«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 91.1 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі91.1 Kb.

Павлодар облысы әкімдігінің

2016 жылғы «2» ақпандағы

№ 22/1 қаулысымен

бекітілді



«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының Павлодар обласындағы филиалы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы қойылған және мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 бұйрығымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар және белгіленген нысан бойынша өтінім көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін негіз болып табылады.

5. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын беру және мемлекеттік қызметті көрсету операторының көрсету нәтижелерін алу сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 43 (қырық үш) жұмыс күні.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері оператордың өтінімін құжаттар топтамасымен бірге қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдағаны туралы өтінімнің расталған көшірмесін береді – 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы корсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімін анықтайды – 1 (бір) жұмыс күні;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтайды – 15 (он бес) минут;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы оператордың құжаттар топтамасын сараптау комиссиясының қарауына дайындайды. Сараптау комиссиясының мүшелері өтінімді қарайды, субсидия есебін жүргізеді, инвесторлар объектілерін қарауға шығады, инвестициялық субсидиялаудың тиісті/тиісті емес жобасы туралы қорытындыны дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы операторға сараптау комиссиясының құжаттарын жібереді – 6 (алты) жұмыс күні;

5) оператор сараптау комиссиясының қорытындысымен бірге инвестициялық субсидиялау бойынша жобалар дайындайды. Өтінімдегі мәліметтерді анықтау мақсатында комиссия инвестордан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұрайды. Комиссияда сұралатын ақпараттарды инвестордың ұсыну мерзімі комиссияның хаттама шешімінде көрсетіледі (бірінші кезең). Инвестор салыстыру үшін растайтын және құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқасын комиссияның екінші кезеңінде қарау үшін операторға ұсынады – 33 (отыз үш) жұмыс күні;

6) комиссия көрсетілетін қызметті алушылардың ереженің критерийлерімен талаптарына сәйкестігін инвестициялық жоба бойынша өтінімдерді қарайды. Комиссия инвесторға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну туралы шешім қабылдайды. Комиссия операторға жұмысшы органының мөрімен расталған, комиссия мәжілісі хаттамасының үзінді қошірмесін береді – 3 (үш) жұмыс күні.

7) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібінің (әрекет) нәтижесі-инвестициалық субсидиялау бойынша облыс әкімнің орынбасары торағалығымен өткен комииссия отырысы мен комиссия хатшысы қол қойған және мөрімен растаған хаттама болып табылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімінің басшысы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;

5) оператор;

6) комиссия.

9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсетумен берушінің көрсетілетін қызметті құрылымдық бөлімшілері (қызметтерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасында келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де

көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен«элетрондық үкімет» «www.egov.kz» арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған

шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы

Комиссия


Оператор

Көрсетілетін қызметті алушы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы


Инвесторге мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну туралы еім қабылдайды,

комиссия хат-шысының қолымен комиссия мәжілісінің хаттамасынан үзінді, операторға жұмысшы орга-нының расталған мөрімен жібе-ріледі – 3 (үш) жұмыс күні


1) Критерийлер және ереже талаптарын тиісті көрсетілетін қызмет берушілер комиссиясы қарауына инвестициялық субсидия бойынша жобаларды дайындайды;

2) инвесторға (біріні кезең) қажетті ақпаратты жазба нысанда сұрайды;

3) инвестор салыстыру үшін растайтын және құқық белгілейтін түпнұсқаны комиссияның екінші кезеңіне қарау үшін оператор ұсынады. Комиссия мәжілісін оның мүшелерін шақыру туралы жазба хабарлама жібереді – 33 (отыз үш) жұмыс күні

Сараптау комиссиясы қарауына оператордан құжаттар топтамасын дайындайды. Сараптау комиссиясының мүшелері өтінімді қарайды, субсидия есебін жүргізеді, инвестор объекті-лерін қарауға шығады, тиісті/тиісті емес инвестицилық субсиди жобалары туралы келісімарт дайындайды – 6 (алты) жұмыс күні

6 (алты) жұмыс күні



Көрсетілетін қызметті берушілердің жауапты маманын анықтайды, құжаттар өтінімге жұмыс үшін рұқсат береді – 15 (он бес) минут

Көрсетілетін қызметті берушілердің жауапты бөлімін анықтайды, өтінімге қарау үшін рұқсат береді – 1 (бір) жұмыс күні

Оператордан құжаттар топтамасымен өтінімдерін қабылдайды тіркейді.

Құжаттарды қабылдау туралы өтінімдердің расталаған көшірмесін береді – 15 (он бес) минут

Өтініш


Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесі


Шартты белгілері




Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуді бастау және аяқталуы;




Көрсетілетін қызметті беруші рәсімінің (іс-қимылының) атауы;




Келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет