Қажет болған жағдайда мәтін мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беру



жүктеу 88.61 Kb.
Дата10.05.2017
өлшемі88.61 Kb.
Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі

Экибастузский колледж Инновационного Евразийского Университета

Техникалық және кәсіптік білім беру орны/ организация технического и профессионального образования
ЦӘК мәжілісінде қаралды және бекітілді БЕКIТЕМIН

Хаттама №__ «___»_____2016 ж. ОІ жөніндегі директор орынбасары

ЦӘК төрайымы _____Абрарова Т.Б. __________Б.А.Спанкулова


Бақылау жұмысы

Пәні: «Қазақ тілі»

1курс, ББ-116 тобы

Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Құрастырған: екінші санатты

оқытушы Шариғат А.

Екібастұз 2016

Бастауыш білім беретін топтарындағы қазақ тілі диктант мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіндері: 


- қажет болған жағдайда мәтін мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беру; 
- сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілерін,оқылу интонациясын ескеру; 
- жай сөйлем,құрмалас сөйлемдердің түрлерінің барын анықтау,ондағы екпін,тыныс белгілеріне көңіл бөлу; 
- сызықша,тырнақша тәрізді белгілерді қолдану жүйесі; 
- егер диктанттың мәтінінде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсіндірілмеген қиын сөздер кездессе,онда олар тақтаға жазылады. 
- Мәтінді мәнерлеп оқып шығып,содан кейін жеке сөйлемді оқып жаздыра бастайды.Соңғы сөйлем жазылып болған соң, диктант мәтіні толық қайта оқылады.Соңында мұғалімнің рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын қосымша тексере алады.Диктант мәтінін қайтадан көшіруге болмайды. 
- Бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгілік қателері есептеледі. 
- Жалпы екі баға қойылады, бірінші баға сауаттылыққа,екінші баға грамматикалық тапсырмаларға қойылады. 

Бағалау нормалары. 


«5» деген баға:ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе; 
«4» деген баға:емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе; 
«3» деген баға:емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгі қатесі болса; 
«2» деген баға:емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін; 
Ескерту: бағалау кезінде қатерлердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылды.Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі. 
Диктант мәтініне қойылатын талап: 
а) көлем сынып ерекшелігіне сай болуы тиіс; 
ә) тәрбиелік мазмұны болуы керек; 
б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс бағдарламаға сәйкес болуы керек ; 
в) мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген жөн;

Грамматикалық тапсырмалы диктант сабағының құрылымдық кезеңін шамамен былай көрсетуге болады: 


а) тілдік дайындық(өтілген грамматикалық материалдарды еске түсіру)4-5минут. 
б) диктант мәтінімен таныстыру, жазғызу -30-35 минут. 
в) тексеру, жинау-2-3 минут.

Белгілер мәні: 


/- емле қатесі 
V- тыныс қатесі 
/-азат жол артық қойылған 
?- түсініксіз 
/- қайталанған ойлар, стилдік қателер, сөз қалдырған 
/-жүйе үзілген 
Диктанттың белгіленген нормасы төмендегідей: 
Сөз мөлшері: 
167 сөз

Қаныш Сәтбаев.

Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері туралы біраз кітаптар бар. Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде «Сәтбаев» ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.

Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін. Үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең, дарынды. Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.

Қ.И.Сәтбаев құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың аталған. «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі, кіші планеталардың бірі, Жезқазған облысында қала аталған. (96 сөз)

(Диктанттар жинағы 10-11 сынып. Қостанай 2004 8-бет.)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

ІІІ деңгей


  1. Сызбаға сәйкес сөз тіркесін теріп жазыңыздар.

І нұсқа. Зат есім+етістік ІІ нұсқа. Сын есім+зат есім

2.Берілген сөздердің синонимін, омонимін жазыңыздар.

І нұсқа: Белгілі, еңбек, жүз, аты. ІІ нұсқа: Көмек, бас, кітап, жаз.

3. Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, олармен сөйлем құраңыздар.

І нұсқа.Ұлт, өнеге ІІ нұсқа. білім, атақ

ІІ деңгей

1. Белгіленген сөзге морфологиялық талдау жасаңыздар.

I нұсқа – Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін.

II нұсқа -Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын.

2.Берілген құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар:

I нұсқа- Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. II нұсқа- Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.

І деңгей


1. «Қазақстанның белгілі ғалымдары»деген тақырыбына эссе жазыңыздар.

Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі

Экибастузский колледж Инновационного Евразийского Университета

Техникалық және кәсіптік білім беру орны/ организация технического и профессионального образования
ЦӘК мәжілісінде қаралды және бекітілді БЕКIТЕМIН

Хаттама №__ «___»_____2016 ж. ОІ жөніндегі директор орынбасары

ЦӘК төрайымы _____Абрарова Т.Б. __________Б.А.Спанкулова


Бақылау жұмысы

Пәні: «Қазақ әдебиеті»

1курс, ББ-116 тобы

Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Құрастырған: екінші санатты

оқытушы Шариғат А.

Екібастұз 2016

Бақылау жұмысы

І нұсқа
1. ХІХ ғасырдың бірінші жартасындағы қазақ әдебиеті

2. Дулат Бабатайұлы өмірі шығармашылығы

3. «Еспембет» дастаны.

ІІ нұсқа
1.Исатай қозғалысы.

2. Махамбет Өтемісұлы және оның шығармашылығы.

3. “Менің атым Махамбет”, “Атадан туған аруақты ер”, “Нарын”, “Тайманның ұлы Исатай” өлеңдерінің тақырыбы, идеясы
ІІІ нұсқа

1. Сүйінбай Аронұлы өмірі шығармашылығы.

2. Айтыстары. «Бөрілі менің байрағым»

3. Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Толғаулары «Үш жігіт», «Аңқау мен қу», «Жылдың төрт мезгілі»


ІV нұсқа
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті.

2. Мұрат Мөңкеұлы өмірі шығармашылығы

3. «Үш қиян» толғауы
V нұсқа
1. Ыбырай Алтынсарин-педагог, ағартушы, аудармашы.

2. «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Жаз», «Өзен», «Атымтай Жомарт»

3. Шоқан Уәлиханов шығар-лығы

Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі

Экибастузский колледж Инновационного Евразийского Университета

Техникалық және кәсіптік білім беру орны/ организация технического и профессионального образования
ЦӘК мәжілісінде қаралды және бекітілді БЕКIТЕМIН

Хаттама №__ «___»_____2016 ж. ОІ жөніндегі директор орынбасары

ЦӘК төрайымы _____Абрарова Т.Б. __________Б.А.Спанкулова


Бақылау жұмысы

Пәні: «Қазіргі қазақ тілі»

1курс, ББ-116 тобы

Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Құрастырған: екінші санатты

оқытушы Шариғат А.

Екібастұз 2016

Бақылау жұмысы
І нұсқа


  1. Курстың негізгі мақсаты мен міндеттері, мазмұны. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақ тілінің дамуы.

  2. Фонетика туралы түсінік. Фонетиканың зерттеу объектісі. Тіл дыбыстары, құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары. Интонация.Орфоэпиялық норма.

  3. «Тұзсыз» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз

ІІ нұсқа


  1. Дыбыс туралы жалпы түсінік. Дыбыс және фонема. Фонеманың сөз мағынасын өзгертетіндігі.

  2. Дыбыс жасауға қатысатын сөйлем мүшелері, олардың белсенді түрлері. Тіл дыбыстарының жасалуы

  3. «Басшы» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз

ІІІ нұсқа



  1. Дыбыс және фонема. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары.

  2. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан басты-басты айырмашылықтары

  3. «Жанбады» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз

ІV нұсқа


  1. Дауысты дыбыстар, жүйеленуі. Дауысты дыбыстардың буын құрайтындығы. Тілдің қатысына, еріннің қатысына, жақтың қатысына қарай бөлінуі.

  2. Дауыссыз дыбыстар, жүйеленуі

  3. «Оң қол» - фонетикалық талдау жасаңыз

ІV нұсқа



  1. Дауыссыз дыбыстардың емлесі. Сөз соныңда кездеспейтін дауыссыз дыбыстар.

  2. Үндестік заңы

  3. «Жұмысшы» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз


Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі

Экибастузский колледж Инновационного Евразийского Университета

Техникалық және кәсіптік білім беру орны/ организация технического и профессионального образования
ЦӘК мәжілісінде қаралды және бекітілді БЕКIТЕМIН

Хаттама №__ «___»_____2016 ж. ОІ жөніндегі директор орынбасары

ЦӘК төрайымы _____Абрарова Т.Б. __________Б.А.Спанкулова


Бақылау жұмысы

Пәні: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»

1курс, НОБ – 216 тобы

Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім»

Құрастырған: екінші санатты

оқытушы Шариғат А.

Екібастұз 2016

Бақылау жұмысы

І нұсқа


  1. Қазақ тілі әдістемесі - ғылыми пән.

  2. Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық құрылымы және олардың өзге тілдермен ұқсастығы мен айырмашылығы.

  3. Жалпы дидактикалық принциптер

ІІ нұсқа



  1. Қазақ тілі әдістемесі – тарихи жағынан дамыған, жетілген, белгілі бір жүйеге келген ғылыми пән.

  2. Әдістеменің зерттейтін обьектісі, мақсаты, зерттеу әдістері, қалыптасқан жүйесі.

  3. Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу әдістері.

ІІІ нұсқа




  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдісі.

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алға қойған мақсаты.

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі кезеңдері.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет