Қарағанды облысының ауыл шаруашылығының 2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама



жүктеу 45.46 Kb.
Дата15.03.2017
өлшемі45.46 Kb.
Қарағанды облысының ауыл шаруашылығының

2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама
2016 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 106,9 млрд. теңгені құрады, ауыл шаруашылығының нақты көлем индексы 2015 жылдың сәйкес мерзіміне 101,4 пайызды құрады. Тамыз айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 25,8 млрд.теңгеге өндірілді.

Қаңтар – тамыз айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2412,6 млн.теңге инвестиция бағытталды, ол өткен жылдың сәйкес мерзіміне 127,8 пайызды құрады, азық-түлік тағамдарының өндірісіне 705,0 млн.теңге бағытталды, 2015 жылдың сәйкес мерзіміне 63,7 пайызды құрады.

Ет өндірісі 0,6 пайызға өсіп 55,6 мың тоннаны құрады, сүт 9 % (214,5 мың тонна), жұмыртқа өндірісі 3,1 % азайған (308,1 млн.дана).

ІҚМ басы 1,4 пайызға өсіп, 642,2 мың басты құрады, оның ішінде сиыр басы 4,1 пайызға өсті (256,1 мың бас), жылқы басы 7,0 пайызға өсті (312,6 мың бас), құс басы 4,3 пайызға төмендеп 4117,5 мың басты құрады, шошқа басы 7,9 пайызға төмендеп 85,8 мың басты құрады, қой және ешкі басы 34,4 пайызға төмендеген (1530,1 мың бас).

Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылы аналық мал басын сатып алу жоспар бойынша 5700 басты құрап отыр, «Құлан» бағдарламасы бойынша 3700 бас жылқы басын, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 6500 қой басын сатып алу жоспарланып отыр.

2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1114 мал басы сатылып алынды (1053 аналық мал басы, 61 бас өндіруші бұқа), «Құлан» бағдарламасы бойынша 1605 бас жылқы, «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша 2559 бас қой сатылып алынды.

Ағымдағы жылы Абай ауданында «Сарыарқа» АӨШ» ЖШС-де 3000 басқа мал бордақылау алаңы қолданысқа енгізілді. Бұқар жырау ауданының «Жаке» ШҚ базасында 3000 мың басқа мал бордақылау алаңын салу жұмыстары жалғастырылуда және Абай ауданының «Нияз батыр» ЖК 3000 басқа мал бордақылау алаңын салу жұмыстары басталды.

Ағымдағы жылы барлық егістік алқабының көлемі 1075,0 мың гектар алқапты құрайды, оның ішініде – 752,9 мың гектар (бидай – 598,2 мың гектар, арпа – 136,5 мың га., сұлы – 15,6 мың гектар), майлы дақылдар – 13,6 мың гектар, картоп – 8,4 мың гектар, көкөністер – 1,5 мың гектар, жемшөптік дақылдар алқабы – 298,6 мың гектар (бір жылдық шөптер – 17,7 мың гектар, көп жылдық шөптер -32,8 мың гектар,өткен жылдардағы көп жылдық шөптер – 247,7 мың га).

Ылғалқорсақтау технологиясын пайдалану алқабы 580,0 мың гектарды құрады, немесе дәнді-дақылдар алқабының 75 пайызын құрады, ол 2015 жыл деңгейінен 30,0 мың га. артық.

Сонымен қатар, 2016 жылы тамшылатып суару технологиясын пайдалана отырып картоп және көкөністер отырғызу алқабы 192 гектарға ұлғайтылып, 1070 гектар алқапты құрады.

2016 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыста тамақ өнеркәсібінің (сусындарды қосқанда) физикалық көлем индексі 105,6 пайызды құрады, өнім өндірісінің көлемі – 47,3 млрд.теңгені құрады.

Есеп беру мерзіміне өткен жылдардың әйкес мерзімімен салыстырғанда келесі өнімдердің өндіріс көлемі өскен:
Анықтама

Үй құсы еті қатырылған – 15,5%, жаңа сойылған немесе мұздатылған 36,4%, үй құсының еті, қатырылған 26,1%; жеміс және көкөніс шырындары 45,3%, сүт өңделген сұйық және қаймақ 42,0%; маргарин және тоң май 13,8%;сүт өнімдері 3,5%; ұн өнімдері 21,1%; ірі ұнтақ ұны 94,6%; кебек 15,4%; макарон, лапша, кускус және ұн өнімдері 5,5 есе; кондитерлік бұйымдар 14,2%; кепкен нан және печенье, ұзақ мерзімді сақталатын кондитерлік бұйымдар 25,3%; еттен жасалған жартылай фабрикаттар 20,1%

Сонымен қатар өндірістің төмендеуіне де жол берілген:



Анықтама

Дайын өнімдер, ет консервілері 4,6%, балық қатырылған, мұздатылған 6,1%; шұжық және еттен өндірілген өнімдер 8,5%; сары май және спредтер 33,3%; ірімшік және сірне 17,1%; нан 8,1%; балмұздақ және тағамдық мұз 7,5%; шоколад және қантnан, шоколадтан жасалған кондитерлік бұйымдар 76,8%.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасының аясында 6+ айдың ішінде АӨК мемлекеттік қолдау 2686,4 млн.теңгені құрады, оның ішінде мал шаруашылығы бойынша – 1357,1 млн.теңге, өсімдік шаруашылығы бойынша – 48,7 млн.теңге, оның ішінде републикалық бюджеттен – 1280 млн.теңге.

2016 жылы дамыту институттары арқылы 2269,8 млн.теңгеге 247 жоба несиеленді.

Аудан және қала әкімдіктерінің деректері бойынша 2016 жылы 254 жәрмеңке өткізілді, онда нарық бағасынан төмен бағамен 1208 млн.теңгеге азық-түлік өнімдері сатылды.

2016 жылы АӨК-де 1155 жұмыс орнының ашылуымен жалпы құны 34,3 млрд. теңгені құрайтын 39 жоба жүзеге асырылуда.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының шегінде индустриялизацияландыру картасына 2015 жылдан 2019 жылға дейін жалпы сомасы 24,9 млрд.теңге болатын 10 инвестициялық жоба енгізілді, жобаларды жүзеге асыру барысында 925 жұмыс орны ашылады.

Оның ішінде 2016 жылы құны 3,2 млрд.теңгені құрайтын 5 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, 374 жұмыс орны ашылады.

1 жоба сәуір айында «Қарағанды –НАН» Корпорациясы» ЖШС-нің базасында іске қосылды, «Өндірісті кеңейту және модернизациялау», 34 жұмыс орны ашылды. Жобалық қуаттылығы – жылына 3300 тонна макарондық бұйымдар шығару.

Анықтама

«Волынка» ЖШС Абай ауданы. Шұжық жасау цехын және мал сою алаңын ашу. Жоба құны 600,8 млн. теңге. Жұмыс орындар саны 40. Жобаның қуаттылығы 5,0 мың тонна шұжық өнімдерін өндіру. Жобалық қуаттылыққа шығу уақыты 2017 жыл.

2016 жылдың желтоқсан айында іске қосылады.



«Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС. Нан зауытын салу (Қарағанды қ.) Жобаның құны 1499,6 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 18300 мың тонна. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2018 жыл.

Ақша қаражаттарын тарут бойынша ҚР Ұлттық қорымен жұмыс жасалды.

Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жбаны 2016 жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.



«Тәтті» ЖК дүкен кафетериясымен және кондитерлік цех ашу (Жезқазған қ.) Жобаның құны 125 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 30 тонна нан-тоқаштық және кондитерлік бұйымдар шығару.Жобалық қуаттылыққа шығуы: 2016 жыл. Ашылатын жұмыс орны 50 бірлік.

«Қарағанды-Нан Корпорациясы» ЖШС Өндірісті модернизациялау және кеңейту (Қарағанды қ.) Жобаның құны 608,5 млн.теңге, 34 жұмыс орнының ашылуымен. Жобалық қуаттылығы жылына 3300 тонна макарон бұйымдарын шығару. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2017 жыл.

«ТабысАгроД» ЖШС.Жылқы етін және сүт өндіру (Осакаровка ауданы). Жобаның құны 404,7 млн.теңге. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2014-2016 жылдар. Жобалық қуаттылығы 20 тонна ет, 105 тонна сүт. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2017 жыл.

«КазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы 2 млрд.теңгеге 4 жоба жүзеге асырылуда. «КазАгро» ҰБХ» АҚ қаржыландыру сомасы 1,4 млрд.теңгені құрайды.



Ағымдағы жылы екі жоба іске қосылды, ол Қарағанды қаласында «Сангуаж» ЖШС жобасы – қуаттылығы 1100 тонна көкөніс сақталатын көкөніс сақтау қоймасы, жобаның құны – 134,8 млн.теңге және абай ауданында «Сарыарқа» ЖШС – 3000 басқа мал бордақылау алаңы ашылды, жобаның құны 710,1 млн.теңге.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет