Анықтамалық жүйені шақыру Сурет шекарасын анықтау Тор параметрлерін анықтау Байлауыш қадамын анықтау



жүктеу 319.07 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі319.07 Kb.


2 AutoCAD-пен ТАНЫСУ
Кез келген бағдарламамен танысу оны іске қосудан және пайда болған терезеде қандай да бір операцияларды орындауға тырысудан басталады. AutoCAD бағдарламасының терезесі Windows стандарттарына сәйкес келеді, сондықтан бұл тырысулар үздік аяқталады. Бірақ, дәл басқа бағдарламалар секілді оның да өз ерекшеліктері бар, міне, соларға бұл дәрісте тоқтала кетеміз.


  • AutoCAD жүйесін қосу

  • AutoCAD-тың пайдаланушылық интерфейсі

  • Анықтамалық жүйені шақыру

  • Сурет шекарасын анықтау

  • Тор параметрлерін анықтау

  • Байлауыш қадамын анықтау

  • Өлшем бірліктер жүйесін орнату

  • Суреттерді сақтау

  • Жұмысты аяқтау


2.1 AutoCAD жүйесін іске қосу
AutoCAD – ты іске қосу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:


  • Start  Programs  Autodesk  AutoCAD 2007  AutoCAD2007;

  • - бағдарламаны жылдам іске қосу: Windows – тың жұмыс үстелінде AutoCAD 2007 пиктограммасына тінтуірдің сол жақ пернесімен екі рет шерту керек.

Пайдаланушы қандай сызбамен (екіөлшемді немесе үшөлшемді) жұмыс істейтіндігіне байланысты AutoCAD екі экранның біреуін ұсына алады (сурет 2.1).

Сурет 2.1 – Workspaces инструменттер панелі

Workspaces инструментер панелінде ашылған тізімнен AutoCAD Classic элементін таңдаңыз. Екіөлшемді сызбалармен жұмыс істеуге арналған инструменттер панелі шығады.

ОК пернесін шерте салысымен, Startup (Начало работы-жұмыстың басы) (сурет 2.2) стандартты сұхбаттық терезесі ашылады, мұнда жұмыс істеу режимін таңдау керек.




Сурет 2.2 - Жұмыстың басы сұхбаттық терезесі
Ескерту: Егер Startup (Начало работы-жұмыстың басы) терезесі шықпаса, онда бұл жүйе жаңа суретке автоматты түрде ену үшін стандартты орнатулармен күйге келтірілмеген.
Startup сұхбаттық терезесінде пайдаланушыға төрт перне ұсынылады:
Open a Drawing (Открытие рисунка-суретті ашу) бұрын салынған сызбаны ашу үшін. Ең соңғы болып ашылған суреттер тізімінен таңдап, оны AutoCAD-қа орнату мүмкіншілігін береді. Тізімде жоқ файлды орнату үшін Browse… пернесін басу керек;

Start from Scratch (Простейший шаблон-қарапайым шаблон) британдық (футтар мен дюймдер) немесе метрлік (миллиметр) өлшем бірліктер ғана орнатылатын сызба салу үшін;

Use a Template (По шаблону-шаблон бойынша) шаблон – құжат бойынша жаңа суреттің негізі болатын сызба жасау үшін. Select a Template жолында: сызбаға қажетті орнатулары бар шаблон таңдалынады. Тізімде .dwt кеңейтілуі бар файл шаблондар аттары аталынады. Шаблондарда суреттің әртүрлі параметрлері анықталады, соның ішінде, арнайы жасалған қабаттар, сызық типтері, түрлер жиыны бар;

Use a Wizard (Вызов мастера-шеберді шақыру) жаңа сызба параметрлерін орнату үшін. AutoCAD жұмыс ортасын автоматты түрде күйге келтірудің мынадай екі режимі ұсынылады – Advanced Setup бөлшектеп дайындау және жылдам дайындау Quick Setup.

Қажетті пернені таңдап, тінтуірдің сол жақ пернесіне шерту керек. Сұхбаттық тереземен жұмысты аяқтау үшін пернесін шертіңіз.



2.2 AutoCAD-тың пайдаланушылық интерфейсі
AutoCAD бағдарламасын іске қосқанда үнсіздік бойынша сурет салудың меню және инструменттер панелімен қоршалған бос терезесі ашылады (сурет 2.3), - Жұмыс үстелі.

AutoCAD жұмыс үстелінде Windows үшін:



  • Меню облысы – мұнда 4 жол кіреді: 1 – бағдарлама терезесінің атауы; 2 – құлайтын меню жолы; 3 - Standard (Стандартная-Стандартты) панелдер және Styles (Стили-Стильдер); 4 –Layers (Слои-Қабаттар) панелдер және Properties (Свойства-Қасиеттер);

  • Графиқалық аймақ – экранның центрлік облысы, жұмыс аумағы;

  • Командалық жолдар терезесі;

  • Ағымдағы жағдай (строка состояния) қосылған.

AutoCAD жұмыс үстелінің барлық төрт облысын ретімен қарастырамыз.
2.2.1 Меню облысы
Бағдарлама терезесінің атауыAutoCAD пакетінің белгісінен, бағдарлама атауынан, сызба файлының сақталу жолынан, ағымдағы сызба аты және терезені басқару пернелерінен тұрады.

Меню жолыAutoCAD командаларының экранда мәтін арқылы көрінуі. Меню жолында құлайтын менюлер де көрсетіледі. Меню жолы үнсіздік бойынша мынадай пункттерден тұрады:




  • File (Файл) – файлдармен жұмыс істеу командалары: құру, ашу, сақтау, басып шығару және т.б.;

  • Edit (Правка-Түзету) – бағдарлама жұмыс үстелінің графикалық аумағы бөліктерін редакциялау инструменттері, алмастыру буферімен жұмыс;

  • View (Вид-Түр) – экранды басқару командалары, панорамалау, көру нүктесін орнату, бояу, көрінбейтін сызықтарды алып тастау, дисплей параметрлерін басқару; қажетті инструменттер панелін орнату;


Сурет 2.3 – Графикалық редактор терезесі (жұмыс үстелі)


  • Insert (Вставка-Қою) – блоктар, сыртқы объектілер, басқа қосымшалардың объектілерін қою командалары;

  • Format (Формат) – қабаттармен, сызық түсімен, типтерімен жұмыс істеу командалары; мәтін стилін, өлшемін, нүкте маркерінің түрін, мультисызық стилін басқару; өлшем бірліктерін, сызба шекарасын орнату;

  • Tools (Сервис) – жүйе, экранды пайдаланушы басқару құралдары; сұхбаттық терезелер көмегімен сызба параметрлерін байлауыштарды орнату; пайдаланушылық координаталар жүйесімен жұмыстар;

  • Draw (Черчение-Сызу)– сурет салу командалары;

  • Dimension (Размеры-Өлшемдер) – өлшемдерді қою командалары және өлшем параметрлерін басқару;

  • Modify (Изменить-Өзгерту) – сызба элементтерін редакциялау командалары;

  • Window (Окно-Терезе) –сызбалармен жұмыс істеудің көптерезелі режимі;

  • Help (Справка-Анықтама) – гипермәтіндік көмекшілерді жүйе экранына шығару.


Панель Standard (Стандартная-Стандартты) мынадай инструменттерден тұрады:


Qnew – суреттің жаңа файлын жасау;

Open – бар файлды қосу;

Save – ағымдағы файлды сақтау;

Plot –плоттер, принтерге суретті шығару;

Print Preview – сызбаны басып шығару алдында, қағаз бетінде орналасуын көруге мүмкіндік беретін алдын-ала көру;

Publish – .dwf форматында сурет беттерін публикация жасау;

Cut to Clipboard – алмастыру буферіне объектілерді оларды суреттен алып тастау арқылы көшіру;

Copy to Clipboard – алмастыру буферіне объектілерді суреттен алып тастамай көшіру;

Paste from Clipboard – алмастыру буферінен берілгендерді қою;

Match Properties – бір объектінің қасиеттерін басқасына көшіру;

Block Editor – блоктарды редакциялау;

Undo – соңғы әрекетті жою;

Redo – соңғы жойылған әрекетті қалпына келтіру;

Pan Realtime – ағымдағы түр экранында нақты уақыт режимінде кескінді қозғалту;

Zoom Realtime – ағымдағы түр экранында нақты уақыт режимінде объектің көрінетін өлшемін үлкейту немесе кішірейту;

Zoom Window – тіктөртбұрыш терезе көмегімен сызбаның қандай да бір бөлігін үлкейту ;

Zoom Previous – алғашқы көрініске қайту;

Properties – объект қасиеттерін басқару палитрасын орнату;

DesignCenter – тез табу, қарап шығу, шақыру, ағымдағы суретке бұрын салынған суреттерді тасымалдауға мүмкіндік беретін сұхбаттық интерфейс;

Tool Palettes – блоктарды және штрихтауды сақтау/ қоюдың тиімді құралы қызметін атқарушы арнайы терезедегі жекелеген бөліктер;

Sheet Set Manager –беттер жиыны диспетчері;

Markup Set Manager –.dwf форматындағы суреттермен жұмыстарды ұйымдастырушы диспетчер;

QuickCalc –экранға калькуляторды шақыру;

Help –анықтама жүйесін шақыру.
Панель Styles (Стили-Стильдер) мәтіндік стильдерге, өлшем стильдеріне, кесте стильдеріне жылдам қосылу үшін қолданылады.


Панель Layers (Слои-Қабаттар) мынадай инструменттерден тұрады:

Layer Properties Manager – қабаттар қасиеттері диспетчерін шақыру;
Filter applied –ашылатын қабаттарды басқару тізімі.

Turn a layer On or Off – қабатты қосу / өшіру;

Freeze or thaw in ALL viewports – барлық түр экрандарында мұздату/еріту (замораживание/ размораживание);

Freeze or thaw in current viewport – ағымдағы түр экранында мұздату/еріту (замораживание/ размораживание);

Lock or Unlock a layer – қабатты бекіту/ босату (блокирование/ разблокирование);

Color of layer – қабат түсі;

Layer – қабат аты;

Make Objects Layer Current – таңдап алынған примитив қабатына сәйкес ағымдағы қабатты орнату;

Layer – қабаттардың алдыңғы жағдайына оралу.
Объектілер қасиеттері панелі Properties (Свойства-Қасиеттері) сызықтың түсі, типі және салмағымен жұмыс істеуге арналған. Құрмына мынадай инструменттер кіреді:

Color Control – ашылатын ағымдағы түстер тізімін орнату;

Linetype Control - ашылатын ағымдағы сызық типін орнату;

Lineweight Control – сызықтың ағымдағы салмағын (қалыңдығын) орнатудың ашылатын тізімі;

Plot Styles Control – басып шығару стилін орнатудың ашылатын тізімі. Мұнда плоттерде сызылатын суреттің сыртқы түрін өзгертуге болады, алдын-ала объектілер сызықтарының түсін, типін және салмағын және т.б. анықтауға болады.
2.2.2 Графикалық аймақ облысы
Графикалық экран – графикалық терезенің центрлік бөлігі. Бұл негізгі жұмыс аймағы, мұнда объект кескінін салу және оны редакциялау жүзеге асырылады. Курсорды жұмыс аймағында қозғалтқан кезде, қиылысу нүктесінде квадрат нысаналы қиылысқан сызықтар түрінде болады. Курсор қиылысуы объектілерді таңдауға және экранда нүктелерді көрсетуге арналған. Графикалық экранның сол жақ төменгі бұрышында координаталар жүйесінің белгісі орналасқан.

Графикалық экранның төменгі жиегінде Model (Модель), Layout1 (Лист1-Бет1) и Layout2 (Лист2-Бет2) пернелері орналасқан, олар модель және бет кеңістігі арасындағы өзгертулерді іске асырады.

Олардан оңға қарай, графикалық экран үшін қозғалтып көрсету жолағы орналасқан. Вертикаль қозғалтып көрсету жолағы графикалық экранның оң жақ шекарасы бойымен орналасқан.

Графикалық экранның сол жақ шекарасында екі инструменттер панелі орналасқан: Draw (Рисование-Сурет салу) и Modify (Редактирование-Редакциялау).



Инструменттер панелі – AutoCAD командаларын график түрінде көрсететін пиктограммалар. Егер тінтуір көрсеткішін пиктограммада ұстап тұрсаңыз, оның жанында кішкене төртбұрышта орналасқан сәйкес команданың аты шығады.

Егер пиктограмманың оң жақ төменгі бұрышында кішкентай қара үшбұрыш кескінделсе, онда осыған ұқсас командалары бар ішкі меню бар дегенді білдіреді. Ішкі менюді шақыру үшін пиктограммада тінтуір көрсеткішін сол жақ пернесіне басып, біраз уақыт ұстап тұру керек.

Панелдер қозғалмалы (float) немесе белгілі бір орынға бекітілген (dock) болуы мүмкін. Қозғалмалы панельдердің (сурет 2.4) өлшемдерін өзгертуге болады. Қажет болған жағдайда, тінтуірмен мына белгіге шерту арқылы панельдерді жабуға болады.

Сурет 2.4 – Инструменттердің қозғалмалы панелі
Контекстік меню – экранда пайдаланушының қалауы бойынша курсор орналасқан жерде тінтуірдің оң жақ пернесін шерткенде пайда болады. Контекстік меню мазмұны, оны шақырған кезде қандай команда шақырылғаны немесе қандай сұхбаттық терезе ашық тұрғанына байланысты.

Мәтіндік терезе – F2 функционалды пернесін басу арқылы командалар хаттамасын қарап шығу үшін шақырылады (сурет 2.5).

Сурет 2.5 – Мәтіндік терезе
Мәтіндік терезеде командалар енгізуге, AutoCAD беретін хабарламаларды бақылауға болады. Мәтіндік терезе мазмұны тек оқуға арналған және өзгертуге келмейді. Бірақ командалар хаттамаларын ары қарай командалық жолға немесе мәтіндік редакторға қою үшін көшіруге болады.
2.2.3 Командалық жолдар аймағы
Командалық жолдар терезесі командаларды енгізу және AutoCAD хабарламаларын шығару қызметін атқарады.


Терезе өлшемдері және сәйкесінше хаттаманың шығарылатын жолдарының санын экранның графикалық аймағы арқылы өзгертуге болады. Бұл әрекет терезенің жоғарғы бөлігіндегі бөлу жолағының көмегімен жүзеге асырылады. Өлшемін өзгерту үшін тінтуірмен бөлу жолағын ұстап, оны қажетті биіктікке дейін тарту қажет.
2.2.4 Жағдайлар жолы
Жағдайлар жолы жұмыс үстелінің астыңғы бөлігінде орналасқан. Ол екі форматтың біреуінде курсордың ағымдағы орны жайлы ақпарат шығарылатын тұрады: X,Y,Z (а) абсолюттік координаталар мәндері немесе соңғы берілген нүктеден(б) келетін «созылмалы» жіптің ұзындығы мен көлбеулік бұрышы.
а) б)

Координаталар панелінің оң жағында сызу байлауыштары режимінің ағымдағы жағдайын көрсететін пернелер орналасқан. Бұл режимдерді сәйкес пернелерге тінтуірдің сол жақ пернесіне шерту арқылы немесе функционалды пернелерге басу арқылы қосып-өшіруге болады. Бұл режимдер суретсалудың негізгі командалары орындалғанда немесе редакциялауда қолданылады да «түссіз» деп аталады.



Кесте 1 «Функционалды пернелердің атқаратын қызметі»


Перне

Жағдайлар жолындағы перне

Сипаттама

F1

-


AutoCAD анықтамалық жүйесінің сұхбаттық терезесін шығарады

F2

-


AutoCAD-тың мәтіндік терезесін шығаруды басқарады

F3

Osnap (Привязка-Байлауыш)

Объектілік байлауыш жұмысын басқарады

F4

-

Планшет режимін басқарады

F5

-


Оң жақ, жоғарғы және төменгі изометриялық жазықтықтар арасындағы өткізгіш

F6

-

Динамикалық ПСК-ПКЖ режиміне ауыстырады

F7

Grid (Сетка-Тор)

Тордың бейнесін басқарады

F8

Ortho (Орто)

Ортогональдық режимді басқарады

F9

Snap (Шаг-Қадам)

Қадамдық байлауышты басқарады

F10

Polar (ОТС-Поляр)


Полярлық ілесу режиміне өтеді

F11

Otrack (Отс-Объект)

Объектілік ілесу режиміне көшіреді

F12

Dynamic input (Динамика)

Өлшемділіктің динамикалық ілесу режиміне көшіреді

Жағдайлар жолының оң жақ шетінде бағыттамасы бар перне орналасқан, оған шерткеде жағдайлар жолында көрсетілген элементтер құрамын басқаруға мүмкіндік беретін меню шығады (сурет 2.6).

Сурет 2.6 – Жағдайлар жолында

көрсетілген элементтер

құрамын басқару менюі
2.3 Анықтамалық жүйені шақыру
AutoCAD – пен жұмыс істеудің кез келген моментінде бағдарлама бойынша электрондық құжаттамаларға өте аласыздар. Ол үшін құлайтын менюден Help пунктін таңдасаңыз жеткілікті. Альтернативті нұсқа – функционалды пернетақтадан F1 пернесін басу, командалық жолда ? символын енгізу немесе инструменттердің стандарт панелінен пиктограммасына шерту қажет.
2. 4 Экрандық меню
AutoCAD – тың кез келген командасын терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан, экрандық (бүйірлік) менюден шақыруға болады. Бірақ үнсіздік бойынша ол көрсетілмейді. Экрандық менюді шығару үшін Tools (Сервис)  Options (Настройка-Күйге келтіру) менюінен, Options (Опции-Опциялар) (сурет 2.7) сұхбаттық терезесін шақыру керек. Display screen menu (Экранное меню) менюінің Display (Экран) бетінде жалаушаны қосып, ОК пернесіне шертеміз.


Сурет 2.7 – а) экрандық меню және айналдыру жолағын шығару режимін реттеу; б) экрандық меню


Осы жерде Display (Экран) бетінде Display scroll bars in drawing window (Полосы прокрутки) деген жерге жалаушаны қосу арқылы айналдыру жолағын шығаруды беруге болады.

Экрандық меню құрылымы иерархиялы (сурет 2.8). Қандай да бір команданы шақыру үшін, сол элементке тінтуір көрсеткішін қойып, шерту керек.



 


Сурет 2.8 – AutoCAD экрандық менюі құрылымы
2. 5 Контекстік меню
В AutoCAD – та тінтуір көрсеткішіне шерту арқылы шақырылатын және командаларға оңай жол ашатын контекстік менюлер кеңінен қолданылады. Контекстік менюдің құрылымы ол шақырылған уақытта қандай команда немесе сұхбаттық терезе ашық тұрғанына байланысты.

Егер жұмыс облысында тінтуірдің оң жақ пернесіне шертсек, онда бірде-бір команда орындалмайтынын көресіздер, ал пайда болған контекстік меню – үнсіздік бойынша берілген контекстік меню деп аталады (сурет 2.9, а). Онда мынадай стандартты операциялар көрсетілген: қиып алу, көшіру, қою, жою, панорамалау және т.б.



Редакциялау режимінің контекстік менюі (сурет 2.9, б) егер сызбада қандай да бір объект таңдалған жағдайда ғана шақырылады, бірақ ешқандай команда орындалмайды. Бұл меню осы объектіні редакциялаудың жиі кездесетін командаларынан тұрады.

Командалық режимнің контекстік менюі (сурет 2.9, в) егер қандай да бір команда орындалса шығарылады. Бұл менюдің құрамы командаға байланысты. Бұл жағдайда контекстік меню колманданың ағымдағы этапының параметрлерінен тұрады.
а) б)



в) г)


Сурет 2.9 – Контекстік меню: а) үнсіздік бойынша көрсетілетін;



б) редакциялау режиміндегі; в) командалық режимдегі; г) соңғы орындалған командалар
Егер қандай да бір сұхбаттық терезені ашсақ, онда контекстік менюдегі командалар құрамы терезе функциялары арқылы анықталады.

Қандай да бір инструменттер панелінің бос жерінде тінтуірдің оң жақ пернесіне шертсек, контекстік меню AutoCAD-тағы инструменттер панелі тізімін береді.

Контекстік менюді командалық жол терезесіне тінтуірдің оң жақ пернесіне шерту арқылы косып, Recent Commands (Последние команды-Соңғы командалар) пунктін ерекшелесек, онда осы ағымдағы сеанста командалардың орындалу тарихын көре аламыз.

2. 6 Суреттерді сақтау
К: _gsave – File  Save құлайтын менюінен шақырылатын сақтау командасы немесе инструменттердің стандарт панелінен пиктограммасына тінтуір арқылы шертумен шақырылады. Gsave командасы аты өзгертусіз, бұрыннан бар суретті сақтауда қолданылады.

Егер сурет жаңа болса және оның аты әлі анықталмаса, онда File  Save As құлайтын менюінен шақырылатын Saveas командасы қолданылады.

Құжат аты Save Drawing As сұхбаттық терезесінің File name жолында беріледі (сурет 2.10).

Сурет 2.10 – Суретті сақтау сұхбаттық терезесі
Жаңа сурет .dwg кеңейтілуімен жазылады. Сурет файлымен бір уақытта оның көшірмесі де сол атпен сол кеңейтілумен .bak автоматты түрде жасалады.

Егер сіз суретті шаблон файлы ретінде сақтайтн болсаңыз, онда AutoCAD бағдарламасы файл атына . dwt кеңейтуді қосады.

Сұхбаттық терезенің сызбаны сақтау сол жақ бөлігінде бірнеше перне орналасқан, солардың көмегімен сақталатын сызба үшін орын таңдауға болады. Бұл пернелер жиыны орналасу тізімі деп аталады.


  • History (Журнал) – бұған дейін қолданылған сызбалар тізімі шығады;

  • My Documents (Мои документы-Менің құжаттарым) – сіздің құжаттар катологыңызда орналасқан сызбалар мен папкалар көрсетіледі;

  • Favorites (Избранное-Таңдаулы) – C:\Documents and Settings\ катологында орналасқан файлдар мен катологтар көрсетіледі. Өз сызбаңызды дәл осы катологта сақтау үшін, оны екі рет шертіңіз;

  • Desktop (Рабочий стол-Жұмыс үстелі) – жұмыс үстелінде сақталған сызбалар тізімі ашылады;

  • FTR - Tools (Сервис) ашылатын тізім көмегімен орнатылған FTR орналасу каталогы шығарылады;

  • Buzzaw – Autodesk компаниясының порталы болып табылатын, www.buzzaw.com сайты ашылады. Онда жаңа тіркеу жазбаларын жасауға және бар жобаларға ену мүмкіндігі алынады.


2. 7 Жұмысты аяқтау

Бағдарламамен жұмысты аяқтаудың ең қарапайым тәсілі Close (Закрыть-Жабу) пернесін қолдану.

Басқа тәсіл – File  Close (Файл  Закрыть-Жабу) менюі командасын қолдану.

Тағы бір тәсіл – File (Файл) менюінен Quit (Выход-Шығу) командасын таңдау.

Егер барлық жасалған өзгерістер сақталса, онда бағдарламадан шығар кезде ешқандай хабарлама пайда болмайды. Қарсы жағдайда экранға AutoCAD сұхбаттық терезесі шығарылады (сурет 2.11), онда пайдаланушыға өзгерістерлі сақтау, олардан бас тарту немесе жұмыс сеансын жалғастырудың біреуін таңдау ұсынылады.

Егер ағымдағы сызбаға ат берілмесе, оны сақтағыңыз келсе, онда Save Drawing As (сурет 2.11) сұхбаттық терезесі ашылады.



Сурет 2.11 – Суреттегі өзгерістерді сақтау сұхбаттық терезесі

LAYER (Слой-Қабат) Меню Формат: Слой…Қабат...

Қабаттарды жасау, күйге келтіру, редакциялау үшін сұхбаттық терезе шақырады
LAYERP (Слойп) Меню Формат: Инструменты слоя-Қабат инструменттері→Предыдущее состояние слоёв-Қабаттардың бастапқы қалпы

Қабаттардың бастапқы қалпын орнына келтіреді. Пернені екінші рет шерткенде, тағы бір қабатқа қайтарылады


LEADER (Выноска-Шығару)

Шығару типті объект салады. Күйге келтіру командалық жолда орындалады



LENGTHEN (Увеличить) Меню Модификация: Увеличить-Үлкейту

Кесінді, доға, полисызық секілді тұйықталмаған объектілер ұзындығын өлшейді, өзгертеді, сол секілді доғалардың ішкі бұрыштарын үлкейтеді немесе кішірейтеді. Объектіні қиып өтетеін қажетті шекара немесе шектің болмауына байланысты, Обрезать-Кесу немесе Удлинить-Ұзарту командаларын қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданылады


Дельта Объектіні берілген шамаға ұзартады немесе қысқартады;

Оң мәні ұзындықты немесе ішкі бұрышты ұлкейтеді, теріс мәні - кішірейтеді



Процент-Пайыз объект ұзындығын бастапқы ұзындықтан пайыздық мөлшерде өзгертеді; Пайыздық мәні 100-ден артық болса объекті үлкейтеді, 100-ден аз болса, онда қысады. Бұрышты бұл параметр көмегімен өзгертуге болмайды

Всего-Барлығы объектің жаңа ұзындағы беріледі

Динамика объект ұзындығы динамикалық режимде өзгереді: объектілік байлауыш көмегімен объектінің соңғы нүктесін көрсетілген нүктеге неғұрлым жақын етіп тартуға болады
LIMITS (Лимиты-Шектер) Меню Формат: Лимиты-Шектер

Әлемдік координаталар жүйесінде сызба жұмыс аумағы лимиттерін (шектерін) өзгертеді және сол лимиттердің сақталуын тексереді


LINE (Отрезок-Кесінді) Меню Черчение-Сызу: Отрезок-Кесінді

Түзу сызықты кесінділер салады


Замкнуть-Тұйықтау кесінділердің сынық тізбегін аяқтайды

Отменить-Жою соңғы салынған сегментті жояды

<Enter> соңғы салынған доға немесе кесіндінің жалғасы ретінде кесінді салады
LINETYPE (Типлин) Меню Формат: Типы линий…Сызық типтері...

Ағымдағы сызбаға әртүрлі сызықтар типін орнатуға және олардың біреуін белсенді етуге арналған сұхбаттық терезені ашады. Екі масштабтық факторды күйге келтіру мүмкіндігі бар


LIST (Список) Меню Сервис: Сведения-Мәліметтер→Список-Тізім

Мәтіндік экранға таңдап алынған объектілер жайлысызба мәліметтер базасынан ақпараттар шығарады

LTSCALE (Лмасштаб) Меню Формат: Типы линий-Сызық типтері→ Диалоговое окно-Сұхбаттық терезеГлобальный масштаб-Басты масштаб

Continuous (тұтас) сызығынан басқа барлық сызық типтерінің басты масштабын өзгертеді


LWEIGHT (Веслин) Меню Формат: Веса линий…Сызықтар салмағы...

Сызықтардың ағымдағы қалыңдығы және басқа да сызық қалыңдығына байланысты күйге келтірулерді орнату үшін сұхбаттық терезе шақырылады


MATCHPROP (Копироватьсв) Меню Модификация: Копирование свойств-Қасиеттерді көшіру

Таңдап алынған объектілер қасиеттерін басқа таңдалынған объектілерге беру үшін көшіреді


MEASURE (Разметить-Белгілеу) Меню Черчение-Сызу: Точкой-НүктеменРазметить-Белгілеу

Берілген интервалды белгілеу нүктелеріне нүкте (үнсіздік бойынша) немесе блок түріндегі объектілерді қоя отырып, таңдалған объектіні белгілейді


MIRROR (Зеркало-Айна) Меню Модификация: Зеркало-Айна

Бастапқы объектілердің симметрия осіне байланысты айнадағы көшірмесін жасайды


MLEDIT(Млред) Меню Модификация: Объект→Мультилиния…Мультисызық...

Мультисызықты редакциялау үшін сұхбаттық терезе шақырады


MLINE (Млиния) Меню Черчение-Сызу: Мультилиния-Мультисызық

Параллель сызықтар жиынынан тұратын мультисызық салады (көп элементті сызық), олар біруақытта бір команда көмегімен салынады. Мультисызық 16 эквидистантты сызықтан тұруы мүмкін, олардың әрбіреуінің өз түсі және типі, арақашықтықтары бар


Расположение-Орналасуы элементті салу нүктелері үшін басты элемент берілуі болуы мүмкін (жоғ/центр/төм)

Масштаб элементтер арасындағы қашықтық масштабын береді

Стиль мультисызықтың ағымдағы стилін анықтайды
MLSTYLE (Млстиль) Меню Формат: Стили мультилиний…Мультисызық стильдері

Мультисызық элементтерінің стильдерін жасау және қасиеттерін анықтау үшін сұхбаттық терезе ашады


MOVE (Перенести-Ауыстыру) Меню Модификация: Перенести- Ауыстыру

Кеңістікте таңдап алынған объектілерді екі нүктемен анықталатын вектор көмегімен орнын ауыстырады (ориентацияларын өзгертпей)


MTEXT (Мтекст) Меню Черчение-Сызу: Текст-МәтінМногострочный…Көпжолды...

Мәтіндік редактор көмегімен (үнсіздік бойынша – AutoCAD-тың енгізілген редакторы) көпжолды мәтіндік объект (мәтіндік абзац) жасалады


NEW (Новый-Жаңа) Меню Файл: Создать…Жасау...

Сұхбаттық терезеде прототип немесе шаблон негізінде жаңа сызба файлын ашады


OFFSET (Подобие-Ұқсастық) Меню Модификация: Подобие-Ұқсастық

Түзусызықты және қисықсызықты, бар объектінің сәйкес объектілеріне эквидистантты (нормаль бойынша белгілі бір арақашықтыққа жылжытылған) объектілерді жасау үшін қолданылады


Смещение-Жылжу арақашықтық санмен беріледі (бұл параметр

үнсіздік бойынша сұралады)



Через-Арқылы арақашықтық жаңа объект өтетеін нүкте арқылы беріледі

Удалить-Алып тастау ерекшеленген объектілерді алып тастайды

Слой-Қабат жылжытылған объектілер орналастырылатын қабат беріледі
OOPS (Ой)

Стереть-Өшіру командасы әрекетінен кейін өшірілген объектілерді қайтарады


OPEN (Открыть-Ашу) Меню Файл: Открыть…Ашу...

Бар сызба файлын ашады


OPTIONS (Настройка-Күйге келтіру) Меню Сервис: Настройка…Күйге келтіру...

Жұмыс ортасы параметрлерін күйге келтіру сұхбаттық терезесін ашады


ORTO (Орто) – F8

X және Y осьтеріне тек параллель объектілер салу және жылжыту режимін қосады


OSNAP (Привязка-Байлауыш) – F3 Меню Сервис: Режимы рисования…Сурет салу режимдері...

Ағымды етілетін бір немесе бірнеше объектілік байлауыштарды орнату сұхбаттық терезесі шақырылады


PAN (Пан) Меню Вид-Түр: Панорамирование в реальном времени-Нақты уақытта панорамалау

Сызбаның экранда көрінетін шектерін сызба көріну өлшемдерін өзгертпей жылжытады


PASTEBLOCK (Встблок) Меню Правка-Түзеу: Вставить как блок-Блок ретінде қою

Алмастыру буферінен блок түрінде ағымдағы сызбаға объектілерді қояды


PASTECLIP (Встбуфер) Меню Правка-Түзеу: Вставить-Қою

Ағымдағы сызбаға Windows алмастыру буферіндегі мәліметтерді қояды


PEDIT (Полред) Меню Модификация: Объект→Полилиния-Полисызық

Объект типіне байланысты түрлі опциялар жиынын ұсына отырып, 2D- и 3D-полисызықты редакциялайды



PLINE (Плиния) Меню Черчение-Сызу: Полилиния-Полисызық

2D-полисызықты салу кезінде әрқайсысының енін өзгертуге болатын, белгілі бір ретпен жасалған түзусызықты және доғалық сегменттерден құралған тұтас объект ретінде жасайды
PLOT (Печать-Басып шығару) Меню Файл: Печать…-Басып шығару...

Сызбаны плоттерге (принтерге) шығару алдында күйге келтіру және алдын-ала көру үшін сұхбаттық терезені шақырады


POINT (Точка) Меню Черчение-Сызу: Точка-НүктеНесколько-Бірнеше

Шартты белгімен белгілеп, DDPTYPE командасының көмегімен типі мен өлшемін ретке келтіре отырып, «нүкте» объектісін жасайды


POLIGON (Мн-угол) Меню Черчение-Сызу: Многоугольник-Көпбұрыш

Жақтар саны берәілген дұрыс көпбұрыш салады. Жақтарының саны – 3-тен 1024-ке дейін


PREVIEW (Предвар) Меню Файл: Предварительный просмотр-Алдын-ала көру

Басып шығаруда қағаз бетінде көрінетіндей түрде сызбаны көрсетеді


PROPERTIES (Окносв) Меню Модификация: Свойства-Қасиеттер

таңдап алынған объектілер қасиеттерін бақылау және өзгерту терезесін шақырады


QDIM (Бразмер) Меню Размер: Быстрый размер-Жылдам өлшем

Біртипті өлшемдер тобын жылдам құруға немесе базалық өлшемдерді және өлшем тізбектерін жылдам құруға арналған


QLEADER (Бвыноска) Меню Размер-Өлшем: Быстрая выноска-Жылдам шығару

Шығаруды тез, әрі қарапайым орындайды. Параметрлері опциясы шығаруды күйге келтіру сұхбаттық терезесін шақырады


QSAVE (Бсохранить) Меню Файл: Сохранить-Сақтау

Сызбаның ағымдағы жағдайын файл атын сұрамай-ақ сақтайды (аты жоқ жаңа сызба үшін файл атын енгізу ұсынылады)


QSELECT (Бвыбор) Меню Сервис: Быстрый выбор…Жылдам таңдау

Түс, объект типі, қабат және басқа да белгілі бір белгілері бойынша объектілерді жылдам таңдау үшін сұхбаттық терезе шақырады


QTEXT (Ктекст)

Мәтін және тікбұрышты контур түріндегі блок атрибуттарының экранда бейнелену режимін қосып өшіреді (көп мәтіннен тұратын құжатты өңдеу үрдісін жылдамдату үшін қолданылады, мысалы,карталар). Параметрлері Вкл / Откл. Ретке келтіру командалық жолда жүзеге асырылады



RAY (Луч-Сәуле) Меню Черчение-Сызу: Луч-Сәуле

Бір бағытта шексіз сәуле-түзу сызық салады. Екі нүкте арқылы беріледі, біріншісі – сәуленің басы, екіншісі - оның бағыты


REC TANG (Прямоуг) Меню Черчение-Сызу: Прямоугольник-Тіктөртбұрыш

Екі нүктесі бойынша тіктөртбұрыш түріндегі полисызық салады, өз күйге келтіру параметрлері бар:


Фаска фаска өлшемдерін орнатады

Уровень-Деңгей Z тұрақты координатасын орнатады

Сопряжение-Түйіндестіру бұрыштарды дөңгелектеу радиусын орнатады

Высота-Биіктік тіктөртбұрыш биіктігін орнатады

Ширина-Ені тіктөртбұрыш сызығы енін орнатады
REDO (Верни-Қайтар) Меню Правка: Повторить-Қайталау

О немесе ОТМЕНИТЬ соңғы командаларының іс-әрекетін қайтарады

REDRAWLL (Освежи-Жаңарт) Меню Вид-Түр: Освежить-Жаңарту

Барлық түр экрандарында, соның ішінде бет кеңістігінде кескіндерді қайта сызады (жаңартады)



REGEN (Реген) Меню Вид-Түр: Регенерировать

Ағымдағы түр экранында кескінді регенерациялайды


REGENALL (Всереген) Меню Вид: Регенерировать всё-Барлығын регенирациялау

Барлық түр экрандарында және бет кеңістігінде кескіндерді регенирациялайды


REGION (Область) Меню Черчение-Сызу: Область-Облыс

Тұйық 2D-объектілерді немесе тұйық тізбек құраушы әртүрлі объектілерді ауыстыру арқылы объект-облыстар жасайды


REVCLOUD (Облако-Бұлт) Меню Черчение-Сызу: Облако-Бұлт

Сызбаға енгізілген ескертулер мен өзгерістерді ерекшелеуге арналған бұлт пішінді тұйықталған полисызық. Параметрлері:


Длина дуги-Доға ұзындығы доға ұзындығын өзгертеді

Объект тұйық объекті өзгерістер бұлтына айналдырады

Стиль бұлттың бір стилін таңдауға мүмкіндік береді

(әдеттегі немесе каллиграфиялық)


ROTATE (Повернуть-Бұру) Меню Модификация: Повернуть-Бұру

Таңдап алынған объектілерді көрсетілген нүкте айналасында берілген бұрышқа бұрады


SAVE (Сохранить-Сақтау)

Сохранить-Сақтау және Сохранить как-Қалай сақта командаларына ұқсас – ағымдағы сызба көшірмесін жасайды



SAVEAS (Сохранить как-Қалай сақта) Меню Файл: Сохранить как…Қалай сақта...

Сұхбаттық терезеде сызба көшірмесін жасайды, ол оригиналдың орнына белсенді болады


SCALE (Масштаб) Меню Модификация: Масштаб

Таңдап алынған объектілер шамасын базалық нүктеге қатысты масштабтық коэффициент көмегімен өзгертеді


SCALETEXT (Масштекст) Меню Модификация: Объект→ Текст-МәтінМасштаб

Мәтіндік объектілерді базалық нүктеге қатысты масштабтайды, базалық нүкте ретінде мәтінді түзету нүктелері ұсынылады


SELECT (Выбрать-Таңдау)

Көрсетілген объектілерден командаларда кейіннен қолдану үшін ағымдағы жиынды құрайды




SKETCH (Эскиз)

«Қолмен» кесінділер (полисызық сегменттері) тізбегі ретінде сынық сызық салады, олардың ұзындығы өсім шамасы арқылы ретке келтіріледі:


Выход-Шығу жасалған траекторияны сақтамай команданы аяқтау. Мұнде уақытша сызық жойылады

Записать-Жазу командадан шықпай тұрып уақытша сызықтарды жазады

Стереть-Өшіру уақытша, сақталмаған сызықтарды өшіру

Продолжить-Жалғастыру эскиздік сызықты алдыңғы сызықтан жалғастырады
SNAP (Шаг-Қадам) – F9 Меню Сервис: Режимы рисования…Суретсалу режимдері...

Қадамдық байлауыш параметрлерін өзгертеді, ол дегеніміз ойға алынған тор түйіндері бойынша курсордың дискретті қозғалысы


SOLID (Фигура-Пішін) Меню Черчение-Сызу: Моделирование-Модельдеу Сети2D фигура

Циклдік режимде боялатын төрт нүкте арқылы анықталатын 2D-пішін салады


SPLINE (Сплайн) Меню Черчение-Сызу: Сплайн

Тегіс қисық сызық салады, ол қандай да бір нүктелер жиыны арқылы салынады


Объект тегістелген 2D- немесе 3D-полисызықты

эквивалентті сплайнға айналдырады


SPLINEDIT (Редсплайн) Меню Модификация: Объект→Сплайн

Сплайндық объектіні тірек нүктелер көмегімен редакциялайды:
Определяющие-Анықтаушылар тірек нүктелердің орны мен мәнін өзгертеді

Замкнуть-Тұйықтау сплайнды тұйықтайды немесе ашады

Перенести-Орнын ауыстыру ағымдағы тірек нүктенің орнын ауыстырады

Исправить-Жөндеу сплайнды коррекциялайды

Обратно-Кейін сплайн бағытын өзгертеді

Отменить-Жою соңғы операцияны жояды

STATUS (Статус) Меню Сервис: Сведения-Мәліметтер→Статус

Сызбаның ағымдағы жағдайы жайлы мәліметтері бар мәтіндік терезе ашады, мысалы, объектілердің жалпы саны, ағымдағы түс және т.б.

STRETCH (Растянуть-Созу) Меню Модификация: Растянуть-Созу

Объектілер тобын қандай-да бір бағытта, олардың конфигурациясын өзгертпей созады. Объектілерді таңдау тек қиюшы рамка арқылы ғана жасалады


STYLE (Стиль) Меню Формат: Текстовый стиль…Мәтіндік стиль

Атаулы мәтіндік стильдерді жасу және оларды өзгерту үшін сұхбаттық терезе шақырады


TEXT (Текст) Меню Черчение-Сызу: Текст-МәтінОднострочный-Бір жолды

Біржолды мәтіндік объектілер сериясын жасайды. Дтекст командасыны ұқсас


TIME (Время) Меню Сервис: СведенияМәліметтер→Время-Уақыт

Суретті жасау және редакциялау уақытын көрсетеді, пайдаланушы таймерін басқаруға мүмкіндік береді


TRACE (Полоса-Жолақтар)

Берілген тұрақты ені бар боялған сегменттер тізбегінен тұратын сызықтар жасайды, олардың нөлдік емес енінде төрт төбес бар



TRIM (Обрезать-Кесу) Меню Модификация: Обрезать-Кесу

Таңдап алынған объектілерді басқа объектілермен қиылысқанға дейін кеседі. Бұл команда үшін Ұзарту командасындағы секілді барлық шақырулар қолданылады


U (О) Меню Правка: Отменить-Жою

Алдыңғы команда әрекетін жояды. Кезекпен осы сеанста қолданылған барлық командаларды жоюға болады



UCS (ПСК) Меню Сервис: Новая ПСК-Жаңа ПСК

Пайдаланушылық координаталар жүйесін жасайды және оларды басқарады


UNDO (Отменить-Жою)

Бірден бірнеше команданы жою үрдісін басқарады. О командасына қарағанда мүмкіндіктері көп

UNITS (Единицы) Меню Формат: Единицы…Бірліктер...

Сұхбаттық терезеде форматты және сызықтық және бұрыштық шамаларды көрсету дәлдігін орнатады, сол секілді блоктар үшін өлшем бірліктер орнатады


VIEW (Вид-Түр) Меню Вид: Ат қойылған түрлер

Ағымдағы түрге ат беру үшін сұхбаттық терезе ашылады



VIEWRES (Настрвид)

Шеңберлер және доғалардың, экранда шеңберді аппроксималайтын көпбұрыш жақтары санын бере отырып, экранда бейнелену дәлдігін және регенерациялау жылдамдығын анықтайды



WBLOCK (Пблок)

Таңдап алынған объектілерді жазу үшін немесе уақытша блокты сызба файлы түрінде жазу үшін сұхбаттық терезе ашады



WIPEOUT (Закрыть-Жабу) Меню Черчение-Сызу: Маскировка-Жасыру

Бар объектілерді ескерту жасау үшін немесе объектілер өзгертілетінін білдіру мақсатында кеңістікті тазалауүшін сурет фоны түсімен жасырады


XLINE (Прямая-Түзу) Меню Черчение-Сызу: Түзу

Шексіз түзулерді алуан түрлі тәсілдермен салады, мысалы, нүкте жәнебағыты немесе бұрыш биссектрисасы


XPLODE (Взорвать-Жару) Меню Модификация: Бөлшектеу

Күрделі объектілерді қарапайым құраушыларға (примитивтерге), олардың қасиеттерін бірден өзгерту арқылы бөлу қызметін атқарады


ZOOM (Зумировать) Меню Вид-Түр: Зумирование

Алуан түрлі опциялар арқылы ағымдағы түр экранында объектілер кескіндерін кішірейтіп, үлкейтіп және жылжытуға мүмкіндік береді






Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет