Алтын орданың қоғамдық құрылымы



Дата18.02.2017
өлшемі444 b.


  • Ұлыс – ел деген мағынаны білдіреді. Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін өзінің 4 баласына бөліп берді. Қазақстан жері оның 3 баласының қол астына қарады. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды.






Алтын орданың қоғамдық құрылымы.

  • • Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: ► Оң қанат - Батый хан билігі. ► Сол қанат - Орда Ежен хан билігі (Жошының үлкен баласы).

  • Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат кұрамына енді. Басқару құрылымы: • Сұлтандар - ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы. • Құрылтай - ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы. Құрылтайда хан жариялау жэне таққа отырғызу рэсімдері жасалды. • Диуан - ең жоғарғы атқарушы орган. Қаржы, салық мэселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды. • Беклербек - эскери істерді басқарушы. • Уәзір - азаматтық істі басқарушы • Мәлік - азаматтық басқару билігін жүргізушілер (түрік эулетінен). • Даруғалар - салық жинады, халық санағын өткізіп, эскер жинады, байланыс қатынасын ұйымдастырды. • Басқақтар - басқару қызметін атқарды, эскери бақылау жүргізді, салық жинады. • Білікшілер, хатшылар - іс қағаздарын жазушылар • Нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер -эскербасылар. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік (ұйғыр) жазуымен жүргізді. XIV ғ. - Алтын Орда мұсылмандық мемлекетке айнала бастады.



Феодалдық жер иелену түрлері.

  • Інжу – Шыңғыс әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер.

  • Сойырғал - әскер немесе азаматтық қызмет атқарғаны үшін шартты түрде сыйға берілген үлестік жер.

  • Вакф – Мұсылман дінбасыларының жері

  • Мильк – Жер иеленудің жеке меншік түрі.

  • Тархандық құқық – улестік жер иелерінің мемлекет пайдасына жиналатын салықтан босатылып, өз пайдасына салық жинауы.

  • Тағар - әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын егін және мал салығы.

  • Ұшыр – мал салығы

  • Харадж – егіншілерден жиналатын салық

  • Зекет – дін басыларына берілетін мал салығы, қолөнершілер мен

  • Саудагерлерге де салынады

  • Аваиз – төтенше салық

  • Әскери міндеткерлік – 10 түтіннен 1 жауынгер алынады.



Алтын орданың гүлденуі мен ыдырауы.

  • ХІІІ-ХІV ғ.-да Алтын Орда күшті мемлекет болды.

  • Батый хан тұсында (1227-1255) Алтын орда Моңғол империясына тәуелді болды.

  • Берке хан (1257- 1267) тұсында тәуелсіздігін жариялады.

  • Мөңке хан (1267-1280) өз атынан теңге шығарды.

  • 1260ж. – Моңғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырады.

  • ХІV ғ.- ң бірінші жартысында Өзбек (1312-1342) және Жәнібек (1342-1357) хандар тұсында мемлекет күшейді. Батыс Еуропамен, Кіші Азия, Египет, Үндістан, Қытаймен сауда қатынасы дамыды.

  • 1312 - Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.

  • 50 ж.-дың ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең” басталды.

  • 1357-1380 жж 25 хан ауысты

  • 1380ж Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.

  • Тоқтамыс(1380-1395) осыны пайдаланып хан болды.

  • 1382 ж. Мәскеуді өртеді.

  • 1389,1391,1395ж. Әмір Темір шабуылдап Алтын Орда әлсіреді.



Алтын Орданың күйреуінің себептері:




Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет