Алматы облысының әкімдігінің 2015 жылғы «25» қыркүйегіндегі



жүктеу 58.18 Kb.
Дата13.06.2017
өлшемі58.18 Kb.



Алматы облысының әкімдігінің

2015 жылғы «25» қыркүйегіндегі

№ 428 қаулысымен бекітілген

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» және Алматы облысының аудандық, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдері мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 6 мамырындағы №4-3/421 бұйрығымен бекітілген «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мекен жайлары стандарттың 13-тармағында қарастырылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге қағаз нысанда жүгінген жағдайда – көлік басқаруға арналған сенімхатқа мөртабан қою немесе дәлелді бас тарту;

2) порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің

іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін қызмет алушы стандарттың 9-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) қызмет берушіге жүгінген жағдайда құжаттардың топтамасын қабылдау және тексеру, оларды тіркеу, өтініштің көшірмесіне белгі қою. Ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің көшірмесін беру;

2) журналға жазба жазу, көлік жүргізуге сенімхатта мөртабан қою, журналға қолтаңба қою. Ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – қағаз нысанда көлікті басқаруға сенімхат беру; порталға жүгінгенде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.

Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты – 1 күн.

6. Стандарттың 9-тармағында айқындалған дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметкерлер қатысады:

- кеңсе маманы – түскен құжаттар топтамасын қабылдайды және тіркейді, оларды инженер-инспекторға жолдайды, одан мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алады және қызмет алушыға береді;

- инженер-инспектор – кеңсе маманынан құжаттар топтамасын қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсетуді орындайды және оны кеңсе қызметкеріне береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде инженер-инспектордан басқа құрылымдық бөлімдердің қызметкерлерінің өзара іс-қимылдары қажет етілмейді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де

көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау


8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығы мен басқа қызмет көрсетушілері арасында өзара іс-қимылдары қарастырылмаған.

9. Портал арқылы жүгінгенде қызмет беруші мен қызмет алушының арасындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Тракторларды және олардың базасында

жасалған өздігінен жүретін шассилер мен

механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл

шаруашылығы, мелиоративтік және жол-

құрылыс машиналары мен механизмдерін,

сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы

машиналарды сенімхат бойынша басқаратын

адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет

көрсету регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;




  • көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және

(немесе) ҚФБ атауы;

- таңдау нұсқасы;


- келесі рәсімге (іс-қимылға өту).


«Тракторларды және олардың базасында

жасалған өздігінен жүретін шассилер мен

механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл

шаруашылығы, мелиоративтік және жол-

құрылыс машиналары мен механизмдерін,

сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы

машиналарды сенімхат бойынша басқаратын

адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет

көрсету регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу схемасы

портал арқылы жүгінген кезде

Көрсетілетін қызметті алушы




Электрондық құжат нысанында сұрау салу қызмет алушының ЭЦҚ мен дәлелденген және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсыну


Көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру немесе дәлелді бас тарту

Тіркелген сенімхат немесе дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің «жеке кабинетіне» жолданады.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет