Ақжайық ауданы әкімі аппараты, бірыңғай конкурстық комиссия құрылған Ақжайық ауданының бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін



жүктеу 62.77 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі62.77 Kb.
Ақжайық ауданы әкімі аппараты, бірыңғай конкурстық комиссия құрылған Ақжайық ауданының бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына бос орындарына орналасуға ОСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ІШКІ КОНКУРС жариялайды

090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 70 үй, 29 бөлме, анықтама телефоны: 8 (71136) 91-2-44, 91-8-23, эл.мекенжай: akimakzhaik@inbox.ru.


  1. Чапаев ауылдық округі әкімінің орынбасары, «E–G-1» санаты, индекс 34-01, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 122425 теңгеден 164898 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Гуманитарлық, білім, ауылшаруашылық ғылымдары, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары білім.

Функционалдық міндеттері: Ауылдық әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын дайындауға қатысу, оның орындалуын қадағалау. Қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың ауылдық окргуте орындалуына талдау ақпараттық анықтамалар әзірлеу. Мемлекет басшысының, Үкіметтің заң актілерінің, облыс аудан әкімдерінің, олардың орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау жұмыстарына өз функционалдық міндеттері шеңберінде қатысу, кеңес беру. Ауылдық округі әкімі аппаратында қызмет бабында жүргізіп отырған іс-қимылдарының заңдылығын өз құзыреті шегінде қадағалау. Ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстарына қатысу, іс қағаздармен жұмыс істеу. Азаматтардың жеке мәселелерімен айналысу. Жұмыссыздық, қоғамдық жұмыс, жаңа жұмыс орындарын ашу, кедейшілікпен күрес жұмыстарын бақылауда ұстау. Қоғамдық тәртіп, ауылды көгалдандыру, аббаттандыру жұмыстарын және ауылдың тазалығын сақтау жұмыстарын реттеу. Бау-бақшаға жер қарастыру жұмыстарымен айналысу. Ауылдың коммуналдық-шаруашылық саласындағы жұмыстарды үйлестіру. Ауылдық округі әкімінің өткізген кеңес, отырыстарда туындаған тапсырмалардың орындалуын бақылау. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкесті Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің шешімдері, өкімдерінің және облыстық, аудандық әкімдік қаулыларының орындалуын бақылайды.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;*

      6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.*



Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

      Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:



  • нысан бойынша жазылған өтініш (конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны қосымша тіркелді);

  • тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған

қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесуге басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Ақжайық ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы
Нысан

 

______________­­­­­­________________________



______________________________________

(мемлекеттiк орган)



Өтініш

Мен _____________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________
_____________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________


Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________________

__________________________________________________________________________


 

__________                   ____________________________________


(қолы)                           (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«____»_______________ 20__ ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет