Аралық бақылау 1 Революция

Loading...


бет1/10
Дата26.03.2020
өлшемі2.83 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Аралық бақылау 1

1.Революция

Революция [1](лат. revolutіc — бетбұрыс, төңкеріс) — табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер.  Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғылыми - техникалық , мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады. Әлеуметтік Революция қоғамның жаңа сапаға ауысуына жол ашып, сапалы өзгерістерді бейнелейді. Әлеуметтік Революция қоғамның саяси, экономикалық, рухани өміріне түбірлі өзгерістер енгізу үрдісін бастап береді. Революция өзінің даму мүмкіндіктерін сарқыған қоғамның прогрессивті сатыға өтуін қамтамасыз етіп, оның әлеуметтік экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертуге қызмет етеді. Адамзат тарихын қоғамдық экономикалық формациялардың бірін-бірі алмастыру тұрғысынан зерттеушілер осы алмасу үрдісін жүзеге асыру әлеуметтік Революцияның басты міндеті деп санайды. Осы қағиданы басшылыққа алған К.Маркс және оның жолын қуушылар (В.Ленин, т.б.) өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуымен қатар қоғамның бір-біріне қарсы топтарға бөлінуінен бастап социализмге өткенге дейін бір қоғамдық экономикалық формациядан екіншісіне (феодализмнен капитализмге, одан социализмге) өту әлеуметтік Революция арқылы жүзеге асады деп санады. В.И. Ленин басқарған коммунистік партия айтылған қағиданы Ресей империясының қоғамдық-саяси өмірінің шындығына айналдыру үшін 1917 ж. Қазан төңкерісін ұйымдастырып, оны “Ұлы Октябрь социалистік революциясы” деп атады. Кез келген Революцияның экономикалық негізі қоғамдық өндіргіш күштердің өсу деңгейі мен оған сай келмейтін консервативтік өндірістік қатынастардың шиеленісуі болып табылады. Ал ол әлеуметтік, таптық қайшылықтарды шырқау шегіне жеткізеді. Мұндай жағдайда әлеуметтік және рухани қиыншылықтарға душар болған жекелеген таптар мен әлеуметтік топтар Революцияның қозғаушы күштері ретінде батыл әрекеттерге барады. Революция жеңіске жету үшін алдымен оның объективті және субъективті алғышарттары қалыптасып, қоғамда Революциялық жағдай пайда болуы қажет. Бұған Революциялық жағдайды Революцияға айналдыру үшін саяси партиялар мен ұйымдардың белсенді іс-әрекеттері қосылуы керек. Егер осы факторлар қоғам мүшелерінің басым көпшілігінің басты мақсат-мүдделеріне сай келсе, Революция жеңіске жетеді. 17 ғ-дағы ағылшын буржуазиялық Революциясының жеңісі нәтижесінде мемлекеттік билік феодалдық монархияның қолынан буржуазия мен жаңа дворяндар қолына көшті. 18 ғ-дың соңындағы Ұлы француз Революциясының нәтижесінде монархия құлатылып, республикалық тәртіп орнап, буржуазиялық реформалар жүзеге асырылды. Тарихи қажеттіліктен туындаған Революция көп жағдайда ашық түрде өтетіндігіне қарамастан, ол әрбір елдің өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі формада болады.

№2 Революция — коренное преобразование в какой-либо области человеческой деятельности. Революция (от позднелат. revolutio — поворот, переворот, превращение, обращение) — радикальное, коренное, глубокое, качественное изменение, скачок в развитии общества, природы или познания, сопряжённое с открытым разрывом с предыдущим состоянием.
2. Реформа

жауабы №1 Реформа(лат. reformate — қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.

Реформа — қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси Реформа — өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеум. және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады. Мысалы, әлеуметтік және этно топтардың, тұрақты және уақытша қауымдастықтардың, жеке адамдардың саясат жүйесіндегі қарым-қатынастары және мемлекттік биліктің қалыптасуы мен жұмыс істеу жағдайлары ескеріледі. Экономикалық Реформа — қоғамның экономика негіздерін қайта құру немесе жаңғырту арқылы жағдаятты қайта қарау, яғни тауарды немесе көрсетілетін қызметті сатып алу не сату мақсатында сатып алушылар мен сатушылар арасында тығыз қарым-қатынас пен байланыс орнығатын жаңа яки жетілдірілген кеңістік жүйесін қалыптастыруды көздейді. Ол мемлекеттік экономикалық саясат пен нарықты мемлекет, беймемлекет реттеу арқылы жүргізіледі. Әрине, әлеуметтік-саяси және экономикалық Реформалар реформаторсыз немесе реформалаушы көш бастаушыларсыз іске аспайды. Олар белгілі бір саяси топқа сүйеніп, солардың ортақ мүддесін көздейді



2 Реформа (лат. reformo) — изменение правил в сфере человеческой жизни, не затрагивающее функциональных основ, или преобразование, вводимое законодательным путём. В частности, процесс преобразования государства, начинаемый властью по необходимости. Конечная цель любой реформы — укрепление и обновление государственных основ, что, однако, не всегда несёт за собой улучшение уровня жизни, сокращение государственных расходов и наоборот — увеличение доходов.

Реформа может трактоваться как «re-» и «form», то есть изменение формы, изменение содержания или сути чего-либо (какого-то объекта реализации реформы). Реформа предполагает существенные изменения в механизме функционирования объекта, возможна смена основополагающих принципов, ведущих к принципиально новому результату и получению принципиально нового объекта. Не стоит путать понятия «реформа» и «усовершенствование» или «модернизация». Реформа в таком случае, по сути, коренной перелом устоявшихся процессов, традиций и т. д. Именно такая, более жесткая трактовка понятия «реформа», используется в историческом аспекте: Отмена крепостного права, Столыпинская аграрная реформа, Реформа русской орфографии 1918 года, реформа РАН[1] и т. д.


3.Капитализм

жауабы №1Капитализм[1] – жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты. Марксизм теориясы бойынша, Капитализм өндірістің негізгі құрал-жабдығы жалдамалы жұмысшы табын (пролетариатты) қанайтын капиталистер табының (буржуазияның) меншігі болып табылатын, өндірістік игіліктер, негізінен, рынок арқылы бөлінетін қоғами құрылыс.

Құрылысы[өңдеу]

Капиталистік құрылыс Батыс Еуропа елдерінде 15 – 16 ғасырларда пайда болды. Капиталистік қатынастар тауар өндірісінің дамуы мен тауар өндірісінің жіктелуіне байланысты қалыптаса бастады. Өнеркәсіп өндірісі оқшауланып экономика саласына айналды, тауар айырбасы кеңейіп, күрделілене түсті, соның нәтижесінде ақша мен сауда пайда болды. Бұл екеуі ортағасырлық қалаларда саудагерлердің қолына шоғырланды, сөйтіп ақша капиталға, пайда табу құралына айналды. Қоғамда меркантилизм ілімі басым сипат алды. Бұл ілімді қолдаушылардың пікірінше, байлық тек сауда саласында ғана пайда болады. 18 – 19 ғасырларда өндірістік капитализм қалыптасып, классикалық эконономика теория негіздері қаланды. Оның белгілері мен ұстанымдары:


  • 1) негізгі құрал-жабдық жеке меншік түрінде буржуазияның қолында болады;

  • 2) жұмыскерлер құрал-жабдықтан айырылған, олардың тек құқықтық бостандықтары ғана бар, сол себептен олар капитал иелеріне жұмыс күшін сатып, еңбек ақы алады;

  • 3) өндірістің мақсаты – пайда алу, ол өндірістің негізгі қозғаушы күші болып саналады;

  • 4) кәсіпорындар капиталистердің жеке меншігінде болады;

  • 5) кәсіпорынды капиталистің өзі басқарады;

  • 6) өндірушілер бытыраңқы, рыноктың қажеттілігі белгісіз, өндірістің негізгі демеушісі – еркін бәсеке;

  • 7) өндірісті құн заңы реттейді;

  • 8) өндіріс капиталистері – орташа пайдаға ие болады, сауда капиталистері – сауда пайдасын, несие капиталистері – несие пайызын алады. Классикалық капитализм еркін бәсекелі экон. құрылымға жатады. Онда өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігі, бір жағынан, мыңдаған ұсақ және орташа өндірушілер, екінші жағынан, көптеген жеке тұтынушылар арасындағы еркін бәсеке арқылы қалыптасты. Ал мемлекет тек “ойын тәртібін” белгілеп, оны бақылап отырды. Өндіріске қажет қаржы көлемінің ұлғаюы нәтижесінде капиталистік бірлестіктер пайда болды, бәсеке күшейіп, өндіріс пен капитал шоғырланды, қоғамда монополиялық үстемдік орнады.

2 Капитали́зм — экономическая система производства и распределения, основанная на частной собственности, юридическом равенстве и свободе предпринимательства. Главным критерием для принятия экономических решений является стремление к увеличению капитала, к получению прибыли[1][2][3][4].

Понятие «капитализм» — это экономическая абстракция, в которой выделены характерные черты экономики на определённом этапе её развития и при этом отброшены менее значимые[5][6][7][8]. Реальная экономика конкретных стран никогда не основывалась только на частной собственности и не предоставляла полной свободы предпринимательства. Всегда в той или иной мере присутствовали несвойственные капитализму черты — сословные привилегии; государственная собственность; ограничения на владение имуществом, в том числе ограничения на размеры недвижимости или земельных участков; таможенные барьеры; антимонопольные правила и т. п. Часть из них являются наследием предыдущих эпох, часть — следствием развития самого капитализма.



4.Дағдарыс

жауабы №1 Дағдырыс [кризис] - мәселенің асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының орнын толтыру оңайға түспейді. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық және т.б. дағдарыстар.


"Дағдарыс" ұғымы қандай да болмасын құбылыстың деградацияға ұшырап өмір сүруі мен қызмет етуі мүмкін емес болатын ерекше күйін сипаттайды. Соңымен, "дағдарыс" ұғымы құбылыстың ішкі ерекшеліктерін бейнелейді: оның табиғи қызмет етуге және эволюцияға қабілетсіздігі, онда өзінің сапаларын, қасиеттерін сақтау мен өсіруге және өзінің негізгі мәнді сипаттамаларын сақтай отырып дамудың мейлінше жоғары сатысына көтерілу мүмкіндіктерінің болмауы. Әрине, дағдарыстың келтіріліп отырған түсіндірмесі тым жалпы бірақ шынайы өмірде кез келген құбылыс белгілі бір кезенде өзінің қайта құрылуы мен қирауы, жоғалуына бастайтын дағдарыстық сатыға өтеді. Сондықтан дағдарыстан шығу жолы құбылыстың сапалы жаңаруында жатыр.[1]

2 Кри́зис (др.-греч. κρίσις – решение; поворотный пункт) — переворот, пора переходного состояния[1], перелом[2], состояние, при котором существующие средства достижения целей становятся неадекватными, в результате чего возникают непредсказуемые ситуации[3].

Кризис проявляет скрытые конфликты и диспропорции. Яркий пример кризиса — революция. Может рассматриваться как самостоятельный феномен, внешний фактор (условие деятельности), политическая, социологическая или экономическая категория


5.Қоныс аудару

жауабы №1 Қоныс аударумиграция (латынша mіgratіo – қоныс аудару, орын ауыстыру) – 1. демографияда – халықтың тұрғылықты мекенінқонысын ауыстыруына байланысты көшіп-қонуы. Қоныс аудару халық өсуінің аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, ол халықтың жай ғана мекен ауыстыруы емес, әлеуметтік-экономикалық тұрмыстың сан алуан қырларын қозғайтын күрделі қоғамдық мәселе ретінде қаралады. Жерге қоныстану, жерді шаруашылық мақсатта игеру, өндіргіш күштерді дамыту, нәсілдердің, тілдердің, халықтардың құралуы, араласып-құраласуы сияқты мәселелер осы қоныс аударумен тығыз байланысты. Сыртқы (құрылық аралық және мемлекет аралық) және ішкі (мемлекет ішіндегі) қоныс аудару: аудан аралық қоныс аудару, халықтың ауылдық жерлерден қалаға көшіп-қонуы түрлеріне бөлінеді. Тұрақты (тұрақты не ұзақ мерзімге мекендеу үшін көшіп-қонуы) және уақытша, маусымдық (біршама қысқа мерзімге көшіп-қону) қоныс аударуы да мүмкін; қоныс Көші-қон; 2. биологияда – тіршілік ету ортасының өзгеруі немесе даму кезеңінің өзгерістеріне байланысты жануарлардың бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы. Балықтардың қоныс аударуын өрістеу деп атайды. Уылдырық шашу, қоректену және қыстап шығу үшін балықтардың белгілі маусымдатеңізден өзенге қарай, судың ағынына қарсы және теңіздердің ішкі жағынан жағалауға қарай жаппай жүзуін – анадромды қоныс аудару, ал кейбір балық түрлерінің уылдырық шашу үшін өзендерден теңізге қарай және теңіздердің жағалауынан ішкі жағына қарай өрістеуін – катадромды қоныс аудару деп атайды; Жануарлардың қоныс аудару; Құстардың қоныс аударуы.[1]
6.Ұжымдастыру
7. индустрияландыру

жауабы №1 Индустрияландыру — кез келген салада ірі машиналық өндіріс құру процесі; мысалы, қоғамдық тамақтандырудың ірі механикаландырылған кәсіпорындарының ұйымдастырылуы. Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.

Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.


8. репрессия

жауабы № 1 Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары. Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.

Қарағандыдағы екінші репрессия[өңдеу]

Қарағандыдағы екінші репрессия 1937-38 ж . жүргізілді .Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай репрессия басталған еді. Соның ызғары Қазақстанға да келіп жетті . Өйткені Карағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және коғам қайраткерлері , белгілі ғалымдар, ақын - жазушылар , артистер жұмыс істеді.Сондықтан да 1937 жылғы Қазақстандағы репрессия ең алдымен Қарағандыдан басталды.

9.Депортация

жауабы №1 Депортация (лат. deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады, Термин 18-19 ғасырларда Франция қылмыстық заңнамасында жер аударудың ерекше түрін атауда қолданылған. Алғаш рет Гвианада саяси сенімсіз адамдарға қолданылып, 1791 жылы күдіктілерге арналған заңға тіркелді. Депортация латынша deportatio — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация» — қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.

1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:



  • этностың белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар»«шекараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»).

  • әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады.

  • саяси мүдде негізіндегі 1934—1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.

Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. 

10 қозғалыс
11. Партия

жауабы №1 Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.[1]

Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:

1) аристократиялық үйірмелер;

2) саяси клубтар;



3) көпшілік партиялар.
12.Көтеріліс

жауабы №1 Көтеріліс - орын алған биліктерге қарсы болған табысты немесе сәтсіз бұқаралық қарсылық, әдетте революциядан айырмашылығы, билік жүйесі тиянақты шүбәге душар болмайды, және сонымен қатар төнкерістен айырмашылығы, соңында көпшілік емес, «өз адамдары» қатысады. Көтерілістердің революцияларға сирек әкеліп соғуының себебі, саяси ұйым түрлері саяси және экономикалық ұйымдарда тап және нағыз баламаларда құрастырылған индустриалды қоғамдардың көрінуіне дейін жоқ болуы.
13.Панисламизм

жауабы №1 Панисламизм - XIX ғасырдың соңында пайда болған, мұсылман реформаторы Джемал ад-Дина ал-Афгани (1839- 1897) есімімен байланысты идеология және қозғалыс; жер бетіндегі барлық мұсылманқауымынын бірлігі концепциясы мен олардын біртұтас ислам мемлекетіне бірігу қажеттілігіне негізделген діни-саяси идеология және тәжирибе.[1]

Алғаш рет, мұсылман елдерінің діни-саяси бірлесуі жайлы ол XIX г. 60-шы жылдарында өз ойын білдірді. Иран, Ирак, Үндістан, Ауғанстан, Түркия елдерімен жақын танысу әртүрлі мұсылман елдерінде ортақ мәселелердің бар екенін анықтады. Экономикалық және мәдени артта қалушылық, рухани тұралау және апатия, тирандар мен шетелдіктердің үстемдігі реформатордың болашақ қызметінің бағытын айқындап берді. Саяси мақсаттарға жету үшін діни лозунгтер қолдануды, исламды отарлық езгіге қарсы күресте халықты жұмылдыруға және қайта өрлеуге мүмкіндіктің бар екені жайлы оларға сенім ұялатуға қабілетті бірыңғай идеологиялық платформа ретінде қарауды ұсынды. Ұлттық көңіл-күйдің ортақ жауға қарсы мұсылмандардың бірігуіне ке- дергісін келтіретін түсінген ал-Афгани ұлттық ынтымақтастыққа діни ынты- мақтастықты қарсы қойды: "Мұсылмандар діннен басқа ұлтты білмейді". Мұсылман халықтары альянсы бастапқыда Ауғанстан, Белуджстан, Қашқар, Яркент, Бұқара және Қоқан елдерінің басын қосты, түрік сұлтаны және үнді мұсылмандары тарапынан қаржылық қолдауға ие болды. Мұсылман елдерінің альянсы жобаларын ал-Афгани бірнеше рет жасады. Ол Египет хедивіне, біресе, судандық махди, біресе иран шахына, не, түрік сұлтанына тоқталады. Ал-Афгани буржуазиялық қағидаттарды уағыздады, жеке меншік құқын мойындамайтындығы және әлеуметтік теңсіздіктің табиғилығын мойындамайтындығы үшін коммунизмге, социалистік идеяларға қарсы болды. Алайда, өмірінің соңғы жылдарында оның бұл көзқарасы түбегейлі әзгерді, социализм исламга қайшы келмейді, Мұхаммед пайғамбардың үмбеттері социализмді алғашқы жақтаушылар деді. Панисламизм Шығыс халықтарының әмірінде аса маңызды рөл атқарды. Үндістанда халифаттық қозғалыс ағылшын үстемдігіне қарсы шықты, Ганди мен Үнді Ұлттық Конгресінің бұл қозғалысты қолдауы тегін емес. Панисламизмнің ұрандары антиимпериалистік сипатта басқа елдерде де көрініс тапты. 1930-шы жж. Осман халифаты жойылғаннан кейін, халықтардың ислам туы астына бір мемлекетке бірігуі шындыққа жанаспай қалды. Дегенмен, панисламистік идеялар, жаңғырған түрінде болса да бүгінгі күні де өмір сүруде. Бүгінгі таңда саяси ықпалдасудың күні алыc екендігін түсінген панисламистер мұсылман ұлттарының одағын нығайту мақсатында әртүрлі деңгейдегі халықаралық ұйымдар құруда. Олар үнемі "аймақтақ тарлық" ұлттық тұжырымдарына мұсылмандық бауырластық, "миллат" теориясының интернационалдық рухын қарсы қояды. Осылайша, панисламистік қозғалыстың бастапқы кезеңінде Түркия үстемдікке ұмтылды. Араб идеологтары өз кезегінде исламньщ араб қоғамында пайда болғанын, Алла сөзінің араб тілінде түскенін алға тартып, "жалпы мұсылмандық бауырластықта" арабтардың маңызды рөлін талассыз дейді. Пәкістанның (діни қоғамдастық негізінде құрылған мемлекет) құрылуы оған мұсылман әлеміне жетекшілік етуге үміттенуге негіз берді. Панисламистік талпыныстар Сауд Арабиясының билеуші шоғырына да тән болды, олар ислам дінінің тазалығын сақтаушы бірден-бір ел ретінде өздерінің қамқорлығымен бірнеше мәрте ислам пактісін жасауға талпынды. Саяси одақ идеяларының жүзеге асуының көрінісі Ислам Конференциясы Ұйымының құрылуы болды (ИКҰ), негізі Рабатта өткен жиналыста қаланды (1969). Оның құрамына енген елдердің негізгі ойы империализмнің экономикалық, саяси, идеологиялық экспансиясына қарсы түрып, ұлттық саяси және экономикалық тәуелсіздігін нығайтып, халықаралық сахнада "үшінші" күш ретінде белсене түсу болды. Қазіргі әлемде панисламистік көңіл- күйді кейде "ислам ынтымақтастығы" ретінде түсінеді. Панисламизм идеологиясының теориялық негіздерін ірі мұсылман университеттерінің дін ілімдері - Ал-Азхар (Египет), Аз-Зай- тун (Тунис), Ал-Каравийн (Марокко), сондай-ақ 1970 ж. негізі қаланған Бүкіләлемдік ислам ұйымы және Бүкіләлемдік ислам Конгресінің, Ислам әлемі лигасының үйлестіруші қызметі жасайды. "Ислам ынтымақтастығы" тұжырымы қозғалысқа кіретін күштердің таптық және әлеуметтік әртектілігін және мақсатты ұстанымдардың айырмашылықтарын көрсетеді. Кейбір жағдайларда империализмге қарсы күресте бірлесуді, саяси және экономикалық тәуелсіздікті нығайтуды, мәдени ерекшеліктерді сақтауды мақсат тұтса; басқа жағдайларда - шетелдік монополиямен өз табысы үшін бәсекелік күрес жолында таптық бауырлардың ынтымақтастығы деп; үшінші жағдайларда - исламдық әлемдік тәртіпті орнықтыру үшін демократиялық реформаларға және қайта құруларға қарсы идеологиялық платформа ретінде қабылданады. Панисламизмнің уағыздарын белсенді түрде таратушылар - "Мұсылман бауырлар", "Джамаат-и ислами" және т.б. экстремистік діни ұйымдар. Панисламизм идеяларына әртүрлі мұсылман фундаменталистері жүгінеді .
14.Интеллигенция

жауабы №1 Интеллигенция - адамға тән рухани, зерделі қабілет, тар мағынада - тез арада шешім табу; өзгеше жағдайларда шешім табу; дұрыс және тез ұғу, бастысы бұл ақыл нысаны ; бейнелеу, ақылды үйрену тез ойлау және қорытындылау қабілеті. «Интеллегенция» сөзімен халықтың рухани бастаушыларын атайды. Еуропалық интеллигенция гуманистік дәуірден басталады, оларға дейін рухани басқару дін қызметкерлерінің қолында болды. Интеллигенция - білгір түсіне алатын, ой еңбегімен айналысатын кәсіби мамандар, қоғамның әлеуметтік қабаты. Интеллигенция өнер адамдарына жақын, бірақ олар сияқты сезімгеэмоцияға беріліп кетпейтін зиялылар қауымы.

Интеллигенция - тапқа да, партияға да кiрмейтiн, не болмаса белгiлi кәсiпқой­лардың ұйым мүшелерi де емес, ол тiптi әлеуметтiк топ­қа да жатпайтын әртектi, әртүрлi мамандықтардағы азаматтар жиынтығы. Сондықтан оның қадiр-қасиетiн, болмыс-бiтiмiн тек оқыған бiлiмдi жаннан iздеудiң өзi де аздық етедi. Интелли­генттiк - ауылдағы немесе қаладағы кез келген қарапайым адамның бойынан табылуы бек мүмкiн құбылыс. Ол - сонымен бiрге, өзiнiң туабiттi мәдениеттiлiгiн былай қойғанда, ең алдымен ой мен iс-әрекетiн ел-жұрт, халық, мемлекет пен қоғам, ұлт мүддесi үшiн iшкi-сыртқы ерiк-еркiндiгi арқылы батыл айтып, атқара алатын АЗАМАТ. Яғни, Толстой айтуындағы "Не могу молчать" деген ұғым-түсiнiгiндегi принципшiл тұлға.
15.Көші-қон

жауабы №1 Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді. Тұрақты тұрғылықты мекенінің түпкілікті ауысуына байланысты:

  • қайтып оралмайтын көші-қон;

  • тым ұзақ мерзімге қоныс аударумен байланысты уақытша көші-қон.;

  • жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші-қон;

  • басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын қатынамалы қөші-қон;

  • елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі сыртқы көші-қон;

  • ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі көші-қон түрлеріне бөлінеді.

Ал ішкі көші-қон ауыл халқының көші-қоны және қала халқының көші-қоны түрлеріне ажыратылады. Қазақ халқының ежелгі замандардан бері келе жатқан көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігі, мал шаруашылығының дамуына байланысты жайылым жаңғыртып отыруы, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонуы, айталық, малға өріс іздеудің ыңғайымен көктем, жаз айларында қырға көшіп, қыста Сырға құлауы қазақ жерінде маусымдық көші-қонның дамығандығын көрсетеді. Сондай-ақ, 15 – 18 ғасырларда жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқы “ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға” ұшырап, ата мекенінен үдере көшіп, мәжбүрліктен қоныс аударып отырған. 19 ғасырдың 2-жартысы – 20 ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясатымен қазақ жеріне қара шекпенді орыс қоныстанушылары көшіп келді.

  • 18 – 19 ғасырдың қазақ халқының патшалық самодержавияға қарсы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары,

  • Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылы Маусым жарлығына қарсылықпен басталған ұлт-азаттық қозғалысы,

  • 1917 жылы ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан төңкерістері, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы,

  • 1918 – 20 жылдардағы азамат соғысы,

  • 1920 – 21 жылдардағы ашаршылық, “соғыс коммунизмі”, азық-түлік отрядтарының жорығы Қазақстан жеріндегі көші-қонның саяси себептері еді. Бұл кезеңдерде талай қазақтар қанды қырғын мен аштықтан бас сауғалап, жат жерге ауып кетті.

  • 1928 – 30 жылдары бай-кулак ретінде тәркіленген ауқаттылар ата мекенінен аласталып, жер аударылды.

Қазақстан аумағы кеңестік империяның басқа аймақтарынан жер аударылған шаруалардың, саяси тұтқындардың мекеніне айналды. Жаппай күштеп ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қарсы геноцидтік саясаттың жүргізілуі салдарынан қазақ халқы ашаршылыққа ұшырап, қырылған зұлмат жылдарда (1931 – 33 жылдары) 1 млн-нан астам қазақ ата жұртынан ауып кетті, олардың 616 мыңы тарихи отанына қайтып оралмады. Олар шалғай шет жерде – Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Пәкістан, Иран, Түркия елдерінде, сондай-ақ, кейбір Батыс Еуропа елдерінде қазақ диаспорасын құрады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1939 – 45) тұтқындалған, Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалыстарына қатысқан, Түркістан легионында болған көптеген қандастарымыз шет мемлекеттерде қалып қойды. 1937 жылдың күзінен тоталитарлық саясаттың құрбанына айналған тұтас халықтар өз жұртынан қазақ жеріне күштеп көшірілді. Атап айтқанда, 1937 жылы Қазақстанға Манчжурия өлкесінен 102 мың корей қоныс аударуға мәжбүр болды. 1938 – 44 жылдары қазақ жеріне Кавказдан шешендер, ингуштар, балқарлар, қарашайлар, Қара т-дің солтүстік жағалауынан қырым татарлары, месхед-түріктер, поляктар, болгарлар, курдтар, Еділ бойынан немістер, 1947 – 52 жылдары мыңдаған латыштар, эстондар, батыс украиндар қазақ жеріне зорлықпен көшіріліп, түпкілікті қоныстандырылды. 1953 жылы еврейлер, абхаздар жер аударылды. 1953 – 55 жылдары тың игеру деген желеумен Қазақстан жеріне өзге ұлттардың миллиондаған өкілдері көшіп келді. Сөйтіп, кеңестік тоталитарлық жымысқы саясаттың салдарынан байырғы ұлт – қазақ халқы өз жерінде азшылыққа ұшырап, Қазақстан 130-дан астам этнографиялық диаспораның өкілі тұратын “интернационалдық” мекенге айналды. Ал 5 млн-нан астам қазақ диаспорасы шет жерде мекендеді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді елге айналған 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап соңғы он жыл ішінде көші-қон басқаша сипат алды. Қазақстан Республикасының 1992 жылы 26 маусымда қабылданған “Көшіп келу туралы”, 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы” заңдары көші-қон саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, көші-қон үдерістерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгіледі. Сөйтіп, өзінің тарихи отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасау мәселесін мемлекет тұрғыда шешу ісі қолға алынды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы сияқты мемлекет және беймемлекет мекемелер құрылды, шет жұрттан ата жұртына көшіп келетін оралмандарға жыл сайын өсіп отыратын квота белгіленіп, олардың белгіленген аймақтарға қоныс теуіп жайғасуы үшін мемл. және жергілікті бюджеттерден қаржы бөлініп тұратын болды. Сондай-ақ, Қазақстанға мәжбүрлі жағдайда көшіп келіп, тұрақтап қалған көптеген ұлт өкілдері өздерінің ата жұртына көшіп баруға мүмкіндік алды;[

16.Санақ

жауабы №1 Санақ жүйесі, механикада — материалдық денелер мен нүктелердің қозғалысын (немесе тепе-теңдігін) салыстырып зерттеуге арналған бір не бірнеше денелерге орналасқан координаттар жүйесі мен сағаттар жиынтығы; әртүрлі уақытта қозғалыстағы денелердің (немесе механикалық жүйенің) салыстырмалы орнын анықтайтын нақты немесе шартты алынған қатты дене.[1]

Қозғалыстың барлығы салыстырмалы, сондықтан кез келген дененің қозғалысын басқа денелерге қатысты салыстырмалы түрде қарастырады. Мыс., айдың қозғалысы Жермен, Күнмен немесе басқа жұлдыздармен салыстырылады. Таңдап алынған Санақ жүйесімен салыстырғандағы дененің қозғалысы осы жүйедегі дене орнын анықтайтын координаттардың уақыт бойынша өзгерісін білдіретін теңдеулермен өрнектеледі. Кинемат. зерттеулерде барлық Санақ жүйесінің атқаратын рөлі бірдей, ал динамика мәселелерінде (бірқалыпты, түзу сызықты қозғалатын немесе тыныштық күйдегі денелерде орналасқан, яғни инерция заңы орындалатын Санақ жүйесі) инерц. Санақ жүйесі басты рөл атқарады. Оларға қатысты қолданылатын қозғалыстың дифф. теңдеулерінің түрі қарапайым болып келеді.



17.Демография

жауабы №1 Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшіп-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынада алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және көші-қонның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. 
18. Аштық

жауабы №1 Аштық - кең тараған азық-түлік өнімдерінің жетіспеушілігі, ол аштық пен жоғарғы коэффициентті халықтың өліміне әкеп соқтырады. Аштықтың кезінде тек аштықтан ғана емес, аурулардан да өледі.
19. Съезд

жауабы №1 Съезд — собрание представителей (делегатов) общественной организации, политической партии либо социальной, профессиональной, национальной и иной группы.

Участники съезда организации или партии (делегаты) избираются на собраниях членов их территориальных отделений и им делегируются полномочия представлять на съезде их избирателей. Съезд организации или партии, как правило, является высшим органом её управления. На съезде избирается руководство организации, определяются основные направления деятельности, заслушивается отчёт руководства о проделанной работе, могут быть внесены изменения в уставные документы. Съезд созывается периодически, как правило, от 1 раза в год до 1 раза в 5 лет. Помимо очередных съездов практикуется созыва внеочередных — для решения срочных вопросов, например, изменения в уставных документах для приведения их в соответствие с изменившимся законодательством. Съезд, на котором решается вопрос о создании какой-либо партии или общественной организации, называется учредительным.


20. Жәрмеңке

жауабы №1 Жәрмеңке (нем. Jahrmarkt - жыл базары) — жылдың белгілі бір мерзімдерінде сауда-саттық ұйымдастырылып отыратын орын. Жәрмеңке сөзі неміс тіліндегі Jahrmarkt (Ярмаркт) сөзінен туындаған.

Мұндай сауда орындарының Қазақстан аумағында ғұн дәуірінен бастап ұйымдастырыла бастағаны тарихтан белгілі. XIX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстанның көптеген қалалары мен елді мекендерінде Жәрмеңкелер көптеп ашылды. Бөкей ордасындағы, Шортанды, Семей, Көкшетау, Ақмола, т.б. Жәрмеңкелер қазақ жеріндегі сауда айналымының өсуіне, айырбас көлемінің артуына ықпал етті. Ресей, Қытай, Моңғолия, т.б. мемлекеттермен сауда байланыстарын жүргізуде Қазақстанның әр түкпіріндегі Қоянды (Қарқаралы уезі), Ойыл (Ақтөбе), Қарқара (Верный, Жаркент уездері), Әулиеата, Тайынша көл (Петропавл уезі), Шар (Семей уезі) Жәрмеңкелері маңызды рөл атқарды. Жаздық және күздік болып бөлінетін Жәрмеңкелер саны 19 ғасырдың соңында Ақмола облысында 40, Семей облысында 14-ке жетті. Олардың ішінде ең ірісі болған Қоянды Жәрмеңкесінде мемлекеттік банк бөлімшесі, почта, телеграф жұмыс жасады.



21.Отарлық езгі

жауабы №1 басып жоншу
22.Азаматтық соғыс

жауабы №1 Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер ОралТорғайАқмолаСемей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.
23.Әскери коммунизм "саясаты»

жауабы №1 Әске­ри ком­му­низм са­яса­ты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азық-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лғырты енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.



«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды.

24..КазАССР

жауабы №1 Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды. Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатынЖоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандардақалалардаауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған. Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен.
25. Кеңестік билік

жауабы №1 Кеңес үкіметі, немесе Кеңестер билігі – бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған. Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

  1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.

  2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.


26. Жер-су реформасы

жауабы №1 Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі мəселелердің біріне айналған eді. Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс аударуы Орта Азия мен Қазақстанда отарлаудың құрамды шарттарының бірі болды. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. өзінде Жетісу мен Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан тұтқындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау шараларын қолданып, қорқытып - үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең өріс алды. Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік көзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы қарсаңында орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді.
Міне, осындай теңсіздік жағдай Түркістанның егінші дихандарын бұрынғы тартып алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің беделін көтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады. Біріншіден, отаршылдықтың қалдығын жойып, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден “ауылшаруашылығы пролетариатының” мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің өртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес өкіметінің жергілікті органдары бұл міндеттерді іске асыра алды. Жер – су реформасы.

Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.

Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.

Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне кайтарылып берілді .
27.Жаңа экономикалық саясат

жауабы №1 Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.

28.Автономия

жауабы №1 Автономия[1] - (грекше: autos - өзі, nomos - заң, тәуелсіздік) - мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру. Мемлекеттік құрылым құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси субъектілердің өзінше қызмет ету құқы.

Мәдени, ұлттық, аумақтық түрлері болады. Әдетте, тілдік, тұрмыстық және экономикалық ерекшеліктері бар аймақтарда жүзеге асырылады. Көп этносты мемлекеттерде автономия ұлт мәселесін шешудің мемлекеттік-құқықтық тәсілі ретінде жиі пайдаланылатын, әрі белгілі аумақ шегінде қалыптасып, дамитын мемлекеттік құрылым. Дербестік деңгейіне қарай ұлттық автономия "ұлттық- аумақтық" және "ұлттық-мәдени" деп ажыратылады. 1920-1936 жылдары Қазақстан саяси-ұлттық құрылым ретінде Ресей Федерациясы құрамынан автономия алды.



29.Азық-түлік салғырты

жауабы №1 Азық-түлік салғырты — Азамат соғысы кезінде Кеңес үкіметі қолданған ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың төтенше жүйесі, “соғыс коммунизмі” саясатының негізгі белгілерінің бірі (11.1.1919 — 03.1921).[1] Азық-түлік салғырты бойынша шаруалар өзінде өлместің күніндей ғана азық қалдырып, қалғанының бәрін мемлекетке міндетті түрде тұрақты бағамен сатуға тиіс болды. Еркін сатуға, базарға шығаруға тиым салынды. Барлық ауыл шаруашылық өнімдері қатаң есепке алынып, оларды бөлуге бақылау қойылды. Қазақстан мен Түркістанға азық-түлік салғырты 1920 жылы енгізілді. Губернияларға (облыстарға), уездер мен болыстарға азық-түлік салғырты белгіленді. Одан әрі әрбір село, ауыл, станица мен шаруа қожалықтарының өткізетін өнімдерінің мөлшері көрсетілді. Оны жергілікті кеңестер мен ревкомдардың қатысуымен Азық-түлік отрядтары жинады. Бұл шын мәнінде шаруаларды тонау еді. Мемлекеттің төлейтін де айырбастайтын да түгі жоқ болғандықтан шаруалардың өнімі тегін әрі еріксіз тартып алынды. Ақша құнсызданып, өз мәнін жойды. Толық емес деректерге қарағанда 1920 жылы Қазақстан шаруаларынан 44 млн. пұт астық, 5 млн. пұт ет, 333 мың пұт май және басқа да көптеген ауыл шарушылық өнімдері жиналды.

Қазақтар бұл кезде көп малынан айрылды. Азық- түлік салғырты артық өнімді ғана емес, қарудың күшімен шаруалардың соңғы үнеміне дейін сыпырып алды. Мұның өзі шаруалардың қарулыларға қарсылығын тудырды. Азамат соғысынан кейін Азық-түлік салғырты саясатының жүргізілуі шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Мұндай көтерілістер Орал, [Ақмола облысы[|Ақмола]] және Семей облыстарында болып өтті. Бәрібір тартып алатын болғандықтан шаруалар артық өнім өндіруге ынталанбады. Азық-түлік салғырты ауыл шаруашылығын дамуын тежеді, егістің көлемі мен өнімділігі төмендеді, мал саны азайды. 1921 жылғы наурызда басталған жаңа экономикалық саясатқа байланысты Азық-түлік салғырты Азық-түлік салығымен алмастырылды.



30. Қазревком

жауабы №1 Қазақ революциялық комитетіҚазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.БайтұрсыновВ.ЛукашевӘ.ЖангелдинМ.ТұнғашинС.МеңдешевБ.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.ӘйтиевС.АрғыншиевА.АвдеевҒ.ӘлібековБ.Қаралдин еңбек етті. Қазревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Шын мәнінде ревком өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының әр түрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайшы съезін әзірлеп, өткізуіне тура келді. Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Қазревком армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу яғни “соғыс коммунизмі” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Қазревком 1919 жылы шілдеден бастап 15 ай бойы жұмыс істеді. Сол уақыт ішінде Қазревком қазақ елінің кеңестік автономиясын жария етуге байланысты қыруар әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды. 1920 жылғы 17 тамызда РКФСР ХКК Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 жылғы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік ОАК мен ХКК төрағалары М.И. Калинин мен Владимир Ильич Ленин қол қойған “Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. Көп ұзамай Қазақ (Қырғыз) АКСР-і құрылды да, Қазақ революциялық комитеті таратылды ( Қазақ АКСР-і). Жергілікті жерлерде Қазақ революциялық комитеті органдарын құруға Қызыл Армия бөлімдері мен қызыл партизандар жасақтарының саяси қызметкерлері, партия-кеңес органдары басшылық етті. Ревком төрағалары болып қолынан іс келетін қазақ кедейлерінен жарлықпен тағайындалды. Қазақ революциялық комитеті Қызыл Гвардия жасақтарын құру үшін әскери органдарға көмек көрсетті, азық-түлік жинау аппаратын жолға қойып, халық арасында саяси-үгіт, насихат жұмыстарын жүргізді. Қолайлы жағдайлар туғаннан кейін өкімет билігі бірте-бірте ревкомдардан жергілікті Кеңестердің аткомдарына берілді.
31.Саясат " Кіші Қазан»

жауабы №1 Ф.Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф.Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады.

Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар:

§ Қазақ ауылын кеңестендіру;

§ Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу;

§ Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.

32. Тоталитарлық режим

жауабы №1 Тоталитаризм (лат. totalіs тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да СталинҚытайда Мао Цзэ-дунСолтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.[1]

Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 1920 – 1930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік қауіпті элементтер” ретінде қудалады. А.БайтұрсыновӘ.БөкейхановМ.ЖұмабаевЖ.АймауытовӘ.БайділдинД.ӘбіловМ.ТынышбаевТ.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм қысымшылығын Е.БекмахановБ.СүлейменовБ.КенжебаевМ.ӘуезовӘ.ҚоңыратбаевӘ.МарғұланҚ.Сәтбаев сияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық 1960 жылдан қарқын ала бастады. Бұған Мәскеуде қазақстандық жастардың “Жас тұлпар” ұйымын құруы және 1979 ж. Целиноградта болған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады.



Тоталитарлы саяси жүйе[өңдеу]

Тоталитарлы саясаттық жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.
33.Тәркілеу

жауабы № 1 Тәркілеу, конфискация (лат. confіscatіo — мүлікті қазынаға тәркілеу) — сотталушының меншігіндегі мүлікті мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде өтеусіз алу. Тәркілеу пайдакүнемдік пиғылда қылмыс жасағандарға қосымша жаза ретінде тағайындалады. Жеке тұтынуға арналған және сотталушының асырауындағы адамға қажетті мүлік тәркіленбейді. Қылмыстық атқару заңнамасына сәйкес күнделікті тіршілікке қажетті (киім, азық-түлік, т.б.) дүниелер Тәркілеуге жатпайды. Тәркілеу сотталушының жеке меншігіне және ортақ меншіктегі үлесіне бағытталады.
34.Кооперация


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...