Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекетті кірістер басқармасының төменгі лауазым болып табылатын



жүктеу 51.91 Kb.
Дата11.04.2017
өлшемі51.91 Kb.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекетті кірістер басқармасының төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға

жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:


С-R-4 санаттары үшін: жоғарғы білім.

Келесідей қасиеттердің болғаны: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;


Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4


73288

99105


«Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ (100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Абай көшесі көшесі 5, анықтама телефоны: 8(710-37) 2-13-43, факс: 8(710-37) 2-11-35, электрондық мекен-жайы: aadambaev@akt.taxkrg.mgd.kz; akaliakasova@akt.taxkrg.mgd.kz, бос орынға мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс жариялайды:

1. Салықтық бақылау бөлімнің бас маманы, СББ-3-03, 1 бірлік, С-R-4-санаты.

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалар бойынша жоспардан тыс, кешенді, тақырыптық, қарама-қарсы, хронометраждық зерттеу. Камералдық бақылау, соның ішінде ҚҚС дебеттік сальдо бойынша камералдық бақылау жүргізу, корпоративтік салық бойынша камералдық бақылау, уәкілетті органдардың камералдық бақылауы, алкоголь және мұнай өнімдерін бөлшектеп сатуды жүзеге асыратын салық төлеушілердің салық есептілігі мен ілеспе жүкқұжаттар арасындағы деректерді камералдық бақылау, жер қойнауын пайдаланушыларды камералдық бақылау, жалған кәсіпорындарды камералдық бақылау және камералдық бақылау нәтижелері бойынша шаралар қабылдау. Мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары (ерлерінің) декларацияларында ұсынылған деректердің толықтығын және дұрыстығын камералдық бақылау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша білім. Қаржы және салық салу саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудЫ өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-де, Ақтоғай ауданы, Абай көшесі 5 мекен-жайында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.



Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет