Аралық бақылау 1 Революция

Loading...


бет6/10
Дата26.03.2020
өлшемі378.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.

Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, эсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.

Ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.

Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды


6. Орыс шаруаларының қоныс аударуы

XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекеніненқонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.

Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.

Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.

Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоныс аударту ХІХғ.60ж.ортасында басталды.1868 жылы Г.Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуға шаруаларды қоныстандыру»туралы ереже қабылданып ,бұл ереже 1881 жылға дейін қкүшін сақтады.Осы ережеге сәйкес бұрын қоныстанған шаруаларға жан басына 30 десятина жер беріліп,15 жылға салық төлеуден және әскери міндеткерліктерден босатылды.

1883 жылы «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлармен мен дүнгендерді орналасрыру туралы»ереже қабылданды.Осы ережеге сәйкес ұйғыр және дүнгендер жан басына 10 десятина жер берілді (1885 жылдан бастап 4-5 десятина жер берілді,дүнгендерге 3 десятина).

1883ж.бастап Жетісуға жаңадан қоныс аударған орыс шаруалары салықтардан 3 жылға босатылды.

1889 жылы 13 шілдеде «Селло тұрғындары мен мещандарының қазыналыұ жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы ереже бекітілді.Бұл ереже бойынша жан басына 15 Десятитна жер беру қарастырылды.

1891ж. «Ереже» бойынша жан басына шаққанда бұрын қоныстанған шаруаларға 15 десятина жер берілді.



ХІХғ. ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты болігі Жетісуға қоныстанды.Ал Сырдария облысын қоныстандыру саясаты түгелге жуық қамтыды.Мәселен,1884-1898 ж.ж.Шымкент ,Ташкент,Әулиеата уездерінде 37 орыс-казак қоныстары құрылды.ХІХғ.орыс,украин шаруаларының қоныстануы қазақтар арасында отырықшылықтың кең тарауына себепші болды.
7.ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның өнеркәсіп түрлері

ХХ ғ. басында өлкеде қала халқының өсу бағыты байқалды. 1897-1914 жылы аралығында барлық облыстарындағы қалалар халқы 1,5 еседен астамға өсті [3]. Қалада неғұрлым ірі əлеуметтік топ сауда буржуазиясы болды, олар тұрғындардың 20,3 процентін құрады. Қалалықтардың 33,1 проценті тау-кен, кең қазып шығару жəне тамақ өнеркəсіптерінде істеді, 20 проценті ауыл шаруашылығымен жəне кəсіпшіліктермен шұғылданды. Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркəсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. Таукең өнеркəсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындары пайдаланылып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. ХХ ғ. басында мыс, алтын, темір жəне басқа қазба байлықтары шығаратын тау-кен өнеркəсібі кəсіпорындары шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына көшті. Мысалы, 1904 жылы Лондонда пайда болған Спасск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спасск-Успенск мыс кені мен заводын, Саран-Қарағанды таскөмір кенін, темір рудниктерін сатып алды. Қоғамның акциялары ұстаушылар американдықтар, немістер, шведтер, австриялықтар жəне басқалар болды. 1914 жылы Риддер руднигінің, Екібастұз қорғасын-мырыш заводының құрылыстары басталды, темір жол салынып жатты. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды. Өлкенің ХХ ғасырдың басында тау-кен өнеркəсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Екібастұз, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары пайдаланылды. Өндірілген көмір темір жолмен жəне су жолдарымен Перьм губерниясына, Омск мен Барнауылға сондай-ақ өлкенің Павлодар, Петропавл жəне басқа қалаларына жеткізіліп отырды. Қазақстанның экономикалық өмірінде негізінен өлкенің батыс жəне солтүстік-шығыс аймақтарында орын тепкен тұз өндіру кəсіпшіліктері маңызды рөлге ие болды. Тұз жергілікті мұқтаж үшін де, сол сияқты шетке шығару үшін де өндірілді. Олардың неғұрлым ірісі Ішкі Ордадағы 5 мың қазақ жұмыс істеген Басқұншақ, Семей облысының Павлодар уезіндегі Коряковск, Қарабас кəсіпшіліктері болды. Тұз кəсіпшіліктері артельдерге, серіктестіктерге жəне қоғамдарға арендаға берілді. Батыс Қазақстанда, Орал-Ембі аймағында мұнай шығарылды. 1912-1914 жж. мұнай кен орындарын пайдаланумен иелері ағылшын капиталистері болған «Батыс – Оралдық мұнай қоғамы», «Орал-Ембі қоғамы» жəне «Солтүстік-Каспий мұнай компаниясы» айналысты. Арзан жұмысшы күні, бақталастықтың болмауы, мұнайдың бай кен орындары жыртқыштықпен пайдаланған жағдайда қожаларына ұшан-теңіз пайда əкеліп жатты. Тұтас алғанда өлке өнеркəсібінде ауылшаруашлық шикізаттарын өңдейтін: теріден былғары жасайтын, май шығаратын, сабын қайнататын, арақ, спирт шығаратын, май шайқайтын жəне басқа кəсіпорындар басым болды. Жетісу, Ақмола жəне Семей облыстарында өнімдеріне əскери ведомтсвалар ерекше ынталық танытқан жүн-шұға фабриктері, ет-консерві зауыттар, сондай-ақ ұн- 32 жарма өнеркəсібі дами түсті. Оңтүстік Қазақстанда шикізаттар өңдейтін майда кəсіпорындардан басқа мақта тазарту өнеркəсібі өркендеді. ХХ ғ. басында Шымкентте төрт, Түркістанда – екі мақта тазартатын зауыт салынды. Балық аулау кəсіпшіліктері Еділ-Каспий бассеинінде, Орал-Ембі өлкесінде, Арал теңізінде, Ертісте, Балқаш пен Зайсан көлдерінде дамыды. Қазақстанның капиталистік өнеркəсіптің шикізат көздері мен оны сыртқа шығару рыногына айналуында темір жолдар салу маңызды рөл атқарды. ХХ ғ. басында Қазақстанда Орныбор-Ташкент, Троицк, Алтай жəне Жетісу темір жолдарын салу кеңінен өрістетілді. Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі темір жол магистралі 1901-1905 жж. салынған Орынбор – Ташкент темір жолы еді. Өлкенің экономикалық өмірінде темір жолдар болудың зор маңызы болды. Өйткені темір жолдар өлкені Ресейдің өнеркəсіп орталықтарымен байланыстырып, оны жалпыресейлік экономикалық рынокқа тартты. Қазақстанның əртүрлі өнеркəсіп шикізаттары, мал шаруашылығы өнімдері, мал, астық сыртқа шығарылып, өлкегефабрика зауыт бұйымдары, галантерея, бакалея таулары əкелінді. Темір жолдардың сондай-ақ əскерлерді бір жерден екінші жерге тез жеткізіп, халық қозғалыстары мен толқуларын басу үшін əскери-стратегиялық маңызы болды. 1917 жылға дейін Қазақстанда барлығы 2793 шақырымы темір жол төселді, соның 2557 шақырымы жалпылай пайдаланатын жəне тек 236 шақырымы ғана жергілікті маңызы бар жолдар еді. Семей облысында темір жолдар болмағандықтан су жолдары пайдаланылды. Ертіс арқылы жүктерді «Пароход шаруашылықтары мен сауданың Батыс-Сібір серіктестігінің» пароход компаниялары жəне басқалар тасыды. 1911 жылы Ертіспен 73 пароход жəне 214 бусыз кемелер мен баржылар жүзіп жүрді. Бұлардың негізгі бөлігі Омбы мен Семей арасында жүк тасумен шұғылданды. Өлкеде көлік арбалар кеңінен пайдаланылды. Олармен Семей – Верный – Ташкент, Орынбор – Гурьев, Петропавл – Көкшетау – Ақмола жолдарымен жүк тасылды. Өнеркəсіптің дамуы, темір жолдардың салынуы, су жолдарының кеңінен пайдаланылуы Қазақстанда жұмысшы кадрлары қалыптасуының экономикалық негіздерін қалады. Мұндай өзгерістер негізінен алғанда XIX ғасырдың орта тұсынан басталды. Өлкеде оларды қазақ шаруаларының кедейленген бөлігінен шыққан жалданушылар мен қоныс аударған орыс шаруалары, қайыршылық күйге түскен қолөнершілер мен жергілікті қалалардың жарлы-жақыбайлары төменгі əскери шен адамдары, сондай-ақ Ресей империясының ішкі жəне басқа губернияларынан келген маман жұмысшылар мен кедей шаруалар құрады. Өлкеде патриархалдық – феодалдық қатынастар үстемдік құрған жəне жергілікті өнеркəсіп əлсіз дамыған жағдайда ірі капиталистік өндірістің бір түрі ретінде – жұммысшылардың шоғырлануы жоғары болған темір жол шеберханалар мен деполар көрінді. Мұның, əсіресе, Қазақстанда жұмысшы жəне социал – демократиялық қозғалыстың дамуы үшін ерекше маңызы болды. Теміржолшылар осы қозғалыстың алдыңға қатарлы отрядына айналды. Солтүстік Қазақстанда 1905 жылы маусым айында бір өзінде 460 адам жұмыс істеген Петропавл станциясы шеберханалары мен депосының жұмысшылары Омбы теміржолшыларымен бірдей осындай рөл атқарды. Басқаларына қарағанда бұл жұмысшылар неғұрлым көп шоғырланған ірі кəсіпорын еді. Орынбор, Орал, Ақтөбе, Қазалы, Перовск, Шалқар, Түркістан тағы басқа станциялардың теміржол шеберханаларының жұмысшылары осындай рөл атқарды. Демек, өнеркəсіп жəне теміржол жұмысшыларының негізгі бұқарасы теміржол тораптары бойында орналасқан қалаларда шоғырланған [4]. 33 Фабрика-зауыт жұмысшыларының арасында əдетте жергілікті тұрғындар басым болды. Неғұрлым жоғары мамандық дəрежесі жəне техникасы барларды талап ететін теміржол транспорттарында жұмысшылардың басым бөлігін орыстар құрады. Теміржолдардың күндік жəне уақытша жұмысшылары арасында жегілікті ұлт өкілдері кездесетін 1917 жылы шілдеде Орынбор – Ташкент теміржолының Тоғыз – Сапақ станциялары аралығындағы учаскіде 467 теміржолшының 381-і жұмысшы, ал солардың 47 проценті қазақтар болды. Бір күндік мерзіммен істейтін 248 жұмысшының 173-ін, яғни 70 процентін қазақтар құрады. Бұл негізінен алғанда аз ақы төленетін жол жөндеуші жұмысшылар, жүкшілер, ат айдаушылар жəне əртүрлі қара жұмысты істейтіндер болатын. Тұтас алғанда 1917 жылы өлкенің 30 мың теміржолшысының 5-6 мыңдайы немесе 20 проценті қазақтар болды. Кəсіп иелерінің қызметіне бақылау мен фабриктер инспекциясы болмаған жағдайда өлкенің өнеркəсіп жұмысшыларының хал-ахуалы Ресейдің өнеркəсібі дамыған аудандарымен салыстырғанда əлде қайда ауыр болды. Жұмыс күнінің ұзақтығы кəсіпорын қожайындарының озбырлығымен белгіленіп, ол Ембінің мұнай кəсіпшіліктерінде 12 сағатқа дейін, алтын алынатын кендерде - 10-12– сағат, тұз өндірілетін кəсіпшіліктерде – 14-16 сағатқа дейін созылды. Теміржолшылардың басым бөлігі үшін ресми түрде 12 сағаттық жұмыс күні белгіленді, соған қарамастан олардың бұдан да көп уақыт бойы жұмыс істеулеріне тура келді. Ресей жұмысшылары жалақыларын төмен болғанның өзінде, өлкенің өнеркəсіп орындарында жұмысшыларға тұтас алғанда елдің орталық аудандарындағыдан 3-4 есе кем жалақы төленді. Жұмысшылардың осы өте аз жалақыларының өзі озбырлық штрафтарымен, жалақының бір бөлігін азық-түлікпен жəне тауарлармен т.б. берген кездегі алдаумен жəне кем есептеумен онан сайын кемітіліп отырды [5]. Тау-кен кəсіпорындағы жабайы еңбек құралдары, еңбек қауіпсіздігін сақтаудың қарапайым шараларының болмауы жұмысшылардың зақымдануы мел өлімге ұшырау оқиғалары жиі кездесетін жаппай жарақаттануға əкеліп соқтырды. Жұмысшылардың көбінің тұрғын үйлері болмады, тек 40 процентке жуығы ғана құранды лашықтарда, жер үйлер мен барақтарда жайласты. Сондықтан əрі дəрігерлік көмек көрсетудің, санитарлық – тазалық жағдайының жоқтығынан жұмысшылар мен олардың жанұяларының арасында эпидемиялар мен жұқпалы аурулар жиі шығып тұрды. Өздеріне алалаушылық жасалып, құқықтарынан айыру қолданылған қазақ жұмысшылары ерекше ауыр жағдайда болды. Теңдей атқарған жұмысы үшін қазақ жұмысшылары жалақыны орыс жұмысшыларынан əлде қайда кем алды. Осының бəрі: төмен жалақы, көптеген салықтар, кем өлшеп, кем есептеу жəне өкімет пен қожайындардың тағы басқа озбырлық жасау түрлері, еңбектің, тұрғын үй тұрмыстық айыр жағдайлары жұмысшыларды өздерінің экономикалық жəне саяси жағдайларын жақсарту үшін күреске итермеледі.
8. Қазақстан интеллигенциясының қалыптасуы

Қазақ интеллигенциясының қалыптасу процесі соңғы ғасырлар аралығында жеделдей түсті . Ол мезгіл жағынан Ресейдегі азаттық қозғалыспен тұспа-тұс келді және оның ықпалында болды. Әсіресе күшті әсер еткен оқиға 1905-1907 жылғы Ресейдегі тұңғыш революция. Осы оқиғаның әсерінен қазақ қоғамының рухани және саяси өмірінің оянуы, ұлттық сананың сезіле басталуымен көзге түсті.Ал ұлттық сананың оянуы қазақ интеллигенциясының қалыптасуының тікелей нәтижесі болды. Дәл сол тарихи бет бұрыс кезеңінде интеллигенция арасынан топ жарып суырылып шыққан аса талантты ақындар , жазушылар, тарихшылар, журналистер, қоғам қайраткерлері біршама болды. Олар қоғамдық сана- сезімнің , мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты.



Қазақстанның егемендігі мен тәелсіздігі тарих сахнасынан шеттетілген қазақ зиялыларының ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қызметі мен саяси күресін терең зерттеуді қажет етеді. Қазақ зиялыларының күрес тәжірибесін , ел үшін жасаған үлкен қызметін байыпты талдау мен са-раптау.Айналысқа түспеген құжаттармен тарихи деректерді қолдану арқылы тарих ақтаңдақтары ақиқатын көрсету зерттеу тақырыбының өзекті мәселесі. Қазақ зиялыларының тарихтағы орны мен рөлін көрсету негізінде өткен тарихи кезеңді түсіну мен талдау өзекті мәселесінің басты нысанасы. Қазақ демократиялық интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең 80-жылдардың соңына қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер Одағын қамтыған қайта құру процесі. Сталиндік жазалау құрбаны болған қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасы 1988 жылдан бастап жарық көре бастады. Саяси күрес жолына түсе бастаған ұлттық интеллигенцияның ендігі кезеңі – империя өмірінде үлкен саяси оқиға болған Мемлекеттік Думаның жұмыс жасай бастауы еді. Қазақ зиялылары алғашқы кезеңде Дума , белгілі дәрежеде , қазақ елінің өзекті мәселелерін шешуге көмегін тигізеді деп түсінді. Ә.Бөкейханов I Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. Сайлауға әйелдер , сондай –ақ 26 жастан төмен адамдар , барлық оқу орындарының оқушылары , әскери қызметшілер , шетелдік бодандар , «кезбе бұратаналар» және басқалары жіберілмегені белгілі. Мемлекеттік Думаға облыстан бір депутат сайланды. «Мемлекеттік Думаға орыс тілін білмейтін адамдар сайлана алмайды» деген ереже қазақ халқының кең жұртшылығы үшін үлкен кедергі болды. Ақпан революциясының хронологиялық шегі қысқа болғанмен, саяси оқиғаларға толы кезең болды. Қазақ зиялылары Ақпан революциясын патша самодержавиесінің келмеске кеткені ретінде қабылдап , Ресейде демократиялық негіздегі қайта құрулар жүзеге асатын болады деген үмітпен қарсы алды. Мәселен , Әлихан ,Мұстафа , Міржақып деп қол қойып «Қазақ» газетіндегі «Алаш ұлына» деген үндеуде : « Азаттық таңы атты. ... Ресей қол астындағы халықтардың бәріне дін , ұлт, тіл айырмасына қарамай азаттық әперді. Енді бәрің теңеліп , түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп , төбеміз көкке жетіп отыр », -деп қуана хабарлады. Қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы –ұлттық мемлекеттікті қалпына келтіру ісі Алаш қозғаласы , Алаш орда үкіметімен бірге тарих қойнауында көміліп қала берді. Тек жетпіс жылдан астам уақыттан соң Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жарияланып , қазақ елі ұлы арман жолына қайта бет бұрды.Большевиктік – революциялық идеяны жақтаушы қазақ зиялылары болғанымен , олардың қирату мен қан төгуге бағытталған іс-әрекеттері қазақ қоғамынан аса қолдау таппады. Міне , сондықтан да, көптеген білімпаз алаш зиялылары Ақпан революциясын қуанышпен қарсы алып , Қазан төңкерісіне теріс пікірлерін білдірді.
9. АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.

Міржақып Дулатов(1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.Алаш қозғалысының негізін қалаушысы.Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...