АҚжан машани атындағы базалық білім беру институты қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық ПӘндер кафедрасы құрметті әріптестер



жүктеу 22.42 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі22.42 Kb.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ


АҚЖАН МАШАНИ АТЫНДАҒЫ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

Құрметті әріптестер!

2015 жылы 15 желтоқсанда қазақстандық философияның кемеңгері, Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚР ҰҒА-ның академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Кішібеков Досмұхамед Кішібекұлының туғанына 90 жыл толады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті 2015 жылдың 15 желтоқсанында осынау мерейлі күн құрметіне «Қазақ өркениеті: өткені, бүгіні, болашағы» тақырыбы аясында Республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Д.К.Кішібеков қазақстандық философияның, мәдениеттанудың, тіл философиясының, көшпенділік тарихының, Қазақстанның ұлттық идеясының және т.б. дамуына үлкен үлес қосты. Ол отандық философия және қоғамдық-тарихи ғылымы мойындаған кемеңгері.

Академик Д.К. Кішібековты құрметтеу шаралары аясында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті ғалымның мерей тойына арналған «Қазақ өркениеті: кеше бүгін және ертең» тақырыбы аясында өтетін конференцияның материалдар жинағын шығарады және сіздерді конференцияға белсене қатысуға шақырады.

Конференция жұмысын және материалдарды жариялау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:



  • Академик Д.К.Кішібеков шығармашылығында философия мәселелерінің зерттелуі;

  • Қазақстан философиясы тарихы: мемлекеттілік, саясат, құқық;

  • Көшпенділер өркениеті: кеше, бүгін, ертең;

  • Қазақ менталитеті: кеше, бүгін,ертең;

  • Тәуелсіздік философиясы: «Мәңгілік Ел» және қазіргі заманғы Қазақстанның идеологиясы;

Мақалаларды төмендегі электрондық поштаға жіберу керек:

philosophia@inbox.ru / Assylek_90@mail.ru

Қатысуға өтінім және материалдар 2015 жылдың 25 қарашасына дейін қабылданады.

Мақалалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тегін жарияланады және төмендегідей ресімделуі тиіс: көлемі Ф4 форматында 5 бет, мәтіндік редактор Microsoft Office Word, шрифт TimesNewRoman, KZ, кегль 14, парақ: жоғарысы – 2,5 см, төмені – 2,5 см, сол қанаты – 3см, оң қанаты – 2 см, абзацтық шегірім – 1 см.

Мәтіннің ортасында – тақырып атауы бас әріптермен, жартылай боялған, одан бір интервал төмен автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны беріледі.

Мәтіннің соңында – қазақ (орыс, ағылшын) тілінде түйін сөз.

Сілтемелер мәтіннің соңында беріледі.

Мәтін автор тарапынан мұқият тексеріліп, редакциялануы тиіс.

Мәтінге автор туралы қысқаша мәлімет: Аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны, қызметі, үй және жұмыс телефондары, мақаланың атауы тіркеледі.

Ұйымдастыру комитеті мәтіндерді таңдау құқығына ие екенін ескертеді.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Егер сіздерді осынау ақпарат қызықтырған болса, мекен-жайымызды хабарлаймыз: 490050, Алматы қ., Сатбаевк-сі 22, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

Анықтама үшін телефон: 8 (727) 257-71-95, ішкі байланыс. 72-72, 8(705)563 02 92



Ұйымдастыру комитеті




Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет