Қарағанды облысының ауыл шаруашылығының 2015 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама



жүктеу 54.7 Kb.
Дата30.01.2017
өлшемі54.7 Kb.
Қарағанды облысының ауыл шаруашылығының

2015 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама
2015 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 17,4 млрд. теңгені құрады, ауыл шаруашылығының физикалық көлем индексы 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 105,6 пайызды құрады.

2015 жылға ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы өнімі 144,8 млрд.болады деп жоспарланып отыр, НКИ 100 пайыз.



Мал шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі байқалып отыр, сонымен қатар құс басы мен мал басы өсті.

3 айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес мерзіміне ет өндірісі 4,5 пайызға өсіп 23,1 мың тоннаны құрады, сүт 6 пайызға өсіп, 56,3 мың тоннаны құрады, жұмыртқа 13,2 пайызды құрады (155,3 млн.дана).

Ірі қара мал басы 5,7 пайызға өсті (549 мың бас), оның ішінде сиыр басы 2,3 пайызға өсті (244,4 мың бас), қой мен ешкі 2,9 пайызға өсті (1308,3 мың бас), жылқы 11,7 пайызға артты (243,1 мың бас), шошқа 4,6 пайыз (96,8 мың бас), құс 1,7 пайызға өсті (3596,0 мың бас).


Ауыл шаруашылығында қол жеткізген жетістіктермен бірге жекелеген аудандардың жұмысында кемшіліктер де кездесіп отыр.

Қарағанды қаласында - (93,4 пайыз) ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексының өсуі қамтамасыз етілмеген.

Келесі аудандар мен қалаларды мал шаруашылығы өндірісінің төмендеуі байқалып отыр:

Өндіріс төмендеген:

Ет өндірісі:

Қарағанды қ. 3,2 пайыз

Сүт өндірісі

Балқаш қ. 3,2 пайыз, Қаражал қ. 2,9 пайыз

Мал басының төмендеуі байқалған:

Ірі қара мал басы:

Қарағанды қ. 1,9 пайызға, Қаражал қ. 15,9 пайызға

Сиыр басы

Қаражал қ.21,2 пайызға.

Қой мен ешкі басы

Қаражал қ. 29 пайызға,Сатпаев қ.1,6 пайызға, Жезқазған қ. 1,6 пайызға, Ақтоғай ауданы 7,4 пайызға.

Жылқы басы

Қарағанды қ. 5,2 пайызға.



Шошқа басы

Абай ауданында 7,3 пайызға, Нұра ауданында 2,8 пайызға, Жаңаарқа ауданында 11,2 пайызға, Шет ауданында 30,9 пайызға, Балқаш қ. – 1,2 пайызға, Жезқазған қ.19,1 пайызға.

Құс басы

Балқаш қ. 10,6 пайызға, Саран 15,7 пайызға, Приозерск 44,8 пайызға, Қаражал қ. 18,7 пайызға.

Ет өндірісінің экспорттық әлеуетін ары қарай арттыру мақсатында 2015 жылы 1,1 мың бас шетелдік селекциялы малдарды әкелу, 2,6 мың басқа мал бордақылау алаңдарын ашу, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 7,3 мың бас малдарды сатып алу жоспарланып отыр.

2015 жылдың 1 тоқсанында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 209 бас сиыр және 13 бас өндіруші-бұқа сатылып алынды.

Жерлерді тиімді пайдалану, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында облыстың егістік алқабы құрылымында көкөністер, картоп, майлы, жемшөп және басқада дақылдар алқабы ұлғайтылды.

2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдар алқабы 1096,3 мың гектарды құрайды, оның ішінде дәнді-дақылдар алқабы 704,3 мың гектарды, оның ішінде бидай – 520 мың га., арпа – 141,3 мың га., (2014 жылы 113,2 пайыз), сұлы – 20 мың га.(2014жылы 119 пайыз), майлы дақылдар – 27,1 мың гектар, көкөністер – 3 мың гектар (2014 жылға 107,1 пайыз), картоп – 13,7 мың гектар (2014 жылға 102,2 пайыз), жемдік дақылдар алқабы - 348,2 мың га. құрайды.

Әртараптандыру жоспарына сәйкес бидай алқабы 18,1 мың гектарға азаяды, сонымен қатар жемдік дақылдар алқабы ұлғайтылады: арпа – 18,7 мың гектарға, сұлы – 3,2 гектарға және жемшөптік дақылдар 2,8 мың гектарға ұлғайтылады.

Ылғалқорсақтау технологиялары бойынша дәнді-дақылдар, картоп және көкөністер алқабын ұлғайту, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, суарылатын жерлерді жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылады.

2015жылы ылғалқорсақтау технологиясын пайдалану 565,2 мың гектар алқапқа енгізу жоспарланып отыр, тамшылатып суару технологиясы 1177 гектар алқапқа енгізіледі .

Көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін 71,6 мың тонна дәнді дақылдар тұқымы, 27,7 мың картоп тұқымы бар, ол тұқым қажеттілігін 100 пайызға жауып отыр, литрі 83 теңгеден 17 мың тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінді.

Оператор болып «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС анықталды, оператор және аудандар арасында дизельдік отынды кестеге сәйкес жеткізу туралы Меморандум қабылданды.

Ағымдағы жылы облыстың АӨК субъектілерімен «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 246,5 млн.теңгеге 67 бірлік сатылып алынды.

«КазАгро» ҰБХ АҚ даму институттарымен 1 тоқсанда 618,2 млн.теңге игерілді (122 жоба).

2015 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облыста тамақ өнеркәсібінің (сусындарды қосқанда) физикалық көлем индексі 98,5 пайызды құрады, өнім өндірісінің көлемі – 17,7 млрд.теңге, яғни өткен жылдың сәйкес мерзімінен 1,3 млрд.теңгеге артты.


Анықтама:

Өткен жылмен салыстырғанда сары май өндірісі 71,4 пайызға, басқа да сүт өнімдері 5,5 пайызға, балық өндірісі 2,3 пайызға, жарма және ұн өндірісі 2,2 есе, нан 30,7 пайызға өсті.

1 тоқсан қорытындысы бойынша өндіріс көлемінің төмендеуі байқалған:

Анықтама

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ет өндірісі 42,6 пайызға, маргарин және жануар майы 13,7 пайызға, сүт, сүт өнімдері 10,8 пайызға, ірімшік 16,7 пайызға, ұн 17,8 пайызға төмендеген.

Азық-түлік тағамдары көлемінің төмендеу себебі шығарылған өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі.

2015 жылдың басынан облыс қалаларында және аудандарында 115 азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді, онда нарық бағасынан төмен бағамен 431 млн. теңгеге азық-түлік сатылды.

АӨК-де 2023 жұмыс орнының ашылуымен жалпы құны 36,9 млрд. теңгені құрайтын 50 жоба жүзеге асырылуда оның 22 индустриялизациялау картасына енгізілген, жалпы құны 23,8 млрд.теңге, 1374 жұмыс орны ашылады.

Индустрияландыру картасына енгізілген 22 жобаның – 12,1 млрд.теңгеге 13 жобасы қолданысқа енгізілді (606 жұмыс орны ашылды) және жалпы құны 11,7 млрд.теңге болатын 534 жұмыс орнының ашылуымен 9 жоба жүзеге асырылады.

2015 жылы 4,0 млрд.теңгені құрайтын 4 жобаны қолданысқа енгізу жоспарланып отыр, 336 жұмыс орны ашылады.

1.«Волынка» ЖШС Абай ауданы. Шұжық жасау цехын және мал сою алаңын ашу. Жоба құны 600,8 млн. теңге. Жұмыс орындар саны 40. Жобаның қуаттылығы 3,6 мың тонна ет өндіру. Жобалық қуаттылыққа шығу уақыты 2016 жыл.

2.«Қарағанды Құс» ЖШС Бұқар жырау ауданында тауарлық жұмыртқа өндірісі үшін құс фабрикасын қайта жөндеу. Жоба құны 423 млн. теңге. Жұмыс орындар саны 60. Жобаның қуаттылығы 120 млн.дана. Жобалық қуаттылыққа шығу уақыты 2016 жыл.

3.«Здоровые продукты» ЖШС. Бұқар жырау ауданында бройлерлік құс фабрикасын салу. Жоба құны 2153 млн. теңге. Жұмыс орындар саны 180. Жобалық қуаттылығы 5 мың тонна ет өндіру. Жобалық қуаттылыққа шығу уақыты 2016 жылы.

4.«Евразиан Инвест LTD» ЖШС – Сублимациялық тәсілмен табиғи бие сүтінен ұнтақ өндіру. Жобаның құны 931,137 млн. теңге. Жұмыс орындар саны 56. Жобалық қуаттылығы 10 тонна ет өндіру. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2016 жыл.
2015 жылы агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша алға қойылған бірінші кезектегі міндеттер:

- негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етіп және мал мен құс басын және ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін арттыру бойынша шаралар қабылдап, жұмыс жүргізу;

- өсімдік шаруашылығы саласында әртараптандыру бойынша меморандумды орындау;

- көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде жүргізу;

- ылғалқорсақтау және тамшылатып суару технологиясын енгізу;

- тұқымдық материалмен қамтамасыз ету;

- ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасының көрсеткіштерін орындау бойынша шаралар қабылдау;

- қайта өңдеу кәсіпорындарының тағам өндірісі өнімінің көлемін арттыру;



- инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін бастамашыларды табу жолымен инвестициялық климатқа жағдай қамтамасыз ету;

- әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік өніміне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет