз рөлдерін сәтті орындап шықты

Қорытынды сөзді Исина Айнаш апай: - «Балалар, кітаптың адам өмірінде қандай маңызы бар екенін сезген боларсыңдар. Кітап – біздің досымыз, ақылшымыз, кітаптан көп мағлұмат аламыз, кітап адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейді.» - деп сөз алды, кітапхана ұжымына, оқырмандарға, жас оқырмандарға алғысын айтты. Кеш соңында кітапхана оқырмандары мен қуыршақ театрының ұйымдастырушысы Исина Айнаш апай мен естелік фотоға түстік.

«Көк сандықтың» саяхаты – Абай ауылында

25.09.2015-31.10.2015

Көк сандықтың саяхаты Абай ауылдық округінің кітапханасында жалғасын тапты. Кітапханаға кішкентай бүлдіршіндермен төменгі сынып оқушылары жиналды. «Бауырсақ» ертегісінің желісімен көрініс қойылды. Шалы (Қуантай Бексұлтан) кемпіріне (Амантай Зухра) бауырсақ пісіртіп, бауырсақ (Валиева Феруза) терезеден домалап түсіп орман аңдарына кездеседі: қоянға (Армия Нұрым), қасқырға (Қаймолдин Бекасыл) және аюға (Оразбеков Нұртілеу) жолығып, әдемі әнін айтады. Аю бауырсақты Абай ауылының кітапханасына көк сандық келгенін айтып, басқа аңдарға жем болғанша бірге баруын сұрайды. Сөйтіп бәрі кітапханаға келіп, жиналған оқушылармен бірге көк сандықты тамашалайды. c:\users\qewe\pictures\img461.bmpc:\users\qewe\pictures\img463.bmp

Көк сандық саяхаты сонау Германиядан басталып, Ресейді аралап, біздің Қазақстанға келгені жайлы, оның ішіндегі кітаптар туралы кітапханашыдан мағлұмат алып, тәттілерді бөлісіп, оқушылар дән риза болды. c:\users\qewe\pictures\img462.bmp

Уақыт пен кеңістік өлшеміне сыймайтын, адам рухының тылмыс құпияларын жария ететін, есте жоқ ескі заманды еске түсіріп, дүниенің есігін ашатын сыр – осы көк сандықтың ішіндегі әдемі, тартымды, қызықты ертегілермен балалар танысты.

Кітаптың қасиеті мәңгілік. Оқымасаң ой тоқырайды демекші, оқу, білім бар жерде рухани өсу, жетілу бар.

Кішкентай оқырмандарымыздың кітап оқуға деген құштарлығы арта түсті. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық, дүние оның орнын баса алмайды.

Қызықтырған көк сандық – Теректі ауылы

01.11.2015-06.11.2015

«Қызықтырған көк сандық» атты көк сандықтың ашылу күніне арналған сценарийі

Өткізілетін орны: кітапхана

Өткізілетін уақыты: 5 қазан сағат 15,00 де

Жүргізуші: Бөдешова Майгүл Ақынқызы



c:\users\qewe\appdata\local\temp\rar.359\img_20151105_150621.jpg
c:\users\qewe\appdata\local\temp\rar.997\1446727092607.jpg

Кітапхана іші мерекеге сай безендірілген, «Бірге оқимыз, әрқашанда оқимыз, барлық жерде оқимыз» атты көрме ұйымдастырылған, оқырмандардың өз ойларымен «Көк сандық саяхаты» туралы суреттер.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқырмандар! Германияда, Ресейде жалғасып «Көк сандықтың саяхаты» атты кітап оқуды дамыту акциясы Қазақстанға келіп жетті. Қазақстанның барлық аймақтарын аралап келіп, біздің Қарқаралы ауданына келді. Сол ауданымыздан бүгін міне, біздің Теректі ауылына, яғни, біздің кітапханамызға келіп жетті.

Жұмашева Айзаданың орындауында «Ертегілер елінде» әнімен қарсы алыңыздар.

Бұл рәсімге 1-6 сынып оқушылары, мектептегі даярлық тобының оқушылары және тұрақты оқырмандар келіп қатысты. Қазақ және орыс тіліндегі балаларға арналған жаңадан шыққан кітаптар салынған «Көк сандық» ашылып, бюетіне салынған тәттілер балаларға таратылды.

Кітапханашы әр кітапқа шолу жасап, таныстырды. Сол кітаптардың ішінде бізге таныс, оқыған кітаптарымыз бар екен.

Тұманбай Молдағалиевтің «Балаларға базарлық» атты кітабы 11 жасар Әбілова Айтолқын «Шәкірт сыры», «Мейірімді жер Ана, аспан Ана», «Қарлығаш», «Наурыз келді», 11 жасар Мейрамбек Ерасыл «Қыстағы орман», «Қар жауғанда», «Сүйемін» және «Сырғанақта», 10 жасар Рымқұлов Жарқын «Қошақан», «Балалар күні», «Өрік гүлдеп» өлеңдерін қызыға оқитын ойларын ортаға салды.

Айтолқын мен Ерасылдың пікірі: Тұманбай Молдағалиевтің кітабы, өлеңдері бізге ұнайды, өйткені оқуға, жаттауға жылдам және сөздері де есте тез сақталады.

«Бауырсақ» ертегісін даярлық тобының оқушылары Амантай Асан, Бақтияр Нұрасыл, Еркін Дильназ және Төлеу Айбатырлар ертегіні бастан-аяқ айтып берді. Асан мен Дильназдың пікірі: «Бауырсақ» ертегісі қызықты, қоянды, қасқырды, аюды өлең айтып беріп, алдап кететіні, ал түлкінің алданбай, құлағым естімейді, мұрынымның үстіне келіп айт деп, бауырсақтың өзін жеп қоюы қызық.

«Үш аю» ертегісін 8 және 9 жасар Темірхан Айсұлу, Рысбек Назым, Бақтияр Аяла және Рымқұл Кәусар ертегіні әңгімелеп берді. Кәусар мен Айсұлудың пікірі: ертегі кітаптарды жақсы көреміз, өйткені ол шындық. Ал Назым мен Аяланың ойы: ертегіні өте жақсы көріп оқимыз, оның түсімізде бұрыс жерлерін, дұрыстаймыз деп күлдірді.

Тұрдақын Жексенбайдың «Балбұлақ» атты кітабында «Екі күшік» әңгімесін 11 жасар Мейрамбек Ерасыл, Ермектің екі күшігі Аппақай мен Көкжал туралы, Аппақайды ақылды күшік екенін қызықты ғып әңгімелеп берді. Ал 10 жасар Жасұлан Дария «Балбұлақ» кітабынан «Бозторғайдың ұясы» атты әңгімесін өз ойын жеткізе білді. Ерасыл мен Данияның пікірі: жеңіл әрі қысқа әңгімелер бізге ұнайды, өйткені оқуға да, айтуға да оңай.

Халық ауыз әдебиетінен «Жануарлар туралы ертегілер» кітабынан 11 жасар Әбутай Айару «Тышқанның ақылы», «Ақымақ қасқырдың аш қалуы», «Тапқыр қоян» ертегілерін өте шебер айтып берді. Айарудың пікірі: ертегілерді оқып, оны әңгімелеп бергенді жақсы көремін деді.

«Тілек кітапшасы» кітабына оқырмандар өз пікірлерін жазды.

8 және 9 жасар Темсірхан Айсұлу, Рысбек Назым, Бақтяир Аяла және Рымқұл Кәусарлардың тілегі: осындай «Көк сандық саяхаты» атты рәсім бола берсін, бізге оның ішіндегі ертегі кітаптар мен тәттілері ұнады. Өте қызық болды.

10 жасар Рымқұлов Жарқын мен Жасұлан Дария тілектері:


  • Осындай «Көк сандық саяхаты» рәсімі жыл сайын бола берсін, бізге ұнағаны оқыған кітабымызды, өлеңдерімізді еске түсіріп, қайтадан айтып, әңгімелеп берімен қатар «қандай кітаптар, қандай тәттілер бар екен» деген ойда болдық.

11 жасар Әбілова Айтолқын мен Мейрамбек Ерасылдың өз тілектері:

  • «Көк сандық саяхаты» ауданымызға келіпті дегеннен бастап, бізге де өте қызық болды. Кітапханашы апайымызға да күнде «қашан келеді?» деп мазамыз болмады. Өйткені ішіндегі құпия заттар бізді қызықтырды.

Жалпы оқырмандарды, оқушыларды «Көк сандық саяхаты» атты бағдарлама өте қызықтырды.

«Көк сандық» саяхаты Егіндібұлақ кітапханасында

07.11.2015-12.11.2015

Кітапты насихаттау, кітапты оқудың мәніне және ерекшеліктеріне назар аудару, жаңа кітаптармен  және жаңа авторлармен танысу мақсатында , «Бәріміз оқимыз! Әрқашан оқимыз! Кез келген жерде оқимыз!» ,- деген ұран аясында облыстық Абай атындағы балалар кітапханасының бастамысымен тамыры тереңде жатқан сонау Германия елінен бастау алған «Көк сандықтың саяхаты» атты халықаралық жобасы шеңберінде саяхаттап жүрген іші ғажайып сырға толы сандық Егіндібұлақ селолық модельді кітапханасына да (05.11.2015 ж) келіп жетті.c:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\2xgb927hpxy.jpg

Еліміздің сондай – ақ шетел жазушыларының тамаша туындылары бар көк сандық алдымен кітапханамыздың ең кішкентай оқырмандарына , яғни селодағы «Айгөлек» балабақшасының жас оқырмандарына таныстырылды. Алдымен балалардың ұшқыр қиалдарын білу мақсатында көк сандықтың ішінде не бар екендігі туралы ойларын біліп, бал тілді кішкентай бүлдіршіндердің сан қилы қызықты жауаптарынан соң, көк сандықтың тарихына тоқталып, сандықтың ішін ашып кітаптар легімен таныстырған сәтте балалар зор ынтамен қызғушылықпен зер салып, сұрақтар қойып, өздері оқыған кітаптары да кездескенін айтып, жәнеде таныс емес кітаптар мен авторларды оқығысы келетін қызғушылықтарын жасырмады. Ішінен кітапханашы балаларға «Үш аю» атты ертегі кітапты оқып бергенде балалар ден қойып, ұйып тыңдады. Шара соңында балалар көк сандықпен суретке түсіп, мәре – сәре болысып, сандықтың саяхаты аяқталғанша кітапханаға тәрбиешілерімен, ата – аналарымен барып, кітаптарды алатындарын айтып сандықпен саяхат қызықты болғаны соншалық қимастықпен шығарып салды. Бала бақша меңгерушісі Меруерт Маткенқызы бастаған ұжым «Көк сандықтың саяхатының» әсерлі болғанын , балалардың ой- өрісін, рухани әлемін қалыптастыруда осындай игі шаралардың өткеніне ризашылықтарын білдіріп, оларда балалардың ойын құптап, яғни сандықтың саяхаты аяқталғанша ішіндегі ғажайып сырларын кішкентай балаларға оқып беріу мақсатында кітапханаға қуана келетіндерін жеткізді.



c:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\-7-8jvwvfh0.jpgc:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\gozqs2dllom.jpgc:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\9zcaw_hjhrm.jpg

c:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\i_srkr7ruoo.jpgc:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\fdcchdhcxzi.jpg

c:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\ouwbvykuj9s.jpgc:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\v-gndvxjia8.jpg

c:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\t15zvhmmawq.jpgc:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\cy1mlvj5zsu.jpg

Саяхаттың келесі бөлігі кітапханамызда селодағы №43,5 мектеп жәнеде интернат үйі оқушыларымен өтті. Әдетте жаңа жылда аяз атаның дорбасынан сыйлық күтіп үйреніп қалған балалар бұл жолы көк сандықтың ішінде не бар екен деген таңданыспен қарады. Алдымен көк сандықтың тарихына қысқаша тоқталып өткеннен кейін, сырға толы көк сандықты балалар кітапхана әдіскері Жанар Төлеутайқызмен бірге ашып, көк сандықтың тұсауын кесті, осындай игі шара туралы балаларға айта келе, тоқсандық демалыстарын қызықты етіп өткізудің бірден – бір таптырмас жолы рухани байлықтың киелі ордасы кітапхнаға келген жас оқырмандарға алғысын білдіріп, қанаттарың талмасын, оқуда озатта ойлы , саналы азамат болып өсіңдер деп жүрек жарды лебізін жеткізді. Ендігі кезекте кок сандықтың ішінен шыққан 37 кітаптың ішінен «Әлем балалар әдебиеті» сериясымен жарық көрген Жюль Вернның «Он бес жасар капитан», Шарль Перро мен Ағайынды Гриммдердің әлемді тамсандырған тамаша ертегілері , Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты шығармаларына шолу жасалды, жазушылардың өмірі мен шығармашылығына тоқалып, жоғарыда айтылған кітаптардың қысқаша мазмұны айтылды, балалардың арасынан аталмыш шығармаларды оқыған Зейнел Мағжан, Қабыл Балнұр сынды оқушылар өз ойларын ортаға салып, оқығандағы алған әсерлерімен басқа жиналған балалармен бөлісті. Аталған үш шығарма да бүгінгі таңда оқушылардың қызғушылығын тудырып отырған сұранысқа ие туындылардың бірегейі болғандықтан іріктеп алып ,тоқталуды жөн санадық. Жалпы сандықтан шыққан кітаптардың ішінен өздеріне таныс емес кітаптармен танысып шығып, сандықтың саяхаты барысында алып оқитындарын айтып, қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.

Елімізде білімді, рухани бай ұрпақ көбейе берсін,осындай игі шарлар жалғасын таба берсін деген ниетпен шарамызды қортындылап, сандықтың ішінен шыққан тәттілер балаларға үлестірілді.

c:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\qx7uyfd5nk0.jpgc:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\ymvl-sck_f4.jpg

c:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\uuqkttxarme.jpgc:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\rfutnxkwzys.jpg

c:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\pnjejhnklzs.jpgc:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\bvwyf9nolea.jpg

c:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\neqsjnfl66w.jpgc:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\koirss0d7da (1).jpg

c:\documents and settings\user\рабочий стол\кок сандык\f9lfoqo_eqo.jpg

7. Волонтерлар – балалар өздері болды.

8. «Көк сандықтың саяхаты» жергілікті «Қарқаралы газет бетіндеc:\users\qewe\pictures\img443.bmp

«Көк сандықтың саяхаты» бағдарламасы жақсы деңгейде өтті деп ойлаймыз. Бағдарлама аясында мектептерге, балабақшаларға библиодесанттар, кітапханалық алаңдар, қойылымдар, ашық тәрбие сағаттары жасалды. Бұл акция балабақша тәрбиеленушілерінен 9 сынып оқушыларына дейін өте жақсы әсер қалдырды. Балалардың салған суреттеріне, жазған пікірлеріне қарап осыған көз жеткізуге болады. Сандық ішіндегі кітаптар тізімі де өте жақсы бағаланды. Мектеп кітапханасы осындай кітаптардың өзінде де болғанын қалайтындығын жеткізді. Қазіргі күні заманауи еуропалық балалар әдебиеті жоғары сұранысқа ие. Әсіресе фильм кейіпкерлері жайлы кітаптарды балалар жақсы оқиды. Сондай мазмұндағы «Уақыт кеңістігіне саяхат» атты және «Бөбектерге арналған қызықты ертегілер» атты кітапқа балалар қызығушылық танытты. Ата-аналар да бұл акцияға белсенді қатысты. Балаларынан осы «Көк сандық» туралы естіген ата-аналар төменгі сыныпта оқитын балаларын өздері ертіп келіп, әкеліп, оқырмандар залында оқып отырды.



«Көк сандықтың» жақсы кітабы ретінде ағылшын халық ертегісінің желісі бойынша шығарылған «Ертегілер елінде» топтамасы таңдалды.

Жалпы «Көк сандықтың саяхаты» бағадарламасы – жаңадан шыққан бағдарлама. Нәтижесі жақсы болады деп ойлаймыз. Қазіргі күні кітапханаларға оқырман азайып бара жатқан кезде осындай бағдарлама бізге ауадай қажет.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет