Алдын ала тергеу барысында кылмыстык істі қысқарту



жүктеу 0.61 Mb.
бет2/4
Дата31.01.2017
өлшемі0.61 Mb.
1   2   3   4

Бүйрықты немесе әкімді орындау ҚК 37 бабының 1 бөлігінде өз орнын тапқан. Яғни, бүл озі үшін міндетті бүйрықты немесе әкімді орындау жөнінде іс - әрекет жасаған адамның осы кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі, қылмыс болып табылмайды. Мүндай зиян келтіргені үшін заңсыз бүйрық немесе әкім берген адам қылмыстық жауаптылықка тартылады. Ал егер көрінеу заңсыз бүйрықты немесе әкімді орындау үшін қасакана кылмыс жасаган адам жалпы негіздерде қылмыстық жауаптмлыққа тартылады. Көрінеу заңсыз бүйрықты немесе әкімді орныдамау қылмыстық жауаптылыққа үшыратпайды.

З.Айтыпталушының Қылмыс жасауға қатысуының дәлелденбеуі.

Бүл норма ҚР ҚІЖК 37” бабының 2- болігінде және ҚІЖК 269 -бабының 2- бөлігінде корсетілген.

Істі қысқартудың бүл негізін колданумен байланысты сүрақтар заң әдебиеттерінде әжептеуір талқыланып жүр. Кейбір авторлар қылмыстық іс жүргізу заңы бабының тексінде корсетілген бүл негізді тым тар магыналы түсінікте корсетеді. Мәселен, Чангули Г. істі қысқартудың бүл негізінің негізгі мазмүны мен мәні бүрын тағылған айыптауды және тануды қате және жарамсыз бағалау деп қарастырады. Оның пікірі бойынша, қылмыс жасауга айыпталушының қатысуының дәлелденбеуі бойынша қылмыстық іс тек жеке айыпталушыға ( немесе бірнсше айыпталушыға ) қатысты ықсқартылуы мүмкін , ол түтас алганда іс бойынша өндіріс не жалғастырылуы, не қылмыскер табылганға едйін гоқтатыла түруы керек. Чангули Г. қылмыстық істі қысқартуға келесі жағдайлар болған кезде жол беріледі деп болжайды : 1) Егер қылмыс оқиғасы даусыз анықталса ; 2) егер істі қысқартуға қатысты түлға айыпталушы ретінде тартылған болса ; 3) егер осы қылмысты айыпталушы жасады деп корсететін дәлелдемелер жеткілксіз болса және қосымша дәлелдемелер жинауга мүмкіндік жоқ болса немесе қылмыс жасауға айыпталушынын қатыстылыгы даусыз дәлелденбесе.19

Чангули. Недоказанность участия обвипяемого в совершении преступления как процессуальное основание к нрекрашению уголовного дела в сталии ІІрелварительного расследования. -Социалистическая іаконность". 1965. Ю.стр.39

Ал басқа авторлар кылмыс жасауга айыпталушы қатысуының дәлелденбеуі түсінігін кең мағынада түсіндіреді. Жогин Н.В. және Фаткуллин Ф.Н. " негізбенкорсетілген негіз, кандайда бір басқа негіз бойынша оны қысқарту немесе сот ондірісін жалғастыру немесе тоқтата түру мүмкін емес болған барлық істер бойынша қолданылуга тиіс. Қарастырылатын негізбен накты түлганың әрекетінде қылмыс қүрамы белгілері бар болуы туралы қатаң корытынды жасау мүмкін емес кезде, дәлелдеменің жеткіліксіздігіне, карама-қайшылығана күмән болатын барлық жагдайлар біріктіріледі" деп есептейді .20

Біздің пікіріміз бойынша, қылмыс жасауға айыпталушы қатысуының дәлелденбеуі қылмыстык кудалауды ықсқартудың негізі ретінде жеке түлғалар, ал белгілі бір жағдайларда түтас іс бойынша өндірісті қысқарту үшін қызмет етеді.21

Әдетте заңи әдебиеттерде кылмыс жасауга айыпталушы қатысуының дәлелденбеуіне байланысты қмлмыстық қудалауды қысқарту тек оның қылмысқа қатыстылыгы жонінде барлық дәлелдемелер жинау мүмкіндігі зерттелгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін екендігі арнайы корсетілген.22

20Н.В.Жогин, Ф.Н.Фаткуллин. Предварительнос слсдствие ” совеіском уголовном проиессе, стр .

338-339


21А.Я.Дубинский. Основания к прекрашеню УГОЛОІШОГО де.іа в стадии предварительного

расследования. Киев. 1973.стр. 39.



22Давыдов .,Д.Л.Мирский. Прекраіцение уголовных ле.І, стр.64; Н.А. Якубович. Окончание

предварительного следствие. 1965. с.118-119.

Бүл талап шын мәнінде, созсіз, дүрыс бо.іып табылады. Бірақ сүрақтың басқа жағын үмытуга болшйды. Айыпталушы ретінде тартылған түлғаның қүқықтарынын сақталуына көп көңіл бөлу қажет. Сондықтан, істі тергеу барысында айыпталушы ретінде тартылған түлғаға негіз болған дәлелдемелердің маңызы әлсіз немесе а дегенде айып тағу үшін дәлелдемелер жеткіліксіз болган мән

- жайлар анықталса, онда қысқа мерзімде түлғанын қылмыс жасау туралы мәліметтерінің дүрыстығыи тексеру және бүл үшін жеткілікті дәлелдемелерді жинау кажет. Егер мүны орындау мүмкін емес болса, онда қылмыстық кудалауды қыскарту туралы қаулы шығару арқылы айыпталушыны ақтауымыз кажет.

4. Жәбірленугші шағымының болмауы. ҚР ҚІЖК 37 бабының 1 бөлігінің 5 тармағына сәйкес осы Кодекстің 33 бабының 2 бөлігінде және 34 бабының 2 болігінде корсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 33 бабының 1 бо.Іігінде, 34 бабынын 1 бөлігінде көрсетілген қылмыстыр туралы істер боймнша жәбірленуші шагымының болмауы қылмыстық қудалауды жоққа шығаратын мән

- жайларга жатады.

ҚІЖК 33 бабында корсетілген кылмыстар туралы істер жеке айыптау істері деп есептеледі. Тек жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады және айыпталушымен татуласуына байланысты қысқартылуға жатады.

Прокурор жәбірленушінің шагымы болган кезде де, егер әрекет дәрменсіз немесе тәуелді жағдайда түлганын не басқа да себептермен өзінің қүқықтарын пайдалана алмайтын түлғанын мүддесін қозғайтын болса, жеке айыпгау істері бойынша өндірісті қозғауға қүқығы бар.

Ал ҚІЖК 34 бабында корсетілген кылмыстар туралы істер жеке жариялы айптау істері болып есептеледі. Жәбірленушінің шағымы бойынша қозғалады және тек ҚР ҚК 67 бабында көрсетілген жагдайда айыыпталушымен жәбірленушінің татуласына байланысты қасқартылуға жатады. Яғни мүнда айыпталушы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты алгаш рет жасаса, егер ол жәбірленушімен татуласып және жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтырған жағдайда, қылмыстык жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

5. Қылмыстық істі қысқарту туралы соттың күшіне енген

үкімнің болуы не соттын күшін жоймаған қаулысының болуы.

Бүл негіз ҚР ҚІЖК 37 бабынын 1 болігінің 7 тармагында көрсетілген.

"Сот және соттың мәртебесі туралы "ҚР Президентінің зан күші бар Жарлыгына сәйкес сот барлық мемлекеттік және қоғамдық үйымдар, лауазымды түлғалар және жеке азаматтар үшін орындалуға міндетті шешім шығаруға қүқылы. Осы негізгі ережені басшылыққа ала отырып, ҚР ҚІЖК қылмыстык істі қысқартудың бір негізі ретінде соттың занды күшіне енген үкімінін күшін және күшін жоймаган соттын қаулысын карастырады. Сонымен бірге, заң шагарушы осы негіз бойынша істі қыскартудың екі шарты болуын көрсетеді.

Бірінші, бүл айыптау субъектісіне байланысты. Бүл шартты заңды күшіне енген согтың үкімі не қылмыстык қудалауды болдырмауды белгілейтін баска күшін жоймаган еоттың қаулысы, тек осы түлғаға қатысты болу мағынасында түсінуіміз керек. Егер де қылмыс жасауға басқа да түлғалар қатысып, оз кезегінде қылмыстық

жауаптылыққа тартылмаса, онда айтылган сот шешімінің болуы осы тулғаларды айыпталушы ретінде тарту іс бойынша өндірісті жалғастыруға кедергі болмайды.

ҚІЖК 37 бабының 1 болігінің 7 тармағында көрсетілген негіз бойынша қылмыстық істі қыскартудың қүкыққа сай екінші шарты айыптау затына қатысты. Ягни, мүнда белгілі бір айыптау бойынша занды күшіне енген соттың үкімінің болуы туралы соз болып түр. Егер үкім заңцы күшіне енгеннен кейін сотталушының басқа қылмыс жасағандығы анықталса, онда жаңа айыптаудың болуы қылмыстық істі қозғауға негіз болып табылады. Сондай ақ, егер ол бойынша заңды күшіне енген еоттың істі қысқарту туралы қауылысы болса, істі қайтадан қарауга жол берілмейді.

6. Қылмыстық істі қыскарту туралы кылмыстық қудалау органының күшін жоймаған қаулысының болуы.

Прокурордың, тергеушінің, аныктаушынын каулысы, соттың үкімі сияқты жалпы міндеттілік сипатта болады.

Алдын ала тергеу сатысында сол бір айыптау бойынша істі қысқарту туралы күшін жоймаган каулынын болуы, басталган өндірістің жалғасу мүмкіндігін жояды.

ҚР ҚІЖК 37 бабының 1 болігінін 8 тармағында көрсетілген негіз бойынша қылмыстық істі қысқартуга айыіпау субъектісі мен объектісіне қатысты екі шарттыц болуы кезінде ғана жол беріледі. Осы шарттардың біріншісі, тергеушінің, анықтауышының немесе прокурордың қылмыстық істі қысқарту туралы қауылысы жаңа өндіріс барысында іс әрекеті тергеліп жаткан гүлгага қатысты болуы тиіс. Екінші шарты, корсетілгеи күшіп жойліаган қаулы сол айыптауға қатысты болуын корсетеді. Амгылган екі шарт, шынында

істі қысқарту туралы соттың кү.шін жоймаган қаулысында не занды күші бар үкімінде корсетілгендермен бірдей екендігі еш қиыншылықсыз көрініп түр.

Сонымен бірге, қылмыстық істі кысқарту туралы шығарылған анықтама органының, тергеушшін немесе прокурордың қаулысы сот үшін міндетті болып табылмайды.

7. ҚР ҚК көрсетілген қылмыстық істі кысқартуға әкеп соғатын ережелердің болуы.

Қылмыстық істі қысқартудың бү.І негізі ҚІЖК 37 бабының 1 бөлігінің 12 тармагында корсетілген.

Жалпы бүл негіз бойынша істі қысқарту ҚК Ерекше бөлімінін тиісті баптарында арнайы корсеті.нея жагдайда міндетті болып табылады. ҚК Ерекше болімінің мына томенде көрсетілген баптарының ескертулеріне сәйкес қылмыстық іс қысқартылуға жатады:

1. ҚК 125 бабының ескертуіне сәйкес үрланған адамды өз еркімен босатқан адам, егер онын әрекеперінде озге қылмыс қүрамы болмаса, жауаптылықтан босатылады. Өз еркімен босату ретінде кінәлінің жәбірленушіні одан әрі заңсыз \стауға мүмкіндігі болып, бірақ бостандық беру жағдайы тапылады. Бүл бірінші шарты. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың екінші шарты блып, оның әрекетінде өзге қылмыс қүрамының болмауы танылады.

2. ҚК 165 бабында мемлекетке опасыздық жасаган адамды қылмыстық жауаптылықтан босату негізі корсетілген. Бірақ босату екі шартқа жауап берген жағдайда орын алады.

Біріншіден, ол мемлекеттік орындарға ерікті және дер кезінде хабарлауымен немесе озгеше жолмен ҚР мүдделеріне залал келтіруді болдырмауға жәрдемдесуі қажет.

Екіншіден, егер ҚР азаматының әрекетінде өзге қылмыс қүрамы болмауы керек.

Мемлекетке опасыздык үшін ҚР азаматын қылмыстық жауаптылықтан босататын жағдай ретінде ҚР 65 бабының ескертуі 1959 жылғы ҚАЗССР ҚК үқсас ережесінен айырмашылығы, сонымен бірге, шпионажға және билікті күшпен басып алуға немесе үстап түруға да қолданылады.

3. ҚК 231 бабына сәйкес коммерциялык сатып алудың 1 немесе 2 бөліктерінде көзделген эрекеттерді жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылык орын а.Іган болса немесе егер ол қылмыстық іс қозғауға күқығы бар органға сатып алушылық туралы өз еркімен хабарласа, кылмыстық жауаптылықтан босатылады.

4. Терроризм актісінің қоғамга қауіптілігінің жоғарлыгы мен қандай үлкен зардаптарға әкеп соғатынын еске ала отырып, заң шығарушы ҚК 233 бабына ескерту енгізді. Ягни, терроизм актісін дайындауга қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен герроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауга жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс қүрамы болмаса кылмыстық жауаптылықтан босатылады.

5. ҚК 234 бабынын ескеруіне сәиксс кеиілге алынған адамды өз еркімен немесе өкіметтін талап етуі боынша босатқан адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс күрамы болмаган жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

6. Заңсыз әскери қүрамага қатысуын ерікті түрде тоқтатқан және қаруымен әскери жабдығын тапсырған адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс қүрамы болмаса, ҚК 236 бабының ескертуіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

7. Атыс қаруын ( тегі үңғылы аңшы мы.пыгыііан басқа), оқ дәрілерді, жарылгыш заттарды немесе жару күрылғыштарын немесе қанжарларды, фин пышақтарын оз еркімен тапсырған адам, егер оның әрекетінде өзге қылмыс қүрамы болмаса, ҚК251 бабының ескертуіне сәйкес қылмыстык жауаптылықтан босатылады.

8. ҚК 259 бабының ескертуіне сәйкес есірткі заттарды және жүйкеге әсер ететін заттарды оз еркімен тапсырган немесе есірткі заттарды медициналық емес мақсатта түтынуына байланысты медициналық көмек корсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен берген және есірткі заттардын немесе жүйкеге әсер ететін заттардын заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға олардың жолын кесуге, оларды жасаган адамды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлікті табуга белсенді көмек көрсеткен адам, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

9. Зардап шеккендерге көмек корсетуге байланысты жол - көлік оқигасы болған жерден кеткен адам, ҚК 297 бабының ескертуіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

10. ҚК 312 бабының 2 ескертуіне сәйкес, егер лауазымды адам тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмйстық істі қозғауға қүқылы органга өз еркімен хабарласа, пара берген адам, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

11. ҚХ 326 бабында корсетілген ескертуге сәйкес, егер әскерге шақырылушы тергеу органы істі сотқа бергенге дейін әскерге шақыру

пунктіне өз еркімен келсе, ол кылмыстык жауаптылықтан босатылады.

12. Куә, жәбірленуші, сарапшы немесе аудармашы алдын ала анықтау, алдын ала тергеу немесе соттык талқылау барысында сот үкім немесе шешім шығарғанға дейін берген жауаптардың, қорытындының немесе аударманың жалғандыгы туралы өз еркімен мәлімдесе, олардың қылмыстық жауаптылықтан босатылатындығы туралы ҚК 352 бабының ескертуінде корсетілген.

13. Қашу сәтінен бастап жеті күн мерзімде бас бостандыгынан айыру немесе қамау орнына оз еркімен қайтып оралган адам, егер өзге қылмыс жасамаса және қауіп омірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану не осындай күш қолданамын деп қорқыту, қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану әрекетімен үштасып жатпаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Бүл негіз ҚХ бабынын ескертуінде корсетілген.

8. Жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуы. Бүл негіз ҚІЖК 37 бабының 1 болігінің 6 тармағында көрініс тапқан.

ҚІЖК 32 бабының 2 болігіне сәйкес осы Кодекстің 33 бабында көрсетілген қылмыстар туралы істер жеке айыптау істері деп аталады.

Бүл істер жәбірленушінің шагымы бойынша қозғалады және айыпталушымен татуласуына байланысты кысқартылуға жатады.

"ҚР кейбір заң актілеріне қылмыска қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 5.05.2000 жылы қабылданган заңына сәйкес ҚІЖК 33 бабының 1 бөлігіндегі

120 бабында ( бірінші болігінде ) , 121 бабында ( бірінші бөлігінде), 296 бабында ( бірінші болігінде ) корсетілген қылмыстар тиісінше осы Кодекстің 34 бабының I болігіне ауыстырлады.

Шагымды соттың оз өндірісіне кабылдау сәтінен бастап, оны берген адам жеке айыптаушы деп танылады.

ҚІЖК 393 бабының 6 болігіне сәйкес аыптаушының айыптаудан бас тартуына қүқығы бар. Сонымен қатар, жеке айыптауышының немесе оның окілінің сот мәжілісіне дәлелді себептерсіз келмей қалуы қылмыстык істі кысқартуға әкеп согады. Бүл жайғдайда оның келмей қалуы айыптаудан бас тартуы деп бағаланады.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстық істі қысқарту орын алмауы да мүмкін, егер жеке айыптаушынын ( немесе оның өкілінің ) келмей қалуы дәлелді себептермен ( 208 бап 5 бүлігі ) болса.

Жеке айыптаушы айыптаудан бас тарткан жагдайда, жеке айыптау қылмыстық ісі ҚІЖК 37 бабының 1 болігінің 6 тармағында көрсетілген негіз бойынша кысқартылуга жатады.

2.2. Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту

1. Рақымшылық актісінің ( кешірім жасау актісінің ) болуы.

Рақымшылық туралы акті жеке белгісіз түлғалар шеңберіне қатысты ҚР Парламенті шығарады. Ал кешірім жасау туралы актіні заңды күшіне енген айыптау үкімі бар жеке белгілі бір түлғаларға қатысты ҚР Президенті қабылдайды.

Рақымшылық актісі негізінде қылмыс жасаған түлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыс жасап сотталған түлғалар жазадан босатылуы не тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы, не мүндай түлғалар қосымша жаза түрінен босатылуы мүмкін. Жазасын өтеп болған немесе оны одан әрі отеуден босатылған түлғалар рақымшылық актісімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін.

Кешірім жасау актісі кезінде қылмыс жасап сотталған түлғалар жазаны одан әрі өтеуден босатылуы не оған тағайындалган жаза қысқартылуы немесе жазанын жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін. Ал жазасын өтеген түлғалардың соттылыгы кешірім жасау актісімен алынып тасталуы мүмкін.

Рақымшылық немсе кешірім жасау актісін қолданудың міндетті шарты қылмыс қүрамының толық дәлелденуі, оның маңызды элементі - қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған түлғаның кінәсі болуы. Біз, іс жүргізу әдебиеттерінде рақымшылық актіні қолдану кезінде түлғаның кінәсі анықталмауы да мүмкін, яғни бүл жагдайда кінәлілік туралы мәселені шешу міндетті болып табылмайды деген пікірді айтқандармен келісе алмаймыз.23

23Теориясудебных доказательств в советском уголовном процсссе, часть общая , "Юридическая литература", 1966.Стр.449

Мүндай жағдайда азаматтардың қүқықтарына елеулі нұқсан келуі мүмкін. Сонымен қатар, азаматтарды негізсіз кінәлі деп танудан қорғай отырып, күші жүріп түрған заң, егер айыпталушы бүған қарсы болмаса, рақымшылық немесе кешірім жасау актісі салдарынан істі қысқартуга жол беру ережесін белгілейді.

Рақымшылық пен кешірім жасау актісі мазмүнына қарай туыстас түсініктер, бірақ тең мағыналы емес. Кешірім жасау актісі бір түлғаға немесе жеке белгілі бір көп түлғаларға қатысты шыгарылатш болса, ал рақымшылық нормативтік сипаттагы акті ретінде бірқатар қылмыстар санатына немесе актіде жеке белгіленбеген сотталушылар тобына катысты шагарылады. 2 Ескіру мерзімінің бітуі.

Қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіруі ретінде кінәлінің белгілі бір жағдайларда заңмен белгіленген мерзімінің бітуіне байланысты жауаптылыққа тартылмауын түсінеміз.24 Қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру институтының түсінігі және маңызы оқулық және гылыми әдебиеттерде ашылып көрсетілген.25

П.М. Давыдовтын ойы бойынша ескіру - заңмен белгіленген мерзімнің бітуіне байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартудың мақсатқа сайлығының жойылуы және іс міндетті түрде қысқартылуга жатады.26

24Комментарий к уголовному кодексЗ Казахской ССР 27-е изд., доп.Алма-Ата : Казахстаг. 1980

.с. 103


25Например, Советское уголовное право.Общая часть -М: изд .Моск. Ун-та. 1974, с.353 и др;

Смольников В.С. Давность в уголовном праве ,-М.: 1973; Ткачесвкий Ю.М. Давность в

советском уголовном праве .-М.,1978.

26П.М. Давыдов,Д.Я.Мирский.Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе

.Госюриздат. Москва -1963. Стр.ЗЗ

Ескіру мерзімінің бітуі қылмыстық істі қысқартудың негізі ретінде ҚР ҚІЖК 37 бабының 1 болігінің 4 тармагында көрсетілген.

Қылмыс жасаған азаматты үзақ уақыттан кейін қылмыстық жауаптылыққа тарту және оған жаза қолдану қылмыстық іс жүргізуде көрсетілген тәрбиелеу мақсатымен жалпы алдын алу міндеті жағынан алганда, ақтамайды және біздің қылмыстық саясатымыздың адамгершілік бастамасына қайшы келді. Бүл мән - жайға, тіпті, революцияга дейінгі заңгерлер назар аударған ,27

Ескіру қылмыстық қүқықтың институты ретінде заң жүзінде ҚР ҚК 69 бабында реттелген. Қылмыстық заңның айтылған нормалары қарастырып отырылған негіз бойынша істі қысқарту туралы процесуалдық шешімді қабылдау кезінде қатаң сақталуға тиіс шарттарды мазмүндайды. Бүл шарттар қылмыс жасаған түлғаға да, сонымен бірге, қылмыстың сипатына да, сондай-ақ ескіру мерзімін есептеудің тәртібі мен ерекшеліктеріне де қатысты. Сонымен, алдан ала тергеу сатысында іс бойынша өндірісті қысқарту мен қылмыстық жауаптылықтан босатудың осы түрін қолдану келесі шарттарды орындаган кезде заңды және негізді болады:

1) қылмыс жасаган түлғаға қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімін есептеудің ережесі қолданылуы тиіс;

2) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің бітуі тиіс;

3) ескіру мерзімін қолдануға жатпайды, егер түлға ол біткенге дейін жаңа қылмыс жсаса;



27 А. Квачевский Об уголовном прелсдеопании, лознании и предварительном исследовании преступлений по судебным уставом 1864 года - Сиб., 1866.,ч. 1 .с. 333 ; также : Викторский С.И. Русский уголовный процесс ,-М., 1911, с. 173

де жүріс -түрысын есепке алудың өзіндік маңызы бар. Жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру ерікгі сипатта болуы керек. Жәбірленушіге келтірілген зиянның есебін толтыру кез-келген жолмен ( ақшалай өтемақы , материалдық зиянды заттай өтеу, мерзімде немесе көрсетілген мерзімде зиянды өтеуге жеткілікті кепілдіктер беру және т/б ) моральдық, жеке және мүліктік зиянды өтеуді білдіреді. Бірнеше жәбірленуші болган жағдайда, кінәлі барлыгымен татуласы және әрбір жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеуі тиіс.

4. Қылмысты есі-дүрыс емес жағдайда жасау.

Есі - дүрыс еместіктің түсінігі және оның белгілері ҚК 16 бабында көрсетілген. ҚХ 16 бабының 1 бөлімінде : "осы кодексте көзделген қогамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі-дүрыс емес күйде болған, ягни созылмалы психикалық ауру салдарынан, психикасының уақытша бүзылуы, ақылының кемдігі немесе психиканың өзге де дертік есі дүрыс емес салдарынан өзінің іс -әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қогамдык қауіптілігін үғына алмаган адам, қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс," деп айтылган.

Заң есі дүрыс еместіктің екі белгісін белгілейді : 1) медициналық белгі ; 2) заңи белгі.

Түлғаны есі дүрыс емес деп тану үшін медициналық және заңи белгілердің жиынтығы болуы кажет. Тек медициналық немесе заңи белгілердің біреуінің ғана болуы түлғаны есі дүрыс емес деп тану үшін негіз болмайды.

Есі дүрыс еместіктің медициналық белгілері ҚК 16 бабында көрсетілген төрт психикалық қызметтің бүзылуы аурулардың біреуінің болуын болжайды :

а) созылмалы психикалық ауруы;

б) уақытша психикасының бүзулуы;

в) кемақылдылық;

г) психикасының өзге дертке үшырауы

Писхикалық аурудың болуы қылмыстық заңмен көрсетілген іс - әрекетті жасаган түлғаның есі дүрыс еместігі туралы мәселені алдын ала шешпейді. Психикалық аурудың интенсивті дәрежесі әр -түрлі болуы мүмкін және кейде адам өзінің іс -әрекетінің магынасын үғына алуға қабілетсіз жагдайына жетпеуі мүмкін. Сондықтан медициналык белгілер есі дүрыс еместіктің заңи белгілерімен толықтырылады. Тек медициналық белгілер мен заңи белгілердің үштасуы есі дүрыс еместікті қүрайды. Бүл белгілердің біреуінің болмауы түлғаны есі дүрыс емс деп танудың мүмкіндігін жояды.

ҚК 16 бабына сәйкес заңи белгі: интелекгуалдық және еріктілік белгілерден түрады.

Интелектуалдық белгілер, заңда "өзінің іс - әрекетінін (әрекетсіздігінің ) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін үғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам" деген сөздермен көрсетілген.

Есі дүрыс еместіктің интелктуалдық белгісі - психикалық ауру салдарынан ақыл есінің бүзылуын білдіреді.

Заңи белгінің еріктілік белгісі адамның өзінің іс- әрекетін (әрекетсіздігін) басқаруга қабілетсіздігінен түрады. ҚК 16 бабында бүл белгі "немесе оған ие бола алмаған " деген сөздермен көрініс тапқан.

Есі дүрыс еместіктің заңи бе.ІІ ісі үшін оның белгілерінің біреуі не интелектуалдық не еріктіілік белгісінің болуы жеткілікті. Сонымен, адамды есі дүрыс емес деп тану үшін бір уақытта есі дүрыс еместіктің екі белгісі- медициналық белгінің бір белгісі және заңи белгінің бір белгісі болуы қажет.

Қылмыстық заңда көрсетілген қоғамга қауіпті іс-әрекетті есі дүрыс емес күйде жасаган адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады және жазалануға жатпайды. Себебі ол қылмыс субъектісі ретінде таныла алмайды. Мүндай адамға соттың тағайындауы бойынша ҚК 7 бөлімінде көсертілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қоланылуы мүмкін.

Қарастырып отырған негіз бойынша іс қысқартылуға жатады, егер түлғаның өзі және оның қылмыстық іс -әрекеті қоғамға онша қауіпті болмаса. Ал егер, оның өзі және әрекеті қогамға қауіпті болган жағдайда, оның тагдыры басқаша шешіледі. Ягни оған медициналық сипаттагы мәжбүрлеу шара қолдану үшін қаулы шығару арқылы сотқа жібереді.

5. Қылмыстық жауаптылыққа тартылу жасына толмауы.

Бүл негіз ҚР ҚІЖК 37 бабының 1 бөлігінің 10 тармағында көрініс тапқан.

ҚК 15 бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылу жасы он алты, ал кейбір қылмыстардың түрлері үшін он төрт жас болып белгіленген. Бүл қылмыс субъектісінің бір белгісі болып табылады.

Егер кәмелетке толмаған адам ҚК 15 бабының немесе 2 бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтагы қылмысты жасау кезінде өзінің іс - әрекетінің ( әрекетсіздігінің ) іс жүзіндегі сипаты

мен қогамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет