«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметінің регламенті



жүктеу 429.8 Kb.
Дата31.01.2017
өлшемі429.8 Kb.
Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2012 жылғы ____ тамыздағы

№ ____ бұйрығымен

бекітілген

 

 



«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу»

мемлекеттік қызметінің регламенті

 

 



1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;

2) ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийі - бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік-техникалық құжаттамалармен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;

3) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру - бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;

4) мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк органдардың жекелеген функцияларын iске асыру нысандарының бiрi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы әрi жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын қызмет;

5) мемлекеттік қызмет алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және/немесе заңды тұлғалары (электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің иесі немесе меншік иесі);

6) ішінара автоматтандырылған қызмет - құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керісінше нысанға өзгерту қажет болған кезде қызмет көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесу қызметі;

7) «құрылымдық-функционалдық бірлік (ҚФБ)» - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелері немесе олардың кіші жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ).

 

 



2. Жалпы ережелер

 

2. Осы Регламент «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 38-тармағына, «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы



22 желтоқсандағы № 1402 Қаулысына сәйкес әзірленді.

3. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметін «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТТСТО» РМК) көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 25-бабы, «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы негізінде көрсетіледі.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі депозитке салу объектісінің депозитарийде тіркелгені туралы қағаз тасығыштағы анықтама беру (бұдан әрі – анықтама), немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны депозитке беруге ұсынылған объектілерге депозитарлық нөмірлерін меншіктеп беру, немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

 
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

7. Мемлекеттік қызмет «ТТСТО» РМК-мен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен көрсетіледі. Қызмет алу үшін алдын ала жазылу талабы жоқ. Жедел қызмет көрсету тәртібі қарастырылмаған. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Жирентаев көшесі, 1/1-үйі, 404-кабинет.



8 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар туралы ақпарат www.mtc.gov.kz, www.reginfo.kz интернет-ресурстарында орналастырылады немесе (87172) 55-29-77 телефоны арқылы алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет алушымен осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге тапсыру және анықтама беру аралығы 20 жұмыс күнін құрайды.Мемлекеттік қызметтің уақыт бойынша шектеу мерзімі:



  1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі- Комитет) ұш жұмыс күні аралығында өтінімді «ТТСТО» РМК тапсырады.

  2. «ТТСТО» РМК жеті жұмыс күні аралығында депозитке беру өтінімінің рәсімделуін, депозитке салу объектілерінің жиынтығын, бағдарламалық кодтардың жеткіліктілігін, компиляцияланған модулдердің тұтастығын және депозитке салу объектілерінен қалпына келтірілген депозитке салынатын бағдарламалық өнімнің құнды жұмыс қабілеттілігін тексереді және қорытынды әзірлейді.

  3. Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда «ТТСТО» РМК бес жұмыс күні аралығында депозитке салынатын бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттама туралы тиісті мәліметтерді Депозитке салынған бағдарламалық өнімдердің Тізіліміне енгізеді, және депозитке салынған объектілерге депозитарлық нөмірлер меншіктейді.

  4. депозитке беру өтінімі тиісінше ресімделмеген жағдайда немесе депозитке беру объектілерінде сәйкессіздік болған жағыдайда уәкілетті ұйым осы Ереженің 40 тармағында көрсетілген мерзімде депозитке беру өтінімін және депозитке беру объектілерін уәкілетті органға қайтару себебін көрсетіп қайтарады. Уәкілетті орган үш жұмыс күні аралығында тіркеу өтінімдерін иесіне қайтарады.

Электрондық апараттық ресурстардың және (немесе) ақпаратты жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі қайтарылған өтінім мен депозитке берілген объектілерді алған сәттен бастап бес жұмыс күні аралығында ескертулерді түзеп, оларды қайтадан уәкілетті органға ұсынады.»;

10. Осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген материалдар мен құжаттардың толық жиынтығын бермеу және/немесе депозитке беруге арналған өтінім тиісті ресімделмеген деректі анықтау, Комитеттің мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуына негіз болады.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) 1-кезең - Комитеттің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің (бұдан әрі - ҚҚҚ) жұмыскерлері қосымша берілген өтінім және нормативтік-техникалық құжаттама материалдары мен ықшам-дискілері бар кіріс корреспонденцияны (бұдан әрі - материалдар) қабылдау, ашу, іріктеу және тіркеу журналына тіркеуді жүргізеді;

2) 2-кезең - Комитет басшысының кіріс корреспонденцияны қарауы және лауазымдық тұлғаны анықтауы. Комитет басшылығының тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшін тіркеу журналында қол қоюмен лауазымдық тұлғаға жолданады;

3) 3-кезең – Комитеттің лауазымдық тұлғасы кіріс корреспонденциясына қосымша берілген өтінім мен материалдар бірге қарастырады, ілеспе хатпен материалдарды «ТТСТО» РМК әзірлейді;

4) 4-кезең - ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның ҚҚҚ жұмыскерлері қосымша берілген өтінім және материалдары бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу және тіркеу журналына тіркеуді жүргізеді;

5) 5-кезең - ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым басшысының кіріс корреспонденцияны қарауы және лауазымдық тұлғаны анықтауы. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым басшылығының тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшін тіркеу журналында қол қоюмен орындаушыға жолданады;

6) 6-кезең - ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым лауазымдық тұлғасының құжаттар мазмұны мен ресімделуінің Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарына сәйкестігін тексеруі;

7) 7-кезең - тексеру нәтижесі оң болған жағдайда ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның лауазымдық тұлғасы Комитетке депозиттеу объектілерін депозитке салу, есепке алу және депозитарийде сақтауды қамтамасыз ету туралы хабарлайды;

8) 8-кезең - ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның лауазымдық тұлғасы депозитке салынған бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама туралы мәліметтерді Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер тізіліміне енгізеді;

9) 9-кезең - өтінім берілген депозитке салу объектілерінің сәйкессіздігі немесе депозитке беру өтінімі тиісінше ресімделмеген жағдайда ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның лауазымдық тұлғасы қайтару себептерін көрсетумен өтінімді Комитетке қайтарады;

10) 10-кезең - Комитеттің лауазымдық тұлғасы қайтару себептерін көрсетумен өтінімді мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдау Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күні ішінде бір тұлғамен жүзеге асырылады.

 

 
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) тәртібін сипаттау



 

13. Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызмет алу үшін Комитетке қосымшаларын көрсетумен ілеспе хатты ұсынады, ол Комитеттің ҚҚҚ қызметкерімен ілеспе хатта көрсетілген тізім бойынша қабылдап алынады. Комитеттің ҚҚҚ қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген ілеспе хатты тіркеуі мемлекеттік қызмет алушының барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайды.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды:

1) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беруге арналған, белгіленген нысандағы өтінімді;

2) ілеспе хаттан бөлек бір конвертке (пакетке) екі данада (түпнұсқасы және көшірмесі) мына жиынтықта салынған электрондық тасығыштағы (компакт-дискілердегі) материалдарды:

ақпараттық жүйенің мыналарды қамтитын атқарылатын бағдарламалық кодтары:

авторлық кұқықтармен қорғалғандардан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары;

қолмен немесе автоматты түрде компиляциясы үшін қажетті қызметтік файлдар;

компиляция процесінің (әзірлеу ортасы мен оның нұсқасын көрсете отырып), депозитке берілетін бағдарламалық өнімді құрастыру үшін қажетті әзірлеу ортасын ретке келтіру ерекшеліктерінің сипатталуы;

ақпараттық жүйелердің мыналарды қамтитын инсталляциялау пакеті:

депозитке берілетін бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттері;

депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің бағдарламалық өнімді әзірлеушілер тікелей құрған, құрастырылған модульдері (құрауыштары), сондай-ақ басқа әзірлеушілердің құрастырылған модульдері (құрауыштары), депозитке берілетін бағдарламалық өнімді құрастыру, орнату және оның толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті ретке келтіру мен жұмыс деректері бар файлдар;

қажет болған жағдайда, меншік иесі немесе иеленуші айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету;

ақпараттық жүйенің аңдатпалық немесе жарнамалық сипатталуы;

нормативтік-техникалық құжаттама – ақпараттық жүйенің ерекшелігі, сипаттамасы, сынау бағдарламасы мен әдістемесі, мыналарды қамтитын пайдалану құжаттамасы:

депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің ерекшелігі;

техникалық тапсырма (бағдарламалық өнімді дамытудың барлық кезендерінің);

формуляр (негізі сипаттары, жинақтаулық және депозитке берілетін бағдарламалық өнімді пайдалану туралы мәліметтер);

бағдарламалық өнімнің сипатталуы (жұмыстың және өзара іс-қимылдық схемасы мен диаграммасын қоса алғанда, бағдарламалық өнімнің логикалық құрылымы мен жұмыс істеуі туралы мәліметтер);

түсіндірме жазба (алгоритм схемасы, бағдарламалық өнімнің алгоритмінің және (немесе) жұмыс істеуінің жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешімдердің негіздемесі);

қолданылуын сипаттау (бағдарламалық өнімнің мақсаты, қолданылу саласы, қолданылатын әдістер, шешілетін міндеттердің сыныбы, қолдану үшін шектеулер, техникалық құралдардың ең төменгі кескіні туралы мәліметтер);

орнату жөніндегі басшылығы;

әкімшінің басшылығы;

пайдаланушының басшылығы;

техникалық тапсырмамен талап етілетін өзге де құжаттар;

3) мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттар.

15. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша талаптар «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 2280 қаулысына сәйкес әзірленген және бекітілген.

16. Құрылымдық-функционалдық бірліктерді тізбелеу және сипаттау (бұдан әрі - ҚФБ):

ҚФБ 1 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;

ҚФБ 2 - «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

17. Әр ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті дәйектілігінің кестелік сипаттамасы әрбір әкімшілік іс-әрекетінің орындалу мерзімін көрсетумен осы Регламентке 1-қосымшада берілген.

18. ҚФБ мен мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттің қисындық өзара байланысын бейнелейтін схема осы Регламентке 2-қосымшада берілген.

19. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны мәліметтер мен депозитке беруге ұсынылған объектілерге депозитарлық нөмірлерін меншіктеп беру, немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

 

20. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша наразылықтар туындаған жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижелеріне шағым жасау тәртібі туралы толық ақпаратты № А729 кабинет, (87172) 74-03-24 телефоны бойынша Комитеттің лауазымды тұлғасынан алуға болады.



21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы шағымды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1-үй, №А787 кабинет, телефон (87172) 74-10-34 мекенжайы бойынша жолдайды.

Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды мемлекеттік қызмет алушы Комитетке 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А729 кабинет, телефон (87172) 74-03-24 мекенжайы бойынша жолдайды.

Жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасыны 2001 жылғы

13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

24. Шағым ерікті түрде, екі данада ресімделеді, оның біреуі жасалған шағымға жауап алатын мерзімі мен орыны, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетіліп, мемлекеттік қызмет алушыға беріледі.

25. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.

26. Қабылданған шағым заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның екінші данасы не көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдап алған адам жасалған шағымға жауап алатын мерзім мен орынды және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетеді.

27. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mtc.gov.kz немесе www.reginfo.kz интернет-ресурстарынан және (87172) 55-29-77 телефоны арқылы алуға болады.

 

«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық



өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық

құжаттаманы депозитке салу»

мемлекеттік қызмет Регламентіне

1-қосымша


1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру

 




Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Комитеттің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмыскері

Комитет басшылығы

Комитеттің ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы

«ТТСТО» РМК құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмыскері

«ТТСТО» РМК басшылығы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Қосымша берілген өтінім мен материалдары бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу

Кіріс корреспонденцияны қарау және орындаушыны анықтау

Қосымша берілген өтінім және материалдары бар кіріс корреспонденцияны қарау, «ТТСТО» РМК мекенжайына қосымша берілген материалдары бар ілеспе хат дайындау

Қосымша берілген өтінім мен материалдары бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу

Кіріс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Кіріс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркеу

Басшылықтың тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшін тіркеу журналында қол қоюмен жолданады

Ілеспе хат

Кіріс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркеу

Басшылықтың тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшін тіркеу журналында қол қоюмен жолданады

5

Орындау мерзімдері

15 минут

1 жұмыс күні

2 жұмыс күні

15 минут

2 жұмыс күні

1-кестенің жалғасы




Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)




Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

6

7

8

9

10

11




ҚФБ атауы

«ТТСТО» РМК Аттестаттау басқармасының лауазымдық тұлғасы

«ТТСТО» РМК Аттестаттау басқармасының лауазымдық тұлғасы

«ТТСТО» РМК Аттестаттау басқармасының лауазымдық тұлғасы

«ТТСТО» РМК Аттестаттау басқармасының лауазымдық тұлғасы

«ТТСТО» РМК Аттестаттау басқармасының лауазымдық тұлғасы

Комитеттің ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы




Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттардың мазмұны мен ресімделуінің Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарына сәйкестігін тексеру

Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда Комитетке депозиттеу объектілерін депозитке салу, есепке алу және депозитарийде сақтауды қамтамасыз ету туралы хабарлау

Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама туралы мәліметтерді Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер тізіліміне енгізу

Депозитке салынған объектінің Депозитарийде тіркелгені туралы анықтаманы әзірлеу

Өтінім берілген депозитке салу объектілерінің сәйкессіздігі немесе депозитке беру өтінімі тиісінше ресімделмеген жағдайда қайтару себептерін көрсетумен өтінімді Комитет мекенжайына қайтару

Қайтару себептерін көрсетумен өтінімді мемлекеттік қызмет алушыға қайтару




Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың стандарт талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы

Ілеспе хат

Ұсынылған депозиттеу объектілеріне депозитарлық нөмірлер меншіктеу

Депозитке салынған объектінің Депозитарийде тіркелгені туралы анықтама беру

Ілеспе хат

Ілеспе хат




Орындау мерзімдері

7 жұмыс күні

3 жұмыс күні

5 жұмыс күні

5 жұмыс күні

10 жұмыс күні

3 жұмыс күні

 

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

 


Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

Комитет

«ТТСТО» РМК

1. Қосымша берілген өтінім мен материалдары бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу

4. Қосымша берілген өтінім мен материалдары бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу

2. Кіріс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау

5. Кіріс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау

3. Қосымша берілген өтінім және материалдары бар кіріс корреспонденцияны қарау, «ТТСТО» РМК мекенжайына ілеспе хат дайындау

6. Құжаттардың мазмұны мен ресімделуінің Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарына сәйкестігін тексеру

10. Өтінім берілген депозитке салу объектілерінің сәйкессіздігі немесе депозитке беру өтінімі тиісінше ресімделмеген жағдайда қайтару себептерін көрсетумен өтінімді Комитет мекенжайына қайтару

7. Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда Комитетке депозиттеу объектілерін депозитке салу, есепке алу және депозитарийде сақтауды қамтамасыз ету туралы хабарлау

 11. Қайтару себептерін көрсетумен өтінімді мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады

8. Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама туралы мәліметтерді Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер тізіліміне енгізу

 

9. Депозитке салынған объектінің Депозитарийде тіркелгені туралы анықтама беру

 

«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық

өнімдерді, бағдарламалық кодтар

мен нормативтік-техникалық құжаттаманы

депозитке салу»

мемлекеттік қызмет Регламентіне

2-қосымша
«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру» мемлекеттік қызметін көрсету үдерісі

 


Комитеттің лауазымдық тұлғасы

3 Қосымша берілген өтінім және материалдары бар кіріс корреспонденцияны қарау, «ТТСТО» РМК мекенжайына ілеспе хат дайындау (2 жұмыс күні)



Комитет басшылығы

2. Кіріс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау (1 жұмыс күні)








«ТТСТО» РМК басшылығы

5. Кіріс корреспонденцияны қарау және орындаушыны анықтау (2 жұмыс күні)



«ТТСТО» РМК лауазымдық тұлғасы

6. Құжаттардың мазмұны мен ресімделуінің Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарына сәйкестігін тексеру

(7 жұмыс күні)

«ТТСТО» РМК лауазымдық тұлғасы

7. Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда Комитетке депозиттеу объектілерін депозитке салу, есепке алу және депозитарийде сақтауды қамтамасыз ету туралы хабарлау

(3 жұмыс күні)

«ТТСТО» РМК лауазымдық тұлғасы

8. Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама туралы мәліметтерді Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер тізіліміне енгізу

(5 жұмыс күні)

Есепке қою

Қайтару



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің

«Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Депозитке салу объектісінің депозитрийде тіркелінгені туралы



АНЫҚТАМА

Осы анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережелеріне сәйкес берілді.

(депозитке салу объект иесінің атауы)
Бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама депозитарийіне ұсынылған

(депозитке салу объектінің атауы)



ақпараттық жүйесі ______________________________________ нөмірімен

(депозитарлық нөмірі, тіркелген күні)

депозитарийде тіркелді.

Директор

М.О.



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің

2012 жылғы ____ тамыздағы № _____ бұйрығыменбекітілген

 

 

«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен

ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу»

мемлекеттік қызметінің регламенті

 

 

1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



1) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тізбе;

2) мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк органдардың жекелеген функцияларын iске асыру нысандарының бiрi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы әрi жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын қызмет;

3) ақпараттық жүйе - ақпараттық процестерді іске асыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты ұсыну және беру, тарату, іздеу, өңдеу, сақтауға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);

4) электрондық ақпараттық ресурс - қолданыстағы заңнамаға және белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылған, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердегі құжаттандырылған ақпараттың жиынтығы (бұдан әрі - АР);

5) ішінара автоматтандырылған қызмет - құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керісінше нысанға өзгерту қажет болған кезде қызмет көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесу қызметі;

6) мемлекеттік қызмет алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және/немесе заңды тұлғалары (электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің иесі немесе меншік иесі);

7) ҚФБ - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелері немесе олардың кіші жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ).

 

 



2. Жалпы ережелер

 

2. Осы Регламент «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1403 қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - стандарт).



3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

5. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабы және «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы негізінде көрсетіледі.



6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде (бұдан әрі - АР мен АЖ мемлекеттік тіркелімі) қағаз тасығышта ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - Куәлік) беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

7. Мемлекеттік қызмет Комитетпен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен көрсетіледі. Қызмет алу үшін алдын ала жазылу талабы жоқ. Жедел қызмет көрсету тәртібі қарастырылмаған. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А729 кабинет.

8. Мемлекеттік қызмет алушылар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты (87172) 74-06-85 телефоны арқылы Комитеттен ала алады.

9. Мемлекеттік тіркелімге еңгізу және Куәлік беру үшін мемлекеттік қызмет алушы осы Регламенттің 14-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 43 жұмыс күнін құрайды. Мемлекеттік қызметтің уақыт бойынша шектеу мерзімі:

1) Комитет тіркеу өтінімдерін алған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде олардың дұрыс және толық толтырылуын тексереді;

2) тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделген жағдайда Комитет 5 жұмыс күні ішінде АР мен (немесе) АЖ тіркеуді жүргізеді және тіркеу нөмірін тағайындайды;

3) Комитет тіркеу өтінімдері тіркелген сәттен бастап 3 жұмыс күні аралығында олардың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелде және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі – «ТТСТО» РМК) АР мен АЖ мемлекеттік тіркеліміне мәліметтерді еңгізу үшін жолдайды;

4) «ТСТСТО» РМК 5 жұмыс күні ішінде АР мен (немесе) АЖ туралы тиісті мәліметтерді АР мен АЖ мемлекеттік тіркеліміне енгізеді;

5) Комитет АР мен АЖ мемлекеттік тіркелімінде АР мен (немесе) АЖ тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде Куәлік береді;

6) тіркеу өтінімдері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 16 қыркүйекте № 6497 тіркелген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 11 тамыздағы № 180 «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтінімдердің нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген нысандарға сәйкес келмеген жағдайда, Комитет оларды алған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде тіркеу өтінімдерін қайтару себептерін көрсетумен мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады;

7) мемлекеттік қызмет алушы қайтарылған тіркеу өтінімдерін алған сәттен бастап ескертулерді жояды және оларды тіркеу үшін Комитетке қайтадан тапсырады;

8) мемлекеттік қызмет алушының тіркеу өтінімдерін қайталама қарау осы Регламенттің 9-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;

9) АР мен АЖ тіркеу кезінде тіркеу деректерінің мазмұнын немесе құрамын нақтылау үшін Комитет мемлекеттік қызмет алушыдан АР мен АЖ туралы қосымша ақпарат сұратады;

10) тіркеу үшін қажетті, АР мен (немесе) АЖ туралы қосымша ақпарат ұсыну туралы сұрау алған кезде, мемлекеттік қызмет алушы тиісті сұрауды алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде толық жауап ұсынады;

10. Осы Регламенттің 14- тармағында көрсетілген материалдар мен құжаттардың толық жиынтығын тапсырмау және/ немесе тіркеу өтінім тиісті ресімделмеген деректі анықтау, Комитеттің мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуына негіз болады.



11. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету кезеңдері:

1) 1-кезең - қосымша берілген құжаттары мен материалдары бар ілеспе хатты Комитеттің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде (бұдан әрі - ҚҚҚ) қабылдау және тіркеу;

2) 2-кезең - Комитет басшысының кіріс корреспенденцияны қарауы және лауазымдық тұлғаны анықтауы. Басшылықтың тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшін тіркеу журналында қол қоюмен лауазымдық тұлғаға жолданады;

3) 3-кезең - Комитеттің лауазымдық тұлғасының тіркеу өтінімдерінің толықтығы мен олардың дұрыс толтырылуын тексеруі;

4) 4-кезең - Комитеттің лауазымдық тұлғасының ақпараттық ресуртар мен (немесе) ақпараттық жүйелерді тіркеу нөмірін меншіктеумен тіркеуі;

5) 5-кезең - Комитеттің лауазымдық тұлғасының тіркеу өтінімдерінің көшірмелерін «ТСТСТО» РМК мекенжайына жіберуді жүзеге асыруы;

6) 6-кезең - «ТСТСТО» РМК ҚҚҚ-да тіркеу өтінімдері қоса берілген құжаттарды қабылдауы;

7) 7-кезең - «ТСТСТО» РМК басшысының лауазымдық тұлғаны анықтауы;

8) 8-кезең - «ТСТСТО» РМК лауазымдық тұлғасының АР мен (немесе) АЖ туралы мәліметтерді АР мен АЖ мемлекеттік тіркеліміне енгізуі;

9) 9-кезең - «ТСТСТО» РМК лауазымдық тұлғасының АР мен (немесе) АЖ туралы мәліметтердің АР мен АЖ мемлекеттік тіркеліміне енгізілуі туралы Комитет мекенжайына хабарлама жіберуі;

10) 10-кезең – Комитеттің лауазымдық тұлғасының мемлекеттік қызмет алушыға Куәлікті дайындауы және жіберуі;

11) 11-кезең – тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделмеген жағдайда Комитеттің лауазымдық тұлғасы қайтару себептерін көрсетумен тіркеу өтінімдерін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдау Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күні ішінде бір тұлғамен жүзеге асырылады.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) тәртібін сипаттау



 

13. Кіріс (оның ішінде электрондық) хат-хабарларды тіркеу және мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрауын (өтінімін) қабылдау (тіркеу) туралы ақпарат алу тәртібі:

  1. қажетті құжаттары мен материалдары бар ілеспе хат Комитетке жолданады;

2) құжаттар мен материалдарды қабылдауды Комитеттің кеңсесі мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14 - кіреберіс,

А746 кабинет, телефоны: (87172) 74-03-64.

3) мемлекеттік қызметтің көрсетілетін күнінің көрсетілуімен Комитет ҚҚҚ-да ілеспе хаттың тіркелуі мемлекеттік қызмет алушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайды.

14. Мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынатын қажетті құжаттар тізбесі:

1) мемлекеттік қызмет алушымен қол қойылған және расталған, Бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтінімнің түпнұсқасы;

2) өтінімнің қағаз және электрондық тасығыштардағы көшірмелері.

15. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге талаптар «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 Қаулысына сәйкес әзірленген және бекітілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысады:

ҚФБ1- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;

ҚФБ2 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

17. Әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылдардың бірізділігін мәтіндік кестелік сипаттау әрбір әкімшілік іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсетумен Регламентке 1-қосымшада берілген.

18. ҚФБ мен мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық бірізділігі арасындағы өзара қарым-қатынасты сипаттайтын сызба Регламентке 2-қосымшада берілген.

19. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне сәйкес ұсынылатын Куәлік нысаны Регламентке 3-қосымшада берілген.



 

 

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

 

20. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша наразылықтар туындаған жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижелеріне шағым жасау тәртібі туралы толық ақпаратты № А729 кабинет, (87172) 74-03-24 телефоны бойынша Комитеттің лауазымды тұлғасынан алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы шағымды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1-үй, №А787 кабинет, телефон (87172) 74-10-34 мекенжайы бойынша жолдайды.

Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды мемлекеттік қызмет алушы Комитетке 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А729 кабинет, телефон (87172) 74-03-24 мекенжайы бойынша жолдайды.

Жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасыны 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

24. Шағым ерікті түрде, екі данада ресімделеді, оның біреуі жасалған шағымға жауап алатын мерзімі мен орыны, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетіліп, мемлекеттік қызмет алушыға беріледі.

25. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.

26. Қабылданған шағым заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның екінші данасы не көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдап алған адам жасалған шағымға жауап алатын мерзім мен орынды және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетеді.

27. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mtc.gov.kz немесе www.reginfo.kz интернет-ресурстарынан және (87172) 55-29-77 телефоны арқылы алуға болады.



 

«

«Электрондық ақпараттық ресурстар

мен ақпараттық жүйелерді

электрондық ақпараттық ресурстар

мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет

Регламентіне

1-қосымша

1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы.

АР мен АЖ-ны АР мен АЖ мемлекеттік тіркелімінде тіркеу және куәліктер беру.




Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

1

Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

4

5


6

2

ҚФБ атауы

Комитеттің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмыскері

Комитет басшылығы

Комитеттің ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы

Комитеттің ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы

Комитеттің ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы

«ТСТСТО» РМК құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмыскері

3

Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Қосымша берілген тіркеу өтінімдері бар кіріс ілеспе хатты Комитеттің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде (бұдан әрі - ҚҚҚ) қабылдау

Кіріс корреспонденцияны қарау және орындаушыны анықтау

Тіркеу өтінімдері бар кіріс корреспонденцияны қарау, олардың толықтығы мен дұрыс толтырылуын тексеру

Тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделген жағдайда, электрондық АР мен (немесе) АЖ тіркеуді өткізу

«ТСТСТО» РМК атына ілеспе хат дайындау

Қосымша берілген өтінімдері бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк шешiм)

Кіріс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркеу

Басшылықтың тапсырмасына (бұрыштама) сәйкес, қосымша берілген тіркеу өтінімдері бар хат орындау үшін тіркеу журналында қол қоюмен жолданады

Электрондық АР мен (немесе) АЖ-ны АР мен АЖ мемлекеттік тіркелімінде тіркеу туралы шешім

Тіркеу нөмірін меншіктеу

Қосымша берілген тіркеу өтінімдерінің көшірмелерін ілеспе хатпен уәкілетті ұйым мекенжайына жіберу

Кіріс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркеу

5

Орындау мерзiмдерi

15 минут

2 жұмыс күні

13 жұмыс күні

5 жұмыс күні

3 жұмыс күні

15 минут

1-кестенің жалғасы






Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

1

Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) №

7


8

9


10

11

2

ҚФБ атауы

«ТСТСТО» РМК басшылығы

«ТСТСТО» РМК ақпаркоммуникациялық технологиялар департаментінің лауазымдық тұлғасы

«ТСТСТО» РМК ақпаркоммуникациялық технологиялар департаментінің лауазымдық тұлғасы

Комитеттің ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы

Комитеттің ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы

3

Iс-әрекеттiң (үдерiстiң,
рәсiмнiң, операцияның)
атауы және оның сипаттамасы

Кіріс корреспонденцияны қарау және орындаушыны анықтау

Мемлекеттік тіркелімге электрондық АР мен (немесе) АЖ туралы тиісті мәліметтерді енгізу


АР мен (немесе) АЖ туралы мәліметтердің АР мен АЖ мемлекеттік тіркеліміне енгізілуі туралы Комитет мекенжайына тиісті хабарлама жіберу

АР мен (немесе) АЖ Мемлекеттік тіркелімінде тіркеу туралы куәлікті дайындау

Тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделмеген жағдайда оларды қайтару себептерін көрсетумен мемлекеттік қызмет алушыға қайтару жүргізіледі

4

Аяқтау нысаны (деректер,
құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк
шешiм)

Басшылықтың тапсырмасына (бұрыштама) сәйкес, қосымша берілген тіркеу өтінімдері бар хат орындау үшін тіркеу журналында қол қоюмен жолданады

АР мен (немесе) АЖ мемлекеттік тіркеліміндегі мәліметтер

АР мен (немесе) АЖ туралы мәліметтердің мемлекеттік тіркелімге енгізілуі туралы хабарлама-хат

АР мен (немесе) АЖ-ны Мемлекеттік тіркелімде тіркеу туралы куәлік беру

Мемлкеттік қызмет алушының мекенжайына тіркеу өтінімдері бар ілеспе хат жіберу

5

Орындау мерзiмдерi

2 жұмыс күні

5 жұмыс күні

3 жұмыс күні

10 жұмыс күні

15 жұмыс күні


2-кесте. Пайдалану нұсқалары.

ОсновнойАР мен АЖ-ны АР мен АЖ мемлекеттік тіркелімінде тіркеу үдерісі


Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

Комитет

«ТСТСТО» РМК

  1. Қосымша берілген өтінімдері бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу

6 Қосымша берілген өтінімдері бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу

  1. Кіріс корреспонденцияны қарау және орындаушыны анықтау

7. Кіріс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау

3. Орындаушының тіркеу өтінімдері бар кіріс корреспонденцияны қарауы, олардың толықтығы мен дұрыс толтырылуын тексеруі

8. Мемлекеттік тіркелімге АР мен (немесе) АЖ туралы тиісті мәліметтер енгізу

4. Тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделген жағдайда, АР мен (немесе) АЖ-ны тіркеу нөмірін меншіктеумен тіркеу

9. АР мен (немесе) АЖ туралы мәліметтердің Мемлекеттік тіркелімге енгізілуі туралы Комитет мекенжайына тиісті хабарлама жіберу

5. Қосымша берілген тіркеу өтінімдерінің көшірмелері бар ілеспе хатты дайындау және «ТСТСТО» РМК мекенжайына жіберу




10 Тіркеу туралы куәлікті дайындау және беру




11. Өтінім тиісінше ресімделмеген жағдайда оларды қайтару себептерін көрсетумен мемлекеттік қызмет алушыға қайтару





«Электрондық ақпараттық ресурстар

мен ақпараттық жүйелерді

электрондық ақпараттық ресурстар

мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу»

мемлекеттік қызмет Регламентіне

2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимылдар сызбасы

«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

 

ҚФБ- Комитет

ҚФБ- «ТСТСТО» РМК

 












11. Тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделмеген жағдайда Комитет оларды қайтару себептерін көрсетуменмемлекеттік қызмет алушыға қайтарады.(15 жұмыс күні)






4. АР мен АЖ мемлекеттік тіркеліміне АР мен (немесе) АЖ туралы тиісті мәліметтер енгізу, оларға тіркеу нөмірін меншіктеумен тіркеу

(5 жұмыс күні)






10. АР мен (немесе) АЖ-ны мемлекеттік тіркелімде тіркеу туралы куәлікті дайындау және беру (10 жұмыс күні)

8. АР мен АЖ мемлекеттік тіркеліміне АР мен (немесе) АЖ туралы тиісті мәліметтер енгізу

(5 жұмыс күні)



6. Барлық тапсырылатын құжаттарды қабылдау және бар болуын тексеру. (15 мин.)

9.АР мен (немесе) АЖ туралы мәліметтердің Мемлекеттік тіркелімге енгізілуі туралы Комитет мекенжайына хабарлама жіберу

(3 жұмыс күні)

7. Құжаттарды қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау (2 жұмыс күні)

5. Қосымша берілген тіркеу өтінімдерінің көшірмелері бар ілеспе хатты дайындау және «ТСТСТО» РМК мекенжайына жіберу

(3 жұмыс күні)



«Электрондық ақпараттық ресурстар

мен ақпараттық жүйелерді

электрондық ақпараттық ресурстар

мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік

тіркелімінде тіркеу»

мемлекеттік қызмет Регламентіне

3-қосымша

 

Куәліктің нысаны

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

 

АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
КУӘЛІК

 


Астана қаласы                           № ______

20___ ж. «____» ____________

 

Осы куәлік «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережелеріне сәйкес берілді.

_____________________________________________________________________________________

(ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер иесінің толық атауы)

_____________________________________________________________________________________



(ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің атауы)

 

ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің Мемлекеттік тіркеліміне ұсынылған



_______________________________________________________________________________________________

(ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің атауы)

_____________________________________________________________________________________



(бағдарламалық өнім мәртебесінің атауы)

 

20__ жылғы «_____» ______________ № ___________ нөмірімен тіркелді.



 

Вице-министр 

М.О.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет