«Ана – өмір шуағы» Екі жүргізуші ортаға шығады.:

Loading...


Дата22.03.2020
өлшемі24.5 Kb.
«Ана – өмір шуағы»
Екі жүргізуші ортаға шығады.:(әуен ойнап тұрады)

Құрметті Ақ жаулықты аналар

Ұлағатты ұстаздар

Сұлу арулар!

Сіздерді 8- Наурыз Халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз.

Мектепалды даярлық «Ә» тобының мерекелік шарасына қош келдіңіздер!



Әуенмен залға балалар кіреді, қолдарында гүлдер болады.

Мұғалім: Міне, алдарыңызда сіздердің балаларыңыз, еліміздің болашағы, менің шәкірттерім бар өнерін сіздерге арнамақ.
Жұргізушілер: Еңдеше аналарымызды тағы да мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.(хормен)
Алдымен өнер көрсетер аруларымызға кезек берейік

Би: «Қамажай»



Жүргізуші:Жарайсыздар арулар
Мұғалім:– Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?

Балалар: Ана,ана,ана.

Жүргізуші:
Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
1. Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ, жоқ!
2. Ал, тәңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!

Жүргізуші: Әріне, бұл біздің аналарымыз. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:

Тақпақтар [тағы да]

Жүргізуші:Ортада Райымбек улдарыныз «Қошақаным»әнімен қарсы алыңыздар.
Ал,енді кезекті жігіттеріміздің биіне берейік. Би: «Боз жорға»

Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз!
«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» – деп халқымыз текке айтпаған, балаларымыздың әжелеріне арналған өлеңіне кезек берсек

Ән: «Әже»

Орындайтын: Айзере қыздарынызды қарсы алыңыздар.
Ойын: Логикалық есептер

3. Балапанын көгалда


Санай алмай тауық жұр
7 жүр жүгіріп
3 жем тауып жүр
Қанша барлық балапан
Санап берші балақан(10)

Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық, ардақтайық, еш уақытта ренжітпейік.

Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.


Ана- біздің гүліміз
Баларды ұуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

Еңдеше аналарымызға арнап ән айтайық.



Ән: «Аяулы анашым (хормен)
Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...