АӘД пәнінде оқушы бойына патриоттық тәрбиеге баулудың қалыптастырудың жолдары Атадан жақсы ұл туса



жүктеу 45.53 Kb.
Дата19.01.2017
өлшемі45.53 Kb.
Ақтөбе обылысы , Байғанин ауданы ,Оймауыт ауылы

С.Жиенбаев атындағы орта мектебі

Қазыбаев Әлібек Мағаданұлы

АӘД пәні мұғалімі


АӘД пәнінде оқушы бойына патриоттық тәрбиеге баулудың қалыптастырудың жолдары

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің соңы болады.

Қазыбек би
ХХ ғасырдағы елім, жерім, ұлтым деп еңіреген ұлтжанды азаматтарымызды (М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, т.б.) нағыз патриот ерлер қатарына жатқызамыз. Олар тар жол, тайғақ кешулі тарихи өмірде өз бастарын бөйгеге тігіп, ғұмырларын сарп етті. Ұлт намысына қамшы болар аталы сөз айту, қалың елдің қамын жеп, мұңын жоқтау ай мүйізді асыл аталарымыздың ғана қолынан келген. Демек, арғы ата тегімізде бар ұлтшылдық, елжандылық, намысшылдық, қайсарлық қасиеттер ұрпақтарының өн бойында болуға тиіс. Біздер болашақ ұрпақты ұлтжандылық мақсатта тәрбиелеуге тиіспіз.

Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.



Н.Назарбаев: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн”- дейді.

Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған Отаншылдық тәрбие міндеттері. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан арна тартады.


Патриоттық тәрбиені ойға алғанда, бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Сондықтан осы түсініктің санада орнығуына байланысты патриотизмнің мынадай екі қырын көруге болады:

1. Отан туралы жалпы түсінік. Ол халықтың дамуы, тарихы, қорғаныс тәсілдері, патриоттық пікірлер, көңілкүйі, дәстүрлері мен саналы сезімі кіреді.

2. Патриотизмнің теориялық деңгейі. Ол – Отанның құрылуы, дамуы, сақталуы, оның егемендігі мен тәуелсіздігі туралы ғылыми білімдерді жете меңгеруі. Отанға қызмет көрсету тұрасындағы патриоттық идеялар, патриоттық мінез-құлық нормалары. Ал "Отан" сөзіне анықтама берсек, ғалым М.С.Жүнісовтың айтуынша ол үш құрамдас бөліктен тұрады:

1. Туған жер, яғни халықтың өзі жасаған тарихына байланысты этникалық аймақ.

2. Өзінің тілі, ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі қалыптасқан белгілі бір халық.

3. Отанның типін анықтайтын қоғамдық- экономикалық және әлеуметтік саяси құрылыс.

Патриотизмді қазіргі көзқараспен ұлтжандылыққа, елжандылыққа сыйғызамыз. Олай болса, патриотизм - коғамдық сананың бір формасы, ол тарихи және топтық категория бола отырып, қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мағынаға, мазмұнға толықтырылып отырады. Патриотизм - әлеуметтік, тарихи қалыптасқан сезім. Ол Отанға деген сүйіспеншілік сезім, олай болса ол Отанға қызмет көрсетуден басталады. Халқымыздың патриот ұлы Б. Момышұлы: "Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азамат пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық, ерлік ұрпақтан-ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық".

Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға – жанмен, қанға - қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.

Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.

Табандылық – батырлардың қалқаны.

Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.

К.Жарықбаев айтқандай "Отан сүйгіштік - кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен тәрбиесін, халық мүддесін оның игілігіне, яғни адамның кір жуып кіндік кескен жеріне білдіретін перзенттік борышы, оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім". Қазыбек бидің:

Алтын ұяң - Отан қымбат,

Туып-өскен елің қымбат.

Кіндік кескен жерің қымбат, - дегеніндей , отаншылдық атамекенге деген сүйіспеншіліктің негізгі мазмұны, имандылық пен кісіліктің басты белгісі, басты өлшемі. Патриоттық тәрбие - өлшемдер ретінде тандап алынған, бірнеше бөліктерден тұратын сабақтас сапа. Оған мыналар жатады:

І. Өзін өз мемлекетінің азаматы ретінде сезіну. Бұл өлшемнін көрсеткіштері:

а) Мемлекет өмірінде өз рөлін түйсіну.

ә) Отанына сүйіспеншілік сезімі.

2. Мемлекеттік рәміздер мен дәстүрлерді қастерлеу.

а) Мемлекеттік рәміздер мен халықтың дәстүрін білу.

ә) Қазақ халқының дәстүрлерін сақтауға ықылас.

3. Қазақ халқының тарихын бағалайтын көзқарас.

а) Қазақ халқының тарихын білу қажеттілігі.

ә) Қазақ халкының тарихынан жүйелі терең білім.

4. Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін түсіну.

а) Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі.



ә) Қазақ, халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтай білу.

Бүгінде "мен патриотпын" деген замандастарымыздың бойынан нағыз ұлтжандылық сезімнен гөрі, мендік патриотизм өріс алғанын байқаймыз. Яғни, олар өзінің бас мүддесін бірінші орынға қояды, ұлттық, елдік мақсат келесі орынға қалады. Сондықтан әр адамның бойынан өзімшілдік, менмендік, тек өз пайдасын көздейтін пиғылдан арылту үшін, ұлтжандылық тәрбиесіне баулу керек. Ол ата-бабаларымыздың ерлік істерінен, аңыз әңгімелерінен, батырлар жырынан мысал келтіре отырып, солардан үлгі алу, өздерін солардың ұрпағы екендігіне көз жеткізе отырып, еліктету арқылы іске асыруға болады. Сондықтан әр адамның бойында Отанға, халқына шын берілгендіктен, ата салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет