«Альфа-Банк» еб ақ visa/Mastercard халықаралық төлем карточкасына жаңғырмалы несиелеу лимитінің түрінде берілетін банктік қарыз шартының (қосылу шартының талаптарымен) жалпы (Типтік) талаптары

Loading...


жүктеу 0.54 Mb.
бет1/4
Дата23.06.2017
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4

«Альфа-Банк» ЕБ АҚ VISA/Mastercard халықаралық төлем карточкасына жаңғырмалы несиелеу лимитінің түрінде берілетін банктік қарыз шартының (қосылу шартының талаптарымен) жалпы (Типтік) талаптары

Осы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ VISA/Mastercard халықаралық төлем карточкасына жаңғырмалы несиелеу лимитінің түрінде берілетін банктік қарыз шартының (әрі қарай – Банктік қарыз шарт) (қосылу шартының талаптарымен) жалпы (Типтік) талаптары Банктің www.alfabank.kz электронды мекенжайы бойынша, сондай-ақ ____________________ (күнін және жариялау тиражын көрсету арқылы баспа жариялымының атауын көрсету) жарияланған және анықталған «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-да (әрі қарай – Банк) «Альфа-Банк» ЕБ АҚ VISA/Mastercard халықаралық төлем карточкасына жаңғырмалы несиелеу лимитінің түрінде берілетін банктік қарыздарды ұсынудың жалпы талаптарын қамтиды, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389 бабында белгіленген талаптарды ескерсек, оның талаптарына толығымен қосылу арқылы екінші тараппен (Қарыз алушымен) қабылдануы мүмкін.


Банктік қарыз шартының талаптары оған қосылған барлық Қарыз алушылар үшін жалпылай міндетті болып табылады.

Қарыз алушының Банктік қарыз шартының (Банктік қарыз шартына қосылу) талаптарын қабылдауы Банктік қарыз шартына (әрі қарай – Шарт) Қарыз алушының осы Банктік қарыз шартына қосылу туралы, қағаз түріндегі нұсқасына Банкке қажетті құжаттар пакетін ұсынғаннан кейін, Несие лимитін алуға, Қарыз алуға Қарыз алушының Сауалнама-өтінішін беруі және Банктің Уәкілетті органының «Альфа-Банк» ЕБ АҚ VISA/Mastercard халықаралық төлем карточкасына несиелеу лимитін Қарыз алушыға бекіту туралы шешімді қабылдағаннан кейін, Банкте қол қойылады.

Банк пен Қарыз алушының арасында Шарт жасалған күннен бастап, Қарыз алушы Шарттың талаптарына толық көлемде қосылады, Банктік қарыз шартының, сондай-ақ Шарттың талаптарын сөзсіз қабылдайды.

Банктік қарыз шарты, Шарт, сондай-ақ Шартқа қосымшалар мен толықтырулар, бір-бірінің ажырамас бөліктері болып табылады, өз алдына бірегей құқықтық құжатты білдіреді, олармен Банк пен Қарыз алушы сөзсіз және даусыз келіседі, және Шарт (Банктік қарыз шартына қосылу) жасасқан кезде, сонымен қатар болашақта, олар бойынша өздеріне қабылдаған міндеттерді растайды.

Осы Банктік қарыз шартын жасасқан күн ретінде Шартты жасаған күн болып табылады.


Осы Шартта қолданылған терминдер мен анықтамалардың түсінігі, Банктік қарыз шартының 6 бөлімінде берілген.

1. БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ

1.1. Қарыздың мақсаттық тағайындалуы – тұтынушылық мақсаттар.

1.2. Банк Қарыз алушыға Несие карточкасына жаңғырмалы лимитті бекіту арқылы (карточканың банктік шоты, Несиелеу лимитінің ең жоғарғы сомасы (санмен және жазумен, валютаның атауы), сондай-ақ Несиелеу лимитінің мерзімі Шартта анықталады), Шарттың талаптарына сәйкес кезекті қолданылу мерзіміне Несие карточкасын қайта шығару мүмкіндігімен Қарыздар береді. Егер Тараптардың бір де бірі Несиелеу лимитінің қолданылу мерзімінің аяқталу күніне қарай Шартты бұзуға ниет білдірмесе, Несиелеу лимитін ұсыну мерзімі кезекті 24 (Жиырма төрт) айға созылуы мүмкін, бұл орайда Несиелеу лимитін әрі қарай пайдалану үшін Қарыз алушы Несие карточкасының қолданылу мерзімі өтіп кетсе, оны қайта шығаруы қажет. Егер осы тармақта көрсетілген, Несиелеу лимитінің қолданылу мерзімінің аяқталу күніне қарай Қарыз бойынша мерзімі өткен Берешегі болса, Банк Несиелеу лимитінің қолданылу мерзімін ұзартпауға құқылы.
1.3. Бекітілген Несиелеу лимитінің шегіндегі Қарыздар жеделдік, төлемдік және қайтарымдылық талаптарымен беріледі.

1.4. Қарызды пайдаланғаны үшін Сыйақы бекітілген және номиналды түрде болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 26 наурыз 2012 жылғы № 137 «Қарыздар мен салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеу (шынайы құны) Ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №7663-мен тіркелген) Шартпен анықталады.

1.5. Сыйақы нақты пайдаланылған, бірақ Несие карточкасы бойынша қайтарылмаған Қарыз сомасына Қарыз бойынша Берешек пайда болған күннен кейінгі келесі күннен бастап, Қарыз бойынша Берешекті қайтару күні аралығында толық көлемді қоса есептеледі.

1.6. Банк Қарыз алушыға несиелеудің Жеңілдетілген мерзімі аяқталғанға дейін Қарыз бойынша Берешектің барлық сомасын өтегенде және Төлем мерзімінде Ең төменгі төлемді толық көлемде уақытында төлеген кезде, Қарыз бойынша алдыңғы Берешекті толық көлемде өтегеннен кейін Қарыз бойынша жаңа Берешек пайда болғаннан кейін не Қарыз бойынша бірінші Берешек пайда болған күннен кейінгі келесі күннен бастап басталатын, несиелеудің Жеңілдетілген мерзімін ұсынады. Несиелеудің Жеңілдетілген мерзімі оның ішінде, Несие карточкалары бойынша Тарифтерде қарастырылған, Банктің комиссияларын алудың салдарынан Қарыз бойынша Берешек пайда болған кезде басталуы мүмкін.

1.7. Төлем мерзімі ішінде (қоса) Ең төменгі төлемді толық көлемде төлемеген кезде, Ең төменгі төлем сомасының өтелмеген бөлігі Қарыз бойынша мерзімі өткен Берешек ретінде танылады, ал Сыйақы төленбеген Ең төменгі төлемге кіретін, Қарыз бойынша Берешектің бөлігін шегере отырып, Қарыз бойынша Берешектің сомасына есептеледі.
2. НЕСИЕЛЕУ ЛИМИТІН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТЕУ ШАРТТАРЫ

2.1. Қарыз бойынша Берешекті өтеу Қарыз алушының карточка Шотынан Ең төменгі төлемнен кем емес мөлшерде Қарыз алушының банктік шоттарын тура дебеттеу арқылы бекітілген Төлем мерзімінің соңғы жұмыс күнінің сағат 17:30 кешіктірмей (Алматы қ. уақыты бойынша) жүзеге асырылады. Ол үшін Қарыз алушы Банк кассасы арқылы қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәртіппен өзінің карточка Шотында Қарыз бойынша пайда болған Берешекті өтеу үшін жеткілік ақша сомасын қамтамасыз етуге міндетті.

Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Банктік қарыз шартының және Шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде Банкке Сыйақы сомаларын және Негізгі қарызды, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын, айыппұлдарды, сондай-ақ осы Шартта қарастырылған басқа төлемдерді, Қарыз алушының барлық банктік шоттарын тура дебеттеу арқылы Шарттың валютасында және/немесе кез-келген басқа валютада осы Шартта көрсетілген мерзімде алуға келісім (толық құқық) береді. Қарыз алушының банктік шотын тура дебеттеуге негіз болатын құжат осы Шарт болып табылады.

2.2. Өтеу тәсілі – жеке: Банктік қарыз шартының 2.1.т. көрсетілген мерзімнен кешіктірмей Ең төменгі төлемнен кем емес.

2.3. Карточка Шотына ақша түскен кезде Қарыз бойынша Берешекті өтеу келесі кезектілікпен орындалады:

1) Негізгі қарыз бойынша, оның ішінде Овердрафт бойынша берешек;

2) Сыйақы бойынша берешек, оның ішінде Овердрафт үшін Сыйақы бойынша;

3) осы Шартқа сәйкес анықталған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, төлемақы өсімі);

4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін Негізгі қарыз сомасы;

5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген Сыйақы;

6) орындауды алу бойынша Банктің шығындары;

7) Банктің Тарифтеріне сәйкес комиссиялар;

8) есептелген Сыйақы сомасы;

9) Негізгі қарыз сомасы;

Жүз сексен жүйелі күнтізбелік күн өткеннен кейін, карточка Шотына ақша түскен кезде, Қарыз бойынша Берешекті өтеу келесі кезектілікпен орындалады:

1) Негізгі қарыз бойынша, оның ішінде Овердрафт бойынша берешек;

2) Сыйақы бойынша берешек, оның ішінде Овердрафт үшін Сыйақы бойынша;

3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін Негізгі қарыз сомасы;

4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген Сыйақы;

5) осы Шартқа сәйкес анықталған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, төлемақы өсімі);

6) орындауды алу бойынша Банктің шығындары;

7) Банктің Тарифтеріне сәйкес комиссиялар;

8) есептелген Сыйақы сомасы;

9) Негізгі қарыз сомасы;

2.4. Егер Банктік қарыз шартының 2.1.т. көрсетілген Қарыз бойынша Берешекті шегерген күні Қарыз алушы Қарыз бойынша Берешекті өтеу үшін өзінің карточка Шотында жеткілікті ақша сомасын мезгілінде қамтамасыз етпесе, онда Қарыз бойынша осы Берешек мерзімін өткізу сияқты жіктеледі және Банк мерзімі өткен әр күн үшін мерзімі өткен төлемнің сомасынан 0,03% мөлшерде мерзімі өткен тоқсан күн өткеннен кейін мерзімі өткен әр күн үшін мерзімі өткен төлемнің сомасынан 0,5% мөлшерде, бірақ Шарттың әрекет етуінің әрбір жылы Несие лимитінің сомасынан 10% асырмай тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы.

2.5. Қарыз алушыға Несие лимитін берумен байланысты Қарыз алушы Банкке Шартта түрі мен мөлшері анықталған комиссияларды төлеуге міндеттенеді. Қарыз алушы төлеуге жататын комиссияларды Банк Қарыз алушының банктік шоттарын (оның ішінде Несиелеу лимитінің қаражаттарынан) тура дебеттеу арқылы алады, оған Қарыз алушы сондай-ақ Шартқа қол қою арқылы өз келісімін береді.

Өз кезегінде Қарыз алушы Шартта көрсетілген комиссияларды төлеу үшін өзінің Банктік шотында қажетті ақша сомасын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

2.6. Банк тұрақсыздық айыбын Шарттың валютасында есептейді. Қарыз валютасына қарағанда, басқа валютада тұрақсыздық айыбын алған жағдайда, Қарыз валютасымен алынған ақшаны айырбастау ҚР Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша төлеген күні жүргізіледі.

2.7. Несиелеу лимитінің қаржыландырудың револьверлі сипаттамасы бар, яғни, әрбір тиісті толық/ішінара өтегеннен кейін автоматты түрде жаңартылады. Қарыз алушы Шартта белгіленген несиелеу Лимитінің сомасы шегінде ақша сомасын тұрақты пайдалана және өтей алады.

2.8. Қарыз алушы Несиелеу лимитін өз қарауы бойынша бір рет немесе бөлшектеп қолдана отырып, Карточка операциясын жүргізу жолымен Несиелеу лимитін қолдануға құқылы.

2.9. Несиелеу лимитін қолдану есебінің мерзімін есептеу Карточка шоты бойынша бірінші Карточка операциясын жүргізген кезден басталады.

2.10. Несиелеу лимитін беру күні мен оны өтеу күні бір күн деп қабылданады.

2.11. Банктік қарыз шарты және Шарт бойынша Қарыз алушының Банк алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету болып: Шартта анықталатын Кепілдіктер және/немес Кепіл (жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлік), сондай-ақ Банктік қарыз шартында қарастырылған тұрақсыздық айыбы. Егер Шартта қамтамасыз ету қарастырылмаған болса, Несиелеу лимиті қамтамасыз етілмей беріледі (бланктік несие).

3. ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ОРЫНДАМАҒАНДА НЕ ТИІСТІ ТҮРДЕ ОРЫНДАМАҒАН КЕЗДЕГІ БАНКТІҢ ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ

3.1. Егер Банктік қарыз шарты және Шарт бойынша Қарыз алушы өз міндеттемелерін орындамағанда/тиісті жолмен орындамаған жағдайда, Банк Қарыз алушыға Шарт бойынша төлемдерді енгізу қажеттілігі туралы және Қарыз алушының өз міндетемелерін орындамаудың салдары туралы мерзімі өткен күннен бастап 30 (Отыз) жұмыс күні ішінде жазбаша мәлімдейді.

Осы бірінші тармақтың бөлігінде белгіленген мәліметтен шыққан талаптарды қанағаттандырмаған жағдайда, Банк Қарыз алушыға төменгі шаралардың бірін қолдануға құқылы:


  1. Төлем талаптарын қою арқылы және/немесе Қарыз алушының атына ашылған, кез-келген банктік шоттарды тура дебеттеу арқылы, соның ішінде және Қазақстан Республикасында және оның аймағынан тыс жерлерде банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын басқа екінші деңгейлі банктерден және мекемелерден Ұлттық Банктің нормативті актілерінің көрсеткіштері белгілеген тәртіпте Қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттарындағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және мемлекеттік бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы түрінде Қарыз алушы алатын Берешек сомасындағы ақшаны алу. Қарыз валютасынан өзгеше, басқа валютада Берешекті алған жағдайда, алынған ақшаларды Қарыз валютасына айырбастау Банктің төлем жүргізу күні белгілеген бағамы бойынша жүзеге асырылады.

  2. Қарыз алушыдан тұрақсыздық айыбының төлемін, қосымша Қамтамасыз етуді (егер Қамтамасыз ету Шартта қарастырылған болса) пайдаланылған Несиелеу лимитінің сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды және есептелген Сыйақыны төлеуді талап ету;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында, Банктік қарыз шартында және Шартта қарастырылған кез-келген шараларды қолдану, оның ішінде Қарыз бойынша Берешек сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап-арызбен жүгіну, оның ішінде Қамтамасыз етуге сот тәртібімен де, соттан тыс мәжбүрлі түрде де (егер Қаматамасыз ету Шартта қарастырылған болса) шегеруді жүктеу, бұл орайда Банктің осыған байланысты барлық шығындары Қарыз алушының шотына жатады.

  4. Қарыз бойынша Берешекті өтеу кезектілігін өзгерту, Тараптардың келісімі бойынша тұрақсыздық айыбының мөлшерін өзгерту, бір жақты тәртіппен Шартты бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа шараларды қолдану.

  5. өз қарауы бойынша картаны тежеу.


4. БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫНЫҢ ЖӘНЕ ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

4.1. Банктік қарыз шарты және Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап өз күшіне енеді және Қарыз алушының Банктік қарыз шарты және Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған кезге дейін қолданылады.


5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ

5.1. Банктік қарыз шартының және Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шарттың ережелеріне сәйкес жауап береді.

5.2. Шартқа қол қоюымен Қарыз алушы Банкке Қарыз алушының Карточка шотынан, сондай-ақ Қарыз алушының атына ашқан кез-келген банктік шоттарынан, сонымен қатар Қазақстан Республикасында және одан тыс аймақтарда банктік операциялардың жеке түрін жүзеге асыратын, басқа екінші деңгейлі банктерден және мекемелерден, Қарыз алушы осы Шарт бойынша міндеттемлердің кез-келгенін бұзған жағдайда, Банк төлем талаптарын қою арқылы не банктік шоттарды тура дебеттеу арқылы ақша алуға келісімін (құқығын) береді.

5.3. Қазақстан Республикасының территориясында және одан тыс аймақтарда банктік операциялардың жеке түрін жүзеге асыратын басқа екінші деңгейлі банктердегі және/немесе мекемелердегі Қарыз алушының шотынан ақша алған жағдайда, Қарыз алушы толық көлемде алумен байланысты Банктің барлық шығындарын төлейді.


6. АНЫҚТАМАЛАР МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР:

Несиелеу лимитіҚарыздың ең жоғарғы сомасы, оның шегінде Қарыз алушы Карточкалық операцияларды орындауға құқылы. Несиелеу лимитінің алғашқы мөлшері Несиелеу лимитінің ең жоғарғы сомасының шегінде Банктің қарауы бойынша белгіленеді және Банк тарапынан бір жақты тәртіппен өзгертілуі мүмкін.

Қарыз (Негізгі қарыз) – Банк белгілеген Несиелеу лимиті шегінде төлемдік, қайтарымдық және жеделдік талаптарымен Карточкалық операцияларды орындау кезінде Қарыз алушы пайдаланатын ақша сомасы, соның ішінде Овердрафт сомасы.

Несие карточкасы – Банк белгілеген Несиелеу лимитімен VISA/Mastercard төлем карточкасы, оның шегінде Қарыз алушының Шарттың талаптарына сәйкес Карточкалық операцияларды орындауға құқы бар.

Карточкалық операциялар – Несие карточкасын пайдалану арқылы орындалатын, төлемдер жасау, аудару немесе қолма-қол ақша беру жөніндегі операция.

Ең төменгі төлем – Қарыз бойынша Берешек сомасынан қажетті мөлшерді және Банк есептеген Сыйақының, тұрақсыздық айыбының, комиссиялардың, Овердрафттың, о.і. мерзімі өткен төлемдердің қажетті мөлшерін құрайтын төлем. Ең төменгі төлем Есептеу күнге ай сайын есептеледі және Үзінді-көшірмеде көрінеді. Ең төменгі төлемнің қажетті мөлшері Негізгі қарыздың сомасына пайыздық қатынаста байқалады және Шартта анықталады.

Есеп-айырысу кезеңі – уақытша кезең, одан шыға отырып Қарыз бойынша сыйақы есептеледі және ол Шарт жасаған күні ай сайын басталады. Осы Шарт шегінде Есеп-айырысу кезеңі бір күнтізбелік күнді құрайды.

Есеп-айырысу күні – Есеп-айырысу кезеңінің соңғы күні, әдеттегідей Шарт жасаған күнге сәйкес келеді, ол кезде Есеп-айырысу кезеңі үшін Қарыз бойынша есеп-айырысады және Үзінді-көшірме жасалады.

Төлем кезеңі - 20 күнтізбелік күнді құрайтын уақытша кезең, оның ішінде Қарыз алушы Ең төменгі төлемді енгізуге міндетті. Төлем кезеңінің басталу күні Есеп-айырысу кезеңі өткен соң басталады.

Үзінді-көшірме – Қарыз бойынша Берешек сомасы туралы, ол болған кезде, Ең төменгі төлем сомасы туралы және Қарызды пайдалану жөніндегі басқа да қажетті ақпарат туралы мәліметті жеткізу мақсатымен Есеп-айырысу кезеңі аяқталған соң Қарыз алушыға Банктің беретін құжаты. Үзінді-көшірме Қарыз алушыға өнімнің талаптарына сәйкес Банктің қолданыстағы қызметтерінің шегінде ай сайынғы негізде Қарыз алушыға жеткізіледі (электронды пошта арқылы, SMS-хабарламамен және т.б.).

Несиелеудің жеңілдетілген кезеңі – Қарыз бойынша бірінші Берешек пайда болған күннен кейінгі келесі Несилеу кезеңі, оның ішінде Ең төменгі төлемді уақытында төлеген кезде және Қарыз алушы Қарыз бойынша Берешектің барлық сомасын Шарттың талаптарымен белгіленген мерзімде қайтарған кезде Қарыз бойынша Сыйақының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады. Егер Шартта қарастырылса, қолданылады.

Тарифтер – осындай операцияларды орындаған күні қолданылатын, Карточкалық операциялар бойынша Банк көрсететін қызметтер үшін тарифтер.

Сыйақы – Қарызды пайдаланғаны үшін Банкке Қарыз алушының төлеуге міндеттелетін ақша сомасы.

Қарыз бойынша берешек – пайдаланылған несиелеу Лимитінің сомасы, несиелеу Лимитін пайдаланған әрбір күн үшін есептелген Сыйақы сомасы, Овердрафт сомасы, сондай-ақ Шартта қарастырылған басқа төлемдер.

Овердрафт – Карточкалық операцияларды орындау кезінде Қарыз алушының несиелеу Лимитін асыруы.

Несиелеу Лимитінің ең жоғарғы сомасы – Шартта анықталатын несиелеудің ең жоғарғы Лимитін құрайтын сома.

Қарыз алушының телефон нөмірі - «Альфа-Банк» ЕБ АҚ VISA/MasterCard негізгі халықаралық төлем карточкасын алуға және банктік ағымдағы шотты ашуға берілген Өтініште көрсетілген, Қарыз алушының ұялы байланыс операторының телефон нөмірі.

Қамтамасыз ету – Шарт және Банктік қарыз шарты бойынша Қарыз алушының Міндеттемелерді тиісті түрде орындауын қамтамасыз ету тәсілдері Шартта қарастырылған (қоса, бірақ шектелмей, Шартта көрсетілген) – барлығы бірге және әрқайсысы жеке-жеке.

7. БАНККЕ АРНАЛҒАН ШЕКТЕУЛЕР

7.1. Банктің құқығы жоқ:

7.1.1. Шартты жасаған күнге бекітілген, Несиелеу лимитіне қызмет көрсету бойынша комиссиялардың және басқа төлемдердің мөлшерін және есептеу тәртібін арту жағына қарай біржақты тәртіпте өзгертуге;

7.1.2. жасалған Шарт шегінде, комиссиялардың және басқа төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіпте енгізуге;

7.1.3. Егер Сыйақы немесе Қарызды өтеу күні демалыс не мейрам күндеріне түсіп және Сыйақы немесе Қарызды өтеу төлемі келесі жұмыс күнінде жүргізілген жағдайда, тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларының түрлерін алуға;

7.1.4. жасалған Шарт шегінде, келесі жағдайлардан тыс, бір жақты тәртіпте жаңа Қарыздарды беруді тоқтатуға:

- Банктік қарыз шартында және Шартта қарастырылғандар, ол кезде Банкте жаңа Қарыздарды беруді орындамау құқы пайда болады;

- Банктік қарыз шарты және Шарт бойынша Банк алдындағы өз міндеттемелерін Қарыз алушының бұзуы;

- қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін, Банктің ішкі саясатына сәйкес Банк жүргізетін мониторингтің нәтижелері бойынша пайда болған, Қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауы;

- Банктік қарыз шартын және Шартты Банктің тиісті түрде орындауына әсер ететін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының өзгеруі.




8. БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫНЫҢ ЖӘНЕ ШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

8.1. Банктік қарыз шартының және Шарттың талаптары, басқасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Банктік қарыз шартында және Шартта қарастырылмаса, бір жақты тәртіппен Тараптармен өзгертіле алмайды.


9. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

9.1. Қарыз алушының құқы:



  • Несиелеу лимитін ішінара немесе толық қолдануға;

  • Карточка шотын толықтыру арқылы Қарыз бойынша Берешекті өтеуге;

  • Несиелеу лимитін нақты қолданған уақыт үшін Сыйақыны төлеумен Қарыз бойынша кез-келген уақытта Берешекті толық төлеуге;

  • Егер Сыйақы немесе Қарызды өтеу демалыс не мейрам күндеріне түскен жағдайда, Сыйақы немесе Қарызды өтеуді тұрақсыздық айыбын төлеусіз және айыппұл санкцияларынсыз одан кейінгі келесі жұмыс күні төлеуге;

  • Шарт бойынша қарызды өтеу шотына түскен кезекті ақшаны (Қарызға, Сыйақығы, комиссияға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдар мен басқа тиісті төлем сомаларына) бөлу туралы ақпаратты жазбаша түрде айына бір реттен жиі емес, ақысыз үш жұмыс күнінен асырмай, өтініш бойынша алуға;

  • Қарыз бойынша барлық Берешекті өтеу мен бұзуды болжаған мерзімге дейін 10 (Он) жұмыс күнінен кешіктірмей Банкке жазбаша өтініш жіберу арқылы Несиелеу лимитін жабу үшін Банктік қарыз шартын және Шартты мерзімінен бұрын бұзуға;

  • Қазақстан Республикасының «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылдың 12 қаңтарындағы Заңында белгіленген мерзімде жауап алу және көрсетілген қызметтер бойынша даулы әрекеттер туындаған жағдайда Банкке жазбаша жүгінуге.

  • Шарттың 9.3.т. сәйкес Шарттың талаптарын бір жақты тәртіппен өзгертуден Банктен хабарлама алған күннен бастап 14 (Он төрт) күнтізбелік күн ішінде Банкке жазбаша жүгіну арқылы Шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту.

9.2. Қарыз алушы Банктің жазбаша келісімінсіз үшінші Тарапқа осы Шарт бойынша өз құқығын беруге құқы жоқ.

9.3. Банктің құқығы:

Шарттың талаптарын Қарыз алушы үшін жақсару жағына қарай біржақты тәртіпте өзгерту. Шартқа қол қою арқылы, Қарыз алушы үшін Шарттың талаптарының жақсаруы болып, жекелеген түрде мыналар болып табылатындығына келіседі:

- азаю жағына қарай өзгеру немесе комиссияларды және Банктік қарыз шартына қызмет көрсетумен байланысты басқа төлемдерді толық алып тастау;

- тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына немесе оны толық алып тастау жағына өзгерту;

- Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесінің азаю жағына өзгеруі;

- Шарт және Банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және (немесе) бөліп төлеу.

- Несиелеу лимитінің Ең жоғарғы сомасы шегінде несиелеу Лимитінің өсуі немесе азаюы;

- Шартта немесе Банктік қарыз шартында қарастырылған басқа да жақстарулар.

Банктің Шарт және Банктік қарыз шартының талаптарын олардың жақсару жағына қарай біржақты өзгертуі туралы Қарыз алушыға хабарлау – Қарыз алушыға хабарлама жіберу жолымен жүзеге асырылады;

- егер Шартта Жеңілдетілген кезең қарастырылған жағдайда, несиелеудің Жеңілдетілген кезеңінің әрекет ету мерзімін көбейту;

- төменде көрсетілген кезектіліктен жоғарыда тұрған кезектілікке дейін Қарыз бойынша Берешекті өтеудің артықшылығын қарастырушы Қарыз бойынша Берешекті өтеудің кезектілігін өзгерту;

Қарыз алушыға Банктік қарыз шартының және/немесе Шарттың талаптары олардың жақсару жағына қарай бір жақты өзгеруі туралы хабарламасы Қарыз алушыға жазбаша хабарлау арқылы не Қарыз алушының телефон Нөмірі бойынша SMS- хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Несиелеу Лимиті өсірілген жағдайда, несиелеудің өсірілген Лимитінің сомасы оны Банк берген күннен бастап Қарыз алушыға қол жетімді болады. Қарыз алушы Банктен хабарлама алған күннен бастап 14 (Он төрт) күнтізбелік күн ішінде несиелеу Лимитін өсіруден бас тартуға, не Қарыз алушы ұсынылған несиелеудің өсірілген Лимитін пайдаланбаған кезде, Банкке жазбаша өтініш жасау арқылы талаптарды басқалай жақсартудан бас тартуға құқылы.



  • болжамды бұзу күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын ол туралы Қарыз алушыға хабарлау арқылы, ҚР заңнамасында, сондай-ақ Банктік қарыз шартында және Шартта қарастырылған негіздемелер бойынша Шартты бір жақты тәртіппен бұзып, несиелеу Лимитін жаңартудан бас тарту;

  • Қарыз бойынша Берешекті Банктік қарыз шартының 2.1.т. белгіленген мерзімде өтемеген жағдайда, сондай-ақ Қарыз бойынша Берешекті өтеуге арналған ақша карточка Шотында болмаған кезде – Қарыз алушының алдын-ала келісімінсіз Несие карточкасын тежеу;

  • Несиелеу Лимитінің қолданылуын тоқтату және/немесе Қарыз алушыдан келесі жағдайларда қоса, бірақ шектелмей, Банктік қарыз шарты және Шарт бойынша барлық міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауын талап ету (Банк жазбаша талапты жіберген кезден бастап он күнтізбелік күн ішінде):

  • егер Қарыз алушының Банктік қарыз шартына және Шартқа сәйкес жасаған (ұсынылған) өтініштерінің, мәліметтерінің және/немесе кепілдіктерінің кез-келгені жарамсыз (жалған) болса немесе Банктік қарыз шартының және Шарттың қолданылу кезінде жарамсыз болып қалса;

  • Қарыз алушыда Қарыз бойынша кезекті Ең төменгі төлемді өтеу үшін қаражаттарының болмауы және/немесе олардың болашақта түспеуі;

  • Қарыз алушының шоттары бойынша шығын операцияларын тоқтату немесе тыйым салу;

  • (егер Шартта Қамтамасыз ету қарастырылған болса) егер Қарыз алушы қандай-болмасын жолмен осы Шарттың және Кепіл туралы шарттың талаптарына сәйкес Қарыз бойынша Қамтамасыз етуді ұсынудан жалтарса;

  • (егер Шартта Қамтамасыз ету қарастырылған болса) Қамтамасыз ету туралы жалған мәліметтерді беру, сондай-ақ Кепіл туралы шарттың талаптарын бұзған кезде;

  • (егер Шартта Қамтамасыз ету қарастырылған болса) Қарыз алушының және/немесе Кепіл туралы шарттар бойынша Қамтамасыз етуді беруші үшінші тұлғаның Шарт бойынша міндеттемелерінің кез-келгенін бұзуы;

  • (егер Шартта Қамтамасыз ету қарастырылған болса) Қамтамасыз етуді жоғалтқан кезде;

  • (егер Шартта Қамтамасыз ету қарастырылған болса) Кепіл туралы шартқа сәйкес осы Шарт бойынша Қарыз алушының Берешектерін өтеу үшін Банк алған ақша жеткіліксіз болған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарыз алушының басқа мүлкін өндіріп алу.

  • Қарыз алушыдан Тарифтерге сәйкес карточка Шоты бойынша орындалған транзакциялар үшін комиссия төлеуін талап ету;

  • осы Шарт негізінде Банкке тиесілі құқық (талаптар) Қарыз алушының одан кейінгі жазбаша хабарламасымен үшінші тұлғаға берілуі мүмкін. Осы Шарт бойынша Банктің құқықтары (талаптары) үшінші тұлғаға ауысуы үшін Қарыз алушының қосымша келісімі талап етілмейді. Банктік қарыз шарты және Шарт бойынша құқық (талаптар) жаңа несие берушіге Банктің құқы ауысқан кезде болған көлемде және талаптармен ауысады.

  • Қарыз алушы ағымдағы жұмыс орнынан (банктік қарызды (несие карточкасын) беруге Сауалнама-өтініште көрсетілген) босаған жағдайда, жаңадан жұмысқа тұруы туралы анықтама бергенге дейін несиелеу Лимитінің қолданылуын тоқтату.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...