Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»

Loading...


жүктеу 88.84 Kb.
Дата25.01.2017
өлшемі88.84 Kb.
Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау

2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері», «Адам және Қоғам» пәндері 2010ж. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, оқулықтардың тізбесімен, Білім Ғылым Министрлігінің 21.02.2011ж. №68 бұйрығының бекітуімен оқытылып отыр.

2011-2012 оқу жылында барлық мұғалімдер саны-216, оның ішінде жоғары санатты-59, жалпы санынан 27,3% құрайды, бірінші санатты-53-24,5%, екінші санатты- 61-28,2%, санатсыз мұғалімдер саны-43-20%. Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер -51,9% құрайды. Өткен оқу жылымен салыстырғанды мұғалімдердің сапалық құрамы 1,5%-ға жоғарылаған.
Еңбек өтілі:

1 жылдан 3 жылға аралығы -25-11,6%, 3-10 жыл аралығы -53-24,5%, 10- 15 жыл аралығы-36-16,7%, 15 жылдан жоғары-102-47,2% (мұғалімдердің басым көпшілігінің көп жылдық еңбек өтілі бар)


Қазіргі таңда тарих мұғалімдерінің арасында Білім үздігі-3, «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегерлерінің саны -2, ҚР Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған-6 мұғалім, Облыстық Білім Департаментінің грамотасымен марапатталған -20 мұғалім.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын -36 маман, жалпы мұғалімдердің 16,7% құрайды. Олардың ішінде атап айтар болсақ: Б.Х.Абдикерова, Ж.А.Тусупов, О.Ф.Баланецкий, В.И.Рыбкин, Е.А.Мясников методикалық әдістемелерін мектеп түлектері пайдалануда.

2011 оқу жылында 35 тарих мұғалімдері біліктілігін көтеру курсынан өтті, яғни-16,2%, оның ішінде 25 жас маман-11,6%. Зейнеткерлік жаста -13- 6%.
Үш жылдық білім сапасына тоқталсақ:
Қазақ тілінде оқытылатын мектептерде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша білім сапасы 1%, «Жалпы тарих» пәні бойынша-0,2%, «Қоғамдық білім негіздері» -2,2% жоғарылағаны байқалады.

Гуманитарлық пәндер бойынша орташа білім сапасы-66,6%.

«Адам.Қоғам.Құқық», «Қоғамдық білім негіздері» пәндерімен салыстырғанда «Қазақстан тарихы мен Жалпы тарих» пәндерінің білім сапасының орташа көрсеткіштері 3,3% төмен.

Орыс тілінде оқытылатын мектептерде:

Қазақстан тарихы-60,3%, «Жалпы тарих»-59,9%, «Адам.Қоғам.Құқық» пәні-63,8%, «Қоғамдық білім негіздері»-75,9% көрсетіп отыр. Диаграммаға көз салсақ бұл жерде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша білім сапасының көрсеткіші 0,6% , «Жалпы тарих»-0,3, % жоғарылаған. «Адам.Қоғам.Құқық», «Қоғамдық білім негіздері» пәндері бойынша 1,1 және 0,1% төмендеген. Барлық пәндер бойынша орташа сапа -65% көрсетіп отыр. Қазақ тілді мектептерде білім сапасы 1,1% жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр.
2011-2012 оқу жылының І жартыжылдығының соңында

Қазақстан тарихы пәнінен білім сапасы-60%, үлгерім-99,8%;

Жалпы тарих білім сапасы- 60%,үлгерім-99,8%;

Қоғамдық білім негіздері пәнінен білім сапасы-77,2%, үлгерім-99,7%;

Құқық негіздері-61,6%, үлгерім-99,7%.

Үш жылдық бірінші жартыжылдықтың көрсеткіштер бөлімінде тарих және қоғамдық пәндер бойынша сапаның пайыздық көрсеткіштерінде өсу байқалады. 20011/2012 оқу жылының бірінші жартыжылдығында білім сапасының орташа пайыздық көрсеткіші – 64,9%.

11-сыныптардағы білім сапасының жалпы көрсеткіші - 26,4%,үлгерім – 99,7%, 2010-2011 оқу жылының соңында 10-сыныптардағы білім сапасы 60%-ды көрсеткен. Бағалау жүйесіне назар аударған жөн.

Жаңашыл мектептер біршама жоғары нәтиже көрсетіп отыр: орташа есеппен білім сапасы – 86,5%, үлгерім - 100%. Мысалы, №№ 1 (84,5), 3 (77), 39 (88), 45 (89,5), 57 (84), 92 (79), 93 (89,5), 95 (86,5), 97 (87,5), 101 (82,5) гимназиялар. № 38 (94,5), техлицей (90) ең жоғарғы көрсеткіштерді көрсетті.

Жалпы білім беретін мектептер арасында жоғары сапа көрсеткен №№ 32(75), 41 (79,5), 63 (72,5), 77 (71,5), 134 (70), 10 (73,5) (дегенмен пәндердің берілісін тексеру кезіндегі бақылау үзіктерінің қорытындысы бойынша білім сапасы - 22%.)

Білім сапасы орташа көрсеткіштен төмен мектептер №№ 22 (44,5), 40 (53,5), 43 (59,5), 50 (43,5), 51 (56), 56 (40,5), 58 (52,5), 60 (49), 61 (45), 100 (45), 137 (53). Ең төмен көрсеткіштер (40%-дан төмен) мына мектептерде : №№ 54 (36), 73 (38), 78 (39,5), интернат №4 (28).



Қазақстан тарихы бойынша ҰБТ нәтижелері:

Диаграмма бойынша ҰБТ-ның орташа балының 0,3 балға кемігені байқалады. Төмендеу себептері: сұрақтар құрамының 12-15%-ның логикалық сұрақтармен жаңартылуы, тест тапсырмаларының күрделенуі, ҰБТ-ге дайындалуға бөлінген сағаттар санының жеткіліксіздігі (жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11 сыныптар үшін Қазақстан тарихын оқытуға аптасына 1 сағат бөлінген).

Таңдау пәні бойынша Дүниежүзі тарихын 2011 жылы 203 оқушы тапсырды. Үлгерім – 99,6%, білім сапасы - 70%, орташа балл – 15,4. Осы жылғы байқау тестілерінің қорытындысы бойынша дүниежүзі тарихын 237 оқушы таңдап отыр.

2011 жылғы ҰБТ бойынша тарих пәнінен ең жоғарғы көрсеткіштер: №№ 93, 97, 92, 39 гимназиялар.

№№ 66, 16, 68, 41, 15 жалпы білім беретін мектептер. 2011-2012 оқу жылының бірінші жартыжылында байқау тестілерінің қорытындысы бойынша №№ 93, 38, 95, 9, 39 гимназиялар алда келеді.

2011 жылғы ең төменгі көрсеткіштер: № 20, 88, 58, 61, 30, 137. Бұл жағдай №№ 30, 58, 61 мектептерде қайталанып келеді. №88 мектепте пәннің берілісін тексеру кезіндегі бақылау үзіктерінің қорытындысы бойынша көрсеткіштер өте төмен (бақылау үзіктерінің қорытындысы бойынша 0%-дық сапа көрсетті).

Өткізілген олимпиадалар туралы мәліметтер.

Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі №97 гимназия базасында өтті. Қазақстан тарихы бойынша 180 оқушы қатысты, оның ішінде қазақ тілді оқыту бойынша – 58. Құқықтану негіздері бойынша 63 оқушы қатысты, оның ішінде қазақ тілді оқыту бойынша – 20.

Олимпиада қорытындылары бойынша жүлделі орындар санымен алда келеді: техлицей (3), №№ 1, 39, 93, 97, (2). Жалпы білім беретін мектептер арасында жүлделі орындарғы ие болған мектептер: №№ 6, 18, 41, 66. №№ 1, 93, №66 мектептерде сабақтастық байқалады (мұғалімдер Рыбкин В.И., Мясников Е.А., Коломиец Т.П.), жылда қатысып жүрген оқушылар жүлделі орындарды алып келеді. Жеңімпаздар облыстық кезеңге қатысты (облыстық кезең қорытындылары бойынша екі қатысушы Республикалық турға өтті - №№ 1, 38 гимназиялар).

Олипиада бойынша 17 мектеп ең төмен көрсеткіштер көрсетті (слайдта): №№ 4, 5, 20,23,25,27,30,33,34,35,36,40,43,59,61,85,88. Қатысушылар арасында №№ 3, 45, 95 гимназиялардың ең төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылары бар.

Тарих кабинеттері байқауының қорытындылары.

Білім сапасын арттыруда және тұлғаның рухани-адамгершілік, патриоттық сезімдерін дамытуда жаңа заманғы мектептер алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі пән кабинеттерінің ролін арттыру болып табылады.

Қала мектептеріндегі ең үздік пән кабинеттерін анықтау мақсатында 2011 жылдың 7-12 қарашасы аралығында қалалық байқау өткізілді.

Қатысуға өтініш берілген кабинеттер мен материалдар қаралды.41 мектептен 43 пән кабинеті қатысты, олардың ішінде бір негізгі мектеп (44), екі интернат (22,68), 12 гимназия, 28 жалпы білім беретін мектеп, екі мектептен 2 кабинет (61,77). № 16,48 мектептерден жас мамандар өтініш берді. Қатыспаған мектептер:

№3,4,6,8,10,12.13,14,15,18,20,21,23,25,27,37,40,42,51,54,56,58,59,60,62,64,65,66,73,78, 83,87,91,95,100,134,137,№4 интернат.

Мектептер төмендегідей критерийлер алды: оқу кабинетінің құжаттары, кабинеттің жалпы жағдайы, мұғалім лабораториясы, кабинеттің безендірілуі.Бағалау: үшбалдық. Аталған байқауды өткізу барысында төмендегі жағдайлар анықталды:

43 кабинеттің ішінде – ақы төленетіні – 13, олардың ішінде 1-і гимназияда, 1- негізгі мектеп, 11 – жалпы білім беретін мектептерде (44,1,43,22,52,82,46,11,50,63,68,41,81). 11-інде интерактивті тақта орнатылған(44,22,52,63,41,81), ақы төлебейтін – 32 (9,техлицей, 93,97).

18 баллдық жүйемен жоғары ұпайды жинаған мектептер: 41,38,22,9. 15-17 аралығындағы ұпайды жинаған тоғыз мектеп олар: 61,81,52,63,77, лицей №101, гимназия №97, интернат №68, бұл жерде мектеп әкімшілігінің еңбегін атап өтуге болады . Төмен ұпай жинаған мектептер: 3 балл-57, 7 балл-65, 9-балл- техлицей, 88,35,48,5. Бірақ кейінгі тексеріс барысында №57 мектеп-лицейінде талапқа сай жұмыстар жүргізілген. Қазылар алқасының шешімі бойынша шығармашылықпен, жаңа талапқа сай безендірілгені үшін №41 мектептің тарих пәні кабинетіне 3 балл қосылды. Карта мен схема жасағаны үшін 2 балл №38 гимназияға қосылды. Шығармашылық қоржынға байланысты №9 гимназияға 1 балл қосылды. Оқу бөлмелерінің жұмысы талапқа сай жүргізіледі. Бұл жерде №76 мектепті ерекше атап кетуге болады тарих пәнінің мұғалімі Ә.Бөкейхановқа арналған музейді шығармашылықпен безендірген., №63 (мектеп өлкетану материалдары).

Ортақ проблемалар: кабинетттер оқу-әдістемелер, карталар, көрнекіліктер жеткіліксіз, дидактикалық материалдар, тест жұмыстары, таратпа қағаздармен қамтамасыз етілмеген.Өкінішке орай бір оқу бөлмесінде дүниежүзі тарихының хронологиялық картасы жоқ.

Байқаудың қорытындысы:

Номинациялар:

« Үздік уақытша экспозиция » №45, кабинет меңгерушісі Кондрашова Ж.И.

«Ең үздік тұрақты экспозиция»- №61, кабинет меңгерушісі Балтабаев К.Б.

«Зерттеу жұмыстарының үздік жинағы»- №63, кабинет меңгерушісі Малиновская В.Б.

«Үздік жабдықталған кабинет», «»- №68,№36, кабинет меңгерушілері Шерикбай Н, Муслимова А.С.

«Мұғалімнің үздік жаңаша үлгідегі лабороториясы », « Мұғалімнің үздік дәстүрлі лабораториясы » №97,№32, кабинет меңгерушілері Степанова Н.В., Гатаулина Ф.е.

«Ең жаңашыл кабинет» - №101, кабинет меңгерушісі Арыстанбекова М.Е.

Орындар:

Үшінші- гимназия №9, кабинет меңгерушісі Юдина Светлана Викторовна

Екінші- гимназия №38, кабинет меңгерушісі Баланецкий Олег Федорович

Бірінші- №41 ЖББОМ, кабинет меңгерушісі Абдрахманова Бибигуль Абдрахмановна.



Тарих пәні мен қоғамдық негіздері пәнінің берілісі жайында қорытынды:

5-11 сыныптардағы Тарих пәні мен қоғамдық негіздері пәнінің қала мектептерінде берілісі жайында (3,6,10,23,57,64,83,88,91,100)

Сабаққа қатысу мен жасалған қорытынды:

Сабаққа қатысу барысында ең жоғары дәрежедегі сабақ үлгілерін көрсеткен мектептерді атап кетуге болады: №91,23,57,83,88 (91- КраснопероваВ.Т., 88- Скадина Н.В., 23-Чиркова Е.Ю., Жуматаев Е.А.,57- Тусупов Ж.А., Оспанов М.М.., Кошикова С.А., 6- Аманжолова С.Б., Жумабаева С.С.,83- Стодольская А.С.). Ескертулер жасалған №3 гимназия мұғалімі Аяпбергенова Ж.А., №57 – Шадет С. Аталған жас мамандарға семинар- тренингтерге қатысуға ұсыныс жасалды.



Жалпы ескерту: көпшілік ұстаздардың арасында сабаққа керекті көрнекіліктерді, дидактикалық материалдарды дайындамайтындығы байқалады, оқушылардың жұмыстарына бағаны көтеріп қою да орын алады. Баланың тәртібіне баға қойылып кетеді, оқу нәтижесіне емес. Жалпы өткізілетін дәстүрлі сабақтар, оқушылардың алған бағалары, үй жұмыстары пікірсіз қоңыраудан кейін беріледі.

Жаңа оқу технологиялардың жоқтығы, осы заманға сай, мектептегі әдістемелік отырыста, қалалық семинарларда талқыланбайтығын білдіреді.



Білімнің көрсеткіші: Жалпы аталған мектептер, бірінші жартыжылдық бойынша жасалған бағдарламамен тест жұмыстарымен жақсы нәтиже көрсетті. Ол мектептер №6,23,64,91,57.

Берілген жұмыстарды қанағаттандырмаған гимназия №3(сапа – 15%, жас маман) , мектеп №83(Лямин С.А, II санат 0%), №10 – 22, I жартыжылдықта – 72%

( Юлдашев А.Э II санат) 4 тоқсан бағалары көтерілген, №100 мектеп ( жаңадан келген мұғалім).

Үйірме сабақтардың тандамалы курстардың бағдарламасы:

Әдістемелік нұсқау хат бойынша мектептерде үйірме сабақтары «Религия негіздері» деген өткізіледі. №10 мектепте күнтізбелік жоспар бойынша үйірме сабағы «Заң мен біз» 8 сыныпқа арналған, бірақ 7 сыныпта өткізіледі (жоспардың өзі жоқ). Спицина А.В – I санат №23 мектепті жоспары «Тарих және мұрағат» 10 сыныпқа арналған, бірақ Қалалық Білім Орталығымен бекітілмеген, өз атына сәйкес келмеген (Жұматаев Е.А) №3 гимназияда жоспарды толықтыруға жіберілген. (Мясников Е.А)



Оқу бөлмесінің жағдайы:

Осы мектептерде беймдік тарих сыныптары бар (№3 гимназия келесі жылға жоспарлап отыр). Сыныптың жағдайы, оның жұмыстары барлық құжаттарға сәйкес келеді, сонымен бірге қазіргі өмірге қажет жаңа жиһаздар, көрнекіліктер, техникалық құжаттар қажет. Сыныптарда көркем әдебиеттер, мұғалімнің жұмысына керекті материялдар жетіспейді. Әрбір мұғалімдерде қоржындары (партфолио) бар, жиналған материялдармен бірге көбінде өз – өзін бағалау көрсеткіштері жоқ.

ҰБТ – ға дайындалу және нәтижесі:

ҰБТ – ға дайындық, оның нәтижесі барлық мектептерде өткізіледі, өкінішке орай кейбір мектептерде мынадай фактлар кездесті. Мұғалімдер құр есеп көрсеткіштерімен айналысады, талдау және оның шешімдері көрсетілмеген. Сол себептен, әкімшілікпен мұғалімнің жұмыстары қандай екені көрінеді.



Әкімшілік тарапынан тарих пәні берілісін бақылау:

Осы мектептерде №№ 6,23,55,100,88,64,91 үнемі сапа көрсеткіштері мен мұғалімдердің жұмыстары үлкен бағамен бағаланады. Әкімшілік сабақтарға кіріп, қандай әдістемелік құралдар қолданатынын, сонымен бірге осы бірлестік отырысында, педагогикалық кеңесте талдау жасайды. №3 гимназияда тарихшылар әдістемелік бірлестікке жатады, бағдарламаларды талдайды. №10 мектепте әдістемелік бірлестігінің жұмысын, тарих пәні сабағын бақылау жұмыстары өткізілмейді.

Қаралған әрбір мектепке ұсыныс жасалады, қанағаттанарлықсыз жұмыстары қарастырылды.

Қорытынды:


  1. Жалпы өткізген бақылау бойынша тарих пәнінің жағдайы қанағаттанарлық деп есептеу.

  2. Оқу жоспарын тарих пәні бойынша орташа деңгейде меңгерілді.

Ұсыныс:

Ұжымның жұмысы биіктен көрінеді, егерде келесі шартты орындаса:



  1. Мектеп нақты білімді, потенциял құрылса;

  2. Үнемі дидактикалық материалдарды, жаңа технологияларды қолданса;

  3. Мұғалімдер курсстарға барып кәсіби біліктерін көтеріп, қазіргі өмірге сай өз – өзін көрсете біле алатын болса;

Орындаған



әдіскер М.А.Абдуллина
: files -> loader
loader -> Қазақстан Республикасы
loader -> 9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты
loader -> Отбасы тарихы
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер
loader -> Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...