«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Loading...


Дата15.04.2017
өлшемі140.6 Kb.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 71 қаулысына

21-қосымша

«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды

тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы
(бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – қоса берілген құжаттармен өтінішті тіркеген күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын (бұдан әрі – қаржы орталығына қатысушы) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 
10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тіркеу алымы өндіріп алынады.

Тіркеу алымын төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшының немесе құрылтайшы уәкілеттік берген адамның қолы қойылған қазақ және орыс тілдеріндегі Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушысы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) қаржы орталығына қатысушы жарғысының қазақ және орыс тілдеріндегі үш данасы;

3) құрылтай шартының не жалғыз құрылтайшының қаржы орталығы қатысушысын белгілеу туралы шешімінің қазақ және орыс тілдеріндегі екі данасы;

4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.

Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ мынадай құжаттар ұсынылады:

1) қазақ және орыс тілдеріндегі қаржы орталығының қатысушысы мүлігінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі, қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген органының шешімі немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешімі;

2) бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде - тапсыру актісі, бөліну, бөліп шығару кезінде - қаржы орталығының қатысушысы мүлігінің меншік иесі немесе қаржы орталығының қатысушысын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған қаржы орталығы қатысушысының міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетілген бөлу балансы және қаржы орталығы қатысушысының уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөлу балансын бекіту туралы шешімі;

3) кредиторларға қаржы орталығының қатысушысын қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарланғанын растайтын құжат;

4) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтату үшін мемлекеттік тіркеу алымы бюджетке төленгендігін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.

Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік қайта тіркеу үшін мыналар ұсынылады:

1) қазақ және орыс тілдеріндегі мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш;

2) қазақ және орыс тілдеріндегі қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейтін, қаржы орталығы қатысушысының мөрімен (ол болған кезде) бекітілген қаржы орталығы қатысушысының уәкілетті органының мемлекеттік қайта тіркеу туралы шешімі не шешімінен үзінді көшірме;

3) енгізілген қазақ және орыс тілдеріндегі өзгерістері мен толықтыруларымен құрылтай құжаттарының үш данасы;

4) қаржы орталығы қатысушысының бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары;

 5) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.

Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың тізілімін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда, қатысушыларының құрамы өзгеруі негізі бойынша қаржы орталығының
қатысушыларын - шаруашылық серіктестіктерін қайта тіркеу үшін 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серіктестігінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығы иеліктен шығарылғанын (біреуге берілгенін) растайтын құжат ұсынылады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қаржы орталығының шетелдік қатысу бар қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін қосымша:

1) сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірме немесе шетелдік заңды тұлға - құрылтайшы шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен бірге заңдастырылған басқа құжат;

2) төлқұжаттың көшірмесі немесе қазақ және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен шетелдік құрылтайшының жеке басын куәландыратын басқа құжат ұсынылады.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), және 4) тармақшаларында, екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында, үшінші бөлігінің 2), 3) және 5) тармақшаларында, төртінші бөлігінде, бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттар.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, бюджетке тіркеу алымын төлегенін растайтын құжатты («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

10. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу және қайта ұйымдастыру тәртібін бұзу;

2) қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі;

3) өткізу актісін немесе бөлу балансын бермеу не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы;

4) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) іс-әрекет етпейтін заңды тұлға болып табылса;

5) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жұмыс істемейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектелген деп танылған және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 215, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген не алынбаған соттылығы болса;

6) жеке басын куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсыну;

7) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салулар) болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.



3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық

нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды

тұлғаларын мемлекеттік тіркеу

(қайта тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандартына

қосымша


1-нысан
_________________________

(тіркеуші органның атауы)

Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушысы заңды

тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш


1. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті х жолында көрсетіңіз):

Акционерлік қоғам ______________________________________________

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік _______________________________

2. Заңды тұлғаның атауы: _________________________________________

3. Заңды тұлғаның құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті х жолында көрсетіңіз):

1) иә _______________________ 2) жоқ _____________________________

4. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті х жолында көрсетіңіз):

1) иә ________________________ 2) жоқ ____________________________

5. Заңды тұлғаның мекенжайы: ____________________________________

____________________________________________________________________

(почта индексі, қаладағы аудан, көше, даңғыл, шағын аудан, үйдің, пәтердің, бөлменің (офистің) №, телефон, факс №)

6. Заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтер (тиісті х тармақшада көрсетіңіз):

1) Қазақстан Республикасының азаматы ____________________________

2) шетелдік тұлға _________ 3) азаматтығы жоқ тұлға _________________

Тұрақты тұратын елі _____________________________________________

Т.А.Ә. _________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжат _________________________________

                                   (берілген күні, нөмірі, кім берді)

ЖСН __________________________________________________________

Телефон нөмірі: ________ Факс нөмірі: _________ E-mail: _____________

7. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті х ұяшықта көрсетіңіз):

1) орта кәсіпкерлік субъектісі _____________________________________

2) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________________________________

8. Негізгі қызмет түрі: ____________________________________________

9. Жарғылық капиталдың мөлшері:_________________________________

10. Жарғылық капиталдың түрі (резидент емес үшін):

____________________________________________________________________

11. Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы (тиісті х жолда       көрсетіңіз):

1) жеке тұлға ______________ 2) заңды тұлға ________________________

Заңды тұлға (резидент):

Атауы _________________________________________________________

БСН _____________________ Тіркеу күні ___________________________

Жарғылық капиталдағы үлесі % ____ Салым сомасы _________________

Заңды тұлға (резидент емес):

Тіркелген елі ___________________________________________________

Атауы _________________________________________________________

Субъект заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың

атауы __________________________________________________________

Сауда тізілімінен немесе басқа заңдастырылған құжаттың үзіндісіне сәйкес тіркеу нөмірі _______________________________________________

Тіркелген күні __________________________________________________

БСН ___________________________________________________________

Жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Салым сомасы ________________

Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы):

Т.А.Ә. _________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжат: _________________________________

(нөмірі, берілген күні, кім берді)

ЖСН __________________________________________________________

Тұрақты тұратын елі _____________________________________________

Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ Салым сомасы _______________

Жеке тұлға (шетел азаматы):

Т.А.Ә. _________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжат: _________________________________

                                    (нөмірі, берілген күні, кім берді)

Салықтық тіркелу нөмірі _________________________________________

Тұрақты тұратын елі _____________________________________________

Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ Салым сомасы _______________

12. Жұмыс істейтін адамдардың күтілетін (шамамен) саны ____________

13. Заңды тұлғаны құру алдында ұйым қайта ұйымдастырылған (тиісті х тармақшасында көрсетіңіз):

1) қайта ұйымдастыру______________2) біріктіру ____________________

3) бөліп шығару ____________________ 4) бөліну ____________________

14. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың саны _________

15. Қайта ұйымдастырылған жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:

Заңды тұлғаның бұрынғы атауы ___________________________________

БСН ___________________________________________________________

16. Біріктірілген жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:

Біріктіруге қатысатын заңды тұлғалардың атауы ____________________

БСН ___________________________________________________________

17. Бөліп шығару кезінде мына мәліметтерді көрсету қажет:

Жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан жұмыс істейтін заңды тұлғаның

атауы __________________________________________________________

БСН ___________________________________________________________

18. Бөлу кезінде мына мәліметтерді көрсету қажет:

Негізінде заңды тұлға құрылған заңды тұлғаның атауы ________________

БСН ___________________________________________________________


«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Өтінішке қоса беріледі: ___________________________________________

                                       (құжаттардың тізбесі)


Құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілеттік берген тұлғаның Т.А.Ә. және қолы
20__ жылғы «___» _____________





Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...