«Ақпараттық технологиялар» факультеті

Loading...


Дата26.03.2020
өлшемі124.06 Kb.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



«Ақпараттық технологиялар» факультеті

«Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасы

БАЯНДАМА

Пән: Қаржылық сауаттылықтың негіздері

Тақырыбы: Қаржы делдалдығының негіздері

Орындаған: Нұржанұлы М.

Тобы: АиУ 18-7А

Күні: 26.03.2020ж.



Тексерген: Қыздарбекова А.С.

Алматы 2020ж

Арнайы салық режимі дегеніміз – салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін олар бойынша салықтық есептілікті ұсынудың ерекше тәртібі;

Бүгінгі таңда Қазақстанда бизнесті дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған, бастысы шағын бизнесті дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл үшін жыл сайын салықтық заңнаманың нормалары жетілдіріледі.  Салық төлеушілердің салықтық есептілікті құастыру және оңайлату мақсатында салық төлеушілердің әртүрлі категориялары үшін арнайы салықтық режимдердің бірнеше түрлері қарастырылған.

Салық кодексіне сәйкес арнайы салықтық режимдер келесі түрлерге бөлінеді:

1) төмендегілерден тұратын, шағын бизнес субъектiлерi үшін арнайы салық режимі:

патент негізінде арнайы салық режиміа;

оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі;

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі;

3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнайы салық режимі.

Арнайы салықтық режимдерді шағын бизнес субъектілері үшін қолдану бойынша сұрақтар жиірек туындағандықтан, олар жөнінде нақтырақ айтып өтейік.

Арнайы салық режімi шағын бизнес субъектiлерi үшiн төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.

Салық Кодексінің 427 бабының 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерде алынған (алынуға жататын), осы баптың 4-тармағында көрсетілген кірістердің барлық түрлерінен тұратын, салық кезеңіндегі кіріс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады.

Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:


     1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
     2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
     3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.

Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк бір жыл қолданылғаннан кейiн ғана келесі арнаулы салық режимiне ауысуға болатынын білу қажет.

 

Патент негізіндегі арнайы салық режимі.

Патент негізінде арнаулы салық режімін осы Кодекстің 428-бабы және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын,  салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабын (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – Есеп-қисап) ұсынады.

Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады. Әкімшілік айыппұлдарды болдырмау үшін Есеп-қисапты ұсыну мерзімі туралы білу қажет.

 жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер  (бұдан әрі ДК)– дара кәсіпкерді салық органдарында ДК ретінде мемлекеттік тіркеу күні туралы салықтық арызымен бір уақытта Есеп-қисапты ұсынады. 

Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер – патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының 1 күніне дейін ұсынады.

Кезекті патентті алу үшін патент негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.

Есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады. Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді.

Патент құнына жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың төленуге жататын сомалары қосылады.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі, есептелген соманың  ½ бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы және әлеуметтік аударымдар шегеріліп, есептелген соманың  ½ бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады. Патент құнына қосылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеу "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы" және "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі. Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

 

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі.

Салық Кодекстің 428-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады және келесі талаптарға сәйкес келеді:

1) дара кәсіпкерлер үшін:

дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болады;


      салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құрайды;

2) заңды тұлғалар үшін:

қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;
      салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады

Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.

Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі

Ал Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге жатады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 272 бабына сәйкес Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін ұсынбауы - әкімшілік айыппұлға әкеп соғатынын шағын бизнес субъектілері білулері тиіс.

Бухгалтерлерге Салық кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндіруге арналған бейнеконференцияны 2-14 ақпан аралығында республиканың барлық өңірлерінде өткізу жоспарланған. Арнайы салық режимдерін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы Гүлмира Смағұлова түсіндірді.

Маманның айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінде барлық арнайы режимді сақтау қарастырылған, оның ішінде патент негізіндегі шағын бизнес субъектілері үшін әлеуметтік салықты алып тастаумен арнайы салық режимі бар. Сонымен қатар сауда саласында қызмет атқаратын тұлғалардың 2% мөлшерінде бекітілген қолма-қол ақша бойынша айналымында қолданылатын мөлшерлемесінен басқа, жеке табыс салығы 1% мөлшерінде бекітіледі.

«Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін табысы 2044 төменгі айлық көрсеткіш (жарты жылда 57,8 млн теңге) және жұмысшы саны 30 адамнан аспайтын бойынша бірдей бекітілген қысқартылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі сақталады. Сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін 2018 жылдан бастап кіріс пен шығысты жүргізуге негізделген, 12 260 төменгі айлық көрсеткіш пен жұмысшы саны 50 болатын шектік табыс бойынша жоғары критерийден астам бекітілген тиянақталған шегерімді қолданатын арнайы салық режимі енгізілді», - деп түсіндірді Гүлмира Смағұлова.



Арнайы салық режимі бойынша жалпы жылдық табыстың сомасынан қосымша 3% мөлшерінде тиянақталған шегерімді қолдану қарастырылған. Қосымша шегірімді қолданғанда, қосымшаны бірге есептегенде шегерімге жатқызылатын шығынның жалпы сомасы  жалпы жылдық табыстың 70%-нан аспау керек; еңбекақы төлеу қорынан ұқсас мөлшердегі шегерімнен басқа, еңбекақы төлеу қорынан салық салынатын табысты 100%-ға азайту бойынша нормалары.

«Агроөнеркәсіпкешені субъектілеріне арналған салық бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін жекелеген салық түрлерін 70%-ға азайту, мұнымен қоса ДСҰ талабына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынталандырудың балама шараларын енгізгендіктен ҚҚС есептелген сомасын 70%-ға азайту бойынша жеңілдік алынып тасталады», ­- деп хабарлады Гүлмира Смағұлова.



Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданылып келеді. Оған көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Салық төлеушілер жыл басынан бастап салық есебінде қате жібермеу үшін барлық өзгерістерді біліп, айыппұл, өсімақы мен сот арызынан сақтану керек болды. Алайда заңнамадағы түзетулерді өздігінен түсіну қиын. Сондықтан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік палаталар арқылы бейне-байланыс режимінде түсіндіру жұмысын жүргізді.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...