Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған



жүктеу 0.82 Mb.
бет4/5
Дата24.05.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5

Сөйлеуге үйрету әдістері



Материал дайындау



Мақсаттары мен міндеттері










Сөйлеудің екі түрі бар: монолог және диалог.

Монологты үш кезеңнен тұрады:


  1. Хабарлау

  2. Айту

  3. Талдау

Ағылшын тілінде дұрыс сөйлем құруды үйренбей тұрып, сөйлеуді үйрену мүнкін емес.

Мынадй жаттығуларды жасауға болады:

Оқушыларды жағдайға байланысты үлгі беріледі.

Үлгі-сөйлем әртүрлі сөздермен толықтырылады.

Мысалы: 1. I can see a Ә.

2. I can see a Ә.



  1. I am fond of Ә.

  2. I am fond of Ә.

Мынадай жаттығуларды орындауға болады.

  1. Ауыстыру – I have a pen (a book..)

  2. Толықтыру- I have an interesting book.

  3. Өзгерту- He has a book. He has no book.

  4. Толықтыру, дамыту- I have an interesting book at home.

  5. Аяқтау- If I have time I’ll…..

Улгіні әбден дағдыланғанша үйрету қажет.

Мұғалі оқиғалық жұмыс.



  1. Give it a name.

T: We write with it.

P: It is a pen.

T: мысықтың суретін үнсіз көрсетеді.

P: This is a cat.

Make a negative statement.

T: I live in Gorky Street.

P: I do not live in Gorky Street.

T: He likes to play hockey.

P: I don’t like to play hockey.

Ағылшын тілінде хабарлама жасап, сөйлеп үйренгеннен кейін оқушылар сөйлеуге және талдауға үйренеді.

Жазуға үйретуде кедесетін қиындықтар


  • Жазуға үйретудің жолдары

  • Жазу жұмыстарының түрлері

  • Оқу – сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерінің бірі

  • Дауыстап оқуға үйрету

  • Іштей оқуға үйрету

  • Оқуға үйрету әдістері

  • Оқуға қойылатын негізгі талаптар

Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:

Грамматикадан берілетін мағлұматтарды бекітіп сауатты жазуға дағдыландыру үшін түрлі жаттығу жұмыстары, ағылшын әліпбиін дұрыс білу, дыбыстардың айтылу түрлерін, оның фонетикасын дұрыс айта білу, орфографиясын, орфоэпиясын білу, сұрақтарға жауап беру, жұрнақтары көрсетілмей берілгенің дұрыс жазу, тірек сөздерден сөйлем құру, түрлі диктант, мазмұндама, шағын шығарма оқыту жұмыстары жүргізіледі.








Жазу - ағылшын тілін оқытудағы қиын және маңызды іскерлік, жазу арқылы оқушылар ағылшын тіліндегі әріптерді, дыбыстарды қолдануға үйренеді, сөз қорын кеңейтеді, сөйлеу, оқу, тыңдап түсіну іскерліктерін дамытады. Жазу іскерлігіне коллиграфия, орфография және шығарма кіреді. Жазу өте қиын іскерлік болғандықтан, оны төмендегі бірліктерді дамыту арқылы үйрету керек:

  1. Ағылшын әріптерін жаза алу біліктілігі

  2. Дыбыстарды әріптерге немесе әріптер қосындыларына өзгерте алу біліктілігі

  3. Сөздердің, фразалардың, сөйлемдердің орфографиясын түзей алу біліктілігі

  4. Өздерінің ойларын жеткізу үшін әртүрлі жаттығулар жасай алу біліктілігі

Төмендегідей факторлар жазу біліктілігін дамытуға өте қажет:

  1. Дыбысты, сөзді, фразаны немесе сөйлемді тыңдау арқылы қабылдау;

  2. Жазылып жатқан дыбыстың, сөздің, фразаның және сөйлемнің айтылу жолдарын /артикуляция/ білу;

  3. Айтылып жатқан әріптерді, әріп қосындыларын көзге елестете алу;

  4. Жазу әрекетіндегі қол бұлшықетінің жұмысы.

Соынмен, жазуға көз құлақ, бұлшық ет, қолдың бұлшықеті, тіл, көмей қатысады. Ақтық маңызды факторлардың бірі – дұрыс жазудың қалыптасуы үшін керекті ережелерді білу.

Жазуға үйретуде кездесетін кейбір қиыншылықтар.

Ағылшын тіліндегі а, о, е, п, м, д, х, т, н әріптерін жазу мемлекеттік тілде оқытылатын балаларға қиын емес, себебі бұл әріптер мемлекеттік тілде кездеседі. Ал, s, r, l, g, f, q сияқты әріптер таныс емес болып көрінеді. Сондықтан, сабақ үстінде бұл әріптерді дұрыс жазғызу үшін көп жаттығулар жасау керек.

Оқушылардың ағылшын сөздерін қолды үзбей бір-біріне тіркестіріп жазуы қиын, сондықтан кішкентай әріптерді қолын алмай жазғызу үшін көп жаттығу керек.

Мемлекеттік тілде оқытылатын балаларға ағылшын орфографиясы көп қиыншылық келтіреді.

Әртүрлі сөздердегі әртүрлі әріптердің немесе әріптер қосындыларының оқылуы кейде бірдей болады:

Eye – I


Road – rode

Write – right

Tale – tail

Әріптердің көбір кейбір сөздерден оқылады, ал кейбір сөздерде оқылмайды.

Build - suit

Laugh – brought

Help – hour

Ағылшын тіліндегі әріптердің айтылуы мен орфографиясының сәйкес келмеуінің себебі ағылшын тілінде әріптерден көрі дыбыстар көп, 26 дауысты дыбыс және 6 дауысты әріп бар. Сондықтан busy, daughter, language, beautiful, foreign деген қиын сөздерге назар аудару керек. Ағылшын орфографиясын білу үшін, оның заңдылықтарын жақсы білу қажет. Оқушылар мыналарды білуі тиіс:



  1. У әрпіне аяқталған сөздерге s жалғауының қосылу жолдарын:

Day – days

Stay – stays

Бірақ: city – cities, study – studies дауыстыларға «ed» жалғанады

Play – played

Carry – carried

Дауыстыларға ing жалғау:

Write – writing

Dig – digging

Play – playing

Stand – standing

Сын есімнің шырайларының жалғаулары: er, est:

Clean – cleaner – the cleanest

Large – larger – the largest


  1. Дауыссыздың қосарлану жолдары:

Sit – sitting

Thin – thinner

Swim – swimmer


  1. Негізгі сөз құрайтын жұрнақтар:

«Ful», «less», «use», «useful», «useless»

Шығарма хат арқылы өз ойларын жеткізу балаларға қиын, себебі оқушылар дұрыс сөздерді, грамматикалық формаларды табуда көп қиналады.



Жазуға үйрету. Шет тілін үйретудегі өте маңызды және күрделі жұмыстардың бірі – жазу.

Ағылшын тілін жазуға үйрену дегеніміз – сол тілдің әріптік және дыбыстық жүйесін білу, оны сөйлей, айта, қолдана білу. Жазу каллинһграфиядан,орфографиядан және шығарма жаза білуден тұрады. Жазуды үйрену мынадай дағдыларды білуден тұрады:



  1. Алғашқы алфавиттің әрпін жаза білу дағдысы

  2. Дыбыстарды жаза білу дағдысы

  3. Сөз және сөйлемдер орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы.

  4. Әртүрлі жаттығуларды орындай білу дағдысы

Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап етіледі:

  1. Сөзді тыңдай білу

  2. Сөзді айта білу

  3. Көру факторы

  4. Қолдын саусақтарын дұрыс пайдалану

Сонымен жазу процессінде адамның сезіну мүшелері – көз, құлақ, тіл, сөйлеу мүшелері қатысады.

Жазуға үйретудің жолдары. Оқушыларды шет тілінде әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді жазуға үйрету үшін көп жаттықтыру, жақсы үлгілермен таныстыру керек.

Каллиграфияға оқытудың кезеңдері:


  1. Мұғалім балаларға карточкада жазылған үлкен және кішкентай әріпті көрсетеді.

Мысалы: Bb

Карточканың бірінші бетінде әріптер жазылған болса, екінші жағында сөздер жазылады.

Мысалы: Bb – Bed, book.


  1. Мұғалім тақтаға сөзді жазып көрсетіп, қиын жерлерінің жазылуын түсіндіреді. Мысалы, Q әрпін қолды қағаздан айырмай жазу керек, тек құйрығын жазғанда ғана қолды қағаздан айыруға болады, «r» әрпін жазғанда оны «v» әрпімен ұқсастырмау керек, «b» мен «d», «p» мен «q» әріптерін шатастырмау керек екенің түсіндіріп, мұғалім осы әріптері бар сөздерді жазады.

Әріптерді, сөздерді жазғанда мұғалім өзінің әр қимылын түсіндіруі керек, ал балалар сол қимылдарды бірінші ауада, содан кейін дәптерлерінде қайталайды.

  1. Мұғалім балалардан әріптерді, сөздерді жазуды талап етеді, ал өзі әр балаға жақындап жазуға көмектеседі. Жазу қабілетін дамыту үшін бала үйде де әріптерді, сөздерді жазуға жаттығады.

Оқушыларды таза, жақсы жазуға үйрету үшін мұғалім өзі жақсы жаза алуы керек. Тақтадағы көрнекі құралдар да өте жақсы талапқа сай жазылуы керек.

Орфография, қатесіз жазу, әріптерге бөОрфография, қатесіз жазу, әріптерге бөліп жазу. Жазуға үйрету және орфографияда кездесетін қиыншылықтарды жою үшін мұғалім төмендегідей жаттығуларды жасата алады:



  1. Көшіру

а) ұқсас сөздер: room – spoon – moon

ә) естілуі ұқсас жазылуы әртүрлі сөздер:

Two – too

Sea – see

One – won

Оқушылар бұл сөздерді жазғанда оның құрамындағы әріптерді атауы керек. Ережеге бағынбайтын сөздерге көп көңіл бөлу керек:

Sure; usual; clerk; soldier.

Оқушыларды таныс фразаларды, сөйлемдерді көшіру арқылы жазуға үйретуге болады.



  1. Диктант – жаттығудың қиындау түрі. Диктанттың мынадай түрлері бар:

а) Көріп жазу диктанты. Мұғалім тақтаға сөзді, фразаны, сөйлемді жазады, ал балалар оларды оқып жазылу жолдарын есте сақтауға тырысады. Содан кейін мұғалім сөздерді тақтадан өшіріп тастайды, ал балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады.

ә) Жаттығу диктанты. Мұғалім сөйлемді оқиды. Жазуға қиын сөз тақтаға жазылады, келесі бір оқушы сөздің ішіндегі әріптерді атап шығады. Содан кейін, балалар сөздерді дәптерлеріне жазады, ал мұғалім қатарлардың арасында жүріп оқушылардың жұмысын қадағалайды. Сөйлемді дұрыс жазған бала тақтаға шығып, сөйлемді жазады.

Диктанттың бұл түрі 10 – 12 минутқа созылады.

б) Диктантты өз бетімен жазу. Үйде жаттап келген мәтінді не тақпақты оқушылар сыныпта жатқа айтады, кейін сол тақпақты не мәтінді дәптерлеріне жазады.

3. Үлгі бойынша сөйлемді жазу.

Бұл диктанттың қиын түрлерінің бірі, себебі оқушылар оны жазу үшін сөйлемді өз бетімен жалғастырады.

А) Сәйкестендіру: nick has a sister

Ә) Аяқтау: he smiled because…

Б) Жалғастыру: The students wrote+adj. + noun+adv

4. Сұрақтарға жауап беру

5. Шығарма

Шығарма жазуды үйрету үшін мынадай жаттығуларды қолдануға болады:

А) естіген немесе оқыған әңгімені жазу. Білім деңгейі төмен сыныптарда әңгіменің маңызды сөздерін тақтаға жазып қою керек.

Ә) суретті, затты немесе белгілі бір оқиғаны суреттеу.

Б) бір тақырыпқа арналған мәтіннің бір бөлігін суреттеу

В) оқыған мәтінге жоспар құру.

Г) тақырып туралы шығарма. Басында оқушылар жоспар құрады, кейін жоспар бойынша әңгіме жазады.

Ғ) хат жазу.

Әдетте мұғалім ағылшындықтардың хатты қалай бастап жазып, немен аяқталатының түсіндіреді.

Жазу біліктіліктерін бағалау үшін мұғалім оқушыларға таныс бақылау жұмыстарының түрін қолдануы керек.


Тест жазу арқылы бақылау.

  1. Оқушының әріп жазуды қалай игергенің тексеру үшін мұғалім баланы тақтаның алдында жеке жұмыс жасатқызады.

  2. Коллиграфия және орфография саласындағы оқушылардың біліктілігін мұғалім диктант арқылы тексереді. Диктант жазғанда мұғалім сөйлемдерді екі рет оқиды.

Біріншіден диктанттың мазмұның толық оқып шығып, содан кейін сөздерді бір-бірден оқиды. Диктантты жазып болғаннан кейін мұғалім тағы бір рет оны оқып шығуы керек.

5 – 6 сыныптарда диктант жазу 5-6 минутқа созылады.

7 – 11 сыныптарда 15 – 20 минут

Әр сыныптағы диктанттың көлемі.

6-сынып – 20 сөз

7-сынып – 30 сөз

8-сынып – 50-60 сөз

9-сынып – 60-70 сөз

10-сынып – 70-80 сөз

11-сынып – 80-100 сөз




  1. Оқушының жазу біліктілігін мұғалім шығарма арқылы да тексереді. Мысалы:

Put a few questions to the text.

Answer the questions

Write a latter

Мұғалімдер мен әдіскерлердің көбі қате жазылған сөздердің астын сызып қою керектігін айтады, себебі оқушылар осы қателіктерді түзеп өзінің жазу, грамматика салаларындағы біліктіліктерін әрі қарай дамытады.



Оқуға үйрету

Оқу – сөйлеу әрекетінің негізгі түрінің бірі. Оқу сөйлеу әрекетінің рецептивті түрлеріне жатады. Себебі ол графикалық ьелгілерді қабылдаудан, түсінуден тұрады. Оқу сөйлеу әрекетінің тыңдау, жазу сияқты түрлерімен тығыз байланысты. Оқу мен жазу дағдыларының шет тілін үйретудің бастапқы кездегі алатын орны ерекше. Оқумен сөйлеу тығыз байланысты. Оқытудың екі түрі бар.

1) дауыстап оқу

2) іштей оқу



Ағылшын тілін оқуға үйретудегі негізгі қиындықтар

Ағылшын тілін үйретудегі ең қиын процестің бірі – оқушыны оқуға үйрету. Себебі ағылшын тілінде 26 әріп 146 әріптік белгі бар. Егер ағылшын тілі алфавитін қазақ тілінің алфавитімен салыстырсақ ұқсас әріптер К, М, Т, ал қалғандары G, H, J, R, S, W, Z, әріптері мүлдем жоқ..Ал қалған әріптер А,С,Н,О,Ф,У,Х, екі тілге де ортақ..Бірақ оқылуы әр түрлі.Оқуға үйрету тілдің әліпбиіндегі әріптерді ауыстырудан басталады.Ал ағылшын тілін үйретудетілдің әріптер жүйесімен бірге дыбыстық жүйесінде қатар үйрену керек. Сөздің дыбыстық белгіленуі транскрипция арқылы беріледі. Оқушылыр дыбыстардың ашық , үнді , дауыссыз , дауысты , екенін және дыбыстың буынның түрінде оқылу ерекшеліктерін білу қажет. Ағылшын тілінде оқытуда оқудың барлық ережесіне үйрету мүмкін емес, дегенмен кейбір ерекшеліктерін есте сақтау абзал.Төмендегі кестеде бір әріптің бірнеше нұсқада оқылуын мысалға келтірдік:




Оқылу түрі

a

e

o

u

i(y)

I

[ei]

take


male

[i:]

be

see



[әu]

go

stone



[u:]

rude blue

[ju: ] cute fume


[ai] lime type

II

[ae] sad

fan


[e]

leg


pet

[ɔ]

nor


for

[]

bus


hut

[i]

bit


kill

III

[a:]

far


bar

[ә:]

pert


never

[ɔ:]

nor


form

[ә:]

fir


surf


[ә:]

fir


smirk

IV

[εә]

hare


bare

[iә]

hare


mere

[ɔ:]

store


more

[jue]

pure


endure

[aiә]

tire


fire

Оқу процесін жеңілдету үшін жаңа сөздерді , сөз тіркестерін , фразаларды алдын-ала оқыту қажет.



Оқуға үйрету әдістері

I . Оқыту әріпті сөзді және графеманы таныстырудан басталады. Бұл үшін карточкаларды қолдану ыңғайлы.

II . Ереже бойынша оқылмайтын сөзді жеке таныстыру:

Eg-lake, plane, have, Mike

III . Сөздердің сыңарын таңдап алу:

Eg – does –goes,people–pupil,form – from, come – some, though – thuough

Оқуды үйретуде негізгі орын алатын транскрипцияны үйретуге байланысты.

Ішінен оқуға үйрету

Ішінен оқуда негізгі орын көруге, көзді пайдалануға беріледі. Ішінен оқыған кезде лексикалық,грамматикалық жіне айтуға дағдылары дамытылады.

Оқудың үш түрлі қызметі болады:


  1. жүйелеу, жинақтау

  2. танымдылық

  3. қарым-қатынас

Ондағы негізгі мақсат-ағышын тіліноқыту арқылы оқушының өнегелік және эстетилалық жағынан әр жақты дамыған, саяси идеялық жағынан танымды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Бүкіл оқыту барысында қатынастық бағыт бере отырып, ағылшын тілінен алған білімін іс жүзінде жоғары оқу орындарында, еңбек ету барысында пайдалануға дағдыландырады. Алайда , ағылшын тілін үйрету күрделі, ол қатынастық функционалды бағытта болуы тиіс. Қай тілдің болмасын механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды білу қажет.

  1. Сол тілдің жүйесі қалай құрылған?

  2. Оны тәжірибелік жағынан қалай меңгеру керек?

Демек, ағылшын тілінің құрылысын және оны тәжірибелік жағынан меңгеру оқу процесінде бірте-бірте қатынастық ұйымдастыру тиімді деп айтуғa болады.Өйткені, қатынастық тәсіл оқу процесінің барлық жағын қамтиды:

  • сабақ әдістерін таңдау, оны жүргізу әдістері, жолдары, сабақ мазмұнының тәрбиелік және білімдік меңгрудегі дағдысы мен қабілеті т.б.

Әр түрлі қатынастық мақсатта оқыту ағылшын тілін тәжірибелік жағынан меңгеруге ықпал жасаумен қатар оны үйренуге деген қызығушылығын арттырады.

Оқытудың нәтижесі әдістерге тәуелді болады. Оқыту әдісі оқушыға білім, тәрбие беру және оның қоғамдық мәнісін дамыту міндеттерінен шығатын оқу материалын, теориалық және тәжірибелік меңгеру формасы.

Оқыту әдісіне қойылатын талаптар:

Оқыту әдісінің нақтылығы,ғылымилығы, жүйелігі, қол жетімділігі, айқындылығы,нәтижелілігі.

Қазіргі кезде педегогикада оқыту әдістерін үш топқа бөліп қарастырып жүр:


    1. сөздік

    2. көрнекілік

    3. тәрбиелік-тәжірибелік әдістер

Оқытудың сөздік әдістерінің тобы мұғалімнің сөзіне сүйенеді.Сөздік әдістердің тобына баяндау,әңгіме,түсіндіру,арнайы мәтінмен кітап оқу және магнитафондық жазбамен,өз бетімен жұмыс жатады.Көрнекілік әдістер сөздік әңгіемен тығыз байланысты.Себебі кез елген көрекі құрал түсіндіріеді,талданады.Оқытудың тәжірибелік әдістеріне оқушының киімі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру процестеріне байланысты әдістер жатады. Ағылшын тілі пәніне тән оқытудың басты әдістері мыналар:

  • әңгіме әдісі ағылшын тілі сабағында кеңінен қолданылуы тиіс.Оны кезкелген сабақта қолдануға болады.Сондықтан ол мазмұны жағынан сан алуан болады.Әңгіме әдісі оқыту материалын оқушының жеке өмір тәжірибесімен байланыстыруға үлкен мүмкіндік береді.Оқытуда әңгіме екі түрлі пайданылады;

  • сұрақ –жауап негізіндегі әңгіме және эвристикалық жаңалық ойлап табу жолындағы әңгіме.Катехизикалық әңгіме оқушының білімін тексеру , бекіту, оқылған мәтіндерді талдау жұмыстары үшін қолданыады.Ал,эвристикалық әңгіме жаңа қағидалар мен қорытындыларға әкелу бағытында қолданылады.

Мәтіндерге тілдік талдау әдісі. Мәтіндерге тілдік талдау әдісі көркем шығарма тілін талдағанда , сөздік жұмыс,мәтінмен жұмыс істегенде қолданылады.Ол мәтіннің сөздік құрамын

анықтауда сөз мағыналарын,сөздердің қолдану мақсатын ашу, талдаудан тұрады.Талдаулардың оқушының логикалық ойлауын,талдау қабілетін дамытуға жетелейді.



Грамматикалық талдау әдістрі. Грамматиканы оқығанда оқушылар біріншіден грамматикалық құбылыстарды табады. Сөйлем мүшелері, жеке морфемалар, олардың нақты белгілеріне қарай түр-түрге, мақсатына сәйкес бөліп, толық грамматикалық сипаттама береді. Жұмыстың бұл түрінде оқушының өздігінен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістерінің бірі, сипаты, түрі,мақсаты жағынан алуан түрлі жаттығулар жүйесі болады. Оқушылар жаттығулар орындағанда тілге белсенді байқау жүргізеді, тілдік фактілерге талдау

жасайды,қорытындылайлы,жинақтайды.

Тест әдісі. Қазіргі кезде ағылшын сабағында негізінен қолданылатын әдістердіңбірі-тест әдісі.Тест оқушылардың оқыған тақырыбын,игерген білімдері мен білім дағдаларын тексеру,бағалау, өткенді бекіту,қайталау сабағында пайданылады.Тестоқушылардың ойлау белсенділігін, қабылдау, ой қорыту мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.

Оқуға қойылатын негізгі талаптары.Ағылшын тілінде тән дыбыстарды дұрыс оқуға байланысты мәтіндегі сөз,сөйлемдерді орфоэпиялық нормада айтуға жаттықтыру үшін арнайы жаттығу жұмыстры жүргізіледі.Мәтінді оқытудан бұрын оның құрамында кездесетін жаңа сөздер түсіндіріледі.

Оқушылар мәтінді рөлге бөліп, оқумен, аударумен ғана шектелмей, оның мазмұнын ағылшынша айтуға жаттығады. Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар осы талапқа сай ойластырылып, оқушылармәтін мазмұнын түсініп оқуға,жүйелі түрде айтуға талаптанады.Бұл мақсатқа жету үшін оқушының сөздік қоры мол,грамматикалық тұлғаларды меңгеру дәрежсі ойдағыдай болумен қатар, оны байланыстырып,сөйлей білуі қажет.

Оқушылар мәтінді оқып,оның мазмұнын айтып беру үшін әр мәтінді дұрыс мәнерлеп түсініп оқуы,сұрақтарға дұрыс жауап беруі,жетекші сұрақтарға жауап беріп,тыныс белгісіне дауыс ырғағынкелтіріп оқуы,мәтінді әр сөзге,сөйлемдерге дауыс екпінін дұрыс түсіруі керек. Мәтінді екі тілге аудара білуі маңызды. Әр мәтін сайын жаңа сөздердің,сөз тіркестерінің,мақалдардың,нақыл сөздердің сөздігін жасап отыруы керек.Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу сөйлемдердің логикалық екпінге ие сөзді, логикалық паузаны, дауыс ырғағын білуге үйретеді.Оқушы мәтінді оқыған кезде алдына мақсат қоюы керек.Оларды шығарма кейіпкерлерін өз атынан әңгімелеуге үйретудің де маңызы зор.Шығарманың рухани кейіпкерлерінің сезім сырларына баға бере отырып, оған тыңдаушы назарын аударта білуі қажет.Автор сөзінің,төл сөздің дауыс ырғағын сақтай отырып,төл сөздерді жалғас әуенмен оқуы тиіс.

Диалогтарды рөлге бөліп оқып,диалогты,мәтінді авторлық баяндау,суреттеулерге оқуға жетілдіру, жаттықтыру да оқуға қойылатын негізгі талаптарға жатады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Сөйлеу әрекетінің негізгі түрі ретінде оқудың мәні неде?

2.Мәтіннің мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне қарай беру дегенді қай түсінеіз?

3.Оқуға үйретудің қандай әдістерін білесіз?

4.Оқуға қойылатын қандай талаптарды білесіз?

5.Оқу-әдістемелік кешеннің оқуға үйретуге байланысты берілген нұсқаулармен танысып шығыңыз.

6.Оқуға арналған мәтіндердің мазмұнымен танысып,оны толық талдап шығыңыз.

7. Оқулықтан бір мәтінді алып, өзіңіздің шет тіліндегі мәтінді оқу жыоламдығын анықтаңыз.
Әдебиеттер:

Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,

«Просвещение» 2000

Зертханалық сабақтардың жоспары:
1, 2 Тақырып: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері.

Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі.

Мақсаты:

1. Жаңа грамматикалық тақырыппен таныстыру.

2. Тақырыпқа байланысты лексикалық қорын дамыту.

3. Студеттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.



Әдістемелік нұсқау:

  1. Тақырып бойынша лексиканы оқу

  2. Граматикалық тақырыпты бекіту

  3. Сөздікті қолдана отырып бәрнеше сөйлем құру

  4. Диалогтық жүйені қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет