«адамзат ресурстарын басқару» пәні бойынша



жүктеу 421.74 Kb.
Дата23.05.2017
өлшемі421.74 Kb.


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«АДАМЗАТ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ» пәні бойынша

СӨЖ (СӨЖО) МАТЕРИАЛДАРЫ

БАКАЛАВРИАТ

Мамандық 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы


ҚАРАҒАНДЫ – 2010

СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқауларды құрады: «Адамзат ресурстарын басқару» пәнінің типтік бағдарламасы және 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының оқу бағдарламасы негізінде ҚҚЭУ-МИ-85-05.00-2005 пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптарға сай э.ғ.к., доцент Байгуренова М.А.


Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды.


ОӘС Хаттамасы № 10 «10» маусым 2010

Экономикалық теория және ХЭ

Кафедрасының меңгерушісі Жетпісбаева М.Қ.

Оқытушы туралы мәліметтер:

Экономикалық теория және ХЭ кафедрасының оқытушысы э.ғ.к., доцент Байгуренова М.А. 125 б.қ. көлемінде басылымдарға ие. «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика» курстары бойынша дәріс сабақтарын жүргізеді.

Офисі: Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы аудитория №266

Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі 9

Тел: 44 16 24 (143)

Консультациялық сағаттар (office hour): СӨЖО графигі бойынша

Уақыты: сабақтар келісімді бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

СӨЖ(СӨЖО) БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ тапсырмаларын студент өзіндік жұмыс ретінде орындайды. СӨЖ негізі семинар және дәріс сабақтарына дайындау. Семинар сабағында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланады. Семинар сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтың тақырыбына әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабағының тақырыбына берілетін әдістемелік кеңестерді назар аудара оқып, семинар сабақтың тақырыптық жоспар сұрақтарына өз жауабыңызды дайындаңыз. Әр сұраққа жауапты қысқа және нұсқалы дайындап, формулаларды және символдарды СӨЖ арнайы дәптерге жазып отырыңыз. Дайындықты аяқтамас бұрын, біліміңізді өзіңізге сұрақтар қоя отырып, тексеріңіз. Өзіндік жұмысты орындауда қиын сұрақтарға жауап таппаған жағдайда дәптерге жазып, оқытушыдан сұраңыз.

СӨЖ тапсырмалары дәріс сабағынан бұрын орындалады. Дәріс сабағында алған білімді, әрі қарай тереңдету керек.

Бірақ семинар сабағына жоспарланған сұрақтар тақырып мазмұнын толық қамтымайды. Сол себептен студент білімін тереңдетуді ОСӨЖ процесінде жүзеге асырады. Сондықтан СӨЖО –да тақырып бойынша қосымша сұрақтар, есептер, жаттығуларды орындау арқылы тақырып мазмұны толық қарастырылады.

СӨЖ мазмұны және өңдеу формасы.

«Адамзат ресурстарын басқару» курсын оқытуда СӨЖ формаларын кең қолдануға мүмкіндік бар:


  • оқытушымен берілген дәріс конспектісін меңгеру;

  • негізгі әдебиетпен семинар сабағына дайындалу;

  • нақты тақырып бойынша баяндама жасау;

  • эссе, баяндама, рефератқа өзара сын-пікір жасау;

  • есептер шығару;

  • статистикалық мәліметтерді талдау;

  • курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;

  • топтық жобаларға қатысу;

  • таңдалынған тақырыпқа презентация жасау;

  • тақырып бойынша кіріспе дайындау және т.б.

Студентке СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:

Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.



Өткен материалдарды пысықтау үшін қажетті жайлар:

  • дәріс конспектісінің болуы;

  • курс бағдарламасының болуы;

  • ұсынылған әдебиеттердің қолда болуы (оқулық, есептер жинағы).

Жұмыс әдістері:

  • дәріс материалын жете түсіну;

  • конспект жасауда әдебиеттерге сілтеу жасау және қажетті толықтырулар, қажет болса түзетулер енгізіп отыру;

  • әр тақырыппен жұмыс материалды жете түсініп, еске сақталғанша жалғасу керек;

  • тақырыппен жұмыс, әдебиеттер мен оқулықтарда берілетін мысалдар мен есептерді шешу әдістерін меңгерген жағдайда ғана аяқталуы қажет;

  • түсінбеген сұрақтар болса, келесі дәрісте оқытушымен бірге талқылау қажет.

Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:

  • есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;

  • есеп шартын мұқият оқып шығу;

  • шешу жоспарын ойластыру;

  • есепті шығаруға қажетті формулаларды анықтау;

  • формула құрамындағы шамалар мәніне назар аудару;

  • алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін сандық мәндерін формуламен есептеу;

  • аралық және соңғы шешім нәтижелердің өлшем бірліктерін көрсету;

  • шешімнің дұрыстығына талдау жасау.

Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курстың теориялық бөлімі қандай деңгейде меңгерілгенін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі. Сондықтан коллоквиумда қойылатын сұрақтар жауабын қайталап, пысықтау керек.

Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:

  • студенттің ағымдағы үлгерімін тексеру;

  • топ студенттерінің дайындығын анықтау;

  • үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Студент бақылау жұмысына дайындалуда:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білуі;

  • берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару формулалары мен әдістерін қайталауы;

  • әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.

Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.

Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда кафедрамен берілетін әдістемелік нұсқауларға сүйену қажет:

  • белгіленген уақыттан кеш қалмай орындау;

  • тапсырманы орындауда қиындықтар болса, тапсырмаға сай тақырыпты қайта оқып шығу.

  • қиындықтар болса, оқытушыдан кеңес алу;

  • алынған шешімдерді талдау;

  • тапсырманы қорғауға дайындықта, сол тақырыпқа сай теория негізін тексеріп және кейбір мәліметтер өзгере қалғанда, оның шешімін ойластырып қою.

  • тапсырманы орындауда қолданылатын әдісті жете түсіну;

  • тапсырма уақытында қорғалу қажет, кері жағдайда академиялық қарыз болып есептеледі.

Студенттің өзіндік жұмысына берілетін уақыт шектеулі, сондықтан алдын -ала орындау жоспарын жасап, өзіндік жұмыс әдістерін үйреніп, тәжірбиелерді меңгеру қажет және жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін демалыс уақытын дұрыс өткізген жөн. Сондықтан студенттің өзіндік жұмыс әдістерін үйренуіне кафедра мен әр оқытушының жауапкершілігі жоғары.


«Адамзат ресурстарын басқару» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары




Тақырыптар атауы
СӨЖО өткізу формалары




Тақырып 1. Еңбек іс-әрекетінің адамзат ресурстары

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*

Тақырып 2. Адамзат ресурстарын басқару жүйесін ұйымдастыру әдістемесі

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, мақсаттар бұтағын құру.*

Тақырып 3. Ұйымның кадрлық саясаты

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 4. Ұйымдағы кадрлық жоспарлау

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *

Тақырып 5. Персоналды жалдау және қабылдау

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 6. Кадрларды іріктеу

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасап, оны рецензиялау және оппонирлеу.*

Тақырып 7. Персоналдың кәсіби бағдарлануы және бейімделуі

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, мақсаттар бұтағын құру. *

Тақырып 8. Іскерлік карьера және оның дамуы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат жазу, жек шолу жасап, топтық жобаларды өңдеу.*

Тақырып 9. Ұйым персоналының мотивациясы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

ТЕМА 1. ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АДАМЗАТ РЕСУРСТАРЫ


СӨЖО тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. Сабақ сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Еңбек пен іскерлік бейімделушіліктің тарихи дамуына сипаттама беріңдер

  2. Ұйымдағы адамның ролі туралы басқару теорияларын қарастырыңдар

  3. Адамзат ресурстарын басқаруды дамыту кезеңдеріне сипаттама беріңдер

  4. Еңбек ресурстарын басқарудың мемлекеттік жүйесіне талдау жасаңдар.


Тестілік сұрақтар

1. Персоналды басқаруға не кіреді?

а) кадрлық саясатты өңдеу және жүзеге асыру, еңбек ақы төлеу және ынталандыру

б) экономикалық әдістер;

в) НИОКР өткізу, өндірістің дамуын қамтамасыз ету, оөнімнің өткізілуін қамтамасыз ету;

г) бизнес-жобаларды өңдеу;

д) материалды техникалық ресурстармен өндірісті қамтамасыз ету.

2. Ұйымның мақсаттары қандай болуы керек және осы мақсаттарға жету үшін ұйым мүшелері не істеу керек деген шешімді қамтитын басқару қызметі қалай аталады?

а) координация;

б) ұйымдастыру;

в) стратегия;

г) жоспарлау;

д) бақылау

3. Шешім қабылдау барысында жетекші алдында тұратын 2 негізгі мәселені атаңдар.

а) шешімнің мүмкін болатын нұсқаларын өңдеу;

б) ең жақсы шешімді таңдау;

в) мамандармен кеңесу;

г) А және С дұрыс;

д) А және В дұрыс.

4. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің басты құраушылары:

а) мемлекет;

б) адам;


в) кәсіпорын;

г) басқару;

д) барлық жауаптар дұрыс.

5. Коммуникация деген не?

а) басқарушылық ақпарат берілетін немесе алынатын процесс;

б) ең жақсы шешімді таңдау;

в) стандартты орнату;

г) алғашқы жоспардан ауытқуды анықтау;

д) мақсатқа жетудің нақты жолдарын анықтау.
6. Басқарылатын жүйе:

а) басқару процесін қамтамасыз ететін жүйе;

б) ұйымды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету қызметін атқаратын жүйе;

в) материалды игіліктерді құру немесе қызмет көрсету процесін қамтамасыз ететін жүйе;

г) ол жүйені сыртқы ортамен байланыстырады;

д) дұрыс жауабы жоқ.

7. Процестік тәсілдемеде басқарудың 5 негізгі қызметті жүзеге асыру үшін не қажет?

а) күш;


б) билік;

в) ақша;


г) коммуникация;

д) дұрыс жауабы жоқ.

8. Басқару қызметтері деген не?

а) өзгелердің көмегімен мақсаттарға жету процесі;

б) жұмыстарды атқарудың бір уақыттық актісі;

в) өзара байланысты әрекеттерден құралған ұйым мақсаттарына жету процесі;

г) А және В дұрыс;

д) дұрыс жауабы жоқ.

9. Процестік тәсілдемеде басқару қызметтері нені жалпылайды?

а) ұйымдағы жоспарларды өңдеу қажеттілігі;

б) әрбір қызмет үшін шешім қабылдау қажеттілігі;

в) коммуникация қажеттілігі;

г) А және В дұрыс;

д) В және С дұрыс.

10. Процестік тәсілдемеде басқару қызметтері 2 ортақ сипаттамаға ие болады. Олардың біреуін көрсетіңіз.

а) барлық басқару қызметтері тек менеджерге ғана жүктеледі;

б) барлық басқару қызметтері шешім қабылдауды талап етеді;

в) басқару қызметтері қатаң ілеспелілікпен орындалады;

г) басқару қызметтері өндіріс процесін реттейді;

д) дұрыс жауабы жоқ.



Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында адамзат ресурстарын басқарудың классикалық теорияларының қалайша қалыптасқанына назар аударып, адамзат қатынастары мен адамзат ресурстары теорияларының мәнін айқындаңдар.
ТАҚЫРЫП 2. АДАМЗАТ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

СӨЖО тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу



  1. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  2. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  3. «Дамыған елдерде персоналды басқару философиясы» тақырыбына реферат дайындау.

  4. «Персоналды басқару әдістері» тақырыбына ауызша баяндама дайындау.

  5. Тақырып сұрақтары презентация түрінде талқыланатын болады.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Ұйымдағы персоналды басқару мәні мен қызметтерінің мәнін ашыңдар.

  2. Ұйым персоналын басқарудың жапондық, американдық, германдық, француздық философиясының мәні неде?

  3. Персоналды басқару әдістемесінің, жүйесі мен технологиясының мәні неде?

  4. Ұйымдағы адамдарға ықпал ететін факторларды атаңдар.

  5. Функционалды ішкі жүйелерге сипаттама беріңдер.

6. Персоналды басқару жүйесінің құрылу әдісін ашыңдар.

Тестілік сұрақтар

1. Ұйымдағы адамзат ресурстарын басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлімше болып не табылады?

а) Бухгалтерия

б) Кадрлар бөлімі

в) Қаржылық бөлім

г) Жоспарлы бөлім

д) Персоналды бағалау бөлімі

2. Адамзат ресурстарын басқарудің элементарлы ұйымдастыру құрылымы қандай деңгейдегі бөлінуді бейнелейді?

а) Бір деңгейлі

б) Екі деңгейлі

в) Үш деңгейлі

г) Төрт деңгейлі

д) Бес деңгейлі

3. Жұмыстағы салыстырмалы автономдылықты сипаттайтын қандай ұйымдастыру құрылымы байланыстың бір шамалылығымен ерекшеленеді?

а) Горизонталды

б) Вертикалды

в) Функционалды

г) Сызықтық

д) Топтық

4. Жұмыскерлердің тізімдік санының құрамын атаңдар?

а) Тұрақты, уақытша, созылмалы

б) Тұрақты, уақытша, маусымдық

в) Уақытша, маусымдық, созылмалы

г) Маусымдық, тұрақты емес, созылмалы

д) Дұрыс жауабы жоқ

5. Ұйымдағы басқару технологиясы қандай негізгі элементтерден тұрады?

а) Кадрлық жоспарлау

б) Қызметті бағалау

в) Резервті дайындау

г) Қызмет бабы бойынша көтерілу

д) Жауаптардың барлығы дұрыс

6. Еңбектің неғұрлым жоғары өнімділігі мен жұмысқа қанағаттану үшін мотивацияны не құрауы қажет?

а) Кадрлық жоспарлау

б) Кадрлық болжамдау

в) Кадрлық стратегия

г) Кадрлық бағдарлама

д) Дұрыс жауабы жоқ

7. Адамзат ресурстарын басқару стратегиясының бір элементін атаңдар?

а) Жұмыс күші ағыны жоспарлау

б) Біліктілікті бағалау

в) Ақпараттың толықтығы, негізділігі

г) Жұмыскердің сәйкестігін ескере отырып, жұмысқа қабылдау

д) Жауаптардың барлығы дұрыс

8. Жұмысқа қабылдау - бұл?

а) Персоналды тарту көздері

б) Ұйым алдындағы мақсатқа жету үшін қажетті қасиеттерге ие кандидаттарды тартуға бағытталған әрекеттер қатары.

в) Жаңа жұмыскерлерді қабылдау

г) Жұмысқа қабылдау

д) Дұрыс жауабы жоқ

9. Жұмысқа қабылдау көздері қандай?
а) Жұмыс іздеу мақсатында кездейсоқ кірген адамдар

б) Газеттердегі хабарландыру бойынша

в) Мектеп түлектері

г) ЖОО түлектері

д) Жауаптардың барлығы дұрыс

10. Жұмыскер белгілі жұмысорындауға келісетін, ал ұйым оған жалақы төлеуге міндеттенетін маман мен жұмыс беруші арасындағы белгілі мерзімге жасалған келісім қалай аталады?

а) Шарт

б) Келісім-шарт



в) Акт

г) Келісім

д) Дұрыс жауабы жоқ
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында ұйым персоналын басқару мәні мен қызметтерінің мәнін ашып, дамыған елдердегі ұйым философиясын қарастыру керек. Персоналды басқару заңдылықтары мен қағидаларынн талдау жасап, персоналды басқару жүйесінің қрылуына назар аударыңдар.
тақырып 3. ҰЙЫМНЫҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ

СӨЖО тапсырмалары


  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. «Персоналды басқарудың ұйымдық жүйесі» тақырыбына реферат дайындау.

  5. 3 семинарға презентация дайындау.

  6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Ұйымдық жобалау деген не?

  2. Ұйымдық жобалау процесі қандай кезеңдерден өткен?

  1. Персоналды басқарудың негізгі мақсаттары мен қызметтерін атаңдар.

  2. Ұйым мақсаттарының жиынтығы нені білдіреді?

  3. Персоналды басқару жүйесін құжаттық және кадрлық қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылады?

  4. Персоналды басқару жүйесінің ақпараттық және техникалық қамтамасыз етілу жолдарын атаңдар.

Тестілік сұрақтар

1. ПБ - моделі мынадай басты объектілерді қамтиды:

а) сыртқы және ішкі шарттар;

б) адамзаттық және қаржылық ресурстар;

в) еңбек ресурстарын ұйымдастыру;

г) кәсіпорын, персонал, сыртқы және ішкі шарттар.

2. ПБ моделінің сыртқы факторларын ата:

а) үкіметтік реттеу, жұмыс стилі, жұмыскер мақсаттары, қасиеттері, жұмысшы топ;

б) үкіметтік реттеу, жұмыс стилі, кәсіподақтар, эко­номикалық шарттар, жұмыс күшінің құрылымдық құрамы, кәсіпорынның орналасқан орны;

в) үкіметтік реттеу, мақсаттар, кәсіподақтар, кәсіпорынның орналасқан орны;

г) жұмыс стилі, мақсаттар, мәселелер табиғаты, жұмысшы топ, лидердің стилі мен тәжірибесі, экономикалық шарттар.

3. Ішкі факторлар:

а) үкіметтік реттеу, жұмыс стилі, жұмыскер мақсаттары, қасиеттері, жұмысшы топ;

б) үкіметтік реттеу, жұмыс стилі, кәсіподақтар, эко­номикалық шарттар, жұмыс күшінің құрылымдық құрамы, кәсіпорынның орналасқан орны;

в) үкіметтік реттеу, мақсаттар, кәсіподақтар, кәсіпорынның орналасқан орны;

г) жұмыс стилі, мақсаттар, мәселелер табиғаты, жұмысшы топ, лидердің стилі мен тәжірибесі, экономикалық шарттар.

4. ПБ - моделі бірнеше блоктардан құралған. Оларды атаңдар:

а) ішкі, сыртқы факторлар, кадрлық саясат;

б) экономикалық және әлеуметтік-саяси факторлар;

в) позитивті және жағымсыз факторлар;

г) кадрлық саясат және адамзат ресурстарының дамуы.

5. Фирманың кадрлық саясатын өңдеу барысында менеджер нарықтағы жағдайды ескеруі тиіс, яғни бәсекелесуші фирмалардың экономикалық шарттарына бағдарлануы керек. Мұндай шарттар төменде келтірілген:

а) еңбекақы төлеу жағдайы мен шарты;

б) жеңілдіктер мен зейнетақылық қамтамасыз ету;

в) әлеуметтік-экономикалық шарттар.

г) дұрыс жауабы жоқ;

д) жауаптардың барлығы дұрыс;

е) А және В дұрыс.

6. Басқарудың қандай қызметіне менеджердің кәсіпорын үшін қолайлы ахуалды құруға ынтасын жатқызуға болады?

а) бақылау;

б) ұйымдастыру;

в) мотивация;

г) жетекшілік;

д) коммуникация.

7. Осы жүйелер негізінде адамдардың қызығушылықтары жатыр, себебі олардың басты құраушысы болып адам табылады, аталмыш жүйелер аса тұрақты, бірақ динамизмге де ие болуы мүмкін. Бұл қандай жүйелер?

а) технологиялық;

б) биологиялық;

в) әлеуметтік-экономикалық;

г) саяси;

д) С және Д дұрыс.

8. Ұйым — бұл:

а) ортақ мақсаты бар адамдар тобы;

б) формальды ұйымдағы адамдар тобы;

в) ортақ мақсат үшін саналы түрде құрылатын адамдар тобы;

г) қоршаған әлемнен тәуелді адамдар тобы.
9.Басқарушылық шешімдер — бұл:

а) баламаларды таңдау;

б) жүйе қызметін реттейтін нормативті құжат;

в) мақсаттың қойылуы;

г) мақсатқа жету құралы.

10. Басқарудың ұйымдық құрылымына қатысты талаптарды атаңыз:

а) оптималдылық, оперативтілік;

б) сенімділік, үнемділік;

в) иілгіштік;

г) тұрақтылық


ТАҚЫРЫП 4. ҰЙЫМДАҒЫ КАДРЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ

СӨЖО тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. «Ұйымдағы кадрлық жоспарлаудың орны мен ролі» атты тақырыпқа реферат дайындау

  5. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Ұйымдағы стратегиялық басқарудың негізгі қағидалары қандай?

  2. Мемлекеттің кадрлық саясатын қалай түсінесіз?

  3. Мемлекеттік кадрлық саясатты қалыптастырудың негізгі қағидаларын атаңдар.

  4. Мемлекеттік қызметтің кадрлық саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңдерін атаңдар.

  5. Персоналды басқару стратегиясын жүзеге асыру неден тұрады?


Тестілік сұрақтар

1. Кәсіпорынның қай бөліміне персоналды қабылдау және жұмыстан босату қызметі жүктелген?

а) координациялық

б) жоспарлы

в)маркетингтік
г) кадрлық

2. Кадрлар бөлімінің мақсаты:


а) біліктілікті арттыру

б) жұмыскерлерді жұмыстан босату

в) тұрақсыз өндіріс жағдайында біліктілікті жұмыскерлерді сақтау және кадрларды жұмысқа алу

г) лауазымдық міндеттемелерді бөлу

3. Персонал еңбегін бағалау төмендегілер үшін жүзеге асырылады:

а) қайтатрубация

б) өндірістік шешімдерді қабылдау

в) жұмыскерлер еңбегінің нормалануын болжамдау

г) әкімшілік шешімдерді қабылдау

4. Басқару жүйесін қалыптастырудың қандай қағидалары болады?

а) басқару жүйесін қалыптастыруға қатысты қойылатын талаптарды сипаттайтын қағидалар

б) даму бағытын анықтайтын қағидалар

в) басқару жүйесіндегі қажеттілікті анықтайтын қағидалар

г) а) және б) жаупатары дұрыс

5. Күрделі құбылыстарды неғұрлым жеңіл құбылыстарға бөлуге мүмкіндік беретін әдісті атаңдар?

а) динамикалық әдіс

б) салыстыру әдісі

в) декомпозиция әдісі

г) құрылымдық мақсаттар әдісі

6. Бір көрсеткіште ондаған құраушылар қасиеттерін бейнелеуге мүмкіндік беретін әдісті атаңдар?

а) басты құраушылар әдісі

б) баланстық әдіс

в) ұқсастық әдісі

г) блоктық әдіс

7. Қызметті жіктеу мен декомпонизациялау қандай кезеңде жүзеге асырылады?

а) ақпараттықм

б) дайындық

в) аналитикалық

г) шығармашылық

8. персоналды басқару жүйесінің жобасы қандай кезеңде талданып, бекітіледі?

а) енгізу

б) ұсынушылық

в) аналитикалық

г) шығармашылық

9. Басқару деңгейлері нені құрайды:

а) горизонталды еңбек бөлінісін;

б) вертикалды еңбек бөлінісін;

в) басқару қызметтерін;

г) басқару процесін.

10. Басқарушыылқ шешім - бұл:

а) процесс;

б) басқару механизмінің элементтері

в) тактикалық жоспарлар

г) баламалар



Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында ұйымның кадрлық саясатының мазмұнын ашыңдар. Әрі қарай мемлекеттік кадрлық саясатты қалыптастыру мәні мен қағидаларын қарастырыңдар. Ұйымды стратегиялық басқарудың негізгі қағидаларына сипаттама беріңдер. Стратегиялық басқару процесінің кезеңдерін талдап, персоналды басқару стратегиясын жүзеге асыру ерекшеліктерін көрсетіңдер.
ТАҚЫРЫП 5. ПЕРСОНАЛДЫ ЖАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ

СӨЖО тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. «Ұйымның сыртқы ортасын стратегиялық талдау», «Еңбек өнімділігін жоспарлау» атты тақырыптарға рефераттар дайындау.

  5. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

  6. Сабақ сұрақтары презентация формасында талқыланатын болады


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Ұйымдағы кадрлық жоспарлаудың негіздерін атаңдар.

  2. Кадрлық жоспарлаудың негізгі мақсаттары мен мәселелерін атап өтіңдер.

  3. Ұйымның сыртқы ортасын стратегиялық талдау қалай жүзеге асырылады?

  4. Ұйымдағы кадрлық контроллинг қалай жүзеге асырылады?

  5. Персоналмен жұмыс жасаудың жедел жоспарының құрылымы қандай?

  6. Персонал маркетингінің қызметтері қандай?

  7. Еңбек бойынша көрсеткіштерді жоспарлау мен талдау қалайша жүзеге асырылады?

Тестілік сұрақтар

1 .Адамзат ресурстарын басқару жүйесін құру әдістеріне не кірмейді?

а) Блоктық әдіс

б) мақсаттарды құрылымдау әдісі

в) Ұжымдық блокнот әдісі

г) Баланстық әдіс

д) Морфологиялық талдау

2.Функционалды-құндық талдаудың қандай кезеңінде басқару қызметтерін орындау тәсілдері жүзеге асырылып, олардың негізінде қызметтерді жүзеге асыру нұсқалары қалыптастырылады?

а) дайындық

б) ақпараттық

в) аналитикалық

г) шығармашылық

д) ұсынушылық

3.Кадрлық саясатқа қатысты қойылатын негізгі талаптар?

а) Жұмысекрлер қабілеттіктерін талқылау жүйесін өңдеу

б) Кадрлық қызметтер іс-әрекетін белсендендіру

в) кадрларды басқарудың үнемді әдістеріне өту

г) еңбек етушілердің басқаруға қатысуын ұйымдастыру

д) жауаптардың барлығы дұрыс

4.Адамзатресурстарын басқару қызметінің қызметерлері нені жақсы білулері тиіс?

а) еңбек заңын

б) Нормативтік және өзге де материалдарды

в) Педагогика, социология және еңбек психологиясының негіздерін

г) Персоналды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін

д) жауаптардың барлығы дұрыс

5.Кадрлық жоспарлау мәселелеріне не жатқызылады?

а) Ұйымның кадрлық саясатын қалыптастыру

б) персоналды таңдау және жалдау

в) еңбек нарығын талдау және зерттеу

г) карьераны басқару, кадрларды іріктеу және орналастыру

д) жауаптардың барлығы дұрыс

6. Кадрлық шаралар жоспарын жүзеге асыру шығындарын анықтау неге жатқызылады?

а) кадрлық мәселелерге

б) кадрлық мақсаттарға

в) кадрлық стратегияға

г) кадрлық шараларға

д) А және В дұрыс

7. Персонал жөніндегі ақпаратқа қатысты қандай талап жедел де уақытылы болуы керек?

а) өзектілік

б) салыстырушылық

в) біртектілік

г) көрнекілік

д) қарапайымдылық

8. Ұйымның өндірістік және әлеуметтік көрсеткіштерін өңдеудің негізі болып не табылады?

а) адамзат ресурстарының шығындары

б) еңбек өнімділігі

в) адамзат ресурстарының табыстары

г) адамзат ресурстарына кететін шығындар

д) адамзат ресурстарының біліктілігі.

9.Төменде келтірілгендердің қайсысы адамзат ресурстарын тартудың ішкі көздерінің артықшылықтарына жатқызылмайды?

а) кадрларды тартудың төменгі шығындары

б) Таңдаудың неғұрлым кең мүмкіндіктері

в) кадрларды іріктеудің шектелген мүмкіндіктері

г) ынталандыруды арттыру

д) жұмысқа қабылдау кадрларға деген абсолютті қажеттілікті жабады
10.Персоналды тартудың ішкі және сыртқы көздерінің артықшылықтарына не жатқызылады?

А) қызметтік өсім үшін шанстың пайда болуы

В) кадрларды тартудың неғұрлым жоғары шығындары

С) компанияны нашар білу

О) бейімделудің ұзақ мерзімі

Е) жаңа жұмыскерді ұжым нашар біледі



Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында кадрлық жоспарлау мәніне ерекше назар аударып, ұйымдағы сыртқы ортаны стратегиялық талдауды қарастырып, персонал маркетингінің қағидаларын анықтаңдар.

ТАҚЫРЫП 6. КАДРЛАРДЫ ІРІКТЕУ

СӨЖО тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Персоналды жадау, іріктеу және қабылдау қалай жүзеге асырылады?

  2. Кадрларды іріктеу мен орналастыру қалайша ұйымдастырылады?

  3. «Персоналды іскерлік бағалауға» анықтама беріңдер.

  4. Персоналдың ішкі және сыртқы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.

  5. Персоналды кәсіби бағдарлау қалай жүзеге асырылады?

  6. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселелерін атаңдар.


Тестілік сұрақтар

1. Қабылданған жұмыскерлер сапасын бағалау есептеледі:


а) Кн = (Рк + Пр + Ор):Ч

б)Кн = (Рк + Пр + Ор)*Ч

в) Кн = (Рк-Пр + Ор):Ч

г) Кн = (Рк + Пр - Ор)*Ч

2. Жеке шарттың субъектісі болып табылады:
а) жұмыс беруші

б) жұмыскер

в) мемлекет

г) қызметкер

3. Шарттардың қайсысы ұйым әкімшілігі мен жұмыскерлер топтары арасындағы шартты білдіреді?

а) жеке


б) ұжымдық

в) жетекшімен жасалатын шарт

г) маманмен жасалатын шарт

4. Келісім-шарт мыналар бойынша бөлінбейді:

а) екі жақтық келісіммен

б) жұмыскер талабы

в) әкімшілік талабы

г) жұмыс беру орталығының талаптары

5. Персоналды басқару мынадан басталады...

а) жұмысқа тарту және қабылдау

б) өндірістік іс-әрекеттің басталуы

в) еңбек нормасы мен хронометражды анықтағаннан кейін

г) белгілі уақыт мерзімін өткеннен кейін

6. Төмендегі шарттардың қайсысы мерзімді еңбек шартына жатқызылады?

а) ұжымдық

б) жеке


в) жетекшімен жасалатын шарт

г) маманмен жасалатын шарт

7. Қандай әдістер ауыспалылар арасындағы қатаң функционалды байланыстарды болжайды?

а) макроэкономикалық;

б) қолданбалы;

в) детерминацияланған;

г) оптимизациялық;

д) стохастикалық.

8. Қандай модельдер экономикалық объекттің қызмет ету параметрлерін бағалап, тәжірибелік шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді?

а) макроэкономикалық;

б) теориялық;

в) тепе-тең;

г) микроэкономикалық;

д) қолданбалы.

9. Имитациялық модель немен сипатталады?

а) белгілі және белгісіз шамалар арасындағы тікелей байланыспен;

б) экономикалық процесс немесе құбылыстың нақты бейнесімен;

в) эндогенді шамаларға қатысты теңдеулер жүйесін пайдаланумен;

г) экономикалық объектілердің жоспарлануы мен қызмет етуінің түрлі объектілерін сипаттаумен;

д) дұрыс жауабы жоқ.

10. Басқарудың қандай стилінде жетекші өзінің араласуын минимумға жеткізеді?

а) авторитарлы;

б) демократиялық;

в) эксплуатациялық;

г) бюрократиялық;

д) либералды.



Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында мына жағдайларға назар аударыңдар: персоналды қабылдау, жалдау, іріктеу, персоналдың социализациясының мәніне, олардың еңбегін ұйымдастыру негізіне.

ТАҚЫРЫП 7. ПЕРСОНАЛДЫҢ КӘСІБИ БАҒДАРЛАНУЫ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛУІ

СӨЖО тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

  5. «Кадрлық дұмыстағы жаңашылдықтарды басқару қағидалары мен әдістері» атты тақырыпқа реферат дайындау.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. «Ұйымның әлеуметтік дамуы» түсінігінің мәнін ашыңдар.

  2. Әлеуметтік қызметтің мәндеттері қандай.

  3. Әлеуметтік бөлімнің қызметтерін атаңдар.

  4. Персоналды оқытудың негізгі әдістеріне сипаттама беріңдер.

  5. Персоналды кешенді бағалау процедурасы қалай ұйымдастырылады?


Тестілік сұрақтар

1. Кәсіби бағдарлауды басқару әдісін неге жіктеуге болмайды?

а) ұйымдық-әкімшілік

б) экономикалық

в) әлеуметтік-психологиялық

г) аналитикалық

2. Бейімделудің қанша бағыттары болады?

а) 5


б) 4

в) 2


г) 1

3. Өндірістік бейімделуге не жатқызылады?

а) кәсіби, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, психофизикалық

б) тұрмыстық жағдайларға бейімделу

в) ұжыммен өндірістік емес байланыс жасауға бейімделу

г) демалыс уақытындағы бейімделу

4. Бейімделу процесі қашан басталады?

а) өзінің жаңа жұмыс орнына келгенде

б) жұмысқа орналасып, құжаттарды рәсімдегенде .

в) ұжыммен танысқан кезде

г) бейімделу процесі болмайды

5. Бейімделудің қандай әдісі жеңілдіктерді ұсынумен сипатталады?

а) экономикалық

б) ұйымдық-әкімшілік

в) әлеуметтік-психологиялық

г) аналитикалық

6. Бейімделудің қандай әдісі жұмыскердің бейімделу барысын бақылаумен байланысты?

а) әлеуметтік-психологиялық

б) ұйымдық-әкімшілік

в) аналитикалық

г) экономикалық

7. Бейімделудің қандай әдісі ұжымда тікелей қолданылалды?

а) ұйымдық-әкімшілік

б) экономикалық

в) аналитикалық

г) әлеуметтік-психологиялық

8. Бейімделу бағдарламасы бөлінеді:

а) жалпы, қосымша

б) жалпы, арнайы

в) жалпы, арнайы, болжанатын

г) арнайы, қосымша

9. Мамандықты таңдауға ықпал ететін қабілеттіктер, мүдделер мен жарамдылықты қалыптастыруға бағытталған өзара байланысты экономикалық, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық шаралар кешені:

А) персоналдың бейімделуі;

б) кәсіби бағдарлану;

в) кәсіби ағарту;

г) кадрларды тарту және іріктеу

10.Кәсіби бағдарлау жұмысының негізгі формасы:

а) кәсіби ағарту;

б) еңбекке деген саналы қажеттілікті тәрбиелеу;

в) кәсіби ақпарат;

г) кәсіби кеңес беру;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.



Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында ұйымның әлеуметтік дамуын басқарудың мазмұнына, әлеуметтік қызметтің міндеттеріне, кадрлық жұмыстағы жаңашылдықтарды басқару қағидалары мен әдістеріне ерекше назар аударыңдар.

ТАҚЫРЫП 8. ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ

СӨЖО тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. Сабақ сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады

  5. Семинар презентациия формасында өтеді.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Персоналдың еңбек іс-әрекетін ынталандыру жолдарын тізіңдер.

  2. Әділдік теориясының мәнін қысқаша сипаттаңдар.

  3. Риторика негіздері қандай?

  4. Жанжалды және стрессті басқару қалай жүзеге асырылады?

  5. Ұйымдастыру мәдениеті деген не?


Тестілік сұрақтар

1. Перспективалық жоспарлау мына кезеңдерге арналған:

а) бес жылдан аса

б) үш жылдан кем

в) он жылдан аса

г) 2-3 жыл және одан аса

2. Белсенді талдаудың қандай әдісінде білім мен ептілік шығармашылық-зерттеушілік жағдайда қабылданып, ал материал мәселелер күйінде қарастырылады?

а) рольдік

б) мәселелік

в) бағдарламалық

г) дистанциялық

3. Белсенді оқытудың қандай әдісінде оқу құралдарының орнын ауыстыру қажет

а) бағдарламалық

б) дистанциялық

в) мәселелік

г) рольдік

4. Белсенді оқытудың қандай әдісінде тікелей ком­пьютер қолданылады?

а) мәселелік

б) рольдік

в) дистанциялық

г) бағдарламалық

5. Дистанциялық оқытудың артықшылығы қандай?

а) бай теориялық материал

б) қарастырылатын мәселелердің кең спектрі

в) уақыт үнемділігі

г) жұмыс орнында біліктілікті арттыру мүмкіндігі

6. Мәселелік оқытудың қандай әдісі менеджерлер арасындағы ара-қатынасты талдау үшін әсіресе ыңғайлы?

а) инциденттер әдісі

б) конференция әдісі

в) «ми шабуылы» әдісі

г) «эмоцияны анықтау» әдісі

7. Басқарушылық персоналдың біліктілігін арттыруды бағалаудың қандай критериялары болады?

а) аналитикалық

б) қатысушылар реакциялары бойынша

в) ішкі

г) ішкі, сыртқы, қатысушылар реакциялары бойынша



8. Ұйым жоспарларының орындалуын қамтамасыз ететін күнделікті процесс:

а) координация;

б) жоспарлау;

в) басқару;

г) бақылау;

д) дұрыс жауап жоқ.

9. Басқарудың қандай қызметі үшін келесілер тән:
негізгі бағыттарды анықтау, ұйым мақсаттары мен оларға жету жолдарын анықтау?

а) зерттеу;

б) координация;

в) жоспарлауе;

г) мотивация;

д) басқару.

10. Қандай да бір жүйе динамикалық тепе-теңдікке жету үшін ол мынаған ие болуы керек:

а) тұрақтылық;

б) бірқалыптылық;

в) дифференциацияға деген қабілеттілік;

г) жабықтық;

д) кері байланыс.


ТАҚЫРЫП 9. ҰЙЫМ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ МОТИВАЦИЯСЫ

СӨЖО тапсырмалары

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тестілік сұрақтарға жауап беру

  4. Сабақ сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Әлеуметтік қызметтің міндеттері қандай?

  2. Әлеуметтік бөлімнің қызметтерін ата.

  3. Персоналды оқытудың негізгі әдістері.

  4. Персоналды кешенді бағалау қалай жүзеге асырылады ?


Тестілік сұрақтар

1. Коэффициенттер әдісі мег балдық әдіс мыналарға жатқызылады:

а) сандық әдістер

б) комбинацияланған әдіс

в) сандық әдіс

г) аналитикалық әдіс

2. Биографиялық сипаттау әдісі әдістердің қандай тобына жатқызылады?

а) сандық әдістер

б) сапалық әдіс

в) аналитикалық әдіс

г) комбинацияланған әдіс

3. Іс-әрекеттің нәтижеге әкелетін әрекеттері - бұл...

а) мақсаттар

б) жүйелер

г) әдістер

д) мәселелер

4. Білімді бағалау жүйесінің қандай қызметтері тыңдаушылардың білім деңгейін анықтайды?

а) бағалау

б) диагностикалық

в) коммуникативтік

г) мотивациялық

5. Білімді бағалау жүйесінің қандай қызметтері тыңдаушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты орнатады?

а) мотивациялық

б) диагностикалық

в) коммуникативтік

г) бағалау

6. Персоналды бағалауда шешіші рольде болады ...

а) кадр бөлімінің қызметкерлері

б) кәсіпорынның меншік иесі

в) жетекші

г) қызметкер

7. Өндіріс процесін кезеңдер мен процестерге бөлуге негізделген ішкі жүйе алдыңғы қатарлы ішкі жүйелердің қайсысына жатқызылады?

а) әлеуметтік;

б) техникалық;

в) технологиялық;

г) экономикалық;

д) дұрыс жауабы жоқ.

8. Мак-Кинси моделінің қай ішкі жүйесі интеграцияланатын болып табылады?

а) стратегия;

б) дағды;

в) құрылым;

г) штат;


д) дұрыс жауап жоқ.

9. Бернард бойынша қандай шарттар менеджердің жоғары нәтижеге жетуі барысында ең қиыны болып табылады?

а) жүйе әрекеттері үшін қажетті күш салу;

б) коммуникация жүйесін қамтамасыз ету;

в) ұйым мақсаттарын қалыптастыру;

г) В және С дұрыс;

д) А және В дұрыс.

10. Әлеуметтік-экономикалық жүйелер негізінде мыналар жатады:

а) адамдар мүдделері;

б) кәсіпорын мүдделері;

в) жалпымен қабылданған құндылықтар;

г) мақсатқа жету;

д) дұрыс жауабы жоқ
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында ұйымдағы персонал еңбегінің нәтижелерін бағалауға, іс-әрекет нәтижелерінің көрсеткіштеріне, басқару жүйесі мен технологиясын жетілдіруге ерекше назар аударыңдар.

Білімді бағалау критериялары:





Бағалау шкаласы

Критериялар

Рейтинг 0-49

Балл 0

Әріптік эквивалент F

Қанағаттансыз. баға



Бағдарламалық материалды толық білмеу; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеу және ірі қателіктер жіберу

Рейтинг - 50-74

Балл - 1-2,33

Әріптік эквивалент - D, D+,C-, C C+

Қанағаттансыз. баға



Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; онда бағдарламалық материалды жеткілікті түрде түсінбеу анықталады; теориялық ережелерді интерпредациялауда жекелеген қателіктер жіберіледі; материалды репродуктивті түрде ғана баяндау байқалады; өзіндік қорытындылар мен жалпылаулар жоқ.

Рейтинг - 75-89

Балл - 2,67-3,33

Әріптік эквивалент – B-, B, B+

Баға - жақсы



Жауап толық, дұыс; негізгі идеялар білімі қарастырылатын қайнар көздер білімі көрсетілген. Графиктер құрып, талдау жасай білу. Дәлелдей білу, аргументациялау, қарсылық, қорытындылар жасай білу ептілігі. Тәжірибелік жағдайларды талдау үшін теориялық білімді пайдалана білу. Бірақ баяндауда анықсыздықтар бар

Рейтинг - 90-100

Балл - 3,67-4,0

Әріптік эквивалент – A-, A

Баға - өте жақсы



Жауап толық, дұрыс; негізгі идеялар, қарастырылатын қайнар көздерді білу. Графиктер құрып, оларды талдай білу ептілігі. Микроэкономикалық жағдайлардың математикалық модельдерін дұрыс құру және бағалай білу ептілігі. Қосымша әдебиетті пайдалану. Дәлелдей білу, аргументациялау, қарсылық білдіру, қорытынды жасау ептілігі.


Штрафтық балдар төмендегілер үшін:

- сабақтарға келмеу, кешігіп келу, – 10% жалпы рейтингтен

- тапсырмаларды үнемі орындамау – - 10% жалпы рейтингтен

Ынталандыру балдары төмендегілер үшін:

- СӨЖО бойынша белсенді жұмыс – +10% жалпы рейтингтен

- СӨЖО бойынша сабақтан қалмау – + 5% жалпы рейтингтен

Ұсынылатын әдебиет тізімі

Негізгі әдебиет


  1. «Еңбек туралы» Заң. - Астана 2000 ж.

  2. Балабанов И. Г. Риск-менеджмент. М.: Финансы и статистика, 2001

  3. Маслов Е.В. Управление персоналом предприятия Учебное пособие. – Москва-Новосибирск, 2001

  4. Кибанов А.Я. Управление персоналом организации Учебник. - М.:Инфра-М, 1997

  5. Гончаров В. В. Руководство для высшего управленческого персонала. Опыт лучших промышленных фирм США, Японии и стран западной Европы. - М.: МП Сувенир, 1999

  6. Травин В.В., Дятлов В.А. Основы кадрового менеджмента. - М.: Дело, 2000

  7. Щекин Г.В. Аттестация и резерв кадров Учебное пособие. ВЗУЧП-Киев, 2004

  8. Липатов B.C. Управление персоналом предприятий и организаций. Учебник для вузов. -М.:ТООЛюкс-арт, 2001

  9. Мордвин С.К. Модульная программа для менеджеров. Управление человеческими ресурсами (серия 16) - Инфра-М, 1999


Қосымша әдебиет

  1. Стратегия «Казахстан -2030». - Алматы, 2000 г.

  2. Грачев М.В. Суперкадры. - М.: Дело, 1999.

  3. Исаенко А.И. Кадры управления в корпорациях США. - М.:Международные отношения, 1997

  4. Уколов В.Ф. Менеджмент в сфере услуг. - С-Пб, 2001.

  5. Севостьянова К.Е. Предпринимательство в сфере услуг. - М, 2003.

  6. Управление персоналом в условиях социальной рыночной экономики. /под ред. Р.Марра, Г.Шмидта. – М.: Издательство МГУ, 1997

  7. Филиппов А.В. Работа с кадрами. – М.: Экономика, 1990

  8. Хенше И., Метцнер И. Теория управления кадрами в рыночной экономике. –М.: Международные отношения, 1997

  9. Швальбе Б., Швальбе Х. Личность, карьера, успех. Пер. С нем. –М.: АО «Издательская группа «Прогресс», 1993

  10. Шепель В.М. Настольная книга бизнесмена и менеджера. – М.: Финансы и статистика, 1992

  11. Шмидт Г. Основы кадрового планирования. Материалы международного семинара «Теория и практика управления человеческими ресурсами в условиях социально-ориентированной рыночной экономики». –М.: Международное бюро труда, 1992

  12. Шекшня С.В. Управление персоналом современной организации. –М: Бизнес-школа «Интел-Синтез», 1996

  13. Шейнов В.П. Как управлять другими. Как управлять собой: искусство менеджера. –М.: АО «Ассиана», 1996

  14. Щекин Г. Профессия – менеджер по кадрам / Кадры, персонал. –М: 1993

  15. Якокка Ли. Карьера менеджера. Пер. С англ. – М.: Прогресс, 1991


1-2 аралық бақылауды өткізуге арналған бақылау сұрақтары, емтиханға дайындалу сұрақтары
1 аралық бақылауды өткізу сұрақтары

1. Еңбек пен іскерлік кәсіптіліктің тарихи дамуы.

2. Кәсіптілік пен кәсіпкерліктің дамуы.

3. Адамзат ресурстарын басқарудың классикалық теориялары

4. Адамзат қатынастарының теориялары

5. Адамзат ресурстарының теориялары

6. Дамыған елдер ұйымдарындағы адамзат ресурстарын басқаруды дамыту кезеңдерінің сипаттамалары

7. Еңбек ресурстарының мәні

8. Ұйымдағы персоналдың түсінігі.

9. Ұйымның еңбек потенциалының мәні. Ұйым персоналын басқару қызметтері.

10. Дамыған елдер ұйымдарындағы адамзат ресурстарын басқаруды дамыту кезеңдерінің сипаттамалары

11. Еңбек ресурстарын басқарудың мемлекеттік жүйесі.

12. Адамзат ресурстарын басқаруды ұйымдастыру әдістемесі

13. Адамзат ресурстарын басқару жүйесінің мәселелері мен қызметтері

14. Адамзат ресурстарын басқару заңдылықтары мен қағидалары

15. Ұйымдағы адамдарға ықпал ететін факторлар

16. Адамзат ресурстарын басқару жүйесін құру әдістері

17. Ұйымның кадрлық саясаты – басқару стратегиясын құрудың негізі

18. Мемлекеттік кадрлық саясаттың қалыптасу қағидалары

19. Мемлекеттік кадрлық саясаттың түрлері.

20. Мемлекеттік қызметтің кадрлық саясатының қалыптасуының негізгі кезеңдері

21. Кадрлық саясатты өткізуді жетілдіру

22. Ұйымдағы кадрлық саясаты тұжырымдамаларының негізгі ережелері

23. Ұйымдағы кадрлық жоспарлаудың негіздері

24. Кадрлық жоспарлаудың негіздері.

25. Кадрлық жоспарлаудың деңгейлері.

26. Кадрлық жоспарлауға қатысты талаптар.

27. Кадрлық контроллинг және кадрлық жоспарлау

28. Кадрлық контроллингтің мәселелері

29. Кадрлық жоспарлаудың мазмұны.

30. Персоналмен жұмыс жасаудың жедел жоспарының мазмұны.

31. Жалдауды ұйымдастыру көздері.

32. Персоналды тартудың сыртқы және ішкі көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

33. Менеджерді жұмысқа жалдау көздері



34. Персоналды келісім-шарттық жалдаудың мәні.


2 аралық бақылауды өткізу сұрақтары


  1. Персоналды іріктеу және орналастырудың негізгі қағидалары.

  2. Персоналды іріктеу және орналастыруға ықпал ететін көрсеткіштер

  3. Персоналды іскерлік бағалау.

  4. Вакантты лауазым үміркерлеріне қатысты қойылатын талаптар

  5. Вакантты лауазымға үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру

  6. Персоналды әлеуметтендірудің мәні

  7. Ұжымның әлеуметтік құрылымы

  8. Персоналды бейімдеу ұжымының рольдік құрылымы

  9. Персоналды кәсіби бағдарлаудың мәні

  10. Персоналды кәсіби бағдарлаудың түрлері

  11. Персоналды бейімдеудің мәні

  12. Персоналды бейімдеудің түрлері

  13. Персоналды кәсіби бағдарлауды басқаруды ұйымдастыру

  14. Персоналды бейімдеуді басқаруды ұйымдастыру

  15. Персоналды кәсіби бағдарлаудың мәні мен түрлері

  16. Персоналды кәсіби бағдарлау мен бейімдеу тәжірибесі

  17. Персоналды кәсіби бағдарлау мен бейімдеулі басқару бөлімшелері

  18. Карьераның түсінігі мен кезеңдері

  19. Іскерлік карьераның түрлері

  20. Іскерлік карьераны жоспарлау және бақылау

  21. Қызметтік каьераның ортасында пайда болатын мәселелерді талдау

  22. Кадрлық резервті құрудың мәні мен тәртібі

  23. Карьераның мәні мен кезеңдері

  24. Іскерлік карьераның мақсаттары

  25. Персоналдың қызметтік-кәсіби алға жылжу жүйесін басқарудың мәні

  26. Персоналдың қызметтік-кәсіби алға жылжу жүйесінің кезеңдері

  27. Персоналдың қызметтік-кәсіби алға жылжу жүйесін басқару

  28. Кадрлық резервпен жұмыс жасау

  29. Қызметтік-кәсіби алға жылжу жүйесі

  30. Кадрлық резервті басқару

  31. Ұйымдағы тұлға әрекетінің теориялары

  32. Ұйымдағы адамның әрекетінің типтері

  33. Еңбек іс-әрекетін мотивациялау мен ынталандырудың мәні

  34. Мотивация теориялары

  35. Мотивацияның процессуалды теориялары

  36. Ұйымдағы ынталандырушы жүйелердің түрлері

  37. Персоналға еңбекақы төлеу

  38. Ұйымдағы мотивацияның қазіргі таңдағы жүйелері



Емтиханға дайындалу сұрақтары

  1. Еңбек пен іскерлік кәсіптіліктің тарихи дамуы.

  2. Кәсіптілік пен кәсіпкерліктің дамуы.

  3. Адамзат ресурстарын басқарудың классикалық теориялары




  1. Адамзат қатынастарының теориялары

  2. Адамзат ресурстарының теориялары

  3. Дамыған елдер ұйымдарындағы адамзат ресурстарын басқаруды дамыту кезеңдерінің сипаттамалары

  4. Еңбек ресурстарының мәні

  5. Ұйымдағы персоналдың түсінігі.

  6. Ұйымның еңбек потенциалының мәні. Ұйым персоналын басқару қызметтері.

  7. Дамыған елдер ұйымдарындағы адамзат ресурстарын басқаруды дамыту кезеңдерінің сипаттамалары

  8. Еңбек ресурстарын басқарудың мемлекеттік жүйесі.

  9. Адамзат ресурстарын басқаруды ұйымдастыру әдістемесі

  10. Адамзат ресурстарын басқару жүйесінің мәселелері мен қызметтері

  11. Адамзат ресурстарын басқару заңдылықтары мен қағидалары

  12. Ұйымдағы адамдарға ықпал ететін факторлар

  13. Адамзат ресурстарын басқару жүйесін құру әдістері

  14. Ұйымның кадрлық саясаты – басқару стратегиясын құрудың негізі

  15. Мемлекеттік кадрлық саясаттың қалыптасу қағидалары

  16. Мемлекеттік кадрлық саясаттың түрлері.

  17. Мемлекеттік қызметтің кадрлық саясатының қалыптасуының негізгі кезеңдері

  18. Кадрлық саясатты өткізуді жетілдіру

  19. Ұйымдағы кадрлық саясаты тұжырымдамаларының негізгі ережелері

  20. Ұйымдағы кадрлық жоспарлаудың негіздері

  21. Кадрлық жоспарлаудың негіздері.

  22. Кадрлық жоспарлаудың деңгейлері.

  23. Кадрлық жоспарлауға қатысты талаптар.

  24. Кадрлық контроллинг және кадрлық жоспарлау

  25. Кадрлық контроллингтің мәселелері

  26. Кадрлық жоспарлаудың мазмұны.

  27. Персоналмен жұмыс жасаудың жедел жоспарының мазмұны.

  28. Жалдауды ұйымдастыру көздері.

  29. Персоналды тартудың сыртқы және ішкі көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

  30. Менеджерді жұмысқа жалдау көздері

  31. Персоналды келісім-шарттық жалдаудың мәні.

  32. Персоналды іріктеу және орналастырудың негізгі қағидалары.

  33. Персоналды іріктеу және орналастыруға ықпал ететін көрсеткіштер

  34. Персоналды іскерлік бағалау.

  35. Вакантты лауазым үміркерлеріне қатысты қойылатын талаптар

  36. Вакантты лауазымға үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру

  37. Персоналды әлеуметтендірудің мәні

  38. Ұжымның әлеуметтік құрылымы

  39. Персоналды бейімдеу ұжымының рольдік құрылымы

  40. Персоналды кәсіби бағдарлаудың мәні

  41. Персоналды кәсіби бағдарлаудың түрлері

  42. Персоналды бейімдеудің мәні

  43. Персоналды бейімдеудің түрлері

  44. Персоналды кәсіби бағдарлауды басқаруды ұйымдастыру

  45. Персоналды бейімдеуді басқаруды ұйымдастыру

  46. Персоналды кәсіби бағдарлаудың мәні мен түрлері

  47. Персоналды кәсіби бағдарлау мен бейімдеу тәжірибесі

  48. Персоналды кәсіби бағдарлау мен бейімдеулі басқару бөлімшелері

  49. Карьераның түсінігі мен кезеңдері

  50. Іскерлік карьераның түрлері

  51. Іскерлік карьераны жоспарлау және бақылау

  52. Қызметтік каьераның ортасында пайда болатын мәселелерді талдау

  53. Кадрлық резервті құрудың мәні мен тәртібі

  54. Карьераның мәні мен кезеңдері

  55. Іскерлік карьераның мақсаттары

  56. Персоналдың қызметтік-кәсіби алға жылжу жүйесін басқарудың мәні

  57. Персоналдың қызметтік-кәсіби алға жылжу жүйесінің кезеңдері

  58. Персоналдың қызметтік-кәсіби алға жылжу жүйесін басқару

  59. Кадрлық резервпен жұмыс жасау

  60. Қызметтік-кәсіби алға жылжу жүйесі

  61. Кадрлық резервті басқару

  62. Ұйымдағы тұлға әрекетінің теориялары

  63. Ұйымдағы адамның әрекетінің типтері

  64. Еңбек іс-әрекетін мотивациялау мен ынталандырудың мәні

  65. Мотивация теориялары

  66. Мотивацияның процессуалды теориялары

  67. Ұйымдағы ынталандырушы жүйелердің түрлері

  68. Персоналға еңбекақы төлеу

  69. Ұйымдағы мотивацияның қазіргі таңдағы жүйелері






Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет