АҚпараттық хат 5 мамыр 2016 жылы



жүктеу 43.49 Kb.
Дата15.01.2017
өлшемі43.49 Kb.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігілоготип новый

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ

Қазақстан тарихы кафедрасы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
5 мамыр 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

«XXI ғасыр жастарының көзқарасындағы Ұлы Отан соғысы»

VI Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді:


Конференцияға келесі секциялардың жұмысы жоспарланады:

1-cекция.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес халқы Жеңісіндегі тыл еңбеккерлерінің және мәдениет қайраткерлерінің үлесі

2-cекция.

Қазақ халқының ерлік бастауы: тарих және қазіргі заман

3-cекция.

Менің отбасымның тарихындағы Ұлы Отан соғысы

Конференцияның қатысу тілдері: қазақша, орысша.


Осы конференция жұмысына қатысуға ниет білдірушілерден 2016 ж. 20 сәуіріне дейін ұйымдастыру алқасына
- ұсынылған үлгі бойынша мәлімдемені;

- төменгі талаптарға сай мақала тезистерін рәсімдеу;

- төлем туралы түбіртектің көшірмесі.
Конференцияға қатысу мен жинаққа басылуды ұйымдастыру жарнасы 2000 теңге, ҚарМТУ студенттері үшін 1500 теңге (бір баяндама үшін) «Банк ЦентрКредит» АҚ Қарағандылық филиалындағы ҚарМТУ есеп шотына аудару керек. ИИК KZ638560000000147366, БИК KCJBKZKX, БИН 000240004524.

Төлем тапсырмасында «Төлемнің тағайындалуы» жолында белгі қою: «05.05.2016 конференцияға қатысу үшін» және қатысушының аты-жөнін көрсету керек.

Конференцияға қатысу үшін мәлімет мына мекен-жай бойынша ұсынылады:

100027, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56, ҚарМТУ

Жауапты хатшы: Мубаракова Айгерім Құралысқызы

(4 корпус, 206 каб.).

Электрондық адрес (e-mail): niipatriot_kstu@mail.ru

Анықтамалық телефон: (8-7212) 56-51-89; ішкі 2001.

«XXI ғасыр жастарының көзқарасындағы Ұлы Отан соғысы»

VI Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға мәлімдеме

1. Баяндамашы(лар) аты-жөні_____________________________________________

2. Оқу орны, курс, топ __________________________________________________

3. Ғылыми жетекшінің аты-жөні, кафедрасы________________________________

4. Баяндаманың аты ____________________________________________________

5. Секция (номер, атауы) ________________________________________________

6. Байланыс телефоны, e-mail ____________________________________________

7. Мекен-жайы_________________________________________________________

8. Қатысу түрі__________________________________________________________

Қолы Күні



Мақаланы рәсімдеудің талаптары
Тезис мәтіні, А4 (210х297 мм), пішіндегі көлемі 3 толық беттен артық емес, суреттер мен кестелерді қоса алғанда, Microsoft word (.doc) мәтіндік редакторында Times New Roman (Kz Times New Roman, Times/Kaz) терілуі тиіс, көлемі 14, интервал – бірлік, шегі: 2,5 см. барлық жағынан, абзацаралық бірлік – 0,8 см. Қолданылған әдебиеттер сілтемесі тік жақшада [1, б. 24] беріледі, сілтемелердің нөмірленуі барлық мәтін бойынша. Толық әдебиеттер тізімі мәтін соңында бір интервалдан кейін қойылады.

Тезис мәтіні бір данадан сапалы баспадағы қағаз бетінде (беттер нөмірленбейді) және электрондық нұсқада немесе электронды поштада ұсынылады. Электронды нұсқада мәлімдемені, баяндама тезисін, төлем туралы құжаттардың көшірмесін жеке файлмен ұсынады. Файлдар атымен бірінші автордың тегін, ЖОО қысқартылған атын және құжат атауын, мысалы: Алимова, ҚарМТУ мәлімдеме, Алимова, ҚарМТУ тезисі, Алимова, ҚарМТУ төлем.

Баяндама авторының саны үш адамнан аспауы керек.

Мәтінді рәсімдеу үлгісі

ӘОЖ ххх.хх.ххх. Алимова К.Ж. – ҚарМТУ студенті (ТКМ-02-1 т.)

Ғыл. жетек. – т.ғ.к., доц. Жайсанбаев А.Р.
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫ


мәтін

…………………………………………………………………………..


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Мәтін редакциялауға жатпайды және түпнұсқа болып табылады. Конференция еңбектер жинағы көшірме әдіспен теру арқылы алынады. Сондықтан, Сіздердің назарларыңызға ұсынылатын материалдарыңызды толық рәсімдеп, жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтауды ұсынамыз.

Баяндама тезистері, талаптарды сақтамай жазылған немесе белгіленген мерзімнен кеш келген, сонымен қатар жариялауға ғылыми қызығушылық ұсынылмаған мақала қабылданбайды және кері қайтарылмайды.



Ұйымдастыру алқасы

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет