Адам. Қоғам. Құқық. 9 сынып

Loading...


жүктеу 70.32 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі70.32 Kb.

Адам. Қоғам. Құқық. 9 сынып

Билет № 1

1. Адамның тәні және интеллектуалдық мүмкіндігі.

2. Мемлекет. Мемлекеттің түрлері. Құрылуы, басқаруы. Мемлекеттердің

тарихи тұрпаттары.



Билет № 2

1. Қазіргі замандағы өркениет.

2. Нарықтық экономика. Тауар. Ақша. Құн.
Билет № 3
1. Меншік және оның түрлері. Өзін-өзі басқару.

2. Ұлтаралық және этносаралық қатынастар.


Билет № 4
1. Демократияның мәні мен маңызы.

2. Сайлаулардың бәсекелестігі, кезеңдері, жүйелері.


Билет № 5
1. Құықтың пайда болуы және дамуы. Құқықтық жүйе.

2. Азаматтық ұғым. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы.


Билет № 6
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Құрлымы және мазмұны.

2. Адамның өмірі және жеке бас бостандығы.


Билет № 7

1. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері.

2. Президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі атқаратын

фукциясы қандай.



Билет № 8


1. Үкімет құрамы мен қызметі және жауаптылығы.

2. Қарым-қатынастағы демократиялықтың моральдық-адамгершілік негіздері

және оның өндіріс үрдісіне әсері.
Билет № 9


  1. Адам құқығының бұзылуы және ол үшін әділеттік жауапкершілігі.

  2. Атқарушы билік органдары, атқаратын міндеттері.

Билет № 10




  1. Азаматтық – құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық.

  2. Жүздесудегі демократиялық.

Билет № 11




  1. Автохонды ұлт, диаспора, этнос терминдерінің қысқаша анықтамасын айтыңыз.

  2. Ұждан бостандығы дегеніміз не?

Билет № 12


1. Отбасының атқаратын функциясы.

2. Конституциялық кеңес: құрылымы, құрамы, атқарған қызметі


Билет № 13
1.Саясат, саяси жүйе жеген не ?

2. Адам өмірінің мәні, Бақыт және адамгершілік.


Билет № 14
1.Меншік және оның түрлері.

2. Отбасы құру міндеттері.


Билет № 15
1. Ата-аналар мен балалар. Олардың міндеттері

2. Демократия деп нені атаймыз ?


Билет № 16
1. Мемлекеттің құрылуы және басқарылуы.

2. Адам құқығының бұзылуы және ол үшін әділеттік жауапкершілік.

Билет № 17


  1. Азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары.

  2. Неке және оның негізі.

Билет № 18
1.Құқық туралы түсінік. Бала құқығы.

2.Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы.


Билет № 19
1. Мемлекеттің басқару формалары.

2. “ Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясы”

Билет № 20
1.1993 жылғы Конституциясының қабылдануы және оның мәні.

2.Әлеуметтік қатынастар деп нені атайды ?


Билет № 21

  1. Атқарушы билік органдары. Үкімет және жергілікті әкімшілік атқаратын жауапкершілігі, міндеті.

  2. Саяси партияларды саралау: авангардтық, парламенттік, билеуші партиялар.

Билет № 22.




  1. Қазақстан Республикасы демократиялы, зайырлы құқықтық және

әлеуметтік мемлекет.

2.Мораль деген не? Мораль және құқық: айырмасы, әрекет аялары.


Билет № 23
1.Мәдениет деп нені атаймыз ?

  1. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. 1995 жылғы Конституция құлымы, мазмұны.

Билет № 24




  1. Азаматтық ұғымы. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтық туралы.

  2. Тоталитарлық және демократиялық режимдер жағдайлары БАҚ

Билет № 25




  1. Намыс. Қадір. Эгоизм және альтруизм.

  2. Соттардың тәуелсіздігі

9 сынып 2006-2007 Адам және құқық пәні бойынша 3-ші сұраққа қосымша
Еңбек заңнамасы бойынша

1 тапсырма


Жеке кәсіпкер Иванов А.А. өзінің құрылыс материалдар дүкеніне 01.01.1989 жылы туылған Бакаев Мұратты жүк тиеуші ретінде жұмысқа қабылдады.

Жеке кәсіпкер Иванов А.А. әрекеті заңды ма?



Жауап: оның әрекеті заңды емес. Өйткені мұндай ауыр жұмыстарға 18 жастан жас балаларды заң бойынша алуға болмайды. (ҚР еңбек туралы заңы 11-бап, 5 - ші тармақ)

2 тапсырма


1990 жылы туылған Орлова Нина газетте курьер болып, күніне 6 сағаттан аптасына 6 күн жұмыс істейді. Редактор одан аптасына қосымша төрт сағат жұмыс істеуін сұрайды.

Оның өтініші заңды ма? 16 жасқа толған тұлғалардың жұмыс уақыты қандай болуы керек?



Жауап: 18 жасқа толмаған жастар қосымша жұмыс істеуге жіберілмейді. 16-18 жастағы жұмысшылар үшін жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан аспауы керек. (49-бап, 3- тармақ, 46- бап,1-ші тармақ)
Отбасы заңнамасы бойынша

1 тапсырма


Медициналық анықтама қағазымен, қалыңдықтың екіқабаттылығына байланысты жасқа қарамай неке құруға өтініш беріп, 16 жастағы Петрова Елена мен 25 жастағы Федоров Михаил неке құрады. Неке құрып, балалы болады. Осы уақытта Петрова Еленаның ата-анасы сотқа некені бұзу туралы арыз береді, өйткені олар Федоров Еленаны күшпен неке қиюға тартты деп санады. Сот некені бұзу туралы берген арыздан бас тартады.

Сот шешімін негіздеп, түсіндіріңіздер.



Жауап: неке құруға бөгет болған жағдайлардың өзгеруі (болмауы), кәмелет жасқа толмаған жас қалыңдықтың мүддесі қарастырылуы керек. (26-бап,1,2 тармақтар)
2 тапсырма
17 жастағы Михайлов Сергей ата-аналарының келісімімен 14 жастан бастап жұмыс істейді. Жалақысының жартысын ата-анасына беріп отырды, бірақ кейіннен отбасы шығындарына қатысуды қойды. Ата-анасы (жұмыс істейтіндер) отбасы шығындарына қатысуын талап еткенде, баласы Слава қарсылық білдіреді.

Ата-аналарының талабы заңды ма?



Жауап: Бала өз жалақысын өзі алуға құқылы. Ата-аналары бала мүлігін өздеріне меншіктеуге құқықтары жоқ және керісінше.Ортақ отбасы шығындарына қатысу екі жақтың өзара келісімімен болады. (58-бап, 3,4 тармақтар)
Қылмыстық заңнама бойынша

1 тапсырма


Кәмелет жасқа толмаған, 15 жастағы Баев бірге оқитын кластасы Смагуловтан 1000 тенге ұрлағаны үшін жауапкершілікке тартылды.Сот Баевтің бірінші істеген қылмысы екенін қарастыра отырып, оған қылмыстық жаза емес, ықтиярсыз тәрбиелеу сипатындағы шаралар, яғни ескерту, ата-аналарының қадағалауына тапсыру, келтірілген зиянды түзетуге міндеттенуін шешті.

Соттың шешімі дұрыс па? Кәмелет жасқа толмағандарға қолданатын тәрбиелеу сипатындағы ықтиярсыз шараларды атаңыздар.



Жауап: ҚР Қылмыстық кодексі 81 бап: жеңіл қылмыс үшін бірінші рет сотталған, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді, Қылмыстық кодекстің 82 бабында қарастырылған тәрбиелеу сипатындағы ықтиярсыз шараларды қолдану арқылы түзелетіні мойындалса, сот жазалаудан босатуы мүмкін. Басқа да тәрбиелеу сипатындағы ықтиярсыз шаралардың ықпалы – демалыстың шектелуі және жасөспірімнің тәртібіне байланысты ерекше талаптардың қойылуы; кәмелет жасқа толмағандарға арналған емдік-тәрбиелілік немесе арнайы тәрбиелеу мекемелерінің бір бөлмесінде орналастыру.

Жасөспірімнің мүлік жағдайын және белгілі бір еңбек дағдылары мен жалақысын ескере отыра, келтірілген зиянды түзету міндеті жүктеледі.


2 тапсырма
19 жастағы азамат Сафронов 16 жастағы Жүнісовті «туған күн иесінің денсаулығы үшін» деп 100 грамм арақ ішкізеді. Сафронов Жүнісовті, үлкен жігіт, өмірде бәрін көру керек деп, бұл әрекетті сонымен 5 рет қайталайды.

ҚР Қылмыстық кодекс бойынша Сафроновтың әрекеті қалай квалификацияланады? Сафроноваға қатысты сот қандай шешім қабылдауға құқылы?



Жауап: Сафроновтың әрекеті ҚР Қылмыстық кодекстің 132 бабы, 1 тармақ бойынша, яғни кәмелет жасқа толмаған баланы қоғамға қарсы әрекеттерді жасауға тарту квалификацияланады, яғни (кәмелет жасқа толмаған баланы үш немесе оданда көп рет алкогольді сусындарды қолдануға тарту 180-нен 240 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға, 1 жылдан 2 жылға дейін түзету жұмыстарын атқару арқылы, немесе 6 айға дейін қамауға алу, 3 жылға дейін бостандықтан айыру арқылы жазаланады).
Азаматтық заңнама бойынша
1 тапсырма
Иванов С.С жол апатынан қаза табады. Барлық мүлігін өсиет етіп әйелі А.А. Ивановаға қалдырады, бірақ олардың 10 жастағы ұлы бар.

Егерде кәмелетке толмаған баласы бар жағдайда, өсиет бойынша мұраға ие болу мәселесі қалай шешіледі?



Жауап: ҚР-ның Азаматтық кодексінің 1069 бабы, 1-тармағы бойынша «Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе жұмысқа жарамсыз баласы болса, өсиетнама мазмұнына қарамастан әрбіреуіне заң бойынша жарты бөлігінен кем емес міндетті бөлігі бөлінуі тиіс.

2 тапсырма


Сұлтанов Серіктің атасы немересінің 14 жасқа толуына орай, банктен Серіктің атына есеп ашып, оған 15 мың ақша салады. Келесі күні Серік өздігінен барып, ақшаны алып ұстап қояды.

Сұлтанов Серіктің банктегі қорға және оны қолдануға қатысты әрекеті заңды ма? Жауабыңызды негіздеп түсіндіріңіз.



Жауап: ҚР-ның Азаматтық кодексінің 25 бабы, 2-тармағы бойынша кәмелет жасқа толмаған, 14 жастағы бала өздігінен оның атына ашылған қормен қолдана алады.
: files -> loader
loader -> Қазақстан Республикасы
loader -> 9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты
loader -> Отбасы тарихы
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...