«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

Loading...


Дата22.01.2017
өлшемі34.87 Kb.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»


Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

ММ «Қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»

Мекен-жайы: Кызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 21

Телефон/эл.пошта: 27-35-84/ z.zags@mail.ru








Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);









Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар







Қызмет нәтижесі

Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік (анықтама), енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама)







Қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде







Қызмет ақысы

Мемлекеттік қызмет ақылы/тегін көрсетіледі







Қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіде немесе Орталықта - 1 (бір) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады









Қажетті құжаттар тізімі

1) Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші (бұдан әрі - өтініш);

2) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;

3) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлігі;

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

5) қайтыс болу туралы акт жазбаның тіркелмегені туралы қайтыс болған адамның қайтыс болған жері мен тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда).








Шағымдану тәртібі

Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым бөлімнің басшысының атына жазылады, жұмыс күндері сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13.00-ден-15.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда шағым қала әкімі аппараттары басшысының атына жазылады, жұмыс күндері сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13.00-ден-15.00-ге дейін









Өзге де талаптар

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алу мүмкіндігі бар.









Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығына 7-қосымша

Каталог: upload -> files -> gosuslugi -> Pasport -> kaz
kaz -> «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
kaz -> «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»
kaz -> 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына 27-қосымша «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»
kaz -> Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган мм «Қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
kaz -> «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»
kaz -> «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»
kaz -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
kaz -> «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
kaz -> Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган мм «Қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі»
kaz -> Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган мм «Қалалық білім бөлімі»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...